Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 58 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Әрине, тәттісі де бар.

Жақында бір жолдасым ауыл жаққа барып қайтқан. Алматыға қоңырау шалып, хабарласып тұрды. Ол, әрине, менің осы шығарманы жазып жатқандығымды біледі ғой. Бірақ мені білмейтін ауылдағы ел-жұрттың, ондағы зиялы қауымның, әдебиет құмар қауымның үшбу шығарма туралы айтысқандарын маған жеткізіп отырды. Кейін естіп, ойланып, толғанып қалсаң, кейіне ішек-сілең қатқанша күлесің...

Қорғастан Алматыға жеткенше такси ішіндегі үш жігіт осы шығарма хақында әңгімелесіпті бір сәт. Мені Алматыдағы атынан лақабы көп қалың «Жарқындардың» бірі деп, сыртынан тон пішіп жүргендер де бар. Қызық.

Кей бауырларым менің кім екендігімді білмей тұрғанда, менімен ғаламторда жап-жақсы сырласып, ой бөлісіп, хат жазысып жүруші еді. Кім екендігім ашыққа шыққанда, пендешілдік қызғаныштарын жасыра да алған жоқ. Жерлесі бар, танысы бар, біраз жігіттер қызғаныштың қызыл итіне ерік беріп алды. Пенде ғой дейсің. Алла оларға сабыр мен иман берсін. Сондықтан менің зарлайтыным да сол. Жеке тұлға ретінде сені де, мені де, оны да құтқаратын, тек қана иман! Иман тұрған жерде барлығы да болады. Иман бар жерде білім болады, иман бар жерде сабыр болады, иман бар жерде риясыз достық, туыстық болады. Қысқасы, иман барлығының кепілі. Ал, иман тұрмаған жүректе, мынау ғаламның барша ғылымы мен білімі тұрса да, онда бір нәрсе жетіспейді. Ол мәңгі қызғаншақ, мәңгі күншіл. Жүрегі ешқашан тыныштық таппайды. Қандай азап! Адам баласы тек иманға оралғанда ғана мәңгілік рахатын табады. Осы сықылды жеке адамдарды құтқара алған иман, сол жеке адамдардан құралған тұтас ұлтты да құтқарады. Алланың іліміне қарсы шығып, өздері қолдан жасап алған әлдеқандай шайтани шатпақтарымен қоғамда тыныштық, береке орнатамын дегендердің барлығы жеңіліспен аяқтап келеді, солай болады да.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-7 11:29:30

Чыңдудан кетпекке жиналып жатырмын. Бір жарты сағатта жолға шығамын, иншаллаһ. Алла қаласа, аз күнде қайтадан шауып келемін бұл қалаға да. Жүк-тағымды, қағаз-қаламымды жинастырып, бір жәшік мұсылманша қолайлы кеспемді, қақталған, тығыздалған, кансербіленген азық-түлігімді арқалап, қаладан алыс аймақтарға жылжығалы отырмын. Жолаушы - мүсәпір деген осы. Аз күнге болса да, қаланың қазақтарымен жүздесіп, бауыр басып қалған Чыңдуды қимайтын көрінемін. Көңіл-күй оншалықты дұрыс емес. Баяғыда ауылдан алысқа аттанарда осылай болушы едім. Қарап көрсем, мен өмір бойы сапарда келе жатыр екемін. Мынау да сол сапарларымның бірі болатын шығар. Алла ғұмыр берсе, тағы да өзім ойлап та көрмеген жерлерге сапарлайтын шығармын...

Өмір - сапар, сапар - өмір!

Біз о дүниеден бұл дүниеге сапарлап келгенбіз. Ананың құрсағынан жарық әлемге сапарлап келгенбіз. Жарық әлемнен барзақ әлеміне, қабірлер әлеміне сапарлап барамыз. Қабірлер әлемінен қиямет-қайым заманы болғанда, о дүниеге сапарлаймыз, әрине екіге бөлінеміз. Біріміз тозаққа кетсек, біріміз жәннатқа кетеміз...

Барлығымыз жолда жүрген жолаушымыз. Барлығымыз сапаршымыз. Тек осы сапарымыз аяқтағанша, бейне, образдап айтқанда, Құлжадан автобусқа шығып, Үрімжіге жеткендей-ақ аралықта, бірімізбен біріміз алысып, бірімізбен біріміз жұлысып, күнәлар жасап үлгіреміз, баратын жерің, тоқтар жерің -Үрімжі. Адамдар осындай.

Сондықтан аз күндік, аз уақыттық сапарда бірімізбен біріміз сыйласып, сырласып, иманмен ғұмыр кешкенге не жетсін!

Чыңдудан кетіп бара жатқаныма емес, осындағы ақ еділ, риясыз, жүрегінде иманы бар, басында Алла берген ақылы бар бауырларымды қимайтын көрінемін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-8 14:02:12

Ассалаумағалайкум!

Баяғыда бала күнімізде үйіміздегі қалың кітаптар ішінен «Үш патшалық қисасын» оқып жүрдім. Арасында ұйғырша дым білмесем де, ежіктеп «баһадүр шаһ -ли зы чың» дегенді оқып жүрдім. (Кітап аты есімде дұрыс қалмапты).

Әкем негізі менің мұндай кітаптарға тым қызығып кеткенімді байқаса керек, көп өтпей «қазақтың батырлық жырлары» деген көп кітапты алып келді. Есімде қалуынша 12 том болса керек, әйтеу, көп кітап болатын. Сонан қытайдың батырларын емес, қазақтың батырларын оқып, жаттап өстік. Аллаға шүкір. Қазір ойланып, толғанып қарасам, әкем өте сақ, өте зерек адам болған екен. Ал біз өзіміз сол сақ әрі сергек әкелеріміздей бола аламыз ба, алмаймыз ба, бір құдай біледі. Сол заманның өзінде, кітап тапшы заманның өзінде сол кісі бізге қандай кітапты оқу керектігін, қандай кітапты оқымау керектігін ұғындырған еді.

Біздің балалық шағымыз дегеніңіз Маудың ызғарлы заманының соңы ғой. Қыс кетпеген, көктем келмеген бір оларда туылған мен сияқтылардың біразы сол замандағы оқиғаларды ұмытпаса керек. Ол замандағы соғым басы дегеніңіз қандай думанды. Ақсақалдар алқа-қотан жиналысып, дін туралы, өткен-кеткен тарих туралы айтқанда, тыңдап отырып, сан-алуан қиялдарға сүңгіп кететін біздің ең алғашқы ұстаздарымыз сол дария көңіл, теңіз жүректі ауыл қарттары еді. Шіркін, сол қарттарымыз-ай десеңші...

Сол қарттарымыздың дені шала сауат еді, бірақ осы күнгінің табақтай-табақтай дипломы бар сан профессорынан артық еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-8 14:14:07

Қай жері артық дейсіз ғой?! Ең бастысы, сол қарттарымызда иман бар еді. Сол бір аты шулы мәдениет төңкерісінің өзінде менің атам мен әжем терезеге көрпенің тысын тартып, есікті ішінен іліп, балаларын сыртқа қарауылға қойып қойып, жасырын түрде намаз оқып, жасырын түрде ораза ұстаған екен! Қандай берік иман! Таң атпастан түн жарымы ауа сәресі ішерде ел-жұрт шырақ жарығын көріп қоймасын деп, терезесін қайтадан тұмшалап, қараңығыда сәресі ішіп, Алла алдындағы парыздарын өтеген екен! Мейіріміз шексіз Алла тағала олардың сауаптарын еселеп жаза көргей! Жатқан жерлерін жәннат ете көргей!...

Біздің ұлтын, тілін, дінін, ділін қысқа күнде қырық сатуға дап-дайын тұратын зиялысымақтарымызда, қара таяқтарымызда осындай берік ирада бар ма?! Я, кеше ғана Чыңдудан шығып, мұндағы 170 шақырым алыстағы Неижяң қаласына жеткен едім, енді арада бір түнеп, кеше кеште және бүгін түске дейін келіссөздерімді жүргізіп, қайтадан Чыңдуға жылжығалы тұрмын. Баяғыдағы бала күнде оқитын Саусау мен Жугыляңның аяқ іздері қалған сычуан топырағын сан марте басып, ары-бері шапқылап жүргенімде, көз алдыма баяғының баяғысындағы осы өңірлерді жаулап алған көшпенді ата-бабаларым елестеп кетеді...

Ассалаумағалейкум, қадірлі жамағат!

Чыңдудан салем беріп тұрмыз. Жә, рұхсат болса, әңгімемізді жалғастыралық.

Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Қайырлы таң, қадірлі жамағат! Алла тағала баршамыздың таң намаздарымызды қабыл еткей. Еліміз үшін, жеріміз үшін, бейбіт заман үшін, өзіміз үшін, ата-ана, туыс-туғанымыз үшін, бала-шағамыз үшін тілеген барша игі-жақсы тілектерімізді қабыл еткей!

Таң намазымды тамамдап болғасын, қонақүйдің терезесінен Чыңдудың қаласына көз салып, мың сан қиялға шөгіп кетіппін. Бұл қалаңыздың да басынан сан қилы тауқыметтер өткенін осы 2011-дың жазында білдім. Ол кезде осы Чыңдудан 260 шақырым жердегі Чұңчиң қаласында едім. Менің Сычуан жұртының тарихымен танысуым сол кезден басталды...

Чұңчиң қаласы Сычуан өлкесінен бөлектеніп, Пекинге дербес қарайтын қала болмай тұрғанда, бұл өлкеңіз Қытай бойынша жан саны ең үлкен өлке болып саналған екен. Ал қазір жан санағындағы біріншілікті Хынан өлкесі алып отырса керек. Чұңчиң аса таулы, қыратты қала. Қаланың жолдары өте күрделі. Онда жер бетінде жүретін жылдам пойыз бар. Метроға ұқсамайды, қытайлар Чиңгұй (轻轨) деп алған. Ағылшыншасы лығт раыл. Қазірше қазақшасы жоқ болса керек. Оны тілгерлеріміз қоя жатар. Қазірше, жеңіл рельс дей жатармыз төтеден төте.

Чыңду да, Чұңчиң де қанды қырғындардан көз ашпаған қала. Тарих бойы мұнда қанды қырғындар толастамаған. Мұңғыл әскерлерінің бұл араны, жалпы Сычуан жерін қан сасытқан ашынышты тарих қытайлардың есінен осы күнге дейін өшпесе керек. Мұңғылдардың мұндағы жұртқа қырғыншылық жасағандығы соншалық, мұнда егін егетін, әскерге баратын адам баласы қалмай қалған.

Алланың құдіретіне таңданбасқа шараң жоқ! Тарих қойнауына назар салсаң, қырғындаушылар өшіп кеткен де, қырғындалушылар өсіп кеткен! Адамзаттың қос өркениеті болған көшпенділік өркениет пен отырықшылық өркениет тура осы біздің ғасырымыздан сәл-пәл бұрынға дейін ғана бітіспес-таусылмас егесін қойған жоқ. Көшпенділердің ең соңы болып, біздің қазақтар орыстардың аяусыз қырғындары кесірінен құрып кете жаздап барып, ел болып аман қалған болса, өзгелері бұл күнде елдік санаттан кетер-кетпестің аз алдында ғана тұр...

Алысқа бармалық. Осы озіміз тұрған Сычуанның өзін ғана алалықшы. Бұл күнде осы араның тұрғындары Чұңчиң бөлінбей тұрғанда, күллі Қытай бойынша жан саны ең мол өлкенің бірі болған екен. Ал, тұтас мұңғылдар мен мұңғылдардың туысы - қазақтардың қосындысы бұлардың бір қаласының жан санына да жетпейді...

Не үшін? Не үшін? Бұлардың еркегі тудырғыш па әлде қатындары туғыш па? Не үшін біз өспей қалдық?! Жауабы табылмас қиын сұрақтар...

Менің күлтегіндегі Ғапсалам туысымыздың сұрағына жазған жауабыма сенқазақтағы атышулы Айтолды мырза былай лебіз жазған екен:

Айтолды:

Будда діні туралы да жақсырақ зерттеу жүргізіп қойсаңыз болады. Одан мәселеге және бір қырынан қараудың, ойлау формасының жаңа бір шабытын табасыз. Ібіліс сакя муни емес қой. Сакя муни пайғамбар болуы да мүмкін. Ал мұғжиза мен сиқырдың парқын ажырату қиын...

Бәлкім мұғжиза дегены сиқыр, сиқыр дегены мұғжиза болуы да мүмкін.

Оған Жарқын0991дың жауабы:

Айтолды бауырым!

Реаль өмірдегі сакя мони мүмкін сен айтқандай пайғамбар шығар, себебі бір айтылысында 124 мың, бір айтылысында 224 мың пайғамбар мен ескертуші жіберілген дейді ғой. Бірақ біздің оны тура сол пайғамбар еді деуімізге дәлел жоқ болғаны сынды, оны шайтан деуімізге де дәлел жоқ. Бірақ батысқа сапарда айтылған сакя муни енді ол нағыз шайтан. Оған келісетін шығарсыз.

Айтолдының лебізі:

Сакя муни мен Мұхаммедтің (с.ғ.с) бір ұқсастығы: Сакя муни да бай патша отбасында дүниеге келсе де, дүниенің қараңғылығынан, әділетсіздігінен безініп кетеді. Үнемі бір ағаштың түбіне келіп тафаккур (тыныш ойлану 冥想медытатыон) жасап, иткафта отырады. Бір күні бір отырған жерінде пәлен күн, пәлен түн отырып қалады, сосын кенет көкірек көзі ашылып, бұл дүниенің, ғайыптың ақиқатына жетеді. Будда болады. Будда деген оянау, түйсіну дегендік. Табынатын пұт дегенмен қатысы жоқ сөз.

Мұхаммед (с.ғ.с) болса да бай саудагер Қадиша анамызбен үйленгесін де бұл дүниенің қараңғылы әділетсіздігі т.б.-лардан безініп, жалғыз тұрғанды жақсы көріп қалды, ұзақ уақыт һира үңгіріне келіп жалғыз жатып тұрып, тафаккур жасап иткафта отырады. Сосын бір күні оның да көкірек көзі ашылып, ғайып дүниеге көзі жетіп, періштенің алладан әкелген уаһиын қабылдайды...

Оған Жарқын0991-дың жауабы:

Бұлай ойлай берсек, адасармыз. Алла бізді онан сақтасын! Құранда аты аталған пайғамбардың саны 25 қана. Ал, 124 мың пайғамбар мен ескертуші жіберілді дейді. Ескертуші мен пайғамбар жіберілмеген қауым жоқ дейді. Демек, біз әдетте айтатын Қызыр мен Қыдыр да осы 124 мыңның ішінде болуы мүмкін. Ал ескертуші жіберілмеген қауым жоқ деген сөзге негізделсек, Кұңзы мен Мыңзы да пайғамбар болуы мүмкін. Бірақ Қызыр мен Қыдыр, Кұңзы мен Мыңзының аты құранда аталмағандықтан, біз оларды пайғамбар деп те айта алмаймыз, пайғамбар емес деп те айта алмаймыз. Айтсақ -күнә, себебі дәлелсіз сөз болмақ дүр. Исламда дәлелсіз сөйлеуге тыйым салынған. Тіпті сен аз бұрын «күлтегін - жауыз» деп жолдама жолдап, атын шулатқан күлтегін де, тұниұқұқ та алланың ескертушілері шығар. Біз оны білмейміз. Ешқашан біле алмақ емеспіз, ақиқаты бір аллаға ғана аян, сол үшін дәлелі жоқ, дәлелдеуге мүмкін емес мұндай нарселерге уақыт кетіріп, алла алдында күнәлі болғанша, алланың хақ пайғамбары Мұхаммедтің(с.ғ.с) ілімдерін зерттеп алсақ та, біздің бір ғұмырымызға жетері анық. Ал о дүниеде мақшар заманда пайғамбарлар мен олардың үмбеттері сап-сап болып тізіледі дейді, кей пайғамбардың үмбеті көп, кей пайғамбардың үмбеті аз дейді, кейінде үмбет болмайды дейді, ақиқатын сол кезде білерміз, Айтолды бауырым!

Жә, әңгімемізді жалғастыралық.

Бір әйел затына бола, бір ұлттың тұтас ұлт ретінде екінші бір ұлтқа бес ғасырға жуық құл болуын қалай түсінуге болады? Бұл - аңыз емес. Бұл - Қытай тарихында болған оқиға. Осындай оқиғаларды естіген сайын, оқыған сайын, жүрегім дір ете түседі. Я, Алаш ордашы ұлыларымыздың «Алашты бастаған азаматтар, сендер адаспаңдар!» деген тағылымы еске түседі. Ел тұтқасын ұстаған ұлықтарымызды адаспасын деп тілейік. Жақында ғана Жаңаөзен мен Шетпеде қанды оқиға болды, қазақ зиялылары екіге жіктелді. Бұл аса қалыпты құбылыс еді. Бірі – баяғы, жағымпаз, жампоз топ еді. Олардың өз пәлсапасы бар еді. Екіншісі – билікке қарсы шыға алатын, ащы шындықты шыңғыртып тұрып айта алатын топ еді. Ал, қара қазақ өзі қалай?! Мұнда да қазақтың құлданған санасы бізге ашық, анық көрінді. Жұрт селт еткен жоқ! Ақиқат сұрамаған жұрттың ешқашан ақиқатқа жетпесі анық еді. Демек, құрандағы ақиқат анық болды. Қауымның ниеті қалай болса, оған соған лайық патша беріледі. Демек, біздің Қазақстан халқымыз осы күнге лайық! Осындай өмір сүруге лайық! Әрине, ел бірлігі, сырттағы жауға сылтау тауып бермеу дегендердің басты орында тұратыны даусыз еді. Бұл - әр елдің тарихында да басы ашық дүние. Қытайлар өзімен өзі қырылысып жатқанда, сонау қиыр шығыстағы азғантай шүршіттер келді де жаулап алды! Ал, міне, қырқыс! Сол жаулағаннан мол жаулап, осыдан тура бір ғасыр бұрын ғана шүршіт патшасы аударылды...

Демек, қазіргі қазақ еліне ішкі тұрақтылық керек. Ішкі қантөгіс ештемені шешпейді. Барлық нәрсені кеңеспен шешу керек. Бүгін сол қантөгіске жауапты жан сұрақтан қашып құтылғанымен, ертең құтылмасы анық. Ұрпағы ел алдында қарабет болары хақ, қан қарызы жібермейді. Ең соңында алла алдындағы сұрақтан ешкім де қашып құтылмақ емес! Соны ойлаған ел болды ма? Егер халқымызда тұтас иман болғанда, осы оқиғалар болар ма еді?!

Жә, әңгімемізді жалғастыралық.

Бір айел затының себебіне байланысты тұтас бір қытай ұлты өзінен мүлде бөлек, атасы басқа, иті қара қасқа, өзі жартылай көшпенді шүршіт дейтін халықтың құлдығына түсті. Бұл хақындағы әңгімені біраз жұрт біледі деп ойлағанымыз үшін бұл арада кеңінен тоқталмадық. Білгісі келетіндер шүршіт әскеріне Қытай қорғанының ішіне кіруге жол ашып берген, бейне Отырардың қақпасын ашып берген Қарашоқы сынды, Қытайдың Қарашоқысы У Сан Гұй (吴三桂) хақында өздері ізденіп оқи жатар...

У Сан Гұй заманында қытайлар өз ішінде қырқысып жатты. Ең соңында сыртқы жауға, жат ұлтқа, шүршіттерге ғасырлап құл болды, ал керек болса!

Демек, ішкі қырқыс жақсылыққа апармайды. Өзгеге жем болудың ту басы ішкі қырқыстан басталады. Берекесі жоқ ел өзгеге жем болады. Қазақ мұнан сабақ алуы керек. Өзіңді-өзің жарылқамай, жат саған қамқор болмақ емес...

Қаза еліндегі мұнайшылар дауының қарулы қақтығысқа ұласуына төтеден төте тоғышар билік кінәлі. Бұл негізінде ешқандай саяси сипаты жоқ, ашейін, жалақы көтеруді ғана талап еткен, тап-таза экономикалық, қаржылық оқиға еді. Арты қарулы қақтығысқа, қантөгіске жалғасты. Тіпті саяси тұс алды. Осының барлығы біздің билік басындағы азаматтарымыздың іске қырсыздығынан. Мәселені тек қана қоқан-лоққымен, бопсамен, ұрып-соғумен ғана шешуге болмайтынын олардың түсінбегендігінен. Қазақ өз ішінде өзі қырқысса, өзге жауға орай болады, онсыз да біздің ішкі-сыртқы жауымызда есеп жоқ, қалт еткенімізді аңдып отырған ел қаншама?! Енді келіп, қарапайым жұмысшылардың еңбекақысын көтеру сынды өте қарапайым мәселені осыншалық ушықтырып барып шешкеніміздің өзі біздің саяси шеберлігіміздің аса төмен екендігін көрсетеді. Негізі қазақ пен қазақ оқ атыспауы керек еді. Қасиетті егемендікті қазақ алып отыр, ал қазақ мүддесі Қазақстанда қашан бірінші орынға шықпай, мәселе ешқашан шешілмек емес. Біз барша келімсектің, барша бұратананың талабын қанағаттандырамыз, бірақ өз ұлтымызға келгенде, аузымыздан жылы сөз түгілі, ажал оғы бүркіледі! Мұнан өткен сұмдық бар ма?! Қазақ қазаққа оқ атқан деген не сұмдық!

Ассалаумағалайкум, қадірлі жамағат! Таң атса, 2012 жылдың қаңтарының 10 жұлдызы, таң бозынан таң намазын өтей сала, әуежайға қарай жылжуым керек. Онан ары, Чыңду қаласынан Бейжіңге қарай ұшпақпын. Бейжіңге бір кездесуім, бір жиналысым бар, онан ары Шыжяжуаң қаласында бір кездесуім бар. Барлығы да жұмыс бабымен. Кәсіпкерлік кездесулер. Алла қаласа, істеріміз сәтті бола жатса, мұның қыры-сыры хақында ашық тоқталармыз, қазірше жоспарлау деңгейінде болғандықтан, алланың құзырындағы белгісіз нәрсеге алдын-ала бірдеме дей алмай тұрмын...

Сапарнаманы жазып жатып, менің өмірімнің өзі сапарнамаға айналып кетті. Оқырмандардың дұрыс түсінуін сұраймын...

Шығарманың жалғасын Бейжің қаласында немесе Шыжяжуаң қаласында жалғастырармын. Алла несіп етсе, осы екі қаладан соң не Бейжіңнен Алматыға төте ұшармын немесе Бейжіңнен Шяңгаңға (Ганконгқа) ұшармын немесе Үрімжіге ұшармын, қазірше бағытым белгісіз. Бірақ, түптің түбі, мейлі, Бейжің айналып барсам да немесе Шяңгаң-Дубай арқылы барсам да, баратын жерім, тоқтар тұрағым - қасиетті Қазақстан! Қазақстаннан өзге ешқандай жер емес.

Барлығын істің ыңғайы белгілейді. Үрімжіге барғаннан қорқасың кейде. Алпыс апа, жетпіс жезденың шырмауынан шығып болғаныңша, біраз заман өтеді...

Көріскенше күн жақсы болсын, ағайын! Алла тағала баршамыздың істерімізге сәттілік берсін! Бұл дүниенің де, о дүниенің де нығыметін берсін! Екі дүниеде де бақытты болайық. Біліп және білмей істеген күнәларымызды кеше көрсін! Таудай күнәмізді тарыдай, теңіздей күнәмізді тамшыдай ете көрсін! Алла тағала қазақ еліне, қазақ халқына береке мен тыныштық берсін! Қазақ халқының елі де аман, жері де аман болғай! Баршамыз осы үшін бір дұға қылайықшы!

Бейжіңдегі қазақтың зиялы азаматтарымен кездескім келетінін айтып, үшбу сұхбатта құлақтандыру жарияладым. Бұл күнде ерігіп жүрген ел жоқ қой, барлығы да бір-бір кәсіптің тұтқасын ұстаған мықты жігіттердің алтын уақыттары шыға қоймауы бек мүмкін. Алла несіп етсе, бұл жолы жүздесе алмасақ, келесі жолы жүздесерміз. Алланың сызғанынан артық ештеңе болмақ емес. Себебі, Алматы мен Пекин арасындағы ұшақ тоқтамайынша, менің Пекинге келуім де тоқтай қоймас. Алланың жазуымен қазақ пен қытай қоңсы. Бұл күнде бұл қоңсылық жай ғана қоңсылық емес, саяси әрі экономикалық одақ болды да. Себебі, бүйірден қысып тұрған Американың әскерінің қасында қазақ өзінің қытай жане орыс сынды құдай қосқан көршілерімен одақтаспай, алыстағы ала тулылармен одақтасуы мүмкін емес. Бұл қазаққа пайдалы болмайды да. Қазақтың асып-тасқан мұнайы мен газына Қытайдан басқа аларман шықпайды да. Еуропаға шыға алмайды қазақ. Себебі, Еуропа дегеніңіз орыстың қаридары. Орыс қазаққа қаридарын бере қоятын шүлен жомарт емес. Ал, Қазақстандағы бүлдіргі күштерді қолдап, қазақ елінің оңтүстігінен үй ішінен үй тікпекші болғандарға қазақ та, қытай да қарсы. Сол үшін біз саяси одақтастармыз...

Алланың қалауы осылай...

Сол үшін атам қазақ «қырда қытайым аман болсын, ойда орысым аман болсын» деп айтқан. Бұл күнде ел-жұрттың барлығының көзі ашық. Одақтастық деген мүдделер тоғысы. Мүдделер тоғысы түйіскенде ешқандай аға-бауыр деген болмайды. Діндес, тамырлас деген де болмайды. Атасы басқа болса да, ұстанымы басқа болса да, қазаққа алыстағы Америкамен одақтасып, екі көршісімен алакөз ашты бақа болғаннан, құдайы көршілерімен тату да тәтті өмір сүргені әлдеқайда қолайлы. Оның үстіне Қытайда екі миллион қазақ өмір сүріп тұрғанда, қазақ пен қытай ешқашан жамандаса алмайды да. Алла оның бетін ары қылсын! Қазаққа мұндайдан келер еш пайда жоқ, зияны болмаса! Қытаи мен орыс бірімен-бірі қырын болған қырық жылда, қазақ байғұс нені көрмеді дейсің! Ағасы ар жақта, інісі бер жақта қалып, өле-өлгенше бірін-бірі көре алмай кеткен жоқ па?! Осы күнімізге тәуба дейік! Аллаға сансыз шүкірлік. Барам дейсің, барып келесің, көрем дейсің, көріп келесің, ешкім кеудеңнен қағып, көзіңе шұқып тұрған жоқ. Баяғыда, осының өзіне жете алмай, зарлап қалған жоқ па ек?!


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 32 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)