Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Түбір өзектерін эндодонттық аспаптармен өңдеп-кеңейту әдістері

Читайте также:
  1. Tl ертінділерінен бөліп алу әдістері
  2. Бір түбірлі тістегі периодонттың созылмалы қабынуын емдеу.
  3. Иммунды флюоресценттік сынамада жасушаларды бояу әдістері
  4. Көптүбірлі тістер периодонтының созылмалы қабынуын емдеу.
  5. Кімшілік құқық түсінігі, пәні және әдістері.
  6. Лпа қабынуын емдеудің хирургиялық әдістері.
  7. Мемлекеттік басқару әдістерін топтастыру.

Түбір өзегін эндодонттық аспаптармен өңдеудің негізгі мақсаты өзек қабырғасындағы инфекцияға бай минералданбаған (предентин) және жұмсарған дентинді қырып алып тастап, өзекке пломбылауға ыңғайлы белгілі пішін (конусқа ұқсас) беру. Егер минералданбаған және жұмсарған дентин алынып, өзек қабырғалары жақсы тегістелмесе, пломбылық материал өзек қабырғасымен тығыз жанаспайды, осының нәтижесінде түбір өзегі пломбылық материалмен тығыз толтырылмайды және өзек қабырғасындағы микроорганизмдер еніп кеткен дентин өзекшелерінің ауызы бітелмей қалады. Мұндай жағдайда пломбыланған өзектің өзі инфекция көзі болып қала береді, периодонттағы қабыну үрдісі кері дамуынан қарқындай береді және әртүрлі асқынулар туындатады.

Түбір өзегін эндодонттық аспаптармен өңдеудің алдында оны ұлпа ыдырандысынан ұлпаалғыштың көмегімен тазалап алу керек. Ұлпаалғыштың жұмысшы бөлігінің тістері өте нәзік болғандықтан тез майысады, сондықтан онымен жақсы өтетін өзектерді тазалайды. Түбір өзегін тазалау және өңдеу келесі кезеңдерден тұрады:

Алғашқы дайындық және өзектің түбірұшы бөлігінің еркін өтуін қамтамасыз ету;

Өзектің орта бөлігін дайындау;

Өзекті соңғы рет дайындау.

Қалыптасқан дәстүр бойынша өзектерді өңдеу қолмен істейтін аспаптармен (файлдармен) түбір ұшынан бастап өзек қабырғаларын қыру немесе сүргілеу арқылы орындалады. Егер файл қабырғаға ілініп, жылжи алмай қалса, сағат тілі бағытында және оған қарсы бағытта аздап айналдыра (¼ айналымға) қозғауға болады. Өзек қабырғаларын қыру немесе сүргілеу қимылы бірыңғай және толассыз қабырғалар толық тазаланғанша жүргізіледі. Файлдарды ілінген дентин үгінділерінен ауық-ауық антисептиктер ертінділерінде тазалап тұрады. Өзектің саға бөлігін өңдеу үшін арнаулы Гейтс Глидден кеңейткіш бұрғысы қолданылады.

 

Түбір өзегін “Step-Back” «бір адым кейін» немесе телескопиялық әдіс әдісімен өңдеу.

Бұл әдіс түбір өзегін өңдеуді өзектің ең тар түбір ұшы бөлігінен бастап, өзек сағасы бағытында жүргізуді қарастырады және аспаптарды қолдануды ең кіші өлшемінен бастап, үлкен өлшемімен аяқтайды. Орындау тәсілі:

Түбір өзегін ұсақ аспаптармен өңдеу кезінде құрамында ЭДТУ (этилендиаминтетрауксус қышқылы) бар «Zorgal», «Rc-Prep»сияқты эндолубриканттар пайдаланған жөн. Оларды қолдану дентин өзекшелерінің ауызын тазартуға көмектесіп, ұсақ аспаптардың өзекте еркін жылжуын қамтамасыз етеді.

Түбір ұшына жақын өзек қабырғасында тірек (апикальный упор) жасау. Бұл тірек кертпе ретінде қалыптастырылады және гуттаперчаны түбір ұшы тарылымында (апикальное сужение) жақсылап нығыздау үшін, оның түбір сыртына шығып кетпеуі үшін қажет.

Тіректі өзекте түбір ұшына дейін өткен ең кіші өлшемді файлдың көмегімен жасай бастайды. Мысалы, алғаш өзекті өткен файлдың өлшемі №15, ұзындығы 21 мм болса, тіректі №25 өлшемді аспап қолданғанға дейін (өлшемдерді біртіндеп жоғарылата отырып №15, 20, 25) қалыптастыра береді. Бір өлшемнен екінші өлшемді аспаптарға ауысу қиын болса, «Golden medium» табанына аралық өлшемді аспаптарды (№17,22) пайдаланады. К-файлмен жұмыс істегенде оны жарты немесе ¾ айналымға сағат тілімен немесе оған қарсы бағытта айналдыра отырып, өзектен шығарып алады да дентин үгінділерінен тазартады. Әрбір файлды өзекке енгізер алдында сұйық немесе гель түріндегі эндолубрикантпен ылғалдандырып алады. Аспаптарды алмастыру алдында өзекті жуып дентин үгінділері мен органикалық заттар ыдырандыларынан тазартады және оны арнаулы эндодонттық шприцтің көмегімен орындайды.

Түбір ұшына жақын тірек жасалғаннан кейін өзектің түбір ұшы бөлігін өңдеуге кіріседі. Өңдеуді соңғы өлшемді файлдан (№25) жуандау файлмен (№30) бастайды және оның ұзындығы алдындағысынан 1 мм (қазіргі жағдай 20 мм) кем болуы керек. Осы түйелген кеңейткіш аспаптардың өлшемін үлкейте отырып, түбір ұшындағы тіректен біртіндеп алыстай отырып (әр аспапты енгізгенде 1 мм шегіне отырып) өзекті сағасына дейін кеңейтіп өңдейді. Егер өзек қабырғасынан жұмсарған дентиннің қалың қабатын алу керек немесе өзектің көлденең кесіндісіне сопақ немесе домалақ пішін беру керек болса, онда қырлары өткір, жақсы қыратын Hedsbroem-File қолданған жөн. Бірақ оның өлшемі алдындағы К-файлдан бір өлшемі кіші болуы керек.

Өзектің сағалық бөлігін «Gates Glidden» типтес бұрғылармен өңдейді және олардың да өлшемдерін біртіндеп үлкейтіп (№2,3,4) отырады. Бірақ, көпшілік көзқарастар өзек сағаларын қолмен істейтін файлдарды қолданып өңдеген дұрыс деп санайды.

Өзек қабырғаларын толық тегістеу үшін Hedstroem-File (келтірілген жағдайда №25) қолданады және оны ілгері-кейін жылжыта отырып жұмыс істейді. Жақсы тазаланған өзектен шыққан дентин үгіндісі ақ түсті болады.

«Бір адым кейін» тәсілімен қисық өзектерді кеңейткен кезде қолданылатын аспаптарды өзек қисықтығына сай иіп алған жөн, оны жасамаған жағдайда төмендегідей асқынулар туындайды:

§ өзек «құмсағат» пішіндес болып кеңейеді;

§ өзекте аспап сынып қалуы мүмкін;

өзектің түбір ұшы бөлігі араның тістеріндей болып қалыптасады;

түбірұшы бөлігінде өзек қабырғасын тесіп алудың нәтижесінде «жалған түбір ұшының тесігі» пайда болу қаупі.

 

Түбір өзегін «Crown-Down» (от коронки вниз-сауыттан төмен қарай) әдісімен өңдеу.

Бұл тәсіл – кең тараған тәсіл және түбір өзегін сағасынан бастап түбір ұшына қарай кеңейтуді қарастырады. Бұл үшін кеңейтуді үлкен өлшемді аспаптармен бастап, кіші өлшемді аспаптармен аяқтайды. Мысалы, бастапқы кезде саға бөлігін кеңейтуді «Gates Glidden» және үлкен өлшемді К-файлдармен бастайды. Түбір өзегіне конусқа ұқсас пішін беріп кеңейту үшін «Pro File 04» типтегі немесе ұштықтың көмегімен айналатын (минөтіне 150-250 айналыммен) профайлдарды қолдануға болады.

«Crown Down» тәсілімен өзекті кеңейту тәсілінің жүйесі:

Өзек сағасын қолмен істейтін К-файлдың көмегімен тауып алу.

Өзектің сағалық бөлігін үлкен өлшемді 04 профайлмен кеңейту (аспап сағаға ене алатын болса).

Осыдан кейін өзектің жұмысшы ұзындығын және оны түбір ұшына дейін өте алатын аспаптың өлшемімен анықтау. Өзектің ұзындығын анықтау тістің рентгенсуретін жасау арқылы, тістің ұзындығы таблицасының, апекс-локаторлардың көмегімен анықталады. Мысалы, егер тістің ұзындығы 20мм, ал түбір ұшына №10 қолмен кеңейткіш аспап жететін болса, кеңейтуді №21 өлшемді қолмен кеңейткішке сай №4 профайлмен бастайды (сабы күлгін түсті). Бірінші профайлдың өлшемі түбір ұшына дейін жеткен К-файлдан екі өлшемге артық болу керек.

Өлшемі №4 профайлды аздаған кедергі сезілгенше, өзектің ½бөлігіне дейін енгізіп өңдейді.

Келесі №5 өлшемді профайлды (көкшіл сапты) жоғарыдағы тереңдікке өзекке енгізіп, өзектің сағалық бөлігін кеңейтуді аяқтайды.

Осыдан кейін кеңейтуді бастаған профайл (№4) өлшемінен бір өлшем кем (№3) аспаппен өзектің ⅔- ¾ бөлігін өңдейді. Өзекке енгізілетін аспаптардың жұмысшы бөлігін эндолубриканттармен ылғалдандырады және оларды шығарғаннан кейін өзек натрий гипохлоритінің ертіндісімен жуылып отырады. Өзектің аталған бөлігін кеңейткеннен кейін тағыда тістің рентгенсуретін жасаған жөн. Бұл өзекті осыдан кейін қаншалықты кеңейту керек екенін және өзектің кеңейтілмей қалған бөлігінің ұзындығын анықтау үшін қажет.

Өзектің түбір ұшы бөлігі №2 профайлмен өңделеді, ал түбір ұшына дейінгі 1-2 мм бөлігін қолмен істейтін файлдармен өңдеген тиімді.

Егер қажет болса, өзектің түбір ұшы бөлігін №3,4,5 профайлдармен кеңейтуге де болады.

Түбір өзегін өңдеу нәтижелі болу үшін дәрігерлік тәжрибеде «Crown Down» және «Step Back» әдістерін қоса қолданған тиімді.

Түбір өзектерін «теңестірілген күшпен» (метод «сбалансированной силы») өңдеу әдісі. Бұл әдіс – дәрігердің өзінің ғана таңдау әдісі болып саналады және көбінесе өте қисық өзектерді кеңейту үшін қолданылады. Ол үшін К-файл типтегі файлдар қолданылады. Бұл әдісті қолдану тәсілі көлденең кесіндісі үш немесе төртқырлы сымдарды тығыз спиральға бұрау арқылы дайындалған стандартты К-файлдарды қолдануға негізделген. Айналдыру бағытына қарамай, файлдың кескіш қырлары өзек қабырғаларымен теңбұрышпен жанасады. Сондықтан оның кесу-қыру мүмкіндігі екі бағытта (сағат тілі бағытында және оған қарсы) айналдырғанда да сақталады. Бұл тәсіл К-файлды сағат тіліне қарсы бағытта айналдыруды қажет етеді. Бұл кезде өзек өзінің табиғи қисықтығын сақтайды, ал файл өзінің ортадағы жағдайынан ешқандай ауытқымайды. Файлды өзекке кедергі кездескенше енгізеді және тек тік бағыттағы күшпен сағат тіліне қарсы бағытта айналдырады.

Түбір өзектерін механикалық әдіспен өңдеу кезінде ұсақ аспаптар жиі сынып қалатын және өзек шамадан тыс өңделіп кететін (өзек қабырғалары жұқарып кетеді) жағдайлар кездесе береді. Сондықтан соңғы кездерде түбір өзектерін дыбыспен және ультрадыбыспен өңдеуге деген бетбұрыс бар. Ультра дыбыстарға қарағанда (дыбыстың тербелесі 20 000 Гц) төменгі жиіліктегі дыбысты (тербелісі 1500-6000 Гц) қолданған нәтижелілеу болатыны дәлелденген. Қазіргі кезде түбір өзегін өңдеуге төменгі жиілікті акустикалық жүйе «Sonic Air» қолданылады.

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 86 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)