Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып 8. Халықаралық құқықтағы аумақтар

Читайте также:
  1. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  2. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  3. Азіргі болмыстағы халықаралық құқықтың қызмет ету жағдайы.
  4. Дәріс тақырыптары.
  5. Дәрістің тақырыптық жоспары
  6. Жұмыстарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары
  7. Жазбаша жұмыстар тақырыптары

1. Халықаралық құқықтағы аумақтардың түсінгі және түрлері.

Халықаралық құқықта аумақ деп – белгілі бір құқықтық режим мәртебесінде орналасқан Жер шарының бір бөлігін (құрғақтағы аумақ, аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар, олардың үстіндегі әуе кеңістігін, сондай-ақ ғарыш және аспан денелерін айтады. Аумақтардың құқықтық мәртебесі ішкі мемлекеттік заңдармен және халықаралық нормалармен айқындалады.

Өзінің құқықтық режимі бойынша аумақтар: мемлекеттік режимдегі, аралас және халықаралық режимдегі аумақтар болып бөлінеді.

2. Мемлекеттік аумақ және мемлекеттік шекара

Мемлекеттік аумаққа, белгілі бір мемлекеттің егеменділігінде болатын аумақтар жатады. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы қазіргі шекарасында тұтас, оған қол сұғылмайды және бөлінбейді.

Мемлекеттің шекараның анықтамасы және құқықтық негіздері 1993 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы заңда» баяндалған.

Аралас режимдегі аумақтарға – құрлықтық қайран және ерекше экономикалық аймақ жатады. Бұл аумақтар ешбір мемлекеттің құрамына толық кірмейді, бірақ жағалауында орналасқан әрбір мемлекет өзіне тиіп жатқан құрлықтық қайран және экономикалық теңіз аймағының табиғи ресурстарын барлауға және өңдеуге, сондай-ақ бұл аудандардың экологиясын қорғауға қатысты бір қатар егеменді құқықтарға ие болады. Бұл құқықтардың мөлшері халықаралық құқықпен, оның ішінде, 1958 жылы қабылданған «Контенентальдық шельф туралы» Конвенциямен және БҰҰ 1982 жылы қабылданған «Теңіз құқығы бойынша» Конвенциямен айқындалады.

3. Халықарылық және шекаралық өзендер мен көлдер

Аумақтық сулардың шекарасынан тыс орналасқан ашық теңіз, олардың үстіндегі әуе кеңістігі, теңіз түбінің халықаралық ауданы, кейбір халықаралық бұғаздар, өзендер және каналдар, Антарктида, ғарыш кеңістігі және аспан денелері халықаралық режимдегі амақтарға жатады. Бұл аумақтар ешбір мемлекеттің қарамағына жатпайды, барлық елдердің ортақ пайдалануында болады.

4. Арктика және Антарктиканың құқықтық режимі

Арктика дегеніміз – ол солтүстік полярлық шеңберімен шектелген және өзіне еуразия және солтүстік Америка материктарының шектерін және солтүстік мұзды мұхитты енгізетін жер шарының бір бөлігі. Арктиканың территориясы АҚШ, Канада, Дания, Норвегия және Ресей арасында полярлық секторларға бөлінген. Полярлық сектор концепциясына сай тиісті секторлардың ішінде орналасқан барлық территориялар сол мемлекеттің территориясы болып саналады.

Антарктика – оңтүстік ендіктің 60 градусынан жоғары орналасқан барлық территория Антарктика болып саналады. Антарктиданың құқықтық мәртебесі 1959 ж. қабылданған Антарктика туралы шартпен айқындалады. Осы шарттың ережелеріне сәйкес мемлекеттердің Антарктикаға қатысты барлық территориалдық талаптары мойындалмайды. Шарт бойынша Антарктиканы тек бейбіт мақсаттарға ғана пайдалануға болады. Антарктикада әскери базаларды құруға, әскери маневрларды өткізуге, кезкелген қару түрлерін сынауға, радиоактивті қалдықтарды сақтауға тыйым салынған.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Нормативтік актілер: [1, 2, 29, 50].

Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3, 6, 13, 14].

Қосымша әдебиеттер: [9, 22, 53, 113].

Электрондық оқулықтар: [1]

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 388 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)