Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пациентке кеңес беру.

Сәуле әсерінен қатаятын пломбының қатаю үрдісі өзінің межесіне бір тәуліктен кейін жететін болғандықтан, пломбы қойылған уақыттан екі сағаттан кейін ғана ас қабылдауға болатынын, ал бір сөтке өткенше аса қатты, көп шайнауды қажет ететін тағамдарды қабылдамаған тиімді екенін түсіндіру қажет.

Кейде пломбыға шайнау күшін көбірек түсірген кезде электр тогы әсер еткендей қатты ауыру сезімі пайда болуы мүмкін. Мұның себебі, қатаю кезінде көбірек отыру нәтижесінде бондингсіздену үрдісі дамып, пломбының дентинге нашар жабысуы немесе толықтырғыш түйіршіктері арасында электр өрісінің құрылуы. Мұндай сезімдер біртіндеп басылып кетеді. Ал егер басылмайтындай болса, пломбыны алып тастап, жаңадан қоюға тура келеді. Сонымен қатар алғашқы күні қою шәй, кофе және түсті жемістердің (қарақат, шие сияқты) шырындарын ішуге, ерінге жағатын далаптарды пайдалануға болмайтынын ескерткен жөн.

 

 

Бондингтеу техникасы.

Бұл тәсіл дентинге нашар жабысатын, ылғал сүймейтін кіреуке адгезивтерін пайдаланған кезде қолданылады және алдын-ала тісжегі қуысының қабырғаларына цинк-фосфатты немесе поликарбоксилатты цементтен кіреуке-дентин шекарасына дейін аралық төсем салынады. Ал терең тісжегі кезінде міндетті түрде қуыс табанына жұқа қабат түрінде емдік төсем төселінеді және кіреуке жиегі ғана қышқылды ертіндімен немесе гелмен өңделеді. Пломбы қоюдың басқа кезеңдері жоғарыда айтылғандай.

 

Сендвич – техникасы.

Композиттік пломбылық материалдардың беріктігін, механикалық тұрақтылығын және эстетикалық бейімділігін есепке алмағанда, біраз теріс жақтары да бар. Олар – қатаю кезінде көлемінің кішіреюі (отыруы), көлемі үлкен пломбының жүре келе деформацияға ұшырауы және кейбір композиттердің бір-біріне биологиялық үйлесімсіздігі.

Осы қасиеттерді азайту үшін сандвич-техникасы (Sandwich-бутерброд) ұсынылған болатын. Бұл тәсіл екі қабатты пломбы қоюды қарастырады: дентинді шыныиономерлік цементтің, ал кіреукені композиттің көмегімен қалпына келтіреді.

Сандвич – техникалық тәсіл өте үлкен тісжегі қуыстарын, тістердің мойын аймақтарындағы ақауларды пломбылау үшін, сауыты қатты бұзылған ұлпасыз тістерді қалпына келтіру үшін, тіс тіндерінің қалыпты құрылымына есептелген адгезивті жүйе патологиялық өзгеріске қатты ұшыраған кіреуке мен дентинге пломбыны бекіте алмайтын және тісжегі қуысын толық құрғату мүмкіндігі болмайтын жағдайларда қолданылады.

Сандвич-техникасын қолданған кезде екі тұрақты пломбылық материалдардың: шыныиономерлі цемент-композит, компомер-композит, гибридті композит – микротолықтырылған композит үйлесімділігін пайдалануға болады.

Ескерте кететін жай, «классикалық» және сумен қатаятын ШИЦ-ті қолданған кезде сандвич-техникасымен пломбылау тәсілін екі қабылдауда жүргізген жөн:

Бірінші қабылдауда – тісжегі қуысы толығымен шыныиономерлі цементпен пломбылайы;

Екінші қабылдауда – бұрынғы пломбының кіреуке қабатындай қалыңдығы алып, қышқылмен өңдеген соң, пломбының беткі қабатын композиттің көмегімен қайта қалпына келтіреді. Азу тістердегі тісжегі қуыстарын пломбылаған кезде пломбының шайнау бетіндегі композит- қабатының қалыңдығы 2 мм кем болмау керек.

Сандвич-техникасын қолданып, пломбыны екі кезеңмен қою – композиттің әлі толық қатайып үлгірмеген ШИЦ-пен тез арада тығыз байланысқа түсіуі нәтижесінде шыныиономерлі цементтің қуыс табанынан ажырап немесе жұлынып кету мүмкіндігін азайтады.

Қабаттап реставрациялау техникасы (техника слоеной реставрации).

Бұл тәсіл V ұрпақты адгезивті жүйелерді, дәстүрлі, сұйық және нығыздалатын композиттерді үйлестіре қолдануды ұсынады. Бұл кезде барлық материалдардың ең тиімді қасиеттері пайдаланылады.

Қабаттап реставрациялау техникасын I және II кластық өте үлкен қуыстарды пломбылаған кезде қолдануға болады және оны орындау адгезивті техниканы орындау тәсіліндей. Ал өзгешелігі - әртүрлі пломбылық материалдарды қою ерекшелігінде.

Қабаттап реставрациялау техникасын қолданып пломбы қоюдың кезеңдері:

Тістің бетін тазалау;

Реставрациялау жоспарын құру және пломбылық материалдың түсін таңдап алу;

Тісжегі қуысын егеп-тазалау;

Тісжегі қуысын сілекей түсуден қорғау;

Тісжегі қуысын дәрілермен өңдеу және кептіру;

Аралық төсем салу.

Орта тісжегі кезінде аралық төсем салынбайды, ал терең тісжегі болса, емдік төсем төселіп, аралық төсеммен жабылады (тек қуыс табанына ғана). Аралық төсем үшін гибридті шыныиономерлі цементті пайдаланған жөн.

Адгезивті жүйені қолдану.

Бұл кезде көбіне адгезивті жүйенің V ұрпағы қолданылады, сонымен қатар IV ұрпағын да пайдалануға болады (шығарушы фирманың нұсқамасына сай).

Өте жақсы бейімделген бастапқы (алғашқы) қабатты құру (создание начального суперадаптивного слоя).

Бұл кезеңде тісжегі қуысының қабырғаларын сұйық композиттің жұқа қабатымен жабады, және «проблемалы» аймақтарға (қызыл иек жақ қабырғасына, бұрыштарына т.б.) үлкен мән береді. Композит қабатын сәуле көмегімен қатайтады.

Жақсы, тиімді қасиеттеріне байланысты, сұйық композит барлық ұсақ саңылауларды, бұрыштарды, кедір-бұдыр беттерді жауып, пломбының жақсы жиектік жанасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, сұйық композит пломбы астында шайнау қысымын реттейтін эластикалық «жастықтың» қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Қуысты нығыздалатын композитпен пломбылау.

Бұл кезеңде қуыс қалыңдығы 2 мм көлдбеу қабатпен салынатын, нығыздала қатайтылатын композитпен жиегіне 1-1,5 мм жетпей пломбыланады.

Пломбының бетін (реставрациялау бетін) дәстүрлі микрогибридті композитпен жабу.

Тісжегі қуысының жабылмай қалған 1-1,5 мм бөлігі дәстүрлі әмбебап микрогибридті композитпен толтырылады, беті тістің табиғи ерекшелігіне сай пішінделеді және сәуленің көмегімен қатайтылады.

Екінші кластық тісжегі қуысы пломбыланған болса, матрицаны және сыналарды алғаннан кейін пломбыға ауыз және ұрт жағынан қосымша уақытқа (10-20 секөнд) сәуле жіберіледі.

Пломбыны соңғы рет өңдеу және әрлеу;

Пломбыны қайта бондингтеу;

Пломбыға жақын кіреуке аймағына фтор сіңіру (флюоризациялау). Ол үшін құрамында фтор бар гелдермен, лактармен және ертінділермен жапсырмалар (аппликациялау) қойылады. Қайта бондингтеу әдісі жүргізілген болса, фтор сіңіру үрдісінің қажеттілігіде шамалы болады.

Пациентке кеңес беру.

Тісжегі қуыстарын пломбылаудың немесе тістерді реставрациялаудың айтылған тәсілдерін қолдана отырып, әртүрлі ықпалдар әсерінен зардап шеккен тістерді композиттік пломбылық материалдардың көмегімен қайта қалпына келтіру мүмкіндігі орасан зор екеніне көз жеткізуге болады. Мұның өзі дәрігерден жоғары біліктілікті, клиникалық кең ой-өрісті, әрбір тұғырықты жағдайлардың шешімін таба білуді талап етеді.

 

Тісжегіні емдеген кезде жіберілетін қателіктер мен асқынулар.

Тісжегіні емдеген кезде жіберілетін қателіктер мен асқынулар өте жиі кездеседі және олар дәрігер-стоматологтың біліктілігімен тікелей байланысты. Жиірек кездесетін асқынулар төмендегілер:

Ұлпаны кездейсоқ ашып алу. Бұл көбінесе тіс қуысының топографиясын нашар білгендіктен, терең тісжегі қуысының табанын тазалаған кезде кішкентай диаметрлі борды және оны үлкен жылдамдықта қолдану нәтижесінде туындайды. Емі: ұлпаны сақтап емдеу әдісін қолданады.

Қойылған пломбының төңірегінде екіншілік тісжегінің дамуы. Себебі: жұмсарған дентинді толық алмау, кіреуке жиегін дұрыс тегістемеу, аралық төсемді кіреуке-дентин шекарасына шығара төсеу, әртүрлі материалдармен пломбылау техникасын дұрыс орындамау. Емі: пломбыны алып тастап, тісжегі қуысын қайта егеп-тазалау, техникалық ережелерді сақтап, пломбыны жаңадан қою.

Пломбы қойылғаннан кейін ұлпаның қабынуы және өліеттенуі (некроздануы). Себебі: ұлпаға зиянды әсерлері бар пломбылық материалдардың астына аралық төсемді дұрыс қоймау, терең тісжегі кезінде емдік төсемдер қолданбау, өте жоғары айналымдағы борды суытпаудың нәтижесінде қатты қызып кетуі. Емі: анықталған ұлпа мен периодонт қабынуларын емдеу.

Қызылиек бүртіктерінің қабынуы және пародонттың шектеле қабынулары (жедел және созылмалы). Себебі: III, IV және II кластық тісжегі қуыстары кезінде салбыраңқы қойылған пломбылар немесе тістердің түйісу орындарының дұрыс қалыптаспауы. Емі: пломбыны қайтадан және дұрыс қою. Кейбір жағдайларда жасанды сауыттар кигізуге тура келеді.

Пломбының түсіп қалуы (бірден немесе біраз уақыт өткен соң). Себебі: тісжегі қуысын дұрыс егеп-тазаламау, пломбылау кезінде сілекей түсіп кетуі, пломбылық материалдың дұрыс таңдалмауы және қою технологиясының дұрыс сақталмауы. Емі: тісжегі қуысын дұрыс егеп-тазалау және пломбыны жаңадан қою.

Тістің түсінің өзгеруі. Себебі: жұмсарған дентиннің толық алынбауы, ұлпаның өліеттенуі, пломбылық материалды дұрыс және тіс түсіне сай таңдамау, орынды қолданбау. Емі: тісжегі қуысын дұрыс егеп-тазалау, ұлпа өліеттенген жағдайда оны алып тастау, тісті түссіздендіру, түбір өзегін пломбылап, жаңадан пломбы қою.

Ауыздың жұмсақ тіндерін жарақаттап алу. Себебі: бордың ұштыққа нашар бекітілуі, тістен тайып, қолдан шығып кетуі. Болашақта бордың бекуін мұқият тексеру, ұштықты қолда дұрыс ұстау. Жарақат ошағынан аққан қанды тоқтатып, антисептиктермен өңдеу, жарақат ошағының жазылуын тездететін жақпалар қойып емдеу.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 356 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)