Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 71 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Бұл күнде бұл қыздың шешесі, әпкелері, жезделері, ағалары Үрімжінің Дауан аумағындағы Хышұн Хуаюанда тұрады...

Бұл - кәдімгі, өзіміздің қазақтар «Хышұнстан» атап алған Хышұн Хуаюан...

Осы жақында ғана Қазақстан мен Қытай баспасөзін шулатқан әлгі атақты оқиға болды. Ауылдағы қазақ қыздарын алдап ішкі Қытайға апарып, алаяқтықпен сатып жіберген қытайға тиген қазақ келіншекке өлім жазасы кесілді. Бұл оқиға бір мезет қазақ сайттарын да шулатты. Шулап, шулап ұмыттық бұл кұнде. Я, біз сондай ұмытшақ халықпыз...

Ал, жігіттер, қыздар, Нейжяңды тастап, Чыңдуға кеттік! Алла барлығымызға аманшылық берсін. Қалған әңгімені Чыңдудың шуаңлю Әуежайында жазармыз, алла несіп етсе...

Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадырлы жамағат!

Бір алланың шапағатымен, аман-есен Жыңжоу қаласына жетіп алдым.

Жыңжоудан сәлем берып тұрмын.

Алла несып етсе, шығармамызды енді Жыңжоудан жалғастыралық...

Кешегі түн таң атқанша сен-қазақ сайытына сапарнамамды жаздым, бір сағат түрікше үйрендім. Сонымен, таң намазын оқи сала мишықты жаптым. бүгін түске жуық Нейжяңнан шығып, Чыңдуға көлікпен жеттім. Ұйқының кемін жолда толықтырып алдым. Жолға шығар алдындағы менің әдетім осы. Ұйқыны жолда толықтаймын. Себебі, жолда не кітап оқуға келмейді, не торға шығуға келмейді, ең дұрысы – ұйықтау ғана. Бұған да шүкір. Жүргізуші жігіт көлікті ұзақ уақыт жүргізбеген жігіт екен-дағы, оның үстіне, тыңнан қызметке тұрған екен, Чыңдудың жолын дұрыс білмейді екен...

Сонымен, ұшақтан кешіккенге шақ қалдым, құдай оңдағанда, түскі асымызды Чыңдудағы қала алаңы маңындағы Хуаңчың мешіті астындағы Тянфаңлу тағамжайынан ішіп алуға зорға үлгердік, асығып-абдырап Шуңлиұу әуежайына жеткенде, әлдеқашан ұшақтың межелі мерзіміне санаулы ғана уақыттар қалған еді...

Әйтеу, құдай оңдап, алла жолымды берып, ең соңғысы болып ұшаққа шықтым.

Бұл жолы радиодан атымды шақыртпастан, «уағында» шыққаныма қуандым да...

Қытайлар менің ағылшынша жазылған аты-жөнімді әр жерде әр құбылтып оқиды. Қызық. Кейде, мынау неткен бейқам адам деп таңырқап жүрсем, өзімнің атым болып шығады ғой...

Мүлде басқаша дыбыстап тұрғасын, өз атыңды өзің білмей қаласың...

Өкініштісі, Чыңдуға ертерек жетсем, ондағы қазақ жігіттермен жүздеспек едім. Ол ойымды тәжірибесіз шофер жігіт селге кетіріпті. Бір көрімі, өзі тәжірибесіз болғанымен, қатты сақ жігіт екен, машинаны ең төменгі жылдамдықта айдапты. «Сіз терлеп-тепшіп рахаттанып ұйықтағасын, ұйқыңызды бұзбайын дедім» дейді...

Қайдан білсін менің шаршаған сәтте тік тұрып та ұйықтай беретінімді...

Бір аллаға сансыз мадақтар болсын. аман-есен жеткеніме қуандым...

Чұңчиң қаласы бөлек отау тігіп, өлкелік басқарудан Пекинге төте қарасты қала болып өзгермей тұрғанда, Қытайдың тұрғыны ең мол өлкесі осы Сычуан болса керек. Сычуанды қазақшаласақ, Төртсу. Біздің Жетісу деген сықылды. Немесе төрт өзен. Қазақтарда Қызылсу, Ақсу, Көксу деген ат көп қой. Қайда барсаң, Теректі, Үштерек, Бестерек, Топтерек...

Кім білсін, баяғыда бұл жердің атын біздің қазекең қойып кеткен шығар, шындығы бір аллаға ғана аян. Болмаса, ту сонау көшпенділер жайлаған мекеннен Ли бай ақын келіп, осы Сычуанда өлең жазбас еді. Мүмкін, мұнда, біз ешқашан білмейтін быр тарихтар жатқан шығар...

Біздің былайғы зиялы қауым да Ли байдың не қытай не қазақ екенін біле алмай, қызыл шеке болмас еді. Чұңчиң бөлек кеткесін, қытайдың тұрғыны ең мол өлкесі болып Хынан қалды. Қазақшалағанда Өзен түстігі. Түстен кейінгі екінтінің кірер-кірмес уақытында Чыңдудан ұшқан ұшақ екі сағатқа таяу ұшып, ақшамның алдында ғана Жыңжуға қонды. Бұған да шүкір. Жыңжоуға екінші мәрте келуім. Екі ретінде де осы Чыңдудан келдім. Бұл да қызық. Алдыңғы жолы келгенімде, бұл арадан қазақ көрмегем, мүмкін, ұзағырақ тұра жатсам, осы жолы қазақтарды тауып алармын. Білетіндер, қазақтардың дерегін бере жатар.

Қажағаң да алты томдығын «аспан асты елінен» шығара алмай кетті

ғой, соған өкпелегендер бар ма екен, сірә?

Баркел жағынан жолданған 2012-2-22 22:55

Жақа, басқасын қойып, өз уәдеңіз бойынша Мәсімов...

Кәрім Мәсімовтың қазақ не ұйғыр екенін білмеймін, бірақ, оның әкесінің қай ұлт екенін әбден білемін!

Себебі, Кәрім Мәсімовпен кездескен емеспін. Осы кезге дейін, менің Тимур Құлыбаймен кездесуіме орай туылды, оның айналасындағы адамдар мені Тимурға кездестірмек болды, бірақ, ойлана келе, өзім бас тарттым...

Бұл аса күрделі бір әңгіме. Асықпай жазамын...

Ал, Кәріммен кездесуді ойламадым әрі бұған қызықпадым. Мүмкін, несіп болмады. Қысқасы, мұны ойлаған жоқпын...

Бірақ оның әкесімен осы өткен 2011-дың жазында Алматыда кездестім де. Кездесуден бұрын, ол кісі Шяңгаңда жүрген маған қоңырау шалып, хабарласып тұрды. Алматыда бізді мүдделі топтың адамдары жүздестірді. Екі сағатқа жуық сөйлестік...

Мұны да кейінгі жазбаларымда ашық жазамын.

Алла ғұмыр берсе...

Осыдан аз бұрын, Күлтегін сайтында қара боран үдеп тұрған тұста, менің жұмысымның ең қарбалас кезі еді. Тиіп-қашып, жұмыстан босағанда, түнде, түн ортасында, таң намазынан соң дегендей, Күлтегінге, Сенқазаққа шығып, оқырмандардың лебіздерін оқып, ара-тұра сырлас аға-бауырлармен телефонда, e.mail-де сұхбаттасқаным болмаса, бұл дау хақында жүйелі жауаптар жазуға ол кезде жағдайым жар бермеген болатын. Бірақ, енді-енді, арқа-басым кеңіп, қолымдағы жұмыстарымның саябырсыған осы сәтінде, дұрыстап жауап жазайын дегенше, күлтегін жабылып тыныш болды. Сонымен біздің оқырмандарға бермек жауабымыз да осылайша аяқсыз қалды. Оқырмандардың сұрақтары, жазған лебіздері, хаттары, e.mail-дері, смс-тері хақында алда ұзағырақ тоқталып жауап жазамын, алла несіп етсе. Әрине, ойлы оқырмандардың алла разылығы үшін берген, пендешіліктен халас сындары мен сындарлы лебіздеріне жауап қату – борышым.

Есімде қалуынша, сол мезгілдерде қытай ғаламторында да қара боран соғып тұрған еді. Ол қара боран қытайдың осы заманғы ең мықты жігіті Хан Хан айналасында өрбіген болатын. Қытайша сауатты оқырмандар іздеуіштерден 韩寒,方舟子,孔庆东 деп іздесе бұл қара боран хақында мағлұмат ала алады. Хан Хан хақында мен ертеректе бір жолдама жаздым. Аты «қытай әдебиетіндегі Хан Хан құбылысы» болатын. Қытайдағы қазақтарға Хан Ханды таныстыру ауадай қажет. Себебі, Хан Хан қытай ұлтынан шыққан ең батыл жазушы. Ол хақындағы менің жазғандарым, егер осы сенқазақ сайтында болса, білетін оқырмандар жалғамасын осында бере салсын. Алла разы болсын...

Осы Хан Хан қазір қытай ғаламторын шулатып тұр. Фаң Жоузы бастаған, басқалар қостаған, Кұң Чиң Дұң араласқан, басқалар қостаған бір қара боран қытайдың ғаламторын, қытайдың блоктары мен микроблоктарын бір мезет қара боран астында қалдырды. Оған әр деңгейдегі, әр ұстанымдағы оқырмандардың араласуын қосқанда, қытай ғаламторында «түрлі-түсті төңкеріс» басталып та кеткендей еді.

Мұны айтудағы мақсатым – өзімді әлдебіреулерге немесе Хан Хан қытайға ұқсатқаным емес. Бұл екі бастан анық дүние. Онан құдай сақтасын. Біз қашан да өзіміз болып қаламыз. Ешкімге ұқсағымыз келмейді де. Біз бір алланың ең сүйікті елшісі, адамзаттың асылы Мұхаммедке (с.ғ.с) ғана ұқсағымыз келеді. Барлық іс-әрекетімізді сүйікті пайғамбарымызға ұқсауға, еліктеуге ғана бағыттаймыз...

Бұл – мұсылман баласына тұтас ортақ өлшем. Бұл айтқанымыздың мағынасы – біз пайғамбарымыздың сүннетімен ғана жүреміз. Қалғаны бізге өлшем бола алмайды. Пайғамбарымыз сенген құдайға сенеміз. Пайғамбарымыз жақсы көрген істі ғана істейміз. Пайғамбарымыз жиіркенгеннен жиіркенеміз. Демек, пайғамбарымыз күллі адамзатқа нұсқаған сара жолмен ғана жүреміз...

Хан Хандар Ханзудың торабының астаң-кестеңін шығарса да, оған бола бүлінген ештеме болған жоқ. Ешқандай торап жабылып, ешқандай блог блокталған (құлыпталған) емес. Біздің қытайдағы сорлы қазақтың маңдайына біткен бақытсыз күлтегіні жабылып тыныш болды. Оқырмандардың да көңіл-күйі жоқ. Бұл істің алланың қарғысы тигір әлдебіреулердің қарекеті екенінде дау жоқ!

Бірақ, осыдан ойлы оқырман нені түйді?! Нені білді?! Сол қара боранның үдеп тұрған сәтінде, қаншама оқырман маған хат жазды. Менде барлығы тұр. Жұрттың барлығының үрейі ұшқан! Демек, қара боран кезінде, біздің Қытайдағы қазақ зиялысының нағыз шынайы бейнесі анық көрінді...

Көл түбінде жатқан тас, көл толқыса шығады дегендей, көл толқып, қара боран үдегенде, әлдебіреулердің бетпердесі жыртылып, шынайы бейнесі көріне бастады. Мұнысы бейне, Исус Христостың «ең соңғы кешкі қонағасы» суретіндегі бейнеленгендей еді. Кімнің кім екенін сонда аңғардық.

Кейде мен соларды зиялы деуге де қимаймын. Абайдың тілімен айтқанда, олар «қара таяқтар» ғана болатын. Ұлт мүддесі жолында ата кегім кеткен ата жауыммен де одақтасуға бармын мен. Ұлттың ұлы мүддесі алдында жеке «меннің» күйін шертетіндер – қораштар ғана. Ондайлар ұлт мүддесін ойлай алмайды. Шакене бастарына ұлы мүдделерді ешқашан сыйдыра алған емес те. Жайшылықта жарнама сипатты айқайшы болғанымен, қаңылтыр кеуделерін қаңғырлатып, жау жоқта аттаншы болғансығанымен, сынға түскен, сынаққа дөп келген сәтте, бет пердесін жыртып, нағыз бейнесін ашыққа шығарады. Кем дегенде үнсіз қалып, халыс бейне байқатады. Онысын алыптың артын бағу дейді. Ашығында, мұның өзі де екібеткейлік, екі жүзділік. Ащы айтсақ, мұнапиықтық ат қойып, айдар тағып, ағаш ат мінгізіп жіберуге қытайларың да шебер-ақ. Баяғыдағы Американың уотыр гейт оқиғасын, (уатер гате), қазақшаласақ, «су қақпасы оқиғасын» қытайлар 水门事件 деп аударып алғаны сынды, осы жолғы Хан Хан дауының бір бетін 代笔门 деп алыпты. Онысы, «Хан Хан шығармаларын жап-жас Хан Ханның жазуы мүмкін емес, оны әкесі немесе басқа адамдар жазып берген болуы мүмкін» деген өсектен туындаған еді. Бұл өсектің бір тармағы «Хан Хан шығармаларын бір адамның жазуы мүмкін емес, оны бір немесе бірнеше адам немесе арнаулы жұмыс тобы жазып отыр» деген өсек еді. Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса. Өсекті айтқысы келген адамға амал жоқ екен. Ал, өсектен, тек қана, жүректегі иман арашалап қалмаса, мұндай өсектердің кейде өлген жанға тіл бітірердей тұстары да бар...

Қазақтарға қатысты қазақгейт оқиғасын ағылшын тілді ақпараттардан оқымасаңыз, қытайша ақпаратта бұған қатысты дым да жоқ. Тапсаңыз да мандымды дүние емес. Ал, қытайдың ескі жазуымен іздесеңіз, мүмкін табылар. Қытайшасы 哈萨克门事件 болуы мүмкін...

Жә, өз сөзімізге келелік...

Қытай ғаламторындағы дау-дамайға қарап отырып, қазақ ғаламторшыларының олармен мүлде бөлек бір қоғамда жасап жатқанын сезінеді екенсің. Қоғамның негізгі ұлты мен қоғамның қосалқы ұлтының арасындағы айырма жер мен көктей. Бірі өзіне сенімді болса, бірі өзі түгілі өзгеге де, ешкімге де сенбейді. Өзіне де, өзгеге де сенбеген сорлының айтар сөзі де, ойлар ойы да басқа. Ондайларды құл деп айтудың өзі де обал көрінеді. Себебі, бейшара құл екеш құлдың да итағатшыл пренцібі бар ғой, бар арманы қожасына жағу емес пе еді, ал жаңағы қосалқылардың күні құл екеш құлға да жетпейді. Не құл емес, не қожа емес, бір ғажап дүбара.

Ұлтымыз ұландарының басындағы құлдық санамен алысып жүрсек, құлдық сананың өзіне де жетпейтін сұмдық сана бар екенін білмеген екеміз. Ол қандай сұмдық сана дейсіз ғой. Құлда сана жоқ емес, бар. Құл – қожасы үшін құл. Ал, біздегі кейбіреулердің осы құлға да жарамасын білдік. Қожасы құл базардан құл сатып аларда, құлдардың денсаулығын, ақылын, пайымын, іскерлігін байқап көріп, қолайына жаққанын алады ғой. Мұндайларды ғана құл десек керек. Ал, қожасы «құлдық мәртебе» бермесе де, «құлдық кінешкесі» болмаса да, айдалада жатып, құлша ойлап, құл болғысы келіп жүргендерге не жорық?!

Мұндай құлдар жаңағындай қожасына жарамды құлдарға қарағанда әлдеқайда қауіпті көрінеді. Қожасына жараған, құл базардан текедей таңдалып алынған, шекесінде құлдық таңбасы жарқырап тұрған, қолында құлдық кінешкесі бар мұндай құлдардан гөрі, жаңағындай иесіз құлдар әлдеқайда ұятсыз, арсыз, бетсіз, ұждансыз келеді екен. Мұндай құлдарды «штаттан сыртқы құлдар» десек керек. Бұл тектес штатсыз құлдардың белсенділігі штатты құлдарға қарағанда әлдеқайда жоғары болады екен. Негізі арғы ата-бабаларынан тұқымдарында осындай асыл қасиеттер жалғасқан болса керек. Мұндайлар жаңағы басыбайлы, кесікті құлақ құлдарға қарағанда, әлдеқайда сезгір, әлдеқайда сергек болса керек.

Мұндай дерттің бірлі-екілі жанда болуы қалыпты құбылыс. Егер тұтас бір қауымның басым көп сандысында мұндай дерт болса, ендеше, сол қауымның құрдымға бет алғаны. Алла бізді онан сақтасын.

Соңғы кезде, қазақ арасында көлеңкесінен қорқатын бір дерт пайда болды. Аяқтан шалып, ауыздан қағып, арыныңды басып, адымыңды тұсап, алқымыңнан алып, алдыңнан тосып жанталасқан қалың бейбақ. Біреу емес, екеу емес, қарасы қалың, топаны мол бір топ тобыр! Мүсіркейсің. Өздерінің жаттанды уәждері бар. Бұлар да жаңағы штаттан тысқары жүрген құлдар. Нағыз құл болуға салауаттары жетпей, құл болсам екен деп аңсап, армандап жүрген бейшаралар. Өздерінде білім де, ғылым да бар. Әрине, алланың ілімі мен білімі емес. Құлдық салауатқа жету үшін алған шайтани білімі. Көкірегінде иманы болмағасын, шайтанның сызғанынан шыға алмай жанталасқан қалың күрмеулі сорлы...

Бүгінгі қасиетті жұмадағы барша тілектеріңіз қабыл болсын, мұсылман жамағаты!

Бүгін 2012 жылдың 24 ақпанында, Жыңжоу қаласында жұма оқымақ үшін, кеше кештен бастап дайындалдым. Бүгінгі түске дейінгі жиналыс пен кездесу - сөйлесулер қаланың жаңа қала районы ішінде еді де, ең жақын мешітті темір жол вокзалы маңындағы Жыңжоу бейда мешіті деп шештік. (郑州北大清真寺). Кеше кеште мешітті іздеп тапқасын, шофер баламен бірге мешітке келудің төте жолын қарастырып, айналасын еске мықтап тұрып тоқып алдық. Сосын бүгін көп адаспай, мешітке төте келдік. Айналамдағы 30-40 жора-жолдас тұтасымен қытайлар еді. Ішінде мұсылманы мен ғана едім. Жүздесуіміз бен сөйлесуіміз, сұхбатымыз ұзаққа созылғандықтан, қақ түске туралап, олардың жайған дастарқанына қарамастан, мешітке кеттім, құдай оңдағанда, жұма намазы басталудан көп бұрын, мешітке үлгердім. Бірақ бұл мешіттің жамағат болған дүңгендер мені қатты таңырқатты. Күллі қытайды тынбай шарлап жүрген мен аса көп жердің дүңгенін білуші едім, қай жердің қай мешітінің дүңгені қай мазһап ұстанатынын да білуші едім. Бірақ, бүгінгі көрген дүңгендерім мені шынында, қатты таңырқатты. Жұма намазынан соң, бұлар да өзге аса көп санды дүңгендер құсап, бесін намазын қайта өтейді екен. Бір қызығы, жұма намазын жамағат болып өтегендерімен, бесін намазын жамағат болып өтемейді екен. Жұмадан соң, жұмадан тараған жамағатпен бірге бір мұсылманның жаназасына қатыстым. Жаназа мешіт ауласында жүргізілді. Демек, мен танымайтын осы мұсылман бұл дүниеге келерінде-ақ, оның жаназасына менің қатысуымды құдыреті күшті бір алла баяғыда-ақ жазып қойған деген сөз. Жұмада жамағатпен бірге жаназаға қатыстым дедім ғой, бір ғажабы, бұлардың жаназа намазы да басқашалау болып шықты...

Бұл дүңгендердің қирағаты мен көрген ешқандай дүңгендерге ұқсамайды екен. Бұлардың қирағаты Үрімжідегі, Шынжындағы, Бейжіңдегі, Ши-андегі, Чыңдудағы, Нейжяңдағы ешқайсысы бауырластарына ұқсамайтын болып шықты...

Мұнда бір сыр бар болуы мүмкін...

Тілдері де қытайдың мандарин тіліне жақын. Түрлері сары немесе аққұба. Түрлері жағынан өзге дүңгендерден көп парықталмайды. Бірақ әндетіп, созақтатып оқыған құрандары ертерек замандардағы қытайдың әндеріне ұқсап қалады екен. Ашығы керек, құран сөздерінен анда-санда бір екі аузын шырамытқаным болмаса, бұлардың қай тілде әндетіп отырғанын мен ешқашан түсінбедім. Бір жақсысы, жұма намазына имам болған кісінің тажуиды өте дұрыс болып шықты. Оқылған сүрелердің дыбысталулары өте дұрыс болғанымен, жалпы мақамы тағы да жаңағы ескі замандардағы қытайлардың аңыраған әндеріне ұқсап кететін еді...

Мен мешіттің ең алдыңғы сабында тұрып намаз оқыған едім. Жол бойынша, кіре сала, отырмастан, екі бас сәлем намазымды өтедім. Онан ары кем дегенде, бір сағаттан соң барып, жамағатпен бірге жұма оқылды. Құтпаның өзі ғажап. Төрт ракағат сүннеттен соң, жұма өтелді. Сосын тағы да сүннеттер. Мұны тәмамдағасын, сыртқа шығайын десем, артым толы ақ тақиялы дүңгендер. Бір кезде барлығы атып-атып тұрды да, бесін намазын өтей бастады. Намазханның алдын кесіп өту – өте үлкен күнә ғой. Намаздары аяқтағанша, мешіттен шықпауым керек еді. Сосын мен де нафіл намаздарымды өтедім...

Бір заманда, барлығы алақанын жайып, іштен дұға оқып, бет сипады. Алматы мешіттеріндегі ұзын ары өте мағыналы тілектердей, ашық, әшкере айтылған жоқ. Барлық тілек үнсіз. Алматыда елімізге, мемлекетімізге, елбасына, дінбасына, халқымызға, жерімізге, елімізге тұтасымен тілек айтылып, жаратушыдан береке, тыныштық, бақыт, иман тіленуші еді. Ол тілектер соншама мағыналы әрі тілеген сайын тілей бергің келетін тілектер еді...

Алматы мешіттерін сағындым. Алматы мешіттеріндегі намазхан бауырларымды сағындым. Қазақтың намазға жығылған жастарын, жүзінде иман нұры тұнған қарттарын сағындым. Бүгінгі мешіт ішінде де қарттар мол болды. Мешіттің үлкен бөлмесінің екі шетінде, ағаш ат тәрізденген орындықтар көп болды. Ағаш орындықтарға атқа мінгендей мінген қарттар алдарындағы маңдай төсеуге, сәжде жасауға арнайы биіктетілген тақтайшаға маңдайларын тигізіп, намаздарын отырып өтейді екен. Мұндай қарттардың қатары да кем дегенде, он-жиырмадай болса керек. Себебі, намаздан тараған соң байқағанымда, мұндай орындықтардың саны да аз емес көрінді. Мешіт –тұтасымен ертедегі дәстүрлі қытай үлгісінде жасалынған екен. Қытайдың мәдениеті мен исламның мәдениетінің тоғысқан, түйіскен жерін осы тектес дүңген мешіттерінен көптеп аңғаруға болатындай...

Жанымдағы қытайларды да ептеп дінге уағыздаймын. Аллаға шүкір, кем дегенде, 3-4 қытайдың сауатын аштым. Алла несіп етсе, олар да мұсылман болып шығар. Я, біз, тек, себепшіміз. Барлығы бір алланың ғана қолында. Алла қалаған құлын дұрыс жолға салады, ал қаласа, қалаған құлын адастырады.

Уа, құдыреті күшті алла, бізді қашан да дұрыс жолға сала гөр...

Қытайларға ислам хақындағы әңгімелерді айтуым да алла разылығы үшін, әрі ақирет күнінде, алла алдында жүзімнің жарық болуы үшін еді. Себебі, егер олар бұл дүниеден кетер-кеткенше, мұсылман болмаса, о дүниеде оларды күтіп тұрғаны тозақ оты ғана еді. Бұл – қасиетті құранда анық айтылған ақиқат еді. Демек, ислам ақиқатын айту – бізге міндет. Ал, сену немесе сенбеу – олардың өз еркі, кем дегенде, ертеңгі күні, сұрақшы періштелерге олар міңгірлеп, сылтау айтқанда, біздің куәге шақырыларымыз хақ. Себебі, біз ақиқатты жеткізгендігіміз үшін оларға куә боламыз. Бала күнімізде естіген уағызымызда осылай айтылатын.

Бір қызығы, былтыр, нанжиңдік бір қытайларға құран кітабын сыйладым. Себебі, олардың құранға деген қызығуы өте артқан еді.

Өткенде жұма намазынан соң Чыңдудағы алаң маңындағы үлкен мешіт- Хуаңчың мешітінің қақпасынан кіре берісте, сол қол жақтағы кішкене дүкенде де көптеген ислами кітаптар сатылатынын көрген едім. Ішінде тапсырлер мен уағыздар, хадистер дегеніңіз аса мол. Ішінде видео құжаттар да бар. Негізі, қытайша оқыған бауырларымыз бен қарындастарымызға қытай тіліндегі ислами әдебиетті оқи жүруді уағыздай жүргеніміз да абзал еді. Себебі, тілден айырылып бара жатқан олардың діннен де алыстап қалуының алдын алуымыз керек қой. Қытай тіліндегі ислами кітаптардың молдығы адамды еріксізден таңырқатады. Ал, мұндай кітапты біздің қызыл молдаларымыз ешқашан шығара алған емес. Біз, қасиетті құранның өзін қорқа-қорқа әзер бастыратын жұртпыз. Не үшін екен?! Бір ғана жауап, біздің сатқындарымыз бен құлдарымыз, құл саналыларымыз көп. Ашығын айтқанда, кінешкелі құлдарымызға қарағанда, кінешкесіз құлдарымыз мыңдаған есе көп жұртпыз. Біздің осы ниетімізге бола, алла тағала бізге осындай күнді жазып отыр. Себебі, кім қандай күн кешеді, барлығы да алланың әділеттілігімен. Алла қашан да әділетті.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 25 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)