Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып 6. Халықаралық құқықтың субъектілері

Читайте также:
  1. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  2. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  3. Азіргі болмыстағы халықаралық құқықтың қызмет ету жағдайы.
  4. Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы
  5. Бюджеттік құқықтың, бюджет жүйесінің және бюджеттік проценттің ұғымы
  6. Дәріс тақырыптары.
  7. Дәрістің тақырыптық жоспары

1. Халықаралық құқық субъектіліктің түсінігі.

Қалыптасқан халықаралық-құқықтық тәртіп негізінде туындайтын құқықтар мен міндеттерді иемденуші және халықаралық қатынастарға қатысушыларды, халықаралық құқық субъектісі деп атайды. Халықаралық құқық жүйесінде қолданылатын құқық субъектісі түсінігі, ішкі мемлекеттік құқық теориясында қолданылатын құқық субъектісі ұғымына қарағанда өзгеше болып келетінін ескеру керек. Халықаралық құқықпен бекітілген құқықтар мен міндеттерді иемдену және жүзеге асыру қабілетін халықаралық-құқықтық субъектілік деп атайды.

Тек қана халықаралық құқық субъектілері, халықаралық нормаларды әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету процессіне қатысады, қажет болған жағдайда халықаралық жауапкершілікке тартып мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.

Халықаралық құқық субъектілерін олардың құқықықтық табиғатына байланысты алғашқы және тунды түрлерге бөледі, немесе оларды егеменді және егеменсіз субъектілер деп атайды. Алғашқы субъектілер қатарына: мемлекеттер және өз азаттығы үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар жатады. Мемлекетаралық халықаралық ұйымдар және мемлекет тектес ұйымдар туынды субъектілер қатарына жатады. Алғашқы және туынды субъектілердің бір бірінен айырмашылығы, тек қана алғашқы субъектілер егеменділікке ие болады.

2. Мемлекеттер халықаралық құқықтың негізгі субъектілері ретінде.

Халықаралық құқықтың алғашқы және негізгі субъектілері – мемлекеттер. Халықаралық құқық мемлекеттермен қалыптастырылады және де өзінің басым бөлігінде мемлекетаралық қатынастарды реттеуге арналған. Халықаралық құқық тұрғысынан мемлекетті үш элемент сипаттайды: тұрғын халық, аумақ және егеменді билік. Мемлекеттің негізгі құқықтары мен міндеттері, оның халықаралық-құқықтық мәртебесін құрайды. Мемлекет мәртебесін қарастыру барысында ұлттық, халықтық және мемлекеттік егеменділіктің ұғымдар арасында айырмашылықтарды көрсетіңіз.

3. Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың субъектісі ретінде

Қазақстан Республикасының халықаралық құқық субъектісі ретінде қалыптасу тарихын, қазіргі кезеңдегі сырттқы саясатының негізгі бағыттарын және халықаралық құқық субъектісі ретінде негізгі белгілерін көрсету қажет.

4. Халықалық ұйымдар

Халықаралық құқық субъектілерінің жеке тобын – халықаралық ұйымдар құрайды. Халықаралық құқықтың алғашқы субъектілері, мемлекеттер келісімі негізінде құрылаған мемлекетаралық халықаралық ұйымдар ғана халықаралық құқықтың субъектілері болып саналады. Мемлекетаралық халықаралық ұйымдардың құқықтары мен міндеттері оның жарғысында көрсетіледі. Халықаралық құқық бойынша мемлекетаралық ұйымдарға берілетін негізгі құқықтарды көрсетіңіз.

5. Мемлекет тектес ұйымдардың түсінігі

Кейбір саяси-аумақтың құрылмдарға халықаралық-құқықтық мәртебе берілу мүмкін (Еркін қалалар, Ватикан және т.б.). Мұндай ұйымдар мемлекетке тән белгілердің көпшілігіне ие болғандықтан, халықаралық құқықта оларды мемелекет тектес ұйымдар деп атайды. Мемлекеттен айырмашылығы, егеменділігі болмайды.

6. Жеке тұлғалардың халықаралық-құқықтық мәртебесі

Жеке тұлғалардың халықаралық-құқықтық мәртебесі сұрағын қарастыру кезінде, оларды халықаралық құқықтың субъектісі ретінде мойындау немесе мойындамауға қатысты қалыптасқан көз қарастарды талдау қажет. Сонымен қатар, мемлекеттердің саясатына елеулі түрде әсер етіп тұратын трансұлттық коррпорациялардың халықаралық-құқықтық мәртебелерін талдаңыз.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Нормативтік актілер: [1, 2, 5].

Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3, 6, 13, 14].

Қосымша әдебиеттер: [82, 108, 111, 129, 141].

Электрондық оқулықтар: [1]

Тақырып 7. Халықаралық құқықтағы тану және құқықтық мирасқорлық

1. Халықаралық құқықтағы тану институты.

Халықаралық-құқықтық субъектілік проблемасымен тану сұрақтары тығыз байланысты. Халықаралық құқық бойынша тану дегеніміз: халықаралық құқықтың субъектісімен заңдық маңызы бар фактіні, оқиғаны немесе халықаралық құқық субъектісінің әрекетін саяси-құқықтық акт арқылы мойындау. Тану актісі арқылы мемлекет халықаралық-құқықтық жүйедегі және/немесе халықаралық-құқықтық субъектілікте болған өзгерістермен келіседі. Тану халықаралық қатынастар тәжірибесінде кең тарауын тапқан. Тану арқылы әдет-ғұрыптық нормалара қалыптасады, сондай-ақ халықаралық аренаға жаңа мемлекеттің немесе үкіметтің шыққаны расталады.

2. Танудың нысандары және түрлері

Барлық тану түрлері ішінде ерекше маңызға мемлекеттерді және үкіметтерді тану ие. Осы орайда, мемлекеттерді тану үшін оларға қандай талаптар қойлады және жаңа Үкіметті тану сұрағы қандай жағдайда туындайтынын анықтаңыз.

Жаңадан пайда болған мемлекет үшін тану қандай маңызға ие болатыны жөнінде халықаралық құқық ғылымында екі теория қалыптасқан: конститутивтік және декларативтік. Әрбір теорияның мазмұнын ашу қажет.

Танудың екі нысанын ажыратады: de facto және de jure. Екеуінің арасындағы айырмашылық – туындайтын құқықтық салдар мөлшерінде.

3. Халықаралық құқықтағы құқықтық мирасқорлық

Бір мемлекеттің орнына жаңа бір мемлекет немесе үкімет келген жағдайда, сол аумақтың халықаралық қатынастары және құқықтары мен міндеттері үшін жауапкершіліктің өтуін – халықаралық-құқықтық мирасқорлық деп атайды. Халықаралық құқықта мемлекет үш элементтің қосындысы ретінде қарастырылады: тұрғын-халық, билік, аумақ. Құқықтық мирасқорлық мәселесі, тек қана бір элементтің – аумақтың өзгеруіне байланысты пайда болады.

4. Мемлекеттердің халықаралық шарттарға қатысты мирасқорлығы

Құқықтық мирасқорлық сұрақтары, жалпы халықаралық құқықтағы кез келген сұрақ сияқты өзара келісім арқылы шешілуі тиіс. Мемлекеттік меншік, мұрағат және борыштарға қатысты мирасқорлық сұрақтарын шешу барысында 1978 жылғы «Мемлекеттердің шарттарға қатысты мирасқорлығы туралы» және 1983 жылғы «Мемлекеттердің мемлекеттік меншік, мемлекеттік мұрағат және мемлекеттік борыштарға қатысты мирасқорлығы туралы» Вена конвенциялары қолданылады.

Осы сұрақ көлемінде, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін мирасқорлық сұрақтары қалай шешілгенін және Қазақстанға тиген үлесі қандай болғанын анықтаңыз.

5. Мемлекеттердің мемлекеттік меншік, мемлекеттік мұрағат және мемлекеттік борыштарға қатысты мирасқорлығы

Мемлекеттердің мемлекеттік меншікке мирасқорлығы ішкі құқыққа сәйкес мирасқорлыққа беруші мемлекетке тиесілі болған барлық мүліктер, құқықтар және мүделер түсініледі. Құқықтық мирасқорлыққа беру бір мемлекет бөлінген жағдайда дау туғызады. Бұл 1983 ж. Вена Конвенциясында қарастырылған.

Мемлекеттік мұрағат деп мирасқорлыққа беруші мемлекеттің ішкі құқығына сәйкес оның иелігіндегі және қорғалуындағы болған құжаттар жиынтығы танылады. Бұндай құжаттар мирасқорлыққа беруші мемлекеттің қызметі кезінде пайда болып, олардың сақталу мерзімі көптеген жылдарға созылуы мүмкін.

Мемлекеттік борыш мирасқорлыққа беруші мемелекеттің халықаралық құқққа сәйкес пайда болған қандай да бір қаржылық міндеттеме болып табылады. Бұл мемлекеттік қарыз басқа бір мемлекет, халықаралық ұйым немесе басқа да халықаралық құқық субъектісі алдындағы міндеттеме болады. Мемлекеттік қарыздарға қатысты мирасқорлық несие берушілердің құқықтар мен міндеттеріне әсер етпейді. Егер де бірнеше мемлекет біріктірілсе оған біріккен мемлекеттердің барлық қарыздары өтеді.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Нормативтік актілер: [1, 2, 31, 32].

Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3, 6, 13, 14].

Қосымша әдебиеттер: [32, 35, 56, 65, 148].

Электрондық оқулықтар: [1]

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 431 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)