Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. Қылмыстық процестегі сот‑лингвистикалық сараптама

Сот-баллистикалық сараптама. | Сот‑құрылыс сараптамасы. | схема. Сот жазатын атқару парағының мазмұны |


Читайте также:
  1. Lt;variant> Қылмыстық іс жүргізу кодексін
  2. Адамның психикасы мен психофизиологиялық процестерінің сот сараптамасы
  3. Айталама сараптама тағайындау туралы
  4. БӨЛІМШЕ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ САРАПТАМА
  5. Бухгалтерлік сот‑сараптамалық зерттеу.
  6. Дәріс мазмұны: Біртұтас педагогикалық процестегі базалық мәдениеттің тұлғада қалыптасуы.
  7. Жаттардың сот сараптамасы

 

Соттарға келіп түсетін ар‑намысын, қадір‑қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талаптар санының, мәтін немесе сөз сот процесіндегі аса маңызды дәлелдемелердің қайнар көзі болып табылатын істер бойынша процестердің көбеюі сот сараптамаларының бір түрі болып табылатын филологиялық (лингвистикалық) сараптаманың өзектілігін арттырып отыр. Сараптамалардың бұл санаты даулы жағдайлар туындайтын және ауызша айтылған немесе жазылған сөзге қатысты кінарат қойылатын барлық жағдайларда, азаматтық, сол сияқты қылмыстық процесте де үлкен сұранысқа ие болуда.

Тараптың өтінімі немесе өзінің бастамасы бойынша сот филологиялық сараптама тағайындайды. Оны тағайындаудың негіздемесі мен тәртібі қолданыстағы заңнамамен белгіленеді.

Сараптаманың мақсаттары мен міндеттері:

· шешімін табу үшін тіл туралы ғылым саласында арнайы білімнің болуын қажет ететін мәселелер бойынша сарапшының зерттеу жүргізуі және қорытынды беруі;

· арнайы филологиялық білімдердің негізінде нақты іс бойынша дәлелденуге тиіс мән‑жайларды анықтау.

Лингвистикалық сараптаманы мемлекеттік сот сарапшылары жүргізеді, сондай‑­ақ сараптама жүргізуді сот арнайы білімі бар, бірақ мемлекеттік сараптама мекемесінің қызметкері болып табылмайтын лингвистке (тіл маманына) тапсыра алады. Мемлекеттік емес сот сарапшылары ретінде ғылыми‑зерттеу институттарының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, беделді ғалымдар және әр түрлі ұйымдар мен ведомстволардың негізгі жоғары филологиялық білімі, ғылыми дәрежесі мен атақтары бар қызметкерлері әрекет етуі мүмкін.

Сот‑лингвистикалық сараптама жүргізуге қажеттілік көбінесе мына жағдайларда туындайды:

- қылмыстарды ашу және тергеу кезінде (жала жабу, қорлау, ұлт араздығын қоздыру, қорқытып алушылық, авторлық және салалас құқықтарды бұзу және т. с.);

- қылмыстық және азаматтық істерді (ар‑намысын, қадір‑қасиетін және іскерлік беделін, авторлық құқықты қорғау туралы талаптар және т. с.), азаматтық дауларды сотта талқылау кезінде.

 

 

 


Қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту (ҚР ҚК‑нің 130‑бабы) ҚР Қылмыстық кодексінде «әдепсіз түрде» деген ұғым арқылы берілген, бұл басқа біреуді қорлап отырған адам қорланған адаммен қарым‑қатынаста жалпы қабылданған коммуникация нормаларын сақтауды қажет деп санамайды дегенді білдіреді, осының өзі соңғысын қорлайды, әсіресе егер осындай норма бұзушылық әдейілеп көпшіліктің алдында қыр көрсетіп жасалса.

Қорлау сөз жүзінде, жазбаша түрде, әрекет арқылы (шапалақпен тартып жіберу, әдепсіз ым жасау және т. с.), көпшілік алдында, не жәбірленуші жоқ болғанда жасалуы мүмкін. Жала жабудан айырмашылығы, қорлау кезінде жәбірленушінің абыройын төгетін қандай да бір мәліметтер хабарланбайды, тек оның тұлғасына: қасиеттеріне, мінез‑құлқына, әрі өрескел түрде теріс баға беріледі.


 

 

Қорлау фактісін (ҚР ҚК‑нің 130‑бабы) анықтау үшін сарапшылардың алдына мынадай сауалдарды қою қажет:

1. «...» деген үзіндіде қорлау лексикасының бір немесе бірнеше тұрпатына жататын сөздер, сөз тіркестері немесе сөйлемдер бар ма?

2. (Т.А.Ә.) деген азаматқа қатысты айтылған «...» деген сөздерде қорлау сипаты бар ма?

3. «...» деп айтылған сөздерде айналадағы адамдардың алдында осы азаматтың беделін кетіретін, оның тұлғасына теріс баға беру бар ма?

4. Егер бар болса, онда мұндай теріс баға беру қоғамда қабылданған мінез‑құлық ережелеріне қайшы келетін арсыз, әдепсіз түрде айтылған ба?

5. Мәтінде (Т.А.Ә.) деген азаматтың ар‑намысы мен қадір‑қасиетін кемсітетін, әдепсіз нысанда айтылған, жалпылау сипатындағы оның жеке басына теріс баға беру бар ма?

6. Мәтінде (Т.А.Ә.) деген азаматтың жеке қадір‑қасиетін кемсітуге бағытталған, оның абыройын төгетін, әдепсіз түрде айтылған сөйлемдер бар ма?

Филологиялық сараптамалардың маңызды бір қыры пайымдау мен пікір айтудың, ой‑пікір білдіру мен баға берудің ара жігін анықтау болып табылады.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 352 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сараптама тағайындау туралы| Пайымдау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)