Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 76 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Бұл хабарларды немесе осыған қатысты телехабарларды мен көрмедім. Көруге, естуге жүрегім шыдамады. Мұндай хабарларды естісем, бірнеше күн қатарынан мазасызданып жүретін әдетім бар. Жаңағының барлығын ел аузынан естідім. Соның өзінде де жүректі езіп, көңіл-күйді бұзып жіберетін сұмдық хабарлар. Адам баласының сенімі мен адамгершілігі азайғаны, азғаны соншалық, хайуан екеш хайуаннан бетер халге түсіп қалған!

Не үшін қытай қоғамында осындай бәлеқорлықпен, жалақорлықпен ақша жасауды көздейтін бір қауым пайда болды?! Осындай ашкөздердің кесірінен, адамдар бір-біріне көмектесуден де қорқатын болды. Жаңағы бейбақ жеткіншекке көмектескісі келген адамдардың болғаны шын. Бірақ, олардың барлығы ертеңгі күні сол қызды қағып кеткен, соғып кеткен, өлтіріп кеткен жалаға ілініп қалмауды ойлады. Себебі, соңғы жылдарда мұндай бәлеқор делолар қытай қоғамында шектен тыс көбейіп кетті.

Мұның барлығы неден, не себептен туындайды? Жауабы бір ғана сөз! Ол – дінсіздік! Дінсіз қоғамда сұмдықтың неше түрі бірінен соң бірі туындай береді. Құдайдың өзін жоққа шығарып тастаған құдайсыз қоғамда адамдар неменеге сенерін білмей дағдарып қалды. Баяғыдағы Мау заманындағы құрапаттыққа парапар нанымдарының күлі көкке ұшты. Мау заманында саяси қажеттіліктен туындаған Ли Фың образы ендігідегі адамдар үшін алғанда, керексіз сықылданды. Адамдардың діни сенімі болмағасын, ендігіде ақшаның құлына айналды, қоғамдағы заттық байлықтың бөлісінің тепе-теңсіздігінен, кейбіреулердің шіренген бай болуы, кейбіреулердің сіңірі шыққан кедей болуы қалыпты құбылыс еді, бірақ діни нанымы жоқ кәпірліктен асқан қауіпті нәрсе жоқ екенін Қытай билігі түсінер емес. Нағыз қорқынышты нәрсе – ақшаның жоқ болуы емес, нағыз қорқынышты нәрсе – жейтін нәрсенің жоқ болуы емес, нағыз қорқынышты нәрсе – иманның жоқ болуы! Адамның хайуани нәпсісінің шексіз, тидаусыз кетуі! Бұл ең қорқынышты нәрсе!

Несін жасырамыз! Соңғы кездерде Қытайдағы сықылды ақкөңіл жандарға жала жабу арқылы жалақорлықпен ақша табуды көздейтін зәндемілер Қазақстан қоғамында да молайды. Оның ең көп ұшырайтын бір түрі – қызыл шырақ алдында тоқтаған машинаның өздігінен артына шегініп келіп, артындағы тұрған машинаға көлігін соғып, сосын: «Сен менің көлігімді арт жағынан неге соғасың?» деп бәлесін арту. Мұндай оқиға Қазақстан қоғамындағы психологтардың да басын қатырып отыр. Мұнан да сорақысы, келе жатқан машинаға жаңағы жалақор адамның өзі келіп ұрылады. Сөйтеді де, ойбайға басып жата қалады. Арасынша, бұл бәлеқордың сыбайласқан қатынас сақшысы пайда болады. Сөйтеді де, жаңағы «кісі қағып кеткен» бейбақ шоферді бопсалай бастайды! Міне! Осындай оқиғалардың бір емес, екі емес, арт-артынан қайталануы себепті, Қазақстан қоғамындағы қымбат бағалы көліктерді жүргізетін байлардың барлығы көліктеріне камера орнатып алатынды тапты...

Себебі, жоғарыдағы екі оқиғаның екеуінде де осы камералар есқатқан екен. Өйтпегенде, жалаға ұшыраушы қомақты ақшаны бергеннің сыртында, басы істі болып, сотталып кетуі де бек мүмкін екен...

Өмірдің өзіндегі Лей Фың қандай адам болғанын біз білмейміз. Біз білетін Лей Фың, мүмкін, ЖКП-ның образдандырған Лей Фыңы болуы мүмкін. Біз білетін Лей Фың, мүмкін, өмірінде бір-екі рет кемпір-шалдардың үйін тазаласып берген жан шығар. Анығы бізге мәлім емес. Қалай болмасын, шыны болсын, жалғаны болсын, шыны мен жалғаны мидай араласқаны болсын, біз білетін Лей Фың – Алланың сүймеген құлы. Себебі, ол мың жерінен дарқан, мың жерінен ақкөңіл болса да, мың жерінен кісіге көмектескіш болса да, оның бұл істері алланың разылығы үшін емес еді. Демек, алла разылығы үшін істелінбеген істің ешқайсысы сауапқа жатпайды. Ол бұл істердің барлығын ЖКП-ның разылығы үшін істеген шығар. Мүмкін, Маудың разылығы үшін істеген шығар. Бала күнімізде оқитын Лей Фың естеліктерінде айтылғандай, коммунизмнің ұлы мұраттары үшін істеген шығар. Бірақ, мұның барлығының алла разылығы үшін еместігі шын. Демек, ол жігіттің өлгеннен кейінгі өмірі, исламша айтқанда, мына өмірден кейінгі басталатын қабірдегі өмірі, яғни, барзақ әлеміндегі өмірі өте қорқынышты болмақ. Себебі, барзақ әлемінде, біз жерленгесін, екі періште келіп, бізді сұраққа алады. Ол сұрақтарға Лей Фың не деп жауап беруі мүмкін?! Мау шығармаларынан үзінді оқып бермек пе, алланың елшілеріне?! Мүмкін емес қой. Себебі, ол әлемде күн көсем Мау да күн көсем болмай қалады ғой, мүмкін оның өзі қабір азабын тартып жатқан шығар, денесі қабірге қойылмай, перғауын құсап, жер астында емес, жер үстінде тұрғандардан перғауынмен қосқанда, Ленин мен Мау бар. Демек, алланы жоқ деушілердің барлығын жердің өзі де құшағына алмайтын болса керек...

Лей Фың сынды адамилықтан алыстап, кіршіксіз пәк періштелік деңгейге жете жаздаған, қиялдың өзіне сидыруға қиыншылық туатын керемет образдарды қытайлар үздіксіз жасап келе жатыр, әрі жасай береді де. Ал, осыған ислами көзқарас қалай қарайды? Мүмкін, бұл біздің кей жастарымыздың исламды түсінуіне пайдалы шығар. Сол үшін бұл арада айта кеткенді жөн көрдік.

Аллаға қызмет етіңдер және оған серік қоспаңдар. Ата-аналарыңа, туыстарыңа, жетімдерге, кедейлерге, туыс көршілерге, туыс болмаған көршілеріңе, жаныңда жүрген серіктеріңе, жиһангерлерге, сендердің құлдарыңа жақсылық жасаңдар. Шындығында, алла тәкәппарлар мен мақтаншақтарды жақсы көрмейді. (4:36)

Демек, құрандағы сөзге жүгінсек, жақсылықты жасаудың рет-тәртібі былайынша: ең алдымен, аллаға қызмет ету жане оған серік қоспау. Бұл дегеніңіз өзіңізге өзіңіздің жасаған жақсылығыңыз. Осы арқылы алланың ғазабынан құтылып, алланың мейіріне жете аласыз. Екіншісі – ата-ана. Демек, ата-анаға жақсылық істеу, қарайласу, бағу-қағу өте маңызды. Сосын, 3-кезекте – туыстар. Төртінші кезекте – жетімдер. Онан ары – кедейлер. Онан соң туыс көршілер. Онан соң туыс болмаған көршілер...

Осылай кете береді.

Бірақ, біздің жаңағы қолдан жасалынған, өзі шикі сүт емгенімен, ет пен сүйектен жаралған пенде болғанымен, жасанды түрде шексіз кіршіксіздендіріліп, нәпсісі жоқ деңгейге, яғни, нәпсісі жоқ періштелік деңгейге жете жаздаған немесе жете қабыл (періштелерде нәпсі жоқ, олар тек алланың құлдары ғана!) жасанды образдарымыз ше? Олардың жағдайы қалай?!

Ислам ұғымы бойынша болғанда, ата-ананың балада қақысы болады. Баланың ата-анада қақысы болады. Әйелдің ерде қақысы болады. Ердің әйелде қақысы болады. Ер адам өз әйелін, өз бала-шағасын бағуға, қорғауға, тәрбиелеуге, дұрыс жолға салуға міндетті. Демек, отбасы дегеніңіз ер адам үшін алғанда біртұтас тұлға. Ал, біздің соңғы кезде қолдан жасалынған осындай бір геройымызды мен Чыңду қаласынан көрдім. Әлгі кәуәп сататын, өзі жанын баға алмай жүріп, жалғыз шешесін алысқа тастап қойып, қарайласпай, соның өзінде де қытайдың балаларына ақшалай жәрдем беретін супер геройымыз! Туысқан ұлтымыздың жігіті. Қасында бір қора қытайлар бар. Чыңдудағы орталық алаңның қасындағы Тян Фаңлоу тағамжайына кірсем, отыр көзі бақырайып! Қасында бір-екі өтірік хиджап киген дүңген құсаған әйелдер отыр. Өтірік хиджап дегенім – соңғы кезде, Үрімжі жағалаған кейбір осызамандық дүңген әйелдері шаштарын толық жаппайтын хиджапты тапқырлап шықты. Демек, дүңгендердің дәстүрлі хиджаптарын өзгерткендері. осызамандандырғаны, сол үшін мен оларды өтірік хиджап деймін.

Баяғыда орта мектеп оқып жүргенімізде, Жяу Иұи Лу деген бір қытайды жатта кеп уағыздады-ай келіп. Барлығымызды шырқ үйіріп алып, аудандық киноханаға апарып, әлгі бейбақтың киносын көрсетті. Оның да жүрген бір пақыр екен! Өзі аштықтан бұралып, өлгелі жүріп, өзгенің қамын жейді екен! Тәнді қорғау, жанды қорғау – мұсылман үшін парыз. Себебі, бұл тән бізге уақытша берілген аманат. Жанымыз ешқашан өлмейді де, біздің өлетін нәрсеміз – тән ғана! Тәніміз бұл ғаламда шіріп қалады да, жанымыз алланың дәргейіне кетеді! Бір қызығы, мұндай «періштелік деңгейге» көтерілген, «ешқандай адами нәпсісі», тәндік сұранысы болмайтын мұндай супер геройлар қайдан пайда болды, өзі? Біз осындай супер геройларды қолдан жасағанды қайдан жұқтырдық?!

Ойланған адамға бұның жауабы оңай. Оны біз «Құрыш қалай шынықты?» дегеннен жұқтырдық! Құдайсыз акиматты алғаш орнатқан орыстар қытайларға қолдан герой жасаудың ең алғашқы үлгісін үйретіп кетті! Мұндай геройлардың барлығы бірдей. Олардың еті, сүйегі бар. Сырт тұлғасы – адам. Бірақ, бұл адамдар, ашығын айтқанда, адам емес! Я, адам емес! Олар – адам еместер! Адам емес болса, ендеше, не дейсіз ғой, олар адамдар қолдан жасап алған «жасанды періштелер».

Қытайша айтқанда 人造天使, мұндай «жасанды періштенің» ең алғашқысы «Отан үшін» жастық ғұмырын, қыршын жасын, денсаулығын қиған бейбақ еді. Ол – Павел Корчагин еді. Осы Павел сорлының артынан осы тектес бақытсыз геройлар бірінің артынан бірі іркес-тіркес дүнйеге келе береді ғой. Барлығының Павел болғысы келеді. Құдай-ау, сап-сау басына сақина тілеп, жасына жетпей, мынау өмірдің қызығын көрмей, жар сүймей, бала таптырмай, жасына жетпей салданып қалған ақымақ «Павелдің» қай жеріне қызығатын бұл ақымақ адамдар?!

Таптық көзқарас үшін өзі ұнатқан жарына да суық көзбен қарауға міндетті болған Павелдің бойынан адамға тән бір қасиет таба аласыз ба?

Я, осы Павелді біздің Жанар Сағатқызы тәтеміз қайталай кино қылып түсірді. Бұл кино – Қытайдағы билеуші партия ЖКП-ның сол замандағы ең жоғарғы жігінің алқауына бөленді. Киноны (сериял) тұтас қытай көрді. Біз Жанар әпекеміздің таңдаған тақырыбына бармай тұрып, алдымен ол кісінің тек қана кәсіби салада аса үлкен жетістікке жеткенін бағалаймыз. Соңында Жанар әпекеміздің адами құндылықтарды өзек еткен, өмірдің өзінен алынған шынайы бір тақырыптарда өлмес кино түсіруін сұраймыз...

Кәуәп сататын, бір тиынның үстінде тік тұратын алтышаһарлықтан мұндай герой шыққанда, даласындай дарқан көңілді біздің аңғал қазақтан герой шықпай қалсын ба?! Шыққанда қандай! Мұның өзі шамасы 1994 жылдар болса керек. Алтайдың қайсы бір ауданынан Сержан деген батыр қазақ шықты. Ол да бір қытайды құтқарамын деп қыршын жанын қиды...

Мүмкін, алла разылығы үшін болған болса, шаһид болатын шығар. Шаһид болса, барар жері жәннәт болмақ. Аллаһу – әлім.

Анық-қанығын білетіндер болса, қатысты ақпараттарды осы араға жаза жатар...

Құдайсыздық ілім салтанат құрған, шайтан шапалақ соққан елдердің барлығында бұл көзқарас жетекші орында тұрды. Жастар мен жасөспірімдерді осындай геройлар арқылы тәрбиеледі. Оларды буалдыр, әрі анық емес, анығын айтқанда, ғылымнан гөрі кейбір діни аңыздарға ұқсаңқырап кететін бір «ұлы болашаққа» сендіру науқаны басталды. Сонымен адамзат баласының ғасырлардан бері қалыптасқан, ғасырлардың сынағынан өткен көзқарастарының барлығын быт-шыт етіп, тыңнан, мүлдемге су жаңа қоғам құра салмақ болды құдайсыздар. Мұның нәтижесі не болды?!

Нәтиже әлден көрінді. Кеңес үкіметі осының айқын дәлелі. Кеңестік идеологияның быт-шыты шығуы – оның өмірге сайкес келмейтіндігінің айқын дәлелі. Мұнан артық дәлел болмаса керек...

Адамзат баласы бұл күнде ұстанатын кез-келген діннің мыңдаған жылдық тарихы бар. Мысалға, Исустың еш дәлелі болмаған туылған күнінен бастап есептегенде, христан мен католиктерге 2012 жыл. Біз үшін алғанда, кем дегенде, мың жарым жыл. Ал, буддисттер үшін алғанда, бұлардан әлдеқайда ұзағырақ...

Бірақ, осы діндер қаншама замандарды бастан кешсе де, өскен еді, өшпеген еді. Себебі, бұлар адамзаттың жүрегіне жол алған еді. Ал, жаңағылардікі небары бір ғасырға жетпес уақыттың ішінде, күл-талқандары шығып, адамзат алдында масқара болды...

Кеше түнде біз сынақ ретінде жолдаған, «Ли Фың тозаққа түсе ме?» деген сауалнамамызға кейбір бауырларымыздың, қарындастарымыздың Ли Фыңды тозаққа қимайтын сезіммен жауап беруі де осындай себептерге байланысты. Ең бастысы, ол туысқандарымыз өздерінің ата-баба діндерінен едәуір алшақтап қалған. Мұсылмандықты шошқа етін жемесе ғана болғаны деп түсінетін түсінік Қытайда, дүңгендер арасында, Қытайдағы қытайша оқып келе жатқан қазақтардың арасында ерекше кең таралған. Қытайлардың өзі мұсылмандарды тек осы «шошқа етін жемейтіндігімен» ғана таниды. Мұның өзі өте нашар түсінік. Мұсылман үшін алғанда, харамды жемеу – бір ғана шарт. Ислам дінін ұстанған адам тиылуға тиістілердің ішінде, шошқа еті тек біреуі ғана. Шошқа еті – арақ пен шарапқа қарағанда, екі жағынан артық. Біріншісі, шошқа еті қамтылған харам нәрсенің өзін, егер соғыс болатын болса, жанға қауіп төнсе, жолда аш қалса, жанды сақтап қалу үшін бір рет жеуге рұхсат етілген! Ал, арақ пен шарапқа ешқашан рұхсат етілмеген! Демек, арақ пен шараптың харамдық деңгейі шошқа етіне қарағанда әлдеқайда жоғары! Бірақ, біздің аталмыш «шошқа етін жемегенімен ғана» өзін мұсылман сезінетін жастарымыз арнаулы түрде «Чиңжын» асханаларды, халал асханаларды іздеп жүріп, онда арақ ішеді. Демек, мұсылманның асханасында арақтың сатылуының өзі күнә, сатушы да күнәһар, ішуші де күнәһар. Екіншісі, шошқа етін жеген адам есінен адасып, жынды болып, күнә жасамауы мүмкін. Ал, арақ ішкен адам есінен адасады. Ақылын жоғалтады. Арты кісі өліміне, зинаға, немесе мұнан да ауыр күнәға баруы мүмкін. Демек, арақ пен шараптың шошқа етін жеуге қарағанда, харамдығы мен зияны әлдеқайда жоғары.

Алдыңғы күні, Бейжіңдегі «Гонконг-Макау орталығы» немесе (Шяңгаң -Аумын) орталығы 港澳中心 маңындағы «жұмысшылар дене тәрбие сарайының» қақ қарсысындағы «Шыңжаңдық әділ» атты кішкене дәмханадан түстендім. Бұлар да саларлар екен. Бірақ, бұлар арақ сатып отыр. Бастық жігітті шақырып алып, өз кеңесімді бердім. Пақырың «мәлім деңгейге дейін көтеріліп алғанша, жағдайын жасап алғанша» бұл күнәға амалсыздан баратынын айтты, мен оған хадистерден дәлел келтіріп, біраз ақыл айттым...

Я, Алла, ол мұсылман бауырларымыздың жүрегіне иман ұялатқай. ілімдерын арттырғай. Тағы бір мұсылман, тағы бір мұсылман өстіп, себепкер бола берсек, бір кұны харамнан алыстар, иншаллаһ. Бұл ақылымды Чыңдудағы үлкен дәмханалардың барлығына айтып келемін. Жүрген жерімде айтып келемін, шамамша ұялтып келемін. Қажыға барған дүңген шалдар мен әжелердің арақ пен шарап арқылы тірлік жасап отырғанын көріп, ішім ашыды...

Ал, біздің қазақтар болса, Ли Фың мен Мауды тозаққа қимай, жәннәтқа сүйреп кіргізгісі келіп жүрген мына жағдайда, оларға арақ пен шараптың, зинаның қаншалықты күнә екенін түсіндіру үшін де біздің барлық зиялы жігіміздің толық аттанысқа келуі қажет сияқты...

Біз бір нарсені анық білуіміз керек. Ол – жаратушының жалғыз екендігі. Бұрынғы өткен адамдар да, қәзіргі адамдар да, болашақтағы адамдар да, мейлі оның діні қалай болсын, қай мазһапты ұстансын, неге қандай нансын, илансын, оңы, терісі қалай болсын, қандай мемлекетте жасасын, салауаты патша болсын алде құл болсын, тұтасымен жаратушы жалғыз алланың, жаратушы жалғыз құдайдың алдында сұраққа тартылады! Мейлі, біздің хақ дініміз исламнан бұрынғылар болсын, әлде хақ дініміз – исламнан кейінгілер болсын, олардың барлығы сұраққа тартылады. Себебі, Алла тағала Адам ата мен Хауа ананы жаратқасын, оларды жер бетінде өсіп-өнуге, көбеюге орналастырғасын, олардың ұрпақтарына үнемі елшілер, пайғамбарлар, набилер, ескертушілер жіберіп отырды. Мұнда елшілер мен пайғамбарлар, ескертуші мен набилер түсірілмеген, жіберілмеген қауым жоқ жер бетінде. Барлық қауымға жіберілген! Ары, алла тағала оларды өз құдіретімен білімді қылған. Оларға өз ілімін үйреткен. Демек, біз білетін, Құранда аты аталған 25 пайғамбар да осылардың ішінде. Ал, аты аталынбаған пайғамбарлардың саны 124 мың немесе 224 мың болуы мүмкін. Ол дүниеде барлық пайғамбар өз үмбеттерімен бірге сапқа тізіледі...

Адамзат пен жындарға жіберілген ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) дан соң адамзатқа пайғамбар жіберілмейді. Демек, біз ең соңғы пайғамбардың үмбетіміз. Демек, күллі адамзат баласы, күллі жын жамағаты біз ұстанған жолды ұстанғанда ғана жаратушының дұрыс жолымен жүрген болады. Себебі, соңғы пайғамбар жіберілгесін, бұрынғы пайғамбарлардың үмбеттерінің осы пайғамбардың жолымен жүруі міндеттелінген. Өкініштісі, христандар мен католиктер, еврейлер соңғы пайғамбарды мойындамайды, олар інжілде жазылған соңғы пайғамбар хақындағы жазбаларды оқи отырса да, шайтанның азғыруына, еврейлердің аздыруына еріп, соңғы пайғамбардың есімі «Ахмет» болуы керек деп қасарысады. Сондықтан, олар адасқандардан саналынады. Олар Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бала күніндегі атының Ахмет екенін білсе де, осылайша қасарысады...

Кейбір жастарымыздың ойынша, будда дінінің өз тозағы, өз жәннәті, өз құдайы болып, христандардың өз тозағы, өз жәннәті, өз құдайы болатын сияқты. Будда, христиан немесе мұсылман діндерінің барлығы өзара дербес сықылды сезілетін көрінеді оларға. Бұл өте қате көзқарас. Бұл көзқарасқа нанғандар - қауіпті күнә жасаушылар. Олардың түсінігінде, дербес діндердің дербес құдайлары мен дербес жәннәт-тозақтары болса, онда олар осы бір мекенде, бір жер бетінде, қалайша ортақ өмір сүріп отыр? Ертедегі гректердің аңыздарындағы «құдайлар» құсап, соғысып қалмай ма екен?! Біздің Марс, Венера, т.б басталатын ғаламшар аттарымыздың барлығы осы грек адасқандарының нанымдарындағы дербес құдайлардың есімдері ғой...

Ақиқат олардың ойлағанындай емес. Алла біреу ғана. Жаратушы біреу ғана. Біз, мейлі, қай нанымға нансақ та, жауап беретін иеміз біреу. Ол – алла. Мейлі, сен оны қай тілмен ата. Оның бір екендігін ұлықта. Бар екендігін ұлықта. Ең маңыздысы, алланың жіберген ең соңғы елшісіне нан. Соның жолымен жүр. Осы жол ғана бізді жәннәтқа апарады. Ал, христандар мен католиктердің жолы адамдарды адастырады...

Олар ертең алла алдында күнәларына жауап береді.

Мұсылман десе болғаны көз алдарына терроршы, лаңкестерді елестететіндерге айтарымыз бар. Кейбіреулер ислам десе болғаны «мазһап-мазһап болып, соғысып, қырылысып жатқан» деп, исламды күстаналайды. Мұның барлығы аса қате көзқарас. Бұл бізге өзгелер жағынан таңылған көзқарас. Қайсы мұсылман мазһап-мазһап болып, бөлініп соғысыпты?! Мұның барлығы дін мен саясатты айыра алмаған шала сауаттылардың ісі. Ең қарапайымы – біздің бұқарамыз мына нәрсені білуі керек қой! Дүние қазір екі үйек. Ашығын айтқанда, Кеңес ыдырамай тұрғанда-ақ екі үйек еді. Бірі – орыс бастаған үйек болса, екіншісі – Америка бастаған үйек. Қытай Мау заманында бейтарап тұрғанымен, Кеңес ыдыраған соң бейтараптықты қойды. Ресей, Қазақстанмен бірге Шаңхай ынтымақтастығына бірікті. Не үшін?! Американың ықпалына қарсы тұру үшін! Қытайды энергиямен қамдап отырған Орта Азияны, Қазақстанды Американың иектей беруінің сыры неде? Ал, арабтар осы екі үйектің екеуіне де жіктелінген. Бір араб елі орыспен жақтас болса, бірінде Американың әскери базасы бар. Ең бастысы, Америка араб елдері мен жалпы Иранды қамтыған мұсылман елдеріндегі әскери ықпалдастығын ұстап тұру үшін, мұнайды, газды меңгеріп тұру үшін, орта шығыста, мұсылман елдерінде мәңгі тыныштық болмауы керек! Сонда ғана Америка әскерлері бұл арада қорғаушы сипатымен тұра алады. Сонда ғана Израильдің орта шығыста табан тіреп тұруына болады, мұның барлығы қып-қызыл ақшаның мүддесі, ақшаның, байлықтың мүддесі шешкен дүние. Оның исламмен ешқандай қатысы жоқ. Егер кез-келген будда елінде немесе басқа діндегі бір елде мұнай мен газ болса, олардың көретін күні де осы болмақ. Орта шығыстағы от араб елдеріндегі ең соңғы бір тамшы мұнай сіміріліп алынғанда ғана, ең соңғы бір куб шынашақ газ сорылып алынғанда ғана аяқтайды...

Ал, онсыз бұл арада ешқашан бейбітшілік болмайды...

Мен мұсылманмын дегеннің барлығы мұсылман бола бермейді. Мұсылман деген сөз бағынушы деген сөз. Ол дегендік – алланың әміріне бағыну дегендік. Ал, аллаға серік қосатын, бақсыға нанатын, құмалақшыға баратын, қабірге түнейтін, пірге қол беретін, көріпкелге бал аштыратын, балсыз жүрме, балға сенбе дейтіндердің барлығы – ең үлкен күнәны жасаушылар. Бұлардың ол дүниедегі орны кәпірлермен бірдей. Демек, бақсыға барған, құмалақшыға сенген, көріпкелге ұшықталған, болжатқан, қабірге түнеген, айдаладағы жалғыз ағашқа ақ байлап, онда қасиет бар деп нанғандардың барлығы – адасқандар. Ашығын айтқанда, алланың қаһарына қалатын күнә жасаушылар. Егер осы күнәларды жасаушылар, тәубаға келмей тұрып өліп кеткенде, онда олардың баратын жері тозақ қана болмақ! Демек, олардың ол дүниедегі жағдайы бұдқа нанған, крест құшақтаған, аллаға серік қосқан немесе құдайды жоқ деген сықылды тозақылықтармен бірдей болмақ.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 39 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)