Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ОҚу пӘні бойынша глоссарий

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. А. өмір бойынша алынған белгілер тұқым қуалайды
  3. Адам құқықтары бойынша Орталық өз мәртебесі бойынша қандай орган болып табылады
  4. АДАМ АНАТОМИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
  5. азақ тілі пәні бойынша 2-деңгейге арналған тест сұрақтары
  6. Глоссарий интерактивных образовательных технологий
  7. Глоссарий по теме

Негізгі терминдік ұғымдар:

Алаш, жәдит, жәдитшілдік, қадим, танзимат, тәржіман, гетерогенді, генезис, беллетристика, декадент, дифференциация, дивергенция, поляризация, радикалды поляризация, түркістандық, инерция, руханият, жаһаттас, милләт, мартиролг.

Алаш – рәмізді сөз, «ал» түбірі от, қызыл, жалын деген мағына береді. ХХ ғасыр басындағы саяси-мәдени серпілістің атауы.

Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы. Әдеби байланыс нышандары жазушының қалыптасқан әдеби дәстүрлерге табан тіреуінің нәтижесінен, сондай-ақ тамырлас әдебиеттердің арасындағы типологиялық ұқсастықтардан туындайды.

Әдеби мұра – көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға жеткен туындылары. Әдеби мұра – халықтың әр түрлі тарихи кезеңдегі мәдени өресінің, әлеуметтік хал-жайының, тілдік, эстетикалық талғамының айғағы.

Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы.

Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы.

Әдебиеттану – көркем әдебиетті, көркем әдебиеттің түп-төркінін, мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым. Нақтылай айтқанда, әдебиеттану – көркем әдебиетті, оның пайда болуы мен әлеуметтік байланыстарын, сөздік-бейнелік ойлау ерекшеліктерін, көркем шығармашылықтың табиғаты мен қызметін, әдеби үрдістің жалпыға және нақты бір аймаққа тән даму заңдылықтарын қарастыратын ғылым.

Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттейді және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін белгілейді.

Жаһаттас – мұрат жолындағы бірлік (М.Әуезұлы анықтаған атау).

Жәдит – жаңа оқу, жаңаша оқу деген мағынаға ие. «Усул-и жәдит» - дыбыстап оқуға негізделген жаңаша оқу. Руханияттағы мәні де – жаңашылдық.

Жәдитшілдік – жаңашылдыққа сүйенген ағым, бағыт. Исламдық оқу-тәрбие, саясат саласындағы жаңашыл ағым.

Қадим – ескі, байырғы деген мағынаны беретін атау. Жаңашылдықты, өзгерісті қолдамайтын ағым, бағыт.

Танзимат - өзгеріс деген мағынаны беретін атау. ХІХ ғасырдағы Османлы түрік ағартушыларының бастамашылдығы.

Тәржіман – аударушы деген мағынаны беретін ұғым. И.Гаспринский газетінің аты және сол бағытты жақтаушылардың ныспысы. Мағынасы: әлем мәдениеті мен технологиясын тура, түсінікті етіп жеткізу дегенге келеді.

Гетерогенді – құрамы жөнінен әр текті дегенді білдіретін атау.

Генезис – тек-тамыры, шығуы деген мағынаны беретін атау.

Беллетристика – тура мағынасы «сырлы әдебиет», қолданыстағы мағынасы – проза тілімен жазылған көркем әдебиет.

Декадент – «өнер өнер үшін» деген бағытты ұстайтын сыршыл, мұңшыл қаламгерлер атауы. Олар шығармашылықта жеке-дара тұлғаның орнын ерекше бағалайды.

Дифференциация – әдеби-мәдени пікірлесудегі негізді өзгешелік.

Дивергенция – әдеби-мәдени пікірлесудегі бір немесе бірнеше мәселе бойынша өзгешелік.

Милләт – ұлт атауының балама нұсқасы, осыған сәйкес туған әдеби ағым – милләтшілдік.

Мәтін – қандай да бір дәуірдегі адам ойының ескерткіші, мәдениет жәдігері. Мартиролг – нақақ қудаланған адамның азабы туралы жазба.

 

Поляризация – пікір таласудағы принципті келіспеушілік.

Радикалды поляризация – әдеби-мәдени пікірлесудегі барлық мәселе бойынша қарама-қарсылық.

Түркістандық – ОртаАзиялық қаламгерлердің және жалпы адамдардың ХХ ғасыр басындағы жиынтық атауы.

Инерция – бұрынғы қозғалыстың әсерінен дененің бір орында тұрып қалмауы. Ал мәдениет пен әдебиеттегі мағынасы бұрынғы бағыттың, ағымның кілт тоқтамауы.

Руханият – рухқа, адамның жанын жетілдіругеқатысты білім-ғылымның, тәжірибе-ізденістің жиынтығы.

Поэтика – әдеби шығармадағы бейнелеу құралдарының жүйесі мен тілдік құралдарды көркемдік тұрғысынан пайдалану жайын зерттейтін ғылым. Поэтика сөзінің түп-төркіні грек тілінде “шығармашылық өнер” деген мағына беретін “poietike techne” деген сөзде жатыр.

Фольклор – халық арасында туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнері, оның айтылу және орындалу ерекшеліктері.

Фольклортану - неміс ғалымы И.Ф.Кнафльдің анықтауынша (ағыл. folkхалық, loreданалық) – халық даналығын зерттейтін ғылым.

Филология – адам баласының рухани мәдениетінің мәні мен тарихын жазба мәтіндерді тілдік және стилистикалық тұрғыдан талдау арқылы танып білуге негізделетін лингвистика, әдебиеттану, тарих, т.с.с. гуманитарлық пәндердің бірлестігі, жиынтығы.

Реализм (латынша realis– заттылық, шындық) – әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат- белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс.

Романтизм (роман деген сөзден шыққан, яғни түпкі мағынасы өмірді кітаптағыдай, ой-қиялмен ұштастырып суреттеу) – әдебиеттегі, көркемөнердегі өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере суреттейтін көркемдік әдіс.

Сентиментализм – (франц. Sentiment – сезім, сезімталдық деген сөзден алынған) – ХҮІІІ ғасырдаң екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бас кезінде дамыған көркем әдебиеттегі ағым. Ағылшын және басқа Еуропа халықтарының әдебиетінде кеңінен өрістеді. Сентиментализмде – жазушы айтылып отырған оқиғаға табиғат суреттерін, өзінің әртүрлі сезім-әсерлерін және басқа сондай жанама жайларды қосарлап бере береді.

Символизм – модернистік ағымның ең мәнді саласы. «Символ» сөзінен бастау алған. Өмірдің құпия тылсымдарын меңзеу, ишаралау арқылы бейнелеуді ұстанатын ағым.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 250 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)