Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Страх утраты Родины

Алексей Варламов(Москва), | Священный Коран в русско-казахских переводах | ИЗ ИСТОРИИ ПЕРЕВОДА КОРАНА НА РУССКИЙ ЯЗЫК | РУССКИЕ ПЕРЕВОДЫ КОРАНА | Жанат Баймухаметов | ШТАМПЫ ДЛЯ КАЖДОГО | Рождение (крик) | Желание (знать) | Давление | Зимние хроники |


Читайте также:
  1. Quot;Статья 54. Виды пенсионных выплат за счет средств накопительной системы пенсионного страхования
  2. Quot;Статья 79. Источники формирования накопительной системы пенсионного страхования и использования ее средств
  3. XV. СТРАХОВАНИЕ
  4. XX. Проблемы психически больных. Выработка языка общения с психически больными. (Психоанализ — Фрейд, Кречмер, Юнг). Причины безумия — эгоизм, страх, секс.
  5. АСТРАХАНСКИЙ ОБЛИЗБИРКОМ ОТКАЗАЛСЯ ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬ ИНИЦИАТИВНУЮ ГРУППУ ПО ПРОВЕДЕНИЮ РЕФЕРЕНДУМА
  6. Базовые тарифы по страхованию ТС
  7. Безошибочный метод для преодоления любого страха

 

Казахстан

Запад ло

Вит, а ловит ли?

Ловит

По жизни

Заблудшие души

В блуде

Блудные дети

На блюде

Размазаны блИнами

Или блинАми

Пост на дворе

Почта

Марки с конверта сорву

Продам – куплю

Билет до Майами…

Нет!

Лучше ногами

Пешочком

Или за руль

На Унгур-Тас

В холмистую вечность

В зыбкий сон

В ветреный рай.

-Куда мне, земляк?

- Ехай прямо, сестра,

Ехай пямо…

* * *

Ушконыр, Казахстан

 

…из горла рвется крик и исчезает

эхом колокольного звона

опадая мелкой осенней росой

ветер ласковой ладонью

подталкивает к ангелам и птицам

в простор без памяти и боли

весь мир в тебе

и ты весь мир и

ничего нет более

лишь счастье

с именем

полет…

 

* * *

Байсерке, Казахстан

Нырнуть головой вниз

Как в омут

Прыгнуть

«Солдатиком»

В глубину

В пустоту

В никуда

В никогда

С последней пристани

Вытяжное кольцо

Р-раз!

Хлопок

Лечу под куполом

 

Ве-есь ми-ир мо-о-ой!..


 

Айгүл Кемелбаева, жазушы, «Дарын» жастар Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

 

Тілдік символдар – білгенге жыр

Шанжархан Бекмағамбетов. «Тілдік таным негіздері және тілдік символдар» атты тіл пайда болуы туралы ғылыми кітап бәйге атындай аз таралыммен шыққан. Бұл кітаптың авторы туралы жазушы Қуаныш Жиенбайдан естідім. Тілдің бойтұмардай қасиетін адам нәсілінде бағалайтын жандар аз емес. Бірақ олар көп те емес. Адамның тіліне аспандағы бұлт үйіріледі дегенді нақты танып айтқан қазақ айтқыштығын әулиелікке айналдырып жіберген. Бал тамған тілден у да тамарын білген алаштың ежелден жүрегі өлеңмен соғатын. Сондықтан жылқының қу басына қарап тіршілігінде қандай болғанын дәл танитын атбегі Толыбай сыншы тәрізді ата сөзіміз бағымыз екенін білсек түбі қор болмаймыз.

Тілде бар нәрселер ғана әлемнің сипаты. Бұл кітаптың құндылығы соны ерекше түйіндей алуында дер едім. Бүргені тағалайтын солақай шебер тұспалындай автордан үнемі зергерлікті талап ететін тіл білімі туралы бұл кітапқа, ұлық сөздің түп-тұқиянына шынымды айтсам, жазушылық ниетпен құлшына кірістім. Жазушыға тілді терең білуден артық не керек?

Әуелі автор туралы. Астана атаулыдан жырақта кейде тіл ғылымының үлкен мамандары мекендейді. Оларды танымал ғалымдар әсте білмеуі де, білуі де мүмкін. Бірақ білсе білім қуатына таң қалары анық. Іштей мойындаса да, ескермей, елемей, өз бойларынан асырмай, бір шетте, қорғансыз, қамсыз деп тануы ғажап емес. Олар дүрмекке қосылмайды, бірақ салмақты іс тындырады. Оны шын бағалайтын, әділ сөз айтатын көзі қарақты жұрт табылса, бағы жанғаны. Қызылордалық лингвист, филология ғ. к., ақын Шанжархан Бекмағамбетов «аузы құлып қазына сандықты тілмен ашқан» берекелі ғалым болып көрінді. «Менде бір биік мұрат бар», «Құс жолын кезген кезбе – мен», «Көкірегімде сом алтынның буы бар» деп ол өзі тегін жырламайды. «Берген Ие Жасағанға» құлшылығы текке кетпей, бұл кісінің де жарқ етіп шығар уағы туса керек.

Дулат Бабатайұлы (1802-1871), отаршылық теңсіздікке ерен наразы жырау:

Мекен ғып құздың қиясын,

Бұлытқа салған ұясын,

Айнадай көрген аймағын,

Түйінін шешкен айланың,

Жерге қонбай ұша алмас

Көк еркесі қыран да.

Тілдің ұлы қасиетін ұғу үшін осы өлеңді аллегория, ассоциация қылып алайық. Дулат жыраудың теңеуі жер мен көктің біртұтас бірлігін, тартылыс күшін, жаратылыстың тазалығын, көшпелі әлемнің тұнықтығын, оның «Бұлтқа салған ұясын» – тектілігін паш еткен. Көк жүзінің қасиеті сөз болып адамзат тіліне оратылып тұр. Адам жаны ылғи құдайды аңсайтыны соның анық нышаны. Шанжархан Бекмағамбетовтың кітабында бұл туралы терең айтылған, «Тәңірімен байланыс немесе «Жеті қат КӨК»» атты тарауында.

Сөзді құдірет тұтып, мәдени асыл мұраларын эпикалық жанрда қалдырған далалықтардан бір бөлек, тілді анық білу ақсүйектік белгі екені ағылшын әдебиетінің классигі, шыққан тегі ирландтық Бернард Шоудың «Пигмалион» атты таңғажайып драмасында ұлықталады. Ирландықтардың көркем жады тегінде қазақ жырауларын, жыршыларын күдіксіз еске салады.

«Сол алғашқы тілдік символдар тілдің бүкіл болашағымен, тағдырымен бірге жасайды. Тілдік символдар ешқашан өзгермейді. Тілдің тұрақтылық заңы да осы символдар тұрақтылығына негізделген. Символ дегеніміз – тілдің атомдары мен молекулалары ғана емес, одан да әрідегі ең бастау элементтері, тілдің негізі, гені, яки қаны. Қан құрамын анықтау арқылы тілдегі әрбір сөздің шығу тегін – генеологиясын айқындауға болады. Егер қан құрамындағы түйіршіктер өзгерен болса, онда өмірге қауіп төнер еді» («Тілдік таным негіздері және тілдік символдар», 196 бет). Негізгі концепция осы. Дүние жаратылыс – тілсіз тұл.

Бұл кітапты тіл ғылымынан хабары аз жанға бірден қабылдай қою оңай емес. Расында тіл білімі әдебиетшілердің өзі тісі бата бермейтін күрделі сала. Бұрыннан аян нәрселердің мәнін ашуға, көкірек көз, санамызды жаңғыртуға таптырмайтын іргелі еңбек болуымен баурайды. Ғалым сөз пайда болуының негізгі принциптерін түсіндіруді мақсат қылған.

Қазақтың ұлт ретіндегі бас көзірі – жеті ата. Текті таза сақтау. Сегізінші бөлек, бастапқы жетеудің жетілген сәтте мүлдем жаңаруы екенін ғалым ғылыми тұрғыдан жете түсіндіреді: «Ал «сегіз» сан есімінде жетіден артық тағы бір бөлек (бір, бүтін) бар. Демек, ол келесі әлем, келесі дүние, басқа зат. Олай болса, осы екі бөлек дүниенің «қосылуы» мен «бөлінуі» тіліміздегі «сегіз» сан есімі арқылы бейнеленген. Бұл бейне осы сөздің цифрлық таңбасында да көрінеді: екі шеңбердің (бүтін, бөлік) қосылу нүктесі – ось, әр шеңбердің де өз осі бар. Міне, бұл – дүние тұтастығының, бірлігінің, сондай-ақ осы дүниенің бөліктерден, бөліктердің бірлігінен тұратындығының әрі логикалық, әрі тілдік моделі. Мәңгілік қосылу немесе мәңгілік бөліну жоқ» (Ш.Б. 179 бет).

Негізгі концепциясы: «Өйткені дүние туралы ұғымдардың бәрі де ЫМ тілі дәуірінде-ақ пайда болып, ишарат амалдары арқылы білдіріліп келген. ЫМ тілі дәуірі – адамзат дүниетанымының берік негізі қаланған дәуір. Ал ең алғашқы тіл дыбысы («у» дыбыс-сөзі) осы дайын «байлықты» өз бойына дара сіңіруші болды. Өз бойына ЫМ тілі дәуірінің барша ұғым-түсініктерін сиғызған осы «у» дыбыс-сөзі кейіннен пайда болған тілдік-дыбыстық символдардың бәріне негіз болды» (195 бет). «Сол алғашқы тілдік символдар тілдің бүкіл болашағымен, тағдырымен бірге жасайды. Тілдік символдар ешқашан өзгермейді. Тілдің тұрақтылық заңы да осы символдар тұрақтылығына негізделген. Символ дегеніміз – тілдің атомдары мен молекулалары ғана емес, одан да әрідегі ең бастау элементтері, тілдің негізі, гені, қаны. Қан құрамын анықтау арқылы тілдегі әрбір сөздің шығу тегін – генеологиясын айқындауға болады. Егер қан құрамындағы түйіршіктер өзгерер болса, онда өмірге қауіп төнер еді» (Ш.Б. 196 бет).

Адамзат өркениетінде символизмнің рөлі ерекше зор. Оның түп анасы – ымдау. Қазақ «Ымды түсіндеген дымды түсінбейді» деп бекер айтпапты. Яғни, сәулесіз, санасыз деген сөз. Нағашы атам Оразхан біреуге кейісе «сәуле жоқ, сәулесіз, түйтік жоқ» дейтіні ойыма оралды.

Ым тілі қимылдарының генеологиялық негізін автор мақұлық атаулыда тек адам баласына тән: бас изеу немесе шайқау, көз қысу, бет құбылту, қас, қабақ қағу, өңін суыту, жылыту, қол бұлғау, т.б. қылықтар деп таниды. Бұл үнсіз ишара, дене қимылы арқылы ниетін білдіру әрі сонысымен екінші адамға ықпал жасау. Жануарларға тұспалдау, астарлау тән емес. Бұл құдай дарытқан биік сананың әсерінен адамзаттың ұдайы жетіліп, эволюция арқылы кемелдікке тырысып келгенін айғақтайды. Сол арқылы қазақ ғалымы ежелгі адамдарды «жабайы» деп танитын ғылыми концепцияны терістейді. Адамзат ұрпағы туа бітті саналы жаратылыс иесі болғанын таниды. Ал бұл дарвиндік «арғы бабаң – маймыл», адам тектес сүт қоректі маймылды еңбек процесі адам қылып шығарды деген құдайсыздықты жоққа шығарумен тең. Ғылым діннен шыққан. Дарвинизмнің қарғыс атқан адастыру идеясы талай бүліншілікті, кесапатты тудырды.

Автор тарихқа дейінгі архетиптер дәуірін адамзат тілдерінің бастауы деп қарастырады. Бұл қандай алып уақыт кезеңін алып жатқанын ешкім білмейді. Ол тілдің морфологиялық қабаттары негізінен дыбыстық тілге қатысты екенін жазады. Ежелгі сөздердің түпкі мағыналары адамзаттың жадынан бірте-бірте өшіп, оған кейін басқаша интерпретация жасалынуы бек мүмкіндігін мифтік аңыздар растайтынын тіл ғылымы айтады.

Біздің анық білетініміз, ежелгі адамзат жоғары мен төменді айқын ажырата алғаны. Шанжархан Бекмағамбетовтың жазуынша, әуелгі «у» дыбысы осы жоғары, құдайлық әлемнің несібесі екенін даралайды. Өйткені «...адамзат ақыл-ойы биікке қарап өскен ғой» (139 бет). «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен...» (Абай). «Тілдің құдіреттілігі сонда – ол үшін көзге көрінбейтін атом да, бүкіл ғаламдық кеңістік те бір ғана «у» дыбыс сөзінің» аясына сыйып кетеді (141 бет). Демек, исламдағы «Аллатағала он сегіз мың ғаламды бір тарының қауызына сыйдырады» деген ұғымның күмәнсіздігі шығады. «ТӘҢІРІ ИЕнің өзімен де тілдескен қасиетті тіліміз» (6 бет).

Әуелі табиғаттың тылсым тілі адамзаттың құдайлық санасын оятты.

Эзотерикалық ілімдер: алхимия, мифология, мистика, діни наным, салт-дәстүр, ғұрып- рәсімдер, символдық философия, пантеизм, магиялық құпия формулалардың тұңғиық сырын ашатын Мэнли П. Холл тәрізді энциклопедиялық білімі зор эрудит зерттеушілердің ірі еңбектерінде бұл деректер анық айтылған. Құстың тілі, шөптің тілі, судың тілі, тастың тілі бар, тұтаса келгенде табиғат философиясы. Барлық ежелгі халықтар өсімдіктер, ағаштар, гүлдер, жемістерді Құдайдың жасампаз күшінің символдары деп танығанын Мэнли П. Холл жазады.

Үндінің өшпес халық кітабы «Панчатантра», ол «Кәлилә мен Димнә» деген атаумен белгілі, сонда аң мен құс өзара сөйлеседі. Оның мәні даналық өсиеттерін таңдаулыларға уағыздау. Сүлеймен патша аң мен құс тілін біліпті.

Ертеде парсының суфий ақыны Фариуддин Аттар «Құстар мәжілісі» сияқты дастанында мұны жырлады. Парсы тілі биік поэзия тілі саналған бағзы заманда қияннан жол ашып, түркі тілінің құдіретін танытқан өзбектің кемеңгер ақыны Әлішер Науаи мұны назира дәстүрінде жалғады. Адам тіл арқылы дүниені таңбалап, тануға тырысса да, тіл құрал өзінің тарихи тегін, түп негізін тани алмай отыр.

Ғалым ежелгі адамдар мынау жарық дүниені БҮТІН және БӨЛШЕКТЕР ретінде, ал дүние сипатына тән болмай қоймайтын өзгеріс атаулыны ҚОЗҒАЛЫС түрінде түсінген деп қадап айтады. Қозғалыс – бүтіннің бөлшектерге немесе бөлшектердің бүтінге айналу процесі екені аян. Мұны Шәкерім: «Жаралыс басы – қозғалыс» деп жырлайды.

Көктен түскен киелі кітап Інжіл, христиандық ілімнің Иоанн куәландырған төртінші нұсқасында: «В начале было Слово, и Слово было у Бога, и Слово было Бог» делінеді. Қазақы мақаммен, Абайдың «Өлең – сөздің патшасы», ал жарық дүние – күллі ғаламның Патшасы бір Жаратушының сөз сарайы дегенге келер ме еді?! Сонда өлең дүниенің жаралысы болған екен-ау! «Поэзия – құдайлардың тілі» дейтін антикалық ақындардың табиғат құбылыстарына табынған, пұтқа табынуға дейінгі дін ашпаған көне заманда айтқаны шындықтан алшақ кетпеген. Бұл фәнидің тым көркем жаратылғандығы да өлеңдей құдіреттен, Жаратушының мінсіз, пәк, шынайы мадаққа лайық өз сұлулығынан шығып тұрғаны айдан анық.

Дүниедей дөңгеленген «О» әрпіне ғалымның қаламының ұшынан шыққан ода (148 бет) аллашылдықтан туған. Автор тіл пайда болуының негізінде адамның суреткерлік биік санасы, бейне, ой, сурет, түрді тануы тұр дейді. «Тіл дегеніміз – жалаң дыбыстық еліктеу емес, дүниені саналы түрде дыбыстық бейнелеу». Тілдің түбірін тану – телегей-теңіз білім қорын ақтарумен тең. Шанжархан Бекмағамбетов қазақ тіліндегі барлық сөздің семантикалық негізі ең ежелгі «у» дыбыс-сөзінде тұрғанын үнемі айғақтайды. Ол мұны негізгі түбір етістіктер деп атайды. Сөз атаулының құрылымдық элементін айқындайды, ол: «у» және жеті түрлі негізгі түбір етістіктер болып шықты. Кемпірқосақтың бояуындай. Жеті түрлі нотадан музыка түрленеді. Күллі әлемнің саздары осы жетіліктен түзіліп барып, тарайды.

Енді осыны қарапайым ұғымға лайықтап қарасақ, емшектегі нәресте атаулы әлі тілі шықпай тұрғанда, жөргегінде жатып уілдейді екен. Мұның сыры енді мәлім болды! Әлде тек қазақтың баласы уілдей ме? Анықтау керек. Ал енді мына бір интерпретация ше: жүгірген аң атаулыда көкке қарап, қырда шоқиып ұлитын қасқыр. Ал түркі, әсіресе қазақ тотемі – көкбөрі. Уіл мен ұлудың – «у» дыбыстық тіл ретінде бір екенін ұқпау үшін көп мидың керегі де жоқ. Автор «у» – дербес тіл, тіліміздің алтын өзегі деп отыр. Мәлімет күшті болса, туған әдебиет бұлағы суалмасы анық. Тілі өлмеген халық өзі жасай бермек. Бұл аксиома.

Сондай-ақ, ғалымның айтуынша, «һ» дыбысы – өте ежелгі дыбыс. Және ол «Жоғарғы әлем» ұғымымен байланысты болып шықты: Һауа ана, һауа Ата, һүр (хор, үр) қызы, т.б. Көне кельттер мен түркілерде, әсіресе оның қара шаңырақ иесі қазақтарда осынау «һ» дыбысы бекзат сақталған. Және осы халықтардың эпостық, поэтикалық мұрасы аса бай әрі көркем. «Үлкен Эдда», «Нибелунгтар туралы жыр», қазақтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» тәрізді көне мұрасынан әрі бастау алатын құдіретті эпостық жырлары, мысалы «Ер Төстік», бұл ертегі әуелде жыр болған деген нұсқа бар.

Ал сөз мағынасын ұғу – Абайша «құлақ»: «Көңілсіз құлақ ойға олақ».

Тілдің тууына ойлау әсер етсе, оның маңызы суретті көріп қана қоюдан ым тілінен де артық, нұрлы болып шықты. Яғни, ойдың заттануы – тіл. Бұған ғалымның мына пікірі куә: «Ойлау – жоғары әлеммен – Тәңірімен байланыс жасау. Өйткені Тәңірі бүкіл ғаламға ие, бәрін жасаған, қозғалысқа – тіршілікке келтірген. Сондықтанда Тәңірімен байланыс – жалпы ғаламның, ондағы барша зат атаулының өмір сүру формасы. Ал Тәңірімен жасалатын осы байланыс қалай жүзеге аспақ?» (142 бет). Бұл байланыс адамның өзі, миы, «ес» ұғымы арқылы жасалатынын және оның «у» түзуінің – осінің бойымен өтетін деректі талдап автор түсіндіреді. Оның ғылыми қиыншылығы өз алдына. Автор тілдік символдардың сызбасын салады.

Автордың пікірінше, түпкі нәтежеге жетіп, тілдің негізгі элементтері табылғанда ғана – сөз пайда болуының, дамуының құпия кілті ашылады. Сонымен қатар, ең ежелгі тілдік негіздер тілден еш уақытта жойылып кетпейді. Ғалым мұны «Тілдік негіздер жойылар болса, тіл де жоқ болар еді»деп нықтап айтуы заңды (29 бет). Сөз – адамзаттың ең асыл қазынасы.

Адамның таным мүшелерінен теңдесі жоқ маңыздысы – көз. «Егер зат (құбылыс) болмаса, оның санадағы сәулесі, яки бейне де жоқ. Яки ұғым – дүниетанымның санадағы бейне суреті. Демек, ең ежелгі адамдар тіл арқылы емес, көз арқылы ойланған», (Ш.Б. 40 бет).

Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,

Алған сайын дүниеге тоя ма екен?

Абай хакім «Ескендір» атты поэмасында Аристотель ғұламаның аузына осы сөзді салады.

Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,

Өлсе тояр, көзіне құм құйғанда.

Қазақ философиясында адамның өзі тойса да, көзі тоймайды. Тірісінде тоймайтын көз өлсе топыраққа тояды деген ұғым, нәпсіні жеңудің, көкірек көзі ашылудың маңызы осыдан шығады. Сонымен қатар, дана қазақ «Көз – нұрдың ұясы, көңіл – сырдың ұясы» деп айтқан. «Адамның көзі – айна, ол өзді (ойды, көңілді, барлық ішкі бейнені) көрсетіп тұрады. Көздің «сәуле» ұғымымен де байланысы бар. Ежелгі тілде бір заттың бірнеше атауы болуы – табиғи құбылыс» (176 бет).

«Тілімізде соқыр болу ұғымы «көз ағу» ұғымымен бірдей. Бұл да көздің су затымен байланысын аңғартса керек» (191 бет). «Ағу, ағып кету сөзі де жоқ болу ұғымын білдіреді» (184 бет).

Символдық мағыналар құдіретін халық «сөз сиқыры» деп бекер атамаған. Дүние жаратылысы құпиясына ғалым сөздердің құпиясы арқылы енуге тырысады.

Шанжархан Бекмағамбетов тілдік сөздің этимологиясын көне түркі, Күлтегін жазуы, Махмұт Қашқари сөздігі арқылы түсіндіреді. Тілдің тарихын анықтау әр түрлі дәуірдегі тілдік деректерді салыстырмалы тарихи талдауға негізделеді. Мұны тіл білімінің ірі ғалымдары айтқан.

Тілде табу сөздер мен эвфимизмдер пайда болу себебі, сөздің магиясына, тәңірлік негізге байланысты. «Киелі деп есептелетін жан-жануарлардың да өз аттары дәл аталмайды. Сондықтан да аққуды «ақтоқты», қасқырды «итқұс» деп атаған. Кейбір тайпаларда өле-өлгенше адамның өзінің шын атын атамай құпия ұстау, оны басқа лақап атпен атау дәстүрі болған», (177 бет). Қазақтың ежелгі санасы неткен керім! Ақан сері сүйген Ақтоқты сұлу еске түседі, ол-дағы «Қырық қоңырқаздың ішіндегі аққуы», халықтық поэтикалық ұғымдағы асылы. Ал есімді құпия ұстаудың артықшылығы мен нанымын, әдет-ғұрыптардың шығу тегін ағылшынның әлемге әйгілі этнограф ғалымы, дінтанушы Джеймс Джордж Фрэзер зерттеп жазған.

«Заттың атын білу – оны меңгерумен, иеленумен бірдей. Бұл мотив мифтік аңыздарда жиі кездеседі» (169 бет).

Өмір мен өлім жұптасқан. «Өлім < (ул –ұласу –тәңірмен ұласу; 2. ал – бөліну) + ім (ом-уп-био тіршілік», «О дүние. Бейіт, мола – бұлар да жай қоршау ғана емес, космостық қоршаудың шағын модельдері» (186-187 бет).

Автор тіл мен дін байланысының ең көне тегін айтуы заңды. Діни ұғымдағы сөздер ең ежелгі һәм константа екен.

Шанжархан Бекмағамбетовтың тілдік символдар табиғаты туралы тереңінен тартып, инемен құдық қазғандай саралап жазған кітабын шынында тіл ғылымы назардан тыс қалдырмауы керек. Ана тіліміздің құнын біліп, сүйіп, көздің қарашығындай сақтап, адамзаттық қалыбымыз бен құдайшыл санамызды сілкінте алуға лайық кітап. Менікі нағыз тіл маманының тұңғиықтан тартқан талдауы емес, жазушының сүйіншілейтін, танымын дамытатын зердесі деп ұғыңыз. Тэрра инкогнита. Ол бұл кітапты шын бағалауға тарлық етері айқын.

Жаһандану – нағыз мәдениеттің жұтаңдануы һәм рухани құндылықтардың қор болып, рөлі кемуі. Ежелгі аңызда Вавилон мұнарасы адамзаттың астамшылығы, күпір пиғылынан салынып, сол кесірдің салдарынан құдайдың жазасы жетіп, тілдік негізді шайқап жіберген дейді. Аңыз түбі – шын. Тәңірлік асыл жаратылысымызды жоғалтпау үшін тілді, оның раушан тазалығын қорғау керек.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 68 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Баритоны, басы пароходов| Кенжебай АХМЕТОВ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)