Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

тақырып. Франци ядағы XVIII—XIX ғасырдың басындағы саяси-құқықтық iлiмдер 2 страница

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы кезеңдері. | Тақырып. Ежелгi Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар | Тақырып. Ежелгi Грециядағы саяси және құқықтық iлiм | Тақырып. Ежелгi Рим өркениетiнiң саяси-құқықтық iлiмi | Тақырып. Араб Шығысы мен мұсылман елдерiндегi саяси-құқықтық ойлар | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 1 страница | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 2 страница | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 3 страница | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 4 страница | Тақырып.XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басындағы Германиядағы саяси-құқықтық iлiмдер |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Негізгі әдебиеттер:

 

1. Мұхамедов, Сатершинов Б. Сырымбетұлы Б. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы, Алматы, 2003.

2. История политических и правовых учений (под ред. Мокичева, М., 1971 –т. 1; М., 197 –т.)

3. История политических и правовых учений (под ред. А. Лейтса) М., 1978

4. История политических и правовых учений. М., 1983 (под ред. Нерсесянца В.С.)

5. История политических и правовых учений. М., 1988 (под ред. Нерсесянца В.С.)

6. Источники по истории политических и правовых учений. Учебное пособие (сост. Золотухина Н.М., Плоткина С.Я., Розин Э.) М., ВЮЗИ, 1981

7. История политических и правовых учений (Домарксистский период) М.: Юрид. Литература 1991

8. Монтескье Ш. Избр. Произведения. М., 1955г.

9. Робеспьер М. Революционная законность и правосудие. Статьи и речи. М., 1959г.

10. Азаркин Н.М. Монтескье(из истории политики и правовой мысли), М., 1988.

11. Кропоткин П.А. великая Французская революция. 1789 – 1793. М., 1979г.

12. Манфред А.З. Три потрета эпохи. Великой Французской революции. М., 1978г.

13. Манфред А.З. Великая Французская революцияМ., 1983г.

12-тақырып. Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер дамуының тарихы (ХІ-ХІХ ғғ.)

12.1. XI-XIV ғасырларда орыстың саяси және құқықтық ойының дамуы.

12.2. XV-XVII ғасырдың бiрiншi жартысында Мәскеу мемлекетiндегi саяси-құқықтық ой-пiкiрлер.

12.3. XVII ғасырдың екiншi жартысы - XVIII ғасырда Ресейдегi саяси-құқықтық iлiмдер.

12.1. Орыстың саяси iлiмдерiнiң алғаш пайда болуын Ежелгi Русь мемлекетiнiң қалыптасуымен байланыстырған орынды. XI—XII ғасырларда ежелгi орыс мемлекетi өз мәдениетiнiң гүл-денген кезеңiне жеттi. Христиандықты қабылдау мен жазба мә-дениеттiң таралуы әртүрлi жанрлардағы (хроникалар, трактаттар, құқықтық жинақтар және т.б.) тарихи және құқықтық шығар-малардың дүниеге келуiне себеп болды. Кiтапты бағалаған Киев князi Ярослав Мудрыйдың (Данышпанның) (1019—1054) басқар-ған тұсында мәдениет пен сауаттылық алға басып дамыды. Белсендi саяси-құқықтық өмiр (қалалардағы вече жиналыстары, құқықтық жинақ — орыс Правдасын қабылдау, өзге елдермен қарым-қатынас) саяси-құқықтық ойдың дамуына ықпал еттi.Орыстың ең алғашқы саяси трактаты ² Заң және Игiлiк тура-лы сөздiң² авторы XI ғасырда өмiр сүрген киевтiк метрополит Илларион болып табылады. Ол өзiнiң шығармасын Заң мен Ақиқаттың өзара әрекетiнен бастайды. Орта ғасырларда ² заң² терминi Құдайдың немесе Билеушiнiң еркiн бiлдiргендiктен теологиялық және заңгерлiк мағынада қолданылды. Ал ақиқат Жаңа өсиет iлiмiн игерiп, христиандықтың жоғары адамгершiлiк статусына жетумен байланысты болды. Жаңа өсиет талабына сай өмiр сүретiн адам заңның реттеушiлiк әрекетiн қажет етпейдi, өйткенi оның iшкi рухани болмысы ашылған Ақиқатқа сәйкес өз еркiн iске асыруға мүмкiндiк бередi. Христиандықтың мораль-дық-этикалық идеалының таратылуын киевтiк метрополит адам-заттың рухани жетiлуiнiң жолы ретiнде, Заңның (Көне өсиеттiң) Ақиқатқа (Жаңа өсиетке) алмасуы ретiнде қарастырады. ² Заң және Игiлiк туралы сөзде² құдайдың қалаулы халқы туралы идея терiске шығарылып, жер бетiндегi барлық халықтың тең құқық-тылығы идеясы бекiтiледi. Илларион христиан әлемiнде гегемо-нияға (жетекшiлiкке) ұмтылған Византияны айыптайды. Ұлы князьдiң билiгiн Құдай алдындағы жауапкершiлiкпен байла-ныстырып, Ярославты Святослав пен Владимирдiң ұлы iстерiн жалғастырушы iзбасары ретiнде бағалайды.Илларионның трактатын замандастары мен ұрпақтары жо-ғары бағалады. Ондағы қамтылған саяси-заңгерлiк мәселелер (жоғары билiктiң статусы мен оның тасымалдаушысы, билiк өкiлеттiлiктерiнiң шығу тегi және iске асу заңдылықтары, ұлы князьдiң моральдық келбетi, елдi басқарудағы жауапкершiлiк, сыртқы саясаттың бейбiт курсы туралы көзқарастары) бiрнеше ғасырлар бойы орыстың саяси әдебиетiнде талданды.Орыстың саяси идеологиясының онан ары дамуы орыс князiнiң, патшасының үлгiсi деп есептелетiн Владимир Моно-махтың еңбектерiнде жүзеге асады. Мономахтың саяси бағдар-ламасы ² Балаларға өсиет², ² Олег Черниговскийге арнау² және ² Үзiндi² (автобиография) еңбектерiнде мазмұндалады. Бұл шы-ғармаларда мынадай қомақты мәселелер қамтылған: ұлы князь өкiлеттiлiгiнiң көлемi, шiркеу мен мемлекеттiң арақатынасы, елде сот төрелiгiн жүргiзудiң принциптерi. Ол ² Өсиет² еңбегiнде жоғары билiктi ұйымдастыру мен жүзеге асыруға үлкен көңiл бөледi: болашақ княздарды елдегi ² тәртiпсiздiк² пен ² заңсыз-дықтың² алдын алу үшiн барлық мәселелердi дружиналар Кеңе-сiмен ақылдасып шешуге шақырды. Кек қайтару (қанға-қан) мен өлiм жазасына тартуға қарсы көзқарас ұстанды. Мономах елдi басқаруда, сот төрелiгiн ұйымдастыруда және соғыс қимыл-дарының қажеттiлiгi барысында ұлы князьдың жауапкершiлiгi туралы айтып Илларионның ойын жалғастырады. Қақтығыстық жағдайларды бейбiт жолмен шешуге ұмтылды. Дiни және дiни емес (зайырлы) билiктердiң арақатынасы мәселесiнде шiркеуге құрметтi орын берiлгенiмен, ол билiкке бағындырылды.Мономахтың (1125) және оның ұлы Мстиславтың (1132) өлi-мiнен кейiн елде феодалдық бытыраңқылық процесi басталды. Моңғол дәуiрiне дейiнгi саяси ойдың дәстүрi Даниил Заточ-никтiң шығармасында жалғасын тапты. Оның шығармасында iшкi алауыздықты жою мен сыртқы басқыншылықтан қорғану мақсатында ұлы княздық билiктi бекiтуге бағытталған тенденция басым. Заточниктiң еңбегiндегi негiзгi саяси идеяның өзегiн ұлы князьдiң бейнесi құрайды. Автор князьдiң ² ойшылдардың² (² дум-цы²) Кеңесiне сүйенгенiн қалап, боярлардың жеке билiгiне қар-сы шығады. Даниилдiң ұлының князьдық билiктi жақтауы жергi-лiктi билеушiлердiң өкiлеттiгiн шектеудi бiлдiрдi. Бұл сол заман-ның талабы — барлық орыс жерлерiнiң ұлы князь билiгiнiң қол астына бiрiгуiне сай келер едi. XIII ғасырдың басына қарай Киев Русi бiртұтас мемлекет ретiндегi өмiр сүруiн тоқтатты. Алайда дәстүрлi саяси және құ-қықтық ой осымен тоқтап қалған жоқ, ол болашақ Мәскеу мемлекетiнiң саяси-құқықтық идеологиясындағы жаңа идеялар

12.2. Мәскеу мемлекетiнiң тарихы XIII ғасырдың екiншi жартысынан басталады. XIV—XV ғасырлар бойы ол шағын князьдықтан күштi монархиялық билiкке негiзделген бiр орта-лыққа бағынған қуатты мемлекетке айналды. XVI ғасырдың со-ңында оның территориясы Едiл маңайы мен Батыс Сiбiрдiң жер-лерi қосылуының нәтижесiнде кеңейiп, бұрынғы Мәскеу мем-лекетi ендi ² Ресей² немесе ² Ұлы Ресей² деп атала бастады. XVII ғасырдың басында Мәскеу мемлекетiнiң қоғамдық-саяси жүйесi дағдарысқа ұшырап, ² аласапыран кезең² басталады. 1613 жылы орыстың монархиялық тағына жаңа әулет — Романовтар келедi.Мәскеу мемлекетiнiң егемендiгiне ықпал еткен мына оқи-ғалар болды: Куликово шайқасы (1380), Константинопольдiң (Царьградтың) құлауынан кейiнгi (1453) Русь билеушiсi Иван III-ң Византия патшайымы Софья Палеологқа үйленуi (1472), Уградағы қарсылықтан кейiн моңғол-татар құлдығынан түбегей-лi құтылу (1480). Мәскеу мемлекетiнiң әлеуметтiк-экономика-лық және саяси құрылысының Киев Русiмен салыстырғанда елеулi айырмашылықтары болды. Бұл айырмашылық жаңа тари-хи дәуiрге өтумен, дамыған феодалдық қоғамға өтумен сипат-талады.XV—XVI ғасырларда Мәскеу мемлекетiнiң өзiндiк даму жо-лына түсуiне орай оның iшкi саяси ұйымдасуына байланысты (мысалы, орыс мемлекетiнiң шығу тегi, княздардың шежiресi, жоғарғы билiктi ұйымдастыру нысандары мен жүзеге асыру тәсiлдерi, шiркеу мен мемлекеттiң арақатынасы, сот төрелiгiн ұйымдастыру мәселелерi) саяси пiкiрталас орын алып, әртүрлi идеологиялық ағымдар мен көзқарастар пайда болды. Оның iшiндегi ең маңыздылары қатарына ² бас тартушылардың² идео-логиясы, Иосиф Волоцкийдiң, Филофейдiң, Иван Грозныйдың, Андрей Курбскийдiң және Иван Пересветовтiң саяси идеялары мен концепциялары жатады.XV ғасырдың екiншi жартысында өткiр пiкiрсайысқа айнал-ған мәселе шiркеудiң экономикалық жағдайы мен оның иеле-нушiлiк құқығы, әсiресе жер мен ерiксiз шаруа еңбегiн иемдену құқығы және шiркеудiң елдiң саяси өмiрiне араласуы сияқты маңызды оқиғалар болды. Шiркеудiң қызметiн қайта ұйым-дастыруды, оның жер иелiктерiн бөлiп алуды, шiркеудiң мемле-кеттiң саяси iсiне араласпауды талап етушiлер ² бас тартушылар² (² нестяжательство²) деп аталса, өмiр сүрiп отырған шiркеулiк ұйымның нысанын және оның экономикалық статусын сақтап қалуды жақтайтындар осы позицияның негiзiн қалаушының есiмiне орай иосифляндар деп аталды.Бас тартушылық доктринасының негiзiн қалаушы Нил Сор-скийдiң (1433—1508) көзқарасы көбiне табиғи құқық мектебiнiң қағидаларына сай келедi. Нил қауымдық құрылымды үлгi тұтты. Мұндай қауымның (скита) монахтары апостолдардың өсиетте-рiне сәйкес өмiр кешедi. Оның айтуынша, байлықты жинақ-тау-ды анда-санда қайыр-садақа берiп тұру сияқты ² игiлiктi мақсат-тармен² ғана ақтауға болмайды, өйткенi ² бас тарту садақа беру-ден жоғары². Бас тартушы адам денеге тән емес, жанға тән қай-ырымдылық жасауы тиiс, өйткенi ² жан тәннен жоғары². Нилдiң пiкiрiнше, шiркеу тек рухани саламен шектелуi тиiс, онда ықпал етудiң мемлекеттiк тәсiлдерi қолданылмайды. Ересь мәселесiне келгенде ол адамның еркiн ойлаушылығын қудалауды терiске шығарды. Егер адам православиеден, сенiмнен ауытқыса, оны адам емес, тек Құдай ғана түзете алады. Нил Сорский өз iлiмiне сәйкес Вологда аймағындағы орман iшiнде, өзеннiң жағасында монахтарша оқшау тұйық өмiр сүрдi.Нилдiң бас тартушылық iлiмiн оның iзбасары Максим Грек (шын аты Максим Триволис шамамен 1470—1556) жалғастырды. Ол Грецияда дәулеттi отбасында дүниеге келiп, өз отанында бiлiм алды және Италияның Падуя, Болонья, Феррара және Милан университеттерiнде курс тыңдады. Ертеректе Доминикан ғибадатханасында монах болған Триволис 1504 жылы отанына оралып, Афондағы ғибадатханада Максим деген атпен право-славиенi қабылдайды. 1515 жылы мәскеу князi Василий III-ң шақыртуымен Ресейге кiтап аударуға келiп, 1531 жылы ² бас тартушылардың iлiмiмен Вассиан Патрикеев (Нил Сорскийдiң шәкiртi) арқылы танысады. Ресейде Максим Грек аталған ол өзiнiң шығармаларында билiкке келудiң заңды тәсiлiнiң бiрi ретiнде мұрагерлiкпен қатар, сайланбалы жолды да атайды. Сонымен қатар сайлауға боярлар және дворяндармен (воеводалар, әскербасылар) бiрге ² қарапай-ымдылар² да қатысуы қажет деп санайды. Мемлекеттегi жоғары билiктiң тасымалдаушысы — патшаның бойындағы адамгершiлiк қасиеттерге афондық монах үлкен көңiл қояды. Ол сот төрелiгi мәселесiне де баса назар аударып, онда әдiлетсiздiк пен парақорлықты болдырмас үшiн сот iсi тек мемлекеттiк заңдарға сүйенуi тиiс деп есептейдi. Жоғары билiктi кеңес арқылы (² синк-литтiк кеңестер²) шектеу туралы Максим Гректiң қағидасы елде сословиелiк-өкiлеттi монархияны бекiту қажеттiлiгi жөнiндегi қоғамдық пiкiрдi қалыптастырды.Бас тартушылардың ерте христиандық қауымды үлгi тұтқан iлiмiн терiске шығарып, экономикалық жағынан қуатты шiркеу ұйымын жақтаушы иосифляндар позициясының негiзiн қа-лаушы Иосиф Волоцкий (1439—1515) мемлекет және құқық туралы iлiмiнiң қалыптасуына ғана емес, орыс мемлекетiнiң құрылу процесiне де өз әсерiн тигiздi. 1503 жылы Шiркеу Соборында иосифляндардың экономикалық және саяси мүд-делерi күшейiп, шiркеу мен мемлекеттiң арақатынасы жақындай түстi. Иосиф Волоцкийдiң саяси теориясында билiк туралы iлiм негiзгi орын алады. Ол дiни билiктi зайырлы билiктен жоғары қояды. Ұлы княздық билiктiң ең негiзгi мiндеттерiнiң бiрi — шiркеу дұшпандары еретиктердi жазалау деп есептейдi. Иосиф Волоцкий орыстың саяси ойы тарихында алғаш рет “билiк жүргiзуге қойылатын талаптар бұзылған жағдайда билiктiң қа-сиеттi сипаты жойылады” деген мәселенi көтердi. Бұл кейiнiрек мемлекеттiк билiктiң тирандық нысандары мен тәсiлдерiн терiске шығаратын орыстың саяси ойындағы демократиялық дәстүрдiң қалыптасуына әкелдi.Саяси ой тарихына ² Москва — үшiншi Рим² деген атпен ен-ген теорияның авторы Псковтан шыққан монах Филофей өзiнiң идеологиялық бағдары жағынан иосифлян болды. Оның псков-тық дьяк Мунехинге жазған арнау хаттары өзiнiң батыл саяси көзқарастарымен ерекшеленедi және бұл шығарма XVI—XVII ғасырлар бойы бiрнеше варианттарда көшiрiлiп келдi: ² Мәскеу-дiң ұлы князi Василий Ивановичке арнау², ² Бүкiл Русьтiң ұлы князi және билеушi патшасы Иван Васильевичке арнау². Фило-фей XV ғ. соңы мен XVI ғ. басындағы қалыптасқан тарихи ахуалды саяси тұрғыда баға,лай отырып, Ресейдiң болашақ саяси дамуын православтық христиан дiнiнiң тағдырымен байланыс-тырады және мынадай провиденциалистiк тұжырым жасайды: ² бұрынғы екi Рим құлады, үшiншiсi бар, ал төртiншiсi болмай-ды². Филофей алғашқы екеуiнiң (Батыс Рим мен Византияның, авт.) күйреуiн дiнге опасыздық жасау әрекетiмен түсiндiредi және Мәскеу патшалығын осы екi империяның мұрагерi ретiнде қасиеттi жолдан ауытқымауға шақырды.Иван IV (1530—1584) жалпы жұртшылық мойындалған ең алғашқы орыс патшасы (1547 жылы Константинополь патри-архының патша атағы бекiтуiнен кейiн) ретiнде белгiлi. Оның үстiне Иван IV Қазан және Астрахань хандықтарын бағын-дыруымен, Батыс Сiбiрдi басып алуымен даңқты және опри-чнина террорлық саясатының салдарынан ² Грозный² (² Қаһар-лы²) деген лақапқа ие болды. Ал оның талантты жазушы және саяси ойшыл екендiгi жоғарыдағы ² атақтың ² көлеңкесiнде қа-лып қойды. Оның көршiлес елдердiң билеушiлерiне, өзiнiң қар-сыласына айналған воевода Андрей Курбскийге жазған арнаула-рынан байқалатын оның саяси көзқарасын ² православиелiк христиандық самодержавие² теориясы деп атауға болады. Оның айтуынша, православиелiк самодержавие — бұл ең алдымен әулеттiк (династиялық) билiк. Андрей Курбскийге жазған хатын-да ол өзiн ұлы князь қасиеттi Владимирдiң тегiнен таратса, ал өзге елдердiң билеушiлерiне (мысалы, швед королi Юхан III, поляк королi Сигизмунд II, Стефан Баторийге) өзiн бiрде ұлы князь Рюриктiң, ал ендi бiрде рим цезарi Октавиан Августтың ұрпағымын деп таныстырады. Иван Грозныйдың түсiндiрмелерiнде самодержавие Құдай арқылы берiлген билiк ретiнде көрiнедi және ол боярларға, дiнбасыларға, қандай да болмасын қоғамдық күштерге тәуелсiз жеке-дара билiк. Мұны патша iнжiлдегi аңыздар арқылы, быты-раңқылық кезеңдегi орыс тарихынан мысалдар келтiру арқылы дәлелдеуге тырысады. Патшаның бағыныштылармен арасында тең адамдар қатынасы емес, қожайын мен құлдың арасын-дағыдай қатынас болуы тиiс. Ол патшалық билiктiң негiзгi фун-кциясының бiрi ² зұлымдарды² жазалау болды. Оның жүргiзген опричнина саясаты орыс халқының санасында қанды қырғын ретiнде сақталып қалды.Андрей Курбский (1528—1583) Рюрик тегiне жататын Киев-тiң ұлы князi Қасиеттi Владимирдiң оныншы ұрпағы, Смоленск және Ярославль князi Федор Ростиславовичтен (1240—1299) та-райды. Бастапқыда Иван IV-мен жақын қарым-қатынаста оның воеводасы болған Андрей Курбский патшамен арасы алшақтаған соң 1564 жылы Литваға қашып, король Сигизмунд II-нi пана-лайды. Оның саяси және құқықтық көзқарастары Иван Гроз-ныймен арасындағы пiкiрталастық хаттардан және қалдырған әдеби мұрасынан аңғарылады. Оның әдеби мұрасы әртүрлi мем-лекет және шiркеу қайраткерлерiне жазған ондаған арнау хаттар-дан, ² Мәскеудiң ұлы княздығы тарихы² шығармасынан және көптеген христиандық авторлармен (Иоанн Златоуст, Иоанн Дамаскин, Дионисий Ареопагит, Григорий Богослов, Василий Великий) қатар ² Флоренциялық собордың тарихының² аудар-маларынан тұрады.Өзiнiң арнау хаттарындағы негiзгi тақырып — патшаның заңсыз еркi оның тұрақты дүниетанымдық позициясы болды. Өз хатында ол Иван Грозныйды патшаға тән қасиеттi, дәлiрек айт-қанда, әдiл сот төрелiгiн және бағыныштыларды қорғау қасиет-терiн жоғалтты деп айыптайды. Билiк пен шiркеу арақатынасы мәселесiне келгенде, оның көзқарасы бас тартушылардың иде-ологиясына жақын едi.XVI ғасырдағы орыстың көрнектi ойшылдарының бiрi Иван Семенович Пересветов патша архивiне өткiзген бiрқатар шығар-маларында (²Царьградтың қалыптасуы мен құлауы жөнiндегi әңгiме², ²Магмет-салтан туралы әңгiме², ²Константин туралы әңгiме², ²Философтардың болжамдары²) және Иван Грозныйға өз қолымен тапсырған екi жобасында (²Малая челобитная² және ²Большая челобитная²) саяси-құқықтық өзгерiстердiң кең бағ-дарламасын ұсынады. Өзiнiң реформаторлық идеяларында ол басқару нысаны мен жоғары билiктiң өкiлеттiлiгiнiң көлемiн қа-растырады. Билеушiнiң үлгiсi ретiнде ² Магмет-салтанды² ала отырып ол бiр орталыққа бағынған самодержавиелiк билiктi жақтап, бояр-лардың заңсыз әрекетiне қарсы болды. Билiк жүргiзуде түрiк сұлтанының әртүрлi әлеуметтiк құрамдағы Кеңеспен ақылда-сатынын үлгi тұтады: ² салтан сенттермен де, молдалармен де, абыздармен де, пашалармен де және өзiне адал бүкiл Думамен де ақылдасты². И. С. Пересветовтың мемлекеттiк өзгерiстер жүйе-сiнде әскери тақырып негiзгi орын алады. Бұл жерде де ойшыл жеңiлген ел грек патшасы Константиннiң әскерiнiң ұйымдасуын сынға алып, оны жеңiмпаз ел — түрiктердiң қарулы күштерiнiң ұйымдасуына қарсы қояды. Сонымен қатар, ол орталықтанған сот жүйесi iске асыратын бiртұтас заң шығарушылықты, елдiң iшкi iстерiн басқару саласында қаржылық реформа жасауды жақтап, жергiлiктi билiкке бағынуды жоюды қолдады. Қоғамдық және мемлекеттiк қызметтiң барлық формаларында заңдылықты жүзеге асыру идеясын жүйелi түрде жүргiзген И. С. Пересветовтың саяси ойының ұшқырлығы мемлекеттiң болашақ дамуын болжай отырып, мемлекеттiк аппараттың құрылымы мен негiзгi бөлiктерiнiң қызмет нысанын бекiтуiнен, мемлекеттiк құрылы-стың онан арғы бағытын теориялық схемада белгiлеуiнен көрi-недi.XVI—XVII ғасырлардың аралығы ² аласапыран² кезең деп саналады. Опричнина саясатынан кейiн княздық-боярлық ари-стократияның құлдырау процесi басталады. Мәскеулiк билеушi топтың көпшiлiгi жалған патшалар — Лжедмитрийлердiң жағына шығып кетсе, ал бiрқатары поляк королiне қызмет етуге көштi. Өзара қырқыстардың, бүлiктердiң, әскери қақтығыстардың ба-рысында княздар мен боярлар әлсiреп, саяси өмiрдегi басым күштегi дворяндардың қолына көше бастады. Тәуелсiздiктен айрылу қаупi төнген тұста ұлттық сана мен патриоттық сезiмнiң өрлеуi әңгiмелер, хронографиялар және повестер түрiндегi пуб-лицистизмнiң кең таралуымен сипатталады. Бұл дәуiрдегi саяси-құқықтық ойдың көрнектi өкiлi ретiнде Иван Тимофеевтi атауға болады. Оның ²Дәуiрнама² (²Временник²) еңбегiндегi саяси тео-риясында орыс мемлекетiнде басқару нысаны ретiндегi сосло-виелiк-өкiлдiк монархия туралы iлiм өзiнiң шырқау биiгiне жеттi деуге болады. Өйткенi бұл кезеңдегi саяси-әлеуметтiк жағдай Жергiлiктi собор (² Земство²) басқаратын сословиелiк-өкiлдiк ме-кемелердiң құрылуына алып келдi, алайда онан кейiнгi елдегi экономикалық және саяси өзгерiстер жеке-дара билiк, яғни аб-солюттiк монархия туралы көзқарастардың қалыптасуына жағдай жасады.

12.3. XVII ғасыр — орта ғасырлық Русьтiң Жаңа замандық Ресейге бiрте-бiрте қарама-қайшылықты трансформациялану ба-рысында өту кезеңi. Экономика саласында 1649 жылғы Собор-лық ережелерде қабылданған крепостниктiк құқықтың жалпы мемлекеттiк жүйесi қабылданса, екiншi жағынан ² бұрынғы авто-номияның iздерiн² жойып жалпы ресейлiк рынок қалыпта-стыруға ұмтылған ерте буржуазиялық элементтер пайда болды. Барлық аймақтардың, жерлердiң және княздықтардың бiртұтас-тыққа бiрiгуi жүзеге асты. Қанау мен басыбайлылықтың (кре-постниктiктiң) күшеюiне қаналған тап бiрқатар қала көтерi-лiстерi және шаруа соғыстармен қарсы жауап бердi. Алексей Михайловичтiң патшалық құрған дәуiрi (1645—1675) ² бүлiкшiл-дер уақыты² деп аталды. Үстем тап өкiлi халық қозғалыстарына қарсы патша тағының төңiрегiне саяси тұрғыда бiрiктi. Бояр-лық-аристократия ендiгi жерде өзiн самодержавиеге қарсы қой-май, дворяндармен одақтасты. Қазынаның сауда агенттерi және қаржы мәселесi бойынша патшаның кеңесшiлерi болған Никит-никовтар, Строгановтар, Шориндер, Светенниковтар тәрiздi кө-пестер тобы да самодержавиенi жақтады. Осылайша Ресейде абсолютизм қалыптасуының алғышарттары орнады. Бұл кезең-дегi саяси-құқықтық ой жоғарыдағы тарихи процестердiң көрiнi-сiн бейнеледi.XVII ғасырдың екiншi жартысындағы абсолюттiк бағыттың өкiлдерi қатарына патша Алексей Михайлович (1629—1676) және оның сарай маңындағы идеологтары Юрий Крижанич (1618—1683), Афанасий Лаврентьевич Ордин-Нащокин (1605—1680), Симеон Полоцкий (1629—1680) жатады. Бұл абсолюттiк тенден-циялардың пайда болуы қоғамдық өмiрде қалыптаса ба-стаған жаңа қатынастардың онан ары дамуы үшiн күштi жоғары билiк тарапынан болатын протекционизмдi қажет етуiмен байланысты болды. Бүкiл бағыныштылардың ² жалпы игiлiгiн² қамтамасыз етуге қабiлеттi ² ағартушы² абсолюттiк монархия туралы iлiм жо-ғарыда аталған авторлардың доктринасының өзегiн құрайды. Экономикалық және саяси өзгерiстердi жүзеге асыру осы мәсе-леден келiп туындайды.Бұл дәуiрде шiркеу абсолютизмге қарсы позиция ұстанды. Аласапыран дәуiрi мен Романовтар билiгiнiң алғашқы жылда-рында үлкен экономикалық, әкiмшiлiк және соттық жеңiл-дiктерге ие болған правословиелiк шiркеу 1649 жылғы Соборлық ереженiң (² Уложение²) нәтижесiнде өзiнiң бiрқатар басымды-лықтарынан айрылды. Бұған қарсы шыққан патриарх Никон (1605—1681) XVII ғасырдың 50-жылдары шiркеудiң әдет-ғұрып-тарына реформа жасап, билiктiң теократиялық концепциясын бекiтуге тырысты. Ал прототоп Аввакум және оның жақтастары бұл реформалармен келiспей ескi әдет-ғұрыптарды жақтады. Осының нәтижесiнде орыстың православиелiк шiркеуi XVII ға-сырдың ортасында екiге жiктелдi: никоншылдар және ескiшiлдер (² старообрядчество²).XVII және XVIII ғасырлардың аралығында орыс мемлекетi абсолюттiк монархия ретiнде қалыптасып бiттi. Петр I реформа-ларының нәтижесiнде елдiң ұзаққа созылған саяси және экономикалық тұрғыда бiр орталыққа бiрiгуi аяқталды. Ресей абсолютизмiнiң ерекшелiгi сауда-өнеркәсiп саласы өкiлдерiнiң әлсiздiгiмен, крепостниктiк тәртiптiң орнығуымен сипатталады. Халықаралық аренада ұлттық мүдденi қорғау және мемлекеттiң қуатын арттыру мақсатында самодержавие жер иеленушi магнат-тардың басымдылықтарын сақтай отырып, сауда мен өнеркәсiптi қамқорлыққа алып, оны дамыту үшiн бiрқатар шаралар жүргiздi (теңiзге шығу арқылы европалық рынокқа ену, меркантилизм саясаты).Ресейлiк самодержавиенiң ерекшелiгi оның идеологиясынан айқын көрiнедi: Петр I мен Ф. Прокоповичтiң этатистiк көзқа-растары, В. Н. Татищевтiң дворяндық концепциясы және И. Т. По-сошковтың ерте буржуазиялық идеялары.Петр I (1672—1725) өзiнiң реформаторлық әрекетi барысын-да абсолюттiк монархия билiгiнiң шексiз сипаты туралы өз көзқарасына сүйенсе, ал Феофан Прокоповичтiң (1681—1736) iлiмi ұлы орыс патшасының саяси-құқықтық әрекетiнiң айшық-ты көрiнiсi болды. Оның этатистiк көзқарастары ² Патша абы-ройы мен билiгi туралы сөз² (1718), ² Монарх еркiнiң ақиқаты² (1722) және ² Рухани регламент² (1721) еңбектерiнде жариялан-ған. Киев қаласында ұсақ саудагердiң отбасында дүниеге келген Феофан Киев-Могилян академиясында, поляк мектептерiнде және Римдегi гректер мен славяндарға арналған қасиеттi Афа-насий коллегиумында схоластикалық бiлiм алады. 1704 жылы Киевке қайта оралып, православиенi қабылдайды. 1709 жылы Полтава шайқасынан кейiн Петр I-ге арнап ² Панегирик² оқиды. 1716 жылы Петрдiң шақыртуымен Петербургке келiп епископ, кейiнiрек архиепископ және Синодтың жетекшi мүшесi болып тағайындалады. Ол Петрдiң енгiзген жаңашылдықтарын барын-ша қорғап, Ресейдiң жалынды патриоты ретiнде көзге түседi.1722 жылғы тақтың мұрагерлiгi тәртiбiн өзгерту туралы өкiмдi түсiндiру мақсатында жазылған ² Монарх еркiнiң ақиқаты² еңбегiнде Прокопович мемлекеттiң шығу тегi мәселесiн қара-стырады. Мұнда қоғамдық шарттың батыс европалық рациона-листiк түсiндiрмесi дiни-феодалдық идеялық дәстүрмен қиюласа көрiнедi. Мемлекетке дейiн соғыс пен бейбiтшiлiк, сүйiспен-шiлiк пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық қатар өмiр сүр-ген еркiн кезең болды. Табиғи заңдарды сақтау үшiн мемлекет қажет болды. Адамдардың бойындағы жаман қылықтарды тұсау үшiн азаматтық құқық пен заңдар керек. Прокопович мем-лекеттiң негiзi қоғамдық шарт деп санайды, соның нәтижесiнде халық өз еркiнен бас тартып, оны жеке адамға — монархқа ұсы-нады. Оның iлiмiнде шарт бiржақты талқыланды да, тек халық үшiн мiндеттi саналып абсолюттiк сипатқа ие болады. Билiкке қарсы шыққан ² тобыр² қараңғы және зұлым стихиялық күш ретiнде сипатталады.Жоғары билiктiң мiндетi ² жалпы игiлiк² идеясы негiзiнде мазмұндалады және ол мемлекеттiк қауiпсiздiктi, бейбiтшiлiктi, iшкi тәртiптi, сот төрелiгiн, халық ағартуды, сонымен қатар өндi-рiстi дамытумен байланысты ² халық пайдасын² қамтамасыз етудi бiлдiредi.Прокопович басқарудың үш нысанын көрсетедi: демокра-тия, аристократия және монархия. Бұлардың республикалық ны-сандағы аралас түрi болуы да мүмкiн. Ресей үшiн идеалды нысан — мұрагерлiк және шексiз монархия. Басқарудың осы түрi бүкiл бағыныштылардың жалпы игiлiгiн қамтамасыз етедi.²Дiни регламентте² Ф. Прокопович шiркеуге реформа жүргi-зудi ұсынды. Нәтижесiнде саяси күш ретiндегi шiркеудiң дербе-стiгi, патша және патриархтың қос билiгiнiң параллелизмi жой-ылды. Мемлекеттiк мәселелердi шешудегi шiркеудiң кең құқық-тарға ұмтылған талаптары керi қайтарылып, патриархалдықты жоюдың және Синодты құрудың қажеттiлiгi дәлелдендi. Бұл шiркеудi зайырлы мемлекетке заңды түрде бағындырып қана қоймай, Ресейдiң рухани мәдениетiн, ғылымын, әдебиетiн, өнерiн дiннiң қамқорлығынан босатты. Сөз жоқ, бұл сол заман үшiн прогрессивтi құбылыс болды.Абсолюттiк концепцияның өзгеше түсiндiрмесiн өзiнiң көп томды ² Ресей тарихы² еңбегiнде дворян идеологы Василий Ни-китич Татищев (1686—1750) бередi. Аристократ-помещик, ре-форманың белсендi қайраткерi, кейiнiрек Астрахань губерния-сының губернаторы Татищев, Ресейдiң алғашқы ғалым-тарих-шысы және географы ретiнде де белгiлi.Оның дүниетанымы зайырлы сипатқа ие және табиғи құ-қық теориясына негiзделедi. Ол мемлекеттiң шығу төркiнi мәсе-лесiне келгенде қоғамдық шарт идеясын тарихи айғақтармен, патриархалдық теорияның дәлелдемелерiмен толықтырып, мем-лекеттi адамзаттың табиғи дамуының өнiмi ретiнде қарастырады.Адамдардың алғашқы қауымдастығы ерiктi шартқа негiздел-ген отбасы болды. Оны басқару үшiн ²икемдiлiкке², ²өнерге², ²күш-ке², ақыл-ойға сүйенген билiк керек болды. Бұл қасиеттер еркекте басым болғандықтан ол қожайын, ал әйелi көмекшi болды. Отбасында балалар санының өсуiне қарай туыстық қауымдастық пайда болады. Тұрғындардың онан ары өсуi ² рулық² қауым-дастықтың қалыптасуына әкелдi. Онда адамдардың ақылдысы әрi ақсақалы қауымдастықты басқару билiгiн алады, ал қал-ғандары оның еркiне бағынады. Қорғаныстың қажеттiлiгi және экономикалық байланыстың өсуi рулық қауымдастықтардың бi-рiгiп, жалпыға ортақ ² азаматтық қоғамның² мемлекеттiк қажеттiлiгiн туғызады. Адамзат қауымдастығының барлық сатыларында да билiктiң мәнi бiр. Бұл ерiксiздiк жүгенiнiң үш түрi бар: ² табиғи², ² өз еркi-мен² және ² мәжбүрлеу². ² Табиғи жүген² табиғи заңдарға негiз-делген және ол ата-ананың балаларға, монархтың бағынушы-ларға жүргiзетiн билiгiнен көрiнедi. Абсолютизмнiң жақтаушысы ретiнде Татищев монарх билiгiне патриархалдық сипат бередi. Монархиядан өзге Татищев тарихи айғақтармен антикалық дәстүрге сүйене отырып басқарудың өзге де нысандарын дұрыс және дұрыс емес деп жiктейдi. Ресей үшiн басқарудың ең жақсы нысаны монархия дей келе, географиялық ықпал мен аласа-пыран кезiндегi (аристократия басқарған) феодалдық бытыраң-қылықты дәлел ретiнде алға тартады.Ұлы Петрдiң басқаруын Татищев идеалды деп тапты, бiрақ ол жер иеленушiлердiң мүддесiмен санаспай этатистiк шешiм-дердi бекiткенде, оған сыни ескертпелер айтты. Оның пiкiрiнше дворяндар мемлекеттiң басты қорғаны қызметiн атқарған-дықтан, жер және шаруалар иеленуге құқылы болуы керек.Татищевтiң ұстанған дворяндық бағдары оның тек екi ғана тектi княздардан Голыцындар және Долгорукийлерден құралған Жоғары құпия кеңестiң орнына құрамына ² төменгi² кеңес өкiл-дерi дворяндар да кiретiн Сенат ұйымдастыру туралы жобасынан айқын көрiнедi. Татищев елдi басқаруда дворяндарды барынша кең қатыстыруға тырысып, олардың идеологы ретiнде ғана көрiнiп қоймай, өз заманының талаптарына сай ағартушылықтың, заңдардың, ақылды өкiметтiң басым болуын барынша жақтады.XVIII ғасырдың екiншi жартысындағы саяси-құқықтық идеологияға Батыс Европа, әсiресе, Франция ағартушылығының ықпалы зор болды. Екатерина II самодержавие мен крепостной-лықты бекiтуде ағартушылықтың бiрқатар идеяларын қолдана отырып, жаңа ресми идеологияны даярлады. Бұрынғы абсо-люттiк бағдардағы саяси-құқықтық ой ағартушы абсолютизм киiмiне оранды. Бұл кезеңдегi саяси және құқықтық ойдың мынадай бағыттары болды:— ресми консервативтi: Екатерина II (1729—1796) ² Жаңа ережелердiң жобасын дайындау үшiн құрылған комиссияға бер-ген императрицаның ескертпелерi² еңбегiнде самодержавиелiк-крепостниктiк құрылысты ағартушылық идеялары арқылы ақта-уға тырысты;— дворяндық конституционализм: тарихшы, публицист, мемлекет және қоғам қайраткерi князь М. М. Щербатов (1733—1790) ² Ресей тарихы², ² Офир жерiне саяхат² еңбектерiнде және көрнектi мемлекет қайраткерi граф Н. И. Панин (1718—1783) ² Сенатты департаменттерге бөлу және Императорлық кеңестi құру туралы Манифест² жобасында шектеулi монархияны жақ-тады;— орыс ағартушылығы: оқытушы Х. П. Козельский (1728—1794) ² Философиялық шығармалар², жазушы Д. И. Фонвизин (1745—1792) ² Алғашқы саяхат жазбалары², орыстың алғашқы профессор-заңгерi С. Е. Десницкий (1740—1789) ² Ресей импе-риясындағы заң шығарушы, сот және жазалаушы билiктер меке-мелерi туралы көзқарас², ² Заңгерлiктi зерттеудiң тiкелей және жақын тәсiлi туралы сөз² еңбектерiнде крепостниктiк тәртiпке қарсы шығып, самодержавиелiк билiктi халық өкiлеттiлiгiнiң органы арқылы шектеуге тырысты;— революциялық-демократиялық: көрнектi өкiлi А. Н. Ради-щев (1749—1802) ² Петербургтан Мәскеуге саяхат² (1790) еңбе-гiнде самодержавиенi өткiр сынап, табиғи құқықтың револю-циялық-демократиялық түсiндiрмесiн ұсынды.XVIII ғ. екiншi жартысындағы орыстың саяси-құқықтық идеологиясындағы ең маңызды оқиға — революциялық-демокра-тиялық теорияның пайда болуы едi. Егер Ресейдiң қоғамдық-саяси құрылысын Новиков, Козельский және өзге ойшылдар гуманизм мен ағартушылық тұрғысынан сынаса, ал Александр Николаевич Радищев табиғи құқық мектебiнiң радикалды идея-ларынан нақты қорытындылар шығара отырып, крепостниктiк тәртiп пен самодержавиенi адамға жат жүйе ретiнде өткiр сы-нады. Алғашқы орыс революционерiнiң идеялары Ресейдiң кей-iнгi қоғамдық және саяси-құқықтық ойының дамуына, әсiресе ² декабристердiң² саяси көзқарастарына зор ықпал еттi.


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 283 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
тақырып. Франци ядағы XVIII—XIX ғасырдың басындағы саяси-құқықтық iлiмдер 1 страница| тақырып. Франци ядағы XVIII—XIX ғасырдың басындағы саяси-құқықтық iлiмдер 3 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)