Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 56 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Баршамыздың аспанымыз ашық, иманымыз кәміл, жүрегіміз қуанышқа толы болғай! Рұхсат болса, шығармамызды жалғастыралық.

Бүгін қаңтардың 3 күні. Күнге сейсенбі. Мынау қалада бүгін толассыз себезгілеген жаңбыр. Ең жоғары болғанда 6 градус жылы. Қыста жаңбырлап тұрып алатын Алматыға үйреніп қалған маған бұл оншалықты таң дүние емес еді. Бірақ мұнда бір түрлі сүркейлі. Сыртқа шыққың келмейді. Бұл жақта жылу жүйесі дегенің атымен жоқ. Қонақүйде ауа теңшегіш-кондиционер бар. Сонымен ғана жан сақтайсың. Қара халқы токті үнемдеу үшін мұндай суықта да ешқандай жылыту аспабынсыз дірдектеп, дірілдеп жүруге көндіккен. Аз күн бұрын бір сәтке ауа ашылып, күннің көзі көріне қалып еді, тұтас жұрт тайлы-таяғы қалмай, өзен жағасына жиналып, жапырақ шайларын ішіп, мажяңін ойнап, қартасын соғып, бір қарқ болып қалды, мұндағы жұрттың өзі осы өмірге көндіккен. Дүкендері, асханалары тұтасымен ашық тұрады, өздері тоңбайды. Ал, мен керісінше, бір сәтке далаға шыға қалсам, тоңып кетемін. Алматыда қақаған аязда, әудем жерге, сыртқа дүкенге шықсақ, жейдешең не шолақ дамбалмен жүгіріп кете беретін мықты жігіт Қытайдың мынау қаласында тоңғақ-ақ. Суық та мені жатсынатын сықылды. Әлде, мен мына жерді, мына жердің суығына дейін жатсынамын ба, әлде?! Кім білсін?! Мұндайда, қазекең болса деп ойлаймын, дүние өртеніп кетсе де, қазекең үйіне пеш орнатып, отынын жағып немесе ток пешіне жылынып отырған болар еді. Ыстық шайын баптап, сүттеп, қаймақтап ішіп, құс жастықты қостан жамбастап, рахаттанған болар еді.

Жанының рахатынан гөрі ақшасының үнем болып қалуын ғана ойлайтын үнемшіл қытайларға қазақы мұндай ойды ешқашан уағыздап сіңдіре алмасың шындық.

Бұл жолдаманы соңғы рет Жарқын0991 жағынан 2012-1-3 23:45 редакциялады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-3 23:58:12

Алты күн бұрын осы өткен сәрсенбіде мен мұндағы бір таңғажайып тарихи мешітті іздеп тауып алғанымды айтқан ем ғой. Мешітті іздеп тауып алған күнгі менің қуанышымды айтып сұрама. Мешіт имамы мешіт алдына келіп тоқтаған көлікті көрген болса керек, мен мешіт ауласы ішіне кіре бергенімде, қуыстағы бөлмелердің бірінен жүгіріп шықты. Қаншама замандар бірін-бірі іздеп таба алмай жүрген аға-бауырлардай бір-бірімізді бас салыстық. Мұсылманша амандығымыз аяқтай сала, мешіт ішіне кіріп, отырмастан, екі бас сәлем намазын оқыдым. Сосын бесін намазын оқыдым. Мен намаз оқып жатқанда, имам жігіт пен келіншегі екеуі маған айтпастан, тамақ жасап дайындап болыпты. Аң-таң қалдым! Асты-үстіме түсіп, жігі-жапар болып, қымбат бағалы шайларының қорабын ашып, шайын құйып, «алыңыз, жеңіздің» астынан алып, төредей күтіп әуре болды. Қайта-қайта «біз дін бауырлармыз ғой» дейді. Мен өзім қатты ыңғайсызданып қалған едім. Себебі, мынау иір-қиыр жолдарды басып, неше рет адасып, елден сұрап жүріп, ирелек-ирелек тау жолын басып жүріп, сайға құлдап, бетке өрлеп, мың-сан әуремен әзер тапқан мешіттің имамының жағдайы маған жолда келе жатқаннан-ақ бесенеден белгілі болған еді. Мынау мешіттің үкімет тарапынан ешқандай қолдау-қуаттау көрмейтіні де маған белгілі еді. Жолшыбай мұндағы ел-жұрттың алақандай ақ жер қалдырмай, жыра-жырашыққа, таудың бетіне, жолдың шетіне, үйдің орнындай жерге дейін бос қоймай, көгөніс егіп қойған халіне қарап-ақ, мұндағы жұрттың әл-ауқатының тым шіркін-ай еместігін аңғаруға болатын еді. Осындай жерде тұрып, азғантай ғана мұсылманға рухани басшы болған жас жігітке тәнті болмай тұра алмас едің...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-4 00:17:31

Араға бір күн салып, бейсенбіде өз жұмыстарымды ыңғайлап болып, жұмаға бекітілген жиналысты күшінен қалдырып, қасиетті жұма күні осы мешітте жұма намазын оқуға тағы да аттандым. Бір Аллаға сансыз шүкірлік! Құжынаған қытайдың ішінде жүріп, жұма намазымды жамағатпен өтеймін дегенді тура осы бір мұсылманы жоқ делінетін шет қалаға келгенімде, ешқашан ойлап көрмеген едім. Алланың шеберлігінде шек жоқ! Аллаһу әкбәр! Аллаһ-ұлы!

Мешіт қаншалықты жұпыны болғанымен, намазхандары соншалықты қарапайым ауыл адамдары болғанымен, мен бұл арадан таңғажайып бір хикметті көріп қайттым. Аң-таң болдым!

Намазхандар бар жоғы он бір адам. Ішінде бірнеше ақсақалы бар. Жұма намазы басталардан бұрын барлығы отыра қалды да, имам келіп, қолдарына құран кітабын үлестірді. Құран кітабының бас беттерінде қытайдің ескі әліппесімен қолжазба күйінде жазылған сөздер тұр. Құран сүрелері де тұтасымен қолмен жазылған. Баспаша емес. Сосын соны көбейтіп, бастырып алған. Қытайша жазылған алғашқы бірнеше беті ескі қытайдың жазу үрдісі бойынша оңнан солға қарай, жоғарыдан төмен бағытталып жазылған. Арабша жазулар оңнан солға қарай. Арабша жазулардың үлгісі де керемет әдемі...

Бір таңғажайыбы, арнайы медреселік білім алғандар ғана оқи алатын арабшаны дүңгендерің отыра қалып зуылдатып оқығанда, таңырқағаннан аузым ашылды да қалды. Мынау шет аймақтағы тау қуысындағы құрттай мешіттен тажуидты меңгерген осыншама адам шығарын мен ешқашан ойлап көрмеген едім. Әрине, кейбіреулерінің тәжуидтерінде ұлғаусар қателіктер бар екені бірден белгілі болды. Бірақ олардың осы жерде тұрып, араб жазуын төте оқып, құран кітабын аударуының өзі - біздің өзін керемет мұсылманбыз деп санайтын кез-келгеніміздің қолымыздан келе бермес үлкен өнер еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-4 00:33:23

Әрине, құлшылықтың қабыл болуы немесе қабыл болмауы ниетке байланысты ғой. Алланың разылығы үшін емес, қажы атану үшін немесе Алланың разылығынан басқа кез-келген мақсат үшін жасаған қажылығыңның өзі қабыл болмайды. Қажылық үшін шашқан ақшаң да текке кеткен болады. Ең бастысы, Алланың сұрағы бәрінен ауыр болмақ.

Бірақ мынау бір топ сычуандық дүңгендердің арабшаны зуылдатып оқығаны мені қатты таң қалдырды. Жасы да, кәрісі де, құран кітабын алды да, дырылдатып оқып кетті. Тажуидты білетін осыншама көп мұсылман Үрімжі-Құлжа сынды қалалардан басқа жердегі қай қазақтың қолынан келеді екен?! Ол жағы өзімізге мәлім. Үш миллионға жуық құжынаған қытай ішінде жүріп, қытайлар тарапынан арғы-бергі тарихтарда мың-сан езгі көрсе де, тепкі мен тепершіктен көз ашпай келсе де, Алланың ақ жолынан адаспаған осы бір азғантай мұсылман бауырларыма дән риза болдым! Рақымы шексіз Алла тағаладан олардың құлшылық-ғибадаттарын қабыл етуін тіледім!

Бұл жолдаманы соңғы рет Жарқын0991 жағынан 2012-1-4 00:35 редакциялады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-4 00:54:18

Үрімжіде жүргенде кейде әлдебіреулердің дүңгендердің тажуидын (арабша дыбыстауы, құранды оқуы) кемсітіп жататынын ауық-ауық естіп қаламын. Шын мағынасында, бұл дұрыс емес еді. Ең бастысы, араб тілі - олар үшін алғанда, мүлде жат тілге айналған. Біздің тіліміздегі аса мол арабша-парсыша сөздік құрамдарымыз біздің жалпы тілдік ерекшеліктеріміз бізді қашан да арабша дыбыстауға мәлім деңгейде жақындатып тұрады. Ал олар болса, арабша сөздердің оқылуын қытайша әріптермен жазып алады екен. Арнайы білім алғандары болмаса, былайғы қара халқы жаңағы қытайша әріптермен белгіленген арабшаны жаттауға мәжбүр болады екен. Қытай тілінің заңдылығы бойынша қытай еместердің атының өзі мүлде өзгеріп шыға келетіні баршамызға аян, ендеше, тұтас бір сүренің дыбысталуын қытайша әріптермен жазып алып, дыбыстап көрші, қане...

Ең бастысы, олардың бойындағы Алланың дініне деген өлермен беріктік! Өз діндеріне деген осындай берік сенім болмағанда, бұлар баяғының баяғысында-ақ жұтылып кеткен болар еді. Таң патшалығын құрған түркілерді, Ляу патшалығын құрған қидандарды, Юан патшалығын құрған мұңғылдарды, бұрынырақта Жиін патшалығын құрған, кейінтіндеп Чиң патшалығын құрған шүршіттерді тұтасымен жұтып алған қытайлар жаңағы түркілер, мұңғылдар, қидандар, шүршіттер сынды патшалық құрып, өктем, қуатты ел болмақ түгілі, өмір бойы бодандық пен құлдық қамытынан айырылмаған дүңгендерді ешқашан өздеріне сіңістіре алған емес. Жаңағы патшалық құрған, тұтас Қытайды билеген, қытайлардың өзін билеген сол бір заманның өктем ұлттары бұл күнде басы бүтін қытайласып кетті. Құрыды, жоғалды. Тарих бетінен өшті. Қазақша айтқанда аты өшті. Қидандар атам заманда-ақ құрып кетті. Біразы қытайға сіңді, біразы қазаққа сіңді. Таң түркілері де сіңіп жоғалды. Шүршіттер бір ғасыр бұрын жоғалды. Мұңғылдар қазірдің өзінде жоғалу үстінде. Ал дүңгендер болса, мың жарым жылдан бері ешқашан жоғалмастан, бір Алланың берген құдыретінің арқасында, мың-сан ұлтты жұтып алған Қытай айдаһарымен бірге жасасып келе жатыр.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-4 02:27:17

Шадян оқиғасы туралы айттық. Біраз оқырман аталмыш оқиға хақында хат жазып, хабарласып, өз ойларын айтқанымен, ашық сұхбатта ешкім аузын ашқан жоқ. Қасиетті діндерін, ұлттық намыстарын қорғау үшін, қылышынан қан тамып тұрған солақай саясаттың өзіне қасқайып қарсы шаба алған дүңгендердің аталмыш ерлігін екі түрлі тұрғыдан бағалауға болар еді. Бірі - үшбу ерлікті жасағандығы. Жандарын шүберекке түйе отырып, ұлттық намыстарын аяқ асты етіп, діндерін қорлаған шолақ белсенділерге қасқайып қарсы шаба алғандығы. Себебі, мәдениет зор төңкерісінің аласапыран заманында мұндай қарулы қақтығысқа, ұйымдасқан соғысқа бара алу дегеніңіз - тілмен айтып жеткізуге болмас ерлік.

Екіншісі - осы ерлікті жасаған ер-азаматтарының артынан жоқшы бола білгендері. Заман дұрыстала салғанда, кезінде кері төңкерістік сипат алған осы қарулы қақтығысты заң арқылы ақтап, дін үшін құрбан болғандарға шахид атағын беріп, ескерткіш орнатып, екінші мәрте ерліктерін, еркектіктерін көрсете алуы. Бұл хақында біз Иұннан өлкелік Гіжю қалалық Шадян аумақтық партия комитетінің заңды сайтынан ситат алып, сілтеме жолдағанбыз. Оқырмандарымыз алаңдамастан, үшбу сілтемелерді оқи берсе болады.

Ал біз ше? Біз сол заманда сондай ерлікке бара алдық па? Сондай ерлікке барған, ерлікті жасай алған арыстарымызды бағалай алдық па? Ерлікті жасамаудан ерлікті бағаламау әлдеқайда қауіпті деген еді ғой...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-4 02:47:22

Біз Үрімжіде Шың Шысайдың қорлығынан көз жұмған Ақыт қажыға, атақты Таңжарық ақынға, Шың Шысай жендеттің қанды қылышынан қаза тапқан сан-санақсыз қазақтарымызға, алаштың ардақты ұлдарына Үрімжі қаласынан ескерткіш орната аламыз ба?! Ескерткіш болмаса да, еске аларлық бірдемені істей аламыз ба?

Біз тегі қандай халықпыз? Шадяндағы дүңгендердің басына келген сол нәубет біздің басымызда болмаған ба еді?! Ендеше, біз сол дүңгендердей бола алдық па? Әдетте кейбір қазақтар мен кейбір ұйғыр бауырларымыз дүңгендерді менсінбей сөйлейді. Жастық, мастық, албырттық болар дейміз, Алла бізді тәкаппарлықтан сақтасын. Кімді менсінбесең, кімді қорласаң, өзің сонан арман қор боласың, сонан күнің төмен болмақ. Тәкаппарлық – сайтанның мінезі. Лағынеті сайтан осы такаппарлығы үшін Алланың қаһарына қалған...

Біз енді өзіміздің туған мекенімізде, ата-бабамыздың мекенінде, өз тілімізде бала бақша ашу үшін шапқылап жүрген қазақпыз...

Неден жаздық, күніміз неге соншалық аянышты халге түсті?

Қазақтар-ау. Бос мақтанды қоялық. Мақтаншақтық - мұсылман мінезі емес. Өзіміз ешқашан көшіп бармайтын, бірақ тек сыртынан ғана мақтанып, сүйінетін, сүйсінетін Қазақстанымызды айтып, өзгеге 20 жыл мақтандық, жетер енді...

Мақтаған қыздың кебін кимейік. Алланың сүйген амалдарын орындайық, ұлт ретінде әлдебіреулерді менсінбегенді, ұлт ретінде әлдебіреулерге мұрын шүйіре қарағанды қояйық...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-5 02:20:02

Ассалаумағалайкум, қадірлі жамағат!

Чыңду қаласынан сәлем беріп тұрмыз, жұмыр жердегі барша қазақ баласына. Төрткіл дүниенің бұрыш-бұрышындағы қазақ баласы Алланың шашып берген несібесін теріп жеп, аман-есен жүре берсін деп тілейміз.

Кеше түстен кейін 4 қаңтарда екінті кірер-кірместен Нейжяң қаласынан аттанып, ақшам өте бере Чыңду қаласына жетіп алдым. Осы екі қаланың арасында осыған дейін он шақты рет жүрсем керек. Қашан да шаршап-шалдығып жүретіндігімнен бе, әлде көлікке шыға сала ұйқыға бас қоятын бала күнгі әдеттен бе, мен осы қаланың арасындағы көркем табиғатты бүгін ғана тамашалауға мүмкіндік алыппын...

Сычуанның, қазақша айтқанда Төртсудың немесе төрт өзеннің жері, шынында аса керемет. Қытайларда 蜀道之难,难于上青天 деген сөз бар. Сычуанның жері таулы, қыратты. Ежелден қатынасы қатты қолайсыз, әрі жолы қиын. Жаңағы қытай сөзінің төте қазақшасы: «Сычуанның жолы аспанға шығатын жолдан да қиын» деген мағынада. Жаймаласақ, «Сычуанға барғаннан гөрі аспанға шыққан жеңіл» демекдүр.

Айнала жап-жасыл. Жол бойы жап-жасыл тау. Табиғаттың бір керемет көрінісін осы арадан табасың. Қытайларың бұл араға айнадай жалтыраған керемет тас жолдарды салып тастаған. Айқұш-ұйқыш айқасқан жоғары қарқынды тас жолдардан көз сүрінеді. Хүкіметің ақшаның барлығын осы жаққа ғана шашып тастағандай. Тауды тесіп, адыр-адырдың арасын тунелмен жалғастырып, көпірмен тұтастырып, қолынан келгенінің барлығын тек осы араға ғана төккендей-ақ. Тамсанасың. Шіркін, біздің Қазақстанның жолы қашан осындай болар екен деп армандайсың. Қытайлар дағдарыстан құтылудың бір жолы - ішкі сұранысты арттыру деп шешті де, запастағы ақшасын ұлттық макролық құрылғыларды зор көлемде құруға, орнатуға шашты. Соның нәтижесінде сағатына 200 шақырымдық «тыныштық» жылдам пойызына таңырқап жүргенде, сағатына 350 шақырымдық жүрдек пойыздар шықты. Кей тұрғыдан қарағанда, асыра істегендей көрінгенімен, қытайлардың мұнысы да оңды тірлік еді...

Қ. Ж жолданған уақыты: 2012-1-5 02:41:37

Жаке, сіз Қытайдан алған пайдаңыз үшін Қытайдың қаласы мен даласын мақтай бермеңіз. Қазақтың ауасы мен даласын бұзған кім? Қазақ емес шығар? Моңғұл емес шығар? Сіз дүниені кезіп жүрген адамсыз, жарайды, Қытайдың үлкен қалалары аты қазаққа белгілі зор дамып жатыр, бірақ мұны жаңа «зор секру»деп ойламайсыз ба? Іс жүзінде біз кіріп кетіп отырған жоқпыз ба? Мәденитті мал, я адам екеніңді өлшейтін АҚШ идеясы бүгінгі Қазақстан үшін өлшем болып қалуы керек пе?! Не үшін қазақтың жолымен жүруге үгіттемейміз? Қол ма едік? Құл сияқты тарихымызды басқалар жазды ғой, соған сеніп, сенікі дұрыс деп, жүре береміз бе? Қытай азат болса әрең отыз жыл (Маудың 20 жыл қателігін Қытай да кешірді...) болған шығар? Неге Қытайға қылмыңдап, орысқа орай жарата береміз?

Ғапсалам жолданған уақыты: 2012-1-5 04:01:50

Құдайдан қорықпаған сол ақ тақиялылардың қалайша мұсылман боп қалғанына таң қаламын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-5 08:27:38

Ақ тақиялыларға көзқарасы бар жігіттерге жалпылама жауап:

Жігіттер, біз барлығынан тепершік көрген жұртпыз. Ең қысқасы, сонау Гәнсу-Чиңхайдағы осы дүңгендердің өзі 70-80 жыл бұрын, яғни 1930-1940 жылдарға бізге не істемеді?! Мабуфаң мен Мажұңиың дегендердің істегенін мен ұмытып отырған емеспін, ол хақында айттым да. Оны бұрынғы жазғандарымнан оқыдыңыздар. Ал қазір сіздер айтып отырған ақ тақиялылардың қазақтың иманы әлсіз қыздарын ойыншық қылуы, өзге қазақтың олардан тепершік көруі – бұл да менің жүрегімде бар. Демек, өзгеге бөзек болу дегенің – нашарлық, әлсіздік, қорлық болса, өзгеге өктемдік ете алуының өзі олардың бізден қуатты, ұйымшыл екендігінің белгісі. Жануарлар әлеміндегі күшті, қуатты түрдің әлсіз, қуатсыз түрді жем қылатыны сынды, адамзат дүниесінде де әлсізді алды, нашарды мықты жем қылады. Жазбағым, осы дүңгендердің өзінен мың есе көп қытайлардың ішінде жасап отырып, оларға жұтылмай келе жатқан өміршеңдік қасиеті! Бұндай өлермен өміршеңдік қасиет бізде бар ма? Қытайдың қала-қаласын кезіп жүріп, есектің артын жуып жүріп, ақша тауып, қатын, бала-шағасын бағатын рух бізде бар ма? Бұлардың қос тілді болғанына қай заман, тілдерінен айырылды, бірақ діндерінен айырылған жоқ. Ал біз ше, тілден де кетіп барамыз, діннен де кетіп барамыз, жау келместен, оба тиместен, арақ пен мотоның өзінен қынадай қырылып, таусылып барамыз...

Бұл ғаламда, мейлі, сен ұнатпа, ұнат, күштілер ғана өмір сүреді. Ортаға бейімделген, тіршілік қабылеті күштілері ғана қалады, әлсізді, нашары құрып жоғалады. Біз атын білетін, бізге дейін құрып кеткен ұлттар мен құру алдындағы, құру барысындағы ұлттар бұған дәлел. Менің дүңгенді мақтауым, олардың құрттай асханасынан 2 уақ тамағымды айырып, дүңген сасып, пияз кекіріп, ащы қызыл бұрышынан ішім өтіп, мазам кетіп жүргені үшін емес, мәселе, осылардың бойындағы бізде жоқ өлермен өміршеңдікті өзгеге жеткізу ғана. Өзімізде ненің кем екенін, ненің жоқ екенін аңғару ғана.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-5 08:56:29

Мысалы, ұйғырларды алалық. Олардың ресми санақтағы жан саны 9 миллион. Біз болсақ, анық есепте екі миллионға жете қабылмыз. Біреулердің дәлелді есептеуінше, біз осыдан 20 жыл бұрын-ақ екі миллион екеміз, анық-қанығы бір Аллаға аян. Сан-санақ ешқашан дұрыс болмайды, қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса деген. Демек, екі миллион деді ме, сен екі миллионсың. Жә, бұл жағын қумалық, енді сол әдетте біздің дүр жігіттеріміз жақтыра бермейтін ұйғыр мен қазақты салыстырайық. Олар бізден төрт жарым есеге жуық, жалпақ есепте бес есеге жуық көп делік. Бұл есебім, әрине, қытай ішінде ғана. Ал, біз сол ұйғырлармен салыстырғанда қандаймыз? Оларда әр бес қонақүй болғанда, бізде бір қонақүй бар ма? Оларда әр бес сауда дүкені болғанда, бізде бір сауда дүкені бар ма? Олардан әр бес миллионер шыққанда, бізден бір миллионер шықты ма? Олардан әр бес асхана ашылғанда, бізден бір асхана ашылды ма? Олардан бес түрлі тауар өндірілгенде, бізден бір тауар өндірілді ме? Мейлі, оны өзі өндірсін, әлде қазіргі кеңшілік заманда о-и-ем (OEM) үлгісімен өзгеге өндіртсін, біз солар істегеннің бестен бірін істей алдық па?

Бар білеріміз - Қазақстанды айтып мақтанамыз. Дұрыс, мақтан. Аллаға шүкір. Бірақ, біз осы мақтанышымызбен-ақ елдің артында қалып қойған жоқпыз ба? Мақтанғанның да шегі бар ғой. Қытайлар азат болғанда, 1949 жылы Қытайдағы, шеттегі барша қытай қанды мақтанды, оны тарихтан білеміз, Отанға орала алмаған зиялылар көгалда жиналып, бес жұлдызды Қытай туының пішімінде жатып, өздерінің сағынышын бейнеледі. Демек, барлық қытай мақтанды, жапон тізе бүккенде де сол болды, мақтанды. Ал, бірақ сол мақтанған қытайлар қазір мақтанып жүр ме? Олар ол замандағы саяси мақтанышын Мау заманымен бірге ұмытты. Енді олар қаражатпен, ақшамен, байлықпен мақтанудың жолына түсті. Айналамызға бір уақ қарайықшы, ел-жұрт қайда, біз қайдамыз?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-5 09:11:21

«Ай мен күнді біле алмай,

Отырамыз ырғалып», -деп бір ақынымыз ашына жазып еді. Біз ешкімді мадақтамаймыз, барша мадақ бір Аллаған ғана тән. Алла ғана мінсіз пәк. Ал жаңағы біраз жігіттеріміз жақтырмай тыжырынатын, менсінбейтін дүңген мен ұйғырдың бізден артық тұстарын, бізде жоқ, бізде кем қасиеттерін неге жаздым?! Соларға деген шексіз құлшылығымнан ба?! Астағфиролла! Алла онан сақтасын! Бір Аллаға ғана құлшылық қылатын мұсылманбыз. Әрине, жігіттеріміздің сезімталдығын қоздырып отырғаны - ұлттық намыстары. Алла оларға разы болсын. Алла біздерді руға, ұлыстарға, ұлттарға бөлініп өмір сүруімізді қалаған екен, демек, Алланың өз себебі, өз ғылымы бар. Біз оны түсініп жетуге әлсізбіз. Демек, сол дүңгенің де, сол ұйғырдың да Алланың қалауымен, Алланың бұйрығымен дүңген болып, ұйғыр болып тұр. Олар да Алланың керемет көркем туындысы. Ең бастысы, осынысының өзінен-ақ, біз олардағы бізде жоқ қасиеттері үшін олардан үйренуге міндеттіміз. Мақтауымыз, мадақтауымыз, таныстыруымыз - оларға құлшылықтан емес, өзімнің қалың елім, қазағымның болашақ ұрпағына, жастарына кімнен нені үйренуге болатынын айтып кету ғана. Әрине, оларда біздің біраз қазақ ұната бермейтін ұнамсыз қылықтардың бар екеніне көз жұма алмаймыз. Бірақ біз олардың иманына сұрақшы емеспіз. Иманнан айрылса, имансыздық жолына түссе, сол имансыздар өздері Алланың алдында жауабын береді. Ал бізге керегі ол жақтарынан үйрену емес. Бізге керегі - қайтсек өзгеге жем болмаудың, өзгеге желінбеудің, өзгеге қорланбаудың, өзгеге жұтылмаудың қарекеті-амалы ғана!


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 27 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)