Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 53 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Бейбітшілік жасасын! Қасиетті жұмада қазақ баласына, барша адам баласына осыны тілек етейік, мұсылмандар!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-30 07:41:08

Ассалаумағалайкум, қазақтар!

Қайырлы таң, баршаңызға! Аман-есен жүздескенімізге Аллаға сансыз шүкірлік. Ұйқы дегеніміз өлім ғой. Барлығымыз бір өліп, бір тірілдік деген сөз. Сол үшін Аллаға сансыз шүкірлік айтамыз. Жер бетінде аман-есен жүрген әрбір минутымыз үшін де, Алланың бізге берген сансыз нығыметіне алғыстар айтамыз.

Исламдағы басты ұстанымдардың бірі – басшыға бағыну. Басшыға бағыну–исламда қаншалық маңызды сенім болса, бүлік шығару да соншалықты ірі күнәларға жатады. Бұл хақында білгісі келетін оқырман асыл арна телеарнасының сайтын көрсе боларды: Http://www.asylarna.kz/kaz_index.php

Мұның ішінде үшбу телеарнаның басшысы Мұқаметжан Тазабектің бір бағдарламасы бар: «Мемлекет басшысының исламдағы орны» деген, соны іздеп, тауып, көрулеріңізді сұраймын, жалғамасы: Http://www.asylarna.kz

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-30 08:11:05

Мына бір мақаланы оқып көрулеріңізге ұсынамын: Http://dev.jasqazaq.kz /index.php?Option=com_content&view=article&id=1395:L-----r&catid=38:2008-12-28-10-23-19&itemid=57

Жарқын0991 жағынан жолданған 2011-12-30 08:11 static/image/common/back.gif

Мына бір мақаланы оқып көрулеріңізге ұсынамын: Http://dev....

«Басшы – біреу, қалғанымыз – тіреу». Автор: Жас қазақ. 08.04.2011 13:35

Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл. Аллаға шүкір, ата-бабаларымыздың асыл мұраты орындалды. Осыдан 20 жыл бұрын еліміз иманы әбден шайқалған, жиғаны көрінгеннің көкпарына түскен, ділі дүбара, тілі жойылуға шақ қалған, бодандықтың қамытын мойнынан енді ғана тастаған ел емес пе еді?

Алдымыз тұман, барар бағытымыз белгісіз болды. Дәтке қуаты – қолға тиген еркіндік пен ел тізгінін ұстаған тәжірибелі басшы ғана еді. Осы кезеңдерде халқымызды тура жолға бастаған парасатты патшамыз бар, басқамыз бар, осындай өтпелі кезеңде қадау-қадау шаруаларды іске асырып, тәуелсіздігіміздің тұғырын бекіттік. Осы орайда есіме елге белгілі азаматтар мен ғалымдар халықтың таңдауы түскен елбасы жайлы ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстелге т.ғ.д., профессор Талас Омарбеков, шығыстану институты директорының орынбасары, т.ғ.д., Әшірбек Мұмынов, халықаралық «Халифа Алтай» қайырымдылық қорының директоры, тарихшы Әбдірахман Ескендір, «Нұр-мүбарак» ислам университеті ректорының ғылыми кеңесшісі, дінтанушы Мұхиддин Исаұлы, Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы қоғамдық орындар мен жұмыс бөлімінің бас маманы Шегебек Қауынбаев, ақын, ұстаз Кәмнұр Тәлімов қатысты. Ал дөңгелек үстелді «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков жүргізді.

Мұхамеджан Тазабеков: «Асыл арнаның» бүгінгі қонақжай бас қосуы «Мемлекет басшысының исламдағы алатын орны» деген тақырыпқа арналып отыр. Биыл тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығы. Бұл жарқын белесті басып өту ешкімге де оңай болған жоқ. Осы бір мемлекеттің тірегі қайсы, іргесі неде, негізі қандай, осы бір уақыт аралығы бізге не ұқтырды? Біріңіз тарихшы, біріңіз дінтанушы ретінде өз кәсібіңіздің биігінен ел және елбасы ұғымына үңіліп көрсек.

Талас Омарбеков: Қазақ даласында өте көп мемлекеттер, қағанаттар, ордалар болды. Біздің хандығымыздың іргесі талай рет шайқалды. Ал енді осынша елдердің алмасуының субъективтік себептеріне келетін болсақ, әрине, оның сыртқы факторлардың әсер етуімен бірге ел басшысын қадірлемеуден, қағандардың, хандардың маңызын түсінбеуден, кейбір қағандардың тақ үшін күресті халықтың мүддесінен жоғары қоюынан болды. Бүгін біздің елбасымыз, тұңғыш президентіміз данагөй саясат жүргізіп отыр. Халықтың мүддесіне, ұлттың рухына, ислам дінінің ұстанымдарына толық сай келетін игі істер жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, өзіміздің рухани мүмкіндіктерімізді толық жүзеге асыратын тамаша заманға кез келіп отырмыз. Осындайда «осы қол жеткізген арман-мүддеміздің мән-мағынасын, маңызын, қадір-қасиетін түсіне аламыз ба?» - деген сауал туындайды. Міне, бұл тұста ислам діні де бейбіт күннің берекесін түсінуге шақырады. Ақиқатты түсінуге шақырады. Рухани жетістіктеріміздің құнын қадірлей білуге шақырады. Елбасының мақсаты да осы. Енді еліміздің еңсесін тіктейміз, қазақ қабырғалы ел болсын, рухы биік ұлт болсын, онда біз ең бірінші елбасымызды қадірлеуіміз керек. Содан кейін өзіміздің рухымызды, дәстүр-салтымызды мұсылмандықтың қасиетті асыл идеяларымен нұрландыруымыз керек. Сонда біздің тәуелсіздігіміз де баянды болмақ.

Мұхамеджан Тазабеков: Әшірбек аға, шығыстанушы, тарихшы ретінде қазақтың тарихын, исламның осы қазақ жеріне таралу тарихын зерттеп жүрсіз ғой. Бабаларымыз ел мен елбасы ұғымын қалай түсіндірген, ұрпағына қалай аманаттаған, осының жарқын мысалдарын келтіре аламыз ба?

Әшірбек Мұмынов: Әлбетте. Біздің қазақ даласына ислам діні ерте уақытта-ақ тарай бастады. Ағамыз айтқандай, бізде көптеген мемлекеттер, патшалар болды. Олардың ішінде біз үшін маңыздысы – қазақ хандығы. Қазақ хандарының бірінші ханнан бастап соңғысына дейін мұсылман болған. Бұл сабақтастық өз жалғасын тапты деп ойлаймын. Біздің сол қазақ хандығының жалғасы, мұсылман патшаларының жалғасы ретінде қазіргі елбасымызды бағаласақ болады.

Мұхаммеджан Тазабеков: Жалпы бұл тарихтағы сіз айтып отырған фактлер тек тарихи құжат қана немесе тарихта қалған із ғана емес, бүгінгі күні де өзінің қадірін жоймайтын өміршең, халыққа қызмет ететін қағидалар болып тұр ғой. Ел мен елбасының арасын жақындату ешқашан маңызын жойған мақсат емес. Камнұр аға, «Елбасының ешқандай пәрменінсіз-ақ халық өзін-өзі басқара алады немесе бүгінгі елбасын тарихта қауымын тура жолға бастаған кешегі мұсылман патшалары секілді көсем-көреген ретінде көрмей-ақ, халық өзіне-өзі жол көрсете алады» деген пікірлер әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында белең алып тұр. Бұл біздің тарихи санамызға қаншалықты сай келеді?

Камнұр Тәлімұлы: Арғы-бергі біз оқып-тоқып түйсінген тарихта мүмкін болған жағдай емес. Елге басқарушы керек. Өйткені топ бастайтын, елді бастайтын, елге дұрыс жол көрсететін ақылды, білімді-білікті, пайымды, парасатты басшысыз ол мүмкін емес. Елбасы дегенді былай түсінуіміз керек: Ол бір әлгі найзасын, қылышын алып жауға шабатын батыр емес, ақылдың, ойдың, сондай бір парасаттың кемеңгер иесі болу керек. Елдің болашағын әріден ойлайтын, бірлікті, елдің ынтымағын ойлайтын парасатты, пайымды басшысыз мұратқа жету қиын. Сондықтан бұл пікірге қосыла алмаймыз.

Мұхаммеджан Тазабеков: Әбеке, сіздің қосарыңыз бар ма?

Әбдірахман Ескендір: «Алла Тағала Құран Кәрімнің «ниса» сүресінде былай дейді: «Алла Тағалаға бағыныңдар, кейін оның елшісіне бағыныңдар, одан кейін әмірлеріңе бағыныңдар». Бұл - бірліктің негізгі жүйесі. Енді елбасшысының халықтың алдындағы міндеті, халықтың алдындағы хақысы бар, сол сияқты халықтың да елбасының алдындағы міндеті мен хақы бар. Міне, осы нәрселер реттелгенде ғана олардың дамуы бір жүйеге келіп, жақсы нәтиже береді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистеріне жүгінетін болсақ, басшы кейде жақсы болуы, кейде жаман болуы мүмкін, бірақ негізгі идея сол басшылықпен бірге жұмыс істесу, егер басшы жаман екен деп басшыға қарсы шығатын болса, бұл түбі қасыретке алып барады, бүліктен-бүлікке ұрынып отырады. Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) тағы да: «Басшың зұлым болса да, сен бағынуға тырыс», - дейді. Егер кімде-кім басшысына қарсы шығып, қайтыс болатын болса, ол жахили, яғни надандық, күпірлік өлімде қайтыс болады екен. Басшыға бағыну арқылы көптеген келеңсіз, қасыретке алып баратын мәселелер шешіледі екен. Енді Алла Тағала Құранның «бақара» сүресінде: «Әкімшілікті біз сайлаймыз», - дейді, яғни әкімшілікті Алла Тағала өзі сайлайды. Сол басшы жақсы ма, жаман ба, халық өзінің жағдайына қарап, өзінің рухани деңгейіне, өзінің ниетіне қарап, оның жақсылығын не жамандығын көреді. Сондықтан бұл аятты біз тәпсірлейтін болсақ, Алла Тағала әрбір халыққа сол халыққа лайықты басшыны береді екен. Алысқа бармай, мына қырғыз ағайынға қарайтын болсақ, Асқар Ақаевтің тұсында демократия деді де, бәріне жол беріп қойды. Бұл ұлттың ішіндегі бірлікті бұзуға алып келді. Сөйтіп халықтың ішіне іріткі түсті. Бұл іріткі халық пен президент Ақаевтің арасындағы қарама-қайшылыққа алып келді. Халықтың басшылыққа қарсы бүлікке ұрынуы, міне, Қырғызстанды өте үлкен қасыретті жағдайға алып келді және бұл кезең-кезеңімен жалғасын тауып жатыр. Ат төбеліндей қырғыз елі сиырдың бүйрегіндей бөлшектеніп кетті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): Егер патша, елбасы, мемлекет басшысы халықтың алдындағы міндетін орындамаса, соның өзінде де халық оның алдындағы міндетін орындап, әрқашан елбасының хақысын беріп, жақсылықты Алладан тілеп, еңбек ету керектігін айтқан. Енді Құран аяттарына қарайтын болсақ, әрбір халық өздерін өзгертпейінше, Алла Тағала оларды өзгертпейді дейді. Ал халықтың өзгеруі - оның имандылыққа келуі, оның жақсылықты насихаттап, жамандықтан қайтуы. Сонда Алла Тағала оларға сол деңгейде жақсы басшы береді. Қазақ - өте күрделі тарихты бастан кешкен халық. Біз соғыстан көз ашпай, көп жеңілістерге ұшырап келген халықпыз. Неге? Себебі, іштегі бірліктің болмауы осындай тұрақсыздыққа душар етті.

Мұхиддин Исаұлы: Әуелі елбасының еліміздегі қазіргі дінаралық келісім, ұлтаралық татулық мәселесі жөніндегі ұстанымын сөз етейін. Бұл туралы да әр түрлі алып-қашпа сөз болды. «Ватикандағы дінбасын шақыру бұл мұсылман патшаға қалай жарасады?» - деген сияқты сөздер болды. Сол уақытта елімізге әлемдегі әр түрлі діндердің өкілдері келді. Келсін. Бұл - біз үшін жақсы және тіпті басқа ислам мемлекеттері мұны жасай алмай жатқан жоқ па? Өйткені, бұл- өте қиын нәрсе. Неге? Өйткені, сіз әр түрлі дінбасыларын шақырасыз. Сол уақытта егер дау туып кететін болса, сізге үлкен бір нұқсан келеді. Осының барлығы, былайша айтқанда, иненің көзінен түйені өткізумен бірдей. Бұл - өте қиын іс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл мәселені пайғамбарлығымен, кейінгі сахабалар сахабалық даналығымен шешкен болса, мінекей, елбасымыз да сол пайғамбарымыздың сүннетін жалғастыра білді. Жалпы әлемде ислам, жалпы мұсылмандар жайлы жағымсыз пікір қалыптасқан уақытта елбасының Қазақстан сияқты енді ғана буыны бекіп, қабырғасы қатайған жас мемлекеттің әлемді дүр сілкіндіріп, әр түрлі елдердің дінбасыларын шақырып келелі сөз жүргізуі, бұл меніңше, тарихи оқиға.

Мұхаммеджан Тазабеков: Елбасымыз мұсылман ретінде жергілікті мемлекет құраушы мұсылман қазаққа басымдық беріп отыр деп айта аламыз ба немесе сол мұсылмандарға қаншалықты кеңдік жасап отыр? Дініміздің дамуына жағдай жасап, кешегі бабалар салып кеткен сара жолды ары қарай жалғастыра алып отыр деп айта аламыз ба?

Талас Омарбеков: Біз қолымыз жеткен ауқымды табыстарымызға сын көзбен қарауымыз керек. Сын көзбен қараған кезде біздің елбасының еңбегі айшықталады. Біз қандай халық болдық? Яғни ХVІІ ғасырдың басынан бері, менің ойымша, ел ретінде елбасымыздың қадірін түсінуге санамыз жетті. Бұған, мен ойлаймын, ислам дінінің қосқан үлесі ұланғайыр. Исламға қол жеткізгеннен кейін көзіміз ашылды. Содан кейін біз өзіміздің жан-дүниесі бай, мейірбан, ақкөңіл, жомарт қазақ деген халықтың бүкіл рухани болмысын бейнелей алатын, оның арман-тілегін көрсете алатын дін бар екенін түсіндік. Мінеки, біз исламға қол жеткізуде талай тайғанақ жолдардан өткен халықпыз. Осындай халқы аз, жері кең, әбден иманынан алыстатып, біресе коммунистік идеологияны тықпалап, рухани құндылығынан айыра жаздаған елді осы жиырма жылдың ішінде қайырып алған осы - елбасы. Қазір өз тілімізге, ділімізге, дінімізге қайта оралдық. Егер де Нұрсұлтаннан басқа мәңгүрт басшы басқарса, не болар едік?

Мұхиддин Исаұлы: Сіз мәңгүрт басшы мен данагөй басшыны саралап, таразылап отырсыз. Өз басым оның сыры мынада деп ойлаймын. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Қандай болсаңдар, солай басқарыласыңдар», - деген хадисі бар. Яғни, қаймақ қалай қаймақ болады? Сүттің маңызы қандай болса, оның қаймағы да сондай болады. Мінекей, пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бұл айтқан сөзі өте терең, үлкен мағынаға ие. Ендеше, біз егер елбасын сынаймыз дейтін болсақ, әуелі өзімізді сынауымыз керек.

Әбдірахман Ескендір: Қазір - өтпелі кезең. Осы өтпелі кезеңде құлдық санадан құтылуымыз және жаңа болашақты өзіміздің бұрынғы негізде қалыптастыруымыз керек. Елбасының Қазақстан-2030 стратегиялық дамуын 1991 жылдан бастасақ, ол 40-50 жылдың ішін қамтиды. Қазір көптеген жетістіктерге жетіп жатырмыз, бірақ көп адамдарымыз осы жетістігімізді түсініп, қадірлеудің орнына оны місе тұтпай, Еуропа елдерін бізге стандарт қылып алғысы келеді. Еуропа елдері бізге стандарт бола алмайды. Ол бізге бір белгі бола алмайды. Себебі олардың даму жолы бөлек. Біз үш жүз жыл отарлықта болғанбыз. Міне, содан шығу, осындай деңгейге жету үшін белгілі кезеңнен өтуіміз керек. Сондықтан «Басқаның демократиясын бізге көшір» дейтіндерге берер жауабымыз да азыр. Егер олардың демократиясын бізге көшірсе не болады? Алла Тағала бізге оны көршілерімізден көрсетіп отыр. Бүкіл ТМД бойынша демократияның көшбасшысы Қырғызстан деуші еді. Міне, сол демократияның көшбасшысы өте үлкен қасыретке ұшырап отыр.

Камнұр Тәлімұлы: Мешіттеріміз ханафи мазхабы бойынша жұмыс істеуде. Медреселер ашылып жатыр. Ата-бабаларымыздың дәстүрлі дін жолындағы жасап кеткен тірліктерін қайта тірілтіп, сол жолмен алға жүретін болсақ, біздің мемлекетімізде бірлік болады.

Талас Омарбеков: Тарихта өзінің елбасшысын қадірлей білмеген халық жойылып кетіп отырған. Осыны біздің халық түсінсе. Егер де біз бүгін Назарбаевтің қадірін білмесек, ертең қатты опық жейміз. Біз: «Басқа басшы келсе, бұдан да жақсы болуы мүмкін ғой», – деп ойлаймыз. Мен қазір Назарбаевтай тәжірибелі, әр түрлі саяси құбылыстардың тәжірибесін жинақтаған әрі ұлттық рухы бар, өзінің халқын ойлайтын басшыны көріп отырған жоқпын. Түркістанда болған кездесуде елбасымыз: «Біздің қазақ қоғамындағы исламның жүргізілуі осы өзімізге тән сипатпен жүруі керек», - деп айтты. Осы сөздерді дұрыс түсінбеген адам ислам басқа, қазақы ислам басқа деп қалады. Ислам - жалпыға ортақ тұтас дін. Бүкіл адамзатқа түскен дін. Бірақ исламды жеткізуде, оны ұстануда әр бір халық өз шамасы, өз деңгейіне қарап ұстанады. Елбасының айтып отырғаны сол. Мысалы, қазір біздің деңгейіміз қандай? Біздің деңгейіміз - исламға жаңадан келіп жатқан халықпыз. Біз атеизмді мемлекеттік идеология қылған халықпыз. Сондықтан біз халыққа үлкен кеңшілікпен қарауымыз керек. Яғни, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «исламды қазақ қоғамына сай даналықпен жеткізу» қағидасы - бүгінгі күннің талабы.

Мұхаммеджан Тазабеков: Қазір көп жағдайда біз діни ілімнен хабарсыз болғандықтан, жалпы патша мен мұсылман қауымның арасындағы қарым- қатынастың үлгісін ұмытып қалдық. Бұрын бабаларымыз бұл мәселені аталы сөз айтатын ақсақалдардың немесе аузы дуалы абыздардың пәтуасына жүгіну арқылы шешкен. Яғни, әрбір істің шешімін ғұламалар айтқан. Қазір біздің ғұламаларымыз бұқаралық ақпарат құралдары болып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары - халықтың ішінде ана проблема шешілмей жатыр, мына мәселе болмай жатыр, бізде мұнай көп, бізде алтын көп, бірақ жағдайымыз төмен деп халық түсінетін деңгейде пәтуа беріп жатыр. Бұл жерде арандату да жоқ емес. Сөйтіп халық пен патшаның арасына от жағып қояды, екеуін бір-біріне қарсы қою арқылы қақтығысқа да алып келеді. Ал халық пен патшаның арасында қақтығыс болған мемлекеттерді көріп отырмыз, ол экономикалық тұрғыдан сол күніне зар болады және бүкіл рухани тұрғыдан мешеулікке душар болады. Енді кешегі мына Араб мемлекеттерінде, Африка елдерінде болған жағдайды қарасақ, тіптен олардың ғұлама деп жүрген адамдарының өзі, ғұламалыққа сай сөздер айтқан жоқ. Керісінше, сыртқы саяси күштердің ықпалында кеткен жағдайларды көріп отырмыз.

Әбдірахман Ескендір: Алдымызда үлкен міндеттер тұр, сондықтан елбасымыз айтқандай, тәуелсіздігімізді сат сайын қорғауымыз керек. Еліміздің рухани саласында жетістік аз емес қой. Мүфтиіміз Әбдісаттар Дербісәліұлы көптеген медреселердің ашылуына мұрындық болды. Мешіттерде үлкен уағыздар жүргізіліп жатыр. Бірақ мешітпен шектелмеу керек. Мына Ливияда, Тунисте, Египетте болып жатқан жағдай экономикалық қана емес, ол рухани дағдарыстан да шығып жатыр. Егер исламды құран мен сүннеттің негізінде, орта қалыпта түсінетін болса, мынау елбасы мен елдің ара-қатынасы да, елдің рухани бірлігі де қалыпқа келеді. Елбасының саясаты қашан жүзеге асады? Халық қолдағанда, ал халық қолдау үшін ол саясатты дұрыс жеткізу керек.

Мұхаммеджан Тазабеков: Ал Фараби бабамыз: «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген екен. Ғылым болсын, барлық нәрсе адам дүниеге келгеннен бастап алған тәрбиесі негізінде құрылады. Біздің елбасымыздың да өскен ортасы белгілі, алған тағылымы белгілі. Сондықтан өзінің рухы бар азамат ретінде белсенді түрде халқына өзінің руханиятын қайтарып келеді.

Камнүр Талымұлы: Елбасының: «Біз түбіміз - түрік, дініміз - ислам, кітабымыз - Ққран екенін есімізден шығармауымыз керек. Кешегі Кеңес өкіметі кезінде өзінің дінінен алшақтап қалған бауырларым дінімен қайта қауышсын деп мен көптеген, жүздеген мешіттерді қайтарып беріп жатырмын», - деген даналы сөзі бар. Бұл - рас. Бұл сөздің нақты көрінісін көріп отырмыз. Бұл кісінің өзінің демеушілігімен Қарасай батыр бабамыздың атындағы мешіт салынып, оның жанынан медресе салынды. Бұл кісі осы бір ғана ісімен көптеген мәдениет, қоғам қайраткерлеріне үлгі-өнеге болып, қаншама адамдарымыз, жекелеген кәсіпкерлер өзінің қаражатына мешіт салғызуда. Мыңдаған мешіттер қазір бой көтеруде. Бұл бір ерекше іс деп айтуымызға болады.

Мұхаммеджан Тазабеков: Қазақстанның қай түкпіріндегі мешітке барсаң да, ағылып келіп жатқан жастарды көреміз. Егер біздің мемлекетімізде өзіміздің ата дінімізге қайтуға деген бір қайшы пікірлер, мемлекеттің қысымы болатын болса, ондай дәрежеде жастардың құлшынысы болмас еді. Жастардың құлшынысының болуы да, бұл патшаның мейірімділігіне, басқа да көп жағдайларға байланысты. Қарасақ, біздің президентіміз қаншама халықтарды, қаншама жұрттарды өзінің кеңшілігімен «өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай» алып келе жатуының өзі - бір Алланың жәрдемі, бір Алланың мейірімі деп есептеуге болады. Әйтпесе, мына шет мемлекеттерге барған кезде, дін саласында жүрген қайраткерлермен сөйлесіп қалғанымызда, олар: «Асыл арна» секілді ислами телеарнаның бұрынғы Кеңес кеңістігіндегі елдердің ішінде алғаш рет сіздерде ашылуы қуанышты жайт және бұл біздер үшін де әлі арман болып жүрген нәрсе», - дейді. Мысалы, Әли Бардагооғлы деген Түркияның бас мүфтиімен, дін істерін басқарып отырған адаммен жолығып, сұхбат алған кезімізде: «Біздің мына діни басқармамыздың әлі жеке телеарнасы жоқ. Түрік секілді кезіндегі Осман империясының орнында отырған бізде сондай мүмкіншілік жоқ. Егер сендерге осылай жасалып жатқан болса, Алла сендерге жақсы патшаны берген екен. Мейірім құшағын ашып жатыр екен», - деді.

Әбдірахман Ескендір: Осындай мемлекетте мынадай ислами арнаның ашылуы - елбасының тікелей қолдауынсыз жүзеге аспайтын іс. Осы «Асыл арна» арқылы халықтың руханияты, мемлекеттің бүгіні мен ертеңі, мына біздің жерде ешқандай да экстремизм, радикализм болмауы, соның алдын алу үшін қандай ізгі істер атқарылып жатыр. Ал,оны көре алмағандар оған күйе жаққысы келеді.

Талас Омарбеков: Біз тәуелсіздігімізді жаңадан қолға алған халықпыз. Осындай тәуелсіздігіміздің баянды болуы тарихи қайраткерлерімізге, мемлекет қайраткерлеріне тікелей тәуелді боп тұрған кезеңде, сыннан өткен сардар, халықтың сеніміне ие болған, халықтан шыққан таңдаулы ұлымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты азаматты біріміз қолдауымыз керек. Бұл - тарихтың сабағы. Бұл - елбасына ұнау үшін айтылған сөз емес, бұл - біздің барлық қағандарымыздың, барлық хандарымыздың жүріп өткен жолынан түйген ой. Сондықтан да біз осы дәстүр-салтты ұстануымыз керек деп ойлаймын.

Әшірбек Мұмынов: Қазақстан ғалымдарының алдында үлкен бір ғылыми проблема бар. Ол - мұсылман, қазақ мұсылман қауымы туралы ілімді дамыту. Өзімде бір сенім пайда болды. Оны білмей тұрып, көп мәселелерді жақсы түсіне алмаймыз. Тәуелсіздік жылдарында істелген жұмыстардың барлығы елбасымыздың басшылығымен болып жатыр. Менің осы қазақ тәуелсіз мемлекетінің дамуына, оның дүние халықтарының арасында өзінің салмақты орынға ие болатынына сенімім бар.

Мұхиддин Исаұлы: Елбасымыз: «Біз қазақ елі әу бастан мыңдаған жылдар бойы мұсылман болып қалыптасқан елміз. Бізден Әл-Фарабилер шыққан, Бұхарилер шыққан кешегі. Біз солардың бүгінгі ұрпағымыз. Енді ел болып тәй-тәй басып келе жатқан халықпыз. Мұсылман халықпыз», - деп шақырып отыр. Елбасы әуелі ғылыми негізге ден қойды. Өйткені, сіз жаңадан тәй-тәй басқан, дінімізден бір ғасыр бойы айырылып қалған егемен ел болғандықтан, өз-өзімізге келуіміз керек. Өз-өзіңе келу үшін ол әлгі «батпандап кірген ауру мысқылдап шығады» деп айтпақшы, барлығы бірден бола қалмайды. Жетпіс жыл бойы атеистердің, кешегі коммунистердің сіңірген вирустары бірден шыға қоймайды. Міне, сондықтан да, негізге оралуымыз керек болды. «Әр нәрсе өзінің тегіне тартады» деген дана сөз бар. Сондықтан да, біз тегімізге тартуымыз керек.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 25 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)