Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Талаптар

Оқу мен дамудың ара- қатынасы | Жаңа педагогикалық технологиялар | Педагог позициясынан тұлғалық-іс-әрекеттік бағыт | Оқушының позициясынан тұлғалық—іс-әрекеттік бағыт. | Занков жүйесімен дамыта оқыту | Эмпирикалық білім Теориялық білім | Субьект дәрежесінің жалпы сипаттамасы | Субьект және тұлға | Білім беру қызметінің жиынтық субьектісі | Жоспарлау басқару қызметінің бір ретінде |


Читайте также:
  1. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

Мектеп жұмысының жоспарын дайындау оның орындалуының шынайылығын, нақтылығын, үздіксіздігін қамтамасыз ететін бірқатар талаптарды сақтауды қажет етеді. Ол ең алдымен мақсатты бағытының талабын сақтауға байланысты. Мақсатты бағыттылық дегеніміз белгілі бір мақсатты қондырғы деп бағалауымыз керек. Оның мәні педагог және оқушылар ұжымы жұмысының негізгі бағыттарын дамытып және тереңдетіп, мектеп жұмысының барлық тәжірибесін есепке алу деген сөз.

Бұл мұғалім, сынып жетекшісі, қоғамдық ұйымдар әрекетіне және мақсаттар қою болып табылады.

Жоспарлауға қойылатын перспективалық талап біріншіден мақсаттың жақындығы, түсініктілігі, қолайлылығы сияқты сезімдік сипатын білдірсе, екіншіден стратегия ретінде мақсаттың ұзақ мерзімділігін, сонымен бірге іске асыруға болатын шынайылылығын танытады. Ал жоспарластырылуға қойылатын комплекстілік талап жоспарды түзу барысында әртүрлі құралдар, әдіс, тәсілдер мен әрекет түрлерін біртұтас байланыста қарастыруды қажет етеді. Ендігі бір талап түрі объективтілік. Ол мектеп қызметінің объективті жағдайын, орналасқан жерін, қоршаған табиғи, әлеуметтік ортасын, педагог және оқушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескеруді қажет етеді.

Мектеп жұмысында бұл талаптарды ескермеу талдау негіздемесінің жетімсіздігіне, шашыраңқылығына, мектептегі өзге басқару құрылымдарының жоспарымен үйлеспеушілікке апарып соғады. Мектептердің тәжірибесі көрсеткендей, кейде мектеп басқарудың функциясы ретінде жоспарлауды жоғары қояды да басшының барлық күш-жігері жақсы жоспар жасауға жұмылдырылады, ал ол жоспар ұйымдастырушылық жұмыспен қамтамасыз етілмейді.

Мектеп жұмысының практикасында жоспардың негізгі үш түрі кең қолданылады: перспективалық, жылдық және ағымдық.

Перспективалық жоспар мектептің соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады.

Оның құрылымы мына сипатта болуы мүмкін:

  1. Жоспарланған мерзімдегі мектептік міндеттері.
  2. Оқушылар контингентінің жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту мүмкіндігінің перспективасы.
  3. Оқу-тәрбие процесін жаңалаудың, педагогикалық инновация енгізудің перспективасы.
  4. Мектептің педагог кадрларға деген сұранымы.
  5. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру / МБЖИ, курстар, семинарлар, тренингтер және т.б/
  6. Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жарақтандырылуын дамыту / құрылыс жұмыстары, ЭЕТ және компьютер жабдықтары, кітап қорын толықтыру, кабинет безендіру/.
  7. Оқушылар мен мұғалімдерді әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын, еңбек және демалыс жағдайын жақсарту.

Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. Мектептің жұмыс жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде / бірінші оқу тоқсаны/ мектеп директоры, оның орынбасарлары дамыту мен білім беру, соның ішінде жоспарластыруға да қатысты теориялық және әдістемелік, нормативтік және нұсқау сипатындағы құжаттармен танысады. Екінші кезеңде / екінші оқу тоқсаны/ директордың басшылығымен жоспар, жобасының құрылымын жасау, қажетті мағлұмат көздерін тауып, мәлімет жинақтайтын бастамашыл топ құрылады. Үшінші кезеңде / үшінші оқу тоқсаны/ жинақталған мәліметтер талданады, комиссия мүшелерінің есептері талданады, қалыптасқан қиындықтардың себебі айқындалып, оларды жоюдың жолдары қарастырылады. Төртінші кезеңде / төртінші тоқсанның соңы/ жоспар жобасы дайындалып, талқыға салынады.т Жоба оқу жылының алғашқы педкеңесінде мектептің жұмыс жоспары бекітіледі.

Ағымдағы жоспар жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанында жасалады. Осылайша жоспарлардың негізгі түрлері педагог, оқушы және ата-аналар ұжымдарының әрекетін үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл жоспарлар мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің жұмысы үшін стратегиялық жоспар болып табылады.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 219 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жоспардың сараптамалық бөлімін дайындау.| Мектептің жылдық жұмыс жоспарының үлгі мазмұны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)