Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Астана Қаласы

Н.Ә. Назарбаев | НҰР-АСТАНА» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ | АЛМАТЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ | АСТАНА ЖҰЛДЫЗЫ» МОНУМЕНТІ | ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫ | МЕГА» САУДА, ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ | KOREAN HOUSE» МЕЙРАМХАНАСЫ | ХАЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІ | ЖАҢА ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫ | АЗАҚТЫҢ ҰЛЫ САЗГЕРІ ҚҰРМАНҒАЗЫ ЕСКЕРТКІШІ |


Читайте также:
  1. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
  2. АСТАНА 2013
  3. АСТАНА ЖҰЛДЫЗЫ» МОНУМЕНТІ
  4. Астана, 2011
  5. НҰР-АСТАНА» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ
  6. ОТЫРАР ҚАЛАСЫ

 

Астана қаласының тарихына үңілсек, ескі қазақ мемлекетінің байырғы астаналары болған: Сарайшық, Сауран, Сайрам, Отырар, Түркістан сияқты ежелгі қалалар еске түседі. Ал Қазақстанның ең бірінші астанасы 1920 жылы Орынбор болған. 1925жылы астана Қызылордаға көшірілді.

Түрксібтің салынғанына байланысты астана Алматыға көшті. Заң түрінде бұл оқиға 1927 жылдың 3-ші сәуірінде болды, шындығында көшу 1929 жылы аяқталған.

Алматыдан астананы көшіру экономикалық, экологиялық, географиялық себептер негізінде іске асырылды. Бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, ауа райы, жер бітімі, сейсмикалық жағдайы, қоршаған ортасы, инженерлік және көлік инфрақұрылымы, құрылыс кешені, еңбек ресурстары және т.б. көрсеткіштер бойынша Ақмола қаласы ең лайықты болып табылды.

Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.

Астана қаласының аумағы – 710,2 мың шаршы шақырым.

Халқының саны –725952 адам (2011 жылдың 1 маусым ағымдағы есебі бойынша).

1830 жылы Есіл өзенінің жағалауы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі,1832жылы Ақмола сыртқы округі құрылды. Ерте заманда осы жерде тайпалар ордалары орналасып, жазғы кездесулер өткізілген, маңызды мәселелер (әскери, экономикалық, жер иелену, Ұлы Сарыарқа арқылы қыстауларға өту)талқыланған.

Астана қаласы қазіргі атын 1998 жылы алды. 1961 жылға дейін қала – Акмолинск, 1961-1994жылдар аралығында – Целиноград, 1994-1998 жылдары – Ақмола деп аталған.

1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

Астана қаласы тез қарқынмен дамып, көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналып, Президент сарайы, Парламент, «Министрліктер үйі» ғимараттары, «Назарбаев университеті» мен «Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің» корпустары, велотрек, мұз айдыны және т.б.спорттық әлеуметтік маңызы бар кешендер салынды. Тәуелсіздік сарайы мен Бейбітшілік және келісім сарайының маңайында «Қазақ елі» монументі орналасқан. «Бәйтерек», «Думан», «Хан Шатыр» ойын-сауық кешендеріАстана тұрғындарын, жақын,алыс шет елдерден келген қонақтарды таң қалдыруда.

Астана күннен-күнге өзгеріп, ажарланып келеді. Жас Астана тарихқа еніп, Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қалаға айналды.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 102 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы| СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)