Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бұрғылау сорғыштары қызметі мен негізгі талаптар

Бұрғылау машиналары мен жабдықтары пәнінен емтихан сұрақтары | Бырлардың бұрандалық жалғамалары | Бұрғылау құбыры | Негізгі параметрлерін есептеу және талдау | Бұрғылау шығырлары | Сорғыштардың негізгі техникалық көрсеткіштерін есептеу және қабылдау | Бұрғылау мұнараларының конструкциялық схемалары | Бұрғылау бағанасы | Алақты және алмазды қашаулар | Бұрғылау бағанасын есептеу |


Читайте также:
  1. Бұрғылау құбыры
  2. Бұрғылау қондырғылардың жетегі
  3. Бұрғылау қондырғыларының құрамы мен бөлімдерінің орналасуы
  4. Бұрғылау бағанасы
  5. Бұрғылау бағанасын есептеу
  6. Бұрғылау бағанасын есептеу
  7. Бұрғылау кондырғыларының қозғалтқыштары

Бұрғылау сорғыштары: ұңғымаға оның түбі мен оқпанды бұзылған жыныстардан тазарту және оны жер бетіне шығару; қашауды салқындатуға және майлау; сорғылау қашауларымен бұрғылағанда гидромониторлық эффект тудыру; түптік гидравликалық қозғалтқыштарда қозғалысқа келтіру үшін жуу сұйығын айдауға арналған.

Қызметі мен пайдалану жағдайын ескеріп бұрғылау сорғыштарына мынандай негізгі талаптар қойылады:

10) ұңғыманы тиімді жууды қамтамасыз ететін шектеп сорғыштың реттелетін берілісі қажет;

11) сорғыштың қуаты ұңғыманы жууда және түптік қозғалтқышынан жетектеуге жеткілікті болуы керек;

12) сорғыштан шығатын жуу сұйығының жылдамдығы бұрғылаудағы шиеленіске соқтыратын инерциялық жүктелу мен қысым теңселісін, қосымша энергетикалық шығындар мен шаршау бұзылуларын болдырмау үшін бір қалыпты болуы керек;

13) сорғыштар абразив мен май құрамында бар коррозиялық, белсенді әртүрлі тығыздығы жуу ерітінділерімен жұмысқа бейімделінуі керек;

14) жуу ерітіндісімен әрекеттесетін тараптар мен бөлшектер жеткілікті өміршеңдікке қабысып және істеп шыққанда ыңғайлы да тез алмастыруға бейімді болулары керек;

15) ірі габаритті тараптар мен бөлшектер сенімді ұстататын және жөндеу мен техникалық күтімде қозғалатын құрылым жабдықталуы керек;

16) жетектеу бөлімінің тораптары мен бөлшектері жуу ерітіндісінен қорғалуы және қараумен техникалық күтімде қолайлы болуы керек;

17) сорғыштар жиналған түрінде алыс және жақын қашықтықтарды тасымалдауға және бұрғылау қондырғысы шетінде сүйреп жылжытуға бейімді болуы керек;

18) сорғыштың конструкциясы олардың қозғалтқыштарының сол және оң жағымен де орналасуына мүмкіндік беру керек;

19) сорғыштардыңсенімділігі мен өміршеңдігі олардың тиімділігі мен пайдалану қауіпсіздігімен үйлесуі керек.

Бұрғылау сорғыштарын жасаудың техникалық шарттары стандарттармен тәртіптелген.

Бұрғылау тереңдігінің өсуіне байланысты бұрғылау сорғыштарының қуаттары да айтарлықтай көбейеді, бұрғылау талапатарының жоғарылауына жауап беретін бұрғылау сорғыштарының жаңа үлгілері өндіріске дайындалуға және мөлшерінде ғылыми– зерттеу және тәжірибелік– конструкциялық жұмыстарда жиналған тәжірибе және де ғылым мен техникалық сорғыш жасау және шектес салаларының жаңа жетістіктері негізінде бұрғылау сорғыштары үздіксіз жетілуде: олардың сенімділігі мен өміршеңдігі жоғарылауда, массасы төмендеуде және жасауға пайдалану мен жөндеуге кететін материалдар мен еңбек шығындары қысқаруда. Бұл пайдалану мен барлау ұңғымаларын бұрғылаудың отандық және шетелдік тәжірибесінде қолданылатын бұрғылау сорғыштарының кеңінен үлгідегі мен түрлерінің қамтамасыз етеді.

Бұрғылау сорғыштарының екі жақты әрекетті екі поршеньді түрі кең тараған, оларды соңғы жылдары бір жақты әрекетті үш поршеньді сорғыштар алмастыруда оларға тарелкалы конструкциясы қолданылады, сорғыш және айдағыш машиналар өзара алмастырмалы жасалған.

Жетектеуші білік сорғыштың трансмиссиялық білігінен цилиндрлік тісті жұппен қозғалысқа келтіріледі. Жуу сұйығы жалпы қабылдау желісінен және бір рет бұрғының бір сатылы және бір аяғында схемадан қозғалады. Поршеннің бір қалыпты емес жылдамдығынан туған қысымның тең өзгерілуі пневматикалық компрессорлар арқылы практикада қолайлы деңгейге дейін төмендетіледі.Бұрғылау сорғыш агрегаттарында көбінесе электроқозғалтқыштары және дизельдер пайдаланады, олардан айналғаш сорғышының трансмиссиялық білігіне сыналы белдікті немесе шынжырлы берілістермен жеткізіледі.

 


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 277 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Теру механизмінің жабдығының схемасы| Күш берілістері және агрегаттары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)