Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 50 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Сол үшін қарашаның соңында сол Қытайдағы ауылыңнан аттап шықпай тұрып-ақ, келмек, жетпек болған Қазақстаныңның қай ауылында үй мен жердің бағасының қандай екенін біле алатыныңды ұғындырып, бір жолдама жолдадық. Жалғамасы:Http://k.iskz.com/bbs/viewthread.php?Tid=22792

Аты: Ауылыңнан аттап шықпай, Алматыдан үй ал.

Мақсатымыз - Қазақстанға келе сала үй немесе жер сатып аламын деушілерге пайдалы болса екен деген ғана. Немесе қалтасындағы қаражатын есептеп, Қазақстанның қай обылыс, қай ауданына барып тұрақтасақ болар екен деген орта жік, орта буынға кеңес болсын дедік. Мұнда сіз бағаны ғана біліп қалмайсыз, керек десеңіз, сайт арқылы алатын үйіңіздің суретін де көре аласыз. Алатын жеріңіздің жасанды серік арқылы түсірілген қаритадағы орнын да біле аласыз. Үй алудың, жер алудың қыры мен сыры туралы біраз толғадық, бар мақсатымыз, елге, жұртқа пайдалы болса екен деген ғана.

Демек, аяғыңмен жүріп, визаңды аштырып, салпақтамай-ақ, әр күнгі үй мен жердің бағасын біліп, қалтаңа қарап шамалап, қайда бару, қайда тұру керек екенін өзің-ақ, сол ауылыңнан аттап шықпай тұрып-ақ шамалайсың. Болмаса бір адамның арнайы үй-жер алу үшін, Қазақстанға келуі, мұнда аралап жүруі дегеніңіз бір отбасының бір жылдық табысын желге жіберері хақ.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 10:19:17

Қашан да көз - қорқақ, қол - батыр. Ойланған, толғанған отырып қалады. Тәуекелдің кемесіне мінген өтеді де кетеді. Кем дегенде, бір түтіннен бір бала Қазақстанда болуы керек. Үлкен ақсақалдарға айтатын кеңесім де сол. Біздің ақсақалдарымыз Қазақстанға келгісі келмейді. Үйренген жерін, туған елін қимайды. Соларға айтамын, тым құрығанда бір немереңізді атамекенге жіберіңіз деп. Солай істеу керек. Шалдар өткен заманның елесімен жасайды. Саналары салданбаса да, ұзаққа созылған Мау билігі тұсында, қорқытып, үркітіп, аштан қатырып, билетіп, селкілдетіп, біздің бұл күнде 50-80 арасындағы қарт буынымыздың есін шығарып жіберген. Миларын жуғандары соншама, өзін-өзі танымастай қалге келтірген. Маудың үзінділерін жатқа айтып отыратын ақсақалдарымыз үшін алғанда, Қазақстанға көшу дегеніңіз – Маудың аруағына шет келу...

Мұндай көзқарастағы шалдарымыз санап тауысқысыз. Баяғыдағы «Ауылыңда қарияң болса, ағып тұрған дарияң» деуші еді. Ол қариялардың қандай болғанын кім көрген. Кем дегенде, сол дария іспетті қарияларымыз білектеріне қызыл байлап, құдайдың өзін жоқ демегесін де, дария іспетті болған шығар-ау...

Мәдениет төңкерісінен мұжылып шыққан біздің қарт буынымыз осы дария ақсақалдарға ұқсай ма, әлде ұқсамай ма, біз оны білмейміз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 13:01:47

Қытайдағы қандасымыздың кейбірі Қазақстандағы діни ақуалға алаңдайды. Мұнысы - ұлт болашағына көңіл бөлгендік. Оларына Алла разы болсын! Бірақ бір нәрсені анық білу керек. Қазақстандағы діни жағдайға алаңдайтындардың кейбірі мұндағы исламнан басқа діндердің өршіп кетуінен алаңдаса, кейбірі мұндағы исламның күшеюінен алаңдайды. Соңғысын көбінеки атеисттеу, намаз оқымайтын, өздерін ғылыми адам сезінетін бір топ ұстанады. Мейлі қалай болсын, Қазақстан үшін алаңдаған қазақтың барлығы - қазақшылдар, ұлтын сүйетіндер. Оларға Алла разы болсын! Қазақстанды мүлде ойламайтын, Қазақстан десе төбе шашы тік тұратын мәңгүрттерге қарағанда, жаңағыларды маймылдың қасындағы адамзаттай көруге болады.

Иә, біз жас елміз. Басында біздің билікте тәжірибе болмады. Дін туралы ұғым болмады. Сол үшін қай-жайдағы жат діндерді Қазақстанға кіргізіп алдық. Қолпаш пен мадаққа ие боламыз деп жүргенде, мақтай жүріп, арзан атағын бере жүріп, ұлтымызды іштен ірітетін уларын Отанымызға ала келді жат ниеттегілер...

Енді сол жат діндегілер қазір Қазақстанда әбден күшейіп, орнығып, қоңданып алды. Барлығы да заңды, халықаралық заңдар бойынша, сен оған «әу» дей алмайсың. Шіркеулерін, бұдханаларын, жынханаларын, синегоголарын, барлық құлшылық-ғибадат орындарын құрып алған. Жерлерді, үйлерді, ғимараттарды шетел қаржысымен сатып алып қойған. Барлығы заңды, барлығы жекеменшік. Бір ауыз «Мау» дей алмайсың, оның үстіне баяғыдағы аңғал заманда алдағыш келісімшарттарға қол қойып тастағасын...

Сосын, біздің ұлтжанды азаматтарымыз атқа қонды. Себебі, биліктен қайыр болмады мұндай тұста. Олар өз ішінен өзі іріп, тозып, бөлшектеніп бара жатқан қазақ халқының тұтастығы үшін, ең бастысы, ұлт ретіндегі тұтастығы үшін, сосын имани тұтастығы үшін атқа қонды. Қазақтарға жат дінге өтпеуді уағыздады. Бұнысы жаңағыларға жақпады. Сонымен олар исламды қаралауға көшті. Исламды жалалаудың қазіргі халықарада қалыптасқан барлық үлгісін қолданды...

Міне, соның бірі Қазақстанда хиджапқа қарсы тұру және Қазақстанда мешіттерден басқа орындардағы намазханаларды жаптыру...

Шудың ар жағындағы уды біреу біледі, біреу білмейді. Олар көбіне жалғаннан ұлтшыл құсап алады. Шын мәнінде, қазақтың ұлттық құндылықтары оларға көк тиын еді. Олар қазақ ұлтшылдарын қазақтың исламшылдарына, діншілдеріне қарсы айдап салды...

Ұлтымыз тағы бір мәрте өз ішінен екіге жіктелді...

Ал олар сырттан қарап, қарқ-қарқ күліп, мәз болып отыр.

Өткенде ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған қазақы мұсылманша киім-кешек көргізбесі, жарысы Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Жарыста көрсетілген киімдердің барлығы қазақы үлгіде пішілген, қазақы үлгіде жобаланған. Демек, біз қазақша киініп те мұсылман боламыз, мұсылман болу үшін араб-парсынікін кию міндет емес. Қыздарымыз әурет жерлерін жапса ғана болғаны.

Исламға қарсылар аяқ астынан ұлтшыл бола қалады да, аңқау жұртты исламға қарсы айдап салу үшін осы хиджап мәселесін шулатты. Олардың арамзалығы бесенеден белгілі болды. Сол үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дінге қарсы топтың алдында хиджап ұғымы мен дін ұстанымының ұлт айырмасына қарамайтынын дәлелдеу үшін жоғарыдағы қимылды үйістірді. Демек, мейлі қалмақша ки, мейлі қазақша ки, тек қана әурет жеріңді жап. Дініміз ешқашан қазақтың ұлттық құндылықтарына қарсы шыққан емес. Құранда арабша кию міндеттелінбеген. Қай ұлттың киімін кисең де, әурет жеріңді жабатын болса болғаны.

Қазақстанда 4000 дін мен секта (күлт) бар. Олардың біразы исламдық, көбісі христиандық, көбісі католиктік бағыт болғанымен, мұнан да қомақтысы шайтани секталар. Кришна, иегова, сайентология (сайтанға нанатындар) сынды сан-алуан сұмдық діндер қазақ баласын барынша улап, уландырып болды. Осындай жағдайда бейне елін-халқын жаулап алған жаудан азат етпекке аттанған ерлердей болып, білімді, даңғыл көкірек азаматтар мұсылмандықты уағыздады. Себебі, халқымыздың ата-баба діні арқылы жаңағыдай бүлдіргі діндерден сақтанбасақ, біздің ұлттық тұтастығымызға үлкен қауіп төніп тұрған еді. 600 мың қазақтың өзге дінге сеніп кетуі мен Қазақстан иеговашылдар ұйымының Америкадағы бас ұйымы сайтында бірнеше жыл ішінде бүкіл қазақты иеговаға сендіріп болатындығы хақындағы жоспарлары мен докладтары ұлт бірлігіне қазылған ор еді. Сол үшін бас мүфти болып, дінді уағыздауды күшейтті. Әрине, бұл дін жауларының үрейін ұшырды, сол үшін олар өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, дінге қарсы сан алуан шу шығара бастады. Әбдісаттар қажының осы шуды басу үшін мұсылман қыздарына қазақы киімді мұсылманша өлшемде киюге болатынын дәлелдеуге тырысуы да осыдан.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 13:08:05

Демек, біз үшін ең маңыздысы - ұлт тұтастығы!

Тіпті, әсірелеп айтсақ, Алла өзі күнәмізді кешірсін, мейлі қай дін болсын, біз ұлт ретінде біртұтас дінде қалғанымызда ғана ұлттық тұтастығымызды сақтай аламыз. Ал, біріміз ана дінге, біріміз мына дінге сеніп кетсек, біртұтас ұлт ретінде сақталынып қалмаймыз. Ұлтымыздың тұтастығы бүлінсе, мемлекетіміздің тұтастығы да бүлінері хақ!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 16:46:17

Ұлтымыздың тұтастығы - мемлекетіміздің тұтастығына саятын үлкен мәселе. Қазіргі қазақта мұнан басқа маңызды мәселе жоқ. Біртұтас ұлт ретінде қалу-қалмауымыз, ашығын айтқанда, біртұтас ұлт ретінде сақталынып тұра алуымыз бен тұра алмауымыз төтеден төте біздің мемлекеттік тұтастығымызға барып тіреледі. Қазіргі қазақтың бағы да, соры да таразыны тең ұстап тұр. Біздің қазаққа өзгеге бұйырмаған бақты берген Алла бізге мұнан да ауыр сынағын да қоса берді. Я, бұл - Алланың сынағы. Қазіргі қазақ баласы жат діндердің шырмауына әбден шырмалды. Бұрынғы қазақтар тойда, басқосуда, алқалы отырыстарда бірінен бірінің руын, елін, жүзін сұраушы еді, қазіргі қазақтар бірінен бірінің қай дінде екенін сұрайтын болды. Бұны бұдан бұрынырақта да ашына тілге тиек еткен болатынбыз. Христан қазақтардың, католик қазақтардың, иегова дініндегі қазақтардың Қазақстан қазақтары арасында ғана емес, Қытай қазақтары арасында да көбейіп келе жатқандығын айтып, жазып, дабыл қаққанымыз сонан. Ашығын айтқанда, бұл қуанарлық жайт еместұғын. Әсіресе, жат діндегі қазақтардың Қытай қазақтары арасында дін таратуы үдеп келе жатқандығын жазғанымызда, ел-жұрттың қосыла жазып, мол ақпаратпен қамдағаны бізді таңғалдырды. Ішкі Қытайдағы қазақ студенттеріне жат дінді уағыздап жүрген ерлі-зайыпты екеудің ісін естіп, жағамызды ұстадық. Бір мезет, Қытай қазақтары торларында бұл үлкен аңыс қозғады. Қазір Құлжада, Үрімжіде жат дінге өткен жастар молайған. Өткенде ғана бұратала қазақтары иеговаға өте бастады деген жолдаманы оқығасын, таңырқап, анық-қанығын білмекке ұмтылдым. Себебі, мұның өтірік болуын іштен тіледім. Бірақ үшбу хабар өтірік болмай шықты. Таңырқадық, бірақ ішімізден өкіндік. Қылар қайранымыз қайсы?! Иеговашылдар заңды түрде Қытайда тіркелген дін. Енді осылар қазақ баласына ауыз салған. Тау-тауда, ауылдарда төтеше-көнеше жазудағы «киелі кітаптарын» елге таратып жүр екен...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 16:52:33

Қарашаның ортасында «құдай ұрғырлардың құдай сайты» деп жолдама жолдадық. Жалғамасы: Http://k.iskz.com/bbs/viewthread.php?Tid=22397

Артық-ауыс ештеме айтпай-ақ, үшбу сайтты Қытай қазақтарына таныстырдық. Қытай қазағы жат дінге өткен өзінің қаракөз қазағының қандай болатынын білсін дедік. Алматыдағы біздер үшін бұл көз үйренген үйреншікті құбылыс болса, Қытай қазақтары үшін адам баласы естімеген сұмдық ретінде аңдалары хақ. Оқыған, естіген оқырманның таңырқамағаны жоқ, барлығы бұларға жандары ашыды. Тағанынан ыдырап, шіріп, қабырғасы сөгілгелі тұрған қасыреті мол қазағымыздың тағдырына алаңдады.

Қайтейік, енді?! Не қайран қылармыз? Аңғал қазақтың тілегені осы ма еді?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 16:52:44

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-12-8 17:00 өзгерткен

Http://www.kudai.kz Бұл сайттың бас бетінде осылардың адасқан діндеріне өтіп кеткен өзіміздің қазақтың ұлдары мен қыздарының мақалалары, ойлары бар. Ол бас беттегі қозғалмалы суреттерді екі шертсеңіз-ақ шыға келеді. Белсенді торшыларымыздың осылардың жазғандарын реттеп, осы жалғама астына көшіріп әкелгенін сұраған болар едім...

Жат дінге өткен қазақтардың қандай болатынын, ұлтымыздың біртұтастығына сызат кеткендігін осыдан-ақ көріңіздер. Анық ақпаратта қазір Қытайдың қазақтар шоғырланған кей аудандарында «Иса мәсіхті» уағыздаушы қазақтар молайған. Кей аудандарда «иегова куәгерлерінің» көнеше жазылған «киелі кітаптары», «киелі рух» кітаптары ауылдағы қарапайым қазақ арасына таратылып жүргендігін естідік...

Біз танитын Қытайдағы кей қазақтар әлден иеговаға кіріп кеткен...

Сенің қазіргі шүлдірлеп жүрген ұлың мен қызың ертең-ақ осындай адасқан нанымдағы қазақтың ұлы мен қызымен бірге оқидіы, сонымен үйленуі мүмкін. Біз баяғыдай, біртұтас ұлт ретінде аталудан қалдық...

Бізді аздырғысы келетіндердің, бізді бөлшектегісі келетіндердің мен айтқан осы мәселеге көтеріле қарсы тұруының сыры осында. Олар осы арқылы бізді тәтті ұйқыда алдап қалдыра тұрмақ...

 

Құрметті қазақтарым, бауырларым, осы торлардың өзінде жат дінді уағыздайтын қазақтар жыртылып айырылады. Олар осы сықылды христиан қазақтардың, иегова қазақтардың бар екенін айтып, дабыл қаққан маған соншама шүйлігуінің сыры бар. Олардың бас штаптары Алматыда. Олар Алматыда заңды әрекеттенеді. Олардың нағыз орталықтары Америкада, Еуропада. Олар Қытайда да заңды дін. Енді, Құлжа, Үрімжі қалаларында, ішкі өлкелерде олар осы діндерге қазақтарды тартуда. Осыдан сақтаныңдар. Үрімжідегі нұңда, шинда, Құлжадағы пединститут маңында бұлардың апандары бар. Қазақстаннан келген қазақтардың қытайшаға судай бір тобы осы діндерді уағыздауда.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 17:03:31

Демек, қазіргі Қазақстан медиасындағы дау-дамайға толы мақалалардың арғы жағында осындай ащы шындық жатыр. Шудың артында у тұр. Сол уды көрген бар, көрмеген бар. Біздің аңғал ұлтшылдарымызды жаңағындай жаулар діншілдерге қарсы айдап салды. Дінді түгілі, дымды түсінбейтін дымкастар мұндайда лап ете түскен! Онсыз да біздің ұлтымызда рухани тұтастық жоқ еді. Отарлықтан енді-енді құтылған қазақтың бойындағы қасырет жетерлік еді. Руға, жүзге, жерге бөліп, билеген орыстардан құтыла салысымызбен, бізге батыстың осындай бүлдіргі діндерімен қатар батыс қаржыландырып отырған ислам атын жамылған теріс бағыттағы секталар ағылып кірді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 17:09:58

Орта Азияны орта шығысқа айналдыру - Американың аңсаған арманы. Араб елдерінде береке-бірлік болса, Американың ол жерлерде әскер тұрғызуына себеп қалмайды. Сол үшін Ауғанстан да, басқа араб елдері де ешқашан бейбіт өмір сүре алмайды. Арабтың жеріндегі мұнай тақыр-таза таусылған заманда ғана орта шығыста бейбітшілік орнауы мүмкін. 22 елге жіктелген арабтың басын бір тудың астына жимақ болған Саддам Құсайынның мерт болуының сыры да осында жатыр. Арабтың басын біріктіретін, арабтың рухын тасытатын адам керек емес батысқа. Азғантай ғана ақшасынан айрылып, дағдарысқа ұшырап еді, алды да Қаддафиді сылтауратып, бір елдің быт-шытын шығарды. Демек, батыс үшін мүдде ғана бар. Олардың исламды жаман көрсетуіне бола біздің исламнан бас тартуымыз керек пе екен?! Ашығын айтайық, батысқа жағамын деп крест асынсаң да сені аяғалы отырған олар жоқ, оларға сенің қай дінді ұстанғаның қызық емес, олардың қызығатыны сенің байлығың ғана! Мұнай мен газ ғана!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 18:56:17

Мұнан бұрын жазғандарымызда айтып өткеніміздей, орта Азияның тынышсыздығын тудыратын екі фактор ғана бар. Орта Азияның берекесін бұзуы мүмкін екі мүмкіндік бар. Мұның бірі қырғыздар болса, екіншісі ұйғырлар. Қырғыз жеріне сыналап кіріп алған Америка әскері күллі Орта Азияның тыныштығы үшін ең үлкен қауіп. Демек, Бішкекте басы түйіскен орыс пен Америка ешқашан берекелі де тату-тәтті тұрмақ емес. Ал, ұйғыр мәселесі мұнан да күрделі. Ұйғырлардың Қазақстан жерінен дәмелі болуының сыры мен қыры көп. Оларды дәмелендіріп отырған ішкі-сыртқы факторлар бар. Демек, қазақ баласы қамсыз болса болмайды. Біз қазір күллі адамзат баласы көз тігіп отырған от білтесінің қасында қамсыз пырылдап ұйықтап жатқан елміз.

Қазақстандағы ұйғырлардың өз алдына мәдениет орталықтары, қаржылық-қаражаттық ұйымдары, өз тілдерінде шығатын басылымдары, өз тілінде оқитын мектептері бар. Осының барлығы қазақтың басын қатыратын оқиғалардың шығуына себепкер болып отыр. Ұйғырларға қатал саясат ұстанған өзбектердің еліндегі ұйғырлардың саны Қазақстандағы ұйғырлардан мол болғанымен, бірдей ала тақия киетін өзбек туыстары ұйғырларды біз қазақтар құсап еркелетіп, шолжаңдатып алған жоқ. Албасты қабаққа қарай басады деген ғой, Қазақстан жеріндегі ұйғырлардың бөлшектеушілік пиғылдары жыл өткен сайын асқынып келе жатыр. 2006 жылғы 18 қарашадағы Шелек оқиғасы мұның бір жарылысы ғана болды. Жауырды жаба тоқыған билік мәселені шешудің орнына мәселені жасырып, жабып тынды. Бірақ былтырғы және оның алдындағы жылғы оқиғалардың толассыз туылуы - қазақ еліндегі тыныштықтың түбі бір бұзылуы мүмкін екенін елестетіндей. Демек, біз шетелдің жалған мадағын аламыз деп жүріп, шетелге жалғаннан демократ болып көрінеміз деп жүріп, Алланың берген егемендігінен, Алланың берген тыныштығынан, Алланың берген жерінен айырылып қалатын көрінеміз, Алла мұның бетін ары қылсын!

Ол үшін тіл мәселесін қолға алу керек. Ұйғырлардың өз ана тілдерінде мектеп ашуына заң арқылы тосқауыл қою керек. Немесе олардың өз алдына жеке мектеп құруын құрту керек, ұйғыр мектептерін қазақ мектептеріне қосып жіберу керек. Ұйғыр тілінен басқа барлық сабақтарды қазақ тілінде ғана жүргізу керек. Себебі, тіл мәселесі - ұлт мәселесі. Бұл мәселе хақында біз алысқа бармай-ақ, Марксизм көсемдерінің зерттеулеріне үңілсек-ақ, соның өзі біраз нәрсенің бетін ашып береді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 19:02:59

Сталиннің «Марксизм және тіл ғылымы мәселелері» атты еңбегін іздеп оқып көрулеріңізді ұсынамын, қытайшасы: (马克思主义和民族问题 (斯大林

Мұнда тіл мәселесі мен мемлекеттің тұтастығы мәселесі сөз етілген.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-9 01:30:47

Сталин ешқандай бір тіл ғылымы ғалымы емес еді. Бар болғаны - ол тіл ғылымы ғалымдарының арасындағы ғылыми айтыстан, жеке бастары арасындағы араздықтан пайдаланды да, Кеңес Одағының «Ақиқат» газетінде үлкен «ғылыми айтыс» ұйымдастырды. Соның нәтижесінде, тіл ғалымдарының көмегінің арқасында аталмыш еңбекті жазып шықты. Үстіміздегі жолдамамызда біз оның қытайша нұсқасының атын бергенбіз. Орыс тіліндегі түпнұсқасы былай: «Марксизм и вопросы языкознания»

Біздің Сталинннен ситат алуымыз оған табынуымыздан, оны мойындауымыздан емес екендігін былайғы оқырман онсыз да біледі деп сеземін. Қанішер Сталинді саясаткер деп айтудың өзі қиын еді. Ол бар болғаны Ресейде қаңғылестеп жүрген грузин қарақшысы болатын. Жүрегінде ақиқат сезімі жоқ, көкірегінде рақым мен аяушылық жоқ кәдімгі қанішер банды болатын. Кеңес Одағын құрудан бұрын мұндай адамдар Ленин үшін аса қажетті болды. Ленинге ол заманда керегі осындай баскесерлер еді. Еврейлер шектен тыс ой еңбегімен шұғылданатын да, кәдімгі кісі өлтіру, тонау, өртеу сынды қара дүлей күштің әрекетіне көбінеки осындай шаш ал десе бас алатын баскесерлер керек еді. Сонымен Лениннің өзі өлерінде осы қанішердің «мырза қамағына» түсерін ойлап жеткен жоқ. Ажалы да осы баскесерден болды.

Ал Сталиннің тіл мәселесі көзқарасы бізге не үшін керек бола қалды? Бұны асықпай түсіндіреміз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-9 02:02:14

Ертеректе «Марксшілдер» деген атақты сайтты таныстырғанбыз. Бұл жолы да үшбу сайтқа назар аударамыз:

Http://www.marxists.org/chinese/stalin/mia-chinese-stalin-1950.htm

Бұл қанішер Сталиннің 1950 жылы жариялаған мақаласы.

Үшбу шығармада социализм мезгілінде кей тілдердің жеңімпаз болатынын, кей тілдердің жеңілетінін ашық жазған:

«Социализм бүкіл дүниежүзі көлемінде жеңіске жетуден ілгергі дәуірде, тілдердің дамуы тек қана кей тілдердің ассимиляциялануы мен кей тілдердің жеңіске жетуі үлгісінде дамиды. Социализм бүкіл дүниежүзінде жеңіске жеткеннен кейінгі дәуірде қыспаққа алу немесе тілдерді ассимиляциялау саясатының өмір сүруінен қалуына байланысты әрбір ұлттың тілі өзара селбестік үлгісінде, ешқандай қысымға ұшырамай, өзара молықтырылады...»

Демек, күн көсем Сталин өз шығармасында социализм дәуірінде тілдің, әсіресе, кей тілдердің қысымға ұшырайтынын ашық әрі анық жазған. Жеңетін тіл барын, әрі жеңілетін тіл барын ашық жазған.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-9 02:12:09

Не үшін көсемдердің барлығы тіл мәселесінен айналып шыға алмайды? Тіл мәселесі демек дүр – ұлт мәселесі еді. Тіл мәселесін шешу – ұлт мәселесін шешуге қарағанда оңай. Сонымен қатар тіл мәселесін шеше алса, ұлт мәселесінің оп-оңай шешілетінін білген көсемдер. Мұның бірнеше түрлі үлгісі болды. Бірі – тілді басы бүтін жойып жіберу. Сол арқылы ұлт мәселесін мәселе ретінде жойып жіберу. Бұған мысалды жойылған шүршіт тілімен қатар, жойылған шүршіт ұлты мәселесін мысалға алуға болады. Тілі жойылған ұлттың ұлт мәселесі де өмір сүруден қалатынын өмір дәлелдеп келе жатыр. Тілі жоқ Америка негрлері ешқашан бір ұлт ретінде қаралмайды да, мың жерінен ағылшындасса да, испан текті көшпенділердің Америка қоғамында негрлерден бөлек құрметке ие болатыны сонан.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 28 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)