Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіреуке эрозиясының емі.

Читайте также:
  1. Тістер эрозиясының клиникалық көрінісі.

Жарақаттың бастапқы сатысында қайта минералдандырып емдеген тиімді. Құрамында фтор, кальций бар арнаулы ертінділерді жапсырма (аппликация) немесе электрофорездеу әдісімен жарақат ошағына сіңіреді. Қайта минералдандыру үшін қоскомпонентті кальций нитратынынң 10% ертіндісінен және аммоний қышқыл фосфатының ертіндісінен түратын қоспаны пайдалануға болады.

Максимовский Ю.М. (1981) эрозиялық ақауларды композиттік материалдармен пломбылап, тісті реставрациялаудың алдында жарақат ошағында қайта минералдандырып емдеу шараларын жүргізіп, тістің қатты тіндерін тығыздандырып алған жөн деп ұйғарады. Мұның өзі пломбының жиектік жабысуын жақсартып, пломбы төңірегінде саңылау болмауын қамтамасыз етеді.

 

Тістің қатты тіндерінің өліеттенуі (некроздануы).

Тістердің қатты тіндерінің некроздану себептері анықталмаған. Көпшілік ұйғарымдарға жүгінсек, мұндай жарақаттар ішкі бездер (қалқанша, без, жыныс бездері) қызметінің ауытқуы нәтижесінде дамиды.

Клиникалық көрінісі. Тістің қатты тіндерінің некроздануы белгілі бір аймақтарда кіреукенің жылтырлығы жойылып, бортүстес дақтардың пайда болып, кейінірек қою қоңыр түстенуімен сипатталады. Жарақат ошағының шекарасы өте анық және біркелкі емес, иір-қиыр болып келеді. Ошақ ортасында тіндер жұмсарып, ақау пайда болады. Бұл кезде кіреуке өте нәзік және омырылғыш келеді, аршығыштың көмегімен-ақ сындырып алуға болады және көптеген тістер жарақаттанады. Жарақаттанған тістер әртүрлі тітіркендіргіштерге өте сезімтал болғандықтан, науқас тістерінің ыстықтан, суықтан, механикалық және химиялық әсерлерден қақсап ауырып барып, тез басылатынына шағымданады.

Қатты тіндердің некроздану ошақтары көбінесе күрек, сүйір және кіші азу тістердің мойын аймақтарында ұрт жақ беттерінде пайда болады, үлкен азу тістер сирек жарақаттанады.

Патологиялық анатомиясы. Қатты тіндердің некроздануына беткейлік деминералдану ошақтарының пайда болуы тән. Поляризациялаушы микроскоппен шлифтерді тексерген кезде ақ дақ ошағында кіреукенің сыртқы қабаты сақталған, астыңғы қабатында өзгерістер байқалады. Ретциус жолақтары анық көрінеді, орталық қараңғы белдеу жиектерінде байқалған жарық аймақтар бастапқы тісжегі кезіндегі өзгерістерге ұқсас болады. Сондықтан кіреуке некроздануын өте жылдам дамитын тісжегіге тән үрдіс деп те ұйғаруға болады.

Сараптамалық нақтамасы. Тіс тіндерінің мойын аймағында некроздануының жақсы дамыған сатысын сынаға ұқсас ақаудан және кіреуке эрозиясынан ажырата білу керек. Бұл жарақаттар өздерінің сыртқы көріністерімен бір-бірінен ерекшелінеді. Некроздану ошағының беті тегіс емес кедір-бұдыр болып келеді.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 49 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)