Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 60 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Бұл кұнде аталмыш «біртіндеп даму назариясы» тұтас Еуропа мен Америка оқулықтарынан алынып тасталды. Ғалымдар мұның «жалған ғылым», «өтірік назария» екендігін баяғыда-ақ дәлелдеп, анықтап берді. «Маймыл тектес адам» деп Дарвин көкке котерген бас сүйек қаңқасының маймыл мен адам бас сүйектерінен құралған құранды екендігін, маймыл бас сүйегі мен адам бас сүйегінің атомдық тексеруінде, мүлде екі бөлек замандардікі екенін батыс ғылымы дәлелдеп тастады да, үшбу жалған ғылымды, адамдарды ғасырлардан бері аздырып келе жатқан өтірік пәлсапаны оқулықтардан шығарып тастады. Тек «маймылдан жаралған» имансыз арыдынсыз маймылдар ғана «әкем- орангутан, шешем - шимпанзе» дегенінен жазбай келе жатыр. Рас, олар да дұрыс айтады, олар, шынында, маймылдың ұрпақтары...

Немесе өздері маймылдар. Бала күнімізде естіп, құлағымызда қалған аңыздарда, шектен шығып, аллаға қарсы шыққан қауымдардың жойылып кеткендігі немесе басқа жануарларға айналдырылып жіберетіндігі айтылушы еді, бұлар өзінің ата-бабаларын маймыл деп сенген екен, өздері де күн санап маймылға, хайуанға ұқсап бара жатыр, армандары сол болса, алла соған бір күні жеткізер-ақ! Бірақ, біз адамбыз. Біз Адам ата мен Хауа ананың ұрпағымыз. Мұхаммет пайғамбар салаллаһу уалейһу ассаламның үмбетіненбіз...

Қазақтың атақты сапаршысы Асан қайғы атамыз да сапарнама жазды. Жазғанда да нағыз қазақы үлгіде жазды. Қазақтың батыс елдері құсап, құлаш-құлаш кітап жазғанға қайдағы уақыты. Бір жағы соғыс, тынымсыз, тоқтаусыз соғыс тұрса...

Сонымен қазақтар бір кітабын, бір романын бір мақалға сыйдырып, сығымдап, нығыздап, буып-түйіп кеткен ғой, кейін ел аман, жұрт тыныш болғанда, қазақтар соғыстан босап, арқа-басы кеңігенде, ұрпақтары асықпай, дұрыстап жазып алсын деп...

Я, қазақтың бір мақалы бір романға бергісіз. Онда, бір романның өзі айтып тауыса алмайтын телегей теңіз сырлар болады. Біз тек соның сырын біле алмай жүрміз. Қазақтар батырлық дастандарымен, ғашықтық жырларымен жазды. Мұнымыз жағынан күллі ғаламды мойындатамыз. Біздегідей мол, құрамы кең, толық батырлар жыры ешқандай елде болған емес...

Жә, Асан қайғы атамыз да мықты сапарлаған адам болды. Желмаясына мініп, жер-әлемді кезді. Барған жеріне баға беріп, тоқсан ауыз сөзін тобықтай түйінге сыйдырып кете берді. Асан қайғы бабамыздың бұл күндегі қазақ жасап отырған әрбір өңір мен аймақтар туралы айтып кеткен сөздері осы күнге дейін ел аузында жүр...

Онан соңғы сапарнаманы атақты Шоқан жазды. Шоқанның Қашқарға сапары бұл кұнде түркологтар мен Орта Азияны зерттеушілер, ұйғыр зерттеушілер үшін алғанда, баға жетпес асыл. Ұйғыр зерттермендерінің өзі бір-екі ғасыр бұрынғы ұйғыр мадениетін, Қашқар мәдениетін зерттегенде, Шоқанға жүгінбей амалдары жоқ. Шоқанның мықтылығы соншалық, ғалымдық өреге жеткендігі соншалық, ол сол замандағы ұйғыр қоғамының барлық жағын бейне кескінге алғандай-ақ ашалап, даралап түсіндірген. Керек жерінде суретін де салған. Қашқарда Қашқар билеушілерінің талабымен ұйғыр қызымен уақыттық үйленген. Айтысында, оған жоламай кеткен дейді, кете кеткенінше. Ғалымнан ұрпақ алып қалмақ болған ұйғырлардың дәмесі сонымен іске аспай қалса керек. Қазақстан ғалымдарының зерттеу еңбектерінде бұл қыздың атын ‹Шокан› деиды, шындығында, ‹Шокан› сөзінің ұйғырша ‹келіншек› мағынасы бар екенін қазақ ғалымдары білмей жүрсе керек. Менше, бұл қыздың аты маңызды емес, әрі оның аты ұйғырша Шокан болуы да мүмкін емес, айтеу, осындай бір қыз болғаны шын.

Ал, осы Шоқан дәл қазіргі күнде ұйғыр зерттеушілері мен ұйғырды зерттеушілер үшін алғанда, ең қастерлі адам. Өзінің кім болғанын, қандай болғанын біздің Шоқаннан ғана іздеп тауып жұр. Қара халқы, күстабан жұрты білмегенімен, мойындамағанымен, былайғы зерттермен зиялысы мойындамасқа амалы жоқ. Себебі, ең құнды құжаттарды осы Шоқан қалдырған...

Кімдер сапаршы болды? Атақты Магеллан сапаршы болды, атақты Коломбо сапаршы болды. Атақты Америго сапаршы болды. Олар нені тапты? Адамзат баласынан мүлде бөлектеніп қалған түстік-терістік Америка деген екі құрлықты тапты да, қоңыр терілі адам баласы мекендеп жатқан құрлыққа ақ терілі адам баласын қаптатты. Арты қанды қырғын болды. Бір нәсіл, бір ұрпақ, бір сұрып тұтасымен дерлік деңгейде құрып кетті. Ол замандағы адам баласы жердің жүзін Азия, Еуропа, Африка деп қана білетін. Алыстағы Австралия да күні кеше ғана табылған еді. Шындығын айтқанда, ‹табылған› сөзін қолдануымыздың өзі қате, себебі бұл араны ‹тауып алғандар› еуропалық ақ нәсілділер емес, осы араның байырғы, атамзаманнан мекендеп келе жатқан өз тұрғындары бар еді. Бар болғаны – шапқыншы, қырғыншы еуропаның бұл араны байқағаны сол болды...

Ашығын айтқанда, шындығын айтқанда, сіз де, біз де - барлығымыз тұтасымен сапаршымыз. Біз – бұл өмірге сапарлай келдік. Қайдан келдік? Алланың дәргейінен келдік. Біздің мәңгілік мекеніміз – о дүние. Біз сол жерде жаратылғанбыз әрі сол жерге қайтарыламыз. Сол үшін қазақтар өлген адамды ‹қайтыс болды› дейді, не үшін? Не үшін ‹қайтты› дейді, не үшін ‹қайтыс болды› дейді? Себебі, ол өзі келген жеріне қайтты ғой! Бейне, үйге келген қонақтарды, тойға келген қонақтарды қонағасы аяқтағасын, үйімізден кеткесін, біреуге «қонақтар қайтып кетті, қонақтар қайтты» деп айтқанымыз сықылды... Демек, біздің бұл ғаламға қонақ екенімізді қазақтар осы бір-ақ ауыз сөзімен ғана ұғындырып кеткен...

Қайту деген сөз – қайдан келген болсаң, соған кері қайту деген мағынаны береді. Мысалы, мен тайландтық емеспін, әшейін, Тайландқа жолаушымын ғана. Егер Бейжіңдегі өткендегі жұздескен бауырларым мені «Жарқын0991 Тайландқа қайтты» десе, қандай қисынсыз болар еді. Мен Қазақстаннан Бейжіңге келдім. Демек, мен Қазақстанға қайтқанда ғана мені «қайтты» деуге болады...

Демек, сіз де, біз де, барлығымыз да келген жерімізге қайтарыламыз. Демек, өлеміз. Өлім деген сөз - ақиқат. Ешкім өлімнен қашып құтылмақ емес. Сан білімді меңгерген, сан ғылымды тауысқан бауырларымның өмірдің ең қарапайым осы ақиқатын мұнан да терең түсіне түскенін қалар едім мен...

Бүгін тірі жүрмін деме, себебі, барлығымыз қайтамыз...

Міне, қазір қонақүйімді босатып, қаланың ішіне қарай өзге қонақүйге жылжымақпын. Сайттан мұсылмандар тұратын аумақты тауып алдым. Енді солай қарай жылжымақпын. Демек, мен бұл араға жолаушымын. Мынау өмір де соншалықты ғана. Барлығымыз жолаушымыз. Барлығымыз алған қонақ үйімізді босатып береміз. Себебі, бұл өмірге тыржалаңаш келдік, ол дүниеге де тыржалаңаш кетеміз. Ештеңені алып кете алмаймыз. Әрине, еврейлерше айтқанда, «құдай бізді бұл дүниеге тыржалаңаш жіберді, о дүниеге тыржалаңаш кетеміз, бірақ, осы екі арада тыржалаңаш жүр деген жоқ!»

Сол үшін біз қарекеттеміз. Қашан алланың бұйрығы жеткенше, сол үшін ғана тырбыңдап, тырнаштап күн кешеміз. Бірақ, ешқашан ешқайда алып кете алмас нәрселеріміз үшін алла алдында қарабет болмасақ болғаны...

Баңкок уақыты таңғы 10:41.

Бейжің уақытынан бір сағат кейін жүреді екен мұндағы уақыт. Тайландқа келетін қазақтар болса, естерінде жүрсін, ұмытпай тұрғанымда жаза кетейін, үшбу қонақүйдің сайты:

Хттп://ууу.тхегреатресыденше.шом/

Әуежайға тым жақын демесең, қаладан тым алыс демесең, бұл өзі жанға жайлы қонақүй екен. Қалаға 30 шақырым, атақты Чау Прая өзеніне 40 шақырым алыс жер екен. Жұмыс жасауға, кездесу өткізуге аздап қолайсыз екен. Ары-бері таксилетіп жүрудің өзі қиын екен.

Ескерте кетелік, ары-бері жүргенде хттп://ууу.боокынг.шом/ арқылы алдын-ала ғаламтордан тапсырыс беріп, қонақүйлеріңізді жайғап алсаңыздар, мереке немесе демалыс күндері қонақүй таба алмай, қиналып қалмайсыздар...

www.аgоdа.шом.шн деген сайт та бар....

Баяғыда 2008 жылы аяқ астынан жоспарымды өзгертіп, Шяңгаңнан Шынжынға кіріп, қонақүй таба алмай, жаңбырлы күнде жарты күн сенделгенім бартұғын. Үрімжіге ұшып кеткенге ұшаққа билет жоқ еді. Ол өзі сол жылдың қазан мерекесі кезі еді. Шяңгаңда Қытайдан барған студенттер, саяхатшылар көшеде жатыр еді. Кәдімгі сары қағаздарды, картон қағаздарды жазып, жайып, ши бойраларын жайып, ұлы-қызы аралас жатқан елді көрсең ғой...

Осындай мереке мен демалыс кезінде сыртқа саяхаттай шығарда, әсіресе, қытай жұрты бар жерге бармақ болсаңыз, күні бұрын ойланып, жоспарлап алғаныңыз абзал. Ал, қытаи жоқ жерде алаңдамасаңыз да болады...

Ассалаумағалейкум!

Мұсылмандар тұратын аумаққа келіп қарық болғаным-ай! Құдайға шүкір, мұнда жақсы бір қонақүйге орналастым, түстен кейін сұхұмвит сои3 деген жерден нана деген мешітті тауып, сонда бесін оқыдым. Аллаға сансыз шүкірлік. Құжынаған Үнді-Пәкістан мұсылмандары жүр. Бір ирандықтың ресторанынан тамақтанып алдым. Екі күннен бері есі дұрыс тамақ ішкенім осы...

Ақ тер, көк тер болып, сай-сай терлегенімді көрсеңдер ғой, өмір бойы аш жүргендеймін...

Өмірімде бірінші рет қарным шыға тойғандай сезімге бөлендім...

Қазір сол мешітке шам намазына кеттім...

Намаздан соң жүздеселік, қадірлі қазақтарым! Туыстарым!

Мұсылман болу дегеніңіз - сынақ екен, бауырлар! Осы сынаққа дұрыс көзқараста болайық. Біздің бақытымыз да, бағымыз да біздің мұсылмандығымыз...

Тайландтағы 8 миллион мұсылман тайландтық мұндағы жұрттың 10 пайызын ұстайды екен өз айтыстарында...

Түсте бір мешіттің имамымен сөйлесіп қалдым, сонда естгенім...

Сенқазақтағы Айтолды бауырымыз лебіз жазыпты:

Тайландта 80 миллион жан сан жоқ шығар әлі.

Мешіттің имамы деген нәрселер қайда болса да сондай, көбі қарапайым сауаттардан жұрдай...

Оған менің жауабым:

Хттп://ен.уыкыпедыа.орг/уыкы/ыслам_ын_тхаыланд

Википедияда жазылуынша 500 мыңнан бастап,`1.2 миллион мұсылман бар болуы мүмкін дейді. Баяғыда бір хабардан естуімше, мұсылмандар мен буддисттер арасындағы қақтығыс мұнда бұрыннан бар болса керек. Мұсылмандар ертеректе мұнда бір дербес ел құрған екен. Бір мұғалім оқушыларына осы дербес мұсылман елі хақындағы тарихты айтқаны үшін бас бостандығынан айырылыпты. Қылмысы Тайланд патшалығының тұтастығына қауіп төндірді-мыс. Әрине, осыған негізделгенде, қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса ғой. Ресейдегі 2 миллион қазақ 20 жылда өсіп, 3 миллион болғанның орнына кері өсіп, қазақша айтқанда, өшіп. Небары 600 мың болып қалғанда да, біз үндемедік қой. Қалған есепте анық 1 миллион 400 мың қазақтың қайда кеткенін сұраған ел болды ма, түге?! Демек, бұндай іс барлық елде бар. Біздің Шыңжаң қазағы да тумас болды, баяғының баяғысында бір жарым миллион ек, сонан бері осы саннан көп өспедік...

Тайландша айтқанда 9-қабаттан, қазақша айтқанда 10-қабаттан Баңкок қаласына қарап тұрмын. Дәл қазір Баңкокте түн. Қала шырағы бал-бұл жанады. Арамға толы, харамға толы қаланың түнгі лас тірлігі басталған шақ. Тұтас Тайланд ластық ішіне шөгіп кеткендей...

Жаңа шам намазын сол сұхұмвит кошесы,сои3 дегеннің маңындағы греис хотел (греис қонақүйі) маңындағы нана мешітіне барып, жамағатпен бірге оқыдым. Алла разы болсын, мұсылмандардың мұндағы қарасы мол көрінді. Мешітте әр елден келген әр түстегі, әр тілдегі халық бір имамға ұйып, бір ниетпен бір аллаға сиынып, бір қағбаға қарап сап түзеп, намаз оқыдық...

Нана мешітінің маңы толған мұсылманша асханалар...

Менің іздегенім де осылар еді.

Тайландқа келген екі күннен бері аш жүрдім. Өзім көрмек түгілі, атын да естімеген жемістердің сан түрін жесең де, артынан аз өтпей, қарын шіркін шұрылдап-ақ кетеды...

«Ас - адамның арқауы» дегенді осында ғана түсінгендеймін. Ішкі Қытайда жүргенде дүңгендердің қадірін білмесем керек, ал мұсылманның қадірін шетте жүргенде әбден біледі екенсің...

Тайланд - нәпсіқұмарлардың мекені. Жер-әлемнен жиналған барша нәпсіқұмарлар мұнда демалуға келеді. Сонысы арқылы бүкіл жер шары бойынша, саяхаттың орталығына, демалыстың, демалудың орталығына айналып отыр. Алланың қаһарына ұшырап, сан мәрте ескерту алса да, мұндағы буддистер онан сабақ алар емес...

Мен бүгін түсте тастап шыққан қонақүй қаладан біраз алыс еді. Айналасы толы жын-ойнақ екен. Кеше кеште жеміс жей бергесін, шұрылдап, ашып шыдатпаған қарынның қамы үшін, бірнешеуден қоймай жүріп сұрап, Шяңгаңда жүргенде әбден көзге таныс болып кеткен «Севен елевен» (7елевең) еренбазарына кірдім, іздеп жүріп, нән супермаркет ішінен екі түрлі мұсылманша тамақ таптым. Сыртында арабша «халал» сөзі тұр екен. Оған да шүкірлік. Бірақ, қызыл бұрышты езіп, ішіне сіңдіріп жіберген тауықтың етін микропешке ысытып жегенде, құдай сақтасын, ағыл-тегіл аққан тер дегенің бейне орыстың саунасында отырғандай-ақ кетті-ау. Аш болғасын, амал жоқ, ащы болса да соғып алдым...

Ойлайсың, амалсыздан. Бұл ғаламда сан түрлі халық бар-ау. Алланың өзі жаратқан дәп-дәмді еттің өзіне қай-жайдағы ащы-тұщы нәрсені қосып, дәмін бұзып, быт-шыт қылып жейтін жұрттарды ешқашан түсінбеймін осы...

Қазақ құсап, әр нәрсені өз бабында, былқытып асып, арам көбігін алып, дұрыстап, баптап жегенді білетін жұрт аз-ау, осы...

Қазақтың ақсүйектігі де оның асынан-ақ шығып тұрады ғой. Шыж-пыж, қыж-мыж қуырмаштардың адам ағзасына зияндығы хақында денсаулық мамандары көп айтып жатыр, бірақ, бүкіл адамзат баласы солай қарай ойысып барады...

Біздің қазақтың кәсіпкер жігіттері мұнда асхана ашса болатындай. Мұндағы мұсылманша асханалардың саудасы қызып-ақ тұр. Себебі, мұсылман жамағаты мұнда мол да, асханалар салыстырмалы түрде аз екен. Сонысына болар, қайсы асханаға кірсең де, құжынаған адам бық-бық етеді. Арабтар, негрлер, түріктер, үндістер, пәкістандар, ирандар...

Орта азиялықтар, Қытай мұсылмандары, Малайзия мұсылмандары, Индонезия мұсылмандары - барі-барі бар, сан алуан тілде сөйлеген жұрттың қайсысы қайсы елден екенін айырып үлгермейсің.

Тұтас Тайланд елі жезөкшелерге толған. Бұл мемлекетке келгелі, Баңкок қаласының кез-келген жерінен екі нәрсені ең көп ұшыратуға болады. Бірі, бұл елдің патшасының суреті мен мемлекет туы болса, екіншісі, осы елдің жезөкшелері. Көзіңді ашсаң да көрерің сол, көзіңді жұмсаң да көрерің сол. Халықаралық бизнестердің осы арада келісімшарттарға отыру үшін жүздесетіні де жаһилият қоғамының барлығына ортақ харамы - көңіл ашулар арқылы ортақ келісімшарттарды құттықтау болса керек...

Себебі, мұнда азық-түлік, қонақүй, қыдыру, массаж (уқалау, ыспалау) дегендерің су тегін. Әрине, бай да бақуатты батыс қоғамы үшін алғанда, мұнда келіп демалу дегеніңіз нағыз рахат. Рахат болғанда да, жаһиляттарша рахат, кәпірлерше рахат. Ал, о дүниеде бұлардың сұрағы боларын біздің илаһи дінге нанатын, кітап түскен қауымдарымыздың бүгінгі ұрпақтары елемей жүр...

Құдайдың құдіретінде шек бар ма?!

Таңертең, анығында түске жақын, ескі қонақүйімнен шығып, жаңа қонақүйге, осы жаққа бет аларымда, маған кезіккен такси жүргізушісі мұсылман тайландтық болып шықты. О, тәуба дерсің. Өзі бір құдайға қараған жан екен. Көлігінің қақ шекесіне, айна артына мұсылманша дұға жазып алған. Астында тайландша түсіндірмесі тұр. Тайландша аты саичол екен де, мұсылманша аты шүкір екен. Мұсылманша атауларға жетік. «Иншааллаһ, садақа, шүкір, ибраһим, марһабат, масжид, халал, азан, намаз, ассала...» дегендердің барлығын тап-таза айтып тұр. Ортада, жол ортасында мен 3 мешіт көрдім. Барлығы да жаңағы грвит резиденс қонақүйінен қалаға қарай келе жатқан жолда. Шүкір мырза мешіттерді көлік терезесінен суретке алып жүрген маған ымдап, алда үлкен мешіт бар екенін түсіндірді. Оның ағылшыншасы нашар болса да, шамалап, ымдап түсіністік. Айтса айтқандай, алдымыздан нән, керемет үлкен мешіт көрінді. Сонау алыстан алтын күмбездері жарқырап көрінді. Шүкір мырза арнайы түрде мешіт алдына тоқтады. Мешіт алдында бірнеше намазхан тұр екен. Барлығы дерлік мұсылман өңді. Көбісі арабша киінген. Бірақ, түрлерінен осы жердің халқы екені шығып тұр. Кейбірі сәлде ораған. Сәлемдестім. Барлығы құшақ жая сәлемдесті. Хал сұрастық. Мешіт имамдары, мәзіндері екен. Менің Қазақстаннан келгенімді естіп, қажылық сапарда Қазақстан мұсылмандарының көп екендігін тілге тиек етті. Жас елдің болашағы зор екендігін айтып, көңілімді бір марқайтып тастады...

Мешіттің аты «месжид жамұл идхард чуа мак яи» екен. Латыншасы масжыд жамұл ыдқард ғқұа мак яы екен...

Имамдармен суретке түсіп, өзара телефон нөмір ауыстырып, алға жылжыдым. Бір-бірімізді көргенде, олар да, мен де қатты қуанысып қалған ек...

Бауырлас деген....

Олар маған тұтас Тайландтың қай жерінде қандай мешіт, қандай мұсылманша асхана бар екенін айтып беретін болып, керек кезінде хабарласуым үшін, тілдескі нөмірлерін берді...

Аллаға сансыз шүкірлік...

Мұсылман баласының бауырмалшылдығы деген осы...

Исламның құдіретін осыдан-ақ көресің. Бүгінгі Шүкір мырза нағыз мұсылман екендігін көрсетті. Маған шала ағылшыншасының өзімен-ақ, біраз нәрселерді ұғындырды. Артық ауыз сөзі жоқ, маған Баңкок маңындағы Паттая қаласына бармауды айтты. Ол жердің нағыз былық жер екенін мен де білуші едім. Бармасымды айттым. Ол қабағын түйіп, «кафир» деді жалғыз-ақ. Мағынасы түсінікті. Онда кәпірлер көп болады дегені болса керек. Шүкір мырза да маған телефонын қалдырды. Керек қылсам, кез-келген мұсылманша асханаларға бастап апаратынын айтты...

Қаланың барлық жеріндегі мешіттерді білетінін де айтты...

Ал кеше бір такси жігітті ұзақ уақытқа жалдағамын. Өзі жап-жас жігіт екен. Көлігінің алды толған алпыншақ-салпыншақ. Жүргізушінің қақ алдында, көлік маңдайшалығына бірқатар будда суреті басылған жармақтар ілінген. Барлығы сан-алуан бәле-жаладан қорғайтын, бір өзінде бес-алты басы бар, бес-алты қолы бар, қарны қазандай небір сұмдық суреттер. Қараған жанның денесі дір етіп, шошынып қалардай. Осы қаптаған қалып алпыншақ-салпыншақ құдайларына қарап, анда-санда бір қолын шығарып, алақанын қырлап, буддистерше құлшылық қылып отырған жігіт біраздан соң маған бірден кілең жезөкше қыздардың суреттері сызылған жарнама қағаздарды тықпалай берді. Бар айтары «леиди» дейді. Тағы бір сөздерді өте нашар ағылшыншамен түсіндірген болады. Аса сүйкімсіз әрі жек көрінішті бір қылықтарды жасап, маған қарап ыржақтайды. Онысы түсінікті. «Саған көңіл ашатын қыз керек емес пе?» дегені. Мен бірден тойтарыс бердім. Қай-қайдағы жартылай жалаңаш қыздар мен «адам шайтандардың» суреті басылған танысқыларды маған тықпалап әуре болды. Мен оған мұсылман екенімді, мұсылманның мұндайға жоламайтынын айттым. Ол бырден түсінді де жаңағы сүйкімсіз қылықтарын бірден тоқтатты. Негізі, менен басқа да бір мұсылмандар оған мықтап тұрып сабақ өткен болса керек. Сонан бастап, тып-тыныш болды да қалды...

Бір қызығы, жаңағы буддист жігіттің қалың буддаларынан басқа тағы бір қызық нәрселері бар еді. Онысы, Алматыдағы қазақтар үйлеріне асып алатын адыраспан сықылды бір шөптерді әлдебір жапырақтарға орап, онысын жіппен шандып байлап, машинасына асып алыпты. Мұндай жапырақ, шөп, қабық сықылды «керемет қорғағыштары» оны мұнда бәле-жаладан қорғап, аман-есен сақтап тұрады екен-мыс...

Шүкірдің машинасында дұға жазылған бір бет қағаздан басқа басы артық зат жоқ. Таныстыратындары да кілең сауда орталықтары мен шоппиң центрлері. Баңкоктегі кемемен жүріп, сауда алатын таңғы базарды да жарнамалап кетті. Мейлі, қайсы жарнамасын жарнамаласын, арасында бір харамы жоқ, таза, адал кәсіп көздері еді. Ал, жаңағы буддист жігіт болса, машинасына соншама құдайлары мен қасиетті шөп, жапырақ, тамыр сықылды бәле-батырларды жинап алғанымен қатар кілең жезөкше қыздар мен «адам шайтандардың» таныстырғылары, суреттері еді...

Мұнда кәпір қоғамы мен мұсылман қоғамы мүлде екі басқа алем екендігін барынша анық, барынша ашық көрсетіп тұрғандай. Мұсылман әйелдері бастарына хижаптарын киіп, әурет жерлерін жауып, сиымен, сияпатымен, қадірімен, қасиетімен жүрсе, кәпірлердің қыздары жартылай жалаңаш күйде жүр еді. Оларды сыйлап тұрған ешкім жоқ еді. Ал, мұсылман айелдер келе жатқанда, кез-келген еркек тар жолдың өзінде шетке ығысып, жол беріп, сыйлап, құрмет көрсетер еді де, жаңағындай жартылай жалаңаш қыздарға ыржақтап, тесіле қарап, әлдебір сүйкімсіз көзқараспен сөйлесе бастар еді. Себебі, көше толы харамы дүние еді...

Қаридар шақырып тұрған асхананың қасында жартылай жалаңаш би билейтін сыраханалар тұратын еді. Ал, жаңағы кәпірлер қоғамының, жаһиляттың адамдары болса, осындай кілең былық-шылық дүниеге құмарлау еді. Ал, мұсылмандар болса, су тегін арзан киімдер мен басқа да арзан тауарларды алып, саудаласып жатар еді...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 48 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)