Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 57 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-5 09:37:03

Отызыншы, қырқыншы жылдарда сен қаштың, олар қашқан жоқ. Сен қырылдың, олар қырылған жоқ. Сен таусылдың, олар таусылған жоқ. Ол замандағы қазақтың жан саны салыстырмасы осылардың ешқайсысынан кем емес еді. Егер біз қырылмағанда, біз осы екеуінен әлдеқайда көп болар ма едік, тек осы Қытайдың өз ішінде ғана?! Сен орысқа алданып, қаруын алып, Сәбеттің әскери пальтосын киіп, майданда қан кешкенде, олар соғысқа қатынасқан жоқ. Ашығын айтқанда, біз орыстың Қытайға қарсы айдап салған құралы болдық. Үш аймақ төңкерісі дегенің қанішер Сталиннің ұйымдастырған ойыны. Ойнап-ойнап алды да, ең соңында бір тиынға сатып кете барды. Не істей алдың?! Алдандың, қырылдың! Қаншама батыр боздағымыз қырылды. Я, жауынгерміз. батырмыз. Өзгеге қарағанда, әлдеқайда салыстырғысыз деңгейде батырмыз. Қанымызда көшпенді бабаларымыздан, батыр бабаларымыздан қалған еркектік бар. Бірақ сонау Мәскеудегі қанішердің ойыншығы болдық. Немістен қырылып, аман қайтқан сорлы қазақты Алтай бетіндегі қайсар қазаққа айдап салды. Тағы қырылдың! Осы қырыла бергеннен, таусыла бергеннен басқа көргенің бар ма, қазақ?!

Ал, қазіргі халің мынау. Бұл күнде ауыл жақта жақын туыс-тумада той болады екен десе, күні бұрын шошитын болдық, тойдан соң арақ ішіп, мото мініп, тағы кім өледі екен деп. Өлетіндер кілең қыршын жастар. Онан қалса, артында қатын бала-шағасын аңыратып, ата-анасын аңыратып тастап кететін отыз-қырықтағы ерке сәбилеріміз. Ал, өзгелер ше?! Біз біріншіден, Алланың қаһарына қалып, күнәһар боламыз, харамды ішеміз. Онымен қоймай, сол харамды ішкен беті Алланың берген ескертуіне құлақ аспастан, кәпірден екі есе қымбат бағасына қарызға алған қотыр мотомызды мініп алып, тозақтың төріне төте тартамыз. Себебі арақтан өлген адам – тозақылық. Арақ ішіп, 40 күн ішінде өлген адам да арам өлген адамға жатады. Бұл дүниедегі көрген қорлығың түк емес қой, ол дүниедегі мәңгілік қорлығың мен азабыңды ойласаңшы, қазағым-ау!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-5 09:57:45

Ел аман, жұрт тынышта, оба тимей, оқыра жетпей, тура біз құсап, қынадай қырылған өңге жұртты көрдің бе? Жоқ! Иісі мұсылман баласы ішінде қырылып, таусылып бара жатқан ел – біз ғанамыз. Біз – қазақтармыз! Жау тиместен, өз-өзімізден-ақ қырылып, таусылып, бітіп бара жатырмыз! Орыстың қазаққа жасаған қастандықтарының ең бастысы да осы арақ болды деп ойлаймын. Орыстың қазақ даласында жарған атомынан да құтылдық қой, бірақ қазаққа үйретіп кеткен арағынан қашан құтыларымызды білмейміз. «Орыстар қазақтарға арақ ішкенді үйретіп кетті, бірақ қанша ішкенді үйретпей кетіпті» дейтін керемет бір қанатты сөз бар, Қазақстанның жүз грамшылдары ішінде. Олардың айтысына қарағанда, қазақтар енді орыстың үйретуі болмағасын, қанша ішкенді ешқашан біле алмайтын сияқты. Әйтеу, арақ жағында да орысқа итағат қылып, құлшылық қылдырып қойған қу дүние-ай!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-5 10:24:19

Бізден басқа тұқымы таусылып бара жатқан, қызыл кітапқа енейін деп тұрған бір ұлт бар. Ол - орыстар. Орыстардың артынан, бірге туған бауырындай болып, орыстың басқан ізін басып, біз қазақтар кетіп бара жатырмыз. Бір айтысында жарты миллион, бір айтысында үш жүз мың орыс арақ кесірінен өледі екен бір жылдың ішінде. Болашақта Ресей деген алып елдің тізгінін татарлар мен башқұрттар немесе орыс текті мұсылмандар ғана ұстайды деген болжам бар. Бұлар нақтылы санаққа сүйеніп жасалынған ғылыми тұжырымдамалар. Бұл күнде әскерге жарамды орыс жігіті азайып, орнына арақ ішпейтін, зинаға бармайтын мұсылмандардың ұрпағы әскерге жарамды болып шығып жатыр дейді. Әйдиспен, әлсіздікпен, белсіздікпен, бәтшәғарлықпен атағы шығып келе жатқан орыс жігіттері болашақта өздерінің зорлықпен тартып алған жерлерінен айрылып қалатын түрі бар. Мұның өзі де алыс болашақ емес, алдағы қырық-елу жыл ішінде болғалы тұрған дүние...

Ал, мұсылман жамағатын қарашы! Соғыстан көз ашпаған Ауғанстанның жан саны қазақтан тез өседі. Жойттар қырып тоқтатпайтын Палестинадағы арабтар бейбіт замандағы қазақтардан өсімтал. Орта Азиядағы өзбектің саны қазақ үшін үлкен қорқыныш. Қазақстандағы ұйғыр мен өзбектің қатындары бала табудан қазақтарды шаң қаптырғалы қай заман. Ең қарапайымы, Үрімжідегі екі жылдың алдындағы атышулы оқиғадан соң, ұйғырдың қырықтан асқан қатындары тас құрсақтарын жібітіп, дене ішіне салдырып алған жүзіктерін алдырып, қайтадан бала көтеріп жатыр. Бұл күнде екінші, үшінші баласын туып жатқан ұйғырдың көптігінде есеп жоқ. Қаладағысы да, ауылдағысы да жаппай бала туу жарысына түскен де кеткен. Ал, біздің жігіттеріміз қырықтағы қатындарына бала таптырмақ түгілі, арақтан, мотодан қынадай қырылып жатыр...

Қала жағалаған қатындарды қойып, ауылдағы қатындарға дейін бұл күнде қызыл арақты тастап, ақ араққа ойысты. Шәй деген бір бәлелі ойын болды, оған енді ру тойы дегенді қостық, оған сабақтастар бас қосуы дегенді қостық, шайтанның амалында шек бар ма, араққа, харамға, зинаға жақындатып, құртып, тауысып әкетіп барады...

Тозақты өзге емес, біздің арам өлген қазақтарымыз толтырып болатын көрінеді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-5 11:04:31

Адасқан, шайтанның жетегіне түскен елге бәле-қазаның барлығы үйірсек. Бір бәледен құтқарсаң, екінші бәле есік қағып тұрады. Иман қорған болмаған елге ештеңе қорған бола алмақ емес. Бұл қазақта не көп, бақсы мен балгер көп. Бақсысы жоқ, балшысы жоқ, құмалақшысы жоқ қазақтың ауылы бар ма екен, осы?! Түген әулие, түген көріпкелдің атағын естігенде, тайлы-таяғы қалмай шұбыратын қазақты шайтан иектемей қайтсін?! Бақсысы мен балгеріне, құмалақшысына құдайдай ұйыған қазақ адаспай кім адассын?! Бақсысы мен балгеріне нанған, жоғалған қотыр тайыншасын табу үшін Алланың қарғысы тиген бақсыға жүгінетін, Алланың ең жек көретін күнәсін істеуден қорықпайтын қазақ, Аллаға серік қосудан қорықпайтын қазақ құрымай, кім құрысын!

Біз, Алланың кітабы бойынша талдау жасап көрелікші. Жаңағы сіз жақатпайтын дүңген мен ұйғыр, сіздің айтуыңыз бойынша болғанда, сіздің жинаған ақпаратыңыз бойынша болғанда, күндіз мешітіне барып, кеште көршісінің тауығын ұрлады делік! Ал, қазекең тойына жарты байлығын шашып тастап, жомарт болып, бай болып жасап, ешкімнің ала жібін аттамай, тек қана жоғалған қотыр тайы үшін бақсыға шауып барды делік! Таразыға салып өлшеңдерші! Қайсысының күнәсі ауыр екен! Әрине, көршінің ғазабына қалу дегенің Алланың ғазабына қалудың қасында ештеңе де емес! Асса, тапқан сауабынан, жиған иманынан қайтарар. Ал, Алланың шектеген, тыйған, Алланың ең жек көретін күнәлі ісін істеген жаңағы бақсышыл қазақтың халі о дүниеде қиын болмақ! Әрине, бұл дегеніміз жаңағы тауық ұрыларының күнәсін ақтағанымыз емес. Екеуі де күнә. Бірақ бақсышылдың, мүшіріктің, Аллаға серік қосушының күнәсі кешірілмейтін күнә!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-5 11:20:37

Мейлі, жаңағы бай қазақ, ақкөңіл қазақ, жомарт қазақ өзінің бүкіл ауылын, туыс-туғанын жалғыз өзі асырап отырсын! Ауылы ғана емес, күллі адамзатты, жер бетіндегі жеті миллиард адамды жалғыз өзі асырап бақса да, бақсыға сенгені үшін, құмалақшыға барғаны үшін аспан мен жердің арасын толтырардай сауапты еңбегі болса да, баратын жері тозақ болмақ!

Осындай күнәдан қаш, қазағым!

Алланың ғазабына қалдыратын күнәдан арыл, қазағым!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-6 03:09:01

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату, барша мұсылман жамағат!

Таң атса, қасиетті жұма! Жұма мүбарак болсын, туыстар!

Қасиетті жұмада алақандарыңызды жайып, Алладан тілейтін барша тілегіңізді тілеп қалыңыз. Себебі ең кішкенені мысал еткенде, аяқ киіміңнің бауына дейін тілеуден ұялмаңдар деген сөз бар. Демек, неменеге зәру болсақ, соны тілейік. Денсаулыққа мұқтажымыз денсаулық тілейік. Ақшаға зәруіміз ақша тілейік. Адал жарға зәруіміз адал жар тілейік. Балаға зәруіміз бала тілейік...

Жоғарыдә айтқанымыздәй, ең қысқасы, бір бәтеңкеңнің бауы үзіліп қалған болса, өзіңе бүтін бау тіле. Алла Тағала алақанын жайып, өзінен тілеу тілеген пендесінің тілегін кері қайтармайды...

06.01.2012

Chengdu бұл жолдаманы соңғы рет Жарқын0991 жағынан 2012-1-6 03:11 редакциялады.

Ғапсалам жолданған уақыты: 2012-1-6 04:28:20

Әлгі Кореяға барып елді шулатып келген ұйғырдан шыққан әйгілі сиқыршы жайлы ойлап байыбына бара алмадым, меніңше онікі бақсылыққа жатпаса керек, Алланың бұйрығы бойынша келген бір туар жан ба деп ойлап қалам.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-6 11:57:11

Сиқыр – исламда шектелінген. Сиқыршы – кәпір. Жоғарыдағы жалғамадағы мақаланы оқырсыз. Бекболат Тілеухандардың, қазақ ұлтшыл-діншілдерінің «намыс» атты сайтынан.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-6 12:00:50

Жоғарыдағы жалғамадағы мақаланың аты: «Кәпір кашпировский келіп, күпірлік жайып жатыр».

Авторы: Аманжол Бекенұлы

Ғапсалам жолданған уақыты: 2012-1-6 15:11:13

Айтқандарыңызды түсініп тұрмын. Менің айтпақшым, әлгі ұйғырдан шыққан сиқыршының жаратылыстан тысқары өнері оған қалайша дарыған, осыны онша түсінбей тұрмын. Өзінің айтуына қарағанда, сиқырлық өнері арқылы тапқан ақшасын өзі істетпей тек жетім-жесірлер мен оқусыз қалған ұйғыр балалардың игілігіне жұмсайды екен. 10 неше жылдың алдында тағы біреуі шыққанын білулеріңіз мүмкін. Кейін мәжбүри Хоңкоңға кетіп, дерексіз болды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-6 16:15:38

Біз мына ғаламда жалғыз емеспіз. Алла нұрдан періштені, оттан жынды, топырақтан бізді, яғни ең алғашқы адамды Адам атаны жаратты. Жындар да біз адамдар сықылды бір жаралмыш. Демек, олар да бір мақлұқатқа жатады. Жындардың ішінде ұлт, тайпа, ру болады, мемлекет болады. Тіл болады. Үлкені, кішісі, күштісі, әлсізі болады. Мұсылманы, кәпірі болады. Мұсылман жындар қажылық жасайды.

«Батысқа сапарға - ислами көзқарас» деген бір шығарма жазбақ болып жүргемін. Ондағы Таң Сың, яғни Таң Шуанзаң денесіне жын кіріп кеткен, Аллаға серік қосу күнәсін арқаләғән, онысымен қоймай, онысына миллиондаған адамды нандырмаққа, өзімен бірге адастырмаққа бола батысқа сапар шеккен бүтпәрес. Баратын жері – тозақ болмақ дүр. Ал, Сұн У Күң - жын. Ұша алатын, құбыла алатын, әр нәрсенің бейнесіне ене алатын қасиеттері оның нағыз жын екендігін білдіреді. Шайтандардың үлкені-кішісі болады, олар арасында өзара қырқыстар, соғыстар болады. Сұн У Күң шайтан-ібілістің алдында марапатталатын ең үлкен шайтан. Ібіліс - адамдарды адастыратын, Алланың қаһарына қалатын жолға салған жындарды қасына отырғызады. Мәртебе береді. Сұн шайтан жолдағы өзге шайтандарды жеңіп, Таңсыңды аман-есен бүтпәрестер еліне жеткізіп, ібіліс алдында ересен еңбек көрсетеді. Ібіліс дегені ондағы сәкя мони. Қалғандары - үлкенді-кішілі жындар ғана. Осы жазда 2011-дың жазында Ши-Ән қаласында болғанымда ондағы бір-екі оқырман бауырыммен жүздестім, Алла оларға разы болсын. Сол Ши-Ан қаласында патшаның Таңсыңды сапарға шығарып салған және қарсы алып алған жерін зиярат еттім. Ішімнен Аллаға мың-сан шүкірлік айттым. Құдайға шүкір, Алла бізді қашан да дұрыс жолға салғай! Адасқандардың, қаһарға ұшырағандардың жолына емес!

Сиқыршылар, бақсылар, құмалақшылар, көріпкелдер осы жындармен жұмыс жасайды, оларды бір ауыздан жынкеш деуге болады. Бұлардың барлығы адамдарды адастырушылар. Өздерімен қоса, шайтанның артынан ертіп, шүбіртіп отырып, тозаққа төте бастап баратындар. Олар кісілерді алдамаққа, сырт көзге көрсетіп намаз оқуы мүмкін, жалғаннан құран сүрелерін оқуы мүмкін, құран кітапты ашып тұрып, бал ашуы мүмкін, мұнысының барлығы лағынеті шайтанның адамдарды аздыру үшін ойлап тапқан амалы. Исламда бұларға қатаң тыйым салған.

Жаңағы «Батысқа сапарға – ислами көзқарас» шығармамды алда жазамын деген жоспарым бар, иншаллаһ.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-6 18:31:39

Менің Мәскеуге жете алмай-ақ қойғаным оқырмандармен қоса өзімнің де тағатымды тауысып бара жатыр. Жазам деп жоспарлаған дүние мол. Хәсекеңнің «Жяң Жиеші мен Жарқын 0991» шығармасына, оқырмандардың қалдырған лебіздеріне, жазған хаттарына, қысқа хаттарына алғыс айтамын. Алла разы болсын! Баяғыда бір бауырым чемодан сүйреген менің қалжың суретімді шығарған еді. Ол бауырыма да Алла разы болсын. Хәсекең іркес-тіркес екі шығармасын осы сапарнамаға арнады. Бірі: Мәскеу сапарынан естеліктер (сығымдалған нұсқасы)

Http://k.iskz.com/forum.php?Mod=viewthread&tid=23725

Енді бірі: «Жяң Жиеші мен Жарқын 0991»

Http://k.iskz.com/forum.php?Mod=viewthread&tid=24372 еткен еңбегі ересен. Оқырмандарға өзгеше бір әсер жасады. Ғаламтор әдебиеті дегеніміз осынысы үшін де қызық қой. Мұны дәстүрлі әдебиет орындай алмақ емес. Ал Мәскеуге неге жете алмай жатырмыз?

Бір ауыз сөз - қарбаластық. Ал, қандай қарбаластық?!

Бір түсіндіре кеткім келетіні - мен 2011 жылдың 11 желтоқсанында Алматы-Семей ұштым. Онда екі-үш күн болып, 14желтоқсанда Семейден Алматыға ұштым. Семейдің әуежайында төрт сағат ұшақ күттік. 16 желтоқсан Алматыдан Бейжіңге ұштым. Бұл күн жұма еді. Қазақ тарихында «қанды жұма» немесе «қанды желтоқсан» болып қалатынын біз онда білмедік. Бейжіңде торға шыға алмадым. Ұйқтадым. Естен айырылып ұйықтадым. Бейжіңде бір түнеп, ертесі Нанжиңге ұштым. Есімде қалуынша, келесі бейсенбісінде 22 желтоқсан Нанжиңнен Чыңдуға ұштым. Чыңдуда бір түнеп, ертесі Нейжяң қаласына көлікпен кеттім. Онда бір түнеп, ертесі таң бозынан Чыңдуға кері қайттым, 24 желтоқсан Чыңдудан Жыңжуға ұштым. Онда екі түнеп, 26 желтоқсан Жыңжудан Чыңдуға кері қайттым. Осы қайтысымда Чыңдудағы оқырман жігіттермен, армандас, ділдес бауырларыммен жүздестім. Олардың бір тобымен осы жазда да әлгі жалғамалы деген бәлеге қарсы тұру бабымен жүздескенмін. Олар оқуларын тамамдап кетіпті. Ертесі Нейжяңға кеттім, онан ары Зігүңға бардым, Лұңчаңға бардым, Рұңшянға бардым. Арада әлгі Гуәңшүй заманында жөндеуден өткен мешітті тауып алдым...

Осыны мен басымнан өткеріп жүргенде, осыны мен дәл қазір жазып отырғанда, осыны оқып отырған сіз де шаршап кеткен боларсыз...

Бір чемодан құжат. Келісімшарт. Киім. Сарпалдаң шабыс. Әуежайдағы ұзақты күтіс. Ал мен Мәскеуге қалай жетейін, оқырман?!

Бұл жолдаманы соңғы рет Жарқын0991 жағынан 2012-1-6 18:51 редакциялады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-6 18:31:59

Қазір Чыңду қаласындамын, кеше кеште бір-екі бауырыммен жүздестім, қазақ иісін иіскеп, қазақша сөйлеп, бір қарқ болдым. Алла оларға разы болсын. Бүгін жұма болғандықтан, жұмыстардың барлығын қайырып қойып, қытайлардың аузын аңқайтып, ұшақ билеттерін, жоспарларын өзгертуге мәжбүрлеп, жұмаға намазға кеттім де қалдым. Чыңдудағы Шяухы көшесі 2-нөмірдегі, қаланың үлкен алаңы маңындағы «Хуаң чың» мешітіне барып, мұсылман жамағатымен бірге қасиетті жұма намазына қатыстым...

Хәсеке, Путинге менен сәлем айт. Алдыңғы жолы барғанымызда өзі қарсы ала шыққан жоқ, сонысына өкпеміз бар. Бірақ осы Путин Медведевпен бірге бір көлікте, Петербургтағы жиыннан соң, Мәскеуге келген бір қазақ болды. Біз сол кісімен жүздестік, ол кісі бізге министрлерді кезіктірді. Оған да шүкір. Бірақ миллермен кездесе алмай кеттік, керісінше, билік басындағы дөкей еврейлермен, «Путиннің ақша қапшығы» деген еврейлермен кездесіп қайттық...

Сапардың соңы қызық...

Алла қаласа, осы қыс ішінде Мәскеуге барсам, сол Пүкеңнің өзі қабылдаса деген арман бар...

Қабылдай жатса, жазармын...

Ауданның әкім-шужиі түгілі, ауылдың әкімінің түрін көре алмай кеткен ауылдың бір саржалпағы едік. Бір Аллаға сансыз мадақтар болсын. Алла - ұлы!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-6 18:32:13

Тәулігіне төрт сағат қана ұйықтап жүрмін. Ара-тұра уақыт тауып, күлтегінге шығамын. Күлтегін маған бір дерт болды. Шықпасаң, шыққың келеді. Оқырмандардың хаттарына жауап жазамын. Біреу кеңес сұрайды, біреу көмек сұрайды. Айтсаң, тіпті қызық. Біреу шақырту жібер дейді, жібересің. Өмірі естімеген бір жердің естімеген бір ауылындағы бір қазаққа «нағашысы», «құдасы» болып шақырту жіберем. Әрине, бір тиын ақшасын алмастан. Біреу ықтяр хатын айтады. Біреу жер дауына көмектесіп беруімді сұрайды. Біреу оқуға түсіріп беріңіз дейді. Біреу әйелімен ажыраспақшы екен, менен пәтуа сұрайды. Бір қыз өкінгенін айтып, аңғалдықпен от басқанын айтып, «Алла мені кешіре ме?» дейді, біреу Алматыдан үй алмақшы екен, көмектес дейді. Біреу алған жерінің құжаттарын жібереді. Дұрыс не қате екенін айырып бер деп, айта берсең санап тауыса алмайсың...

Қысқасы, Алла берген аз ғана ғұмырды мәнді, сәнді өткізсем деп жанталасып-ақ жүрміз. Алланың сұрайтын ең қиын сұрақтарының бірі - жастық ғұмырыңды қалай өткіздің, неге арнадың деген сұрақ екен. Сол сұрақ алдында қиналып, жауап таба алмай қалмасақ болғаны ғой!

Бұл жолдаманы соңғы рет Жарқын0991 жағынан 2012-1-6 18:44 редакциялады

От жолданған уақыты: 2012-1-6 19:06:12

Негізі Қазақтанда «Қағбаға сапар» деген шығарма жазылғаны дұрыс болар, өйткені өткен заманда қаншама қазақ атқа мініп, түйе қомдап қағбаға барып тауап етіп, қасиетті құран алып қайтқаны бар ғой. Талайы қажы болып бала оқытқаны Қытайдың сайтани «Ши Иоу Жиінан» баяғыда артық болмас па?

Мысалы, сол дәуірде құмылдан аттанған қажы десек, жол бойы нені көрмейді, Тұрпанды, Үрімжіні, Орта Азияны, сосын Араб жерін ұланғайыр дала сапары ғой бұл, соңынан жеңіспен еліне оралады, Алланың құдыретін мұсылмандықтың маңызын жұртқа ұғындырар еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-6 21:31:32

Қағыбаға сапарды Қазақстан қазақтары жазып жатыр. Атақты режиссер Рақышев түсірген «Қажылық» деген құжатты фильм де бар. Қазақстан тарапы болғасын, Сауд үкіметі оларға арнайы көңіл болып, ешкімге рұхсат етпейтін «тік ұшақпен түсіру» құқығына дейін берген. Менше, қазақ торларында жарияланды. Білетіндер жалғамасын әкеле жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

Бұл жолдаманы соңғы рет Жарқын0991 жағынан 2012-1-6 21:31 редакциялады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-7 11:12:28

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат!

Біраз оқырман хат жазып менің кім екендігімді сұрайды. Шындығын айтқанда, бұл ешқандай құпиялық емес. Сол бауырларыма жалпылама жауап жаза кеткенді жөн көрдім. Менің кім екендігімді менің осы кітабым баспадан шыққанда білетін боларсыздар. Ол кезде сіздер сұраған суреттерді де кітап арасында жариялаймын, иншааллаһ. Ашығын айтқанда, менің кім екендігімді білетін оқырмандар аз емес. Бейжіңдегі, Чіңдудағы, Ши-Әндегі, Үрімжідегі, Алматыдағы, Талдықорғандағы, Семейдегі, Астанадағы ғаламтор қолданушыларымен, оқырмандармен, бауырлармен кездескенімде, барлығы да өз көздерімен мені көрген. Мен де олармен суреткен түсіп естелік қалдырғанмын. Алла разы болсын ол азаматтарға! Бір ауыз сөзімді жырмай, менің суретімді ешқайсысы ғаламторға ашық жариялап жіберген жоқ. Азаматтың азаматтығы, еркектігі осындайда көрінеді! Ашығын айтқанда, мұның еш құпиялылығы жоқ. Жалғамалы сатуға қарсы тұру барысында да солай болды. Бас қостық, жүздестік. Суретке түстік. Жасырып-жабар ештеңесі жоқ. Сондықтан, мынау ғаламтор дүниесінің заңына қазірше, уақытша бағына тұралық, сәті түскенде, Алла қаласа, баспадан шыққан кітабымды сыйға тартамын. Сондағы суреттермен қоса жариялармын, иншаллаһ. Әрине, баспаға Алматыдан шығаратыным жоспарымда бар. Оқырмандарға, тек сабыр тілеймін.

Осылай жартылай жабық жүргеннің де бір рахаты бар.

Өмірдегі ашық-жасырын жақын достарың, ашық жауларың, тасадағы дұспандарың сенің кім екеніңнен хабарсыз жүреді. Мынау жалған өмірде, бес күндік қысқа да келте ғұмырда бірімен-бірі алысып, жұлысып, тартысып, шекісіп, қызғанысып өмір сүретін адам баласы ғаламтор әлемінде, кейде өзінің өмірде ашыққа шығара бермейтін бір беттерін ашыққа шығарады. Өмірде бір бөлек, ғаламторда бір бөлек өмір сүру дегенің де ғажап-ақ. Бұл өмір қазір бұл дүние, о дүние, төр дүниесі деп бөлініп кетті дейтін қалжыңға сүйенсек, мұның да өзіндік ащысы мен тұщысы бар бір әлем екен...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 36 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)