Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 70 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Егер шын болса. Демек, мұндай жағдайда, қой, сиыр етін жеудің өзі аса сенімсіз. Ең сенімді тамақ – көгөніс, жұмыртқа, балық болмақ. Демек, жаңағындай алла атымен бауыздалмаған, харам еттерді жеп қоюдан сақтана аласыз. Демек, тән таза болса, жан да таза болмақ. Былғанған тәнде таза рух болуы екіталай. Халал тамақ жесеңыз, рухыңыз сергек, күш-қуатыңыз тасып тұрады. Жасаған құлшылығыңыз қабыл болады.

Түрік ресторандарына да 100 пайыз сеніп кетуге болмайды. Осы жолы Үрімжіге, Алтайға барып келуден бұрын Чыңдуда біраз аялдадым. Сол кезде жаңағы 12580 телефоны арқылы Чыңдудан түрік ресторанын іздедім. Чыңдуда, қаланың ең думанды жерінде, түрік ресторанынан біреуі бар екен. Шоферге іздетіп отырып, бір сағат уақыт жұмсап, жаңағы жерге келеміз ғой. Сөйтсек, тістері орсиып, майысып, сызылып қытайлар жүр. Асхана ішінде екі қара нәсілді халық отыр. Түрлерінен мұсылман екендігін аңғардым. «Мұсылмансыңдар ма?» – деп ағылшынша сұрадым. «Әлхамдулилла» дегесін, «ассалаумағалейкум» деп сәлемдестім. Нигерияның мұсылмандары екен. Себебі, кәпірге «ассалаумағалейкум» айтуға болмайды ғой. Оның күнәсі ауыр болмақ, білмей айтып қалған жағдайда, сәлемді қайтарып алу керек.

Әдетім бойынша, бас аспазбен кезіккім келетінін сұрадым, өз ойымда, қожайын қытай болғанымен, бас аспаз түрік болар деп ойлаған едім. Сөйтсем, ол түрік аспазымыз «аз бұрын еліне кетіп қалған екен». Демек, бұл жалғаннан түрік атын жамылған қытайлар ашқан асхана деген сөз...

Тамақ ішпей кетіп қалдым. Өзім кетпей, жаңағы мұсылман бауырларыма да айттым. Бірақ, олар сөзімді естісе де, кетпеді...

Негізі, қытай асханаларынан тамақтана беретін арабтар мен ирандарды мен көп көрдім, ондайларға таңырқамас та болған ем...

Бейжіңде мұндай түрік, араб, иран ресторандары бар. «Мың бір түн» араб рестораны, «Түркиш мам» түрік рестораны, «Руми» иран рестораны деген ресторандар Бейжіңдегі елшіліктер орналасқан аумақта. Бірақ, мұнда да сақ болу керек. Бұлардың да аспаздары кейде «отандарын сағынып, кетіп қалады». Мұндайда, бұл арадан тамақ ішу – қауіпті. Ең дұрыс талғам – етсіз тамақ жеу. Бірі - денсаулыққа жақсы, екіншіден – сыртта жүргенде, келіншегіңнен алыста жүргенде, нәпсіні тежеуге болады. Ал, нәпсіні тежеудің ең дұрыс жолы - ораза ұстау. Үйлене алмай жүрген бауырларымызға айтар ақылымыз да осы. Ораза ұстау - асқынған еркектік нәпсінің тежеуіші. Ораза - иманның қалқаны.

Тайландтың Паттая қаласындағы теңізге екі жүз метр ғана жерде тұрған түріктің шағын асханасы есімде. Мен онда екі рет болдым. Екі ретінде де, «қош келдіңіз, қазақ қардашым» деп қарсы алады, «сау болыңыз» деп шығарып салады. Мұнда демалғалы, қыдырғалы қазақтар көп келеді екен. Менің шала түрікшеммен, оның шала қазақшасымен, ымдап жүріп ұғысқанымыз осы болды...

Демек, Үрімжідегі «жалмалы» клубы, «күйсін», «қама торға» сықылды сан-алуан күнә ұяшықтарын ашқан азаматтарымызға айтарымыз да осы. Алланың ажалы жетпей тұрып, тәубаға оралу керек. Әйтпегенде, мұндай күнәлі тірліктер жасаған адамның ол дүниедегі халі ешқашан жеңіл болмақ емес.

Сол түріктеріңіз, сол өзбектеріңізді айтпалық. Олар шетелде, алыста дейсіз ғой. Осы кезде, сол Үрімжіңіздің өзінде ұйғырдың атақты асханалары арақ-шараптан арылып болды. Асханаларында харам нәрсе құйылмайды. Кейбірі, мәдениетті үйренгені соншалық, шылым шеккізбейді. Мұндай таза асханаларды өз басым қатты ұнатамын. Себебі, шылымның күлмісі иісі келсе, тамаққа тәбетім тартпай қалады...

Біздің жігіттеріміз осыдан неге үйренбеске?!

«Үрімжідегі жалмалы клубы» атты жолдамамыз мына арада еді:

хттп://ууу.сенказақ.шом/ббс/фор...;тыд=93327#ластпост

Осы жолдамамызды біз мақсатты түрде жолдадық. Себебін жоғарыда айттық. Біраз елдің көзқарасы ашық болды. Осы тектес жалмалыларды ашқан жігіттердің күнәһар тірліктерін дұрысқа бағалаушылардың да топаны мол екенін білдік. Не үшін?! Ол біздің, біздің қазақтың арақты харам біліп, жиіркенуден мүлде алыстап кетіп бара жатқандығының белгісі. Ең қысқасы, құранда анық айтылған арақты жасаушының, арақты тасушының, арақты сатушының, арақты құюшының, арақты ішушінің күнәсі біп-бірдей екенін біздің қазақ ұмыта бастаған! Сол «жалмалылардан» арақ ішкен адам сайтанның жетегіне түсіп, кісі өлтірсе, осы күнә соны жасаушымен бірге осы арақты өндірушіге, тасушыға, сатушыға, құюшыға қатар жазылатынын білмейді кейбіреулер. Демек, жаңағындай арақ-шарап жын-ойнақ ұяларын ашқан жігіттер өз күнәларымен қатар, Өзгелердің күнәсын қатар арқалап жатыр. Мұнан өткен қорқынышты іс бар ма?!

Егер, сол арақ-шарапқа қызара бөрткен, қызған жігіттер мен қыздар зина жасаса, қалай болмақ?! Әрине, арақтың артында сығалап, зина тұратыны хақ. Сыра ішкен қыздың сыры белгілі. Демек, арақтан соңғы зинаның күнәсы да жаңағы жын ордаларын ашқан жігіттерге еш кемітілмей жазыла береді, жазыла береді!

Ал, сонау ауылдан, қиырдан, арман арқалап, қала сағалап, қала сағалағанда да, асхана жағалап, ыдыс-аяқ жуып, даяшы болып жүрген қазақтың өрімдей жас ұлдары мен қыздары ше?! Демек, олар да осы күнәларға ортақ болып жүр. Не үшін Үрімжі қаласындағы қазақтың, ұйғырдың, дүңгеннің, қытайдың асханасында қазақтың жігіттері мен қыздары даяшы болып жүр?! Бұл даяшылық деген біздің қала жағалаған жастарға тепсе кетпес темір бақ болып мықтап тұрып орнағаны қалай?!

Ең басты себеп, қазақтың ауылдан келген қыз-жігітінің құлағы жұмсақ. Демек, құлағы жұмсақ деген сөз – құл мінезді деген сөз. Айдағанға көнеді. Ауырға шыдамды. Айлығын бірнеше ай бермесең де, бұртиғаннан басқаға шамасы жетпейді. Сол үшін біз өзгеге жағымдымыз. Демек, біздің «ұлымыз қалада, қызымыз қалада» деп мақтанған қырдағы ата-аналарымыздың да шын жағдайды білетін кезі келді. Әспеттеген ұлы мен ардақты қызы арақтың иісі мен темекінің ісін сора-сора, көзі үйрене, өзі де ертең соған құмартып, бар асылынан айырылып, тоналып, Қызжібек болып қалаға келіп, Жібек болып ауылына кетіп жатқанын білуі керек!

Үрімжіде не көп. Соңғы кезде ашылған қалың мектеп көп. Өнер орталықтары көп. Оқыту орталықтары көп. Бұл қазақ бірдеме істемейді. Бірақ, бірдеме істесе, асырып істейді. Бұл қазақтың біреуі бірдеме істесе, қалғаны жапа-тармағай соны істейді. Басқа кәсіп көзіне көрінбейді. Бір қазақ бір жерден ресторан ашса, онда көп өтпей, оның қасына екінші бір қазақ мінгесе орналасады. Үрімжінің халі осы. Екіден, үштен мінгесіп тұрған қазақтың қалың жын-ойнақтары. Осы жын ойнақтарда жүрген жаңағы өнер мектептерінің оқушылары. Ата-аналары оларды «бір өнердің басын ұстасын» деп Үрімжіге жіберсе, біздің тентектеріміз Үрімжіде жер-жерге бөлініп алып, той тойлап, туылған күн өткізіп, арты мақабат-сақабат болып, үйленіп, қыз алып қашып, быт-шыт болып жатады. Жаңағы оқыған оқу да, үйренбек болған өнер де адырам қалады...

Қазақтың араққа құмар болуының сыры неде?

Қазақтың қоғамда жүрген ұл-қызының кәсіпкерлік салада, кәсіп көзін ашуда, кәсіптенуде нашар болуының сыры неде?

Қазақтың оқыған-тоқығандарының «темір табақтан» ғана дәмелі болуының сыры неде?

Қазақтың зиялысының жалтақ, қорқақ, берекесіз, өсекшіл, топшыл болуының сыры неде?!

Қазақтың аз ғана байшыкешінің арақ-шарап сықылды күнәлі тірліктермен ғана айналысып қалуының сыры неде?

Қазақтың той дастарқанынан арақ деген бәлені басы бүтін қуып шығуға бола ма, болмай ма?

Қазақ қыздарының қалаға келе сала арзандап кететіні қалай?

Қазақтың жігіттері қалаға келе сала, қыз-қырқын қуып, ақшасын шашып, сандалып, арақ ішіп қаңғып кетуінің сыры неде?

Қазақтың «жалғамалы сату» сықылды қақпанға үйірсек болуының сыры неде?

Қазақтың...

Қазақтың...

Қазақтың басындағы осыншама қара бұлттың, осыншама қасыреттің емі бар ма?!

Бар!

Ол – иман!

Біз қазақты тек қана иманмен ғана құтқара аламыз.

Кей қазаққа иман туралы айтсаң, көз алдына араб келеді. Күлкің келеді. Араб қайда, иман қайда?! Мұнан өткен надандық бар ма екен?! Бұл қазақты арақтан, шараптан, құрып-жоғалудан құтқарайын десең, жаңағындай жарты милылар келеді де «қазақтың жауы – араб» дейді. Мұндайда не айтарыңды білмей, аузыңа сөз түспей, аңқаиып қалатының бар. Шарасыздықтан. Амалсыздықтан! Міне, біздің қазақтың біраз жасының білеры осы. Алдындағы арақтан емес, алыстағы арабтан қорыққан қазақтың білгіштерінің айтары осы. Анық жау араб емес, арақ еді ғой. Соны білетін күніміз бар ма екен?! Иә...

Түнгі сағат үштен бір шерік кетіпті. Таң атса, мынау қалаға, өзім біраз уақ дәм-тұзын татқан Нейжяң қаласына қош айтамын. Дәл қазіргі сәтте, мұндағы 3 миллион қытайдың ішінде екі жарым қазақ бармыз. Мен жатқан қонақүйдің 13-қабатында бір жарым қазақ жатыр. Толық қанды қазақ нағашы және оның қасындағы қазақ қызы мен қытай жігітінің арасынан туған дүбара-нарқоспақ, шата-шажа жарым қазақ жатыр...

Бүгін осынау нән қалада соншама бір мүмкін еместей мұғжизамен, адам нанғысыздай, естіген ел сенгісіздей бір таңғажайыппен, тар лифттің ішінде екі қазақ кездесіп қаламыз ғой...

Көшеде кездессек, бір сәрі.

Бұл қалада не көп, қонақ үй көп. Аттап бассаң, қонақ үй.

Бұл қалада қазақ түгілі ұйғыр жоқ, ұйғыр түгілі дүңген жоқ. Осындай бір таңғажайып жерде, қонақ үйдің лифтінде сап-сары қазақ келіншекпен кездесіп қалудың математикалық ықтималдық ілімі бойынша мүмкіндігі қанша?! Үш миллион адам ішінен екі адамның жүздесу мүмкіндігі?!

Бірақ, мен өз көзіммен көрдім. Әдепсіздеу болса да, құтқуырлап жүріп, біраз сырдың шетін білдім. Білдім де, жүрегім ауырып, жайсызданып қалдым. Алдымнан кезіккен мынау істің өзі біздің ұлттық қасыретіміздің бір көрінісі. Демек, құдайсыз қурай сынбайды деген қазақы ислами ұғыммен қарасақ, менің осы оқиғаға куәгер болуымның өзі алланың қалауы.

Қытайға тиген қазақтың қызы...

Жиырма неше жыл бұрын. Көз алдарыңызға елестете беріңіз. Азаптанған ата. Зар жылаған ана. Намыстанған бауыр. Бетін жас жуған сіңлі...

Бұл іс күні ертең сенің басыңа келеді! Дәл сенің басыңа келеді, осыны оқып отырған әрбір оқырман! Осыны ұмытпа! Ұлыңды отын қыламын, қызыңды қатын қыламын деген осы!

Мұны кеше 20 ақпанның түстен кейінінде сенқазақ сайтына жазып үлгердім. Негізгі мәтіні:

Ой, тәуба...

Мынау бір ғажап жағдай болды. Таң-тамаша болып отырмын... Таңырқағаным соншалық есімді жия алмай отырғандаймын. Айтайын ба? Ертең таң бозынан автокөлікпен Чыңдуға барып, Чыңдудан ұшақпен Жыңжоуға ұшпақ едім. Визамды ұзартып алып, билетке тапсырыс беріп, қонақ үйіме келгенім осы еді...

Мен қазір тұрған қаланың аты – Нейжяң. Төте аударғанда – Ішкі өзен. Чыңдудан шамасы 200 шақырым алыс болса керек. Бұл қалада шамасы 3 миллион адам тұрады дейді. Анығын анықтамадық. Бірақ, ұйғыр түгілі дүңгеннің асханасы жоқ жер еді...

Жаңа ғана паспортымды алайын деп, қонақүйдің рисепшініне түсейін деп, лифтке шығамын ғой. Лифт ішінде сап-сары бір қазақ келіншек тұр!

– Қазақсыз ба? – дедім бірден. Мені көріп шошып кетті. Абдырап, сасып қалды...

Міне, қызық! Бейжің, Шаңхай, Чыңду сықылды үлкен қалада қазақ көрсем таңырқамас ем. Мынау Нейжяң деген қалаңда мұсылман баласы тұрмаған жер. Түскі асымды ішу үшін жоғары қарқынды тас жолмен не Лұңчаң қаласына не Лоужоу қаласына барасың. Барған-келгенің 100 километрден асады. Лужоуға барсаң, екі жүз шақырым. Ал, мұнда не қылған қазақ дейсің ғой! Алла деп жүрген жанбыз ғой. Шын оқиға. Қазір ол кісі (менен көп үлкен екен...) мен жатқан қонақүйдің 13-қабатына орналасты. Мен 11-қабатындамын. Бүгін келіп отыр екен...

Осыншама үлкен қалада, осыншама көп қонақүй ішінен, мен жатқан қонаүйді таңдағанын қара...

3 миллион қытай ішінен екі қазақ кездесіп отыр...

Жоғарыдағы жолдамамды әр оқырман әрқалай бағалап, бірі атып, бірі қағып, қалжыңдап, сан-саққа жүгіртті. Бірақ, менің жүрегім осы уақытқа дейін сыздап тұр. Қытайдан бақытын таппақ болған қазақтың аңғал қызының қасыретін қарашы! Не үшін кілең осындай оқиғаларға мен ғана кезіге беремін, осы?! Не үшін?! Аң-таң қаламын. Әр жолы осындай оқиғаларды көремін де, жүрегім ауырып қалады. Нейжяңға келген қазақ келіншектің сыры белгілі болды. Осыдан жиырма шақты жыл бұрын Шыңжаңға барған жұмысшы Қытаймен қашып ішкі Қытайға келген әпекесінің баласын көргелі келіпті. Бұл өзінің айтысы. Менше, бұл бала – әпекесінің баласы емес, жаңағы сары келіншектің өз баласы сықылдана береді. Мейлі, кімдікі болсын, әйтеу, қазақтың жиені, қытайдың ұрпағы екенінде гәп жоқ...

Шяңгаңдағы филлипиндік қара жұмысшы қытайға үйленген Нанчаң қазына институтынан оқу тәмамдаған үрімжілік қазақ қыздың тағдыры да мені біраз уақыт қатты мазалаған еді...

Мен Шынжын қаласында ол бейбақ қыздың шешесін де көргенмін. Үрімжінің тау жағалаған ауылдарының бірінен шыққан кісі екен. Ол ауылда бір ұйғырдың да жоқ екеніне бәстесе аламын, бірақ бұл кісі бізге ұйғырша сөйлеп тоқтамай қойды, онысының өзі тисе ағашқа, тимесе бұтаққа дейтіндей ұйғырша. Осындай анадан туған қыз қытайға тиюге тиісті сияқты...

Шешесі сартқұмар болса, қызы қытайқұмар болмай қайтсін. Өздерінің қазақ болып дүниеге келгендігіне өкінетін осы бір ана мен қыздың жағдайы мені көп ойландыра береді. Мүмкін, бұлардың отбасында «қазақ» десе төбе шашы тік тұратын «қасиетті дәстүр» бар шығар?! Себебі, қазақ десе төбе шашы тік тұратын қазақтар Кеңес Одағы қазақтарында мол еді. Олар сол арқылы өздерінің керемет екендігін дәлелдейтін. Осы індет біздің Қытайдағы қазақтарға да ендеп тұрып жұғыпты. Үрімжіде қазақ десе болды төбе шашы тік тұратын қазақтарды көп көрдім. Оны қойшы, Қазақстан десе төбе шашы тік тұратын қазақтарды көрдім...

Бұл да біртүрлі жын. Денеге кірген жын. Мұндай қазақтарды шынжырлап байлап тұрып, қырық жыл дұғалап оқу керек!

Шяңгаңдағы филиппиндік қара жұмысшы қытайға тиген қазақ қызы-Шяңгаңдағы бірден бір қазақ емес. Бұл келіншекті мен осыдан бірнеше жыл бұрын, Шынжын-Гуаңжоу қазақтары жиналып, бас қосып, құрбан айт мерекесін тойлаған кезде көргемін. Бейбақтың түрі де өзгеріп, қытайласып, қытайға ауып, кісі танымастай болып кеткен. Аузынан бір түрлі жағымсыз иіс бұрқ-бұрқ етіп шығып тұрады екен. Онысы анадайдан бұрқ-бұрқ еткенде, мен амалсыздан мұрын басуға мәжбүр болдым...

Шынжын қаласында алдымен шынжындық қазақтар бас қосып, жаңағы ұйғырша ғана сөйлейтін таза қазақ ауылынан шыққан апамызды Шынжынға қалдырып, жүрдек пойызға мініп, екі жүз шақырым аралықтағы Гуаңжуға барамыз ғой. Онда да қалың қазақ жиналған. Көбісі – кәсіпкер азаматтар. Қалғаны студенттер. Гуаңжуда тұрақтап тұрған қазақ жігіттері көп. Алды үй сатып алған. Шынжында қызметте қалған қазақтар да бар. Олардың алды несиемен үй алып алған. Шынжын сақшы саласында қызмет қылатын қазақ қыздар мен жігіттер де мол...

Шяңгаңда тағы бір қазақ бар. Ол – алтайлық жігіт. Бірақ, оның әйелі –филиппиндік. Әйел иегова куәгерлерінің дініне сенеді. Осы діннің мектебінде жұмыс істейді. Жаңағы қазақ жігіттің осы кәпір әйелден бір ұл, бір қызы бар. Екеуі де жаңағы иегова куәгерлерінің мектебінде тегін оқиды...

Ал, жаңағы қазақ жігіті болса, әйтеу, өзінің мұсылман екенін біледі...

Осы Шяңгаңда (Гонконгта) мен ертеректе айтқан әлгі сыбырлақ, безеу бет әнші бар. Ұлты - қазақ. Бірақ, мұсылман қазақ емес, кәпір қазақ. Аты - Ержан Нұрхасенов. Бұл сыбырлақ әншінің дисксін Үрімжіде шығарып, мидин жасап, клиптерін түсіріп беріп жүргендерді кім дейсіздер ғой, бұлар кәдімгі өзіміздің Үрімжідегі жармес қазақтарымыз. Қазақ болғанда да елге танымал музыкант ағаларымыз. Мұндай жалданбалы, топас, сасық композиторсымақтарымыздың бірінің аты - Текеш! Текедей бақылдап, бақылдап, елуге таяғасын, сахнадан өшкен бұл сорлымыз жаңағы кәпір дінін уағыздап жүрген сорлыға сыбырлақ әндер жазып беріп жүр екен!

Немесе итбосын деген шоу бизнеспен айналысып, Қазақстаннан әнші-күйші тасып байыған бір байшыкеш кәсіпкер жігітіміз.

Ол жолғы Гуаңжудағы Гуаңжу-Шынжын қазақтарының бас қосуы алы күнге естен кетпейді. Қазақтар мұнда да арақты суша сімірді. Жап-жас студент қыздар темекіні бұрқыратып шекті. Сыраны сылқылдатып ішті. Біраздан соң жаңағы қыздар бір-бір жігіттің қолтығында кете барды...

Мүмкін қызы сыра ішіп, темекіге бөгіп, сәлден соң әлдебір зинақордың астында ылыққан қаншықша қыңсылап жатқанда, ол сорлының бейбақ ата-анасы «қызымыз Гуаңжуда оқып жатыр» деп ауылда мақтанып жүрген шығар, а?

Иманы пәс, өзі лас бір жігіт осындай бір нәжіс тәрізді қызды алады-ау...

Онан қандай ұрпақ дүниеге келмек?! Ұлттың құрығаны осыдан бастау алады ғой...

Осындай былық-шылықтарды көргесін, ұятын сақтап, әуретін жауып, намазын оқып, өз алдына тыныш жұрген мұсылман қыздардың басындағы орамалмен, жаулықпен алысып қалғандарға не дерсің?! Біреулер бізді шешіндіре алмай әлек! Біздің қызымыздың тыр-жалаңаш шешінгені кімге керек екен, осы?! Әрине, біздің дұспандарымызға керек! Себебі, қызы сынған елдің қыры сынады.

Басындағы миы бар кез-келген адам өзі-ақ ойлана алады ғой. Менше, ең надан, ең топас деген еркектің өзі жаңағындай мың сан былықтан шыққан нәжіс тектес қыздан ұрпақ көргісі келмейді, қолы жетсе, біреудің тазасын, пәгін қолға қондырсам деп армандайды. Демек, бұл тілек, бұл арман – адамзат үшін ортақ.

Бұл Шынжында тағы біраз қазақ қыздар жүр. Бірі айына он неше мың юан айлық аламын деп жұрып отырып қалған қыз. Оқу қуған, момын, жуас қыз. Араласатын қазақ жігіті жоқ. Ендігі бақытын қытайдан іздемесе нешік?! Алла онан сақтасын!

Тағы бір қызымыз бар. Өзі ылпың-жылпың. Сөзі пысық. Түрінен шажа қандылығы шығып тұр. Араласатын-құраласатын адамдары кілең қытайдың байлары, дөкейлері. Өзі сәнгер болып қызмет атқарады, демек, жарым-жартылай жалаңаш киініп, жаңағы дөкейлердің қуыршағы болып жүрген біреу...

Кюкюден басқа программаны қолдануды білмейтініне қарамастан, өзін «программистпін» деп таныстырған ілелік бір қыз жүр. Өзі сары. Көзі көк. Көк болғанда да тұздай көк. Демек, қытайға таңсық көк. Қытайдың жерік сарысы. Оның қандай программашы екенін де кейін білдік. Әлдебір қытайдың қапаста асырап отырған тотысы екен ол сұлуымыз...

Баяғыда менің рулас туысымның бір қызы ішкі Қытайға қашты. Өзін дүңген атандырған бір қытайдың асханасында жуынды-шайынды төгіп жүрген алтындай сары бұл туысымызды ішкі жақтан келген алтын сарыға құмар бір орсақ тіс бауырына басқан екен. Кәдімгі құжынаған қазақтың ішінде жүріп, қытайдың қап-қара жігітімен қашты да кетті. Артынан әке-шешесін шақыртты. Әке-шешесі қызының қытайға тигеніне намыстанғаны бар болсын, қалай пойызға отырғанын айтып, қытай құдаларының араққа қалай тойғызып ішкізгенін айтып, қытай құдаларының құдалықтағы, тойдағы ырым-жырымдарын таңырқаса айтып, ауылдағы ел-жұртты бір қыс аузына қаратқан болатын...

Алтын сары қыздың жолы болмады. Көп ұзамай қайтып келді. Көрмеген қорлығы қалмапты. Бір ғажабы, көп ұзамай, осы қыздың күйтүндегі құрылыс техникумын тауысқан сұлу сіңлісі үшті-күйді жоғалды. Бұл күнде бұл оқиғаға 12 жыл болды. Ол жоғалған қыздың не өлі екені, не тірі екені белгісіз. Бұл кісілердің надандығы соншалық, жалған, топас намысқа тырысып, жаңағы жоғалған қыздарын сақшыға мәлімдеген жоқ. Немесе артынан назырын жасаған жоқ. Бұл жоғалған қыздың аты жаман еді. Бұл қыздың туыла салғандағы қойған аты – Зиягұл болатұғын. Яғни, «зым-зия жоғалды» дегендегы зия болатын...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 25 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)