Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 49 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-7 17:29:51

Қазақстан елі - ашығын айтқанда, ащы шындықты шыңғыртып тұрып айтқанда, құлаққа жағымсыз қылып тұрып айтқанда екіге жіктеліп тұрған ел. Мейлі, қай тұрғыдан қарасаң да, қай көзқараспен өлшесең де, қазақ елі біртұтас ел санатына жатпайды. Қазақша айтқанда, сырты бүтін, іші түтін. Сыртынан қарағанда, біртұтас ел сияқтанғанымен, ішкі жағынан екіге жіктеліп тұр. Рухы да, ойы да, ұстанымы да, көзқарасы да, діні де, тілі де, ділі де тұтасымен екі үлкен жікке бөлініп тұр.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-7 17:34:43

Чех пен словакты бірлестіріп Чехословакия жасаған еді. Мұны жасаған Кеңес Одағы болатын. Бұл осындай құранды ел болатын. Соңы баянды болмады. Жіктеліп тыныш тапты. Оңтүстік славян елі атанған Юговславияның өзі бұл күнде быт-шыт болып бөлініп-бөлініп кетті. Себебі, бірімен-бірі мың жерінен жақын болса да, біртұтас ұлт ретінде тіл табыса алмайтын ұлттардың туыстығын мың жерінен әсірелеп, әрлеп, жақындастырып, туыстастырып айтсаң да араларынан қыл сыймастай болса да, соңында бүлінетінін біз сонан көрдік. Аталмыш бауырластық, туыстық, этногендік жақындық дегендердің барлығының бос сөз екеніне осыдан соң барып көзіміз жетті.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-7 17:40:19

Міне, осылардың барлығы қазақтың ұлтшыл зиялыларына ой салуға тиіс. Біз мың жерінен орысшыл болсақ та, мың жерінен Қазақстандағы орыстардың жағдайын жасасақ та, Қазақстандағы орыс тілінің мәртебесін мың жерінен аспанға көтеріп, көгертіп, көктетсек те, біз орыс болып кете алмаймыз. Қазақ пен орыстың арасын мың жерінен жақындатам десек те, бұл жақындықтың түбі шикі болатыны хақ. Алла қоспаған, Алла жазбаған туыстықты біз қолдан жасап ала алмаймыз. Өзіңнен тумай ұл болмас деген осы. Демек, жаралмыштан орыс- орыс болып жаралған да, қазақ - қазақ болып жаралған. Демек, екеуінің басы бір қазанға сыйып, бір елде тату-тәтті тұруы мүмкін емес. Қазақ оны «бір қазанға екі қошқардың басы сыймас» дейді. Демек, ел болып тұру үшін, елдікті баянды ұстап тұру үшін сол елде бір ұлт мүлде басым болуы керек. Сан жағынан ғана емес, барлық көрсеткіштер жағынан ел құрушы ұлт басым болуы керек. Ел сонда ғана ел болмақ, мемлекет сонда ғана мемлекет болмақ!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-7 19:06:37

Қытайдағы жолдас-жорамыздың кейбірі ауызекі әңгімеде, ойын-тойда, басқосуда Қазақстанды айтып, өзінің ұлтжандылығын айтып, ұлтшылдығын айтып дүрілдеуге шебер. Мұның барлығы бос әңгіме. Құлаққа соншама жағымсыз болса да айтайық, бұлардың барлығы бос әңгіме. Отаныңа оралмай тұрып, отаншыл болғаныңнан айналдық. Сенің отаншылдығың, сенің ұлт сүйгіштігің, сенің ұлтжандылығың осы болса, онда қоянның өзін көріп қалжасынан түңіл демекпіз. Кей жолдас-жорамыздың айтысында, егер Қазақстанда, ұлтаралық немесе шетелден себеп болып, әлдеқандай бір бүлік туа жатса, жау ел басып кіре жатардай болса, олар сонда ғана аянбайды екен! Аспаннан жауған оқты алақанымен, алдынан бораған оқты кеудесімен тоспақ екен! Бұл да бос сөз. Жігіттеріміздің істен гөрі сөзге бейім бола бастауының белгісі осы. Бұл қазақы қанымыздағы жауынгерліктің жоғала бастауы. Көшпенді батыр бабаларымыздың қанындағы қайсарлықтың мұжыла бастауы, кетеуінің кете бастауы.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-7 19:23:09

Қазақты шынайы сүйген ұл, Алланы шынайы сүйген құл Отанына қазір келсін!

Мұнан басқасының барлығы бос сөз, өзін және өзгені алдарқатқан әңгіме. Отанды сүю - еш шартты қажет етпейді. Ұлтымыздың ғасырлық ұлы мұраты жолында аянып қалғандардың, қорғанып, қорғаншақтап қалғандардың барлығы - сатқындардың санатында. Біз үшін қазір ең маңызды жұмыс - ұлт ретінде бір тудың астына жиналу. Алланың берген мынау нығыметін қорғау. Атамекенімізді ұстап қалу. Мынау алмағайып заманда, күніне мың құбылған түлкі заманда, есің барда елің тауып, ұлыңды, қызыңды Отанға, елге оралту. Мұнан артық іс жоқ! Мұсылман үшін алғанда бұл - жихад! Ұлтшылдар үшін алғанда бұл - ұлттық күрес!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-7 23:50:10

Юговславияның бөлшектенуі - Қазақстан үшін ащы сабақ болуы керек. Ұлтаралық қатынастарды дұрыс реттей алмаудың ең ащы сабағы - осы ивговславия. Назарбайдың «қазақстандық ұлт» деген (орысша казахстанцев) деп аталатын ұлтты қолдан жасамақ болуы да адамзат тарихындағы тың тапқырлық емес. Мұны «Оңтүстік Славян» елін ұзақ жыл билеген Титоның да іске асырмақ болғаны бізге тарихтан белгілі. Бірақ мұның барлығы сәтсіздікпен аяқтады. Демек, қолдан ұлт жасаудың қай-қайсысы да ешқашан сәтті болған емес. Бір ұлттың ғасырлардан бері қалыптасқан атын біржолда өзгерте салу дегеніңіз - тәттілеп айтқанда, баланың тәтті қиялы ғана, ащылап айтқанда, ақымақтық!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 00:08:02

Сербтер, албандар, кротялықтар, боснялықтар, македондар сықылды сан-алуан ұлттардың басын қосып, қырық құрау құрандыдан бір ел құрған Югославия компартиясының басшысы Тито өз қарамағындағы қарашасын біртұтас «Югослав» ұлты болып, бұрынғы ата-бабаларынан қалған ұлт атауларын қолданбауды талап еткен еді. Онысы сол замандағы басында еркіндігі жоқ немесе құл саналы бодан жұрт тарапынан аз уақытқа зорлықты түрде қабылданылғанымен, ең соңында тарихтың қоқсық сандығына тасталынған еді. Демек, қырық құрау ұлт - қақтығыстың қайнар көзі. Мұны Қазақстан билігі де, барша қазақ зиялысы да білуі керек. Мұндайда басты рөлді ұстайтын екі нәрсе ғана бар. Ол - мемлекет құрушы ұлттың аса басым деңгейдегі көптігі мен саяси-қаржылық жақтағы мүлде басымдылығы және абсолютті күштілігі. Мұнан басқа себептердің барлығы бекер.

Демек, қазіргі қазақ үшін алғанда, бар-жоғы 67 пайыздық салыстырмамен ел болып тұру дегеніңіз аса қауіпті іс. Иә, біз небары 38 пайыз болған заманымыздың өзінде дербес ел болдық, Алматыда небары 22 пайыз болған 1986 жылдың өзінде Кеңес үкіметіне қарсы шыға алдық. Бірақ, елді құру бір басқа да, елді ұстап тұру бір басқа...

Қазіргі қазақтардың мойнындағы міндет - елді ұстап тұру. Бұл біздің міндетіміз, біздің борышымыз. Бұл - азаттық үшін қан кешіп күресетін соғыстардан да қасиетті соғыс. Әрбір қазақ осы қасиетті соғыстың жауынгері. Демек, сен бұл дүниеге қазақ болып келгенің үшін-ақ, осындай міндет арқалайсың. Демек, сен - жауынгерсің! Ұлтың үшін қан майданда қан кешетін жауынгерсің...

Ал атойлап алға шығатын жауынгер боласың ба, әлде жаудың тәтті тіліне, сый-сияпатына, ақшасына, айлығына, үйіне, жақсы шарт-жағдайына алданып, ұлтыңды, отаныңды сататын сатқын жауынгер боласың ба, ол - сенің өз таңдауың!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 00:38:56

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-12-8 01:32 өзгерткен

Соғыс екі түрлі болады. Бірі - қан төгілетін соғыс. Бірі - қан төгілмейтін соғыс. Бұл сөзді баяғыда Мау айтқан. Маудың сөзін қайта-қайта ситатқа ала беруіміз - оны мойындағанымыздан, оны керемет білгенімізден емес. Күн көсемдердің адал мүриттеріне күн көсемдерінің сөзімен айтсақ, ұғынықты болар ма екен деген ой ғана. «Соғыс - қан төгілетін саяси, саяси - қан төгілмейтін соғыс» деген сықылды еді Мәукең. Мұнысын «Ұзаққа созылатын соғыс хақында» деген шығармасында (论持久战) деген шығармасында айтқан екен. Түпнұсқасы: 政治是不流血的战争,战争是流血的政治

Бұл сөз - Қытайдың күн көсемінің өз тапқырлығы болмаса керек. Мәукең мұны өзі сүйіп оқыған немістің Карл Вон Клаусеуитз (carl von clausewitz) деген білгішінің «соғыс теориясы» деген шығармасынан алған. Үшбу кітап сол замандағы дүниедегі Мәукең сынды барша соғысқұмарларға, төңкерісқұмарларға, қанқұмарларға, қырғынқұмарларға, бүлікқұмарларға бейне «қасиетті кітаптай» болған еді. Бұл хақында қытайша 《战争论》 деп, ағылшынша theory of war деп іздерсіз. Әрине, Мау оқыған кітапты сіз де оқысаңыз, күн көсемдердің туа көсем емес, жүре көсем екенін білер едіңіз. Демек, бұрындары айтқанымыздай, туа көсем ешқашан болмайды, жүре көсем болады. Көсемді көсем қылатын да, көсеу қылатын да - құлдары...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 00:43:56

Сол күн көсеміміз айтқандай, біздің қазіргі Қазақстанымызда соғыстың екінші түрі жүріп жатыр. Ол қан төгілмейтін соғыс. Яғни, саясат! Бұл аса маңызды. Өкініштісі, біздің халқымыздың саяси сауаты кемшіл. Құлдық санасы еттен өтіп, сүйекке жеткен. Бұл жұрт біраз заман өз тамырынан алыстап қалған! Қазақтың нағыз батыр, ержүрек рухы тура біздің осы буынымызда, осы заманымызда солғындап, ең төменгі шегіне жеткен. Ер - елі үшін туады, елі үшін өледі деген қазақ едік қой біз! Сол рухымыз қайда қалды?!

Еркек тоқты құрбандық деген қазақ ек қой, ел үшін қан кешуге дайын ер-азаматымыз болғанда, мынау қан төгілмейтін соғысқа неге қатыспаймыз?! Себебі, қазақ бір тудың астына ұйыспай, бір елде бір жұдырықтай жұмылмай, біздің ісіміз ешқашан оңбайды. Қазақияда да, шетте де, тарыдай шашылғаның шашылған. Көлденең көк аттыға жем болғаның болған. Бек ұлыңның құл, бек қызыңның күң болмауын қаласаң, ұйыс, қазақ!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 01:56:13

Жоғарыдағы Карл Вон Клаусеуитздің бір сөзі бар еді. Ол сөзі жан санына қатысты болатын.

«Сан жағындағы басымдылық, мейлі әскери әдіс-айла жағында болсын, әлде стратегияда болсын, жеңіске жетудің ең жалпылық факторы» дейтұғын. Мұнан тыс тағы мынадай бір ауыз сөзі бар еді:

«Сан жағындағы басымдылық ең негізгі принцп ретінде қаралуы тиіс. Мейлі қай жерде болсын, бұған ең алдымен немесе мүмкіндігінше қол жеткізу керек».

Демек, саннан сапа туады деген сөздің жаны бар болды. Өзгелер бұл хақында кітап жазып, әуреленіп жүргенде, өмір бойы қырғын соғыстардан көзі ашылмаған, роман жазуға уақыты шықпаған қазақ мұны «көп қорқытады, терең батырады» деген бір ауыз сөзге сыйдыра салған болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 02:19:21

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-12-8 02:25 өзгерткен

Оның war is merely the continuation of policy by other means деген сөзі Марксшілдерге қатты ұнады. Бұл сөз Ленинге ең ұнаған, қазақша айтқанда, майдай жаққан сөздердің бірі болды. Қазақша мағынасы: «Соғыс дегеніміз-саясаттың екінші бір түрлі мағынадағы жалғасы». Себебі Ленинге және Лениншілдерге өздерінің іс-әрекеттерін ақтап алатын дәлел керек еді. Ленин ғана емес, үшбу неміс білгішінің шығармасы құдайсыздардың көсемі Энгельстің де сілекейін шұбыртқан екен. Күстабан пролетарлардың азаттығы үшін күрескен күн көсем Энгельс оған «Прусся әскери ғылымы саласындағы ең көрнекті адам» деген баға беріпті. Иә, Энгельс те, Маркс те ол заманда Қытайдың Сұнзысын білмесе керек. Еуропалықтардың барлығының еуроцентршіл болатын бір жаман ауруы бар, Энгельстің Карл Вонға берген бағасында оны адамзаттың әскери саладағы ең ұлы авторитары деген мазмұндағы сөздер де болған екен. Адамзат деп аузын арандай ашқан Энгельс адамзаттың құрамына қытайлардың, сол қытайлармен тынымсыз соғысқан түркілердің кіретінін білмесе керек. Осы сөзді айтқан күн көсем шығыста, Қытай деген жұртта, немістер айдалада «маймылдың» ар жақ-бер жағында жүргенде, Сүнзі деген адамның «Сұнзы биңфа» (сұнзының әскери амалнамасы) атты кітап жазғанын білмесе керек. Демек, соғыс дегеніміз - саясат. Ал, саясат дегеніміз де - соғыс.

Миллиондаған адамдардың өлімін соғыс қана тудырмайды, керісінше, тыныш, бейбіт өмірде, арамза саясаттың кесірінен, миллиондаған адам өлуі, өмірінен айырылуы мүмкін. Әлдебір күн көсемдердің соғыста өлтірген адамдарынан бейбіт заманда өлтірген адамдарының саны мол болатыны осы сөзіміздің айғағы. Демек, өзіңді бейбіт қоғамда жасап отырмын деп ойлама. Аузы қан-қан алпауыттар бар заманда ұсақ, бұрата, әлсіз ұлттарға ешқашан тыныштық болған емес!

Не үшін «аз санды ұлт» аталдың, ең алдымен соны ойласаңшы. Қырыла-қырыла біткен жерің осы емес пе еді?! Алла тағала енді саған өсетін, өнетін, көктейтін, көгеретін орай беріп тұрса, кегежеңнен кері тартып тұрғаның қалай? Қазақтың егемен ел болуы - Алланың қалауы десек, сол егемен, еркін елде өмір сүргің келмегені, Алланың еркіне, Алланың қалауына мойынсұнбағаның емес пе?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 02:51:18

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-12-8 02:53 өзгерткен

Жә, құрметті жамағат!

Таң атса, желтоқсанның сегізінші жұлдызы болмақ. Алда қазақтың өршіл, намысшыл ұл-қыздары қазақтың азаттығы үшін қан кешкен атақты желтоқсан көтерілісінің айтулы ескерткіш күні келе жатыр. Демек, осыдан сегіз күннен кейін сол күн келеді. Қылышынан қан тамған, күллі ғаламды қорқыныш пен үрей ішінде дірілдеткен Кеңес Одағы атты қызыл империяға қасқайып қарсы шапқан қазақтан асқан батыр жұрт бар делінсе, мен сенбеймін де. Ешкім де сенбейді! Мұқаңның өлеңін сәл-пәл өзгертіп айтсақ, қазақтан асқан батыр ел бар делінсе, «өз көзімді өзім оям, оны мәңгі көрмеймін» дер едім!

Қазір Алматыда түн. Түнгі сағат бірге таяды. қазақтың маң қаласы мамыражай тыныштық ішінде ұйқыға кеткен. Иә. Алла бізге мәңгіге бейбітшілік бергей! Алматы жұрты ұйқыда. Бейбіт бұқара ұйқыда. Бірақ, біздің қазақ сарбаздары ешқашан ұйықтамайды. Олар Отанымыздың тыныштығын сақтап, ұйқысыз таңдарды атырады. Біздің амандық сақшыларымыз, біздің қарулы күштеріміз ешқашан ұйықтамайды, олар қазақ халқының, Қазақстандағы басқа да ұсақ ұлттардың, қазақтың кең-қолтығында паналап отырған өзге жұрттардың, қысқаша айтқанда, қазақ елінің бұқарасының амандығы үшін, ешқашан ұйықтамайды. Себебі олар ұйықтауға тиісті емес, себебі олардың жауы ұйықтамайды. Қазақтың жауы ешқашан қалғыған емес! Біздің қалт еткен бір сәтімізді аңдып отырған жауларымыз ешқашан ұйықтаған емес!

Біздің жігіттеріміз, біздің сарбаздарымыз қаланы шарлап жүр. Терезеден, төмендегі қарауылдарды көріп тұрмын...

Алла оларға, қазақтың барша ұл-қыздарына амандық берсін! Алматыда қақаған аяз болмаса да, Алматы түні суық. Қапшағайдан ылғал суық ауа келеді. Біздің мемлекетіміздің ұландары Отан алдындағы өздерінің борышын өтеп, Алматы жұртының амандығы үшін, қарауылда жүр...

Я, ойға кетемін, көзіме еріксізден ыстық жас келеді, дәл қазір ту сонау шығыстағы Алтай тауының қарлы шыңдарынан бастап маң Атыраудың арасындағы кең-байтақ далада қазақтың қаншама сарбазы Отан амандығы үшін ұйқысыз отыр?! Алла оларға амандық, тыныштық берсін!

«Отан деген оттан ыстық қой! Отан үшін отқа түс, күймейсің, отан үшін суға түс, батпайсың» деген қазақ біз емеспіз бе?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 03:30:40

Біреулер көбінесе темір табақтан ас ішетіндер, «Қазақстанға келер болсақ, үкімет бізге андай көмектессе, мұндай көмектессе» деп саясат соғып жатады. Естіп-естіп алып, ішімнен таңырқаймын, өздеріне қарасаң, әжептәуір зиялы жігіттер. Айтқан сөздерінің түрі анау. Ұлтшылмын деп кеуделерін ұрғанда, қаңғыр-қаңғыр етеді. Өздерін қазақтың «отаншылдары, патриоттары» санайды. Оларына Алла разы болсын! Мұнысы, кем дегенде ұлтсыздарға, мәңгүрттерге, космополиттерге қарағанда, салыстырғысыз деңгейде ұлы! Жоғары! Бірақ мәселе сөзде жатқан жоқ қой, мәселе істе жатыр ғой! Мұсылман адам ниетін дұрыстағасын, Алладан тілегесін, соның қарекетін жасауы, амалын жасауы міндет емес пе еді?! Қарекетсіз амалға қайдағы ырыздық, қайдағы несібе?!

Сонда қалай болғаны? Отанға оралу үшін Отанға шарт қоясың ба? Жо-жоқ, бауырым! Мұнда ешкім аштан өліп, көштен қалып жатқан жоқ! Отаның үшін келер болсаң, андағы сөзіңді айтпа. Онда отаншылмын деме. Сен Қазақстанға «Отан үшін келдім» деуге лайық емессің, сен әшейін, жан бағыс үшін келген біреусің. Алла берген ырыздығын қазақ елінен теріп жеп жүрген мың-сан келімсектің бірісің. Ал нағыз қазақ болсаң, Аллаға тәуекел ет те кел! Анау-мынау деп басыңды қатырма! Сені жаратқан Алла саған беретін ырыздығын Адам ата жаралмас бұрын жазып қойған!

Иә, біраз қара бұқараны мұндағы еркін ақпараттағы қоғамның қараңғы жағын айтатын хабарлар қорқытады! Бұл енді білген адамға өте қарапайым сауат! Мәселе ондай «қоғамның қараңғы жағы» Қазақстанда ғана емес, сіздің елде керісінше, ең көп. Бар болғаны, қазақ елі «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп ақпаратқа еркіндік берген, мұнысы жағынан, әлемдегі дара билеуші кей көршілеріне қарағанда, Қазақстанда ақпарат еркіндігі бар. Кем дегенде, халық бұқарасы ақпараттан пайдаланып, өздерінің құқын қорғағанды біледі. Ең қысқасы, студенттердің өзі ақпарат күші арқылы парақор ректорларын (жоғары оқу орындарының басшылары) жұмыстан қуғыза алады. Ал сенің жасаған жеріңде бұған мүмкіндік жоқ. Басың екеу болмаса, «қоғамда бүлік тудыруға» батылың жетпейді. Партияның арқасында шығыстан күн шығып, партияның арқасында күн батысқа батып жатыр деген ақпаратқа санаң да, құлағың да үйреніп қалғасын, Қазақстандағы еркін ақпаратқа үйренісе алмай, үрке, үдірейе қарап қалатының шын. Егер Қазақстанда ақпарат еркіндігі болмағанда, биыл көктемдегі виза дауында соншама ақпарат саласы оралман үшін соншама үлкен тақырыптарға ашық бара алар ма еді? «Жас алаш», «Жас Қазақ», «Абай. кз», «Зона.кз», «Азаттық», «КТК телеарнасы» сықылды қаншама медиа осы мәселені қозғады. Сыртқы істер минстірлігі қаншама мәрте баспасөз жиналысын өткізді. Демек, ашық ақпараттың қоғам үшін қандай пайдалы екенін сонан-ақ көруге болады. Бұған үрке қараудың қажеті жоқ. Егер сіз Америкадағы, Шяңгаңдағы, Тайваньдағы, Аумындағы, Сингапурдағы ашық ақпараттардан Қытай туралы, Қытай үкіметі туралы айтылған ақпараттарды естіген болсаңыз, мына түріңізбен партияға деген адалдығыңыз алдында жүрегіңіз жарылып кетеді екенсіз, мәселе ондай ашық ақпаратты сіз ести алмайсыз да...

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін, сіздің қорықпауыңыз, үрейленбеуіңіз немесе жаман адамдардың сөзіне сеніп қалып, қамқор партияңызды дұрыс түсінбей қалмасыңыз үшін сіз тұрған аумақта, ондай «жаман хабарлар» ешқашан берілмейді. Соған сіздің құлағыңыз да, көзіңіз де таза...

Бірақ шындықтың аты - шындық...

Айтылмаған оқиғаның барлығын туылмаған екен дей алмайсыз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 09:54:33

Демек, Қазақстан дегеніңіз мүлде бөлек бір жүйе. Оның басқару жүйесі, халқының ойлау жүйесі мүлде басқа. Ол үшін сіздің Қытайда қалыптасқан, Қытайдан сізге сіңген көзқарасыңызды тықпалауыңыздың керегі жоқ. Алматының іргесіндегі ауылда баяғыда Қытайда қыстақ бастығы - Дұйжаң болған бір шалды көргенім бартұғын. Шалекең Қазақстан ауылдарына Қытайдағы басқару жүйесін орнатқысы келеді. Өзі дұйжаң болғысысы келеді. Я, әркім өз көргенін айтады, білгенін айтады.

Алматыда, Талдықорғанда, кейде басқа облыстарда жүрсек, «жер шалып жүрміз, сатып алғанға үй қарап жүрміз» деген оралмандарды көп көресің. Көбісі Қытайдан келгендер. Күні-бойы салпақтап, елден, онан-мұнан естіген сөзі бойынша үй іздейді сатып алғанға, жер іздейді. Былайынан қарасаң, бұл да қытайлық жұмыс әдісі. Өте өнімсіз әдіс. Қарасаң, шығыны мол. Сол үшін шығынданып, сонау ауылынан Үрімжіге жеткен, онда мың-сан ит әурешілікті көріп, визасын алады. Оған айлап, жылдап уақыт кетеді. Сонан Алматы жағалап, аяғымен жүріп, жер іздеп, үй іздеп жүргені әлгі...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-8 10:05:40


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 30 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)