Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ДоссордаҒы мҰнай - кен орны

САЛЫҚ БАБАЖАНОВТЫҢ КЕСЕНЕСІ | СЫРЫМ ДАТҰЛЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ | ТЕНГИЗШЕВРОЙЛ» ҒИМАРАТЫ | РМАНҒАЗЫ КЕСЕНЕСІ | КАСПИЙ ТЕҢІЗІ, ИТБАЛЫҚ АРАЛЫ | ШОПАН – АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ | БЕКЕТ - АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ | ОМАР - ТҰР КЕСЕНЕСІ | Т.Г.ШЕВЧЕНКОНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ | АШАҒАН» КЕСЕНЕСІ |


Атырау өңірін алғашқы зерттеушілердің бірі – Н. А. Северцов. Ол 1860 жылы «Горный» журналына қазіргі Доссор маңы туралы есебін жариялайды. Онда «Бұл жердің мұнайы су бетіне қалқып шығып жатады екен» – деп жазады. Біздің осы өлкемізде 1874 жылы инженер Д. В. Кирпичников келіп, бірнеше кен орындары жайлы пікір қалдырды. Мысалы, әлгі Доссор кені жайлы мынадай тұжырым жасады: «Бұл жерде мол мұнай қоры бар екендігіне күмән жоқ. Бірақ тұщы суы тапшы, қатынас жолы қиын, тұрғын халқы, шабатын шөбі жоқ. Бұл байлықты пайдалану өте қиынға соғады». Ол тұста бұл аса мәнді болжамға ешкім назар аудара қоймайды. Бұдан кейін де Атырауға экспедициямен бірнеше этнограф ғалымдар келеді. 1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы №7 ұңғымадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. Бұл бүгіндері дүние жүзіне мәлім болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді. Қарашүңгіл мұнай фонтаны туралы хабар Ресей және шетел кәсіпкерлерін дүр сілкіндіріп, Ембі–Каспий аймағында мұнай қорын іздестіру жұмыстарын кең көлемде жүргізуге мәжбүр етті. Осындай күрт бетбұрыстың нәтижесінде атақты Нобельдің мұнай өндірістік ұйымы өмірге келді. Осы ұйымға қарайтын жұмысшылар Доссор, Мақат, Ескене өңірін терең бұрғылауды қолға алды. Ең сәтті қазылғаны Доссордағы №3 ұңғыма болды. 1911 жылы сәуірдің 29 күні 225 метр тереңдіктен юра қабатынан мұнай фонтаны атқылады. Ол 20-25 метр биіктікке 30 сағат бойы атқылап тұрды. 16,7 мың тонна мұнай шықты, тәулігіне 13360 тонна. Бұл Қарашүңгілден кейінгі мол мұнай қорының ашылғандығын бүкіл әлемге паш етті. Қарашүңгіл және Доссор мұнай фонтанынан кейін Қазақстан мұнай өндірісі тарихы басталды. Мақат – Атыраудың үшінші мұнайлы перзенті. Ол 1915 жылы ашылды. Бірақ екі кеніш тағылық жағдайында пайдаланылды. Кен орындарының геологиялық құрылымы, оны нендей тәсілмен өндірудің тиімділігі жайлы мәлімет жетіспеді. Тек фонтан атқызуға сеніп бұрғыланды. Бір қабаттың мұнайы түгел алынбастан екіншісін бұрғылауға ұмтылысты. Ұлбаттар мерзімінен бұрын жарамсыз болып, су алып, газданды. Оған мысал 1911 жылы Доссорда 16,7 мың тонна мұнай өндірілсе, бар болғаны 3 жылдың ішінде ол 17 есеге, яғни 272,746 тоннаға жетті.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 519 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ШАҚПАҚ АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ| ФАКУЛЬТЕТ ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)