Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

азақстан – Чехия қарым – қатынастары.

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасы ҚІЖК-нің 356-358-баптарына түсіндірме
  2. Азақстан Республикасының жер қорларбасқару туралы агенттігі
  3. Азақстанның ДСҰ-на кірудің жағымсыз жақтары мен артықшылықтары
  4. Ауылшарушылығы - Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғыз саласы
  5. Леуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
  6. Мақсаты мен міндеттері: Эксперименттатор мен зерттелінушінің өзара қарым қатынастық әрекеттерінің ерекшеліктері турал білім беру.

Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасының арасында дипломатиялық байланыс 1993 жылы 1 қаңтарда орнатылды.

Қазақстан Республикасының арасында тұрақты саяси диалог қолдау тауып келеді. Үкімет басшыларының деңгейінде екі жақты барыс- келіс болды (1996 ж. және 1999ж.), тараптар министірліктер мен ведомстволарда бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізді. Олардың барысында өзара қарым – қатынастарды одан әрі дамытудың перспективаларына ерекше маңыз берілді. Атап айтқанда, мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу, энергетика нысандарының инфрақұрылымын, көлік коммуникацияларын құру, салық жүйесін жетілдіру, құқықтық өзара көмек салаларында келісімдерге қол жеткізілді.

2004 жылы қаңтар айыеда Чехия Республикасының Вице - Премьер –Министрі - Сыртқы істер министрі Ц. Свобода Қазақстан Республикасына ресми сапармен келді.

Парламентаралық байланыстар.

2002жылы маусым айында Чехия Республикасының Парламенті спикерінің орынбасары П. Соботкидің Қазақстанға сапары болды. 2004 жылы ақпан айында Қазақстан Респупликасының Сенатының Төрағасы О. Әбдікәрімов Чехия Республикасына ресми сапармен барды. Сапар барысында Қазақстан делегация басшысының Чехия президенті В. Клауспен, ЧР Парламенті Сенатының Төрағасы П. Питтартпен және ЧР депутаттар Палатасының Төрағасы Л. Заораликпен, Омбудсмен О. Мойтелмен және Прага мэрі

П. Беммен кездесулері болды. Келіссөздер қорытындылары бойынша екі ел сенаттарының қатынастар туралы Келісім мен Меморандумға қол қойылды.

Сауда- экономикалық ынтымақтастық. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері бойынша, 2005 жылы Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда айналымы 119,6 млн. долларды құрады (қазақстандық экспорт –23,6 млн. доллар, импорт – 96 млн доллар), 2004ж. 149,4 млн. доллар болған еді (қазақстандық экспорт – 50,2 млн., импорт – 99,2 млн.).

Қазақстанның Чехияға шығаратын негізгі тауарлары: минералды отын мен жағар – жанармайлар, химикаттар, фосфор, хром қосындылары, қара және түсті металдар, тері шикізаттар, мақтадан тоқылған маталар, астық пен басқа да ауыл шаруашылық өнімдері.

Қазақстанға Чехиядан мына заттар әкеленеді: тамақ өнеркәсібі өнімдері, халық тұтынатын тауарлар, медикаменттер мен медициналық жабдықтар, шиналар, құбырлар, автокөліктер, механизмдер мен оларға қажетті қосалқы бөлшектер, жиһаздар, технологиялық жабдықтар.

Қазақстанда Чехия капиталының қатысуымен 72 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Олардың ішінде ” Казпромставба ” (мұнай өнімдерін қайта өңдейтін), ” Казмясомолсервис ” (ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу)”, ” Коимпекс ”, ” Карина ”, ” Синеко ” (халық тұтынатын тауар өндіру),” Қазақинтерсервис ”, ” Гепард ”, ” Интерлюкс ” (маркетингтік және консалтингтік қызмет көрсету) және басқалары бар.

Қазіргі кезде Қазақстанда 16 чехияның тіркелген фирмасы, оның ішінде

” ЧКД Хосен ” (тамақ өнеркәсібі үшін мұздатқыш техника), ” Шкода – экспорт ” (чех троллейбустарын мен трамвайларын сату), ” Хэмапол ”

(медикаменттер сату), ” Стройэкспорт ”, ” Кәсіпкерлік құрылыс ” (құрылыс жұмысы), т.б. атауға болады.

Сауда– экономикалық қатынастарды алға жылжытуда негізгі құралдардың бірі–сауда - экономикалық қатынастар жөніндегі Қазақстан – Чех үкіметаралық комиссиясы. Оның алғашқы мәжілісі 1999жылы 1 сәуірде Прагада, екінші рет 2004 жылы сәуір айында Астана қаласында өтті.

Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасы арсаындағы экономикалық қатынастардың перспективалы бағыттары: отын– энергетикалық сектор, машина жасау, құрылыс материалдары өндірісі, көлік және телекоммуникациялар, металлургия, химия, қайта өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, озық технологияларды енгізу.

 

 


Дата добавления: 2015-07-17; просмотров: 115 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Карл көпірі.| Не зря называют тебя золотою, здесь древность и готика рядом живут, Повисли мосты над Влтавой-рекою и старые замки взгляд в небо влекут...

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)