Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тіс қуыстарының топографиясы.

Жоғарғы орта күрек тіс. Орташа ұзындығы – 22,5 мм, түбір саны – 1 (100%), көлденең кесіндісі – сопақ пішінді (алдан бүйірге қарай созылған), өзегі жақсы өтеді. Түбірінің ұшына жақын бөлігі бүйір бағытында аздап тілген, түбір өзегін өңдеуге арналған бұрғыларды өлшемі – 50-90.

Жоғарғы бүйір күрек тіс. Орташа ұзындығы – 22 мм, түбірлері саны – 1 (99%); 2 (1%); түбір өзектерінің саны – 1 (99%); 2 (1%); көлденең кесіндісі сопақ пішінді (ерін таңдай бағытында), түбірінің ұшына жақын бөлігі бүйір бағытта аздап иілген. Түбір өзегі көбінесе жақсы өтеді және сауыт қуысының жалғасы болып табылады, оны өңдеуге арналған бұрғылардың өлшемі – 35-40 (өзек қисық болғанда); өзек тік болған жағдайда – 50-70.

Жоғарғы сүйір тіс. Орташа ұзындығы – 2, 6, 5 мм, түбірлері саны – 1 (99%), 2 (1%), түбір өзектерінің саны – 1 (99%), көлденең кесіндісі – сопақ пішінді (ерін-таңдай бағытында); түбір ұшы аздап таңдай және бүйір бағыттарында иілген; өңдеуге арналған файлдар өлшемі – 50-70.

Жоғарғы бірінші кіші азу тіс (сурет) – орташа ұзындығы – 20,5 мм; түбірлері саны – 1 (19%), 2(80%), 3(1%); өзектерінің саны – 1 (4%), 2(95%),3(1%); сауыт қуысының пішіні құмсағат пішініне ұқсас, ұрт-таңдай бағытында созыла орналасқан, табаны дөңес ерге ұқсас, екі жағында екі өзек сағалары (таңдай және ұрт өзектері) орналасқан, өзектері аздап артқы бағытта иілген; таңдай өзегін өңдейтін файлдар өлшемі – 40-60; ұрт өзегін өңдейтін файлдар өлшемі – 35-45.

Жоғарғы екінші кіші азу тіс (сурет). Орташа ұзындығы – 21,5 мм; түбірлері саны – 1(90%), 2(9%), 3(1%); түбір өзектерінің саны – 1(75%), 2(24%), 3(1%); аздап артқы және таңдай жаққа иілген. Түбір өзегі таңдай-ұрт бағытында созылған, екі бүйірі қысыңқы саңылауға ұқсас сауыт қуысының жалғасы болып табылады. Түбір өзектері еніне байланысты 45-60, 35-45, 30-35 өлшемді файлдармен өңделеді.

Жоғарғы бірінші үлкен азу тіс (сурет). Орташа ұзындығы – 20,8 мм; түбірлері саны – 2 (15%), 3(85%); сауыт қуысы таңдай-ұрт бағытында аздап созылған, екі бүйірі қысыңқы төртбұрышқа ұқсайды, табанында теңқабырғалы емес үшбұрыш құрай өзек сағалары орналасқан, түбір өзектерінің саны – 3(60%), 4(40%). Үшбұрыштың таңдайжақ сүйір бұрышында таңдай өзегінің сағасы орналасқан, өңдеуге керек файлдар өлшемі – 45-60. ұртжақ сүйір бұрышында алдыңғы ұрт өзегінің сағасы орналасқан және оның орта тереңдігінде төртінші бөлініп шығуы мүмкін (40% жағдайда). Алдыңғы-ұрт өзектерін кеңейтуге арналған файлдар өлшемі – 35-45 (бір өзек болса), 30-40 (екінші тармағы болған кезде). Төртінші өзектің сағасы өте тар болғандықтан оны табу қиын және ол көбіне алдыңғы-ұрт өзегімен бірігіп кетеді.

Үшбұрыштың доғал бұрышында артқы-ұрт өзегінің сағасы орналасқан және тар саңылауға ұқсайды, оны кеңейтуге керекті файлдар өлшемі – 35-45. Түбір өзектерінің қисықтығы әртүрлі.

Жоғарғы екінші үлкен азу тіс (сурет). Орташа ұзындығы – 20 мм; түбірлері саны – 1(1%), 2(19%), 3 (80%); сауыт қуысы төртбұрыш, үшбұрыш, куб пішіндес және таңдай – ұрт бағытында созылған саңылауға ұқсас келеді. Түбір өзектерінің саны – 1(1%), 2(2%), 3(57%), 4(40%); Өзек сағаларының орналасуы, өзектердің қисықтығы, оларды өңдеу бірінші үлкен азу тіске ұқсас келеді. Кей жағдайларда тіс қуысы пішіннің ерекшелігіне байланысты өзек сағалары бір түзудің бойында орналасады. Сонымен қатар алдыңғы-ұрт өзек сағасы артқы-ұрт өзек сағасына өте жақын орналасқан жағдайларда жиі кездесе береді.

Төменгі ортаңғы және бүйір күрек тістер. Орташа ұзындықтары – 20,7 мм; түбірлерінің саны – 1(100%), сауыт қуыстары тіс сауытының пішінін қайталап, тарыла отырып, табансыз тікелей түбір өзегіне ауысады; түбір өзектерінің саны – 1(60%), 2(40%); сауыт қуысына жақын көлденең кесіндісі сопақ пішінді (ерін-тіл бағытында созылған), түбір ұшына жақын – домалақ пішінді; түбір өзегін кеңейтуге арналған файлдар өлшемдері: бірінші өзек үшін – 35-45, екінші өзек үшін – 30-35. Екінші өзек негізгі өзектің тіл жағында орналасқан және оның сағасын табу үшін өзек сағасын тіс мойнына қарай кеңейту керек.

Төменгі сүйір тіс (сурет). Орташа ұзындығы – 25,6 мм; түбір саны – 1(98%), 2(2%); Сауыт қуысы конус пішіндес, біртіндеп тарылып, түбір өзегіне айналады; өзек саны – 1(94%), 2(6%); көлденең кесіндісі сопақ пішінді; кеңейтуге арналған файлдар өлшемі – 45-60.

Төменгі күрек және сүйір тістердің өзектері сопақ пішіндес, ерін және тіл қабырғалары шығыңқы орналасқандықтан (выпуклые стенки), өңдеген кезде аспаптарды осы қабырғаларға тығыз жанастыра отырып, оларды мұқият тазалаған жөн.

Төменгі бірінші кіші азу тіс (сурет). Орташа ұзындығы – 21,6 мм; түбір саны-1 (100%); түбір өзектер саны 1 (75%), 2 (20%), 3(5%); Сауыт қуысы сауыт пішінін қайталап, біртіндеп тарылып, түбір өзегіне ауысады, көлденең кесіндісі домалақ немесе сопақ пішіндес.Өзектерді кеңейтетін файлдар өлшемі: бір өзек болған жағдайда – 40-60, екі өзек болған жағдайда тілжақ өзек үшін -30-40; ұртжақ өзек үшін – 30-40.

Төменгі екінші кіші азу тіс. Орташа ұзындығы – 21,5 мм; түбір саны – 1 (100%); өзектер саны – 1 (89%), 2(10%), 3(1%). Сауыт қуысы тіс сауытының пішінін қайталап, біртіндеп түбір өзегіне ауысады. Өзектерді кеңейтетін файлдар өлшемі: бір өзек болған жағдайда – 40-60, екі өзек болған жағдайда – 35-45.

Төменгі бірінші үлкен азу тіс (сурет). Орташа ұзындығы -21 мм; түбір саны -2(98%), 3(2%); түбір өзектерінің саны – 3(80%), 4(7%), 2(13%); Сауыт қуысы алдан артқа қарай созылған төрт-бұрыш пішіндес, тістің ұртжақ бетіне жақын орналасқан, табаны ойық, көбіне өзек сағалары теңқабырғалы үшбұрыш жасай орналасады. Үшбұрыштың табанында екі алдыңғы (медиальды) өзек сағалары, ал шыңында (вершина) артқы (дистальды) өзек сағасы орналасқан. Алдыңғы түбірде екі өзек орналасқан және олар көбіне артқа қарай қисайған; артқы түбірде көбіне бір өзек (сағасы ұрт-тіл бағытында созылған және сопақ пішінді), кейде сағалары саңылауға ұқсас екі өзек орналасуы мүмкін. Алдыңғы өзектерді кеңейтетін файлдар өлшемі – 35-40, артқы өзек үшін – 45-60.

Төменгі екінші үлкен азу тіс (сурет). Орташа ұзындығы -20 мм; түбірлері саны – 2 (84%), 1(15%), 3(1%). Сауыт қуысы кубқа ұқсас, табаны ойық, өзектер саны – 3(77%), 2(13%), 4(7%), 1(3%); өзек сағалары теңбүйірлі үшбұрыш құрай (бірінші үлкен азу тістегідей), бірақ бір-біріне жақынырақ орналасады. Кейде олар тік бұрышты үшбұрыш жасай да орналасады. Бұл кезде оның табанындағы тік бұрышта алдыңғы тілжақ, ал сүйір бұрышында алдыңғы ұртжақ өзектерінің сағалары орналасады. Егер артқы түбірде екі өзек болатын болса, барлық өзектердің сағалары тік төртбұрыш, куб немесе трапеция пішінін жасай орналасады. Тіс бір түбірлі болған кезде өзек екеу (ұрт және тілжақ өзектері), кейде біреу болады. Бұл кезде сауыт қуысы төртбұрыш немесе домалақ пішінді болып, табансыз біртіндеп түбір өзегіне ауысады.

Түбір өзектерін кеңейтуге арналған файлдар өлшемі: алдыңғы өзектер үшін – 35-45, артқы өзектер үшін – 45-60 (бірінші өзек үшін) және 35-45 (екінші өзектер үшін).

Үшінші үлкен азу тістердің (ақыл тістер) қуыстарының пішіні мен өзектер саны турақты емес, жиі ауытқып тұрады және көп жағдайларда бұл тістерде асқынған тісжегіні емдеу мүмкіндігі бола бермейді.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 103 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)