Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 54 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Шегебек Қауымбаев: Тәй-тәй басқан тәуелсіздігіміздің 20-қадамындағы жетістіктерімізді бағалай білу керек және болашаққа батыл қадам баса білейік дегім келеді. «Басшы - біреу, қалғанымыз - тіреу» деген ғой. Сондықтан ертеңгі тіреу болар азаматтарымыз еліміздің мынау ішкі тұтастығы, бірлігі үшін, өз жауапкершіліктерін сезінсе дегім келеді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-30 10:38:39

Құрметті жамағат, Алла қаласа, кеште жүздеселік, мен мешітке кеттім, мешіт мен тұрған жерден бірталай алыс жерде екен, соған қазірден жылжығанды дұрыс көріп отырмын. Құжынаған қытайдың ішінде жүріп, ешқандай дерек көздерінде тіркеуге алынбаған, сайттан, телефаннан іздеп табу мүмкін емес бір таңғажайып кішкентай әрі тарихи мешітті тауып алдым. Чиң патшалығының гуәңшүй заманында жөндеуден өткен мешіттің тегі қай жылдары жасалынғаны хақында мешіттің имамы да бірдеңе дей алмайды екен, бір талай замандардың куәсі болған тау басындағы құрттай мешітке алдыңғы күні барып, намаз оқып, қарқ болғаным бартұғын. Мешіт - үкімет тарапынан мойындалған, заңды мешіт, имамдарының куәліктері толық екен. Өзі иұннандағы ислами орталықтардан білім алыпты. Менің оны көргендегі қуанышымды, оның мені көргендегі қуанышын айтып сұрамаңыз. Бірімізді біріміз көптен көріспеген аға-бауырдай бас салыстық. Аллаға сансыз мадақтар болсын. 3 миллионға жуық жаны саны бар ірі аймақта небары 3000 мұсылман тұрады екен, оның үстіне бұл мұсылмандардың өзі сонау юефи заманында, әскери шонжарлар сычуан халқын қатты қырғынға ұшыратып, егін егерге де адам қалмай қалғандығы себепті, хунан, хубей, гуаңшы, гуаңдұңнан қара халықты зорлықты түрде сычуанға көшірген замандарда, Қытайдың солтүстік аймақтарынан осылай қарай келіп қалғандар екен...

Міне, сонан бері қаншама замандар өтсе де, мың-сан мәрте қырылса да, көптің ішінде азшылық болып өмір сүрсе де өздерінің мұсылман екендіктерін ұмытпай, ата-баба діндерінен адаспай келе жатқан діндес бауырларымды көргенде, менің көзіме ыстық жас оралды...

Демек, әрқандай ұлтты сақтап қалатыны - оның даралығы. Осы даралықтардың ішінде ең бастысы оның діні. Діннен айрылған адам да құриды, діннен айрылған ұлт та құриды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-30 17:04:48

Ассалаумағалайкум!

Жұма намазынан жаңа ғана қайтып оралдым. Бар-жоғы 11 адам жамағат болып намаз оқыдық. Бір әйел заты келіп мешіт ішіндегі пердені тартып бөлек оқыды, оларды кем дегенде бір адам деп есептесек, 12 адам жамағат болып оқыдық. Бас имам да, мазын да, азаншы да, құтпа оқыған қари да тұтасымен жастар жағы екен. Намазхан қарттар болса, баяғыдан қалған көне көздер екені көзге көрініп тұр. Қытайдағы саяси толқындардан, саяси күрестерден, әсіресе мәдениет зор төңкерісінен аман-есен шыққан, иманын, сенімін жоғалтып алмай, аман қалған қарттар менің көзіме қарт теңіздің дүлей толқындары мың-сан шайқаса да, қасқайып қарсы қарап тұрған жартастарды елестеткендей.

Сычуан акцентіндегі уағызды тыңдаудың өзі бір таңғажайып сезім береді екен. Маған сычуан акценті десе болғаны, баяғыда ауыл жақта қара жұмысқа жегілетін жұмысшылар ғана елестеуші еді. Небір ауыр да жапалы жұмысты солар істейтін, біздің қазақтардың үйін ол заманда солар салып беретін. Қысқасы, жалқаулау ағаларымыздың егініне дейін солар істеуші еді. Ол заман біздің бала кезіміз болатын. Қазақтарда жер де мол, мал да мол еді, баяғыдағы суармалы шаппалық (шабындық) жерлерді ашып, игеріп, қазақтарға мақта егуге орналастырғанда, қазақтар бір мезет ақшаның астында қалған болатын. Қазір барлығы да керісінше. Сол заманда тойдан тойға қолы босамайтын, ақшаның көптігінен мотодан мото мініп құтырған ағаларымыздың көбісі бұл күнде біткен. Қалай біткен дейсіз ғой, ең алды арақтан өлді. Арақтан өлмегені мотодан өлді. Мотодан өлмегені мүгедек, кем болды, өлмегені, кем болмағаны, ақырын жүріп анық басқаны - бұл күнде жер басып жүр дегеніңмен, бір жүрген көлеңкелерге, тірі аруақтарға айналды. Жерінен, малынан айрылып бітті. Бұл күнде жаңағы қара жұмысшыларға қара жұмысшы болып жалданып, күндік істеп жүр. Біразы дүңгендердің малын бағып, тауға шығып кетті...

Жә, сычуан акцентіндегі уағыз шынында мені сан алуан қиялға жетелеп кетті. Себебі уағызды кейде түсінсем, кейде түсінбейтін едім, шамалап 60-70 пайызын долбарлаған болдым. Бірақ жас имамның асқан парасатына, шешендігіне тәнті болдым. Себебі ол қытайдың кітаби тілдерін қолданғанда, мақалдарын қолданғанда, Пекинше сөйлейтін еді де, басқа сөздерге келгенде, ауылдарының тілінде сөйлейтін еді. Уағыз керемет болды, жалпы нобайы, адасқандар мен бұтқа табынғандардың о дүниеде тозақ азабын көретіндігі хақында көп айтты...

Ирада жағынан жолданған 2011-12-30 13:27 static/image/common/back.gif

По, Нанжиңгеде келіп кеткен болдыңыз ғой. Біз неге бі...

Ирада інім, ассалаумағалайкум! Алла разы болсын! Нанжиңге барғанда кездеспекті ойладым, бірақ жоспарымда Нанжиңде көп аялдайтын болғамын, себебі әрі қарай Шаңхай мен Шұйжоуға баруым керек еді. Сол кезде уақытты мол шығарып, өздеріңмен жүздеспек болғамын, 16 желтоқсан Бейжіңдегі кей бауырларыма келгенімді хабарлағаныммен, оларға да кездесе алмадым, қонақүйге жете құлап түстім. Алматы мен Семейдегі қарбалас жұмыс кезінде бір аптаға жуық ұйқысыз жүрген едім. Оңбай шаршаппын. Ертесі есімді жиып, Нанжиңге ұшқанымда, бірінші ойлағаным өзің болғансың, бірақ Алла қаласа, осы жақында Нанжиңге қайта барамын, алдыңғы жолғы келіссөздерімнің жалғасын жүргіземін. Сол кезде Алла несіп етсе жүздеселік. Осы жазда жалғамалы сатуға қарсы күресіп жүргенімізде, Чыңдудағы бауырларымызбен жүздескен едім. Осы жолы Нанжиңнен Чыңдуға келгенде де аса тұтқиыл келдім де, олармен тек телефонда ғана сөйлесуге мүмкіндік болды. Бір түнедім де басқа жаққа кеттім. Жүздесе алмай кеттім. Тек Жыңжудан Чыңдуға қайтқан жолымда ғана Чыңдудағы бауырларымызбен дидарласуға мүмкіндік болды...

Ибалы, иманды бауырларымды көріп, көңілім марқайып, жүрегім қуанышқа толғаны бар. Алла қаласа, алда Нанжиңге барамын, мүмкін қаңтардың ортасы болуы бек мүмкін. Сол кезде өзім хабарласармын. Жыңжуда екі түнедім, Жыңжудағы бауырлармен жүздеспек болған едім, ол арада жүздесуге ажырататындай аз уақыт болған еді, өкініштісі, қазақ сайттарының оқырмандары Жыңжуда жоқ көрінеді. Бір қазақ кісі сол Жыңжу қаласында басшылық қызметте деп естіген едім, бірақ жүздесу несіп болмады. Алла қаласа, алдағы күндерде Жыңжуда тағы да болармын, сол кезде жүздесермін. ол қалада дайындық кластарда оқитын қазақ балалары бар деп естідім, мүмкін олар әлгі мен айтатын хасакі ұлты болар, хасакілер мен хазулар біздің қазақтың сайттарын не қылсын...

Нанжиңге барғанда, өздеріңмен хабарласпаған тағы бір себебім болды. Мүмкін, сендерде бұл кез емтихан кезі болар, уақыттарыңды алмайын деп ойладым. Босаған бір күнімде, Нанжиңге қанша мәрте барсам да, бір орайы келмей жүрген атақты «президент сарайын» тамашалап қайттым. Сұн Ятсен, (Сұн Жұңшан), Жяң Жиешілер қызмет қылған орынды өз көзіңмен көру де адамға өзгеше бір шабыт береді екен. Сонда жүріп мұнда мүмкін біздің қазақтар да баяғыда осы араға уәкілдерін жіберген болар деп ойладым...

Ол ойларымды кейін бөлек жаза жатармын, қысқасы, Лин Зішүйден басталып, Хұң Шючуанға дейін, онан ары Сұн Жұңшан, онан соң Жяң Жиеші билік құрған осы Нанжиң қытайлар үшін бақыт қаласы болмаған екен. Лин Зышұй екі Гуәң (Гуәңші, Гуаңдұң) өлкесінің бастығы болып тұрғанда, қандай еді, ақыры айналып, басынан бағы тайып, Іледен бірақ шыққан жоқ па?! Өзін құдай патшалығының құрушысы жариялаған Хұң Шючуанның тағдыры да мұнда сәтсіздікке толы болды. Сұн Ятсен де сол. Жяң Жиеші де сол. Ақырында, бұл қала жапондардың қолына өтіп, адамзат тарихындағы ең ашынышты қырғындардың куәсына айналды. Қысқасы, Нанжиң қаласы қытай тарихында, шынында, -қиын 难 екен. Осыны аңғардым...

Нанжиңдегі бауырларға дұғай-дұғай сәлем! Алла қаласа, жақын арада баруым мүмкін, барлығы бір Алланың қолында. Дәм-тұз айдаса, Алла несіп етсе, жүздесерміз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-31 07:54:41

Қайырлы таң, қадірлі оқырман!

Христиан календары бойынша, бүгінгі күн – осы 2011 жылдың ең соңғы күні. Мұсылманша есепте немесе қазақша күн есебінде, бұл – жылдың соңғы күні емес.

Менің осы бірнеше күнде қарбаластық арасында уақыт таба отырып оқығандарым да аз болмады, Аллаға шүкір. Өзіме беймәлім, жаңа, тың дүние үйренсем, білсем, менің қуанышымда шек болмайды. Соның бірі – атышулы мәдениет төңкерісі кезіндегі мұсылмандардың жағдайына қатысты бұрын өзім білмеген, естімеген бір оқиғаны білдім. Баяғыда ойланып жүруші едім, біздің барша жазушымыз тоқсаныншы жылдардың соңына дейін тынбай жырлаған мәдениет төңкерісі туралы шығармаларды оқығанда, осы атышулы төңкеріс қазағы жоқ жерде қалай жүрілді екен деп...

Сіздерге дерек көздерін бере кетейін: Байду немесе гугл іздеуіштерінен 沙甸事件 деп іздеңіздер...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-31 10:48:19

Википедиядағы аталмыш оқиғаға қатысты жалғама: Http://zh.wikipedia.org/wiki

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-31 10:57:43

Шадян мешітіне қатысты мағлұматтарды жүңго компартиясы Иұннан өлкесі Гжю қаласы шадян аумақтық партия бөлімшесінің сайтынан оқыңыздар:

Http://www.chinashadian.com/article/showarticle.asp?Articleid=223

Жоғарыдағы сайттан, компартияның өз сайтынан, өз көзқарасы бойынша, шадян оқиғасы хақындағы мағлұматтарды оқыңыздар:

Http://www.chinashadian.com/article/showarticle.asp?Articleid=311

Мақала тақырыбы: «Қытай мен шетелді дүр сілкіндірген шадян оқиғасы»

Жихат жолданған уақыты: 2011-12-31 15:11:23

Жарқын 0991 ағаның құрметі үшін Жарқын ағаға және барлық осы сапар естелігін қуып оқып жүрген күлтегіннің барлық оқырмандарына дүңген бауырлардың әйгілі ғалымы Чын Кіли мырзаның бір кітабын сіздерге таныстырамын.《从穆罕默德看伊斯兰》. Мына жерден оқыңыз:

Http://www.2muslim.com/forum.php?Mod=viewthread&tid=26432

Мына жерден түсіріп алыңыз: Http://ishare.iask.sina.com.cn/f/22156392.html

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-31 18:11:09

Алла разы болсын, Жихат бауырым! Мынауың жақсы сыйлық болды. Сұн Хұңжуан мен Чын Жыхұңнан басқа, анау «мұсылманның жаназа мұрасымын» жазған ходадан басқа тағы бір мұсылманды танығаныма қуанып отырмын...

Сұн Хұң Жуан дұрыс айтады-ау, осы дүңгендер қытайлардан тым қатты сақтанып, араларына өтіспес қорған орнатып алғаны себепті де, Алланың ақиқатын қытай туыстарына жеткізу жағына ғасырлардан бері мықтап назар аудармаған көрінеді. Болмаса біраз қытайды мұсылмандастырған болар еді-ау...

Оған бір дәлел, мен қазір жалғыз қазақ жүрмін, жалғыз мұсылман. Мені ары-бері тасып жүрген қытай көмекшімді, басқа да жолдас-жораларды осындағы бір дүңген жігіті мешіт ішіне кіргізбеді. Оларға «бұл біздің салтымыз, мешіт - қасиетті жер» деп айтып жатты...

Түркияда мұсылман мешіттері шетелдіктерге айқара ашық, Алматыдағы мешіттерде де имамдар жат діндегілердің мешітте оқылатын неке рәсіміне қатынасуына тыйым салмайды...

Бұларға қарағанда, біздің қазақтар Қазақстанның өзінде қаншама орыс-кәрісті мұсылман қылып жатыр, мұсылман дініне сенетін өзге ұлттардың саны Қазақстанда күн санап артып келе жатыр...

Жезқазған мешітінің бас имамы орыс болатын. Мешіттерде намаз оқитын орыстарды көрсек, қазір таңырқамас болдық. Алматыдағы барахолка базарындағы Әл-Фараби сауда базарының қасындағы мұсылманша тауарлар сатылатын қатарда мұсылман болған орыс қызы хиджап сынды мұсылман тауарларын сатады, қазақшаға судай...

Жамбылдық бір жігіттің келіншегі де орыс еді, Мәскеуде оқып жүріп табысқан екен, қазір қандай керемет мұсылман...

Ғапсалам жолданған уақыты: 2012-1-1 04:09:50

Жәкеі, аман-есен келіп алдыңыз ба, сіз жоқ ұсақ-түйек өсектерден зерігіп қалған едік.

Мен бір нәрсені байыбына бара алмадым, Жапонияға, Кореяға шығып кәпірмен той жасаған арабтар мен пәкістандықтар неліктен жұма намазы мен айт намазына барып тұрып, және де ұзын құлақ харамның етін жейді? Кәпірлердің қолынан бес уақ тамақ жейді? Сонда экономика үшін арабтар барлығын істейтін сияқты.

Бұл жолдаманы соңғы рет Ғапсалам жағынан 2012-1-1 04:12 редакциялады.

Ғапсалам жолданған уақыты: 2012-1-1 04:22:46

Өзбекстандықтарды да қосып қояйын, олар: «Алматылық қазақтар мына калбасаны көп жейді, осы серіктікте 6 өзбекстандық бармыз, барлығымыз осындай калбаса жейміз» дейді. Мен одан: «Сендер тегі мұсылман ба, емес пе?» десем. Ол: «Жұмаға барамыз, айт намазына барамыз, сонда біз мұсылман емес пе?» деп өзіме дүрсе қоя береді. Алайда, индонезиялықтардың діні расында күшті, тіпті арабтардан неше есе күшті деуге болатын еді. Әрі Аллаға жүрегінен орын берген нағыз мұсылман еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-1 10:13:56

Ғапсалам бауырыма жауап:

Ассалаумағалайкум!

Бір Алла біздің білімімізді арттыра түскей. Бізге дұрыс жол нұсқағай. Мен арабтардың Жапонияда, не Кореяда кәпірлермен үйленіп, сіз айтқандай ұзынқұлақтың етін, яғни харамның етін жегенін білмейді екенмін, бірақ өз көзіммен көрген бір шындық, мен Дубайда болған кезімде, Араб бірлескен әмірліктерінің арабтары бұл мәселеге біздердей қарамайтынын байқадым. Дубай дегеніңіз нән қала, онда құжынаған шетелдік жүреді. Сол қалада 100 мың қытайлық бар екен. Мұны өзін шаңхайлық деп таныстырған жяңсулық қытайдың аузынан естідім. Мен оның акцентін түсінбей, 40000 екен деппін, ол маған «сы уан» деген еді, сөйтсем, ол маған екі саусағын айқастырып, қытайша «он» деген иероглифтің бейнесін көрсеткенде барып, оның «шы уанды» айтып тұрғанын біліп, жағамды ұстаған ем. Сол Дубайда «жұңхуа да сангуан», «жұңхуа мишы» деген сынды небір алып, үлкен ресторандарды қытайлар ашып тастаған. Ішінде арабтарың тамақ ішіп отырады. Арабтың тіліндегі дінді қабылдаған біздің өзіміз ол арадан тамақ ішпей, басқа либиялық, ирандық, түркиялық ашқан ресторандардан тамақ іштік. Осыған сол заманда өте қатты таңырқаған едім. Екінші бірі менің қытайлық әріптестерімнің серіктігінде ирандық біреу жүр екен. Мен қытайлар үнемі мені шақыратын жын-ойнақтарға бармаймын, бұл мен үшін де, олар үшін де екі бастан ашық әңгіме. Анау ән айтатын Хит Ти Ви дегендеріне де, жарым-жартылай жалаңаш қыздарымен жүретін сыраханаларына да, жалаңаш би билейтін ойын-сауық орталықтарына да, тірі өлік немесе киімді шайтандар жүретін сауналарына да мен ешқашан бармаймын. Кейде алдамалап, сыңайымды байқау үшін апарса да, мен ол жерлерден еш ойланбастан кетіп қаламын. Себебі о дүниеде бұлардың сұрағы қатты боларын білемін ғой, тірнектеп жиған азғантай иманымнан айырылып қалғым келмейді. Өзің істемесең де, сол арада солармен бірге болғаның үшін-ақ, о дүниеде қатал сұраққа алынарымды білемін, кем дегенде, куәға шақырыламын ғой. Алла сақтасын! Ал жаңағы ирандығың қытайлармен бірге балықты асай береді екен. Қытайлар маған қатты таңырқап жүрді, кейін үйренді. Қазір көнді. Мен күніне 50-60 шақырым жол басып, арнайы көлікпен, тек қана мешіт астындағы дүңгеннің асханасынан тамақтанамын. Жаңағы ирандық құсап, қытайлардың «балықханасынан» балық жей бермеймін.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-1 10:25:40

Жалғасы:

Демек, біз дінді арабтарға немесе ирандарға қарап қабылдамаймыз. Біз дінді құраннан, хадистен қабылдаймыз. Қазіргі арабтар мен ирандарды мен дұрыс жолда жүр деп айта алмаймын. Шексіз рахатқұмарлықтан бұзылған араб жастары бар, мұндай бұзылған араб жастарын Дубайда өз көзіммен көрдім. Орыстың қыздары Дубайды былғап болды, қайда қарасаң, шұбырып жүрген орыстың қыздары. Сөйлеген сөздерінен, киген киіністерінен бұлардың тауар алғалы келген орыстардан бөлек екенін бірден байқайсың. Ұзақ уақыт Дубайда тұрғандықтарын қоңырқай тартқан өңдерінен бірден байқайсың. Ал саудагер, тауар алғалы келген орыстың қыздары мен әйелдері топ-тобымен жүреді, алпыншақ-салпыншағы, буыншақ-түйіншегі мол болады. Дубайдағы ең атақты екі биік мұнара, қазақша айтқанда қос мұнара, өздері «Емиратс тауерс» деп атайтын аса жоғары деңгейдегі қонақүйде болғанымда, жер шарындағы жұмыс болысын сол арадан айқын көрдім. Асханаға, ас-суға индонезиялық, малайзиялық мұсылмандар жауапты екен де, күтушілікке, даяршылыққа филипиндер жүр. Үндістан, Пәкістаннан келгендер такси айдап жүрсе, орыстың қыздары тән саудасы саласын қыздырып, монополдап тұр екен. Әл-ригга көшесіндегі таныс суриялықтың ресторанынан тыңқиып тойып алып, ас сіңдірмекке сейілдеп келе жатып, жолшыбай екі қытай қыздың дауысын естігенім есімде. Бірімен-бірі ақпарат алысып жатыр. Айқайласып, еш тартынбай сөйлесіп тұр. Қытайшаларын түсінетін адам жоқ деп білсе керек. Олардың да жезөкшелер екенін бірден білдім. Кәдімгі көшеде тұратын ашық жезөкшелер екен...

Демек, имансыз дүниеден шыққан орысың де, қытайың да бұл саланың көрігін қыздырып тұр...

Мен сол кезде араб елі саналатын Араб бірлескен әмірліктерінен қатты түңіліп кеткен болатынмын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-1 10:33:14

Демек, бұзылған адам, ниеті дұрыс емес адам әр халықта болады. Бір ұлтты тұтасымен қаралау, жамандау күнә болады. Жаңағындай шіріген жұмыртқалар тұтас мұсылмандарға уәкілдік етпесі анық. Олар барша ирандыққа, барша арабтыққа уәкілдік ете алмайды, олар тек өздерінің пасық амалдарының ғана иесі. Басқа ештеңе емес. Мұнай мен газдың байлығынан есіріп, не істерлерін білмей қалған арабтың кей әулеттері жаман-жақтарымен ғаламда жаман ықпал тудырып жүргені шын. Семіздікті қой ғана көтереді деген сол. Өзің ойлашы, жүз миллиондаған адамы бар Араб пен Иранды, күллі мұсылманды біп-бірдей бол деп қалай талап ете алармыз? Адам мен адам, ұлт пен ұлт айырмасыз. Алланың алдында, біз қандай ұлт болғанымызбен, теріміздің ақ немесе қара немесе сары болғанымен парықталмаймыз, біз жүрегіміздегі иманымызбен ғана парықталамыз. Мұны сүйікті пайғамбарымыз өз сөзінде: «Араб еместің арабтан еш парқы жоқ» деп айтқан...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-1 10:38:05

Сауд Арабяның өзінде намаз кезінде мешітке барып намаз оқығысы келмейтін жастар бар дейді. Намазға бармаса, елден ұят болатындықтан, машиналарына тығылып алып, темекі шегіп отырады дейді олар. Міне, қандай! Демек, Алла сүйген құлына да, сүймеген құлына да байлықты береді, Ал иманды тек қана сүйген құлына ғана береді. Жаңағындайларды көргенде олардың өздерін тозаққа дайындап жатқанын білсек қана болғаны. Шамамыз жетсе, оларға ақыл айтамыз. Себебі, айтпасақ, о дүниеде сұрағы болады. Қабыл алса, бізге сауап, қабыл алмаса, өзіне! Біз айттық, міндетімізден құтылдық, халас!

Сол үшін ара-тұра осындай аздаған, өте аз сандағы бұзылған адамдарға қарап, шіріген жұмыртқаларға қарап, өзіміздің діндес бауырларымызды қаралаудан аман болайық. Себебі олардың басым көп сандысы, ашығын айтқанда, аса басым көп сандысы – Алланың адал құлдары. Алла оларға разы болсын, әрі имандарын кәміл етсін!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-1 10:42:43

Қазақстанға аттап басқанынан-ақ, арақ пен зинадан бас алмайтын ирандықтар бар. Ондайлардың бірін өзім танимын да. Қазақтың есі жоқ есалаң қыздарын күніне ауыстырып, қатын қылып жүрген ирандық бойдақ қырқылжың болды. Онысын өзі «күніне бір үйленемін» деп мақтан етеді. Жігіттерді жіберіп, аузы-мұрнын қан-жоса да қылдық. Ақырында визасына қара таңба басып, Қазақстаннан қуып тындық. Қайтесің, осындай адамдарды көргенде, олардың ұлтынан, елінен түңіліп кетесің, бірақ соңында сабырға келесің. Себебі жаман адам бар жерде, бар ұлтта бар. Олар тек өздеріне ғана уәкілдік етеді, өздерінің лас, харам, пасық әрекеттерінің ғана иелері олар.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-1 10:48:42

Қай жылы екені есімде жоқ, осы бірнеше жылдың алдында сол Иранда, бірін-бірі үйленген екі ирандық жігітті Иран соты қалың жамағат алдында дарға асып өлтірді. Олар жасырын түрде әлгіндей пасық әрекетпен шұғылданады екен! Міне! Демек, біз жеке тұлғаларға қарап, біртұтас елді, біртұтас мемлекетті біржолата күстаналасақ болмас. Мысалы, Қытайдың қалаларында оқу атын жамылып, не алуан былықты шығарып, біздің жаман атымызды шығарып, намысымызды келтіріп жүретін қазақстандықтарды тұтас қазақ халқының өкілі дей аламыз ба?!

Қаншама керемет мұсылмандар бар! Алла оларға разы болсын! Миллиондаған ақшасын үн-түнсіз халде, еш жария етпестен, Алла разылығы үшін шашып жүрген мұсылмандар бар ғой! Ондай ақ еділ мұсылмандар арабта да, иранда да, қазақта да бар! Ұлттың өкілдері деп осындай иманды, тақуаларды ғана айтамыз. Бір анығы, олар риядан сақтану үшін сауапты амалдарын өте жасырын істейді, сол арқылы мол сауапқа кенеледі, оларға керегі адамдардың олардың ат-атағын білуі емес, керісінше, ешкім білмесе екен дейді...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 42 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)