Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып : Іс-әрекет психологиясы

Читайте также:
  1. Аса қауіпті ауру қоздырғыштардың таралуы кезіндегі халықтың іс-әрекеті
  2. Дәріс тақырыптары.
  3. Дәрістің тақырыптық жоспары
  4. Ересектер психологиясы
  5. Жұмыстарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары
  6. Жазбаша жұмыстар тақырыптары
  7. Жасерекшеліктер педагогикасы мен психологиясы кафедрасы

Жоспар:

1. Іс-әрекеттің қоғамдық әлеуметтік мәні.

2. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі ең басты белгісі.

3. Жеке тұлғаның іс-әрекетінің психологиялық құрылымы.

4. Адамның қажеттіліктері мен мұқтаждықтары және іс-әрекет түрлері.

Негізгі ұғымдар: Жеке тұлға, адам, даралық, әлеуметтік функция, преформизм, бихевиоризм, прагматизм.

Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны ерекше және ол – адамтану ғылымдары жүйесінде жетекші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қаиеттерін өзгертуді мақсат етіп қояды. Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл - есі ауысқан жынды да дара адам (индивид) болып саналады. Осындай ерекшеліктерімен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомданып, қадір – қасиеттері қалыптасады.

Адам қажеттіліктерінің бәріне жуығы еңбек арқылы қанағаттандырылады. Еңбек – адам тіршілігіндегі бірінші қажеттілік. Сондықтан, қоғамдағы тәлім – тәрбиенің өзекті мәселесі - адамды еңбек ету қажеттілігіне баулу. Іс-әрекеттің екінші түрі оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады.

Ойын – адамның негізгі әрекетінің бірі. Ол бала мен жасөспірімнің денесін шынықтырып, әралуан қимыл –қозғалыстарын жетілдіреді.

Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Жеке адам – дүниетаным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кешіріп, оларға төзімділік көрсететін, табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан.

Адамды танып – білу үшін оның қоғам мүшесі ретінде қандай істерді тындыра алатындығымен танысу керек. Келешектегі мақсатына жету үшін ықыласты, ынталы болу, оған ұмтылу жеке адамның бағыт – бағдарын білдіреді. Адамның бағдары, ынта – жігері, мақсат – мүддесі гуманистік қоғам мүддесімен үндеседі. Жалпы, адамның азаматтық бағыт – бағдарының сапалары мынадай ерекшеліктерімен анықталады:

- бағыт деңгейі адамның әлеуметтік өмір талабына сәйкестенеді.

- бағыт-бағдар деңгейі қоғамдық талаптарға орай адамның биік мұратымен ұштасады.Баланың ұйқысын қандыруы, тойып тамақ ішуі, әдемі киінуі – оның бағытының өресіздігі, тарлығы. Бағыт - бағдардың кеңдігі адамның әралуан қызығуы мен ынтасына, оның әр тарапты дамуына байланысты. Мұндай қасиеттер баланы тоғышарлықтан сақтандырады. Бағыттың шашыраңқы болуы - ұнамсыз қасиет.Оқушы үшін қызығу кеңдігі, яғни оның тиянақты білім алып, белгілі бір мамандықты игеруі - саналы азамат болудың шарты - қарқындылығы. Бұл баланың сезімі мен эмоциясының айқындығын білдіреді. Бағыт – бағдар тұрақтылығының ұзақ мерзімге созылуы. Жас жігіттер мен қыздар кейде бір нәрсені біліп, үйренуге қызу кіріседі де, аяқтамай тастап кетеді. Одан кейін зерігеді, ақырында сол үшін өкінеді. Оқушының әрекетшілігі – оның бағыт – бағдарындағы шешуші кезең. Жас қыз ұстаздық мамандықты не үшін таңдады? Оған бұл мамандықтың несі ұнады? Мұның бәрі іс -әрекетке байланысты.

Жеке адамның бағыт – бағдар түрлерін қарастырғанда өзекті мәселе ретінде қамтылатын ерекшеліктер – адамның қажеттіліктері мен мұқтаждығын қанағаттандыру деңгейі.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 208 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)