Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 62 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Аң-таң қаласың. Бұл өзбегің де кезбе жұрт-ау. Кореяның өзінде өзбек рестораны қаптап кеткен дейді. Нені таңсық білсе, соны жегісі келетін корейлер өзбектеріңді байытып жіберді дейді. Ал, Американың өзінде құжынаған қалың өзбек жүреді дейді. Ал, біздің қазақтар ше? Біздің қазақ басына күн туса, шетелге қашқанды біледі де, бейбіт заманда жылы орнынан жылжығысы келмейтін көрінеді...

Жә, қадірлі жамағат, таң атса, күнге сәрсенбі болмақ.18 қаңтар. 2012 жыл. Алла қаласа, жұмыстарым сәтімен бітсе, мен ертең Баңкокке, Тайландқа қош айтып, Бейжіңге қарай ұшпақпын. Барлығын ертең түске дейінгі ұсақ-түйек істерімнің бітуі ғана белгілейді.

Негізі, рематизмі бар қазақтарға мынау Тайланд дегеніңіз бір тұрған дәрі көрінеді. Себебі, ыстық далада, сүйретпеңнің өзін шешіп тастап, жалаңаяқ жүрсең, табаныңнан өткен ыстық дегеніңіз тұла бойыңызды ерекше балқытады екен. Күн дегеніңіз шаңқиып тұрған. Күн көзі ащы. Күн көзінде біраз тұрсаңыз, теріңіз қызарып, біраздан соң ашып шыға келеді. Далада біраз жүрсеңіз, ақ тер, көк тер болып, сай-сай болып терлейсіз...

Паттая қаласындағы теңіз жағажайында ұсақ, жұмсақ майда құмда біраз жүрдім. Кеше түсте де, кеше түнде де. Күндізгі теңіз де, түнгі теңіз де жанға жайлы. Толқындар аяғыңды, балтырыңды аймалап, құмдар табаныңды қытықтап, жылы су, жылы құмда рахаттанып жүре бергің келеді, жүре бергің келеді. Біреулер төсенішін осы құмға төсеп, ұйқыға шомған. Демек, теңіз жағасында ұйықтамақ. Иә, саяхатшылар. Дүниенің жер-жерінен келген саяхатшылар. Әркімде бір қиял...

Жә, құрметті жамағат, сапарнаманың жалғасын жашиқ пен үтір уәжіп намаздарымды өтеп болғасын жазармын, иншааллаһ. Алла несіп етсе. Жалықпаңыздар, жалғасы болады...

Жаңа кеште еврей шал екеуіміз көше бойлап, қыдырып, әңгімелесіп келе жатып, бір ғажайып көрініс көрдік. Шамасы, топаны 20 шақты ұл-қыз. Қолдарына қағаздан жасалған үн парақтар алып алған. Ағылшынша, арабша сөздер жазылған. Қолдарында суреттер жапсырылған альбомдар тұр. Ерінбей, арнайы бұрылып барып, көрдім. Себебі, мұндағы ұлдар мен қыздар тұтасымен мұсылманша киінген еді. Менің назарымды бұрғаны да осы еді. Суреттерде көрсетілгені парта-орындықсыз кластарда сабақ оқып отырған балалар болса, мұнан да ашынышты суреттерді онан ары көруге жүрек шыдамады. Хижап киген қыздар “біз - бауырлармыз, біз - мұсылманбыз, бауырларыңа көмектес, мұсылман баласы” деп арабша, ағылшынша айтып тұр...

Жүрегің еріксізден елжірейді. Жан-жақтан келіп, ақшаларын беріп, көмектесіп жатқан мұсылмандар аз емес...

Иә, мұсылманның бауырластығы осындайда көрінеді...

Бірақ, мен өзгеше бір нәрсені ойладым...

Оқусыз қалған, қаражатсыз, көмексіз қалған мынау мұсылмандар өз мұсылман бауырларынан көмек күтіп жатқанда, мұндағы кей мұсылмандар дәл қарсысындағы қымбат бағалы ресторандарда арабтың ұзын түтікті қор-қорларын сорып, каиф алып жатқан еді, кей араб әйелдері болса, хижаптарының астынан бұйра-бұйра шаштарын шығарып алып, сәнденіп жүрген болса, жаңағы грейс хотел алдында арабша киінгенімен, шашын тұтасымен жайып жіберген араб әйелдері де жүр еді. Бір қызығы, арабтың аппақ шыншудан тігілген ұлттық киімін киіп алған, өзі ұзын шаш қойып алған араб жігіті қасындағы жалаңбас, шашы бұйра-бұйра араб келіншегіне әлдебірдеңені айтып, күлісіп келе жатыр...

Ал, жас жігіттер болса, шаштарын ала-құлаға бояп, неше түрлі киініп алған. Демек, таза араб салтын ұстап тұрғандары да орта жастағылары ғана қалса керек, бүгінгі заманның ала-құла киімін киіп алған, шаштарын ала-құлаға бояп алған арабтың өрімдей жас жігіттерін көргенде, италиялық әлде испаниялық екен деп қаласың...

Себебы, барлығының терілері қоңырқай. Айырып болмайды...

Иә, бір заманда бітпес-таусылмас серияларын көріп, ұятсыз, арсыз киноларына қарап, Латын Америкасынан қатты түңілуші едім. Құдайдың құдіреті, сол былыққан, әбден бұзылған Латын Американың өзінде соңғы кезде ислам діні қанат жая бастапты...

Адамдар ластықтан, зинадан, барша харам тірліктен жерігенде, автоматты түрде исламды таңдайтын көрінеді. Иә, алла кімді қаласа, дұрыс жолға салады, ал, кімді қаласа, соны адастырады...

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат!

Рұхсат болса, шығармамызды жалғастыралық.

Кейбір қалталы азаматтарымыз хат жазып, қоңырау шалып, тілдесхат (телхат短信) жіберіп, Тайландқа келгілері бар екенін айтып жатыр, кейбірі демалуға келмек, кейбірі кәсіп көзін ашпаққа келмек екен. Тайландқа жер шалмаққа келмек жігіттердің қазақ сайттарынан менің жазғандарымды көріп, оқып, ойланғаны үшін оларға қатты разы болдым. Әрі осындай сайттарды жасаған, қорғап, қолдап отырған барша бауырларға алғысымды білідіремін. Алла разы болсын, бауырларым! Сендердің қазақ үшін еткен еңбектерің ересен!

Телхаттарды оқып, қуанып қалдым. Ағылшыншадан жұрдай араб пен Пәкістан жүрген жерде ту сонау Өзбекстаннан өзбек келіп, мұнда асхана ашқанда, біздің қолында табақтай-табақтай дипломы, бір емес, бірнеше тілді қатарынан меңгерген білімді қазақтарымыз мұнда неге келмеске! Бұл жігіттердің барлығына бірден жауап жазып отыру маған қолайсыз болды, мүмкін хабарласпаған өзге де бауырларымызға керек болсын үшін, алғаш келе салғанда, қонатын, тұратын кей ақпараттарды бере кеткенді жөн көрдім:

Мен бүгін таңға дейін жатқан қонақүй: хттп://ууу.рояласыалодге.шом/

Бүгін Бәңкөктен Бейжіңге ұша алмайтын болғасын, қайтадан қонақүй алғамын:

Мен жаңа қайтадан орналасқан қонақүй:хттп://ууу.псы-променаде.шом/

Келетін жігіттерге алдын-ала ескертемін, қонақүйге алдын-ала тапсырыс беру керек.Тайланд визасын Бәңкөк әуежайында да ала салуға болады, ол үшін қонақүйге тапсырыс берген электрондық поштаңыздың “букиң хотел ордер” қағазын принтерден шығарып алыңыз, қайтар билетіңізді принтерден шығарып алыңыз. Сол жетеді. Ал, Қытайда не Қазақстанда виза алмақ болсаңыз, ол енді уақытыңыз жетсе, жақсы нәрсе. Үш айға аласыз, ал төте әуежайдан алсаңыз, 14 күнге аласыз. Бағасы да арзан. Мұндағы қонақүйлер Үрімжідегі қонақүйлерден арзан. Керісінше, ортасы, шарт-жағдайы Үрімжі қонақүйлерінен көп жақсы...

Тайландқа дұрыс келіп, дұрыс кетулеріңді, мұнда келіп, имандарыңнан айырылып қалмауларыңды сұраймын. Алла сендерге жар болсын...

Себебі, ақтың кірлеуі оңай, кірлегесін, қайта ағаруы қиын. Ал, қара үшін бәрібір. Мұсылманның кәпірге айналуы оп-оңай. Алла онан сақтасын, бірақ мұсылман болу - оңай емес. Ақшаны табу оңай емес, шашу оңай. Сол сынды, иманды жинау оңай емес те, оны жоғалтып алу - оп-оңай...

Жігіттеріміз бен қыздарымызға екі дүниенің нығыметін бергей!

Ал, мен Санжылық бауырыммен Баңкокты қыдыруға кеттім. Жалғасын кеште жазармын...

Ассалаумағалейкум, қадірлі жамағат!

Жарты күн Баңкокты қыдырған екі қазақтың негізгі мақсаты мынау нән қаланы қыдыру, тамашалау емес, сырласу, ой бөлісу еді. Біз, шынын айтқанда, дұрыстап қыдырған да жоқпыз. Негізінен, қызу сұхбатта болдық. «Құз басындағы аңшының зарының» Баңкок нұсқасын жазып шыққандай болдық-ау...

Сонан түс елге қазір оралдым. Алла қаласа, сапарнамамызды жалғастырармыз.

Алла несіп етсе, ертең кеште, Баңкокке қош айтамын. Қаңтардың жанға жайлы әрі шыжыған ыстығында, өзі әдемі, өзі жанға, тәнге жайлы, тұтынуы арзан, таңғажайып шаһарға қимай-қимай қош айтып, қақаған аязды Бейжіңге бет алудың өзі көңілге аздап көңілсіздік оралтардай. Бірақ, Бейжің маған өзге бір тұсымен ыстық...

Онда менің бауырларым, туыстарым бар...

Бейжіңді мен сол үшін ғана жақсы көремін. Бейжіңді мен ондағы қазақтары үшін ғана жақсы көремін...

Амал жоқ, тірліктің қамы, жұмыстың қажеті үшін, бұл араның дәл осы сәттегі керемет табиғатын, керемет ауа райын қимасақ та, кетпеске шарамыз жоқ. Ауыл жақ ақ қар, көк мұз құрсанып жатқанда, алланың құдіретімен жаралған жұмыр жердің өзге бір бұрышында шолақ дамбал киіп, шолақ жең жұқа жейдемен жеп-жеңіл болып, рахаттанып, шауып жүрген де бір ғанимет екен...

Тай астанасынан Қытай астанасына дейінгі ұланғайыр даланы бойнг 777 (бойың777) ұшағы бес сағатта ендей кесіп өтеді. Я, алла несіп етсе, алдыңғы жолы Бейжіңде жүздесу несіп болмаған туыстарымызбен осы жолы жүздесерміз, иншааллаһ.

Какаша, Үйсін сынды алымды да ақылды, пайымына парасаты сай, қазақтың келіскен келбетті, білімді, ұлтжанды ұландарымен болған Бейжіңдегі сұхбаттарымды ешқашан ұмытпаспын.

Бұл жүздесуден бір күн бұрынғы өткен Бейжіңдегі бауырларыммен жүздесуімнің өзі менің өмірімдегі ең бір қуанышты сәттерімнің бірі болып қалды. Әр жерден, ар аймақтан келген, елі, руы әр басқа менің бауырларым мен үшін бейне бір әке, бір шешеден туғандай жақын сезілетін еді. Я, олар менің туыстарым еді, себебі, олар – қазақтар болатын. Қазақтың қаракөздері еді, қазақтың қарадомалақтары еді. Олар менің уақ туыстарым еді, олар менің керей туыстарым еді, олар менің найман туыстарым еді, олар менің албан туыстарым еді, олар менің арғын туыстарым еді...

Сан-алуан сұрақтар қойып, сан тақырыпта пи-пікір ауыстырысқан сол бауырларымның жылы жүздерін үнемі бір ерен сағынышпен еске ала беремін. Өзімнің шығармамды үлкен кітап қылып бастырып, әдемі мұқаба жобалап, кәдімгідей баспадан шыққандай етіп, өзіме сыйлағанда, ең алдымен, таңырқадым, сосын қатты разы болдым. Бұл мен үшін алғанда, ойламаған сыйлық болған еді. Таңырқағаным – өзімнің жазғандарымның мұншалықты үлкен кітап болғанын мен ешқашан ойламаған едім. Алла разы болсын бұл бауырларыма! Қайта-қайта таңырқап, өз кітабымды өзім қайта-қайта қолыма алып, айналдырып қарағаным үшін артынан өзім бір түрлі болып, ыңғайсызданып, ұялып қалған едім...

Дүйім жұрттың алдында өзіңе-өзің таңырқағаннан артық сорақылық болсын ба?! Тұтқиыл берілген қымбатты сыйлыққа таңырқап, бауырларыма рахметімді айта беріппін ғой...

Енді сол ақ еділ, риясыз, ұлтжанды, білімді, оқу қуған бауырларыма өзімді қарыздар сезініп жүрмін. Олар үшін не істеп берсем екен?! Нендей көмек берсем екен?! Я, барлығы да бір алланың разылығы үшін ғана. Мен оларды, олар мені алла разылығы үшін ғана жақсы көрісуші едік...

Кеше түнде күлтегін ашылмай қалғандықтан, Бәңкөктен Бейжіңге жете сала, шығарманың жалғасын сенқазаққа жаздым. Төмендегі бырнеше бет жолдама сен-қазақтан көшірілді:

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Бейжіңнен сәлем беріп тұрмыз.

Армысыздар, қадірлі жамағат!

Алла несіп етсе, сапарнамамызды жалғастыралық...

Таң атса, жұма. Қаңтардың 20 жұлдызы. 2012 жыл.

Қазірдің өзінде түнгі сағат Бейжің уақытымен үш жарымды көрсетіп тұр. Ұшақ уағында ұшқанымен, кешігіп жетті. Қонақүйге орналасқанымша, осы болды. Жанға жайлы жаз шырайлы Бәңкөктен ұшаққа шолақ дамбалмен, шолақ жең жұқа жейдемен шығып, ұшақ ішінде қалың киімдерімді киіп алдым. Бейжің дегеніңіз қақап тұр. Қабағын қарс түйіп, суық ауасымен, үскірік желімен қарсы алды. Бейжің қашан да осындай...

Баңкокте табысқан санжылық бауырымыз мені Бәңкөктің сұварнабхұми әуежайына шығарып салды. Өзі бір дарылдаған ақ көңіл жігіт екен. Аузын ашса, ар жағы тұтас көрінердей. Кешелі бері екеуіміздің сыр-сұхбатымыз таусылған емес. Кеше, негізінен, екі қазақтың Бәңкөктегі сырласуы болды. Біз әңгімемен болып, асымызды қазақы жылдамдықпен ішіп, қазақы әңгімемізді айтысып, мысырлық Арабтың ресторанынан шыққан кезімізде Баңкоктың саяхатшылар баратын маңызды жерлерінің барлығы дерлік жабылатын сәтке тура келген екен. Баңкокте не көп, бұдхана көп. Оның көбісі рамалар мен патшаларының құрметіне соғылған бұдхана.

Кеше ол үшін де, мен үшін де бір ғажап қуаныш күні болды.

Негізінде Бәңкөкте үш қазақ бар екен. Біреуі осы санжылық жігіт болса, біреуі жеменейлік жігіт екен де, қалған біреуі қазақстандық қазақ екен. Оған қосылып, саяхатшы ретінде мен жүрмін. Әрине, бізден өңге қазақ баласының бар екендігінде гәп жоқ, Қазақстан елшілігі бар, Алматы мен Баңкок арасына ұшып тұрған ұшақ бар...

Демек, бір-бірімізді танымайтынымыз немесе таба алмайтынымыз болмаса, Баңкокте қазақты аз деуге келместей...

Сәрсенбі күні де, бейсенбі күні де біз үшін қуанышты күн болды. Сәрсенбі сыр сұхбатпен ғана өткен жоқ. ­Өзгеше бір табыс таптық. Шам намазымызды өтемекке асығып, жол шетіндегі мотоциклдердің біріне мінгесіп, мешітке апаруын сұрадық. Олар бізден қай мешітке баратынмызды сұрады, сөйтсек, жолдың екі бағытында да мешіт бар екен, біз кез-келген бір бағытты ымдап, нұсқай салдық. Мешіт жаңағы санжылық жігіт жатқан қонақүйге жап-жақын екен. Азанның дауысын естігенімен, бұл мешітты бірінші көріп тұрған оның қуанышында шек болмады. Ол бұрын басқа мешітке барып намаз өтеп жүрген екен. Мешітте жамағатпен бірге намаз оқыдық. Намаздан соң, біз бір таңғажайып адаммен таныстық...

Ал, енді шығармамызды күлтегінге төте жазайық!

Бисмиллаһи рахманир рахим!

Оқырмандардың талабына сай, Баңкоктегі суреттерді бүгін-ертең сайтқа шығарамын...

Алла несіп етсе, бүгін түнде Үрімжіде болармын...

Өмір - сапар.

Сапар - өмір.

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат!

Алла несіп етсе, Тайланттағы суреттермен сапарнамамызды жалғастыралық...

Тайландтың маған ең керемет әсер еткені – ондағы діни еркіндік! Шындығында, бұл ел – буддисттердің елі. Ел тұрғындарының басым көпшілігі буддисттер мен мүшіриктер. Демек, өздері қолдан жасап алған бұт құдайларына нанатын ел болғандарына қарамастан, мұндағы азшылық қауым саналатын мұсылмандарға мұндағы ел билеушілерінің аса жұмсақ саясат ұстанатындығы. Ең қысқасы, Баңкок әуежайының өзінде мұсылмандарға арналған намазхана бар екен. Тайландтан Бейжіңге ұшпақ уақытымыз шам намазына тура келіп еді. Біз жаңағы санжылық қазақ жігіт екеуіміз нән әуежайда намазхана іздеп, жоғарғы қабаттан астыңғы қабатқа түстік. Ақыры намазхананы таптық. Намазхананың бар екенін маған сол айтқан еді. Шағын намазхана ішінде, шам намазының кіруін күтіп, біраз отырдық. Ақыры шам намазы кірген уақытта төрде ілулі тұрған сағат белгі берді, әуежай қызметкерлерінің киімін киген бір азамат келіп, бізге имам болды, ғаламның жан-жағынан келген немесе ғаламның жан-жағына ұшып кеткелі отырған әр алуан нәсілдың ұрпағы бір имамға ұйып, бір қыбылаға - бір бағытқа қарап, бір ниетпен, бір тілекпен, бір аллаға сиынып, құлшылық жасадық...

Әрине, санжылық бауырымыз да болды. Екі қазақ шетелде, тізе түйістіріп отырып, намаз оқыдық...

­Өте керемет сезім...

Алла тағала Тайланд мұсылмандарына күш-қуат бергей деп тіледім мен. Себебі, мұнда аттап бассаң, адасқан қауымның сиынатын бұддтары кезігеді. Қаланың кей аумағында, тұтас көше-көше бойы толған бұдда мүсіндері. Дүкендердің сататын тауары да сол құдайлар. Қолдан жасап алған құдайларын сату арқылы мұндағы біраз жұрт жанын бағып отырған көрінеді. Бастабында, бұл құдайларды көрген сәтте өне бойымды бір түрлі тітіркену, жиіркену сезімі билеген еді, артынан ішімнен дұға оқып, алладан өзіме күш-қуат тіледім. Сосын көше аралап жүргенде денемнің тұтқиылдан тітіркенуі мен рухани жақтан қатты қорқу сезімі сынды небір ғажап құбылыстар менде азая бастады...

Ал, осыншама мол адасқан қауымның ішіндегі азшылық қауым болып жасайтын тай елінің мұсылмандары, шындығында мықты қауым екендіктері өз істерімен дәлелдеп тұрғандай...

Қала толы мешіт. Қайда барсаң да мешіт мұнарасын көре аласың...

Алланың ең жек көретін күнәлі ісімен айналысатын адасқан қауымға алла тағала осындай бір қуатты, берекелі, ұйымшыл мұсылман қауымды салыстырма ретінде әдейі жібергендей. Я, сыры бір аллаға ғана аян. Аллаһу әлім.

Уағалейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, бармысыздар, қадірлі жамағат!

Алла разы болсын, Жихат бауырым!

Жұма мүбәрәк болсын, барша мұсылман!

Қасиетті жұма намазына қатысайық! Жұмада тілеген барша тілек қабыл болмақ. Алла тағала біздің қасиетті жұмада тілеген барша тілектерімізді қабыл еткей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Барша қазақ бақытты, баяшатты болсын, барша қазаққа, барша мұсылманға алла тағала екі дүниенің нығыметін, екі дүниенің бақытын бергей...

Бұл шығарманың ту басына қарасаңыз, мына сандарды көресіз.

2011-1-25 12:12:51

Демек, шығарма 2011 жылдың 1 айының 25 күні түскі сағат 12-ден 12 минут 51 секунд өткенде бастап жазылған екен. Демек, ең алғашқы жолдама осы уақытта жолданыпты...

Міне, сонан бері, бір жыл 2 күн уақыт өтіпті. Алланың құдіретінде шек бар ма, бір жыл уақыт дегеніңіз көзді ашып-жұмғанша зыр етіп өте шыққан екен. Сіз де, біз де аманбыз. Еліміз аман, жеріміз аман. Басымыз аман. Аллаға шүкірлік қылайық, жамағат! Осы бір жылдың ішінде сансыз адам қан жұтты. Бірнеше мемлекет ойран болды, дербес, егемен ел өз ішінен іріп, өзгенің түрі өзгерген бодандығына түсті. Біздің еліміз - Қазақстанымыз да бір шайқалып барып орнына түсті. Алла сақтасын, уа, мейірімі шексіз алла тағала, отансыздардың басындағы сорды қазақ баласына бере көрме! Осыны барша қазақ баласы қолын жайып, алладан күніне бес уақ тілейтін болсын!

Отансыз сорлының күні қараң!

Келер жылы осы уақытта біз нені басымыздан өткереміз, оны бір алла ғана біледі, ғайыпты болжауға біз шарасызбыз, біздің ғылымымыз оған жетпейді. Алланың ғылымы шексіз. Біз тек алланың бізге үйреткенін ғана білеміз. Басқасын білмейміз. Біз тек алланың бізге жазғанын ғана пайдаланушымыз. Жақсылық та, жамандық та алланың бізге жазған тағдыры. Сол үшін тағдырға иман келтіреміз. Себебі, тағдырға иман келтірмейінше, біз толық мұсылман саналмаймыз.

Біздің қолымыздан келері – құлшылық. Алла – шексіз ақиқат иесі. Алла –әділетті. Кім бақытты болса, ол алланың әділеттілігінен. Кім сорлы болса, ол да алланың әділеттілігінен. Себебі, алла – мінсіз пәк. Ол – біздің ісімізді ғана емес, көрнекімізді ғана емес, көмескіміздің өзін көруші, білуші. Біз алдымен өз ішіміздегілерді өзгертпейінше, алланың бізге беретін нығыметінде өзгеріс болмақ емес. Сол үшін ниетімізді дұрыстауымыз керек, иманымызды кемелдендіруіміз керек. Аллаға адал құл болуымыз керек. Біз аллаға қаншалықты жақындай түссек, дүниенің азабынан соншама алыстай түсетін боламыз...

Біз аллаға қанша беріле түссек, жүрегіміз соншама тыныштала түседі. Жүректің тыныштығынан артық бақыт болмақ емес. Себебі, біз, барша адамзат баласы о дүниеде мұсылман ретінде жаралғанбыз, біздің міндетіміз - аллаға құлшылық қылу. Барша адамзаттың, барша жынның міндеті осы ғана.

Жұма қабыл болсын, мұсылман жамағаты!

Ал, рұхсат болса, әңгімемізді жалғастыралық...

Осы екі күн бұрын, Қытайдың орталық телеарнасының «ақпарат арнасынан» бір ғажайып бағдарламаны көріп қалдым. Өзі айында-жылында, анда-санда, түйе боталағаннан арман бір кездейсоқ жағдайда болмаса, осы телеарналарыңызды көрмеуші едік. Мәселе – ондағы айтылып жатқан нәрсе назарымды бірден аударды. Ғаламторды шемішкедей шағатын қыздар мен жігіттердің осы бағдарламаны тауып, оқырмандармен ортақтастырғанын сұраған болар едім. Тақырып - Қазақстандағы дүңгендер хақында еді.

Си-си-ти-ви телеарнасы арнаулы түрде, мақсатты түрде, осы 2012-нің шаған мерекесіне байланысты, шетелдегі «туыстарын түгендеп» бірнеше ғасырлардан бері ұмытып кеткен атасы бір ағайынын іздей қалыпты. Неткен бауырмалдық! Көрсең, ұлы Жұңхуа ұлтының бауырмалшылдығынан әсерленіп, көзіңе жас үйірілердей! Шүршіт билігі қынадай қырып тастағасын, қазақ жеріне қарай қашып, қазақ елінің саясына паналап, аман қалған атам заманғы туыстарын біздің «бауырмал» көршіміз тура осы шаған мерекесі кезінде, шағаншылай барып, хал-жағдайын сұрай қалыпты...

Қытай тілшісі ат арытып, ту сонау Пекиннен, сонау Қазақстанның оңтүстік түкпіріндегі қиыр қонып, шет жайлаған дүңгендерді телекамерасына түсіріп, арнайы бағдарлама жасапты...

Ішінде, бір дүңген шал слауянша әріппен жазылған қытайша мазмұндағы өлеңін ұлы Жұңхуаға, «отанына» арнап, тебіреніп оқып жатыр...

Неткен керемет отаншылдық! Қазақтың жерын мекендеп, қазақтың панасында ата-бабасы шүршіт қырғындарынан қашып құтылып, қазақтың нанын жеп отырып, жүрегі «отаны» үшін соғатын жаңағы шалға таңырқамай тұра алмайсың...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 38 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)