Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 69 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Я. Талдаудың аты – талдау. Шындығы бір аллаға ғана аян. Алланың адастырған пендесін ешкім дұрыс жолға сала алмақ емес. Ал, алла дұрыс жолға салған пендесін ешкім адастыра алмақ емес!

Қаншалықты деңгейде айтқым келмесе де, бір алланың хақ діні үшін, алланың разылығы үшін, осы елдегі ең бір сорақы істі айтуға мәжбүр болып отырмын. Мұндай сұмдық адамзат баласы қоғамында, осы Тайланд елінде ғана ерекше кең таралған. Бір алла өзі кешірсін!

Я, мен айтпасам да, бұл күндегі ақпараттың ағыны мұндай сұмдық ақпараттарды кез-келген керең құлаққа тықпалап, кез-келген көрмес көзге мен мұндалатары шындық еді. Сол үшін күллі ғаламға, жұмыр жерге құпиялылығы жоқ Тайланд сұмдығы хақында сөз ашуға мәжбүр болып отырмыз. Өздерін аталмыш будда елі деп атайтын осы елдің адамзат тарихындағы ең сұмдық, ең арсыз, ең ұятсыз тірліктерінің бірін айту арқылы оны ислам ақиқатымен салыстырып, алланың хақ дінінің қаншалықты пәк, дұрыс, хақ екендігін дәлелдей түсеміз...

Тайландтың бір сұмдығы бар. Бұл – осы елдегі еркектік қасиеттерінен ырықты-ырықсыз халде мақұрым етілген Тайланд қызтекелері еді. Мұны өздерінің тілінде гратеаы деп атаған.

Қытайша 泰国人妖 деп атайды.

Ағылшындар бұған әйел затын білдіретін «ол» мағынасындағы ши (сқе) мен еркек мағынасын беретін «меил» (мале) сөзін қосып, сқемале сөзін жасаған.

Осы Тайланд қызтекелерінің сұмдығы хақында мен көп тоқталмай-ақ қояйын, демек, өздерін будда елі деп жұмыр жерге жар салып, жарнама жасап жүрген Тайландтың да осындай бір сұмдықтары бар. Ал халықаралық кісілік құқық ұйымдары немесе әйел затын қорғау ұйымдары Тайландта құқы тапталып жатқан әйел заты мәселесін қашан халықаралық деңгейде қозғаған екен?! Демек, кетеуінен кеткен, ешкімнің жетегінсіз, аздыруынсыз өз бетімен-ақ, шайтанның жетегіне ілескен тозақылықтарға шайтанның әскерлері ешқашан жоламайды да, себебі оған олар күш сарып қылмайды. Ал алланың ақиқатын ұстанған, ұятын сақтаған, әуретін жасырған әйелді шешіндіру үшін жанын салады, барын салады, міне, нағыз шайтанилық деген Тайландтағы мұсылмандар хақында айттым. Баңкок қаласында да, Паттая қаласында да мешіттер көп екен. Ал осы мұсылмандардың өмірімен қарама-қарсы болып, ерекше айқын салыстырма ұстап тұрғаны буддалық нанымдағы жұрттың сан-алуан ақылға сыйымсыз қылықтары мен істері еді. Бір ғажабы, теңіз жағасындағы жын-ойнақтардың барлығының есігі алдында, қақпасы алдында немесе жол шетіндегі жарнамасы алдында үлкен бұд құдайларының мүсіндері тұрады. Паттаяның ақшамы кіре берген сәтте бүкіл Паттая қаласындағы барша дүкен алды тұтасымен қоңырсыған иіске толды, сөйтсек, сол түнгі түндік табыстарының мол болуын құдайларынан тілеп, иісті шырақ жаққандары екен. Әрине, бұлардың ішінде, жаңағы жезөкшелер мен қызтекелердің бар екендігінде дау жоқ. Түрік асханасының қасы мен қарсы беті тұтасымен жын-ойнақтар екен. Мұнан да өткен сорақысы бар, бұлардың жер-әлемді жаулаған бұдда құдайларының мүсіндерімен қатар небір сұмдық мүсіндер де сатыла береді екен. Қыбылан айырмаққа компас іздеп жүргемін, бір жаймадан компас тауып алдым, ол жаймада еріксізден көзіңе түсетіні қалың будда мүсіндерімен қатар, неше түрлі бәдік көріністер бейнеленген мүсіндер де тұр еді, ал осы мүсіндердің қатарында бұлардың сан-алуан бұд құдайларының да мүсіндері тұратұғын.

Мұсылман қыздар хиджабын киіп, әурет жерін жауып, адам сынды құрметке бөленіп, сыйлы жүрсе, капірліктегі, жаһилияттағы қыздардың бұл арадағы көрген күнін малға да тілемес ем! Себебі, мал екеш малдың өзі күнәһар пендеден бақытты ғой. Себебі малдардың күнәсі сұралмайды ғой. Малдарда о дүниеде тозақ пен жәннат бөлісі болмайды ғой. Ал, мына капірлердің істеген істерін көрсеңіз, олардың ақыреттегі қалдерін ойлап, өне-бойыңыз дірілдеп кететін еді.

Таңғажайып салыстырма. Бір ұлт, бір дін, бір тіл. Бірақ, бірі – мұсылман жамағаты да, екіншісі – бұдда жамағаты. Бірақ, бірі адамша өмір сүреді де, бірі – малдан бетер күнәлі тірлікпен күн кешуде. Әрине, мен бұл арада Тайландтағы барша буддисті бір таяқпен айдап отырғалы тұрған жоқпын, бірақ бір шындық мынау еді. Әйелдердің нағыз құрметі мен ізетін біздің ислам ғана бере алады екен. Мұсылманның қыздары мен келіншектері таза мұсылманша киініп, алдыңнан ұшыраса қалғанда, еріксізден құрмет көрсетіп, өз-өзіңнен разы болып қалады екенсің. Ал өзгесі болса, тыр-жалаңаш шешініп тастаудың бер жағында ғана тұр...

Шындығында, олардың сол құдайларына нанып тұрғандығына да күмәнім бар еді, себебі, ақша үшін жанталасқан, ақша үшін сан алуан арсыздыққа барған мынау елдің жүрегінде не қылған діни сенім болсын?!

Ассалаумағалейкум, қадірлі жамағат!

Жұмыстың қарбаластығынан, сапарнамамызды уағында жаза алмай жүрмін. Ғафу өтінемін. Істерімнің біту-бітпеуіне қарай, бүгін-ертең Чыңдуға қош айтып, Оңтүстік Азиядан Орта Азия жаққа қарай жылжуым мүмкін...

Алла несіп етсе, онан соңғы баратын жерім – Жыңжу болмақ. Мұнан бұрынғы Жыңжу сапарымда Жыңжудан қазақ іздеп таба алмаған едім, мүмкін, ендігіде табылып қалар...

Ассалаумағалейкум, қадірлі жамағат!

Бүгін 2012 жылдың 2 айының 6 күні. Таңғы сағат төрт жарым. Мұнымыз қытайша айтқанымызда ғой, болмаса, ай есебін атам заманнан қайырған қазақтар үшін алғанда, ай аттарын санмен айту оғаш еді, ал қазақша айтсақ, 2012 жылдың 6 ақпаны. Атышулы һам шайтанның мерекесі 14 ақпанға 8 күн қалды. Осы сегіз күн ішінде біз барша ұлтшыл немесе ұлтжанды азаматтар осы күннің қазаққа қаншалықты қасырет әкелерін айналамызға үгіттеп, уағыздап үлгерейік. Демек, шайтан бізді өзімен қатар тозақ отында жанбаққа сүйресе, біз шайтанға қарсы күреске аттанайық. Өзімізді, айналамызды, туыстарымызды, достарымызды шайтанның уасуасынан аман алып қалалық...

Бұл хақында сен-қазақ сайтында «Валентин күні - айла мен ақиқат» атты жолдама жолданды. жалғамасы:

хттп://ууу.сенказақ.шом/ббс/фор... хреад&тыд=91219

Бұл жолдаманы сенқазақ асабалары «жауһар темелер» қатарына қосып, сайттың ең басына ілді. Демек, білімді, дарынды азаматтарымыздың осы тірліктерінің өзі біздің зиялы жастарымыздың ұлт үшін еткен еңбектері екендігінде дау жоқ. Оларға алла разы болсын! Жолдаушыға да, асабаларға да алла үлкен сауаптар жазсын! Үшбу видео бағдарламаны жүргізуші, Қазақстандағы ислами ағарту телеарнасы – асыл арнаның белді тілшісі Айша Кеңесбайқызы еді.

Жаңа ғана Чыңдудағы бауырларымды қонақүй бөлмемнен шығарып салып отырмын. Алла несіп етсе, енді бір жарым сағаттан соң, Чыңдудың «Қос ағын» (Шуаңлю) әуежайына қарай жылжимын. Кеше кештен басталған сыр-сұхбатымыз таңға жалғасты. Сол үшін бұл түнде сайтқа шығарма жазбадым. Бірақ білімді, дарынды, ұлтжанды бауырларымды көріп, сырласып, сұхбаттасып, бір рахаттанып қалдым...

Үшбу шығарма хақында бауырларымның кеңестерін алдым. Алла разы болсын оларға...

Чыңдуға келгеніме біраз уақыт болғанымен, жүздесем деген бауырларыммен жүздескенге бір уақыт шығара алмай-ақ қойған едім. Мұсылман үшін берген уәдені орындамау күнә ғой. Оның үстіне, ұшақ ішінде ұйқыдан басқа не қызмет болсын, сонымен ештен кеш жақсы деп, кездесіп, сырласып қалғанды жөн көрдім. Мен тағы да қайталап айтамын, бұл шығарма көптің шығармасы. Торапта да, реаль өмірде де, бұл шығарма көптің кеңесі арқылы толығып, молығып отырды. Сол үшін үшбу шығарманың авторы-күллі қазақ ғаламторшылары!

2012 жылы 1 айдың 29 күні 23:17:23-да сенқазақтағы үшбу сапарнаманың 137-торбеті 1368-қабатында мен мынадай жолдама жолдаған екемін:

Осы арада түсірілген бірнеше сурет бар еді. Сенқазаққа шығара алмадым. Көмектесіп, шығарып беретіндер болса, көкегін қалдырсын. Жіберіп берейін. Ал көреміз деушілер күлтегіннен көрсін. Ол араға да мен шығармадым, бір торласымыз шығарып беріп отырды... хттп://к.ыскз.шом/форұм.пхп?мод=... ехтра=&паге=365

Демек, маған көмектесіп, Тайланд суреттерін өзімнің атыммен менің құпия нөмірім бойынша сайтқа кіріп, күлтегін торына шығарып берген бауыр-қарындастарыма алла разы болсын. Бірақ, осы мәселе үшін маған ренжіп, «күлтегінге шығарған суретті сенқазаққа шығармады» деушілер де болды, бұл туралы хат жазғандарға айтарым: мен сайттарды алалап отырған емеспін, егер маған көмектесіп, суреттерді сенқазаққа шығарушылар болса, қуана-қуана қарсы аламын...

Сенқазаққа 3 суретті шығарысып берген Арыс1 тораптасымызға алла разы болсын. Ал, Жарқын ағаларыңыз уақыт жағдайына байланысты бұл істі кейінге қалдыра тұрмақ. Ренжімеңіздер.

Қазақ зиялыларының, қазақ жастарының береке-бірлікте болғанынан артық қандай бақыт болсын?! Ұзақ мерзім өзге елге бодан болған халықтарда ортақ болатын құлдық сана, сатқындық ниет кейбір аз сандағы қазақ баласының қанына сіңіп, етінен өтіп, сүйегіне жеткені хақ. Құлдық сана бар жерде, ұлттың ұлы мұраттары жолында ұйысу мүмкін емес. Себебі, құл үшін ұлт мүддесінен гөрі қожасының марапаты маңыздырақ. Дұрыстап тұрып шұқыласақ, кімнен болсын мін табуға болады. Іздеген адамға кінә да, күнә да, қылмыс та кез келген адамнан табылады. Ал, мінсіз пәк, ол – бір алла ғана. Алладан басқа жаралмышта кінәнің болуы – табиғи. Ал, бір алланың разылығы үшін істеген істе ғана береке болмақ. Бұл күндегі Қазақстандағы қазақ ұлтшылдарының басы қосыла алмауының, бұл күндегі Қазақстандағы қазақ ұлтшылдарының мақсат-мүддесінің аяққа тапталуының бірден-бір себебі де осы. Себебі, атақ үшін, абырой үшін, қызмет үшін немесе кез келген бір мүдде үшін ұйысқан одақтың барлығы бекер, кез келген уақытта быт-шыт болады. Ал алла разылығы үшін ұйысқан тірліктің әрқандайы алла тарапынан қорғауда болады...

Қош, Чыңду!

Көріскенше аман бол!

Мейірімі шексіз алла тағала барша адам баласына амандық бергей!

Алла тағала біздерге, барша қазақ баласына, барша мұсылман жамағатына екі дүниенің нығыметі мен бақытын жазсын!

2012.02.06

Бұл жолдаманы соңғы рет Жарқын0991 жағынан 2012-2-6 06:16 редаксялады

Ассалаумағалаикум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат!

6 ақпан Үрімжіге аман-есен жеткесін, қарбалас өмір басталды да кетті. Чыңдудағы жылы ауа мұнда жоқ болды, бет қарытқан Үрімжінің қара суығы мен күлтегіндегі қара боран қабат келді...

Сонан бері Үрімжідеміз. Тырп еткен жоқпыз. Сонан кеше ғана Алтай бетіне қадам басқамыз...

Алтайдан сәлем беріп тұрмыз!

Алла несіп етсе, шығарманың соңын Үрімжіде немесе ішкі Қытайда жалғастырармыз. Бүгін-ертең Үрімжіге қайтқалы отырмын...

Оқырмандардың сәтке сабыр ете тұруын өтінемін.

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздыр, барша жамағат!

Аман-есенсіздер ме?!

Чыңдудан сәлем беріп тұрмын...

Жаңа ғана Чыңду қаласына жетіп отырмын!

Қазір 17 ақпанның түні. Жылға 2012. Түнгі сағат бірге таяу. Кеше 16 ақпан, түстен кейін екінті намазын өтей сала Үрімжінің ди-уо-пу әуежайына қарай жетпекке жанталастық. Бір алла өзі жар болып, әуежайға межелі уағында жетіп алдым. Енді аз сәтке кешіккенімде, жүгімді, қоржын-моржынымды жүк тасымалына салуға үлгере алмастай екемін...

Әйтеу, жүрегіме де бір тимейді, қою қоңыр шайды іше-іше ұшақтан кешіккенге шақ қалыппын. Шай деген де бір құмар екен-ау...

Қытайдың еш жерінде жоқ аса қатаң тәртіптегі Үрімжі әуежайының қатал тексеруінен өтіп, аяқ киімдеріміз бен белбеуімізге дейін шешіп, тексертіп алғасын, тіркеуден өткесін ғана «үһ» деп жан шақырып, ағайын, ел-жұртқа қоңырау шала бастадым.

Қонақүйге орналасқаным қазір ғана. Алла несіп етсе, көптен бері үзіліп қалған әңгімемізді жалғастырармыз.

Бисмиллаһи рахманир рахим...

Бір алла өзің ілім-білім бере гөр! Аумин!

Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи уа баракату! Бос әңгімені доғарып, сапарнамамды жалғастырайын! Бисмиллаһи рахманир рахим!

Бір алла өзіңе ғана сиынамын. Бір өзіңнен ғана медет күтемін. Бізді қашан да дұрыс жолға сала көргейсің, адасқандардың, қарғысқа қалғандардың жолына емес!

Кешелі-бүгін сенқазақ сайтын аз-кемге дүрілдеткен болдық. Мақсатымыз білген жанға айдай анық еді. Мақсатымыз – мұндағы оқырманның ауанын аңдамақ болғанбыз. Онымызға жеттік те. Демек, кей лебізді оқып, ішек-сілем қатқанымен, кей лебізді оқып, жарамның аузына тұз сепкендей, ішім ашып, жүрегім ауырып, көкірегім сыздап кеткендей болды...

Халқымыз жастарының біразының әбден уланғаны бірден сезіліп тұр. Соны ойлап мұңаймай шараң жоқ. Біз, ең қысқасы, ең қарапайым діни сауаттың өзін білмейтін, өз ата-баба дінімізден барынша ажырап қалған жұртқа айналып бара жатыр екеміз...

Мен соны білдім...

Біз осы бір-екі күнде не жолдадық? Қазақ баласының араққа көзқарасын білмек болдық. Бұл елдің арақ туралы көзқарасы бізді түңілтті. Түңілмей қайтесің, көбісі, арақты ғылыми ішу керек деген пәлсапасын айтады. Арақты ғылыми ішу деген не сұмдық?! Арақты ғылыммен ішу деген сөз бе?! Осыны да сөзім бар деп айтып отыр-ау...

Тағы бірі Үрімжідегі атақты «жалмалы» клубы туралы. Біздің бұл клубты ашқан жігітпен бес бересіміз, алты аласымыз жоқ. Аралас-құраластығымыз тіптен жоқ. Мұндағы мақсатымыз да айқын болатын. Қазақ баласының араққа деген көзқарасымен қатар кәсіп қуу, ақша табу, халал мен харам арасындағы білімдерін анықтамақ болдық. Бірақ, біз күткен жауапты берген оқырман аз болды. Көбісі құдайсызданған, дінсізденген қоғамның тумалары екендігін жауаптарында ашық көрсетті.

Қазақ құдайсызданса қалай болады? Бұл сұрақтың жауабы бірден белгілі. Қазақ құдайсызданса, қазақ кәпірлессе, құриды! Мұнан басқа жауабы болмақ емес. Әр халықта өзі сүйіп жейтін азығына қарай мінезі қалыптасады. Азықтықпен қатар, мінетін көлігі, бағатын малы да сол халықтың мінезіне әсер етсе керек. Ат мінетін жұрттардың жылқы мінезді, есек мінетін жұрттардың есек мінезді болуы де өзара тиісіп тұрған денелер арасында өзара ықпалдасу –диффузияласу әсері болатын болса керек. Ол жағын біз анық дәлелдей алмаймыз. Бірақ, жейтін затына қарай, сол қауымның мінезі де өзгеше болмақ. Бұл – дәлелденген ақиқат. Қазақ етті көп жейді, оның ішінде екі түрлі етті көп жейді. Бірі - қойдың еті. Бірі – жылқының еті. Сол үшін қазақта екі мінез бар. Бірі – қойдың мінезі. Бірі – жылқының мінезі...

Қазақта осы екі мінездің екеуі де бар.

Үрімжідегі қазақ асханалары мен ресторандары, көңіл ашу орталықтары аса көп. Мұның өзі соңғы жылдардың жемісі. Біздің Шыңжаңдағы «ақсақалдар әдебиетінің» сарыны бойынша айтқанда, «партия орталық комитетінің 11-кезекті жалпы құрылтайының 3-жалпы мәжілісінен кейін партияның дұрыс басшылығында Үрімжі қаласындағы қазақтар ашқан ресторандар мен көңіл ашу орталықтары жаңбырдан соңғы жауқазындай немесе жаңбырдан соңғы Қытай қамыстай қаулап шыға келді». Ал, керек болса. Тура осылай айту керек болса, ал айттық. Шындығында, кей бауырларымызға бұл ресторандардың ашылуы мен молаюы - қала жағалаған қазақтың кәсіп көзін ашуы, баюы, дамуы сықылданып көрінетін сықылды. Бірақ, осы көзқарастың өзі біздің жастарымыздың санасына қалай сіңіп қалған? Не үшін осыншалықты деңгейде иіс алмас болып кеттік біз?!

Таң атса, 2012 жылдың 21 ақпаны. Сычуан өлкесінде күн жылы. Мен тұрған Нейжяң қаласында көшеде гүлдер жайнап тұр. Бірақ, мұндағы ел қалың киініп жүр. Біздің Алматының қыздары болса, мұндайда «ыстықтап» кетер еді...

Алла несіп етсе, таң бозынан Чыңду қаласына жүрмекпін. Арасы екі жүз шақырымға жуық. Автокөлікке екі-үш сағаттық жол. Онан ары Чыңдудан ұшақпен ұшып Жыңжу қаласына кетпекпін. Түстен кейінгі ұшақ. Екі қаланың арасы екі сағатқа толық жетпейді. Жыңжуда мұсылман көп, маған мұсылманы бар жер қатты ұнайды. Кем дегенде, ішер асты ойлап басың қатпайды. Нейжяңда жеміс-жидекпен қарнымды қамдап жүрген күндерімді ойласам, бұл қалаға екінші баспастай боламын. Амал жоқ. Негізі, мынау Нейжяң деген қаладан қатты жалықтым. Жұмыс бабымен келгенім болмаса, бұл араға мұсылман баласы келетін жер емес. Сөйткен Нейжяң қаламызда біздің қазақтың бір жиені бар болып шықты. Оның өзін де бүгін түстен кейін, бесін намазынан кейін білдім...

Ой, сұмдық-ай...

Кеше бір күн аш жүрдім. Тамақ ішкенге бола, қала аттап соншама алысқа баруға зауқым соқпады. Сол үшін жеміс жеп, қарынды тоқтап қанағат қылдым. Жәннат туралы әңгімелерде жеміс туралы көп айтылады ғой. Мүмкін сол үшін де жемісті көп жеп тұру керек шығар. Негізі адам баласының ақылы аш кезде толық болатын көрінеді. Мен оны өз басымнан көп өткердім. Қашан ораза ұстасам, қашан аш жүрсем, ақылым асып, құлшылығым молаяды. Ал, қамсыз, қайғысыз, уайымсыз жүрсем, пенделігім арта түсетін көрінеді...

Мұны ғұлама Абай: «Қарыны тоқтық, қайғысы жоқтық, аздырар адам баласын» демеуші ме еді?!

О, құдіреті күшті бір алла, мені қашан да адастыра көрме. Мейіріміңді, шапағатыңды төге гөр. Маған ақыл-парасат бере гөр. Алланың хақтығын танитын ілім-білім бере гөр...

Бүгін түстен бұрын жұмыстарымды ыңғайлағасын, Лұңчаңға барғым келді. Себебі, онда мешіт бар еді...

Негізі, осы араға бір нәрсені қыстыра кеткенді жөн көріп отырмын. Жақында ғаламтордағы бір оқырманым, өмірдегі бір қарындасым жұмыс бабымен ішкі Қытайға келді. Маған хат жазып, өзі барған қаладан мұсылманша асханаларды қалай табуға болатынын сұрапты. Енді осы арада оқырмандарға артықтық етпес деген оймен ішкі Қытайда мұсылман асхананы қалай табуға болатынын айта кетейін.

Ішкі Қытайда мұсылманша асхана табу үшін мешіт іздеу керек. Оны анықтама телефоннан немесе сайттан таба аласыз. Ол үшін 12580 немесе 118114 телефондарына хабарласыңыз. Телефон немесе сайт арқылы мешітты тапсаңыз, мешіт қасында мұсылманша асхана болатыны хақ. Міне, бұл дүңгендердің әдеті. Кем дегенде, мешітті тапқасын, ондағы имамдардан қай арада мұсылманша асхана бар екенін анықтап сұрап алуға болады. Бірақ, бұл арада мына бір нәрсеге абай болған жөн. Кейбір «мұсылманша» делінген асханалар шылғи өтірік болады. Мұндай жағдай жалғандық пен алдамшылық асқан Қытай қоғамы түгілі, заң салтанат құрған Шяңгаңның өзінде, ең кемі, мен аз уақыт бұрын барып келген Тайландтың өзінде бар. Мұндай жалған мұсылман асханаларын анықтаудың ең қарапайым әдісі бар. Ол үшін асхана егесінен немесе аспаздан кәлиманы айтып беруді талап етіңіз. Бірақ үндістер үшін алғанда, пәкістандық бола салу дегеніңіз оңай. Кәлиманы жаттап алу да оңай...

Ендеше, қайту керек?! Мұның да амалы бар...

Мұндай қауіпті асханалардан тамақтанып қалмас үшін ирадаңыз мықты, ұстанымыңыз берік болуы керек. Ал, ең дұрысы, үнді тектес халықтардың асханасынан тамақтанбаңыз. Себебі, бұл халықтардың мұсылманы мен кәпірінің айырмасын табу қиын. Тілі бір. Өңі бір. Ажырата алмайсыз. Екіншіден, бұлардың асханаларының тазалығы нашар болады. Тағамдары удай ащы, өздері сондай ащы-күшті, күйдірілген, қақталған тағамдарға құмар халық. Ең дұрыс талғам – өзіміздің түрік туыстарымыздың асханасы. Қазақтарға түріктердің тамағы ұнайды. Әрі бұлардың тазалығы да жақсы. Түріктерден қалса, арабтардың асханасы дұрыс. Олардың тазалығы жақсы. Бірақ, жалғаннан араб болып алатындар да бар. Айтпақшы, арабтың ішінде еврей дініне сенетіндері де, христиан дініне сенетіндері де бар екенін ұмытпаңыздар. Маракко мен Сурия, Ливанның арабтарының біразы христиан арабтар.

Ал, сыртта жүргеніңізде, осындай асханалардың өзін қатаң тексеруден өткізіп алғасын да, басқа тамаққа асығыс-үсігіс тапсырыс бермеңіз. Ең дұрыс тамақ – етсіз көгөністер немесе жұмыртқамен жасалынған басқа тамақтар. Мұнан қалса, екінші кезекте етсіреп, қызылсырап тұрсаңыз – балық болмақ. Демек, көгөніс, жұмыртқа, балық жеу арқылы жаңағы тексерулерден өткен асханалардың өзінен «харам» жеп қалмаудың қамын жасай аласыз...

Себебі, кейбір «жалған мұсылман» асханалары немесе теріс жолдағы, иманы әлсіз адамдар келу қайнары белгісіз қой етін, сиыр етін тамаққа қолдана береді. Баяғыда шетелде жұргенде, қонақүйдің кофе-барында танысып қалған бір араб танысымның айтысында, Америкадағы араб ресторандарының өзі сиырды алдымен жоғары кернеулі токпен соғып өлтіріп, сосын барып, «бисмилла» деп бауыздағанын көрген екен...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 24 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)