Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 67 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Бұл шығарманың Қытай қоғамындағы ықпалы ересен болғаны шын. Қалай болмасын, ислам өркениетінің Қытай өркениетімен ешқашан отаса алмайтынын осы шығарма ашып көрсеткендей. Себебі, шығарманың өне-бойы тұтасымен трагедияға толы. Автор осы трагедиялар арқылы дүңгендердің, ашығын айтқанда, мұсылман қытайлар мен қытайлардың арасындағы сенім-наным жақтағы қоғамдық әрі жекелік қайшылықтарды барынша ашық әрі дәл суреттеп берген. Ең төтесін айтқанда, ислам мен ислам емес ортаның ешқашан отаса алмайтындығын осы шығарма арқылы анық әрі қанық түсіне түскендей боласың.

Бұл туралы үшбу романның 22-тарауында анық жазылады, қаралық:

“楚老师,您的府上是在……?”他突然问。

“上海。”楚雁潮愣愣地回答,他记得这个问题是韩子奇早就问过、他也明确回答过的。

“祖籍就是上海,还是……?”

“不,祖籍南京……”

“噢?”韩子奇抱着一线希望追问他,“南京的回族人数不少,您的祖上会不会是……?” “不,从来都是汉族,”楚雁潮说,他此刻多么希望自己变成回族,但是他不能撒谎啊!“家里传下来一部《楚氏族谱》,我看过的……”

“那么,您的旁系亲属有没有回族呢?比如:母系、祖母系,甚至更早一些……”韩子奇仍然穷追不舍,他希望楚雁潮能够多少和回族沾亲带故,哪怕有四分之一、八分之一的回族血统,性质就立即可以改变了。

  “没有……”楚雁潮悲哀地答道。

  韩子奇失望地叹息,这最后一线希望也破灭了!

“那可就没有法子了,”韩太太沉下脸来,对楚雁潮说,“咱们两家没这个缘分,您也别怪我们无情无义,只能怪您自个儿不是个回回!叫我还能说什么呢?”

Ашығын айтқанда, күллі шығарманың ішінен маған ең қатты әсер қылғаны да тура осы жері еді. Сондықтан осы жерін жарты сағат уақытымды шығарып отырып, іздеп жүріп, тауып, оқырмандарға ұсындым. Бұл шығарманы мен, есімде қалуынша, алдыңғы ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ортасында оқысам керек. Демек, бұл қақтығыс, бұл қайшылық дүңгендер қоғамы үшін алғанда, ең басты қақтығыс немесе ең көп кездесетін қайшылық болғанымен, біздің қазақтар мен ұйғырлар үшін алғанда, бұл қайшылық, ашалап айтқанда, мұсылман мен мұсылман емес екі жастың, (ашалап айтқанда, қытайдың!) үйлену мәселесі – ол замандарда қоғамымыздың басты қайшылығы емес еді. Бірақ, бұл мәселе ендігәрі Қытайдағы дүңгендердың ғана бас ауруы болудан қалды, енді бұл аурумен ауыратындардың қатарын біздің қазекең бірінші болып толықтырып келе жатыр...

Дүңген деген қандай ұлт?! Ол – дербес тілі жоқ ұлт. Оларды Қытайдан бөлекшелеп, даралап тұрғаны – тек қана діндері. Ал, біздің қазақты қытайлардан даралап тұрғаны – олардың тілі. Оған қоса, әлсіз болса да діни нанымы. Ал, жастарымызда осы әлсіз діни нанымның өзі қалмай барады. Себебі, қазіргі жастарымыз атышулы мәдениет төңкерісінде «миы шайқалғандардың» ұрпағы. Демек, діннің өзі бізге әлсіреп, өлеусіреп әзер жетті. Ал, олардың тілі де құруға бет алған. Күн өткен сайын Қытай елінде қазақ тілінің құрдымға бет алатыны әрі солай қарай кетіп бара жатқандығын батылдықпен мойындай алсақ, ендеше, біз де дүңгендер құсап, қытай тілінде сөйлейтін халыққа айналып бара жатырмыз деуге болады. Оған дәлеліміз, Үрімжі сықылды қалалардағы мылқауқан мен мылқауқан үйленген отбасылардың қазіргі жағдайы. Қазірдің өзінде біздің біраз қазағымыз, оның ішінде, қазақша оқыған қазақ жігіттеріміз қытайша оқыған қазақ қыздармен үйленді, осындай отбасылардың отбасы тілі – ашығын айтқанда, қытай тілі немесе дүбара тіл. Ал қазақ тілі салтанат құрған отбасылар ірі қалаларда күн санап азайып келе жатқандығын мойындамаи амалымыз жоқ...

Демек, бізде дүңген болып бара жатырмыз. Ендеше, дүңгендер ауыратын аурумен біз де ауырамыз. Қашып құтыла алмайсың!

Дүңгендерде ғой дербес тіл болмағанымен қатаң дін бар еді. Осы қатаң ұстанатын діндерінің арқасында дәтке қуат қылып, қасарысып, қарысып, мың жарым жыл бойы ұлт ретінде өмір сүріп келе жатыр еді бұлар.

Ал, діні пас, оған қоса «қош тіл» саясатының арқасында тілінен айырылып, ерікті һам еріксіз халде дүбараланған қазақтың халі не болмақ, сонда?

Түйені жел ұшырса, ешкіні аспаннан көресің дегендейін, дүңгеннің ұл-қыздарының қытаймен үйленіп жатқандығын оқырмандарымыз айтады, ал, ендігіде, қазақтың халі не болмақ?!

Сіңісудің басы сүйісуден басталады. Бірге оқығасын, бірге тұрып, бірге жүріп, бір ұстаздан тәлім алып, бір асханадан тамақ ішкесін, шайтан құрғыр «сезім» деген жылтырақпен жалаулатып, нәпсінің күлмісі иісін ұлттық болмыстары қалыптасып үлгермеген жеткіншектердің антибиотиксіз санасына ұялатып үлгереді ғой. Оған қос, осы сәбиге ешқандай діни білім бере алмайтын дүбара ата-ананы әрі олардың санасы салданған, рухы сарқылған атасы мен әжесін! Демек, барар жеріміз белгілі!

Қалдерің нешік, болашақ жаңа дүңгендер! Осындайда Асан қайғы атамыздың жыры еріксізден еске түседі...

Құйрығы жоқ, жалы жоқ,

Құлан қайтіп күн көрер?!

Жә, қадірлі қазақтарым, жақсы жатып жайлы тұрыңыздар. Алла бізге, сізге аманшылық берсін! Екі дүниенің нығыметін берсін! Барша қазақ бақытты, баяшатты, қамсыз, қайғысыз болсын!

Өзіміз ғана қазақ болып жасамай, ұрпағымыздың ұрпағына дейін қазақ болып жасауды, өзіміз ғана мұсылман болып жасамай, ұрпағымыздың ұрпағына дейін мұсылман болып жасауды алла тағала бізге несіп еткей!

Бұл жолдаманы соңғы рет Жарқын0991 жағынан 2012-2-4 03:48

Ғабит Мүсіреповтың «Бұрын ұлтшылдықпен қалай күрессек, кейін ұлтсыздықпен солай күресетін боламыз» деген сөзі бұл күнде бұлтартпас шындыққа айналды. Ұлтымыздың басына төнген ұлтсыздану қаупі кім-кімді де бей-жай қалдыра алмастай. Өзін қазақ сезінетін барша азаматтың басындағы мұң да, қасырет те осы ғана болуы керек. Себебі, ұлт дегеніміз де мыңдаған, миллиондаған жеке тұлғалардан тұрады. Әркім өз басын күйттеп, ұлты үшін басын қатырмаса, құрығанымыз сол дей бер. Кеңес кезінде өз ана тілін ұмытқан бірде бір өзбектің болмауы нені түсіндіреді?! Не үшін біздің қазақтар ең алдымен орыстанып кетті? Әрине, мұсылман түркілерінің ішінде қазақтардан арман орыстанған бір ғана ұлт болды, ол - татарлар еді, бірақ, сол татар не үшін дербестік ала алмай тұрып-ақ, өз ана тілдерін бүгіндегі Қазақстанға қарағанда әлдеқайда қуатты деңгейге көтеріп алды?! Бұл тек Қазақстан қазағында ғана бар құбылыс па? Қаралық, Қытайдың қазағы қандай деңгейде?!

Бұл күндегі Қытай қазағы 14 ақпанды тойлағанда, Еуропа мен Америкаңды шаң қаптырып кетеді. Әшейін, ғашықтық пен махаббатқа сусап, зарығып, шөліркеп тұрған бір ғаріп жұрт сынды. 14 ақпанды қойшы, жастар мен жасөспірімдер, оған қоса, ұятсыз һам қаншаға келгенін білмейтін қырқылжыңдар өткізсін делік. 8 наурызды тайлы таяғымыз қалмай, қала демей, ауыл демей, қырылып тұрып тойлаитынымыз қалай?! Бір тойласақ, апталап, айлап тойлап кететініміз қалай?!

Не үшін? Не үшін осы мерекені ұйғырлар бізше өлтіріп тұрып тойламайды?! Не үшін олардың арақ-шарабы аз да, біздің тойларымыз арақсыз, шарапсыз өтпейді?!

Жалаңаштану жағында да біз кош басын бермейміз. Әжелеріміз басы бүтін азаттыққа шыққаны соншалық, ақындар айтысын тамашалап отырған қалалық әжелеріміздің самайын қырау шалып тұрғанымен, бастарында бір жапырақ шыт жоқ! Қарағаннан өзің ұяласың. Қарт адамның қисынсыз, жойдақсыз киінгені де сөлекет тұрады екен, бұл күндегі қалалық қазақ келіншектердің киінісіне қарап өзіміз жерге кіріп кетердей болып жүрміз. Ал, біздің осындай әжелерден тәлім ала қалған қыздарымыз түнгі клубтардан шыға алмай қалды. Көшеде мас жүрген қазақтың қызын көрсек, таңырқаудан баяғыда-ақ қалдық! Мас қызда ұят, ар не қылсын! Ұлттың намысы деген ұғымдарды мас қыздан сұраудың қажеті бар ма екен? Әшейін, мынау сатымсақ қоғамдағы барлық адами құндылық сатылып, тәннің өзі сатылатын тауарға айналғанда, біздің қазақтың қыздары өзге арам ниетті, мысық тілеулілердің нысанасына айналды да қалды. Әшейін, «сүйемін де күйемін» деп айт-тағы, арзан арақ, арзан шарап алып бер, сосын мас қыл да, білгеніңді жасап кете бер. Оған қарап, намыстанып тұрған қазақтың жігіті де шамалы, оның өзі нәпсіқұмар. Оның өзі әлдебіреудің әлпештеген аңқауын арбап, бар мақсаты соны шешіндірмекке ғана арналып, есі шығып отырса, өзге сығырдың қазақтың қызын қорлап, қолжаулық қылып, ойыншық қылып әкетіп бара жатқанына қарарлық қайдағы шама болсын?!

Біз, өзі, тегі, қандай ұлтпыз?!

Ұлт сөзін ауызға алудан бұрын, алдымен осы сөздің мағынасын анықтап алалық.

Бұл күнде бұл сөзді ағылшын тілінде бірнеше сөзбен береді.

Натыоналыти, етхныш гроұп, натыон, мынорыти, етхнос

Осылардың мағынасы да ұқсамайды. Біздің Қазақстан қазақтары мұның барлығын қолданып жүр. Орыстар ағылшындардан қалай қабылдаған болса, Қазақстан қазақтары да солай қабылдап алды. Не үшін, ұлт деген осы бір ұғымның өзін шетелде осыншама күрделілендіріп айтады?! Мұнда жатқан гәп бар. Гәп болғанда да, үлкен гәп бар...

Бұл жолдаманы соңғы рет Жарқын0991 жағынан 2012-2-4 05:55 редакциялады

Көптеген батыс елдерінде ұлт ұғымы мен мемлекет ұғымы қатар әрі тепе-тең қолданылатынын білеміз. Мұндай елдерде ұлт дегенің мемлекет те, мемлекет дегенің ұлт. Ағылшынша нейшын дейді. Жазылуы ңатыоң. Ал, мемлекет қарастылығын натыоналыти дейді, мұны ұлт қарастылығы деп аударуға да болады, демек, сен француз төлқұжатын ұстап жүрсің бе, демек, сен французсың! Мейлі, сен сары нәсілді бол, мейлі, сен қара нәсілді бол. Міне, көптеген батыс елдерінің көзқарасы осылай. Ал, Қазақстанда немесе Кеңестік елдерде бұл сәл басқашалау.

Қазақ ұлттық университеті деген дәреже (статус) Қазақ мемлекеттік университеті деген дәрежеге қарағанда жоғары. Демек, Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі дәрежеге «ұлттық» атақ береді. Мысалы «ұлттық қауіпсіздік комитеті». Бұны қытайшаға аударғанда 国家安全委员会 немесе 国家安全局 деп аудармай амалың жоқ. Мұндайда 民族安全局 не 民族安全委员会 деп аударудың қисыны жоқ.

Сол сықылды «Қазақ ұлттық университеті» дегенді 哈萨克民族大学 деп аудармаймыз. Оның дұрыс аудармасы 哈萨克国立大学 болмақ. Біреулер «Орталық ұлттар университетін» аударғанда, қазақстаншаладық деп «Қытай халық республикасы орталық ұлттық университеті» деп аударады екен. Мұның қате екендігі бесенеден белгілі. Қытайлардың өзі мұны ағылшыншалағанда мынзұ ұныверсыти оф ғхына дейді. Кейде сентрал юниверсити оф неишналити дейді.

Ал, орыстар болса, бұған «аз санды ұлттар» деген сөзді қосып айтқанды ұнатады. Демек, қазақ деген сөздің өзі қазіргі күнде екі мағынаны білдіреді. Бірі – Қазақ мемлекеті! Екіншісі – қазақ ұлты!

Бұл жолдаманы соңғы рет Жарқын0991 жағынан 2012-2-4 06:34 редаксялады

Демек, біз күнделікті айтатын қытай деген сөздің өзі екі мағынаны білдіреді. Бірі қытай ұлтын білдірсе, бірі Қытай Халық Республикасын, яғни, Қытай мемлекетін білдіреді. Демек, осы ұғымнан қарағанда, ұлт ұғымын екІ деңгейге көтеруге болады. Бірі – мемлекеті бар ұлттар. Яғни, мұндай ұлттардың аты әрі сол ұлттың аты болып саналады, сонымен қатар сол мемлекеттің аты болып саналады. Жер бетіндегі иелік құқы бар көп санды елдер осы ұғымды қолданады.

Біз мұнан нені біле аламыз?! Бұл дегеніміз жер бетіндегі ірі ұлттар мен мемлекеттердің назарында ұлт дегеніміз мемлекет те, мемлекет дегеніміз ұлт.

Ал, мемлекеті жоқ ұлт дегеніміз ештеңе де емес! Оны ауызға да алмайды! демек, оларды етник деген сөзбен бейнелейді! Етник груп деген сөзді қазақтар «етникалық топтар» деп алып жүр. Демек, егемен мемлекеті жоқ ұлттарды, топтарды біз осы етникалық топтар деп қарастырамыз...

Мұның тағы бір түрі бар, оларды ағылшындар минорити дейді немесе минорити груп дейді, біз, әдетте айтатын «аз санды ұлттар» дегеніміз тура осы минорити груп болып саналады...

Осы тұрғыдан алып қарағанда, батыс елдерінің назарында Қазақстандағы 137 ұлттың барлығы олардың қай нәсіл, қай «ұлт» екендігіне қарамастан, тұтасымен қазақ саналады. Реаль өмірдің өзінде де солай, мысалы, Қазақстан футбол командасымен доп тепкен хабарларды тарату барысында, батыс телеарналары көк көз орыстардың өзін «қазақ допшысы Анатоли, қазақ допшысы Олег» деп жатады. Демек, көзі тұздай көгеріп, мұрны қоңқиып тұрғанымен, мың жерінен орыспын деп ышқынғанымен, жаңағы орысың өзге алдында қазақ деп саналады. Осы құбылысты болдырмау үшін, өзгелердің өкпесіне қалмау үшін, біздің қазақ болғысы келмейтін, қазақстандық болғысы келетін билігіміз арнайы түрде қаулы қабылдап, адамзат баласына қолдан жасалынған тың бір ұлтты сыйлағысы келді, бұл ұлттың аты – «қазақстандық»!

Демек, қолыңда Қазақ мемлекетінің көк паспорты болмай тұрып, өзіңді қазақпын деп санамай-ақ қой! Бұл жеке менің көзқарасым емес, мынау ғаламға өз көзқарасын сіңдіріп үйренген батыс елдерінің көзқарасы солай. Қай елдің азаматысың, сен сол ұлтсың! Маған десең, ызадан жарылып өле қал, өлсең де сені қазақ деп санамайды...

Демек, қазақ болу деген сөз – Қазақ мемлекетінің азаматы болу деген сөз дүр.

Қолыңда қызыл паспортың болды ма, ендеше, сен қытайсың! Кәдімгі қытайсың. Ал, Қытайдың ішіндегі қайсы минорити грубқа жатасың, ол енді қызық мәселе емес...

Себебі, түптеп келгенде сен қытайсың. Себебі, жаңағы минорити груптардың төлқұжат беретін немесе паспорт беретін құқылары жоқ екені баршаға аян!

Аз санды ұлттарды кейде етхныш мынорытыес дейді. Қазақстанда кейде этникалық азшылықтар деп алып жүр. Мұндай аталған атауға ие қауымдардың біз әдетте айтатын «аз ұлт» мәртебесі де болмайды. Бұларды мен Қазақстандағы бірлі-екілі немесе жалпы саны мыңға жетпейтін аталмыш «ұлттарға» қолдану керек деп ойлаймын. Ал, мұнан басқа, осы жіктеліс пен бөліністердің ешқайсысына жатпайтын бір қауымдар болады. Мұндай қауымды мен ертеректе жазып өткенмін, оқырмандардың есінде болса, «Аумын сапары салған ойлар немесе отарлардағы ортақтықтар» атты шығармамда Аумындағы (Макау) маканиздер деп аталатын бір бейшара қауым туралы сөз қозғаған болатынбыз. Бұл қауым қазір Жұңхуа Халық Республикасы Аумын ерекше әкімшілік аймағының тұрғындары болғанымен, олардың құжаттарындағы ұлт қарастылығы жазылатын жерге ештеңе де жазылмайды. Қытай үкіметі бұларды Қытайдың 57-ұлты деп таныған жоқ, қанша айтқанымен, бұлардың қанында Қытай жерін жаулап алған португалдардың қаны бар еді, бірақ бұл бейшара қауымды португалдардың өзі португал деп санамас еді. Себебі, ұзақ уақыттық аралас неке салдарынан, бұлардың өңі қытайласып кеткен еді, бірақ соның өзінде де, кәдімгі қытайлардан парықталып, бесенеден белгілі болып тұратын осы халық өздерінің тегі қандай ұлтқа жататынын айыра алмай дал болған еді...

Аумындағы маканиздердің қатарында Далян қаласында тұратын ямато жапаниз ұлты бар. Яғни, жапон ұлты. Бұлардың да Қытайда ешқандай мәртебесі жоқ. Олардың жеке куәліктеріндегі «ұлты» деген жерге ештеңе жазылмайды немесе «анықталмаған ұлттар» деген жазу жазылады. Осы сықылды ұлттардың қатарында Қытайдың Тибеті мен Үндістан арасында жасайтын дың ұлты да бар. Бұл дың ұлтының жасаған жері Қытай мен Үндістанның даулы шекара аймағы болғандықтан, қытайлар меңгеріп отырған аудандар мен ауылдардағы дың ұлтына таратылған Жұңхуа халық республикасының жеке куәлігінде «ұлты» деген жерге «анықталмаған» деген сөз жазылады...

Осы тектес ұлттардың бірі – мұсылман тибеттер. Тибеттің мұсылманы бар десе, баяғыда сенбеушы едім, кейін келе нандым. Себебі, өз көзіммен көрдім. Менің ішкі Қытайдағы тоқтаусыз сапарларым мені әр барған бейтаныс жерімде мұсылман асхана іздеуге мәжбүр етті. Осылайша мұсылман асхана іздеп жүрген бір кезімде мен құдайдың құдіретімен тибет тілінде сөйлейтін, бірақ ислам дініне сенетін бір таңғажайып ұлттың қолынан дәм татамын ғой...

Бұл ұлтты қытайлар еш қисынсыз қалде дүңгендердің қатарына қоса салған. Ашығын аитқанда, олар Қытайдағы дүңгендерден парықты еді. Мәлім тұрғыдан алғанда, дүңген деген ұғымды осыдан 60 жыл бұрынғы буржуазиялық қытай билігі мүлде мойындамай қойған еді, олардың назарында дүңген дербес ұлт емес, бар болғаны жұңхуа ұлтының ислам дініне нанатын бір бөлшегі ғана еді. Осы тұрғыдан қарағанда, жаңағыларды дүңгендер дей салудың да қисыны бар көрінеді, бірақ тибеттердің өзі бұларды дүңген деп атамайды, качи дейді...

Онысын ғалымда Кашмирден келушілер деп түсіндіріп жұр. Демек, бұл ұлт замандардың заманында Кашмирден Тибет асып келген болса керек. Бірақ бәрібір отаны жоқ болғасын немесе саяси мәртебесі болмағасын, бұларды Қытай үкіметі дербес ұлт ретінде қарастырмай отыр. Сөйтті де, біразын Тибетке қаратып, біразын дүңгенге қаратып тыныш тапты. Мүмкін, бұл сорлы бейбақ ұлттың мәртебе ала алмауына Қытай мен Үндістан арасындағы текетірестер де себепші болған болуы мүмкін...

Екі арада қысылып қалған ұлттардың барлығы жақсы күн көрмейтін көрінеді. Оған дәлеліміз Қытай мен Португал арасында қалған сорлы маканиздер, Қытай мен Жапон арасында қалған даляндық жапондар, Қытай мен Үндістан арасында қалған качилер...

Качилерді дүңгендер де ішіне алмайды, себебі олардың тілі тибетше еді, ал, оларды тибеттер де ішіне алмайды, себебі олардың діні мұсылман еді...

Не ары емес, не бері емес, екі арада қалғандардың көретін күні осы болса керек...

Демек, кім екендігі, қайдан келіп, қайдан тұрғандығы анықталмаған осындай азшылықтардың соңғы тағдыры не болмақ? Бұлар, әрине, бір кездері біртұтас бір қауым болған болуы бек мүмкін, бірақ «бек ұлдарының берекесіздігінен» осындай халге душар болған болуы мүмкін. Ұлт дегенің де бір кесек құрт сынды. Ауызға салынған бір тал құрт сілемейленіп жүре-жүре, ең соңында асқазанға қарай сапарға шығушы еді ғой. Сол сынды дүние. Ұлттың құруы да, дамуы да осы ұлттың зиялы қауымына байланысты. Осы ұлт адамдарының береке-бірлігіне байланысты. Берекесі кеткен елдің тозары, берекелі елдің озары тарих бізге сан мәрте дәлелдеген ақиқат!

Ассалаумағалейкум!

Құрметті қандастар!

Бұл сапарнаманың бұрынғы күлтегін беті бойынша 193-бетіне дейінгісін алла разы болғыр Аку бауырым ПДФ пішімінде торға шығарған еді. Жалғамасы: хттп://115.шом/фыле/шл7т1ұфж

Бұл ескі күлтегін беті ғой, қазіргі жаңағы күлтегінше есептегенде, бұл 289-сайт бетіне тура келеді екен. Демек, Аку нұсқасындағы сапарнама 289-бетке дейінгі мазмұнды қамтыған. Ал алла разы болғыр тағы бір туысым, қарындасым Шолпан торласымыз үшбу сапарнаманы тура осы жерінен бастап, сурет пішімінде жасап шықты. Демек, осы суреттерді бір іскер бауырымыз ПДФ нұсқаға айналдырып береді деп сенеміз. Шолпан нұсқасындағы жалғасын мына арадан түсіре аласыздар: хттп://115.шом/фыле/ан4ывр1х


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 26 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)