Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып 9. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу тәсілдері

Читайте также:
  1. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  2. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  3. Азіргі болмыстағы халықаралық құқықтың қызмет ету жағдайы.
  4. Дәріс тақырыптары.
  5. Дәрістің тақырыптық жоспары
  6. Жұмыстарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары
  7. Жазбаша жұмыстар тақырыптары

1. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу тәсілдерінің түсінігі.

Халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес, мемлекеттер халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндірмеу үшін туындаған барлық дауларды тек қана бейбіт жолмен шешуге тиіс. Бұл талап БҰҰ жарғысында императивтті қағида ретінде бекітілген. БҰҰ Бас Ассамблеясымен, осы қағиданы дамыту мақсатында бір қатар резолюциялар мен декларациялар қабылданған, оның ішінде 1982 жылғы «Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу туралы» Манила Декларациясы.

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу институты – салааралық болып табылады. Оның нормалары халықаралық қауіпсіздік құқығы, халықаралық ұйымдар құқығы және басқа да құқық салаларында бекітілген.

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу тәсілдері деп: халықаралық құқық субъектілері арасындағы туындаған дауларды халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес, қандай да бір нысанда күш қолданбай шешуге арналған халықаралық-құқықтық тәсілдерді және процедуралады айтады.

Халықаралық келіспеушіліктердің екі түрін ажыратуға болады: дау және ситуация.

Дау – халықаралық құқықтың субъектілеріменен бір-біріне қарама-қайшылыққа түсетін талаптар қою. БҰҰ жарғысы заңдық сипаттағы дауларды және басқа да даулар түрін ажыратады. БҰҰ Халықаралық Сот статутының 36-бабы, заңдық даулар түрлеріне келесілерді жатқызған: шартты талқылау, халықаралық құқыққа қатысты кез келген сұрақ, халықаралық міндеттемені бұзу болып саналатын белгілі бір фактінің өмірде болғанын, болмағанын анықтау, халықаралық міндеттемені бұзғаны үшін беруге тиіс өтемақылар сипаты мен мөлшерін анытқтау.

Ситауация деп – субъектілер арасында қақтығыстар туғызу мүмкін, субъективті жағдайлар жиынтығын түсіну керек. Яғни, ситауция кезінде нақты мәселелер бойынша дау әлі туындамаған, бірақ оның пайда болуы үшін барлық алғы шарттардың қалыптасқан.

БҰҰ жарғысының 33-бабына сәйкес, әрі ғарай ұласуы халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздік тұрақтылығына нұқсан келтіру мүмкін дауға қатысушы жақтар, оны ең алдымен келіссөздер, делдалдық қызмет, бітімгершілік процедуралар, арбитраж, істі сотта қарау, аймақтық органдарға немесе келісімдергі жүгіну арқылы немесе өздері қалаған басқа да бейбіт тәсілдер арқылы шешуге тырысы қажет. Дауларды бейбіт жолмен шешудің өзге де тәсілдеріне игі қызмет көрсету, дауларды БҰҰ органдарымен шешу, арнайы келісімдерде көрсетілген дауларды шешу механизімі жатады.

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешудің әрбір тәсіліне анықтама беріңіз. Дауларды халықаралық ұйымдарда шешу сұрағын қарастырғанда, ерекше назар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне, оның дауларды шешудегі атқаратын рөліне аудару қажет.

Келісуші тараптар, дауды шешудің тәсілін өздері таңдайды. Жоғарыда көрсетілген тәсілдермен қоса, басқа жаңа тәсілдер мен процедураларды ойлап табу мүмкін. Ең бастысы, олар халықаралық құқықтың қағидаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Тікелей келіссөздер жүргізу және кеңес беру

Тікелей келіссөздер дегеніміз – дауласушы тараптар өздері кездесу арқылы ортақ келісімге келуге тырысады. Келіссөздер келіспеушіліктерді шешудің ең тиімді, ыңғайлы және кең тараған әдісі.

Келіссөздерді келесі негіздер бойынша жіктеуге болады:

1. Даудың пәні бойынша: бейбітшілік, саяси, сауда және т.б.;

2. Қатысушылардың саны бойынша екі және көп жақты;

3. Тараптар өкілдерінің деңгейі бойынша (мемлекетаралық, үкіметаралық, ведомстволық).

Келіссөздер ауызша және жазбаша түрі де жүргізілуі мүмкін. Келіссөздердің бір түрі болып консультациялар болып табылады. Яғни, шартқа отырушы тараптар белгілі бір уақыт аралығынан кейін кездесіп, консультативтік комитетті құру жөнінде уәделеседі. Консультацияның қолданылуының негізгі мақсаты – ол тараптар арасында байланыс үзбей даулардың алдын алу немесе дау туған жағдайда оны жеке шешу әдісі ретінде қолдану.

3. Халықаралық бітімгершілік рәсімі. Игі қызметтер, делдалдық, тергеу және келісім комиссиялары

Игі қызметтер мен делдалдық – бұл халықаралық дауларды үшінші тараптардың көмегімен шешу мәселесі. Олардың өзара ұқсастықтары да, сондай-ақ айырмашылықтары да бар.

Игі қызметтерде дауға қатыспайтын үшінші жақ өзінің бастамасы бойынша немесе дауға қатысушы мемелекеттің сұрауы бойынша дауды шешу процесіне қатысады. Игі қызмет көрсету қызметінің мақсаты тараптар арасында кездесулер ұйымдастыру. Бұл реттерде игі қызмет көрсетуші тарап дауды шешу процесіне тікелей араласпайды. Оның міндеті дауласушы тараптар арасында өзара бірлесіп жұмыстаудың байланыстарын орнату.

4. Халықаралық төрелік соттар (арбитраж)

Халықаралық төрелік қарау – үшінші тараптың дауын шешу. Оның шешімі дауласушы тараптар үшін міндетті.

Төрелік органдардың екі түрі белгілі: ad hos төрелік және тұрақты төрелік. ad hos төрелік нақты бір дау бойынша тараптардың келісімімен құрылады. Мұндай келісім ымыраға келу немесе аралық жазба деп аталады. Онда тараптар даудың тақырыбын анықтайды, сондай-ақ оны жүргізудің тәртібі мен қағидаларын және сот құрамын анықтайды. Аралық жазба аралық шешімді қабылдау мен орындауға қатысты тараптардың өзара міндеттерін де көрсетуі тиіс.

Тұрақты төрелік – тараптар өздерінің арасындағы туындаған дау бойынша шағымданатын тұрақты төрелік орган. Бұлардың юрисдикциясының екі түрі бар: ерікті және міндетті. Ерікті жағдайда тараптардың екеуінің де келісімі керек. Ал міндетті жағдайда тараптардың біреуінің талабы жеткілікті.

5. Халықаралық сот рәсімі

Дауларды халықаралық сот арқылы шешу жаңа әдіс болып табылады. Алғаш рет 1921 ж. Ұлттар Лигасы шеңберінде халықаралық сот төрелігнің тұрақты палатасы құрылды. Бірақ өз қызметін 1946 ж. 18 сәуірде тоқтатты. 20 ғ. ортасына қарай бірқатар халықаралық соттар құрылды: Жалпы деңгейдегі: БҰҰ-ң халықаралық соты, Теңіз құқығы жөніндегі халықаралық трибунал; аймақтағы: ТМД экономикалық соты, Еуропалық сот жән ет.б.

6. Дауларды халықаралық ұйымдарда шешу

Халықаралық ұйымдардың жарғылары дауларды бебйбіт жолмен шешудің тетіктерін қарастырады. Халықаралық дауларды халықаралық ұйымдар органдарымен қарау саяси тәсілдер арқылы жүргізіледі. Шешімдер ұсыныс сипатына ие.

БҰҰ-да дауларды шешуге байланысты құзыретке ие органдар: Бас Ассамблея және Қауіпсіздік Кеңесі. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым шеңберінде төрт элементтен тұратын дауларды шешуге қатысты жүйе жасалынған: ЕҚҚҰ-ң дауларды реттеуге қатысты тетігі (Валетта тетігі), бітімгершілікке байланысты ЕҚҚҰ-ң комиссиясы, бітімгершілік пен төрелікке қатысты сот.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Нормативтік актілер: [1, 2, 3, 5].

Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3, 6, 13, 14].

Қосымша әдебиеттер: [6, 46, 48, 50, 60, 61, 62, 68, 100].

Электрондық оқулықтар: [1]

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 442 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)