Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пререквизиттер мен постреквизиттер

Читайте также:
  1. Курстың пререквизиттері
  2. Модуль пәндері бойынша пререквизиттер және постреквизиттер/модуль бойынша

Пререквизиттер: Физика

Постреквизиттер: Электр жабдықтарын құрастыру,пайдалану және реттеу

4. Курстың қысқаша мазмұны:

Электрлік жарықтандыру және сәулелендіру пәні таңдау компонентіне жатады.

Пәннің мақсаты – шаруашылық өндірісің алдында тұрған мәсеселерді шешуді қамтамсыз ететің электрлік жарықтандыру және сәулелендіру процестерінде электр энергиясын пайдаланудың ғылыми-техникалық негізін қалайтын жүйесін қалыптастыру.

Пәннің міндеті – электр энергиясы оптикалық сәулелендіру энергиясына түрлендірудің физикалық негіздері мен сандық заңдылықтарын оқып үйрену және меңгеру; жарықтандыру және сәулелендіру қондырғыларын есептеудің қазіргі инженерлік әдістерін менгеру.

Пәннің мазмұны: білім алушылардың пәнді оқып білуге ықыласын арттыру, сондай-ақ өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналы түрде игеруге және оғаштық әрекетті дамытуға ынтасын ояту. Жарық техникасы құрамына физикалық заңдары, жұмыс істеу негізі және міндетті бойынша әр түрлі жабдықтар кіретін берік техникалық базаға сүйенеді. Осы себептен тәжірибеханалық және практикалық сабақтар мен жеке тапсырмалардың маңызы зор келеді. Өйткені, олар білімді бекітуге, есептеу тәсілдерін игеруге, электр жабдықтарын сынау және оларда қызмет атқару дағдыларын игеруге, біріктірушілерді жекелей оқытуға және есеп техникасының кең пайдалануға негізделуі керек.

Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар:

Білуі қажет: Электрлік жарықтандыру мен сәулеленуге арналған жабдықтардың қызметін, құрылысын және жұмыс істеу принциптерін; электрлік жарықтандырудың жарық шамаларын және өлшем бірліктері мен параметрлерін; қыздыру және люминесцентті шамдардың параметрлері мен қолданылуын; ауылшаруашылық өндірісінде пайдаланылатын инфрақызыл сәулелену көздерін; жүргізу – реттеу аппаратының құрастырылымдық – эксплуатациялық сипаттамаларын білу керек.

Істей алуы қажет: қазіргі жарық көздерінің, жарықтандырғыштардың және сәулелендіргіштердің құрылысы, жұмыс істеу принципі, оларды электр торабына қосу электр тәсімдері және пайдалану бойынша толық білім алу; жарықтандыру және сәулелендіру қондырғыларын басқару мен автоматтандыру негіздерін және оларды эксплуатациялау және қауіпсіз қызмет атқару ережелерін оқып үйрену.

Дағдысы болуы қажет: ауыл шаруашылық өндірісінің технологиялық процестерінде жарықтандыру және сәулелендіру қондырғыларын пайдалану саласында инженерлік мәселелерді алға қою және шешу дағдыларын игеру, оларды техникалық-экономикалық негіздеу, жобалық шешімдерді ойлап табу, қондырғыларды сынау және реттеу әдістемелерін игеру, техникалық - экономикалық есептерін орындауды білу керек.

Құзыретті болуы керек: Электрлік жарықтандыру және сәулелендіру пәнінен алған білімі мен икемділігін электр энергетикасы, электр жетегі, станция және қосалқы станциясы, электр машиналары, электр тораптары мен жүйелері т.с.с. пәндерді игеруде сондай-ақ, курстық және дипломдық жобаларды жасауда базалық негіз ретінде пайдалана білуі.

 

5. Баға туралы ақпараттар:

Білім алушылар үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (жіберілу рейтингінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен межелік бақылау (аудиториядан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.

Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі – БАӨЖ), межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.

 

Дисконт:

1. Сабақ қалдыруы – (-10 балл)

2. Тапсырманы орындамауы - (-10 балл)

3. Жұмысты уақытылы тапсырмауы - (-10 балл)

4. Сабақтағы керіұйымдастыру мінезі - (-10 балл)

Бонус:

1. Жақсы жұмыстануы - 10 балл

2. Жауаптың нақтылығы - 10 балл

3. Жұмыстың ерте орындалуы - 10 балл

6. Курстың академиялық тәртібі мен этика саясаты.

Курстың академиялық тәртібі:

1. Сабақ жібермеу, ауырған кезде медициналық анықтама әкелу.

2. Жіберген сабақтарды оқытушы белгіленген уақытта тапсыру.

3. Оқу процесіне белсенді қатынасу.

4. Жеке тапсырмаларды тиянақты және ұқыпты орындау.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 36 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)