Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 72 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Дүңгендердің сахиқ хадистерді де неше мәрте кітап қылып бастырғанын көрдік. Қысқасы, мұнда ислами кітаптарды айтпағанның өзінде, бұлардың діни әрекеттері де ерекше мол әрі өнімді.

Осыдан біраз бұрын, Чыңдудағы жоғарыдағы мешіттен бір топ Ланжоу жастарын көрген едім. Менің мешіт ауласында суретке алып жүргенімді, ара-тұра телефондарға ағылшынша, орысша жауап қатып жүргенімді саққұлақ біреуі ертеден байқапты. Қасыма келіп, барлығы жамырай сәлем берісті. Сәлем алдым. Менің қай елден келгенімді сұрады. Мен қазақстандық екенімді айттым. Қанша дегенмен, жоғары оқу орындарының студенттері ғой, жай жүрген жігіттер емес екенін көрсетті. Қазақстан туралы ақпараттарға бұлар көп қанық екен, қатты разы болдым, өзге алдында, еңсем көтеріліп қалғандай болдым. Сөйтсем, бұл жігіттер ұйымдасып, топтасып, Сычуан мен Гұйжоудың таулы, кедей аудан-ауылдарындағы дүңген балалары мен сәбилеріне, жастарына діни уағыз айтып жүр екен. Әрине, топтарының арнаулы рұхсаты бар екен, бірақ ол қағаздарында «кедей аймақтардағы дүңген балаларына рухани көмектесу, ұлттық тәлім-тәрбие жұмысын өрістету» хақындағы рұхсатнама сөздері жазылыпты. Қағазда осылай жазылғанымен, шын мағынасында, жаңағындай кедей аймақтардағы дүңген балаларына бұлар діни тәрбие беріп жүр екен. Араб жазуын үйретіпті. Құран үйретіпті...

Өздері қысқа мерзімды курстар ашыпты. Ал, қаражатты дүңгендердің кәсіпкерлері көтеріпті...

Жыңжоудағы бүгінгі уағыздың соңында, уағызшы имам, қарт ақсақал жұмаға жиналған жамағатты жексенбі күні басталатын діни сауат ашу курстарына келуге шақырды. Мінеки! Мешіт ішінде, ашықтан-әшкере, қарттарға, жасамыстарға, қысқасы, жалпы бұқараға, жастар мен жасөспірімдерге арнап, арнаулы курс аша алған бұлардың мықтылығына қол қоймай амалың жоқ. Еріксізден мойындайсың. Ал, бұларың ашық медресе ашып, сонысын ашық уағыздап жүргенде, мұндай істі істемек, іске асырмақ түгілі, ойлағанының өзінде, қорыққандығынан шалбарын дымдап алатын қазақтың осы күндегі кесікті құлдарын қалай түсінуге болар?

Жоқ, оларды кіналай бермейміз ғой, олардың айтатын жаттанды уәждерін де білеміз. Мәселе, осындай жағдай не үшін қалыптасты?! Не үшін оның еркіндігі мол-дағы, сенің еркіндігің аздау? Айналып келгенде, тағы да жүректегі иманға байланысты дүние...

Бұл Хынан өлкеңіз – баяғыдағы қытайдың атамекені. Баяғыда қытайлар осы Хынан маңын негіз еткен орта жазықта ғана өмір сүрген. Қытайлардың территориясын кеңітіп берушілер ертеректе түркілер құрған таң патшалығы болды. Түркілер орта жазықты жаулап алғасын, өздері шыққан, өздерінің атамекені болған батыс өңірді де өз қарамағына алады. Бірақ, ислам нұры жетпеген бұл түркілер сол беті қытайласып кетті. Сөйтіп, бұл күндегі қытайлар аузын толтыра айтып, мақтанатын «таң патшалығы» болып қалды. Қытайлар ертеректе өздерін «таң адамдары» дейтін. Жұңхуа деген атауды зиялылары қолданысқа түсірмей тұрғанда, бұлардың өздерін осылай атағанын барлығымыз білсек керек. Сол таң патшалығының өзі қытайдікі емес еді. Бірақ, осы таң патшалығын кидан ұлтынан шыққан адам құртады. Ол анлушан-шысымииң еді. Оның соңы қытайдың қатын патшасы Узытянға ұласады. Сол киданыңыз да, сол түркіңіз де бұл күнде қытай. Онан соң мұңғыл келді. Сол замандағы мұңғылдар бүгінгі заманғы қытайлар үшін жер жаулап берді. Олар да құрыды. Жоғалды. Онан соң шүршіттер келді. Шүршіттердің де құдай сүйген қылығы болған жоқ. Қытайды жаулап алып, қытайдың жерін кеңітіп беріп, өздері құрып жоғалды.

Сол заманда «кім орта жазықты алса, сол аспан астын алады» деген сөз болған екен.

得中原者得天下 сол орта жазығы осы жер Жыңжоудан 40 шақырым шамасындағы Кайфың қаласында еврейлер болған дейді. Мұны ертеректе, шетелде жүргенімде, Израильге оралман ретінде оралған екі-үш қытай «еврейдің» хабарын көрген ем. Есімде қалуынша, олардың бірі - әйел заты болатын. Түрлері қазіргі еврейдің ешқайсысына ұқсамайды. Фалаша - қара еврейлерге тіптен келмейді. Қай қырынан қарасаңыз да кәдімгі қытай. Кәдімгі біз айтатын қара қытай. Бір ғажабы, осы бір өзін еврей сезінетін қытайларды Израиль үкіметі азаматтыққа қабылдайды. Жаңағылардың көздерінде жас...

«Отанымызға оралдық» деп жылап жүр...

Кайфыңге жолым түспей жүр. Алла несіп етсе, осы еврейлердің Кайфыңдегі іздерін көргім бар. Бұл еврейлер кезінде Жяң Жиеші қабылдаған еврейлерден басқаша болса керек. Жяң Жиеші босқын қабылдаған еврейлердің көбісі билікке компартия келгенде, қашып кеткен болуы мүмкін.

Негізгі жоспарда, ертең, осы Кайфыңге бармақ едім. Бірақ жұмыс бабымен арасы бір сағатқа да жетпейтін осы жерге менің аяғым жетпей тұр. Ертеңгі жоспар өзгерді. Жұмыс бабымен тағы да кездесулер болатын болды. Бүгінгі жұмыстарым ертерек тәмамдалғасын, Жыңжоу мұражаиына бардым. Мұражайда адам көп болды. Нән мұражайдан көзіме бірден жылы ұшырағаны, ескы танысымыз - Жаң Чян болды...

Жаң Чян келген 大月氏 елі біз қазіргі айтып жүрген ұлы жүздер ме, емес пе? Осы хақында тарихшылардан білгім келеді. Біз тарихшы емеспіз. Бірақ қазақ тарихын қазақ хандығының құрылуынан ғана бастап, қазақтарды 500 жылдық қана тарихы бар ұлт қылып көрсететін, осы күні акедемик, ғалым, профессор атанып алған Қытайдағы кейбір тарихшысымақ ағаларымыздың істеріне де өкпелі екенімізді ашық айтамыз. Егер қазақ ұлтының тарихын XV ғасырдағы жаңадан құрылған қазақ хандығынан бастасақ, ендеше, қытайлардың тарихын ары кетсе, қытайлар манжулерден егемендік алған 1911 жылдан бастау керек немесе жапон құлдығынан құтылған 1945 жылдан бастау керек, қызылға бүйрегің бұрғыш жазғыш болсаң, ендеше, төрт жыл шегеріп, 1949 жылдан баста, бұған біздің қақымыз жоқ. Бірақ, қазақ тарихымен ойнаспа...

Жаң Чян (张骞) хақында білгісі келетін оқырман, осы қытайша жазу бойынша ғаламтордан іздеп, қажеттісін ала жатар немесе 张骞出使西域 деп іздерсіздер.

Кейде мен осы Қытайдың жазба тарихына сенгім келмейді...

Осы да Иұе Шы дегенді қытайлар басқаша оқиды деп те естідім. Мүмкін, мен қателесетін шығармын, есімде қалуынша даюешы емес, «даружы» дей ме, әйтеу, осыған ұқсас оқылады дейді, осы айтылым дұрыс па?

Екіншіден, 大宛 、康居、大月氏、大夏、安息 деген елдер бүгінгі қай рулар?

Саларларды Қазақстанға көшіру керек. Бұл мәселені қолға алудың бірнеше ұтымды жері бар.

Әрине, оларға оралман мәртебесін берудің керегі жоқ, қазақ жерінің солтүстік үш облысы – орыстардың Ресейге қоспақ ниеті бар жерлері. Баяғыда, есалаң Жириновский осы облыстарды Қазақстаннан бөліп алғысы келген. Демек, ислам дініне мықты саларларды қазағы ең аз солтүстік облыстарға көшіру арқылы түркі тұқымды 100 мың туысымызды қытайласудан аман-есен алып қаламыз. Бұған мынадай дәлелдеріміз бар.

1. Патшамыз ірі істерді істегенді ұнатады. Алматыны тастап, Астана қаласын салу, діндердің халықаралық жиналысын өткізу, оған пирамида пішіміндегі «бейбітшілік сарайын» тұрғызу, Қазақстандағы аз ұлттарға арналған ассамблия деген ұйымды құру...

2. Атомнан өз еркімен бас тарту...

3. Хан шатыр, думан сықылды «таңғажайып» құрылыстарды жүргізу.

4. Түркі ұлттарының жиналысын ұйымдастыру.

5. Еуро одаққа басшылық істеу.

6. Оралмандарды шақыру,

7. Халықаралық қазақ құрылтайын өткізіп тұру...

Демек, біздің Нұрекең тек ірі істерді істеуді ұнатады. Ол кісіге осындай ірі тақырыптарда кеңес беретіндердің де фантазиясы сарқылса керек. Демек, енді бір пысықтың құлағына осы ойды салу керек. Бұның өзі Нұрекеңе халықаралық бедел жинайтын үлкен орай. Батыстағы оқиғалардан соң, қазақ билігінің нобелден үміті кесілген болуы бек мүмкін. Демек, көз ұшынан бұлдырап, алыстап бара жатқан нобелды осы тектес шаралармен қолға алуға үміттендіруге болады. Онсыз да саларлардың Орта Азиядан шыққаны белгілі. Оларды «оғыздар» деудің де қисыны жоқ. Түрлері қазақтан аумайды. Оғыздардың бүгінгі ұрпағынан гөрі, қыпшақ текті қазаққа жақын. Сол үшін осы саларларды бейне Германия шетелден арабтар мен түріктерді енгізгені сияқты, еңбек имиграциясы ретінде Қазақстанның солтүстік облыстарына енгізу керек. Сол арқылы орыстардың осы үш облыстағы ықпалын азайтуға болады. Ары, саларлардың өз жазуы, мектебі жоқ. Балалары тек қытайша оқиды. Ал, біз олады қазақша оқытсақ, демек, бір-екі ғасырға бармай, олардың қазақылануын жүзеге асыруға болады.

Бұл әшейін айтылған бір ой. Ақыры бұл қазақты көш десең де көшпейді екен, демек, көшпей кергіген қазаққа жалына бергенше, көшкісі келетіндерді көшіріп алған абзал көрінеді. Түптің түбі қазақтың кең байтақ жерін адаммен толтыру керек болады. Жан санын арттырмаса, шаруашылық дамымайды. Тың жерлер игерілмейді. Ішкі базар қалыптаспайды. Сол үшін түркі тұқымды ұсақ ұлттарды көшіріп алу керек. Себебі олардың жан саны аз, ықпалы қазақтан төмен. Оларды билік күші арқылы қазақыландырып жіберуге болады.

Мысалы, саларлардың жан саны 100 мың. Олардың Орта Азиядан кеткеніне мың жылға таяды. Демек, осы барыста олар өз жазуларын жаратқан жоқ. Діндеріне мықты болғанымен, Чиңхай сынды дамымаған өлкеде қытайларға сіңіспей, аман-есен келді, бірақ, ендігі жастары қытайланып бара жатыр. Демек, осы саларларды тың игеретін ауылшаруашылық жұмыскерлері ретінде Қазақстанға апарсақ, олардың Қазақстан сынды елді көргесін, Чиңхайға қайтып келмесі анық. Демек, біз осы ісіміз арқылы екі алып биге шығамыз. Нұрекең осы арқылы халықаралық түркі қауымдастығы алдында беделін көтереді. Бұл іске күллі адамзат баласы көз тігетін болады. Бұл, әрине, Нұрекеңнің арманы, демек, осы арқылы қазақ билігі өздері армандаған халықаралық беделге ие болады. Ал, саларлардың құрып бара жатқан түркі тұқымы екенін білетін түркі жұрты да Нұрекеңді марапаттың астынан алатыны шын. Демек, көсемнің көктен тілегенін жерден береді. Бұл көсемге керегі. Ал, бізге керегі, біз осы арқылы қазақтың ашылмай, иен жатқан даласын ашамыз. Қазақтың Кеңес кезінде егін егілгенімен, бүгін бос жатқан солтүстік даласын ашамыз. Ол арада адам өте аз. Олардың өзі орыстар. Бұл Қазақстан үшін қолайсыз. Демек, біз осы бір Қазақстанның өзі қауіптене беретін жерге таза мұсылмандарды көшіріп апарамыз. Ал, олардың жазулары болмағасын, өз дара мәдениеті болмағасын, міндетті түрде қазақша телеарна көріп, балаларын қазақша оқытады. Демек, осы арқылы тілдері қазаққа жақын осы бір туыстарымызды бір ғасырға жетпейтін уақыт ішінде қазақ қылып аламыз...

Израиль үкіметі Африкадағы қара еврейлерді көшіріп алды ғой. Бета Израиль немесе фалаша деп аталатын осы қара нәсілді еврейлерді көшіріп алған Израиль ұтпаса, ұтылған жоқ. Демек, «Израиль істегенді біз де істеп жатырмыз» деп мақтанатын қазақ билігіне осыдан артық мақтан табылмайды. Соңғы кезде олардың шеттен келетін қазаққа деген әңгімесі көбейді, ең алғаш батыстағы дау-дамайды «оралмандар тудырды» деді екінші күйеу бала. Онан ары саясатшылар оралмандар саясатын мың құбылытты. Демек, Қазақстан билігі өзгермейінше, оралман саясатында дұрыс бет алыс бола қоймайтын көрінеді. Ал, жыл сайын сан мәрте халықаралық той жасап, шығынданып, тыраштанып, халықаралық жиналыстар, конференциялар ұйымдастырып жататын Қазақстан билігі үшін алғанда, мұнан артық идея табыла қоймас...

Енді осыны біздің бір пысығымыз үлкен кісінің құлағына сыбырлай қойса ғой...

Қызықтың көкесі сонда болмақ.

Менің Жыңжоуда жүргеніме де біраз болды, дұрыстап тұрып демалғаным кеше ғана. Кеше кешкі асымды арнаулы іздеп барып, Жыңчи көшесіндегі сол салардың асханасынан іштім. Шофер бала аң-таң. Ол мені Жыңжоудың ірі тағамжайларына ғана барады деп жүрсе керек. Менің құрттай асханаға кіргеніме таңырқайды. Ол қайдан білсін менің мың жыл бұрынғы туысымды іздеп жүргенімді. Ондағы салардың жігітімен ұзақ әңгімелестім. Көз-құлақ, ауыз-қас, шаш-бас дегендерден тартып, біздің барлық атауларымыз ұқсайды екен. Әңгімеші салар жігітпен сөйлесіп отырып, ішімнен ойладым. Баяғыда Азымбай Ғали бастаған кей саясатшылар осы тектес ойларды ортаға қоятын. Олардың ойынша болғанда, Қазақстанға жалпы, түркі тұқымды туыстарымызды жинай беруіміз керек. Әрине, менің бұған қосарым, біз өзбек пен ұйғырды Қазақстанға жолатпауымыз керек. Себебі, бұлардың молаюы Қазақстанға тұрақсыздық әкеледі. Ал, жолатар болсақ, салар сынды жан саны аз, ұсақ ұлттарды ғана ойласуға болады...

Біздің осы «арақкеш, жапакеш, арбакеш» дегендегі «кеш» жалғауымыз өзге тілден енбеген көрінеді, баяғыда бір грамматика кітабында осы атауларды парсыдан енген деп жазғаны есімде. Оны салар жігітпен сөйлескенде білдім. «Қатынды» олар «қатынкеш» дейді екен, «қызды» саларлар «әнкеш» дейді екен. Демек, мұндағы «кеш» дегені бізше болғанда «кіші», яғни, кісі. Демек, олар «қатын кісі» дейді, бейне, біз әйел адам дегендей...

Мысалы, мұсылман болмаған түркі тұқымдылардың тілінде «қат» сөзі жеміс мағынасын береді. Демек, біздің қарақат, алқат, алақат дегендеріміздің түбірі сол. Ендеше, осы саларларды Қазақстанға егінші жұмыскер ретінде көшіріп, Назарбай мен Ху Жинтаудың арасында іске аспай қалған 1 миллион гектарлық егістік жер саудасын осы арқылы істеуге неге болмасқа?!

Онсыз да Қазақстан солтүстігіндегі егістік жерлер игерілмей жатыр. Ол араға не жерлік қазақ көшіп бармайды, не оралман бармайды. Ол жаққа барғысы келмеген оралманды «егемен Қазақстан» сындайды. Демек, осы араға біз екі ел арасындағы келісімшарттар бойынша, егістік жер ашатын ауылшаруашылық базасын құруымызға болады ғой. Менше, бұл ұсыныс біздің биліктегілерге майдай жағады. Екі қолдарын ысқылап, енді қандай халықаралық жиналыс өткізіп, тойлатсақ екен, қазақтың қазынасын енді қандай амалмен шашсақ екен деп басы қатып отырған біздің ақымақ, надан билік басындағыларға мұндай керемет идеяның жағарына 100 пайыз сенімдімін...

Онсыз да қазақ билігі мен Назарбай арасында іске аспай қалған 1 миллион гектарлық жерді қытайларға жалға беру оқиғасы бар. Оқырмандардың есінде болса керек, қазақ ұлтшылдарының күресі арқасында, қазақ билігі қытайларға бұл 1 миллион гектар жерді бере алмай қалды...

Атилаға жауап:

Даюешы 大月氏 жазуын даружы деп оқығаны қытайлардың арамзалығы. Себебі, олар біртұтас қырғыз ұлтына екі ат жасап, екі түрлі атап отырған ел. Қытайдағы қырғыздарды 克尔克孜 кы ар кы зы деп атап, Қырғызстанды 吉尔吉斯斯坦 жи ар жи сы сы тан деген қытайдан қандай ақиқат күтесің? Болмаса, осы екі ұлттың бір ұлт екенін солар білмей ме?

Тағы бір дәлел, олар Тайландты 泰国 Тайгуо дейді. Ал, Қытайдағы тай халқын 傣族 дайзу дейді, шын мағынасында, екеуі бір ұлт. Қытайлар жаңағы тай ұлты 泰 деген эроглиф алдына бір дан ли рын эроглифін қосып, дайзу 傣族 деген сөз жасады. Осындағы мақсаты не?!

Дайзу ұлты хақында Тайланд пен Қытай ортасында дау бар. Тарихи деректерде, тайландтықтардың қазіргі дайзулар тұрған мекеннен кеткендігі айтылады. Демек, Тайланд үкіметі дайзуларды бауырлас ретінде қарап, бұл хақында ғылыми зерттеулер жасайды, ал қытайлар басқаша қарайды. Бұл хақында екі ел арасында мемлекет аралық ірі зерттеу бағдарламалары болған. Ірі кітаптар шыққан, бірақ екі ел ғылыми бірлікке келе алмаған. Саясаттың бақай қулығы жүрген жерде нағыз ғылым үнсіз қалады ғой.

Соңғы кезде ескі түркі тарихының барлығын ұйғырлар меншіктеніп жатыр. Өмірі құмнан шықпаған бүгінгі алтышаһарлықтардың баяғыдағы ұйғырлармен қатысын Сталин қатырып тұрып жасап беріп кетті. Сталин азан шақырып, бұлардың атсыз жүрген алтышаһарлығына ұйғыр деген атты бергесын, ұйғырлардың ескі түркі тайпаларының барлық тарихын меншіктенуіне қытайлардың көзқарасы қалай?! Менше, қытайлар осылай болуын жоспарлап отыр. Себебі, бүгін ұйғырдікі болса, ертең қытайдікі болмақ. Оған манжулер дәлел. Кезінд Манжудікі болған дүние бүгін қытайдікі...

Сол үшін ұйғырдан өтірік-шыны аралас тарихшы көп шығып жатыр. Ашығын айтқанда, осындай жалған тарихшыларды олар қолдан жасап шығарып жатыр...

Ал, біздің құл саналы жарместеріміз қазақ ұлтының тарихын «қазақ хандығымен» ғана байланыстырып, бізді 500 жылдық тарихы бар ұлт жасайды. Осының кесірінен, даюешілерді ұлы жүз дегілері келмейді. Оған бір дәлелі, үйсіндер ол заманда даюешылермен өш екен-мыс. Неге ойламайды, баяғыда керей, найманмен тең тұратын алып ел меркіт бүгінде керей түгілі абақ керейдің ішіне сіңіп кетті? Демек, сол заманда үйсіндермен ұлы жүздер, яғни даюешылер жау елдер болғанымен, кейін келе үйсіндер ұлы жүзге енген шығар...

Демек, бүгінгі ұйғырлардың ертедегі ұйғырлармен ешқандай қатысы жоқ. Егер 1922 жылы Алматыда өткен түркі халықтарын зерттеу жиналысында, ғалымдар сол кезде қотандық, қашқарлық, ақсулық деп бөлек-бөлек аталып жүрген отырықшы елге «чытри-мытри» деген ат қойған болса, бүгінде біз бұларды чытри-мытри ұлты деп атап жүрген болар ек немесе «қиқа-миқа» деп ат қойғанды дұрыс көрген болса, біз де амалсыздан бұл туыстарымызды қиқа-миқа ұлты деп атап жүрген болар ек бұл күндері. Демек, тарих дегенің де осы. Нағыз ұйғырлар – сары ұйғырлар. Олардың өзі бір жұқанасы ғана. Ал, Сталин бұларға азан шақырып ат қоюдан бұрын, бұлардың өздерін ұйғыр атағаны ешқандай тарихи құжатта кездеспеген.

Менің жазғандарымнан ұлт аралық араздық іздеп, құлдық кінешке ала алмай қалған әлдебіреулердің тыраштануының еш қажеті жоқ. Оған әуре болмасын. Бұл мәселелер - ғылым саласында ежелден келе жатқан мәселелер.

Саларларды қытайлар мың жылдан бері өздеріне сіңіре алмады. Оған бірнеше себеп болды. Ол заманда Чиңхаи өлкесінде қытай аз болды. Саларлар үшін алғанда, құжынаған қытайдың ықпалы аз болды. Бірақ, ақпарат пен тасымал дамып, жер шары бір ауылға айналып қалған бүгінгі мына заманда, жазуы жоқ, мектебі жоқ, тек қана мешіті бар саларлардың жастарының барған сайын қытайласуы табиғи еді. Саларлардың ғасырлардан бері қытайласпай аман қалуының сыры – мұңғылдар билеген заманда, олардың мұңғылдар жағынан жылы мәмілеге ие болуында. Ең бастысы - олардың діні мықты болды. Бірақ, мен көрген салар жастарының барлығы дерлік намаз оқымайды. Бірақ сүрелерді жатқа біледі. Демек, діннің де орыны барған сайын төмендеген.

Ресей ноғайлары Қазақстанға қазақ мәртебесін алып көшпек болғалы қай заман. Демек, бізге керегі де осындай саны аз, түркі тұқымды ұлттарды қанатымыз астына ала беру ғана. Себебі, ендігі заманда, бізге игерілмеген ұлан-байтақ даладан көп пайда келмейді. Қазақстан үшін 40 миллион жан саны болғанда ғана ғаламға ықпал ете алатын ірі елге айналуға болады. Сонда ғана бізде өндіріс дамиды. Халық көбейсе, ішкі базар қалыптасады. Сұраныс болса, өндіріс артады. Демек, өндіріс қажеті үшін ұлттық, отандық өндіріс дамиды. Мұның барлығы билік тұтқасын ұстаған қазақтардың пайдасына шешіледі. бізге діні мұсылман болғанымен тілі қытай дүңгендердің қажеті жоқ. Қазақстандағы дүңгендердің қытайға бүйрегі бұрып тұруының да себебі бар. Біз үшін кәпір болса да алтайларды ішке алу маңыздырақ. Себебі, сол кәпір алтайлар бірте-бірте мұсылман болуы бек мүмкін. Себебі олармен біздің арамыздағы тілдік жақындық, гендік жақындық ерекше. Осы сықылды қарақалпақ сықылды азшылық ұлттарды да өз ішімізге ала бергеннен біз ұтпасақ, ұтылмаймыз. Болашақта олардың қазақша оқыған балаларының барлығы қазақ болмақ. Қазақша оқығасын, қазақша ойлайды, қазақтың ұл-қызымен үйленеді. Демек, мұндай азшылықтардан бізге саяси қауіп төнбейді. Олар бізге астық өндіретін бұқара болады. Демек, әскерге баратын адамымыздың да саны артады. Мемлекет үшін алғанда бұқараның өзі байлық...

Қазақ айтады: «Көп қорқытады, терең батырады». Бұл сөздің жаны бар. Мен Жыңжуда жүрген осы біраз уақыттан бері Жыңжоу қаласындағы сорпа бетіне шығар ығай мен сығайдың біразымен жүздестім. Бүгін түсте атақты Дұңфаң Данни тағамжайында қонағасыда болғанымда, мұндағы ығай-сығайлардың біразының Мянмарда саудасы барын естідім. Мянмар дегені қытайша 缅甸. Бұл елде қытайлар меңгерген бірнеше аймақ бар. Шындығын айтқанда, бұл аймақтарда қытайлар дербес ел сипатында жасайды. Мянмардың орталық үкіметі оларды басқара алмайды. Олардың үйіне қытай телекомның телефоны орнатылған, қолдарында қытай жылжымалы хабарласу серіктігінің телефоны. Жыңжоудағы қытай байлары осы Мянмарға барып, тірлік жасайды екен. Кеше кеште Мянмардың бір генаралы мен жатқан қонақүйге түсіпті...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 28 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)