Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 59 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – алла тағаладан қазақ еліне, қазақ халқына бақ тілейік! Тыныштық тілейік! Қадірлі жамағат, өз халқың үшін тілеу тілесең, алақан жайып, алладан сұрасаң, алланың саған шапағаты жауарына еш күмәнің болмасын! Ал, алақаныңды жай, қазақ баласы! Алладан сұра! Біз - әлсіз пендеміз, біз тек бір Алладан ғана медет тілейміз! Бір алла өзі бізге жар болсын!

Ассалаумағалаикум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар,қадірлі жамағат!

Шыжяжуаң қаласынан салем берып отырмыз. Жолаушы - мүсәпір деген. Чыңдуда таңғы сағат бесте тұрғанмын. Керек-жарақтарымды жинастырып, жуынып-шайынып, таң намазымды оқып болып, аллаға мінажат етіп, жақсы тілектерімді тілеп жолға шыққан едім, аллаға сансыз шүкірлік, бүгінгі істерім өте тамаша болды. Чыңдудың қос ағын (шуаң лю) әуежайына кешіге жеткеніммен, мен қорықпаған едім, себебі ұшақ та кешігіпті. Бұл да алланың бұйрығы. Әйтпегенде, ұшақтан қалып қойған болар ем. Құдайсыз қурай сынбайды деген. Бейжіңнің шоуду әуежайында қалың тұман түскен дейді. Сонымен, әуежайда тұрып, қолфонмен сайтқа шығып, уақытымды өткіздім. Өкініштісі, күлтегіннің тіркелетін жеріне кейде аты-жөнің жазылмай қояды. Оқырмандарға жауап жазайын деп, Чыңду әуежайы мен Пекин әуежайында қаншама алыссам да, күлтегінге атым жазылмай-ақ қойғаны. Асабалар амалдап, иқуатын кемелдендіре жатар. Құлаққағыс еткенім.

Пекинге кешігіп жеттік. Біз жеткенде күн шайдай ашық. Жап-жасыл Чыңдудан сыптай жалаңаш Пекинге жеткенде, көңілің құлазып-ақ қалады екен. Далада бір үскірік бар. Жұқа шекпенмен жүрген маған бұл әжептәуір суық сезілді. Дірілдеп кеттім. Құбылай туысымыздың, Наунау туысымыздың ізі қалған Пекинде өзім жүздеспек болған қазақтарымды ойлағанда ғана жүрегіме бір ыстық ағын енгендей болады. Ал,былайынан, қатты сүркейлі...

Маған тұтас Пекиннен қан иісі мүңкіп тұрғандай сезіледі...

Аллаға шүкір, жоғары лауазымды тұлғалармен Пекиндегі қысқа-нұсқа сұхбатым өте тамаша болды. Алдын-ала келісілген жоспар бойынша мен олармен 4-5 сағат үздіксіз сұхбат жүргіздім Пекинде бүгін қала алмас ем. Себебі, Шыжяжуаңда мені күтіп тұрған лауазымды тұлғалар бар еді. Пекин мен Шыжяжуаң арасы өте жақын. Осы өткен 2011-дың жазында бір келіп кеткен ем. Бірақ, ол кезде ғаламторға құлақтандыру жариялап та, мұндағы қазақтардың дерегін таба алмаған ем. Бұл жолы Шыжяжуаңдағы қазақтардың дерегін іздестіруге де уақыт болмады...

Қазақтар бар шығар. Бірақ, аты қазақ болғанымен, заты хасакі болып кеткендер болуы мүмкін. Мұны ойлағанда, өз-өзімнен жабырқап қаламын...

Шыжяжуаңды жап-жасыл оңтүстікпен салыстырғанда тап-тақыр қала. Жазда келгенде, қасындағы жартылай таз тауға шығып, терлеп-тепшігенбіз. Аты, есімде қалуынша, Таихаңшан болса керек, анық айта алмаймын...

Жалпы өткенде ғана барып қайтқан Жыңжу да, осы Шыжяжуаң да кісіні өзіне қызықтыра алмайды. Құжынаған қабат үйлерінен тыс, тарихи, мәдени ештемесі жоқ дерлік. Елдің, жердің мәдениетін, өткенін-кеткенін ұғындыратын дүниелер бұл арада салыстырмалы түрде айтқанда, жоқтың қасы...

Аттап басқан сайын бір жәдігері кезігетін Бейжің мен Ши-Ан, құрттай құжынаған Қытайдың өткен тарихы бар орта жазықтың өзге қалаларына қарағанда, бұлар бейне, адамға айтар әңгімесі жоқ, кісіні зеріктіріп жіберетін үндемес сапарласың іспетті...

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат, ардақты ағайын!

Қазақтың ханы Жошының туысы Құбылай салған қала - қазіргі Қытайдың астанасы Бейжіңнен сәлем беріп тұрмыз.

Бейжіңге кеше түстен кейін екінті намазы енді кірер-кірместе жеткен едім. Хубидің орталығы Шыжяжуаң қаласынан жүрдек отарбамен 13:40-та жолға шығып екі-ақ сағатта Пекинге жетіп алдым. Отарбада адам аз. Орындар бос. Әлде, жоғары дәрежелі вагон болғасын ба, мұнда бейне Алматы мен Астана арасындағы Испан пойызындай да рахат жағдайда, еш қиналмай жетіп алдық...

Қазақтар ұшаққа, не отарбаға шыға сала, айналасындағылармен амандасып, танысып, елін, руын сұрасып, шүйіркелесіп кетуші еді. Ал, бұларың түксиген суық қабақты. Әркім өзімен өзі...

Мұзға бермес быр салқындық жүректерді жаулаған...

Өкініштісі, Бейжің батыс бекетінен Қазақстан елшілігі тұрған маңдағы қонақүйіме жеткенше үш сағат уақыт кетті. Бейжіңңдегі көлік кептелісін ойласаң, бұл қалаға екінші келместей боласың. Мұндағы жұрттың да жүйкесі жұқарып біткен...

Бейжіңнің маған жылы сезілетын бір жері бар. Ол - мұндағы қазақтар. Ашығын айтқанда, қазағы бар қаланың барлығы маған жылы сезіледі. Ал, қазағы жоқ қалада мың жерінен маңызды жұмысым болса да, жұмыстарымды тезден бітіріп, қайтуға асығып тұрамын. Құдайға шүкір, кеше кеште бір емес, екі жүздесуім болды. Екеуінде де қазақтармен! Шіркін! Қазақ болып жасау дегеніңіз қандай бақыт! Әшейін, бір туған туысыңды, бір туған жамағайыныңды көргендей болып, бір қарқ болып қаласың...

Екі реткі жүздесуімнің өзі мен үшін екі үлкен бақыт болып сезілді. Қиырдағы Қытайдың астанасында қазақтармен арқа-жарқа болып, емен-жарқын әңгімелескен деген қандай тамаша...

Мұндай сырға толы, жырға толы сұхбаттардың, жүздесулердің қасында, арлы-берлі шапқылап, қарбаластанып жүрген жұмыстарымның құны көк тиынға да тұрғысыз болып сезіле береді маған...

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат! Аман-есенсіздер ме?

Таң атса, жұма болмақ...

Қазір түнгі сағат 02:46

Қазақтың Пекиндегы қадірлі азаматтары, білімды азаматтары Үйсін мырза мен Какаша мырза жаңа ғана мен жатқан қонақүйден үйлеріне қайтты. Екі қазақты қонақ үй алдына дейын шығарып салған бір қазақ - мен бұл қазақтарымды қимай-қимай қоштасып, бөлмеме оралып, осы жолдамамды жазып отырмын...

Көріспегелі көп болған жақын туыстарыммен жүздескендей-ақ болдым...

Біраз сырлардың шеті соғылды...

Алла қаласа, алда бұл хақында асықпай тоқталармыз...

Ұлтына деген сүйіспеншіліктері шексіз бауырларымды көріп, қазақтың нұрлы да жарқын болашағын көргендей болдым....

Алла қаласа, ертең кеште Пекиннен Тайландтың Бангок қаласына ұшқалы отырмын. Бұл қаланы қытайлар Мангу дейді. Тайланд патшалығының астанасы. Мангудегы көрген-білгендерімді де, алла қаласа, асықпай айта жатармыз...

Алла несіп етсе. Я, құдіреті күшті алла, біз саған ғана жалбарынып, сенен ғана медет тілейміз. Бізге қашан да ең қайырлысын несіп ете көргейсің...

Жұмыстардың ыңғайы солай болды. Жалпы Пекиндегі жүздесулерім екі топқа бөлінді. Біріншісі, жұмыс бабындағы жүздесулерім болса, екіншісі, өзіміздің қаракөз қазақтарымызбен жүздесу еді. Әрине, маған екіншісі біріншісінен миллион есеге қымбат сезіле береді. Қытайдың жоғары лауазымды тұлғаларымен қаншама жүздессем де, өзіміздің қаракөздерімізбен бірге сұхбатта болған бес минутыма теңгермес едім мен...

Себебі, олар қазақтарым еді, өзімнің бір туған бауырларым, сіз бен біздің ортақ туыстарымыз еді...

Жұма қабыл болсын, мұсылмандар!

Жұмыстарды қайырып қойып, жұмаға барғалы тұрмын. Бейжіңде жердің бетінде жүру қиын болғасын, жер астымен, метромен жеткелі тұрмын. Жұмаға барыңыздар. Жұмада тілеген арқандай тілек қабыл болады. Алақаныңды жайып, алладан тілесең, тілегіңді алла тағала қайтармайды...

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Амансыздар ма, қадірлі жамағат!

Тайланд елінің астанасы Баңкок қаласынан салем беріп отырмыз.

Қасиетті жұма намазын Бейжіңде өтеп алғасын, үшбу сапарнама арқылы табысқан Бейжіңдегі оқырман әрі ақылшы, кеңесші болып, риясыз, қалтқысыз көмегін аямай беріп жүрген бір туысқаныммен мешітте жүздесіп, жақын маңдағы мұсылманша тағамжайдан асығыс-үсігіс тамақтана сала, Бейжіңнің Шоуду әуежайына қарай жылжыған едім. Бейжің уақыты 19:45-те ұшқаннан тұп-тура бес сағат ұшып, мұнда әзер жеттік. Бейжіңде қақаған аяз болса, мұнда кәдімгі жаз. Келе сала, әуежайда алатын визамызды рәсімдеп болғанша, шаңырқап кеп шай ішкен қазақтай терлеп-ақ кеттік. Бұл да қайырлы болды. Үстіне Бейжіңде такси ұстау дегенің бір қиыншылық екен. Шағанның ар жақ-бер жағында, негізі Қытайға жоламаған дұрыс екен. Ең қысқасы, ары-бері шауып жүргенде көлік кептелісінің өзі жүйкеңді жұқартып бітеді екен. Бейжіңдегі қазақтардың жүйкесі де сыры екен-ақ...

Бейжіңде ары-бері жүргенде, жұқа киіммен аздап салқындап қалған едім, Баңкок әуежайында бір терлеп, рахаттанып-ақ қалдым. Онан ауаша бөлмеге барып, қалың киімдерімді шешіп, жаздық жұқа жейде, жұқа шалбармен қалғанда барып, үһ деп жан шақырғандай болдық.

Келе сала әуежайдан 14 күнге виза алдым. Аллаға шүкір. Бейжіңнен ұшқанда, визасыз ұшқан едім. Оқырмандармен, бауырлармен, туыстармен кездесем деп жүріп, Баңкоктен Бейжіңге кері қайтатын электрондық билетті қағаз күйінде бастырып алуды да ұмытып кетіппін, Тайланд кеденшілері біраз әурелейін деп еді, «бұл күнде ұшақ билетін кім қағазға бастырып жүреді, керек десең, ондай билетті фотошоппен де жасай салады ғой» деп дауласып жүріп, 14 күнге виза алдым. Аллаға шүкір, істерім жеңіл бітті...

Баңкокте біраз уақыт аялдауым мүмкін...

Күндіздері жұмысбасты болып, ғаламторға шыға алмауым мүмкін, сапарнаманың жалғасын қазіргі уақыттық қарбаластық аяқтағасын, арқамыз кеңіп, аяғымызды созып отырып, қазақша жайланып, шайды сораптап ішіп отырып, бабымен жаза жатармыз...

Алла сол күнге жеткізсін...

Таң намазынан соң ұйықтап, қазір ғана тұрдым. Бейжіңдегі ұйқысыз-күлкісіз кездесулерден, ары-бері шапқылаудан қатты қалжыраған екемін. Шектен тыс қалжырағаным соншалық, бес сағатқа созылған ұшу барысында да қатты мазасызданып, ұйықтай алмай-ақ қойғаным. Өз жоспарымда ұшақта ұйықтап, тынығып алсам, Тайландқа бара сала жұмыстарыма кірісіп кетсем деген ем. Оған бүкіл денем салданып, салдырап қалыпты...

Баяғыда ауылда жүргенде шөп шабатынбыз. Сонда кеште үйге жеткенде осылай шаршап қалушы едік...

Сыртта күн шаңқиып тұр. Бейне, жұңғар ойпатындағы шілде мен тамыз сынды. Бір айырмасы, мұнда ылғал ауа. Қонақ үй ішінде ауа теңшегішті (орысша кондиционер немесе ағылшынша еир кндишн, қытайша кұңтяу) ашпасаң, терлеп кетесің. Шаңқиған күнге қарап, ешқайда шыққым келмей тұр. Қарын болса шұрылдап тұр. Ар жақтан сұраныс келіп тұр. «Мұсылман асхананы қайдан тапсам екен» деп бас қата бастады. Далада жүрудің өзі қиын көрінеді...

Балконға шығып немесе терезеден сыртқа қарасаң, дала жап-жасыл. Кең жапырақты ыстық белдеу өсімдіктері. Көбісінің атын да атап бере алмаймын.

Құжынаған шетелдік. Мен түскен қонақүй ‹грұит резиденсы› дегенде кілең шетелдік жүр. Көбісі еуропалық нәсілділер. Біріміздің тілімізді біріміз түсінбейміз. Мұсылманы бар ма екен деп, интернет кафеде біраз отырсам да, мұсылман өңдіні таба алмадым...

Кеше 13 қаңтарда жұма намазын Бейжіңдегі Қазақстан елшілігінен оншалықты алыс емес жердегі ‹Нан ду я› (南豆芽清真寺) мешітінен оқыған едім. (010-84068225 керек қылғандарға!) Мен түскен Хуаду қонақүйінен небары он неше юанмен таксимен жетуге болатын жер екен. Қонақ үй елшіліктер районына жақын. Мешіт маңында мұсылманша асхана бар екен.

(010-84075779- 13909496311 18600036464керек қылатындарға!

:北京市东城区东四十条仓夹道7号)

Сол асханадан туысқаныммен бірге жеген лағманмен бір тәулік жүрмін. Қарын ашып, ақыл азайып тұр. Шалағай даяшылар тапсырыс берген шашлыкты да уағында үлгірте алмады. Қарын ашып-ақ тұр. Көңіл-күй де болмай қалды, өзі шешемді, әкемді сағынып кеттім...

Ел-жұрттан кеткелі бір ай болыпты. Алматыны сағындым...

Ой, тәуба. Осылай қаңғып жүре береді екен ғой адам деген! Қайту керек! Қайту керек. Қазақстанды сағындым. Азат елдегі азат ойлы қазақтарымды сағындым...

Тайланд...

Сырлы Тайланд...

Біздің қазақ сонау Орта Азияда жатып-ақ, шулатып жіберген Тайланд...

Денем дел-сал...

Шаршаған көрінемін. Ұйқы басып тұр. Жанның сұранысы да, тәннің сұранысы да асып тұр...

Ғаламторға шықтым. Қазақтарымның жазғанын біраз оқыдым. Ел-жұрт аман екен. Аллаға шүкір...

Қой. Ұйықталық. Мына ыстықта ұйықтамай, не істейсің...

Әлде ашты шай ішіп алып, Баңкокты кезіп кеп кетейін бе?

Қайтсем екен?! Шіркін-ай, осындайда бір қазақ тауып алсаң ғой... Әлде мұндағы Қазақстан елшілігіне барайын ба?!...

Қазақ бар жерде ешқашан жалғызсырамайсың ғои....

Ассалаумағалейкум, қадірлі жамағат!

Бізде не қылған артық ұйқы болсын! Оразамды да ашпастан, нән қаладан бір мұсылманша дәмхана тауып алармын деп қазандай қайнап жатқан қалаға қарай тарттым да кеттім. Кеше түнде ұшақтан түскенде, ылпың-жылпың алды-артымды ораған жарты Қытай, жарты Тайланд жігіті мені осы қонақүйге бастап келген еді. Сөйтсек, қаладан шеттеу жаққа орналасқан қонақүйлер екен...

Қалаға жеткенше таксиге 300 бат кетті. Бат дегені осы Тайландтың ақшасы. Ақшасының түрі көп, айырып болмайсың, долларға шағып есептеп кеп жіберсең, біздің Алматыдан көп арзан. Салыстырғысыз деңгейде арзаншылық. Бұлардың ағылшыншасын түсінудің өзі қиын екен. Көліктері бейне Шяңгаң (Ганконг) құсап, рөлдері оң жақта екен де, жолдың сол жағын басып жүреді екен, онысы жағынан Қазақстан мен Қытайдағы көлік бағытына мүлде қарама-қарсы. Бастапта үйренісе алмай қаласың да, артынан дереу үйренісіп кетесің...

Сонымен күні бойы қаланы аралап, жұмыстарды дүйсенбіге қалдырып, шаршап-шалдығып қонақүйіме жетіп отырғаным осы...

Тайландтағы Қытай ықпалының аса қуатты екенін бүгін бір күндік қала саяхатынан-ақ байқадым. Қайда барсаң, қаланың кез-келген бұрышынан қытай жазуы. Қытайлардың ашып алған үлкен дохтырханасы. Қытайлар ашып алған қонақ үйлер. Қытайлар ашып алған асхана-дәмханалар. Жол бойы кем дегенде, бес-алты жерден қытайлардың серіктіктерін көрдім. Нән қақпашалық алдына қытайша-тайландша серіктік аттарын жазып тастаған...

Мұнан тыс, ғаламға әйгілі Тайланд массажымен таласып, қытайша массаж да мұнда қаптап алған. Қысқасы, барлық салада қытайлар тайландтармен бәсекелесіп тұрғандай...

Тұрғылықты жұрттың түрі де көп текті екенін білдіретіндей. Жылтыр қаралары тайландтық болып шығады да, оларға қарағанда аздап ақшылдаулары, ашаңдаулары не қытай болып шығады, не қытай мен тайландтың қоспасы болып шығады.

Менде өте зәру жұмысы бар бауырларым осы телефонмен маған хабарлассын. Барлықтарыңа бірлеп хат жазып, қысқа хат жолдап, хабар беруге жағдай жар бермеді. Қолфондарыңда қытайша, не латынша, не славянша қысқа хат (短信 смс) жазып, төте жоғарыдағы нөмерге жіберсеңдер болғаны. Қытайдағы уақыттық нөмерім ‹ғаламкезер›(全球通)болғанымен, мұнда кезіп (国际漫游) келе алмапты. Ғаламтор, хабарласу, ақпарат саласында Қазақстан бұл күнде Қытайды шаң қаптырып кетті...

Қытайдың Тайландқа жылжып келе алмаған қолфон нөміріне қарағанда, біздің Қазақстанның ‹Қазақстан г с м› серіктігі мықты екен. 16 желтоқсанда Алматыдан ұшып, Бейжіңге қона салып, қолфонды ашсам, ‹Қытайға барғаныңызды құттықтаймыз, сіздің Қытайдағы қоңырау қабылдауларыңыз минутына 303 теңге, Отанға қоңырау шалуыңыз 581 теңге, Қытай ішіне қоңырау шалуыңыз 121 теңге, қысқа хат 73 теңге деп шыға келген еді. Онымен қоса ‹Қазақстан Респубилкасының Қытайдағы бас елшілігінің телефоны 01065324189 және 01065326641› деп хат жіберген еді жүйе жағынан. Осы жолы Тайландқа келе сала, Қазақстан нөмірі салынған қолфонымды ашсам, ‹Тайланд патшалығына барғаныңызды құттықтаймыз...› деп шыға келгені. Бағалары шамамен ұқсас, сонымен қоса Қазақстан Республикасының Тайландтағы бас елшілігінің нөмірін жіберіп беріпті: 006622346365 немесе 006622346366

Ал, қытайлар менің қайта-қайта ‹Тайландта қолдана алмай қалып жүрмейін› деп сұраған сұрақтарыма ‹мада мұю - мию уынти› (маселе жоқ) деп кеуде қағып жіберген алғы чюанчютұңым (ғаламкезер) мұнда мылқау болды да қалды...

Қазағың бұл күнде ғаламтор өнері мен хабарласу өнері жағында Қытайды басып озып, маңғарасын корсетпей кетті...

Біздегі сымсыз интернеттің өзі бұл күнде уаи-макс технологиясын қолданады. Қазір үйге оптика тартылды. Жылжымалы хабарласу компаниясы сымсыз 40 мегабиттік жылдамдық шығарды...

Үшінші дәуір дегеннің өзі қазақтарға қызық болмай қалды...

Жоғарыдағы қол телефон нөмір менің Тайландтағы уақыттық қолдана тұратын нөмірім. Қытай қазақтары үшін 0066854451481 деп айтамыз.

Ал, Қазақстан қазақтары халықаралық өлшемді қолданады, демек, халықаралық өлшемді жазу үлгісі: 66854451481+

Тайландтың халықаралық коды: 66. Бұл жоғарыдағы нөмірлердің басындағы 66. Қайталап жазып жүрмеңіздер. Қытайдан шетелге қолфоннан қысқа хат жолдауға небары 1 юан кетеді. Қазір Қазақстан мен Қытай арасында қолфондар арасында төте хат жазысуға болады. Қытай қолфондарының алдына 86+ны қосып немесе Қазақстан қолфондарына 77011234567+ үлгісінде төте қысқа хат жазуға болады. Бұл күнде Қазақстанға барып алған ел мен Қытайда қалған ел агент арқылы немесе кюкю арқылы сойлесетін болыпты...

Қазақстанда күні бойы кюкюге шықсаң, небары бес-алты теңге кетеді екен. Демек, су тегін деген сөз...

Ал, қолфоныңыз жақсы қолфон болса, сөзіңізді дыбыстық құжат ретінде жазып алып, көкектен құжат ретінде жолдап жіберсеңіз, қарсы жақ құжат ретінде қабылдап алып, артынан оны қойып, дыбысын тыңдап, сосын сізге де осы әдіспен дыбысын жібере алады екен. Осылайша, бейне рация сияқты бір сөйлеп, бір жіберіп, сутегін арзан хабарласып жүрген оралмандар Қазақстанның онсыз да арзандап кеткен ұялы хабарласуының өзін көкек немесе агент, скайп,твиттер, фейсбук арқылы онан да арман арзандатып жіберді...

Құдайдың құдіреті! Баңкок қаласында мұсылман баласы бар екен. Біразы жақын маңдағы Үндістан, Малайзия, Индонезия мұсылмандары болса, біразы осы жердің тұрғылықты мұсылмандары екен. Бүгін бесін намазымды оқымаққа мешіт іздедім. ‹Зы малл› деген үлкен сауда кешеніне кірдім. Сұраған адамдарым осының ішінде намазхана бар деген еді. Өкініштісі, мен сұрағандардың көбісі хиджап киген жас қыздар болды. Мұсылман шығар деп жабыса кеткен үнді жігіті ‹мұсылман емеспін› дегесін, өзге үнді өңділердің қайсысы мұсылман, қайсысы буддист, кришнайт екенін айыра алмай біраз тұрдым. Маған кезіккен хижапты қыздардың көбісі ағылшынша білмейді екен. Сонымен сұрақ белгіні қолфоныма жазып, екі қолыммен құлағымды қағып, тәкбір түсіргеннің белгісін жасап, ‹аллааһу әкбар› дегенімде барып, менің нені сұрап тұрғанымды біліп, жап-жас мұсылман қызы менің алдыма түсіп, жол бастап, қабаттан қабатқа шығып, нән сауда кешенінің көлік тұрағының аузындағы кішкентай намазханаға бастап келді. ‹Алла разы болсын› деп алғысымды аЙттым. Ол да Өз тілінде бір сөз айтты. Шамасы, ол да жақсы сөз болса керек, ішінде алла сөзі бар...

Намазхана өте кішкене. Шамасы 16 шаршы метр болса керек. Оның өзі екіге бөлінген. Ортадан қақ бөлініп, әйелдерге арналған бөлмесі бар екен. Алдында, бөлек жерде, сыртта, таһарат алуға арналған жер бар. Екеуі есіктің екі жағында. Тайланд өңді, үнді өңді, араб өңді, қытай өңді бірнешеуіміз намаз оқыдық...

Ішінде ауа теңшегіші бар. Сырт қайнап тұрған ыстық. Сыртта мен терлеп жүремін. Ал намазхана іші салқын. Жанға жайлы...

Намазхана ішінде үлкен кітапша бар. Кітапшада әлемнің жер-жерінен келіп, мұнда намазын өтегендердің қолы тұр. Арабша, иранша, тайландша, ағылшынша, қытайша, жапонша, корейше, тіпті біразын мен білмейтін сан алуан жазулар...

Мен де кирилше қазақша, көнеше қазақша, ағылшынша, қытайша, орысша қолымды қойдым...

«Қазақстан» деп жаздым! Оқығандар, көргендер Қазақстан деген мұсылман елді біле берсін дедім...

Сапар естелігін жазу – атам заманнан бергі бар дүние. Арысын, алысын айтсақ, Маркаполо жазды. Қыпшақтарды, қазақтарды, шүршіттерді, қысқасы, көрген-білгенін түк қоймаи жазды.

Дарвин деген біреу кемеге шығып, дүниені жарты айланып еді, дереу бір шығарма жазды, онысы кейін құдайсыздардың қолынан ғасырлап түспейтін кітапқа айналды. Құдайсыздардың әкелерінің маймыл екендігін сол Дарвин шал айтып кетті. Я, Дарвин дұрыс айтқан шығар, біз ғой Адам ата мен Хауа ананың ұрпағымыз, ал құдайсыздар болса, сол өздері нанатын маймылдың ұрпағы...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 26 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)