Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 66 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Біреулердің айтысында, дүңгендер ежелден қалаласқан екен-дағы, олардың қалаларда мешіті болуы табиғи екен. Ал, қазақтардың қалаласуы қалаларда жер қалмаған соңғы кезге тура келіпті-міс. Лағынеті шайтанның адамға осыншалықты сыбырлағыш екеніне осындайда ғана сенесің. Дұрыс-ау, дүңген мен ұйғыр қазақтардан гөрі ертерек қалаға жақындады. Бірақ сол қалаңыздың адам аяғы енді-енді тиіп жатқан, жаңа құрылған аймақтарынан осы бірнеше жылдың ішінде бой көтерген мешіттерді қалай түсіндіруге болсын?! Дүңген мен ұйғырдың қалалардағы тарихи мешіттеріне гәп жоқ, ал сенімен, бізбен қатар қалаға келгендерінің өзі қаланың шет аймақтарын мешітке толтырып тастағанда, біздің қазақтардың қолы тойдан босамай жатқанын, арақтан-шараптан босамай жатқанын мойындағымыз келмейді-а?!

Қазақтың тойында арақ-шараптың құйылуы - біздің ұлтымыздың бойындағы барлық індеттің келу қайнары. Онсыз да иманымыз әлсіреп, кәпір болып кетуге шақ қалып тұрғанымызда, арақ деген бәле бізге той дастарқаны арқылы тарады, осының кесірінен, арақ ішпейтін қазақты емге таба алмас болдық. Жасымыз да ішеміз, кәріміз де ішеміз. Еркегіміз де ішеміз, әйеліміз де ішеміз. Алда лағынеты 14 ақпан келе жатыр. Бітті. Біздің онсыз да борбайын тырналап отырған қалың нәпсіқұмарымыз мұндайда лап қояды. Нәпсі мен арақ қатар жүреді. Өзгеге қор болып, өзгенің астында ыңырсыған қазақтың қаракөз қызын айтып, біздің ұлтшыл жігіттеріміз дабыл қаққалы қашан?! Ал, осының барлығына қалай тосқауыл қоюға болады?! Біздің қыздарымыз қайткенде жат құшақтан жан қызуын, тән ләззатын іздмейтін болады?!

Жалаң ұлтшылдық рухпен ғана ұлтымды құтқарамын деушілер адасады. Оған дәлеліміз - кәрістер мен жапондар. Оған қоса Үндістандағы мұсылман еместер. Осылардың ешқайсысы ұлтсызданғандардан емес еді. Өз ұлты дегенде, көкірегін қарс айырып, жүректерін жұлып берерлік ожданы бар ұлттар осылар болатұғын. Бірақ осы ұлттар бұл күнде тыр жалаңаш батыс өркениетінің алдында өздерінің ұлттық өркениеттерінің әлсіз екендіктерін паш етіп алды. Батыстың аталмыш өркениетінің сыртқы қабығы демократия еді де, ішкі қабығы – әйел затын жалаңаштау болатұғын. Саясаттағы демократия ұраны – дәстүрлі азиялық елдерге тың жаңалық болғанымен, олар осы демократиямен қатар тыр жалаңаш шайтанизмнің де қатар еніп келе жатқандығын біле алған жоқ!

Бұл күнде жапон қыздарынан ұят кеткен. Жер бетіндегі қай елден сұрасаң да, жапондықтардың еркегінің де, әйелінің де ұятсыз, нәпсіқұмар екендіктерін жасырмай айта алады. Әнеу бір нобел сыйлығын алған жапон жазушысының жазғандарын оқысаң, құсып жібере жаздайсың. Адамилықтан адасқан қай-жайдағы бағдарсыз, бағытсыз, имансыз бір жиіркенішті әрекеттерді егжей-тегжейлі жазып, өздерінің нағыз адасқан, дағдарған қауым екендіктерін әшкерелеп тұрғандай...

Бүгінгі уағызшы молда әйелдердің нағыз теңдік құқығын тек қана ислам бере алатынын жеріне жеткізіп тұрып дәлелдеді. Молданың уағызын естіп отырып, сүйінбей тұра алмайсың. Біздің молдаларымыз сықылды саясаттың сары сабанын таусаған жоқ. Мешіт ішінде тек қана таза ислами білімдер айтылды. Осындан бұрын осы мешітке алғаш жұма намазын оқығалы келгенімде айтылған уағыз есіме түсіп отыр, ол кездегі имам буддалық көзқарастарды быт-шыт қылып, буддашыларды жеріне-жете отырып сындап, исламның хақ дін екендігін дәлелдеген еді. Әрине, бұл молдалардың төбесінен қарап отырғандардың бар екендігінде гәп жоқ, бірақ молдаларың жүректі. Өз құқықтарын ең жоғарғы деңгейде қолданып отыр...

Ал, бізде ше?

Бізде сатқындар көп. Табан жалағыштар көп. Ол табан жалағыштардың өзі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан табан жалағыштар. Әкесі немесе атасы күні кеше ғана біздің ұлтымыздың сорпа бетіне шығарларын тарымға айдатқандар болса, бүгіндері солардың ұрпақтары еш ұялмастан, еш қызармастан, сатқындық пен екі жүзділікті ту қылып көтеріп, атойлап алда келе жатыр...

Қайсы бір күні бір бауырымыз «Мау атайды сағындық» деген бір жолдама жолдады. Тақырыбына қызыққанымнан оқыдым. Жолдаушысы Жасалаш деген бауырымыз екен. Жалғамасы:

тексті: хттп://к.ыскз.шом/форұм.пхп?мод

Жақыннан бері Мау атай түсіме көп кіретін болды. Шынымен-ақ сағынып жүрген сияқтымын.

Я, қай қалаға, қалашыққа барсаң, кішігірім дохтырханадан, асханасымақтардан жетесіз қаракөздеріміздің қысық көз, орсақ тіс, талпақ танаулардың жетегінде жүргенін жиі кезіктіретін болдық. Өз басым бір қаладан осы аптада осындай ардан безгендерден 3-еуін кезіктірдім. Екеуінің шата туған баласы бар. Амал жоқ, оларды заң қорғайды, дәрменсізбін. Сонымен еш лаж болмай, ойға баттым ғой...

Я, Мау атай мәңгі жасасын деп жүрек түкпірімнен ұран салдым. Кезінде жарықтық, осы тектес істерді қатаң тежеген ғой. Тіпті кейде бойсынбай жасырын түрде қазақ-ұйғырдан қыз алғандар сезіліп қалғанда, оңбай сазайын тартып отырған. Мау атайға шын жүректен тағы бір рет өскелең құрмет білдіремін, ол кісі нағыз кемеңгер, менің жүрегімде мәңгі жасайды!

Жолдама қысқа-нұсқа болғанымен, жазушының жүрегіндегі шыңғырған намыс пен ащы ызаны бірден байқауға болады. Міне, бұл біздің Қытайдағы қазақ ұлтшылдарының қазіргі халі. Арман бар да дәрмен жоқ. Амалсыздық, шарасыздық, дәрменсіздік жайлаған біздің қазіргі халіміз осы. Ол осы тектес темелерді жолдаған бауырларымыздың көрген-білгендері ғана емес, сені мен мен, қысқасы, осыны оқып отырған баршамыздың басымызда бар, айналамызда бар, туыс-туғанымызда, көрші-қолаңымызда бар ащы шындық. Алысқа бармай-ақ, өз айналамыздан еш қиналмай тауып алуға болатын ащы шындық осы! Ал, ойланбай көр! Мұндайда қандай адам ойланбайды?! Қандай адам намыстанбайды?! Жүрегінде жылты жоқ, көкірегінде иманы жоқ жылтсыздар мен имансыздар ғана бұндай мәселеге селқос қарайды!

Осы тектес жолдамаларды мен іздесем, кем дегенде, жүз шақтысын тауып алуға болады. Барлығы да осы тектес. Осы сарында. Аийтары біздің қаракөздеріміздің жат құшаққа кетіп бара жатқандығы хақындағы ащы шындық!

Демек, Қытайдағы қазақ сайттарындағы біздың ұлтжанды, ұлтшыл бауырларымыз ашына айтатын осы бір тақырыптың ең соңғы жауабы неде?! Осы тектес жолдамаларды барлық қазақ сайттарынан іздеп табу дегеніңіз аса оңай. Қай күні оқуларын тәмәмдап, практикаға келген қазақ қыздардың сол жердегі қысық көз, су мұрындармен ашына-құшына болғандығы, ақырында жұрт жағынан байқалып, наразылыққа ұшырап, қуғындалғаны хақында жазылған еді. Демек, біздің, қазақтың абыройын айрандаи төгіп жүргендер де осы қыздарымыз. Ал, кім ойланды, осы қыздарымыз не үшін осындай жолға түсті деп?! Қай сайтты қарасаң да, осыған дәлелді жауап берген адам аз. Қыздар жағы жігіттерді кінәлап, жігіттер жағы құрғақ намысқа басып, артық-ауыс сөйлеп, ғаламтор бетіндегі бар қазақ баласы қазақтың намысын жыртып, дүр-дүр еткенде, осы мәселенің түп қайнарын кім ойлады?! Я, бәрімізге бірден белгілі бір ғана жауап бар. Ол – дін. Бізді осы қысық көздерге жұтылып кетуден сақтайтын жалғыз ғана нәрсе бар, ол – дін!

Әлдебіреулер екі сүре жаттап алады. Онысына қосып, екі хадис жаттап алады. Бар білері осы. Сонысы арқылы әлдебірдеңкені дәлелдегісі келіп, басындағы шайтани нанымдарын дәлелдеп, өзгеге сіңіре қойғысы келіп, тыраштанады да жатады. Мұндайда қытайлардың «жарты шөлмек су шалдырлақ» деген мақалы еріксізден еске түседі. Діндар болғаныңнан айналайын, дін – жаттап алған сүрелер мен хадистерде емес қой. Білімі көп, құлшылығы жоқ мұнапиқтен білімі аз, құлшылығы көп пақыр артық емес пе?! Жүректе аллаға деген қорқыныш пен махаббат болмағасын, пенделік нәпсі мен қызыл көз қызғаныштан арылмай тұрып, әлдебіреулердің осында ғұламасынуының өзі – боқ жеп жатқан иттің көлдегі кырсыз аққуға қарап әупілдегеніндей көріністі елестетеді екен көзімізге!

Ұлтты сүю, Отанды сүю – жүректегі иманнан. Иман тұрған жүрекке қызғаныш ұя сала алмаса керек. Қызыл көз қызғаншақтардың ұлтын сүйе алатынына күмәнім бар. Әрбір қызғаншақ демек дүр – әлсіз демек дүр. Қызғаншақ демек дүр – нәпсінің құлы демек дүр. Қызғаншақ жүректе ақиқат болмақ емес. Қызғаншақтың ғұмырын итке берсін! Біреу егіз қозылы болса, біреу малды болса, біреудың саудасы жүрсе, біреудің түтіні түзу ұшса, біреудің қатыны оңды болса, біреудің қатыны іскер, пысық болса, осының барлығы қызғаншақ пенденің қасыреті. Қызғаншақ пендеде білім болуы мүмкін, бірақ алла разылығы үшін алмаған білім де адам баласына еш опа бермек емес. Бұл дүниеде алладан қорыққан адамдар ғана адам да, қалғандары екі аяқты жануарлар ғана. Қандай адаммен дос болуға болады?! Ол - жүрегінде иманы, аузында алласы бар адамдармен болған достық. Мұндай достық ақыретке дейін жалғасады. Мұндай достық алланың разылығы жолындағы достық. Осындай адамдар ғана алла разылығы үшін, өзі үшін ғана емес, ұлты үшін, отаны үшін отқа да, суға да түсе алады. Ал, қалғандардың отаншылдығы да, ұлтшылдығы да бір мезеттік...

Кез-келген сәтте бірін-бірі сатып кететін, мүдделер тоғысынан туған отаншылдықтың баянды болмасын біз реаль өмірде күніне мың рет көріп жүрміз...

Жә, жат құшақтан бақытын іздеген қазақтың қыздарының ессіздігі, намыссыздығы жүрегін езген ұлтшыл азаматтарымызға айтарымыз да осы. Ұлтты құтқарудың жалғыз ғана жолы бар. Ол – ислам. Біз өзімізді, отбасымызды, айналамызды ислам ақиқатымен қауыштыруымыз керек. Онсыз біздің өміріміз қараңғы. Ұлтымыздың ішінен шыққан сатқындар мен екі жүзділер, мұнапиқтер бізді ислам ақиқатынан қаншалықты алыстатқысы келсе де, біз өзіміздің ата-баба дінімізден алыстамауымыз, керісінше, ата-баба дініміз – исламға өлгенше жақындауымыз керек. Біз сонда ғана ұлт ретінде аман қаламыз. Болмаса, біздің құрып кетуіміз, тек қана уақыт мәселесі. Хақ дінді қабылдамаған мәнжулер мен мұңғылдар құсап, біз де құрып-жоғаламыз. Сол үшін осы ақиқатты анық білетін шайтанилар бізді исламнан алыстатқысы келеді. Себебі, олар қандай ұлттың тез жоғалатынын біледі. Ал жүрегінде берік иманы бар дүңгендер 1500 жылдан бері ешкімге жұтылмай келе жатыр. Қытайға тиген дүңген қызын өз басым көрген емеспін. Бір естігенімде, заңға арқа сүйеп, жат діндегіге күйеуге шықпақ болған қызын өз қолымен өлтірген дүңген хақында бала күнімізде еміс-еміс естуші едік...

Үшбу сапарнаманы оқып отырған қайсың маған дәлел көрсетіп, өз айналаңда бірде бір қазақ қызы өзге сығыр көздіге күйеуге тимеді дей аласың?! Мүмкін емес! Бұл күнде бұл үрдіс аса қауіпті деңгейге көтерілді. Ауылдарда, аудандарда, аймақтарда мұндай санақтар жүздеп саналады. Ал, Үрімжі, Құлжа сынды ірі қалаларда бұның есебіне жету дегенің мүмкін емес. Кең қолтық қазақ болғасын, барлығына кеңбіз. Осы кеңдігіміз түбі біздің түбімізге жетеді. «Кең болсаң, кем болмайсың» дегенді «кең болсаң, жем боласың» дегенге өзгерту керек деп Алматыдағы бір ағамыз зарлаушы еді. Осы сөздің жаны бар.

Осы не бәлеге ұрынса да, біздің қазақ алдымен ұрынады. Ол неге? Ол біздің ұлттық иммунитетіміздің нашарлығынан. Бұл өте қарапайым сауат. Дене қуаты әлсіз, денесінде қарсылық иммунитеттері нашар адам әрқандай ауруға тез шалдығады. Атақты айдис ауруы деген де осындай ауру. Оның ең негізгі анықтамасы - денедегі иммунитеттік жүйенің мүлде жарамсыз болуы. Демек, айдиске душар болған бейбақтың денесінде әрқандай ауруға қарсы тұра алатын табиғи қарсылық қуат болмайды...

Былтыр Үрімжідегі кезімде осы мәселе дастарқан басында қозғалды. Сонан бұл мәселе хақында біраз уақ ойланып-толғанып жүрдім. Сонан осы біздің қазақтың қыздары жаппай өзге жат діндегінің етегін ұстап кеткенде, біздің тағдырлас қырғыз бауырларымыз қалай екен, соларды бір білейінші деп, Қызылсуға қоңырау шалдым...

Баяғыда Шыңжаңның оңтүстігіне барғаным бар еді. Ол заманда жас едік. Албырт едік. Қашқарда, Ақсуда, Қызылсуда, Ташқорғанда болып қайтқан едім. Қызылсуға барғанда, Атұштың, Ұлықшаттың, Ақшидің зиялы қырғыздарымен танысқан болатынмын. Атұш дегенды быз қате атап жұрмыз. оның дұрыс атауы артыш. Қырғыздар «артыш» дейді. Түбірі – арту, асу, өту. Демек, қазақшаласақ, «асу» деген мағынада. Осы қырғыздармен қырғыз қыздардың сығырларға тию мәселесі хақында былтыр жазда қайталай сұқбаттасқанымда, бұл маселенің біздің қазақтардың басындағы мәселемен бірдей екенін білген едім. Демек, қырғыз да, қазақ та ұп-ұқсас. Біздегі діни нанымның әлсіздігінен, біздегі ұлттық ұйысу қуатының нашарлығынан біз осы сығырларға өздігімізден жұтылып бара жатырмыз...

Ал, өзгелер ше?! Өзгені емес, қасымыздағы ұйғыр мен дүңгенге қарайықшы. Ұйғырды былай қоя тұралық, тілі бір, түбі бір дүңгеннің осыларға жұтылмай келе жатуының сыры неде?

Ал, жайшылықта біздің жігіттеріміз менсінгісі келмейтін ұйғырлардың қыздары не үшін байдан байға жүйткісе де, тура осы қысық көздерден қызығын таппайды?!

Осыған кім жауап бере алады?!

Біреулер мұны ақшаға әкеп тіреп, біздің қазақтың жігіттерінің кедейлігімен түсіндіргісі келеді! Бұл тым шалағай түсінік! Кедей жігіт ұйғырда жыртылып айырылады. Айына бір лағман жей алмайтын ұйғыр дегенің оңтүстык жақта жыртылып айырылады. Қолы әзер жеткен бәтінкесін аяп, қалаға кіргенше жалаңаяқ жүріп, қалада ғана бәтінке киіп жүретін ұйғырларды өз көзімізбен көргеміз...

Ал, солардың қатындары да тұтасымен ұйғыр. Сол жігіттердің қазақ жігіттерінен артық ештеңесі жоқ. Нағыз сығарға биті, үрерге иті жоқ деген солар болса керек еді, бірақ, сол жігіттерді де байым деп тиетін қыз шығады. Не үшін ұйғырдың қыздары бай, қалталы өзге діндегілердің етегінен ұстап кетпейді?! Гәп - дінде жатыр! Дінде!

Дін десе үрке қарайтындарға осы келтірген мысалдарымыздың өзі жетіп асса керек-ті. Кей қазаққа дінді айтсаң, «ойбай, араб болып кетеміз» дейді. Құдай-ау, неткен надандық. Қазақ мұсылман болғалы қай заман?! Сол араб-парсыңның тұқымы болған арабыңның өзін қазақ қылып жіберген жоқпыз ба?! Оларға «Қожа» деген әдемі ат беріп, үш жүзге кірмейтін үштіктің ішіне қойып қойған шеберлігімізді қарамайсың ба? Біз араб болып кетсек, мың жыл бұрын-ақ араб болып кетсек жарар еді. Бірақ, осы араб болып кетуден қорқатын қазақ орыс болып кетуден, қытай болып кетуден ешқашан қорықпайды! Міне, гәп қайда жатыр! Мұның барлығы біздің санамызды Кеңес билігі тұсында өз ата-баба дінімізге қарсы әбден улап тастаған. Біздің бұл күндегі қазақтың қара таяқтары, зиялысымақтары айдаладағы арабқа Америкаңнан арман өшігіп отыр. Сәлделі арабты көрсе, етін жеп, сүйегін бүркіп тастардай кектеніп, тісін шықыр-шықыр еткізіп отырған сорлыларды көргенде, кімнің жау, кімнің дос екенін айыра білмеген құл саналы бейшараларды мүсіркемей амалың жоқ!

Жасырары жоқ, ауруыңды жасырғаныңмен өлімің әшкере. Ұйғырдың да, дүңгеннің де бізден артық жері – олардың діні. Бұл күнде күннен-күнге көрге жақындап бара жатқан ұлтының ашынышты қаліне қарап, қолынан келер еш қайраны қалмаған мұңғыл ұлтшылдарының исламға қызыға қарауы да осыдан. Бізді бір сақтап қалса, осы ислам ғана сақтап қалады. Исламы берік өзбектің күн санап өсуі не үшін? Дінды айтса, «араб болып кетеміз» деп от басқандай шоршып түсетін қазақтың өскеннің орнына өше түсуінің сыры неде?! Өзбектің қатындары неге туғыш? Не үшін олар өздерінен әлдеқайда көп тәжікті, түрікпенді, қырғызды, қазақты өзбек қылып жібере алады?! Ал біз құшағымызға алған дүңгендердің өзін 200 жылда «Ұлы Жұңхуа отандарын» ұмыттыра алмаймыз?! Оны қойшы, Алматы маңындағы ұйғрыңның өзі қазақша сөйлемей ит қылады ғой, себебі Алматыда қазақша кинолар диск күйінде сатылмайды да, ал ұйғырша кинолар сықалып тұрады. Не үшін?! Не үшін біздің Шымкент, Жамбыл, Түркістан, Қызылордамыз өзбекше телеарна көреді?! Не үшін осы біздің қазақтар біреуге ұқсағысы келіп, біреуге сіңгісі келіп әзер тұрамыз?! Не үшін?!

Бұл ислам аты шыға қалса, қапсақал арабтар мен қырғын жарылыстар көз алдымызға келіп, өне бойымыз қышып, аллергиямыз ұстап қалатыны қызық-ақ. Бұл дерт, бейне, бір керемет бақсы жағынан бір жолда оқытылғандай, бір емес, екі емес, тұтас ұлтымызға жұқтырылғанына таңқалмай шарамыз жоқ...

Біз қазақты уақаб бол деп жатқамыз жоқ. Мәселенің түп-төркіні басқада жатыр. Қазақтың басындағы қасыреттен қазақты қалай құтқарамыз деп, соған дауа іздеп жатырмыз. Сөйтсек, біз іздеген дауа аталмыш ғылым-техникада емес екен! Ғылым-техника деген не?! Машина жасау? Ұшақ жасау? Әлде, мишық жасау? Ракета ұшыру? Шашқа миллион адамның атын жазу? Әлде, жұлдыздарға ұшу?!

Мәселенің мәніне қарайық. Баяғыда қытайлар шетелден қорлық көрді, тура осындай от қару өнерлері болмағасын қорлық көрді. Сосын біртіндеп үйренді. Сосын соғысты. Орыстың арқасында жапонды да, гүманданды да қуып шықты.

Ал, баяғыдағы қазақ от қаруының жоқтығынан орысқа жем болды. Қазақ қана емес, барлық түркі баласы от қаруының жоқтығынан орысқа жем болды. Мұны Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романынан оқи аласыздар. От қаруға қол жеткізу үшін, сорлы қазақ ата жауы орыстан қару сұратып, хан тұқымын жібереді ғой кепілдікке. Бірақ, ала алмайды. Орыс от қаруды қазаққа беріп, есі ауысқан жоқ қой. Онсыз да қазақтың тепкісін ғасырлар бойы көргенін олар ұмыта қойсын ба?!

От қаруы бар жұңғар жарты әлемді қоқ қылды, ақыры өз басын жеп тыныш тапты. Жұңғарды жер бетінен тып-типыл жойып жіберген қазақтар не үшін аман қалды?!

Мәселе - біз қазір кіммен соғысып жатырмыз? Қазіргы соғыс баяғыдағы соғыстардан басқашалау. Қазіргі соғыс жанға жан, қанға қан деген баяғыдағы соғыс емес! Қазіргі соғыс – сананың соғысы. Бір тал шашыңа зақым салмай тұрып, сол шашыңның астындағы басыңды жаулап алатын соғыс!

Түйені жел ұшырса, ешкіні аспаннан көресің дегендей, діншілдер жаман болса, дінсіздерден не күтесің, бауырым?!

Дініне берік деген ұйғыр мен дүңгеніміздің өзі соңғы кезде қытайласуға бет бұрғанын, қыздарының қытайға тиіп, ұлдарының қытайдан қатын ала бастағанын айтады кейбір оқырмандарымыз. Дұрыс-ақ. Ішнаралық пен жалпылықтан ортақ бір қағида туындатуға болады. Мұнан нені білеміз? Демек, жалпы, Қытай жерінде тұрып, қытайласпау дегеніңіз мүмкін еместігін білуге болады. Дүңген қыздың қытай жігітімен болған трагедиялы махаббатын «мұсылманның жаназа мұрасымында» жазған жоқ па еді дұңгенның жазушысы. Осы кітап Қытайдағы ең атақты әдебиет сыйлығы «маудұн әдебиет сыйлығын» жеңіп алған жоқ па еді?! Демек, автор мұсылман ата-анадан туған мұсылман қызды не үшін ең соңында «өлтіріп» тыныш табады?! Осы жағын бір түсіндіріңіздерші...

Үшбу шығарманың авторы - дүңгенның әйел жазушысы Хуода (霍达). Бұл күнде ғаламтордан бұл кітаптың қытайша, ағылшынша нұсқасын тегін тауып алып оқуға болады. Кітаптың аты: Мұсылманның жаназа мұрасымы, қытайшасы: 穆斯林的葬礼, ағылшыншасы:"тхе мұслымс фұнерал"

Демек, дүңгеннің жазушысы дүңгеннің қызын өз романында қытайдың жігітімен махаббаттастырғанымен, ең соңында екеуін үйлендіре алмайды. Мұның өзі үлкен мағынаны білдірсе керек. Менше, мұны автор мақсатты түрде солай жазды. Егер екеуін үйлендіріп жібергенде, бұл шығарманың мұсылмандар арасында наразылыққа қаларында гәп жоқ еді. Себебі, дұңгендер үшін алғанда, қытаймен құдандалық мәселесі өмірдің ең басты қайшылықтарының бірі болатын! Қалай болмасын, бұл екі халықтың тілі бір еді әрі гендік тамырластығы да бар болатын. Қытаймен құдандалық мәселесі кез-келген дүңген отбасының міндетті түрде бетпе-бет келетін ең сезімтал мәселесі еді. Осы мәселе хақында автор өте сезімталдық танытқан. Әрине, үйлендіру де қиын еді әрі үйлендірмеу де қиын еді. Егер мұсылмандықты қатаң ұстанатын ата-ананың ой жүлгесі бойынша ойласақ, олардың бұл некеге батыл қарсы тұратындығы еш күмәнсіз еді. Ал, екеуін осы себепті үйлендірмеудің өзі қытайлар мүлде басым салмақты иелейтін Қытай қоғамында автор үшін қолайсыз болған болар еді. Біз білеміз, дүңгендер өте сақ халық. Олар қашан да өз нанымдары мен көзқарастарын қытайлар алдында мүмкіндігінше бүркемелеп, жасырып келген ел, әсіресе, саяси соққылар мен тарихтағы қанды қырғындардан соң, дүңгендер қашан да қытайлармен бетпе-бет қарсыласудан тайқып келген ел болатұғын. Бұл осы халықтың ұлттық, қоғамдық психологиясы болып қалыптасып қалғаны шүбәсіз еді...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 27 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)