Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

VI тарау

Жалпы ережелер | II тарау | III тарау | IV тарау |


Читайте также:
  1. II тарау
  2. III тарау
  3. IV тарау
  4. V тарау
  5. Тарау. Ішкі тәртіп

Қорытынды ережелер

36-бап. Республика Парламентiнiң және Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату

1. Республика Президентi Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейiн Парламенттi немесе Парламент Мәжiлiсiн тарата алады.

2. Парламенттi және Парламент Мәжiлiсiн төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейiнгi бiр жыл iшiнде таратуға болмайды.

3. Мәжiлiс таратылған жағдайда Парламенттiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi қызметiн уақытша, Мәжiлiстiң жаңа құрамы сайланғанға дейiн Сенат атқарады.

Мұндай жағдайда Сенаттың конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау тәртiбi Сенат Регламентiнде айқындалады.

Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - 2007.06.19. № 266 ҚР Конституциялық заңымен.

37-бап. Республика Парламентiнiң жұмыс тiлдерi

Парламент жұмысында тiлдердi пайдалану Республика Конституциясына және Республикадағы тiл туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

38-бап. Республика Парламентiнiң қызметiн қаржыландыру

Республика Парламентiнiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

39-бап. Республика Парламентi Палаталарының Аппараттары

1. Парламент қызметiн ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық және өзгедей қамтамасыз етудi Сенат пен Мәжiлiстiң бөлек аппараттары жүзеге асырады.

2. Сенат пен Мәжiлiс аппараттарының құрылымы мен штат санын белгiлеудi, оларды жасақтауды Парламент қызметiн қаржыландыруға бөлiнген бюджет қаражаты шегiнде Палаталардың Бюролары жүзеге асырады.

3. Сенат пен Мәжiлiс аппараттарының қызметi Республиканың мемлекеттiк қызмет туралы нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

4. Парламенттiң немесе Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiк мерзiмдерiнiң аяқталуына байланысты, Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi таратылған және оның депутаттары жаңа құрамының сайлануы жағдайында Сенат пен Мәжiлiстiң аппараттарындағы мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмысы тоқтатылмайды.

5. Сенат пен Мәжiлiс аппараттарының қызметкерлерi жалақы мөлшерi, материалдық, қаржылық және әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етудiң өзге жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң тиiстi қызметкерлерiне теңестiрiледi.

Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - 2007.06.19. № 266 ҚР Конституциялық заңымен.

40-бап. Осы Конституциялық заңды күшiне енгiзу тәртiбi

Осы Конституциялық заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - 1999.05.06. № 377 ҚР Конституциялық заңымен.

Қазақстан Республикасының


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 74 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
V тарау| Камило Сьенфуэгосу.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)