Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жедел зақым.

Читайте также:
  1. Балаларда кездесетін тіс жарақаттары. Диагностикасының және емнің клиникалық ағымының ерекшеліктері. Жедел тіс жарақаты бар баланы
  2. Периодонттың жедел қабынуы.
  3. Периодонттың жедел қабынуын емдеу.

Жедел зақым кездейсоқ құлау немесе спорт ойындары, жанжал, т.б. кездерде тістердің ұрылып қалуы әсерінен дамиды, көбінесе (32% жағдайда) балалардың алдыңғы тістері бұзылысқа ұщырайды.

Грошиков М.И. тістердің жедел зақымдарының төмендегі жүйесін ұсынған:

I. Тістің соғылуы (ушиб зуба), нерв-қантамыр шоғырының зақымдануымен және зақымдануынсыз.

II. Тістің орнынан таюы (шығуы)

1. жартылай таюы (қантамыр-нерв щоғырының зақымдануынсыз және зақымдануымен); а) сауытының тістесу бетіне қарай ауытқуы; б) ауыз кіре берісіне қарай ауытқуы; в) көрші тіске қарай ауытқуы; г) таңдайға қарай ауытқуы; д) өсінен айналып ауытқуы; е) аралас бағыттарда ауытқуы(комбинированный вывих).

2. шегеленіп таюы;

3. толық таюы;

III. Тістің сынуы:

1. тіс сауытының сынуы: а) кіреуке деңгейінде; б) кіреуке және дентин деңгейінде, ұлпа ашылмаған немесе ұлпа ашылған.

2. тіс мойнының сынуы: а) қызыл иек сайынан жоғары; б) қызыл иек сайынан төмен.

3. тіс түбірінің сынуы: а) сынық деңгейінде ұлпа үзілген немесе үзілмеген (сынықтар орнынан тайған немесе таймаған); б) көлденең; қиғаш, ұзынынан; ұсақталып; мойын, орта және түбір ұшы бөліктерінде.

IV. Аралас зақым (комбинированная травма).

V. Тіс ұрығының зақымы.

 

Тістің соғылуы (ушиб зуба). Жарақат алғаннан кейін алғашқы уақытта тісте және тіс аймағында аздаған, тістесу кезінде күшейетін ауыру сезімі пайда болады. Кейде жарақат әсерінен қантамыр шоғыры үзіліп кетуі және ұлпаға қан құйылуы мүмкін. Мұндай жағдайда тістің электрқозғыштығын 2-3 күннен кейін анықтайды. Тістің төңірегіндегі жұмсақ тіндер қызарып домбығуы мүмкін, кейде қан құйылу ошақтары (гематома) да орын алады.

Тістің соғылуы түбірінің сынуынан ажырата білу керек (рентгендік тексерудің көмегімен).

Емі. Жарақат алған тіске тыныштық беру керек, қатты тағам тістеуге және шайнауға болмайды. Сирек жағдайда қарсы тіс тие бермеу үшін оның тістеу қырын немесе төмпешіктерін аздап егеп – тегістеп тастайды. Тістің электрқозғыштығын бір ай ішінде ауық-ауық анықтап тұру керек. Егер оның көрсеткіші ұлпаның өліеттенгенін дәлелдей алса, бүтін тіс сауытын тиімді аймағында тесіп (трепанациялап), ұлпаны алып, түбір өзегін пломбылайды. Тіс сауытының түсі қоңырланып өзгерген болса (ұлпаға қан құйылуы әсерінен), оны алдымен түссіздендіріп барып, трепанациялық тесікті композиттермен пломбылайды.

Тістің таюы. Бұл тістің өз ұясында жарақаттаушы ықпал әсерінен әртүрлі бағытта орнынан ауытқуы. Тіс ұясынан шығуы кезінде қызыл иекте жарақаттануы мүмкін.

Тістің таюы жартылай, толық және шегеленген болып бөлінеді, өзі жеке немесе түбір, альвеола өсіндісі және жақтың сынығымен қатар кездесе береді.

Тістің толық таюы оның ұяшығынан толық шығып қалуымен сипатталады және оны тістің жарақат әсерінен жұлынуы (травматическая экстракция зуба) деп атайды. Тіс толық тайған кезде кейде жұмсақ тіндерге ілініп қалынып, салбырап тұруы да мүмкін.

Тістің жартылай таюы – периодонт талшықтарының аз-көп аймақта үзілуіне байланысты түбірдің тіс ұяшығынан жартылай ауытқып орналасуы.

Шегеленген тіс (вколоченный зуб) – тістің жартылай немесе толық жақ сүйегі денесіне еніп кетуі. Бұл кезде тіс енген аймақтағы сүйек тіні бұзылысқа ұшырайды.

Тісі орнынан жартылай тайған адам бір немесе бірнеше тістеренінң ауыратынына, қозғалмалы болғанына шағымданады және себебін айтады.

Бұл жағдайда тісті сақтап қалу мәселесін шешу қажет. Сақтаудың негізгі көрсеткіші – түбір төңірегіндегі сүйек тіндерінің жағдайы. Егер олар тіс түбірі ұзындығының жартысынан көбірек аймақта сақталса, тісті сақтауға болады және жергілікті жансыздандыру әдісін қолданып бұрынғы орнына қайта қойып, оған тыныштық береді. Тістің қозғалмалығын жою үшін көрші тістерге шендеуіштің көмегімен бекітеді. Осыдан кейін тістің электрқозғыштығын анықтайды. Егер электрқозғыштығы төмен болса (100мка жоғары), 5 – 6 күн өткізіп барып, қайта анықтайды. Себебі алғашқы күндері ұлпаның электрқозғыштығы жарақат әсерінен төмендеуі мүмкін және қантамыр-нерв шоғыры үзілмесе біртіндеп қалпына келе бастайды.

Егер қайталап анықтаған кезде тістің электрқозғыштығы 100 мка немесе одан жоғары болса, ұлпаны алу шараларын жүргізеді (мұндай көрсеткіштер ұлпа өліеттенуінің белгісі). Шендеуіш жарақаттан кейін 3 айдан соң алынады.

Шегелене тайған тістер кезінде де науқас қатты ауыру сезіміне, тісінің қысқарғанына шағымданады және себебін анық айтады. Бұл кезде тісті орнына қайта келтіріп, көрші тістерге бекіткен соң, бірден өліеттенген ұлпасын алып тастайды. Мұндай ұлпа тіс қуысында ұзақ сақталса, ыдырауға ұшырап, тістің түсінің өзгеруіне әкеліп соғады (тіс көкшіл-сұр немесе қара-сұр түске боялады) және периодонтта қабыну үрдісін туындатады.

Тістің толық таюы кезінде науқас тісті орнына қайта қойғанын немесе қолында ұстап келеді. Орнына қайта қойылған тіс орнында дұрыс орналасқан болса, шендеуішпен көрші тістерге бекітеді және өліеттенген ұлпасын алып тастайды. Егер қолында әкелсе, тісті «реплантациялау» немесе қайта отырғызу әдісін қолданады. Ол үшін тісті аз уақыт антисептиктер ертіндісінде ұстағаннан кейін ұлпасын алып, түбір өзегін пломбылайды. Тіс ұлпасын және тісті антисептиктер ертіндісімен өндеген соң, тісті ұясына орналастырып қозғалмайтындай етіп бекітеді. Бұл әдіс зардап шеккен тістер төңірегіндегі пародонт өзгеріске ұшырамаған жағдайда жақсы нәтиже береді. Жарақат алғаннан кейін 20-30 минөт аралықта орнына қайта отырғызылған тістің түбірі аздап қана сорылады және ұзақ уақыт тіс қатарында сақталады. Бұл операция кешірек жүргізілсе, алғашқы бір ай ішінде тістің түбірі сорыла бастайды және уақыт өткен сайын үдей береді. Сондықтан тістің орнында ұзақ сақталуы күмән тудырады.

Тістің сынуы (перелом зуба). Тіс сауыт және түбір деңгейлерінде сынуы мүмкін (сурет). Тіс сауыты әртүрлі деңгейде сынған кезде науқас тісінің әртүрлі тітіркендіргіштерден ауыратынына шағымданады. Қарап байқағанда тіс сауытының сыну нәтижесінде ақауланғанын көреміз. Бұл жағдайда тіс ұлпасы ашылмаса, композиттік материалдардың көмегімен тісті қайта қалпына келтіреді. Пломбының туруына жағдай болмаса, ұлпамаңайлық (парапульпарлық) штифтердің көмегімен тіс сауытын қалпына келтіреді. Ол үшін уақытша жансыздандырғаннан кейін сынық алаңында тіс өзегіне қатар (параллельді) бір немесе екі (тіс сауытының диаметріне байланысты) жасанды өзек жасап, анкерлі штифтер отырғызып барып, тіс сауытын қалпына келтіреді.

Жарақаттан сынған тістің ұлпасы ашылса, міндетті түрде уақытша жансыздардырғаннан кейін алып тастап, түбір өзегін пломбылайды. Сынған тіс сауытын қалпына келтіру тиімді әдістермен (анкерлік штифтерді қолданып, өзекті тістердің көмегімен немесе жасанды сауыт кигізу арқылы) жүзеге асырылады.

Тіс мойын деңгейінде сынған болса, қалған түбірді өзегінен ұлпасын алған соң әртүрлі мақсатта пайдаланады: анкерлі штифт қойып, тіс сауытын композиттердің көмегімен қалпына келтіреді немесе өзекті тістер дайындайды. Ол үшін түбір өзегінің түбір ұшы бөлігін (өзектің 1\3 – 1\4) ғана пломбылайды, қалған бөлігін штифтер орнату үшін пайдалады.

Түбірдің сынуы көлденең, ұзынынан, қиғаш және жарықшақтана (оскольчатый перелом) сыну болып бөлінеді (сурет). Ең ыңғайсыз болып келетіні – ұзынынан, қиғаш және жарықшақтана сыну. Бұл кезде түбірді ортопедиялық тіреу ретінде пайдалануға мүмкіндік болмайды.

Көлденең сыну кезінде сынық деңгейінің үлкен маңызы бар. Егер сынық тіс түбір ұзындығының мойынына жақын 1\3-1\4 деңгейінде немесе ортасында орналасса, тістің электрқозғыштығын анықтайды. Егер электрқозғыштық көрсеткіші қалыпты жағдайда немесе аздап төмендеген болса (20-30 мка), тіске тыныштық береді, қажет болса шендейді және бақылауда ұстайды. Ұлпасы тірі тіс түбірінің сынығы өз бетімен бітеді. Егер ұлпа қозғыштығының көрсеткіші 100 мка жоғары болса, тісті шендегеннен кейін (аздаған қозғалмалылығы болса) ұлпасын алып тастап, сынықтарды түбір өзегін металдан жасалған арнаулы штифтермен пломбылау арқылы біріктіреді. Ұлпасы тірі тіс түбірінің сынықтары ұлпада екіншілік дентин, ал периодонт жағынан цемент құрылуы нәтижесінде бітеді. Ұлпасы алынған тісте сынық аймағында периодонт жағынан тек цемент қана құрылады. Егер сынық деңгейі түбір ұшына тым жақын орналасса, ұлпасы зардап шекпеген жағдайда тіске күш түсірмей, орнында қалтырады және біраз уақытқа дейін бақылауда ұстайды. Ұлпасы өліеттенген тістің сауытын тесіп, ұлпасын ыдырамай тұрып алып тастайды және қатты немесе жұмсақ материалдармен толтырып пломбылайды. Мүмкіндік болса, түбір ұшы сынығын арнаулы операция жасау арқылы алып тастаған жөн. Егер ешқандай асқыну қаупі болмаса, түбір ұшы сынығын тимей орнында қалдыруға да болады.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 64 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)