Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 65 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Біздің әлгі бір жазғыш ақындарымыз сонау бір замандарда, есте қалуынша, менің бала күнімнің өзінде, «Шұғыла», «Шыңжаң газеті», «Іле газеті», «Алтай аясы», «Тарбағатай», «Іле айдыны», «Іле жастары», «Жастүлек» сықылды басылымдардың өзінде «Ұлы Жұңхуам» деп тебірене жазушы еді. Құлаш-құлаш жырларды кейде оқудан ерініп, оқымай-ақ қоюшы едік, сөйтсек, сол ақындарымыз нағыз ғұлама екен ғой! Болашақты көріп, біліп отырғасын жазған екен емес пе?! Ақымақ басымыз оларды сол кезде менсінбей жүріппіз ғой. Ұлы Жұңхуаға өлең арнап, ән арнаудан біздің қазақтар сол Жұңхуаңыздың бел баласы хансулардан да асып түскен болар-ау. Болмаса, дұрыстап, санақ жасап, біздің осы тектес өлең-жырларымызды жан басына шағып кеп жіберсе, әр қазаққа жүз өлеңнен келеріне еш күмәнданбаймын! Бұл жағында біз ұйғырларды да шаң қаптырып кеткен болармыз, баяғыда Темір Дауамат акамыздың осы сарындағы бір-екы өлеңін оқығаным бартұғын...

Ол кісі де ұйқастырып, әрлеп тұрып өлең жазатұғын еді...

Темірді қойшы, «шыр» жазып жүріп, «пір» болды, ал екі беті шиқандай қып-қызыл, өмірінде ойға түсіп көрмеген бір қойшы қазақ баяғыда ақындар айтысында өлең оқыды. Жайлауда. Ол да сол сарында. Білмеймін, ол да пір болған болар...

Пір боламыз деп өлең арнап жүріп, бір болатын болдық. Ақындарымызға рахмет...

Нейжяң қаласы. Сычуан өлкесі. Ұлы Жұңхуа даласы.

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат!

Оқырмандардың хатына жауап хат қайтара-қайтара біраз уақытым кетіпті. Енді, алла қаласа, кейбір жауаптарды осы сұхбатта ашық жазсам деймін.

Ең алдымен сапарнама немесе сапар естелігі хақында.

Бұл хақында бұрын айтқанмын. Сапарнама жазу – ешқандай жаңа жанр емес. Бұл – адамзат баласында ежелден бар дүние. Ту басқы сапарнаманы кім, қашан жазғанын ешкім анықтап бере алмас. Бір білеріміз, қазақтан алғаш болып біздің Шоқан жазды. Ол жазғанда да ұйғырлар туралы ең құнды деректерді беріп кетті. Бұл 1858 жылғы іс болатұғын, жаңылмасам. Ал, осы Шоқан жазған сапар естеліктері мен зерттеу еңбектері бұл күнде ұйғыр тарихын зерттеуде ең құнды құжат болып қалды. Ал, біздің тағы бір туысымыз, ұлты башқұрт Ношрван Явшиф деген кісі болды. Бұл кісі біздің Шоқаннан кейінгі ұйғыр даласына қадам басқан екінші түркі тұқымды зерттеуші болды. Ношыруан жазған сапарнамалар ұйғыр зерттеу саласында осы күнге дейін құнды еңбек болып келді. Себебі, мұндай сапарнамалардың бір сипаты –ғылыми зерттеу еңбегі сипатына ие еді. Ол заманда екінің бірі бара бермейтін тың өлкелерге барған осындай ғалымдарымыздың еңбегі болмағанда, біз өткен ғасырлардағы ұйғыр туыстарымыздың өмірі мен тіршілігі хақында мардымды бірдеме біле алмаған болар ек. Алла олардан разы болғай!

Демек, сапар дегеніңіз, ең алдымен, өзіңіз бұрын көрмеген, білмеген тың, жаңа жерге бару демек дүр. Сосын ол жеріңізді өзіңіздің жеріңізбен салыстырасыз. Әрине, бұл адамзаттың табиғи сезімі. Осындай салыстырулардан соң барып, өзің мен өзгені салыстырудан соң барып, кімнің несі артық, кімнің несі кем екенін біле бастайсың. Сосын оныңды өзің ғана біліп қалмай, өзгеге ұғындырғың келеді. Қолыңа қалам аласың, міне, сапарнама деген осыдан туады. Ашығын айту керек, менің қазақ ғаламторына келуіме бір жыл ғана уақыт болды. Ту басқы шығармамды «Шяңгаң (Гонконг) сапарынан» бастағамын. Ол кездегі мақсатым біреу ғана болатын. Паспорты жоқ қазақ паспорт жасатып алса, ал шамасы жететіні Қытайдан Шяңгаңға (Гонконгқа) баратын жолхат жасатып алса деген ғана ой еді. Оны сол шығармамды оқысаңыз, ту басында менмұндалап тұрады. Артық дәулет бас жармақ емес, бүгін-ертең шетелге шыға жатпасаң да, құжаттарыңды жасатып, әсіресе, паспортыңды, жолхатыңды жасатып алып, сандығыңның түбіне салып, төрт жағына төрт тал тышқан дәрі салып қойсаң болғаны деп тұрып жазғамын, мақсатым біреу ғана еді, қара қазақ баласы құжаттанса деп едім. «Өлген қазақтың қойнында бір паспорт болсын» – деген мақсатым еді...

Себебі, заман дегеніңіз мың құбылып тұр ғой. Оны айтпасақ та, есі бардың барлығы біледі. Баяғыда осыдан жарты ғасыр бұрын, тура осындай, дәл қазіргіміздей бір кең заман болған екен. Ол жағын үлкендерден сұрасаңыздар, айтып береді. Ол заманда бір ауылда, кейде бір ауданда бір кісі болады екен. Оны ел «Сәбеттің көнсілі» дейді екен. Қолында суретке түсіретін аппараты бар біреу ауылды аралап жүріп, суретке түсіреді екен, кім суретке түссе, соған «Сәбеттің» паспорты жасалынып, әлгі «көнсіл» кісіге жіберіледі екен. Сосын сол көнсіл кісі ел-жұртқа Сәбет паспортын таратады екен. Демек, осы барыстардан өткен адам қытай азаматы емес, Сәбет азаматы болып саналады екен. Сонан әлгі «Сәбет азаматы» құжаты барлар Сәбетке емін-еркін барып келіп жүріпті. Ол заманда Маудың Сәбетпен жақсы кезі. Көсемдер тату кез. Көсемдердің шармаяқтасып қалуы ортадағы қазақты қырық жыл сорлатады. Қытаи мен Сәбет одағының арасы бір-ақ күнде бұзылды ғой. Сол кезде Қытай мен Кеңес Одағы шекараны бекітеді. Жаңағы Сәбет азаматтығы бар азаматтарға үш күн мұрсат беріліп, Сәбетке көшуіне рұхсат беріледі. Сонан құжаты толықтары көшеді, ал дәл қазіргідей, салақсып жүрген қазақ ол заманда да тіптен мол болса керек, біреудың әкесінде құжат бар, баласында жоқ, біреудың ағасында құжат бар, інісінде жоқ, біреудың күйеуінде құжат бар, әйелінде жоқ, (әйелі әлгі суретші келген күні қыдырып басқа ауылға кетсе керек, міне, салақтық деген!) сонан құжаты барлар ғана шекарадан өткен де, құжаты жоқтар өз туған туысынан, бір туған бауырынан, ағасы інісінен, әйелі күйеуінен тірідей айырылып, зарлап қалады, сол зарлағаннан қырық жыл зарлайды ғой сорлы қазақ!

Менің ту бастағы айтарым да осы құжат мәселесі болатын...

Жаза-жаза, шабытым таси-таси осы кезге келді. Сол үшін мен барша сайт иелеріне, асабаларға, осы барыста маған шабыт берген, ойыма ой, қиялыма қиял қосқан барша бауырларыма алғысымды білдіремін. Сол үшін бұл шығарманы тұтас қазақ ғаламторшыларының шығармасы деитыным де сонан....

Тағы да айтарым осы, заман өзгеріп тұр. Заман құбылып тұр. Тарих қайталанады. Тарих үнемі қайталанып тұрады. Біз тарихтағы қанды өкініштерімізден сабақ қабылдауымыз керек. Сабақты бір өткенде түсінбеген топас та аңғал шәкіртке ұстазы қайталап тұрып дұрыстап тұрып дәріс өтеді ғой, сол сынды, біз тарихымыздағы қанды өкініштерімізден сабақ алмасақ, бұл сабақ бізге қайталай өтіледі...

Алла онан сақтасын...

Сол үшін барлық қазақ баласы құжаттануы керек. Демек, біздің көкірек көзі ашық зиялы жігіміз қара қазақ баласын құжаттандыру күресіне белсене қатысуы керек. Әркім өз маңынан бастасын. Алдымен өзі құжаттансын. Әйелін, бала-шағасын, әке-шешесін, бауыр-қарындасын, аға-жеңгесін, қысқасы, алпыс апа, жетпіс жездесін құжаттандырсын. Уағыздасын. Тойларда, нәзірлерде, басқосуларда осы «қазақты құжаттандыру күресі» хақында әңгіме өрбісін. Себебі, мынау заманда қойныңда құжатың болғанда ғана адамсың, ал құжатың жоқ болса, даладағы аңмен бірдейсің. Ешкім саған ие болмайды да, ешкім саған сенбейді. Сол үшін барша қазақ құжаттануы керек. Айдың-күннің аманында құжаттанып алмасақ, уағында қамданып қалмасақ, басымызға қиын заман орнағанда, өкінгенімізбен орнына келмейді...

«Қазақты құжаттандыру күресіне» атсалыс, қазақ зиялысы!

Соқырға таяқ ұстатқандай қылып тұрып, тағы да қайталап тұрып айтайық. Құжаттың ең маңыздысы – төлқұжат. Төлқұжат дегеніміз – паспорт. Демек, әр қазақ баласы паспорт жасатып алсын. Жастар жағы, оның өзінде де, пысықтау жастарымыз әлгі «Шяңгаң, Аумынға арналған ерекше жолхат» дегенді жасатып алыңдар. Әйтеу, қайда қалмаған 160 юан ақша. Жасат та, шықпасаң шықпа, сандығыңның түбіне мықтап тұрып тығып қой!

Себебі, заманға сенім жоқ. Обама түсінен шошып оянса, Иранға бағытталған зымыранның кнопкасын баса салуы мүмкін. Ағылшындар наурыз айында соғыс қозғағыш қой. Осы Ираның да биылғы наурыздан қалмауы мүмкін, анығы бір аллаға аян. Демек, мынау жұмыр жер бір былығайын деп тұр. Екінші жаһан ұрысы аяқтаған 1945 жылдан бері адамзат баласы сұрапыл соғыс көрмеді. Енді соның да бір кезегі келетін кез болды-ау. Анығы бір аллаға ғана аян, біздікі қамсыз қазақ сол қамсыздығынан, қарекетсіздігінен тағы да зиян шегіп жүрмесін деген сөз. Заудығалам, осындай бір алмағайып заман болса, бұл шеккен зияныңыз малмен, мүлікпен санасатын зиян емес, жанмен санасатын зиян болмақ...

Алла онан сақтасын...

Үгіттеңіздер, уағыздаңыздар, таратыңыздар. Алла істеріңізді сауапқа жазсын.

Ең қысқасы, сөз сыралғысына айналдырыңыздар. Бір жігіт бір құрдасын пысық деп мақтағысы келсе, «ой, оның паспорты бар ғой, пысық жігіт» дейтін болсын.

Бір жігіт бір құрдасын қағытқысы келсе, намысына тигісі келсе, «ой, сорлы, қылаяғы паспортың да жоқ сенің, даладағы аңмен бірдейсің!» дейтіндей болсын! Мақсат біреу ғана. Барша қазақ, бала да, шаға да, қатын да, қалаш та, шал да, шауқан да тұтасымен паспорттансын! Басқа айтарымыз жоқ.Сөз тәмәм!

Қарекеті – адамнан, нәтижесі – алладан, қарекетсіз амал – ғаріп амал дүр. Құрудан, құрып жоғалудан сақтану үшін соған сай амал-қарекетке баруың керексің. Бұл хақында мешітке асығып кіріп бара жатып, «аллаға аманат» деп түйелерін бос тастаған сақабаларына пайғамбарымыздың (с.ғ.с) айтқан сөзі дәлел. «Алдымен, түйелеріңді мықтап тұрып байлаңдар, сосын жоғалып кетпеуін алладан тілеңдер» деген. Демек, қарекетсіз, әрекетсіз тілек тілеу-исламда жоқ. Ал, қарекетсіз тілек тілеушілер болса, онда олар исламды түсінбеушілер. Егін екпей тұрып, жер жыртпай тұрып, мол астық аламын деп ойлама. Сол сынды дүние. Басыңды, бала-шағаңды аман алып қалу үшін, соған ниеттенуің керексің, соған қарекет жасауың керексің...

Ұмытпай тұрғанда, тағы бір нарсені ескерте кетейін!

Паспорты барлар да, паспорты жоқтар да мына бір ұсақ мәселеге көңіл болсын!

Өзіңнің барша құжаттарыңды, банк есепшоттарыңды, жеке куәліктеріңді, үй куәліктеріңді, туу куәліктеріңді, дипломдарыңды және тағы басқа маңызды құжаттарыңды тұтасымен тұнық сканерлеп (саумяу-扫描) өз электрондық хат сандықтарыңа сақтап алыңдар. Қажет болады. Ол анау алмағайып заман болған кезде ғана емес, осы бейбіт заманыңның өзінде де саған қажет болады. Кез-келген уақытта, кез-келген жерден құжаттарыңның көшірмесін принтерден басып шығарып ала аласың. Бұл - бір. Екіншісі, Қытайдың көкек хат сандығы, 163 хат сандығы, соху хат сандығы, яху хат сандығы дегендеріне сақтаудан тыс, ең дұрысы, ең қауіпсізі - гуглдың хат сандығына да сақтап қойыңыз...

Оның адресі: ууу.гмаыл.шом

Себебі, бұл жер бетіндегі ең сенімді хат сандықтардың бірі. Оның қатарында хотмейл де бар. Бірақ, Қытайдікіне сенім жоқ, кез-келген уақытта өше салуы мүмкін. Баяғыда 263 деген бәлесі солай өшем деп өше салған, жауапкершілік дегенді айту мүмкін емес...

Құжаттарыңды хатсандықта сақтағаныңның пайдасы мол. Кем дегенде, мен мұның пайдасын көп көрдім. Ал, жаңағындай бір заман болса, кем дегенде, түпнұсқа құжатың болмаған жағдайда, өзіңнің кім екеніңді біреуге көшірмесімен болса да дәлелдей аласың ғой...

Ассалаумағалейкум қадірлі қандастар!

Қайырлы таң!

Кеше кештен бері, Алматыда тұратын атақты ұлтжанды бауырымыз, аяулы ақынымыз, виза дауына бел шешіп кіріскен белсенді ағамыз, қара жүрек қансыздарға қасқайып қарсы шапқан батырымыз Ауыт Мұқибекұлынан келген хаттарды оқып, төбем көкке екі-ақ елі жетпегендей болып қуанып жүрмін...

Жақсы сөз – жарым ырыс деген ғой, сонау алыста жатып, ақылын айтып, шабытын беріп отырған осындай ақ еділ, бауырмал қазақтарға қарап, өз ұлтыңды онан арман жақсы көре түседі екенсің...

Ауыт мырзаға үшбу сапарнаманы қағазға бастырып тұрып апарып берген ол кісінің туысқандарына айтарымыз алғыс қана! Алла разы болсын!

Біріңді қазақ бірің дос,

Көрмесең істің бәрі бос,- деп Абай айтқан ғой, қазақ баласының, әсіресе, қазақ зиялыларының береке мен бірлікте болғанына не жетсін! Алла бізді береке мен бірліктен айырмасын!

Адай:

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

арм...

Шоқан сынды ғалымдар сапарға өз қалаударымен, нық сеніммен шығады, әсте сіз сияқты арақкеш еврейлерді қуалап жүріп сапарламайды. Сондықтан да олардың шығармаларында ғылыми құндылықтар көп. Егер сапарнаманы олардан үлгі алып жазған болсаңыз, мұншалық созбақтатпас едіңіз.

Ұйғырларды тануда олардың сапары неге маңызды рөл атқарып тұр?! Өйткені олардың шығармалары ғылыми жазылды, ғылыми шығармаларда өз басыңның сезімінен аулақ болуың, білім алған ұстаздарыңның көзқарасын бір жаққа тастап қоюың, тар ұлтшылдық көзқарасты сыйыруың, діни көзқарастарыңды да болса қоя тұруың керек. Бұл туралы Олжастың «Аз-и-Я› кітабының кіре берісінде айтады.

Сондықтан мұның жанры басқа деп айтқан едім.

Жарқын0991 жағынан жолданған 2012-2-1 00:02

Адай бауырымның сапарнамамды өте ыждағатпен оқып, ілесып келе жатқандығына разымын. Ал,сізге жауап:

1. Шоқан өз еркімен Қашқарияға келген жоқ. Ол - ақ патшаның тыңшысы болатын. Әрі ғалым, әрі әскери шені жоғары сенімді адам болатын. Діні мұсылман, тілі түркі болғасын, оны аудармашылық қызметіне де пайдаланды, әрі ол Мәскеу жоғары жігімен өте жоғары байланыста болды.

2. Оның жазғандары ғылыми сипатта болғанын мен Шоқанды ауызға алған жуырдағы жолдамамда айттым. Анықтап тұрып, шегелеп тұрып айттым. Қайталап бір оқырсыз. Ол үшін өз сапарнамамды онымен шендестіргім, теңегім келмейді, ондай ой да болмақ емес. Қазақтың еш ақыны бір шумақ өлең жазып, өзін ұлы Абаймен теңестірмек түгілі, солай ойлауға да батына алмасы сынды, Шоқанмен өзімізді салыстыра алмасымыз хақ.

3. Шоқан ажалы сырлы болды. Ол орыс қолынан қаза табады. Бұл хақында менде екі үлкен том кітап бар. Авторы өз қолын қойып,ммаған батасын беріп отырып сыйлаған құнды кітаптар еді. Бірақ электрондық нұсқасы емес. Қаласаңыз, сізге қол екі табыстағым бар.

4. «Ғылыми шығармаларда өз басыңның сезімінен аулақ болуың керек» дейсің. Мұның жаратылыстану пәндеріне ғана жарасады. Ал, қоғамдық ғылымдарда, әсіресе, ұлтқа, дінге қатысты нәрселерде кім өз сезімі, өз көзқарасы бойынша ойламасын?! Мысалы, Шоқан да ұйғырларды өлтіре шенейді, сөйте тұра, олардағы сан сұмдықтарды әшкелерелей отыра, олардағы артық тұстарды да бізге жазып қалдырып кетеді. Ал, сіз Шоқанның осы шығармаларын оқыған ба едіңіз?

Ал, Ношырван жазған естелік тіптен өзгеше, онда ұйғырлардың бойындағы нашар әдеттер өзге түркі тұқымды туыстарымен салыстырыла отырып, жеріне жете жазылады. Демек, мұндай шығармалардың сипаты салыстыру. Әрине, сол үшін сіз оған математикалық, физикалық шығармаларды жазғандағы өлі есепшілдікті талап ете алмайсыз. Не үшін менің жеке сезімдеріме соншама сезгір деп ойлап жүрсем, сіз мына жерде жауап жазыпсыз: «Білім алған ұстаздарыңның көзқарасын бір жаққа тастап қоюың, тар ұлтшылдық көзқарасты сыйыруың, діни көзқарастарыңды да болса қоя тұруың керек»...

Демек, сіздің жаныңызды шырқыратып тұрғаны менің шығармамдағы діни көзқарастарым болды. Ол үшін «білім алған ұстаздарымның көзқарасын тастауым керек екен!» Демек, сіз де өз ұстазыңыздың көзқарасын тастап, бізге өз көзқарасыңызбен келе аласыз ба? Әлде, сол ұстаздарыңыз сізге «тапсырма» беріп, Қытайдағы қазақтарды діннен қалай алыстатудың ұлы жоспарын сіздің құлағыңызға құйып отырған жоқ па екен деп ойлай беремін. Менен тар ұлтшылдық тауыпсыз. Бұл да сіздің қожаларыңыздың кәнігі сөз саптауы. Өз ұлтын сүйетіндердің барлығын осылай атап, сіздің және сіздейлердің қожалары бізді өз ұлтымызды сүюден де қорқақ қылып тастап отырған жоқ па? Сіз өз анаңызға өзіңіз: «Ана, мен сізді жақсы көремін» деп айта алмайтын сорлысыз ғой. Біз өз анамызды емес, өзге ананы сүюге қысталған сорлы жұрт емеспіз бе? Өз анамызды сүйе қалсақ, өз туған анамызға махаббатымызды білдіре жатсақ, дереу сіздің қожаларыңыз тарапынан жаңағындай атақтарға ие болып шыға келеміз. Демек, бұл арада кім қожасының сөзін екі етпей орындап отыр, әрине, құл саналы сіз ғанасыз ғой. Ренжімеңіз, сіз мүмкін мұны қызмет ретінде істеп отырған боларсыз, бірақ қожасына қызмет еткен Шоқан да ең соңында қожасы тарапынан өлтірілді. Себебі, қожаларға дербес ойлай алатын, жүрегінде иманы бар, басында ақылы бар құл керек емес еді, ондай құлды олар бір мезет пайдаланатын да артынан өлтіретін, ал өлтірілмей, өлгенше қожасының артынан салпақтап жүретін сіз сынды құлдар ғана қожасының тапсырмасын екі етпеу арқылы ит ғұмырларын жалғастыра алады. Қожасының дайрағына мәз болып, нәпақасын айыратын мұндай иттеи иісшіл, иттей намыссыз құлдарға иттің өмірін сыйлайды екен тағдыр...

Мен сізді, әрине, осындай құлдардан болып қалмаса екен деп тілеймін. Алланың сізге берген ақылын адами ұятыңыз шыдайтын жаққа қолданыңыз, өзіңіз үшін де, өзге үшін де жанға жайлы...

Ал, діни көзқарас туралы келсек, сіздерде, әрине, тапсырма бар. Ол жалпы сіздердің ең қызығатын салаларыңыз. Бірақ сіздер осы қазақ баласын аңдып не марқадам табасыз, онан да Шоқан мен Ношрван барған Қашқарияға, алты шаһарға бармайсыздар ма? Қазір ол жақтағы кәсіптестеріңіздің мансабы тез өсетін болып жүр. Табыс та мол дейді...

Қазақ даласынан сіз бір терроршы тауып, онан мансабыңызды өсіргенше, әй, білмеймін, қай заман! Әлгі, семіз қошқардың салбыраған енінен дәметкен аш қасқырдың кебін кимесеңіз болғаны ғой, десе де, сізді маған жалықпай ереді деп сенемін. Үміт дүниесі деген, мүмкін бір күні сіздер дәметкен ен де үзіліп түсер, сіздер күткен сөзді де мен абайламай айтып қалармын, сол кезде қожаларыңызға «мінеки» деп жеткізе жатарсыздар. Ал, қазірше салпақтай беріңіз...

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат, жұма мүбәрәк болсын!

Бір жарым тәулік жұмыс бабымен болдық, ал алла несіп етсе, енді үшбу сапарнамамыздың жалғасын жалғастыралық.

Бисмиллаһи рахманир рахим!

Бүгін қасиетті жұма.

Чыңдуда дүңгендер мешітінде жұма намазын оқыдым. Қазір Бейжің уақыты 15:04, Чыңдуда жұма намазы 13:30-да басталғанымен, Шыңжаң өлкесінде жергілікті уақыт бойынша түстен кейінгі бір жарымда басталуы мүмкін. Алматыда да осы уақытта біртұтас жұма оқылады. Алматыны сағындым, Алматының мешіттерін, ондағы жамағатты сағындым. Мұсылмандарды сағындым...

Мұсылман қазақтарды сағындым...

Жігіттер, жұмаға баралық. Жұма намазында қасиет бар. Жұма күнінде қасиет бар. Алланың бұйрығын атқарайық. Бұл дүниеде бір әлсізбіз. Біздің мұқтаж нәрселеріміз көп болады. Сол мұқтаждарымызды бір алла ғана шешетінін білуіміз керек. Бір алла ғана қадір. Бір алла ғана құдыретті.

Бүгінгі жұма намазы алдындағы уағыз керемет болды. Уағызшы имам Бейжің акцентін негіз еткен қытайдың ортақ тілінде, шетелше атағанда, мандарин тілінде сөйледі. Сөйлегенде бүйдеді. Уағыздың негізгі айтары - исламдағы әйелдердің құқы мәселесі еді. Имамның дәлелге бай сөздері әрбір мұсылманның жүрегіне төте барып жатқандай. Чыңдудағы бұл мешіт хақында ертеректе жазғамын. Бұл шынында нән мешіт. Мешіт ауласы кең. Астында ісханалар мен көліктұрақ болса керек, баспалдақпен екінші қабатқа шықсаңыз, кәдімгі қытайша төрт қабырғалы аулаға кіргендей боласыз. Жолдар, рауақтар қытайша, мұсылманша үлгіде нақышталған. Мұсылмандық өнер мен қытайлық өнердің керемет қосындысы сықылды. Ерінбей аралап шықтым. Мұнда жуыну бөлмелері де бар, барлығы да мұсылмандық үлгімен жасалынған. Таза мұсылман елдерінде қалай болса, мұнда да солай. Жылы су. Бардағы таһаратыңды ал. Мұнда барлығын жасап қойған. Осының барлығын іске асырып, осыншама нән мешітті салып, оны үкіметтің заңды құқықтарымен қорғатып отырған дүңгендерге таңырқамай амалың жоқ. Мешіттың бір бұрышынан пердемен қоршалып, әйелдердің намазханасы жасалынған. Әрине, әйелдердың жуыну бөлмесі де тұр. Мешіт ауласында хиджап киген дүңген қыздары мол көрінді. Бірнеше дүңген әжелер болса, олар да хиджап киіп алған...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 39 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)