Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стандарт 2. Білім беру баҒдарламасыныҢ мазмҰны

Зін-өзі бағалау есебі | КІРІСПЕ | СТАНДАРТ 4. ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ, ТИІМДІЛІГІ | СТАНДАРТ 5. ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫ ҚҰРАМЫ | СТАНДАРТ 6. МАТЕРИАЛДЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ БАЗА | орытынды |


Читайте также:
  1. Standard - Стандартная программа
  2. W3C и стандарты
  3. Алгоритм 2.8. Установка стандартной ортогональной ПСК
  4. Анализ стандартов, принятых в международных программах, и Европейская информационная система
  5. Ауіптілікті идентификациялау жөніндегі білімдерін қалыптастыру
  6. Библиотеки стандартных подпрограмм
  7. Білім беру қызметінің жиынтық субьектісі

Жыл сайын «5В050600-Экономика» мамандығы бойынша оқу жоспарлары дайындалады, оқу жоспарлары оқытудың күндізгі және сырттай нысанына жасалған. Мамандықтың оқу жоспары үш құрылымдық компоненттерден тұрады, бұл: оқу жылдары бойынша пәндердің курстарының логикалық тізбектілігін ұстанатын ЖБП, Базалық пәндер, бейіндік.

Білім беру пәндерінің циклінің мақсаты – еңбек нарығының өзгермелі талаптарына бастамашыл, икемді, кең фундаменталды білімге, командада жұмыс істей алатын жаңа формациядағы мамандар дайындау. 5В050600-Экономика» мамандығының оқу жоспары дамудың жоғары жалпы интелектуалды деңгейін меңгеруге, сауатты және шешіндік сөйлеуді, гуманитарлық мәдениетті, жоғары этикалық және құқықтық нормаларды, ойлау мәдениетін игеруге бағытталған. Бұл үшін оқу жоспарында 1 курсқа жаратылыстануғылыми және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер қарастырылған, бұлар: Қазақстан тарихы, Шетел тілі, Қазақ тілі, Орыс тілі, Философия, Әлеуметтану, Саясаттану, Экология және тұрақты даму, Құқық негіздері, Мәдениеттану, Психология, Өзін-өзі тану.

Базалық пәндер циклінің мақсаты – экономика, маркетинг, менеджмент, қаржы, бухгалтерлік есеп, статистика саласында қажетті білімдерді меңгерген, берілген мәліметтерді талдап және қорытынды жасай алатын мамандар дайындау.

Мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердің келесі блогы студенттердің командада жұмыс істей алуына, жаңа шешімдерді ұсыну, өзінің көзқарасын ұжымның көзқарасымен салыстыруға, ұжымдық шешіммен бағынуға бағытталған әлеуметтік нормаларды қалыптастыруға бағытталған. Бұл пәндер: Экономикалық теория, Экономикадағы математика, Микроэкономика, Макроэкономика, Кәсіпкерлік құқық, Статистика, Қаржы, Қаржы нарығы және делдалдар, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Эконометрика, Менеджмент, Маркетинг, Бухгалтерлік есеп, Аудит, Кәсіби қазақ (орыс) тілі, Кәсіби-бағытталған шетел тілі, Экономикалық ақпараттарды өңдеудің ақпараттық технологиясы, Еңбек экономикасы, Сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру, Кәсіпорын стратегиясы, Қазақстан Республикасының осы заманғы экономикалық саясаты, Баға және баға белгілеу, Экономика-математикалық моделдеу, Электронды салық комитеті, Логистика, Аймақтар экономикасы, Еңбекті қорғау, Іскерлік ағылшын тілі.

Бейіндік пәндер циклінің мақсаты – мамандарды творчестволық белсенді кәсіби және әлеуметтік қызметке, практикалық тапсырмаларды сапалы орындауға, анықталмағандық және тәуекел жағдайында практикалық міндеттер мен проблемаларды шешу үшін теориялық білім алуға дайындау. Білім беру бағдарламасының мақсаттарының бірі болып білім алушыларда жеке қасиеттерді қалыптастыру, сондай-ақ психологиялық сауаттылықты, экономика, өндірісті басқару және ұйымдастыру саласында ойлау мәдениетін қалыптастыру табылады. Бұл үшін оқу жоспарында «Кәсіпорын экономикасы», «Халықаралық экономика», «Табиғат пайдалану экономикасы», «Кәсіпкерлік», «Өндірістік сфераның экономикасы», «Мәліметтерді талдау және экономиканы болжау», «Өндірісті ұйымдастыру» және т.б.

«Экономика» мамандығы бойынша бейіндік пәндер негізінде білім беру бағдарламасының екі бағыты қалыптасқан, олар: «Экономика және кәсіпорынды жоспарлау» және «Сала экономикасы».

«Экономика және кәсіпорынды жоспарлау» бағыты келесі пәндерден тұрады: Халықаралық экономика; Кәсіпорын экономикасы; Салық және салық салу; 1С: Бухгалтерия; Бизнес-жоспарлау; Табиғат пайдалану экономикасы; Мәліметтерді талдау және экономиканы болжау; Кәсіпкерлік; Өндірісті ұйымдастыру; Кәсіпорынның инновациялық және инвестициялық қызметін ұйымдастыру.

«Сала экономикасы» бағыты келесі пәндерден тұрады: Халықаралық экономика; Кәсіпорын экономикасы; Кәсіпорын қызметін жоспарлау; Мәліметтерді талдау және экономиканы болжау; Инвестициялық талдау; Табиғат пайдалану экономикасы; Мұнай бизнесін ұйымдастыру; Құрылыс экономикасы; Өндірістік сфераның экономикасы; Кәсіпкерлік; Өндірісті ұйымдастыру; Агробизнестің экономикалық негіздері.

Курстың аталған білім беру бағдарламаларында міндетті компанент болып «Кәсіпорын экономикасы» және «Кәсіпкерлік» табылады. Білім беру бағдарламасының барлық өзге пәндері таңдау бойынша компанент болып табылады.

Студенттердің творчестволық потенциалын дамыту үшін білім беру бағдарламасында курстық, дипломдық жұмыстар қарастырылған. Ғылыми зерттеулер нәтижесі бойынша студенттер студенттік конференцияларда, ғылыми үйірме отырыстарында баяндама жасайды.

Мамандықтың бағдарламасын игерудің нормативтік мерзімі, жалпы еңбек сиымдылығы ҚР МЕМСТ Жоғары білім (23.08.2012, №1080) және мамандықтың типтік оқу жоспарлары талаптары негізінде анықталады.

Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде (ОКТ) оқу жұмысының еңбек сиымдылығының есебі оқытылатын материал көлемі бойынша, яғни кредит бойынша жүзеге асырылады. Бір кредит білім алушының академиялық семестр бойы, яғни 15 аптада аптасына қарым-қатынас жұмысының (дәріс, ЛПС) 1 академиялық сағатына тең.

Оқу жоспарларымен әр семестерде оқытудың күндізгі нысанында 18 – 22 кредитті игеру қарастырылған. Сонымен, студенттің дене тәрбиесі бойынша сабақтарын есепке алмағанда аудиториялық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі аптасына 36 сағаттан аспайды.

Міндетті компаненттердің оқу пәндерінің еңбек сиымдылығы мамандықтың МЕМСТ, таңдау бойынша –пәнді ұсынатын кафедрамен белгіленеді. Негізінен студенттер үшін таңдау бойынша компаненттен 3 кредитті пәндер ұсынылады. Бір, екі және төрт кредитті пәндер сирек ұсынылады. Міндетті компанент пәні бойынша аудиториялық сабақтардың түрлері мамандықтың МЕМСТ және пәннің типтік бағдарламаларының ұсыныстарына сәйкес, таңдау бойынша компанент пәндері бойынша оқытатын кафедраның ұсыныстарына сәйкес анықталады.

Университетте мамандық бойынша білім беру процесін жоспарлау оқу жүктемесін, пәндерді семестрлер бойынша тепе-тең бөлуді, аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардың тиімді ара-қатынасын қамтамасыз етеді.

Университетте өзін-өзі білім алу қабілетін дамытатын, алынған білім мен дағдылардың пайдалылығын қамтамасыз ететін білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге үлкен назар аударылады.

Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде студенттермен орындалатын өзіндік жұмыстардың көлемі артады. Өзіндік жұмыс өзіндік оқуға арналған, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсыныстармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат және өзге де тәсілдермен бақыланатын тақырыптардың белгілі бір тізімі бойынша өткізіледі.

Өзіндік жұмыс 2 түрге бөлінеді – оқытушының жетекшілігімен білім алушының өзіндік жұмысы (БАОӨЖ) және білім алушының өзіндік жұмысы (БАӨЖ). Мамандық бойынша БАОӨЖ көлемі ережеге сәйкес БАӨЖ жалпы көлемінің 30 % құрайды. БАОӨЖ оқу сабағының жалпы кестесіне кірмейтін жеке кесте бойынша оқытушымен қарым-қатынаста орындалады.

Білім алушылардың өзіндік жұмысы оқытылатын пәндердің мазмұнының тұтастылығын ескере отырып әртүрлі нысанда ұйымдастырылады. Пәндер бойынша БАОӨЖ және БАӨЖ жоспарлары силлабуста беріледі.

Білім алушылардың тұлғалық қасиетін дамыту және кәсіби дайындығын қалыптастыру үшін оқу және өндірістік практикалар қарастырылған.

Мамандықтың оқу жоспары бойынша барлық түрдегі практикалар оқытудың жылдары бойынша тепе-тең бөлінген және бұл негізінен оқу процесі кезінде алынған білімнің практикалық дағдыларын меңгеруге бағытталған. Мамандықтың тұрпатты оқу жоспарының негізінде (2013 жыл) 4 семестрде 2 кредит көлемінде оқу практикасы, 6 семестрде – 2 кредит көлемінде ұзақтылығы 5 апта өндірістік практика, 8 семестрде – 4 кредит көлемінде диплом алды практика қарастырылған.

«5В050600-Экономика» мамандығы бойынша білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі шегі болып студенттердің 129 кредиттен кем емес теориялық білім алуы және 6 кредиттен кем емес кәсіби практиканы игеруі табылады.

Практикалық құрамды дайындық білім алушының кәсіби практикалардың барлық түрлерінен (оқу, өндірістік, дипломалды) өту процесінде қалыптасады.

Кәсіби практика оқыту процесінде алынған теориялық білімді бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған.

Кәсіби практикалардың барлық түрлеріне жолдамалар мерзімі, өту базасы және жетекшісі көрсетіле отырып ректордың бұйрығымен рәсімделеді.

5В050600-Экономика» мамандығы оқу іс-шаралары оқу сабақтарының барлық түрлерін: дәрісті, семинарларды, практикалық сабақтарды, соның ішінде студенттің ғылыми-зерттеу жұмысын, лабораториялық және курстық жұмыстарды (жобаларды) кірістіреді.

Дәріс, практикалық (семинарлық) және лабораториялық сабақтардың арасындағы сағаттардың ара-қатынасы 1:1:1 құрайды.

Дәріс сабақтарын өткізу кезінде материалдарды көрсету үшін мультимедиялық проектор қолданылады. Интернетті оқытушылар дәріс және практикалық сабақтарға дайындық кезінде, сондай-ақ оларды өткізу барысында қолданады. Кафедраның ПОҚ электронды нұсқада ПОӘК дайындайды.

Кафедра өзінің қызметінде іскерлік ойын, пікір-талас, тестілеу, кейс-стади, конкурстар, презентациялар сияқты оқытудың интерактивті әдістерін кеңінен қолданады. Білім беру процесін жетілдіру үшін барынша өзекті болып кейс-әдісін дамыту табылады. Кейс-кезең әдісі келесі пәндерді оқыту барысында кеңінен қолданылады: «Бизнес негіздері», «Кәсіпкерлік», «Бизнес-жоспарлау», «Халықаралық экономика». Семинар сабақтарын өткізу кезіндегі пікір-таластар студенттерге тақырып мазмұнын жақсы және тереңірек игеруге көмектеседі. Дәріс сабақтарын өткізу кезінде оқу материалдарын көрнекі көрсету үшін мультимедиялық проектор пайдаланылады, практикалық сабақтар кезінде бизнес-жоспарлардың презентациялары, баяндамалар, эссе және тақырыптық кроссвордтар өткізіледі.

Оқу жоспары – мамандықтың тұрпатты оқу жоспары және студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде университетпен дербес дайындалатын құжат.

Титуль бетінде осы мамандық бойынша оқудың барлық кезеңіне теориялық оқудың, емтихандық сессия, кәсіби практикалар, қорытынды аттестация мен 1 курс студенттері үшін ұйымдастыру аптасының ұзақтылығы көрсетілген оқу процесінің кестесі көрсетіледі.

Ұйымдастыру аптасы кезінде студенттердің таңдалған мамандық бойынша білім беру бағдарламасымен, соның ішінде таңдау бойынша курс пәндерімен, пәнге жазылау және оқытушы таңдау процедурасымен танысу жүреді. Осы кестеге байланысты әр оқу жылына оқу процесінің академиялық күнтізбесі жасалады.

Оқу жоспарының негізгі мазмұны осыған дейін мамандықтың тұрпатты оқу жоспарларында, яғни пәндер тізімі, кредиттер, сағаттар, семестр анықталған МК пәндерінің мазмұнымен анықталады. Әр пәннің жүктеме көлемін бөлу аудиториялық сабақтардың сандық құраушы әртүрлі түрлерін тұрақтандыруға мүмкіндік беретін бірыңғай сызба бойынша жүреді.

Сонымен бірге оқу жоспарларында дене тәрбиесі, мемлекеттік тілде іс жүргізу, философияның кейбір проблемалары, шетел тілінің практикалық курсы сияқты оқытудың қосымша түрлері (факультативтер) көрініс тапқан.

Одан әрі оқу жоспарына кесте түрінде кредиттер, сағат көлемі, апта, пәндер көлемі, оларды семестр бойынша бөлу көрсетілген кәсіби практикалар түрлері және қорытынды аттестация мерзімі бойынша ақпарат ұсынылады.

Білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, оқыту кезінде жүйелі қадамды қамтамасыз ету мақсатында оқу жоспарларында пәнаралық байланыстарды анықтау арқылы пәндердің курстарының логикалық кезектілігі, фундаментальды пәндерде меңгергеннен кейін қолданбалы пәндерді оқыту, студенттердің тұлғалық, кәсіби және әлеуметтік құзыреттіліктерін біртіндеп қалыптастыру, пререквизиттер және постреквизиттер жүйесі сақталады.

Оқу жоспарының құрылымдық компоненттері оқу жылдары бойынша курстардың логикалық тізбектілігін сақтайды.

Мамандықтың оқу жоспарының жалпыбілім беру пәндерінің блогы тұлға ретінде адамға қатасты құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған (бұл Өзін-өзі тану, Психология, Мәдениеттану сияқты элективті пәндер). Базалық пәндер адамның қызметіне қатысты құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Бейіндік пәндер адамның әлеуметтік өзараәрекетіне қатысты құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.

Мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердің арасындағы байланыстарды қалыптастыру және дайындаудың мүмкін мамандандыру және бейіндерін есепке ала отырып оқытудың кезектілігін анықтау мақсатында оқу жоспарының логикалық сызбасы жасалады. Логикалық сызбаны жасау үшін оқу жоспарының барлық пәндері үш топқа бөлінеді:

- А тобы – оқыту міндетті және таңдап алынған мамандық (мамандандыру) үшін уақыт бойынша қатаң кезектілікті пәндер;

- В тобы – оқыту міндетті, бірақта кезекті болмауы мүмкін пәндер;

- С тобы – студенттерді кәсіби қызметке дайындауда міндетті болып табылмайтын және кез келген академиялық кезеңде оқытылуы мүмкін пәндер.

Студенттің оқу жүктемесінің көлемі әр оқу пәні бойынша оқу жылында игеретін кредиттермен өлшенеді. Оқу жылы академиялық кезеңнен, аралық аттестаттау кезеңінен, практика және каникулдан тұрады. Оқу пәндерінің саны оқу жоспарлаында көрсетіледі. Білім алушының оқу жұмыстарының көлемі әр пән бойынша 1 – 6 кредитті құрайды, пәндердің негізгі көлемі 2 -3 кредитті құрайды. Оқыту жылы теориялық оқытудың жиналған кредиттер санымен анықталады. Бұл мамандықтың оқу жоспарында көрсетіледі. Экономика мамандығы бағдарламасы бойынша оқытудың барлық кезеңіне – 129 кредит, оның 38 кредиті – оқытудың бірінші жылында, 37 кредит оқытудың екінші жылында, 37 кредит оқытудың үшінші жылында, 17 кредит оқытудың төртінші жылында. Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сиымдылығының есебі оқытылатын материалдардың көлемі, яғни кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

Кафедра комитеттерінің жұмысы әр факультетте құрылатын Комитеттер Кеңесімен үйлестіріледі.

Оқу жоспарының негізін міндетті компаненттің әр оқу пәнінің тізімі және еңбек сиымдылығы анықталатын үш цикл (ЖМП, БП, ПП) құрайды және осыған байланысты оларды кодировкалаудың біртұтас жүйесі пайдаланылады. Әр цикл міндетті компанеттер (МК) және таңдау бойынша компаненттер (ТК) пәндерінен тұрады. Міндетті компанент бұл білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен бекітілген кредиттердің ең төменгі көлеміне сәйкес және оқытудың бағдарламасы бойынша студенттердің міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің тізімі.

Міндетті компаненттің пәндерінің тізімі тұрпатты оқу жоспарымен анықталады, сондай-ақ міндетті компаненттің пәндерінің тізімі қосымшада берілген нысан бойынша тұрпатты оқу жоспарында көрсетіледі.

Тұрпатты оқу жоспары – мамандық бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізінде дайындалатын және студенттердің игеруі үшін қажетті ең төменгі кредиттерді көрсете отырып ЖМП, БП, ПП циклінде біріктірілген оқу пәндерінің тізімі түрінде міндетті компаненттерді, бақылау нысанын, сондай-ақ оқытудың қосымша түрлерін және қорытынды аттестацияны белгілейтін негізгі оқу құжаты.

Тұрпатты оқу бағдарламасы бұл тұрпатты оқу жоспарының міндетті компанент пәндерінің мазмұнын, көлемін және оқыту тәртібін анықтайтын, ұсынылатын әдебиеттерді игеру үшін қажетті негізгі білім, дағдылар шеңберін көрсететін білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізінде дайындалатын оқу құжаты және білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органымен бекітіледі.

Білім беру бағдарламасы бойынша міндетті компанент пәндерінің тізімі:

білім беру пәндерінің циклі: Қазақстан тарихы, шетел тілі, Қазақ тілі, Орыс тілі, Философия, Әлеуметтану, Саясаттану, экология және тұрақты даму, Құқық негіздері, Өмір тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері, Информатика;

базалық пәндер циклі: Экономикалық теория, Экономикадағы математика, Микроэкономика, Макроэкономика, Қаржы, Бухгалтерлік есеп, Кәсіби қазақ (орыс) тілі, Кәсіби бағытталған шетел тілі;

бейіндік пәндер циклі: Кәсіпорын экономикасы, Кәсіпкерлік.

5В050600 – Экономика» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалаврының кәсіби қызметінің пәні болып сала және жекелеген кәсіпорындардың нақты жағдайында экономикалық процестерді дамытудың жалпы, жеке және арнайы экономикалық заңдарынының әрекеттері мен пайда болу нысандарын, сондай-ақ тиімді шығындар кезінде неғұрлым жақсы нәтижелерге жетуді қамтамасыз ету үшін резервтерді анықтаудың жағдайлары мен факторларын оқып білу табылады.

Білім беру бағдарламалары басты біліктілікті дамытатын кәсіби қызметке дайындық үшін компаненттерді қарастырады. Оқу жоспарында практиканың келесідей түрлері қарстырылған – оқу, өндірістік.

Мамандықтың білім беру бағдарламасында студенттердің кәсіби практикаларын кафедраның ұйымдастыруы және әдістемелік қамтамасыз етуі маңызды орын алады. Кәсіби практиканың бағдарламалары кафедрамен дайындалады және мамандықтың оқу-әдістемелік кешенінде көрініс табады (ПОӘК).

Кәсіби қызмет бойынша интеллектуалды және академиялық дағдыларды келесі пәндер қалыптастырады: Экономиканы мемлекеттік реттеу, Статистика, Эконометрика, Экономикалық ақпараттарды өңдеудің ақпараттық технологиясы, Менеджмент, Маркетинг, бизнес негіздері, Қаржы нарығы және делдалдар, Кәсіпкерлік құқық, аудит, Еңбек экономикасы, Сыртқыэкономикалық қызметтерді ұйымдастыру, Кәсіпорын стратегиясы, Экономика-математикалық моделдеу, Электронды салық комитеті, Еңбекті қорғау.

«Экономика» мамандығы бойынша элективті пәндер негізінде білім бағдарламасының екі бағыты қалыптасқан, бұлар: «Экономика және кәсіпорынды жоспарлау» және «Сала экономикасы».

«Экономика және кәсіпорынды жоспарлау» бағытының мақсаты – экономика, басқару салаларында қажетті білімге ие, берілген материалдарды талдай және қорытынды жасай алатын мамандар дайындау.

«Экономика және кәсіпорынды жоспарлау» бағытының міндеттері:

- экономика, басқару және өндірісті ұйымдастыру салаларында толық, сапалы базалық білім алу;

- дамудың жоғары жалпы интеллектуалды деңгейін меңгеру, сауатты және дамыған сөйлеу мәнерін, гуманитарлық мәдениетті, жоғары мінез-құлықтық, этикалық және құқықтық нормаларды, ойлау мәдениетін және еңбекті ғылыми ұйымдастырудың дағдыларын игеру;

- творчестволық потенциалды, бастамашылдық пен жаңашылдықты дамыту;

- студенттердің білім алуды көп деңгейлі білім берудің келесі сатыларында жалғастыруы;

- еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігі.

«Сала экономикасы» бағытының мақсаты – мамандарды экономика саласында өндірісті белсенді ұйымдастыруға, басқару шешімдерін сапалы орындауға дайындау.

«Сала экономикасы» бағытының міндеттері:

- экономиканың қызмет етуіне, оның салалары мен шаруашылық қызмет етуші субъектілеріне қатысты толық, сапалы базалық білім алу;

- осы заманғы білім берудің технологияларын қолдана отырып білімнің жоғары жалпы интеллектуалды деңгейін меңгеру;

- алда тұрған қызмет сферасында стандартты жағдайларды талдау кезінде кәсіби аргументациямен бірге творчестволық потенциалды дамыту;

- студенттердің білім алуды көп деңгейлі білім берудің келесі сатыларында жалғастыруы.

Оқу жоспарлары мамандықтың ҚР МЕМСТ және мамандықтар бойынша пәндердің тұрпатты бағдарламаларында көрініс тапқан тұрпатты жоспарлар негізінде әзірленеді. Білім беру бағдарламаларының құрылымында пәндер оқытудың логикалық кезектілігмен орналасқан, себебі білім беру бағдарламасының өткен құрылымының пәндері келесі құрылымның пәндерін түсінуге және терең игеруге мүмкіндік береді. Компаненттердің инвариантты мазмұны міндетті пәндер үшін, ал вариативті мазмұны элективті пәндер үшін қолданылады.

Дайындаудың құрылымы және мазмұны бойынша:

 

а) жалпы білім беру компаненті (33 кредит 1485 сағат), соның ішінде міндетті компанент (31 кредит 1395 сағат), келесілерді кірістіреді: Қазақстан тарихы 3 кредит (135 сағат), Шетел тілі – 6 кредит (270 сағат), Қазақ тілі, Орыс тілі – 6 кредит (270 сағат), Философия - 3 кредит (135 сағат), Әлеуметтану – 2 кредит (90 сағат), Саясаттану – 2 кредит (90 сағат), Экология және тұрақты даму - 2 кредит (90 сағат), Құқық негіздері - 2 кредит (90 сағат), Өмір тіршілгі қауіпсіздігі негіздері - 2 кредит (90 сағат), Информатика - 3 кредит (135 сағат). Элективті пәндердің оқу жүктемесі 2 кредит 90 сағатты құрайды.

б) базалық пәндер (64 кредит 2880 сағат), соның ішінде міндетті компанент 20 кредит 900 сағат: Экономикалық теория – 2 (90), Экономикадағы математика - 3(135), Микроэкономика - 2 (90), Макроэкономика -2 (90), Қаржы – 3 (135), Бухгалтерлік есеп – 3 (135), Кәсіби қазақ (орыс) тілі – 2(90), Кәсіби бағытталған шетел тілі – 2 (90). Элективті пәндер сағатының көлемі – 44 кредит 1980 сағатты құрайды.

в) бейіндік пәндер (32 кредит 1440 сағат), соның ішінде міндетті компанент (5 кредит 225 сағат), келесілерді кірістіреді: Кәсіпорын экономикасы – 3 (135), Кәсіпкерлік - 2 (90).

Оқу жоспарлары және бағдарламалары комитетімен міндетті компаненттің пәндерінің курсын оқытудың логикалық кезектілігі анықталған. Оқу жоспарлары және бағдарламалары комитетінің мүшелері болып неғұрлым тәжірибелі оқытушылар табылады. Олар пререквизиттер мен постреквизиттерді сақтай отырып элективті пәндер каталогын әзірлейді.

«5В050600-Экономика» мамандығы бойынша білім беру траекториясы өзіне еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып ұсынылатын міндетті элективті компаненттердің пәндерін кірістіреді. Элективті пәндердің мазмұны экономика және бизнес негіздері бойынша теориялық және практикалық дайындауға, негізгі құбылыстардың мәнін тереңірек түсіну әдістемесін меңгеруге, нақты шаруашылық етуші кәсіпорындарда кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайындыққа, экономикалық талдауды жүргізе алу мен дағдыларын меңгеруге, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін экономикалық талдау әдістерін пайдалануда практикалық дағдыларды игеруге бағытталған.

Білім алушылардың элективті оқу пәндерін балама таңдау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында оқыту мақсаты, қысқаша мазмұны және оқытудан күтілетін нәтижелер көрсетілген таңдау бойынша компанеттердің барлық пәндерінің тізімі келтірілген элективті пәндер каталогы әзірленген және жыл сайын жаңартылып отырылады. Мамандық бойынша бакалавр, магистр біліктілігін жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып қалыптасқан болашақ мамандардың құзыреттіліктері ашып көрсетілетін Дублиндік дискрипторға сәйкестендіруге бағытталған модулдік білім беру бағдарламалары қалыптасады. Жұмыс берушілердің ой-пікірлері мен ұсыныстары сауалнама жүргізу, олардан мамандық студенттерінің практикадан өту нәтижелері бойынша пікір алу кезінде анықталады. Кафедра филиалының ұсынысы бойынша 5В050600-Экономика мамандығы бойынша 2013 – 2014 оқу жылының оқу жоспарына «Инвестициялық талдау» пәні кірістірілген.

Білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс оқу жоспары олардың кредеттегі еңбек сиымдылығын көрсете отырып барлық міндетті пәндерді, практиканың барлық түрлерін және оқу жұмысының өзге де түрлерін атап көрсете отырыпміндетті және элективті компаненттердің арасындағы тепе-теңдікті есепке ала отырып әзірленеді және оқу жылы басталғанға дейін бекітіледі.

20.04.2011 жылғы №152 оқытудың Кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың Ережесіне сәйкес таңдау бойынша компанентке кіретін барлық пәндердің жүйеленген тізімін білдіретін Элективті пәндер каталогы (ЭПК) дайындалады. ЭПК пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіле отырып пәннің қысқаша сипаттамасы беріледі.

Білім беру бағдарламасын әзірлеу кезінде жұмыс берушілердің мүддесін есепке алу мақсатында Элективті пәндер каталогын қалыптастыруға потенциалды жұмыс берушілер, практика базаларының жетекшілері белсенді қатысады. Шағын бизнес Орталығы Ассоциация базасында кафедра Филиалы құрылған. Кафедра филиалының жетекшісі болып экономика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Д.Махмудов табылады, ол «Экономика» мамандығының жоғары курс студенттеріне практикалық бизнес сұрақтары және мәселелері бойынша дәріс оқиды.

Білім беру бағдарламасын дайындауда жұмыс берушілердің қатысуы келесі нысанда қамтамасыз етіледі:

1) білім беру мекемелерінің басшыларымен дөңгелек үстел өткізу;

2) элективті пәндерді талқылау және сұранысқа және өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдау бойынша жаңа пәндерді енгізу мақсатында потенциалды жұмыс берушілерді шақыру;

3) дипломдық жұмысқа сын пікір және сараптама беру;

4) кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға практика базаларының жетекшілерімен және практикалық қызметкерлермен кеңес өткізу және олардың нәтижесі бойынша каталог құрылымына енгізу.

2011-2012 оқу жылынан бастап оқу жоспарлары модулдік бағдарлама бойынша жасалады. «5В050600-Экономика» мамандығының «Экономика және кәсіпорынды жоспарлау» және «Сала экономикасы» білім беру бағдарламалары келесідей пәндерді кірістіретін таңдау бойынша компаненттің бейіндік пәндерінен қалыптасқан: Халықаралық экономика, Салық және салық салу, 1С: Бухгалтерия, Бизнес-жоспарлау, Табиғат пайдалану экономикасы, Өнеркәсіп экономикасы, Кәсіпорын қызметін жоспарлау, Мәліметтерді талдау және экономиканы болжау, Өндірісті ұйымдастыру, Кәсіпорынның инновациялық және инвестициялық қызметін ұйымдастыру, Инвестициялық талдау, Мұнай бизнесін ұйымдастыру, Құрылыс экономикасы, Өндірістік сфераның экономикасы, Агробизнестің экономикалық негіздері.

Олардың негізінде университетте мамандықтың білім беру бағдарламалары жүзеге асатын оқу-әдістемелік құжаттар болып мамандықтың оқу - әдістемелік кешені (МОӘК) және пәннің оқу - әдістемелік кешені (ПОӘК) табылады.

Мамандықтың оқу - әдістемелік кешені: мамандықтың МЕМСТ; тұрпатты оқу жоспарын; оқу жоспарын; мамандық пәндерінің оқу-әдістемелік қамтамасыздығы картасын; кәсіби практикадан өту бойынша әдістемелік нұсқауды; дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқауды; білім алушыларды қорытынды аттестаттау бойынша әдістемелік нұсқауды кірістіреді.

Пәннің оқу - әдістемелік кешені:

- білім алушылар үшін пән бойынша оқу бағдарламасын (Syllabus);

- пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесін;

- пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздығы картасын;

- дәріс кешенін (дәріс шолулары, көрнекі және тарату материалдары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі);

- семинар (практикалық) сабақтар жоспарын;

- пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстарды;

- типтік есептеулер, есептеу-графикалық, лабораториялық жұмыстарды, курстық жобаларды (жұмыстарды) орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды;

- білім алушылардың өзіндік жұмыстары үшін материалдарды: үй тапсырмаларының мәтінін теру, әр тақырып бойынша өзін өзі бақылау материалдары, жұмыстың ағымдағы түрлерін орындау бойынша тапсырмалар, еңбек сиымдылығы көрсетіле отырып рефераттар мен өзге де үй тапсырмалары және әдебиеттер;

- кәсіби практиканың барлық түрлерінен өту бойынша әдістемелік нұсқауды, есептік құжаттама нысандарын;

- білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдарды (жазбаша бақылау тапсырмалары, тестілік тапсырмалар; өзін өзі дайындау үшін сұрақтар тізімі, емтихан билеттері т.б.);

- оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз етуді (пәннің мазмұнына байланысты);

- мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер мен зертханалардың тізімін кірістіреді.

ПОӘК кафедрада қағаз нұсқасында болады, ал оның электронды нұсқасы студенттер үшін университеттің сайтында ақпараттық-білім порталының «Электронды оқыту» бөлімінде орналастырылады. Сонымен бірге кафедрада жетекші оқытушылар дайындаған мамандықтың міндетті компонеттерінің пәндерінің мен элективті пәндерінің оқу бағдарламалары (силлабусстар) бар. Пәннің оқу бағдарламасы (силлабусс) келесі бөлімдерден тұрады: пәннің сипаттамасы, пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары, дәріс жоспары, практикалық сабақтар жоспары, БАӨЖ тапсырмаларын орындау кестесі, БАОӨЖ сабақтарын өткізу тәртібі мен кеңес берулер, пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі, ұсынылатын әдебиеттер.

Білім беру бағдарламаларының құрылымына, мазмұнына, дайындалуына және бекітілуіне талаптар университеттің әр құрылымдық бөлімшесінде бар республикалық және жоғары оқу орны ішілік нормативтік құжаттарда көрініс тапқан.

МОӘК – мамандықтың білім беру бағдарламасын жоспарлауды және ұйымдастыруды білдіретін жоғары оқу орнының құжаты. МОӘК-не мамандықтың ұйымдық және әдістемелік құжаттары кіреді.

ПОӘК – пән бойынша оқытуды әдістемелік қамтамасыз етуді, ұйымдастыруды және өткізуді ашып көрсететін оқу-әдістемелік құжаттар.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені МЕМСТ, тұрпатты оқу жоспарына, курстың тұрпатты бағдарламасына және белгіленген тәртіпте бекітілген мамандықтың оқу жоспарына сәйкес әзірленеді.

«5В050600-Экономика» мамандығы бойынша білім беру процесі оқытудың кредиттік технологиясы бойынша жүзеге асырылады. Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде оқу жетістіктерін бағалау жүйесі білім алушылардың білімін бағалаудың сенімділігін, объективтілігін, мықтылығын қамтамасыз етеді.

Оқу процесі оқу жоспарымен және онымен бірге ҚР БҒМ өзге де нормативтік құжаттарымен регламенттеледі. Студенттерді оқыту процесінде оқытушылар сабақтың келесідей түрлерін, дәрісті, практикалық сабақтарды, зертханалық сабақтарды, студенттердің өзіндік жұмыстарын, оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыстарын, кеңес берулерді, курстық және дипломдық жұмыстарды қолданады. Кафедрада курстық және дипломдық жұмыстар бойынша ашық қорғаулар өткізіледі, жыл сайын қорғау кестесі бекітіледі. Курстық және дипломдық жұмыстарды қорғау нәтижелері хаттамада көрсетіледі.

Кафедраның ПОҚ оқу процесінде оқытудың интерактивті әдістері: интеграцияланған сабақтар, дөңгелек үстелдер, мастер-класстар, проблемалы дәрістер, бейне-дәріс, конференциялар жататын осы заманғы педагогикалық технологияларды меңгеруге және енгізуге айырықша назар аударады. Пәнді оқыту кезінде жоғарыда аталған білім беру технологиялары мен әдістемелерін қолдану білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келеді және оқу материалдарын игеру деңгейін жоғарылатады.

5В050600-Экономика мамандығы бойынша бітіруші біліктілік жұмыстарын бағалау ҚР МЕМСТ сәйкес жүргізіледі.

Кафедрада норма-бақылаудың негізгі талаптары анықталған 5В050600-Экономика мамандығы студенттеріне арналған дипломдық жұмысты орындау бойынша Әдістемелік нұсқау әзірленген.

Дипломдық жұмыс – практикалық мамандандырудың аяқтаушы кезеңі. Мазмұны бойынша ол ғылымның фундаменталды, теориялық және қолданбалы проблемаларын дайындаумен байланысты болуы тиіс.

Дипломдық жұмысты қорғау (бітіруші біліктілік жұмысы) бақылаудың қорытынды нысаны бола отырып Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен бекітілген талаптарға түлектердің ғылыми-теориялық және практикалық дайындығының сәйкестігінің деңгейін жан-жақты және объективті тексеру негізінде анықтауға бағытталған.

Мемлекеттік емтихандар мен дипломдық жұмысты қорғауды өткізу үшін Мемлекеттік Аттестаттау Комиссиясы құрылады және ол құрам күнтізбелік жыл ішінде әрекет етеді.

Мемлекеттік емтихандарды тапсыруға және дипломдық жұмыстарды қорғауға оқу жоспарының және оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім алу процесін аяқтаған студенттер жіберіледі.

Дипломдық жұмысты қорғау нәтижесі бойынша баға балдық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша қойылады. Осыған байланысты білім алушының теориялық, практикалық дайындығының деңгейі, сондай-ақ ғылыми жетекшінің пікірі мен сын пікір берушінің бағасы назарға алынады.

МАК жұмысына сын пікір беруші ретінде сыртқы сарапшылар тартылады, яғни агроөнеркәсіп кешенінің, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорынның бас мамандары және дипломдық жұмыс жетекшілері тартылады. Сын пікір берушілер мен дипломдық жұмыс жетекшілері (соның ішінде ішкі) ректор бұйрығымен бекітіледі. «5В050600-Экономика» (бакалавриат) мамандығы бойынша бітіруші дипломдық жұмыстардың тақырыптары мен мазмұны мамандар дайындау бейініне сәйкес келеді және ҚР МЕМСТ талаптарын ескере отырып орындалады.

ЖОО Саясаты негізінде (тұтынушылардың қанағаттандырылу деңгейін жоғарылату және т.б.) университет ректорымен:

1. Жылына екі рет жалпы білім беру бағдарламасын орындайтын түлектердің құзыреттілігін қалыптастыру сұрақтары бойынша жұмыс берушілердің қатысуымен кеңес өткізеді.

2. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ түлектерінің, соның ішінде «5В050600 – Экономика» мамандығы бойынша түлектердің құзыреттілігі жөнінде жұмыс берушілерге жүйелі түрде әлеуметтік сұрау өткізіледі.

3. Жұмыс берушілер мен жетекші фирмалардың қатысуымен студенттерді өндірістік практикаға іріктеу жүргізіледі. Өндірістік практикадан өткеннен кейін фирма кейіннен 3 және 4 курстарда жұмысқа орналастыруға іріктеу үшін олардың қызметінің бағыттары бойынша тренинг өткізеді. Іріктеуден өткен студенттер жұмысқа орналасады және ректордың бұйрығымен сессияға дейін кезең бойынша (бекітілген кестеге сәйкес) есеп беретін ауыспалы сабаққа ауыстырылады.

Университетпен өткізілетін жоғарыда аталған іс-шаралар арқылы жұмыс берушілердің білім сапасын жоғарылатуға қатысуы марапатталады.

Мамандықтың білім беру бағдарламасының мақсаттарының бірі болып тұтынушылардың қанағаттандырылуын жоғарылату және еңбек нарығының сұраныстарына сай болу табылады. Еңбек нарығын маркетингтік зерттеу нәтижелері бойынша білім беру бағдарламасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мамандықтың білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің талап-тілектеріне сай элективті курстар кірістіріледі.

Білім сапасын жоғарылату, оның барлық деңгейлерінің тартымдылығын қамтамасыз ету, білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру мақсатында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да 2003 – 2004 оқу жылынан бастап оқытудың кредиттік технологиясын енгізу басталды (одан әрі – ОКТ) (2 кесте).

 

2 - кесте – Оқытудың кредиттік технологиясына өту кезеңдері

Оқу жылы Мамандық бағыттары
  2003-2004 6 бизнес – мамандықтар бойынша: 520530 – Маркетинг; 520830 – Экономика; 522230 - Менеджмент; 522430 – Есеп және аудит; 522530 – Қаржы; 522630 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
  2004-2005 дайындаудың келесі бағыттары бойынша: ауыл шаруашылығы, жаратылыстану ғылымдары және ветеринария
  2005-2006 барлық техникалық мамандықтар

 

Университетте ҚР заңдарнына және ҚР БҒМ нормативтік-құқықтық базасына сәйкес оқытудың кредиттік технологиясын жүзеге асыруды регламенттейтін құжаттар пакеті әзірленген және оқу процесіне енгізілген:

- білім алушылардың білімін бағалау тәртібі жөнінде Ереже;

- білім алушылардың білімінің сапасын ағымдағы және аралық бақылаудың ішкі жоғары оқу орны жүйесі жөнінде Ереже;

- кеңес берушілердің академиялық қызметі жөнінде Ереже;

- жазғы семестр туралы Ереже;

- пәндерге тіркелу тәртібі туралы Ереже;

- университетте студенттердің білімін бағалау тәртібі туралы Ереже.

Университетте оқытудың кредиттік технологиясын енгізу, оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету бойынша құрылым – тіркеу бөлімін; академиялық сабақтарды жоспарлау бөлімін; академиялық сабақтарды ұйымдастыру бөлімін біріктіретін білім сапасының мониторингі және сапа менеджменті басқармасы құрылған.

ОКТ кезінде білім алушылар тұрпатты оқу жоспарлары және элективті пәндер каталогы шеңберінде жасалатын жеке оқу жоспары (ЖОЖ) нысанында өзінің білім бағдарламасын дербес құрады.

Білім берудің кредиттік технологиясының негізгі элементтерінің бірі болып академиялық ұтқырлық бойынша өзге жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігі. Игерілген пәндердің қайта сынағы ECTS типі бойынша кредиттерді қайта сынақтан өткізудің қазақстандық жүйесіне сәйкес қабылданады.

Дербестендіру, білім беру траекториясын таңдау және кредит түрінде игерілген оқу материалының көлемінің есебі негізінде дербес білім алуды және білімді творчестволық меңгеруді жоғарылатуға бағытталған білім беру технологиясы.

Міндетті траектория еңбек нарығы мен потенциалды жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып ұсынылатын міндетті және элективті компаненттердің пәндерін кірістіреді. Элективті пәндердің мазмұны экономика және бизнес негіздері бойынша теориялық және практикалық дайындыққа, негізгі құбылыстардың мәнін тереңірек түсіну әдістемесін меңгеруге, нақты шаруашылық етуші кәсіпорындарда кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайындыққа, экономикалық талдау жүргізе білу және дағдыларын меңгеруге, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін экономикалық талдау әдістерін пайдалануда практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған.

«Экономика» мамандығы бойынша «Экономика және кәсіпорынды жоспарлау» және «Сала экономикасы» білім беру бағдарламалары әрекет етеді.

Экономика және кәсіпорынды жоспарлау» білім беру бағдарламасы кәсіпорын қызметін жоспарлау ерекшеліктерін, сондай-ақ виртуалды жоспарлаудың негізгі аспектілерін, ұйымдарда жоспарлаудың рөлі мен орнын оқып білуге бағытталған.

«Сала экономикасы» білім беру бағдарламасының түлектері сала құрылымы және оның жекелеген элементтерінің өзара байланысы жөнінде; экономика салалары жөнінде теориялық білімдердің негізі, сондай-ақ экономиканың жекелеген салаларын экономикалық дамыту ерекшеліктері жөнінде түсінігі болады.

Білім алушы білім бағдарламасының біреуін таңдайды және кредиттер жинақтау жолымен игеруді жүзеге асырады.

Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде оқу жұмыстарының еңбек сиымдылығының есебі оқытылатын материал көлемі, яғни кредиттер бойынша жүзеге асырылады. Бір кредит білім алушыныңакадемиялық семестр, яғни 15 апта бойы аптасына оқытушымен байланысының (дәріс, ЗПС) 1 академиялық сағатына тең. 1 академиялық сағат дәріс, практикалық (семинарлық) сабақтардың 50 минутына; зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтарының 100 минутына, сондай-ақ оқу практикаларының барлық түрлерінің 1 байланыс сағатына (50 минут), өндірістік практикалардың барлық түрлерінің 5 байланыс сағатына (250 минут) тең. Оқу сабақтарының әр академиялық сағаты бакалавриатта студенттердің өзіндік жұмыстарының (БАӨЖ) 2 сағатынан (100 минут) тұрды.

Оқу жоспарымен әр семестрде күндізгі нысанында 18 – 22 кредитті игеру қарастырылған. Сонымен, студенттің дене тәрбиесі бойынша сабақтарын есепке алмағанда аудиториялық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі аптасына 36 сағаттан аспайды. Дәріс, практикалық (семинарлық) және лабораториялық сабақтардың арасындағы сағаттардың тиімді ара-қатынасы 1:1:1 құрайды.

Мамандықтың оқу жоспарын таңдау бойынша компаненттердің пәндері элективті пәндер каталогында толық көлемде, ал оқу жоспарларында тек кезең бойынша олардың кредиттерінің жалпы көлемі көрсетіледі.

Оқу жоспарының негізгі мазмұны мамандықтың ҚР МЕМСТ анықталған МК пәндерінің мазмұнымен, яғни пәндер тізімі, кредиттермен, сағаттармен, семестрлермен анықталады. Әр пән бойынша жүктеме көлемін бөлу аудиториялық сабақтардың әртүрлі түрлерін сандық құраушыларды тұрақтандыруға мүмкіндік беретін бірыңғай сызба бойынша жүреді (3 кесте).

Студенттердің оқу жүктемесінің көлемі әр оқу пәні бойынша оқу жыл бойы олардың игеретін кредиттермен өлшенеді. Оқу жылы академиялық кезеңнен, аралық аттестаттау кезеңінен, практика және каникулдан тұрады. Оқу пәндерінің саны оқу жоспарларында көрсетіледі. Білім алушының оқу жұмысының көлемі әр пән бойынша 1-6 кредитті, пәннің негізгі көлемі – 2-3 кредитті құрайды. Оқу жылы теориялық оқудың жинақталған кредиттерінің санымен анықталады. Бұл сан мамандықтың оқу жоспарларында көрсетіледі. Экономика мамандығы бағдарламасы бойынша оқудың барлық кезеңінде – 129 кредит, оның 38 кредиті – оқудың бірінші жылында, 37 кредит оқудың екінші жылында, 37 кредит оқудың үшінші жылында, 17 кредит оқудың төртінші жылында.

 

3 кесте – Сағаттарды бөлудің бірыңғай сызбасы

БАКАЛАВРИАТ (оқытудың күндізгі бөлімі))

Кредит саны Сағаттардың жалпы көлемі Соның ішінде
аудиториялық БАОӨЖ БАӨЖ
барлығы оның ішінде
дәріс зертх. прак. (сем.)
               
               
               
               
               
               

Мамандықтың оқу жоспары бойынша практиканың барлық түрлері жылдар бойынша тепе-тең бөлінген және бұл оқу процесі кезінде алынған білімнің практикалық дағдысын игеруге бағытталған. 4 семестрде 2 кредит көлемінде оқу практикасы, алтыншы семестрде – 2 кредит көлемінде және ұзақтылығы 5 апта өндірістік практика, сегізінші семестрде – 4 кредит көлемінде дипломалды практика қарастырылған.

Кафедрада «5В050600-Экономика» және «6М050600-Экономика» мамандығының тұрпатты оқу жоспарлары бар. Мамандықтың барлық пәндері бойынша ПОӘК әзірленеді. ПОӘК кафедрада қағаз нұсқасында болады, ал оның электронды нұсқасы студенттер үшін университеттің сайтында ақпараттық-білім порталының «Электронды оқыту» бөлімінде орналастырылады. Сонымен бірге кафедрада жетекші оқытушылар дайындаған мамандықтың міндетті компонеттерінің пәндерінің мен элективті пәндерінің оқу бағдарламалары (силлабусстар) бар. Пәннің оқу бағдарламасы (силлабусс) келесі бөлімдерден тұрады: пәннің сипаттамасы, пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары, дәріс жоспары, практикалық сабақтар жоспары, БАӨЖ тапсырмаларын орындау кестесі, БАОӨЖ сабақтарын өткізу тәртібі мен кеңес берулер, пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі, ұсынылатын әдебиеттер. «5В050600-Экономика» мамандығы бойынша ПОӘК оқытудың инновациялық әдістерін кірістіре отырып әзірленеді.

ПОӘК үнемі осы заманғы ғылыми жетістіктер, дайындау (мамандық) бағыттары бойынша техника және технологияны дамыту нәтижелері кірістіріледі. Дәріс материалдарын әзірлеу кезінде оқытушылар кафедраның ҒЗЖ есебінің нәтижелерін қолданады. Осы заманғы ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдану студенттерге қажетті ақпаратты талдауға және іріктеуге мүмкіндік береді, сондықтанда Информатика, Эконометрика, Экономикадағы ақпараттық жүйелер пәндерін оқу кезінде студенттер тапсырмаларды компьютерлерде орындайды.

Мамандықтың міндетті бейіндік пәндері «Кәсіпорын экономикасы», «Кәсіпкерлік» бойынша БАӨЖ ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау, «Кәсіпорын экономикасы. Дәріс жинағы» электронды оқу құралы әзірленген.

«Виртуалды кәсіпорын» зертханасының ресурстарын пайдалана отырып кафедра базасында «Бизнес-жоспарлау», «Инновациялық жобаларды бизнес-жоспарлау» пәндері бойынша практикалық сабақтар өткізіледі. Зертхана ресурстары білім алушылардың практикалық бизнес-жоспарлар, инвестициялық жобалар дайындау үшін «Project Expert», «Statistica» бағдарламаларын пайдалануға негізделген.

Соңғы жылдары кафедрада электронды оқу құралдарын (ЭОҚ) әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Әр жылға ЭОҚ әзірлеу жоспары жасалады. 2009 – 2013 жылдары 10 астам электронды оқу құралдары әзірленген. Жалпы алғанда 2013 – 2014 оқу жылына электронды тасымалдағыштағы мамандықтың оқу-әдістемелік қамтамасыздығы 10- электронды оқулық біріліг, келтірілген контингент бойынша бір студентке есептегенде бұл көрсеткіш 1,05 электронды оқулық бірлігін құрайды. «5В050600-Экономика» мамандығының оқу жоспары бойынша 65 пәннің 35 пәні электронды оқулықпен қамтамасыз етілген, бұл қамтамасыздық проценттік ара-қатынаста – 53,8 %-ті құрайды.

ПОҚ барлық оқу-әдістемелік жұмыстары кафедра отырыстарында, факультеттің оқу-әдістемелік бюросында талқылаудан өтеді. Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде оқу-әдістемелік әдебиеттер бойынша және оқу электронды басылымдар бойынша сарапшы топ құрылған. Тек жұмысты сарапшылар қарап шыққаннан кейін ғана, ол университеттің ОӘК басып шығаруға ұсынылуы мүмкін.

Университет 2007 жылғы 27 маусымдағы №319-ІІІ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 43 бабының 3.4 пункті және 2009 жылдың 1 қыркүйегіндегі №1-с ректордың бұйрығы негізінде оқу процесіне «5В050600 –Экономика» мамандығы бойынша қашықтықтан білім беру технологиясын енгізуді бастады.

Талапкерлер үшін ақпараттар, байланыс мәліметтері, жоо-ның құрылымы, оның бөлімшелері мен қызметкерлері жөніндегі мәліметтер, ғылыми қызметі жөнінде ақпараттар, кезеңдік басылымдар жариялынымдары, пошталық сервиске қол жетімділік, Moodle қашықтықтан оқыту жүйесіне қол жетімділік бойынша ақпараттар орналастырылған интернет портал CMS Joomla контентын басқару жүйесі негізінде құрылған. Барлық оқу-әдістемелік ақпарат Moodle қашықтықтан оқыту жүйесінде орналастырылған. Қазіргі уақытта Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің оқу және әкімшілік процесінде 1 тьютерлік, 7 Интернет, 9 мультимедиялық класстар пайдаланылады. Кітапхана 30 компьютермен жарақтандырылған, оның 26 электронды оқу залында пайдаланылады.

Қашықтықтан оқыту бойынша оқу материалдарының сапасын жоғарылату мақсатында университетте бейне дәрістерді жазу бойынша зертхана жұмыс істейді. «Экономика» мамандығы пәндері бойынша 5 бейне дәріс түсірілген.


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 464 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СТАНДАРТ 1. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ| СТАНДАРТ 3. СТУДЕНТТЕР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.051 сек.)