Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Композиттік пломбылық материалдарды клиникада жалпы қолдану тәсілі.

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының 1995 жылғы конституциясының жалпы сипаттамасы
  2. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  3. Бап. Тексерулердiң жалпы мәселелерi
  4. Жалпы қолданыстағы сөздерден жасалған терминдер.
  5. Жалпы қолданыстағы сөздерден жасалған терминдер.
  6. Жалпы ережелер
  7. Жалпы ережелер, қарауылдың киім нысаны.

Қолданатын пломбылық материалдарды таңдап алу үшін төмендегі жағдайларды ескеру керек:

Клиниалық ерекшеліктерді (тісжегі қуысынң орналасу ерекшелігін, көлемін және пішінін, ТПЖ (КПУ) көрсеткішінің мәнін, жеке-тұлғалық тісжегіге тұрақтылықты);

Емдеу мекемесіндегі реставрациялық материалдың бар-жоғын, ассортиментін (әртүрлілігін);

Дәрігер-стоматологтың квалификациясын (біліктілігін), жаңа технологияны игеруін;

Пациенттің эстетикалық сұранысын және қаржы мүмкіншілігін.

Ескерте кететін жай, композиттік материалдарды эвгенолмен, фенолмен және иодоформмен қатар қолдануға болмайды, себебі олар қатаю үрдісіне теріс әсерін тигізеді. Дегенмен, түбір өзектерін эвгенол негізді қойыртпақтармен пломбылау композиттерге қалай әсер ететіні туралы мәліметтер аз.

Бұзылған және жарақаттанған тістерді композиттердің көмегімен пломбылау немесе қайта қалпына келтіру (реставрациялау) шаралары дәрігерден тісжегі қуысын егеп-тазалауды дұрыс орындауды, адгезивті жүйемен, реставрациялық материалмен жұмыс істеу ережесін толық сақтауды талап етеді және негізгі кезеңдерден тұрады:

Тісжегі қуысын егеп-тазалау;

Дәрілермен өңдеу және кептіру;

Емдік немесе аралық төсем салу (көрсетіліміне қарай);

Адгезивтік жүйені қолдану;

Реставрациялық материалды апару және қатайту;

Пломбыны тегістеу және әрлеу;

Қайта бондингтеу.

Қажет болған жағдайда (қатты ауыру сезімі болса, бормашинадан қатты қорқатын кезде) тісжегі қуысын егеп-тазалауды тісті уақытша жансыздандырып алғаннан кейін орындайды.

Композиттен қоылған пломбының жақсы жабсуы үшін, тиімді жиектік жабысуды қамтамасыз ету үшін, пломбының тұрақтылығын сақтау және түрлі асқынулардың алдын-алу үшін әртүрлі техникалық амалдар қолданылады және оларды төрт топқа бөлуге болады:

Бондингтеу техникасы;

Адгезивтік техника;

Сендвич – техникасы;

Қабатты реставрациялау техникасы.

Мұндай топтастыру тек шартты негіздерге сүйене жасалған, себебі әрбір техниканың кезеңдері бір-біріне ұқсас келеді.

Адгезивтік техника..

Адгезивтік техника арқылы реставрациялау тәсілі соңғы кезде терапиялық стоматологияда кең қолданыс тапты. Бұл техника композиттік материалдың кіреуке мен дентинге адгезивті жүйенің көмегімен жабысуын қамтамасыз етеді және төменгі кезеңдерден тұрады:

Тістің бетін тазалау

Бұл шараны тістерді кез-келген пломбылық материалдармен пломбылау кезінде міндетті түрде жүргізу керек. Пломбыланатын және көрші тістер, қажет болса, қарама-қарсы орналасқан тістер жұмсақ және қатты тіс шөгінділерінен, пигменттерден тазаланып, тістің нағыз өз түсі анықталады. Тазалап біткеннен кейін сумен жуып тастайды.

Реставрациялаудың жоспарын құру және пломбылық материалдың керек түстерін таңдау.

Реставрациялау жоспарына тістің анатомиялық ерекшеліктерін (сауытының көлемі, пішіндік ерекшеліктері, рельефтері, тістем қатынастары), түстік ерекшеліктерін (негізгі түсі, оның қаныққандығы, әр аймағының: мойын бөлігінің, орта бөлігінің, тістеу қырының, жанасу беттерінің түстік және мөлдірлік ерекшеліктері, сәуле сындырғыштығы) анықтау шаралары кіреді.

Тістің табиғи түсін күн жарығында анықтаған дұрыс болады, ал көп жағдайды жасанды жарық көмегімен анықтауға тура келеді. Тістің табиғи түсін сай етіп таңдау үшін композиттік материалдар түрлі түспен шығарылады және әртүрлі әріптермен белгіленеді.

Тіс түсінің қаныққандық үлгісін белгілейтін әріптерді төмендегідей орналастырған жөн:

В1; А1; В2; Д2; А2; С1; С2; Д4; А3; Д3; В3; А3,5; В4; С3; А4; С4.

Тістердің түсі біртүсті ғана емес екені белгілі. Әр аймақтарының түстері мен мөлдірліктері әртүрлі болып келеді. Осыған байланысты соңғы кезде композиттік материалдар төмендегі варианттармен шығарылады:

а) «Кіреуке» - «Эмаль» (Enamel, SchmelZ) түсі мен мөлдірлігі тіс кіреукесіне сай.

б) «Дентин» - «Дентин» (Dentin, Opaque, Opak) – түсі және күңгірттігі тіс дентиніне ұқсас.

в) «Тістеу қыры» - «Режущий край» (Incisal, Inzisal) – мөлдірлігі мен сәуле сындырғыштығы өте жоғары, тістеу қырларын қалыптастыру үшін, түсін өзгертуді қажет етпейтін ұсақ ақауларды жабу қолданылады.

Тіс сауытында үш түстік белдеуді ажыратуға болады (сурет).

Бірінші белдеу – тістің мойнына жақын бөлігі. Бұл аймақтың түсі қоюлау (сарғыш немесе сұрлау);

Екінші белдеу – тістің денесі, түсі кіреукенің негізгі түсіне сай келеді және пломбылық материал осы аймақтың түсіне қарай таңдап алынады;

Үшінші белдеу – тістеу қыры, бұл аймақ жарық және мөлдір келеді, түсі сұрлау немесе көгілдірлеу болып келеді.

Төмендегі таблицада (кестеде) тіс түстерінің ауысу анықтамасы берілген («Vita Shade» үлгілері пайдаланылған).

Таблица (кесте)

Тіс мойны А2 А3,5 С4 С3 В4 С4 С4 С4 С4
Тіс денесі А1 А2 А3,5 В2 В3 С2 С3 Д2 Д3
Тістеу қыры В1 С1 С1 В1 С2 С2 Д3 С1 С1

 

Пломбының түсі көп жағдайда оның қалыңдығына да байланысты болады. Толыққанды эстетикалы реставрациялау жүргізуге бір немесе екі дентин түсі, бір мөлдір түс (тістеу қыры үшін) және 3-4 түс жалпы кіреукені қалыптастыру үшін қажет болады.

Тісжегі қуысын егеп-тазалау.

Тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың Блек ұсынған жүйеге байланысты ерекшеліктері ертеректе айтылды (бөлім). Бұл кезде патологиялық өзгеріске ұшыраған тістің қатты тіндерін барынша егеп алып тастап, қалыпты тіндерді мүмкіндігінше сақтау қағидасы сақталынады және қуыс қабырғаларында ешқандай ретенциялық құрылымдар жасалынбайды. Алдыңғы тістердегі III, IV және V кластық тісжегі қуыстарын қалыпқа келтіріп, жиектерін өңдеген кезде кіреуке 45° бұрышпен кесіліп алынады. Ал шайнау беттеріндегі тісжегі қуыстарын егеп-тазалаған кезде, кіреуке жиегі кесілмей, тек қана тегістеледі.

Пломбыланатын тісті сілекейден қорғау.

Пломбы қойылатын тісжегі қуысына сілекей түсірмеу үшін мақта біліктер мен сілекей сорғышты пайдаланады. Сілекей түсірмеудің ең жақсы тәсілі – коффердам (ротердам) немесе квикдам қолдану. Коффердамды қолдану – пациентті жатқызып, «төрт қолды» пайдаланып емдеу жүргізген кезде өте тиімді.

Тісжегі қуысын дәілермен өңдеу және кептіру.

Бұл шараның мақсаты – тісжегі қуысын дентин үгінділерінен, микроорганизмдерден тазалау және қабырғаларын құрғату. Бізде стоматологтар үшін дәстүрге айналған әдістің бірі – тісжегі қуысын сутегінің асқынтотығының 3% ертіндісімен жуып, 96° спритпен және эфирмен кептіру болатын. Қазіргі кезде оларды қолдану шектеле бастады. Себебі, спирт пен эфирдің ұлпаны тітіркендіру әсерлері жоғары, ал тісжегі қуысын кептіру мүмкіндіктері төмен. Ал сутегінің асқын тотығы дентинді оттегімен қанықтырып, адгезивті жүйе мен композиттің қатаюының тежелуіне әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан да тісжегі қуысын дистилденген сумен шайып, ауамен кептірген тиімді деген көзқараспен келісуге болады.

Аралық төсем салу.

Соңғы жылдары шыққан адгезивті жүйені пайдаланған кезде жоғары және орта тісжегі кезінде аралық төсем төсемесе де болады, өйткені гибридті қабат ұлпаны пломбылық материалдардың зиянды әсерлерінен жақсы қорғап, микроорганизмдердің дентин өзекшелері арқылы ұлпаға өтуін тежей алады.

Терең тісжегі қуыстары кезінде қуыс табанына жұқа қабат қалыптастыра отырып, кальций сутотығы негіздес емдік төсем салып, аралық төсеммен жабады және ол үшін гибридті шыныиономерлі цементтерді қолданған тиімді болады. Бұл кезде аралық төсемді міндетті түрде салу керек, себебі, адгезивті жүйенің құрамындағы қышқылдар, спирт, ацетон емдік төсемнің пайдалы қасиеттерін жойып жіберуі мүмкін. Дентиндік адгезивтер қолданылатын болса, аралық төсем тек қуыс табанына ғана салынады.

Адгезивті жүйені қолдану.

Адгезивті жүйе шығарушы фирма ұсынған тәсіл бойынша қолданылады. Дентинмен байланысқа түсуіне байланысты оны қолдану техникасы әртүрлі болуы мүмкін.

Тісжегі қуысына композиттік пломбылық материалды апару және қатайту (қатаюы).

Химиялық жолмен қатаятын пломбылық материал қатаю уақытының аздығына байланысты тісжегі қуысына бір немесе екі бөлікпен апарылады және тез нығыздалады, пішін беру, бетін әрлеу шаралары қатайған соң жүргізіледі.

Сәулемен қатаятын пломбылық материалдар ертеде айтылғандай бірнеше бөлініп апарылады және қабатталып салынады (қабаттың қалыңдығы 3 мм аспау керек). Әр қабаты бағытталған сәуле әсерімен мұқият қатайтылады. Ең ақырғы қабат салынғаннан кейін тістің анатомиялық белгілері (рельефі) қалыптастырылады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 94 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)