Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Уақыт талап еткен кітап

Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудың іс жүргізу ерекшеліктері | Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдау | Арызды қабылдаудан бас тарту немесе оны кері қайтару | Арызды қабылдау сатысында шығарылатын сот ұйғарымдары | Тарау. Талап қою | Талап қою | Талап қою құқығын іске асырудың алғышарттары | Талап қою құқығын іске асыруға арналған алғышарттардың болмауының салдарлары | Талап арызды қабылдау | Судьяның талап арыз алынғаннан кейінгі іс-әрекеттері |


Читайте также:
  1. Lt;variant>өтінішті қайтарады және талапкерге оның қай сотқа жүгіну керектігін түсіндіреді
  2. Lt;variant>іске бірнеше талапкерлердің және жауапкерлердің қатысуы
  3. Lt;variant>сотқа талап арыз (арыз) берген тілме
  4. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
  5. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
  6. КАФЕДРА ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫ ТАРАПЫНАН СТУДЕНТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
  7. Оқу уақыттарын бөлу

Сіздің қолыңыздағы Судья кітабы - өзінің мазмұны мен мақсаты бойынша тәжірибелік оқу құралы болып табылады. Осы басылымның жарық көруі уақыт талабынан туындап отыр. Соңғы жылдары заңнамалық тұғыр түбірінен өзгеріп, құқықтың жаңа салалары пайда болды, құқық қолдану үрдісі күрделілене түсті. Бұл судьялар қауымының алдына жаңартылған құқықтық өріске бейімделу тұрғысынан күрделі де жауапты міндеттер қойды. Сонымен қатар, осы кітаптың жарық көруі судьялар корпусының кадрларын дайындауға және оқып-үйретуге, судьялардың кәсіби біліктілігін арттыруға, құқықтық саясаттың басымдығын бекітуге қосылған үлес болып табылады.

Оқу құралының авторлары сот төрелігінің теориялық мәселелеріне, құқық қолдану тәжірибесінің ерекшеліктеріне, сондай-ақ сот процесін жүргізудің іргелі қағидаларын ұстану мен пәрменді пайдалану мәселелеріне көңіл бөлу арқылы судьялар қызметінің аса маңызды қырларын барынша толық қамтуға тырысты. Істерді қарау, сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері нақты тәжірибеден алынған ұсыныстар мен мысалдар арқылы көрсетілген, олар: сотта іс қарауға дайындалуды, процесс жүргізуді, іс жүргізу құжаттарын және атқару ісін жүргізуді дайындауды қамтиды. Сот құжаттары үлгілерінің де зор іс-тәжірибелік көмегі бар.

Кітап бірлескен ұжымдық еңбектің нәтижесінде әзірленіп, Республика судьяларының кәсіби біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен ЮСАИД-тың «Орталық Азиядағы сот жүйелерінің дамуына көмектесу» деп аталатын бірлескен жобасын іске асыруға атсалысушы IRISорталығы мен Жоғарғы Сот судьялары авторлар тобының күш салуының арқасында жарық көрді. Сондықтан да заңгерлер қауымы бұл еңбекті лайықты бағалап, қабылдайды және басылым судьялардың күнделікті жұмысындағы сенімді кеңесшісіне әрі көмекшісіне айналады деп ойлаймын. Сот жүйесінде еңбек жолын жаңа бастаған жас судьяларға іс жүргізу және сот төрелігін жүзеге асыру машықтарын меңгеруде аса пайдалы әрі керекті басылым болары сөзсіз.


1-БӨЛІМ. БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 112 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
МАЗМҰНЫ| Тарау. Бұйрық шығару

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)