Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 47 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Біз осындай ушыққан халықаралық жағдайға дайынбыз ба, қазақ баласы?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 03:14:27

Дағдарысты соғыс арқылы шешу - бүгінгі күннің ақылды адамдары ойлап тапқан амал еместұғын. Мұндай амал сонау есте жоқ ескі замандардың өзінде бар болатұғын. Ол заманда қазіргі күндегідей ғаламдасқан қаражаттық, қаржылық байланыс жоқ қой. Соның өзінде де ол заманда дағдарыстың көкесі табиғи апаттармен қатарласып келетұғын. Қуаңшылықтан, су апатынан, зілзаладан барып, бір елдің екінші бір елге тарпа бас салуы, байлық ресурстарына, су ресурстарына, қалаларға, стратегиялық нысандарға таласуы туындайтын. Бұндай соғыстар кейде жұрттың ауанын ұлтшылдыққа, отаншылдыққа аударып жіберу үшін де туатын. Кейде жаңағыдай апаттар болған елді, әлсіреген мемлекетті апатқа ұшырамаған, қуаты мығым ел келіп жаулап алатын. Мысалы, баяғыдағы ақтабан-шұбырынды, алқа көл-сұлама заманындағы жұңғарлардың қазақтарға шабуылы осындай бір жағдайдан туындаған болатын.

Демек, мейлі бұрынғы замандардағы дағдарыс болсын, мейлі қазіргі замандардағы дағдарыс болсын, түбі жақсылықпен аяқтамайды, мұның арты ушығып, шешілместей бола жатса, соғыстың бұрқ ете түсуі қас пен көздің арасында ғана...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 03:28:48

Біз дағдарысты айтып, соғысты айтып, былайғы жұртты дүрліктіріп жатқан жоқпыз. Шындығы керек, бұл - біз ойымыздан ойлап тапқан тақырып емес. Ағылшын тілді, орыс тілді, қытай тілді шетел ақпаратында біраз замандардан бері талқыланып келе жатқан ең басты тақырыптар. Мұны арнайы ескерту себебіміз, әлдебір «іш-бүйен» асабалардың немесе «қызметшілердің» жерден жеті қоян тапқандай болып, «тыныш жатқан жұртты дүрліктіріп жатыр» деп, қожаларына доклад жасамасы үшін ғана. Былайғы ақкөңіл жұрттың құлағына алтын сырға. Керегін алып, керексізін тастар. Қамсыз қазаққа шамамыз жеткенше, қамдан деп айғайшы бола жатсақ, бізге онан артық бақыт жоқ.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 03:40:28

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-12-4 03:46 өзгерткен

Орыс тілді ақпараттарда доллардың құлайтындығын айтып, дабыл қаққалы біраз заман болды. Медведевтің өзі соғысқа дайындық туралы сөйлей бастады. Қажетті кезінде Ресейдің атом қаруын қолдануға мәжбүр болуы мүмкін екендігін ескерткендей болды. Онсыз да күн санап орысты тықсыртып келе жатқан батыс күштеріне атом қаруын қолдануды дәріптейтін Жириновский деген есалаң телеарнадан түспей қойды. Тіпті Еуропада саны көбейе түскен мұсылмандарға айдаладағы Ресейде жатып алып, албаты соқтыққанының өзі оның нағыз есалаң екендігін паш еткендей.

Демек, біз азғантай ғана қазақ баласы, енді жарты ғасырға жетер-жетпес болған тыныштық ғұмырымызға хош айтатын сияқтымыз. Шындығы керек, қазақ жасаған елдерде, қазақтың соры қайнаған өткен ғасыр өтіп, қазақтың бағы енді-енді жанған еді. Бір Алла өзі қазаққа жар болсын! Бұл қазақ ашық соғыста да орыстың құралы болып, орыстың құлы болып, айдаладағы Еуропада, Мәскеуді қорғау шайқасында, Сталинградты қорғау шайқасында қынадай қырылды ғой.

Тіпті Берлиндегі Гитлердің президент сарайына ту тіккен де осы өзіміздің қазақ қой. Онан ары және бері есептесек, соғыста қырылған қазақтан, мейлі Қазақстанда болсын, мейлі басқа елде болсын, соғыс емес, бейбітшілік заманда қырылған қазақ көп болған екен...

Демек, қазақ соғыстан қорықпайды, қазақты соғыс құрта алмайды. Ашық келген жаудан қазақ жеңілген емес, қазақты құртатыны - жымысқы жау, жасырын жау. Жалған бейбітшілік замандағы қырылған қазақтар осының айғағы. Бейбіт заманда жасап отырмын деп ойлама, қазақ.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 04:17:58

1939 жылы ғаламдық екінші соғыс басталған тұста Кеңес Одағында жасап жатқан қазақтардың саны 5 миллион болған екен. Әрине, Кеңес Одағы соғысқа мұнан екі жыл өткесін ғана, яғни 1941 жылы ғана араласады. Оның үстіне, 1939 жылғы санақтың дұрыстығына күмәніміз бар. Бұл жауыз Сталиннің қазақтарды, украиндерді мүлде құртып, Кеңес Одағында орыспен иық тіресуге мүмкіндігі бар осы екі ұлтты мүлде жоқ қылып жіберу саясатының атқарылып, нәтиже берген кезі еді. 1931-1933 жылдар арасындағы жасанды ашаршылықта 4,5 миллион қазақтың қырылуы, саны белгісіз соншама қазақтың шетел асуы, мұнан бұрынғы 1920, 1921,1922 жылғы Лениндік ашаршылықта екі миллионнан аса қазақтың қырғындалуы, 1936-1937 жылдар арасында қазақтың барлық зиялы жігінің жаппай қырғындалуы 1939 жылғы санақтан әлдеқашан бұрын болған оқиға еді, демек, қанішер Сталин сонау 1920 жылдан бастау алған қазақты қырғындау саясатын 1937 жылға дейін жүргізгенде, ұлтымыздың жан саны ең кем есеппен есептегенде 7 миллион адамға азайған. Бұған шетел асқан қазақтар кірмейді. Ал 1939 жылғы санақта қазақтардың, тек қазақтардың Қазақ Республикасындағы санының өзі бес миллион болған. Ал бұл заманда өзбектер 10 миллионды құраған. Украиндер 15 миллион болған. Орыстардың өзі бұл жылы 100 миллион болған.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 04:22:49

Демек, сонау 1916 жылғы Албан көтерілісінен бастап, қазақтардың орыс патшасына қарсы көтерілістерін есептесек, бұл қазақтың қаншалықты қырғындалғанын есептеу қиынға соғады. Демек, осыдан бір ғасыр бұрынғы тарихымыздың өзінде бір қатты қырғыншылық көрген халықпыз. Біз мұнан да бұрынғы сонау Ақ патша қазақ жерін жаулай бастаған тұстардағы қазақтың соғыстары мен Исатай Тайман, Махамбет Өтеміс бастаған көтерілістерді қоспағанда, тек осы бертінге дейінгі замандарда біз тек қана қырғындардан көз ашпаған елміз...

Бірақ қырылған біз қазір қанша болдық, ал сол замандағы өзге жұрт қазір қанша болды? Ойлану керек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 04:30:58

Тура осы жылы әзербайжандардың саны екі жарым миллион, қырғыздар бір жарым миллион болған екен. Шын-өтірігін кім білсін, татардың санын небары 300 мың деп қана көрсеткен екен. Бірақ қазір қазақ қанша, осы бауырлас, тағдырлас туыстарымыз қанша?!

Мұны есептей кетсек, жүрегіміздің ауырып қалары шын. Не үшін? Ғаламтор қолдана білетін барша оқырман мұны өзі-ақ есептей алады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 04:39:19

Бейбіт уақытта, тыныш заманда басың қосыла алмаған қазақ, егер жаман айтпай жақсы жоқ дегендей, ту-талақай заман болса, аспаннан ракета жауып, алпауыттар мынау бейбіт ғаламның астан-кестеңін шығарардай болса, халің не болмақ?!

Немістің оғынан қырылып, аман қалған қазақты қанішер Сталин Алтай бетіндегі арманы асқақ ақ иықтың әскеріне айдап салған еді ғой. Ол замандағы қазақ орыстың қырғынынан бір қырылды, орыстың айдауымен немістің оғынан бір қырылды, онан келіп, өзінің Алтайдағы бауырымен қырылысты, онан барып, қиыр шығыстағы Қытайды Жапоннан азат етпекке бір қырылды...

Онан соң кеше ғана Ауғаныстанға барып бір қырылды...

Демек, күнің өзгеге қараған соң, өзімді адам екенмін деме. Өзіңді адам санатына қоспай-ақ қой. Өз басыңда өзіңнің еркіндігің болмаған деген сөз-қорадағы қойдан жамансың деген сөз. Қойды жегісі келген адам қоймен ешқашан ақылдаспайды ғой, барады да алып ұрып бауыздай салады ғой, қой бейшараның көнбеске не шарасы?!

Адамша ғұмыр сүргің келсе, өзіңді, ұрпағыңды аман алып қалғың келсе, есің барда елің тап...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 15:36:27

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-12-4 15:39 өзгерткен

Ноғай-қазақ жыласып айырылған сол бір замандардың бір ащы шындығы бар. Ол заманда біз ноғай атаған ел мен қазіргі қазақтың еш айырмасы жоқтұғын. Бір ел екіге айырылғанда, иелеген жері, қоныстанған жайлаулары мен қыстаулары, қыстақтары, шаһарлары бойынша екі хандыққа бөлінді де қалды. Тегі, тұқымы бір еді. Сол заманда арасына қыл сыймастай жақын осы екі елдің арасында не ноғай ордасында, не қазақ ордасында қаларын білмей, сандалған рулар мен тайпалардың болғаны хақ. Себебі мұндай құбылыс өзбек ханнан бөлініп, қазақ бөлек хан болған заманда да қайталанды. Кей рулар біресе қазақ хандығына қосылып, біресе өзбек хандығына қосылып, бір анық шешімге келе алмай жүрді. Ал жаңағы ноғай ұлысында қалуды дұрыс тапқан қазақ руларының ақыры жақсы болмады. Ноғайларға нәсілдік қырғындау жүргізген орыс отаршылдары саны қазақпен парапар, әуелі саны жағынан қазақтан көп деңгейдегі ноғайлардың тұқымын құртып жібере жаздады, бүгіндегі ноғай солардың ақ орыстан да, қызыл орыстан да қырыла-қырыла біткен, таусылған жұрнағы ғана. Сол ноғайларың немесе сол заманда ноғай ордасында қалған қазақтарың бүгінде Қазақстанға қазақ болып оралуды, өздеріне оралман мәртебесін беруді сұрап жалынып жүр. Сандары да азғантай, оның өзі орыстанып, шоқынып бітейін деген. Тіл кеткен. Соңғы кезде шоқындыру да үртіс басталған. Енді Қазақстанға жете алмай армандап отыр.

Ал өзбек хандығы ол заманда бұқарасының басым көбі сарт емес, қазақ еді. Ол заманда қыпшақ тілді түркілері оғыз тілді түркілерге қарағанда қуатты, күшті еді. Жан саны да мол болатын. Оғыз текті түркілер азғантай қала-қыстақтарда ғана еді. Ал ен даланы, сайын даланың төсін мыңғырған малымен, құжынаған жан санымен толтырып тұрған қазақтар болатын. Сол заманда қазаққа қосылмай, өзбек хан құрамында қалған рулардың бүгінде тұқымы құрыды. Сарттасып, тәжіктесіп, дүбараласып бітті...

Өзбекстандағы азияттық бет пішімі бар, сығыр көз, жалпақ бет өзбектер сенің туысың...

Олардың мінездері де, кең пейілділіктері де, қонақжайлылығы да, ырым-жырым, құдалық-сұдалығы да тұтас қазақша. Бар айыбы, тілдері өзбектеніп кеткен...

Демек, қай қашан да болсын, Қазақ мемлекетінде қалғандар ғана қазақ болып қалған, ал мың жерінен бауырлас, көршілес елде қалғанымен, Қазақ мемлекетінде жасамағандардың қазақ болғаны жоқ, не тұқымы тұздай құрып қырылып бітті, не қысым астында шашырап, жұтылып бітті. Демек, қазақша айтқанда, тұқымы тұздай құрыды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 21:28:55

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-12-4 21:42 өзгерткен

Қытайға қарасты ішкі Мұңғыл Автономиялы өлкесінде бір ғажап қауым бар екен. Өздері мұңғылша сөйлейді, мұңғылша киінеді, бірақ мұсылман жолын ұстанады. Намаз оқиды. Меніңше, бұлар қазақтар. Қазақ болғанда да, баяғының баяғысында мұңғыл жайлауларына көшіп барған қазақтар. Немесе тағдыр тәлкегімен мұңғылдардың айдауымен солай барған қазақтар. Бұл хақында кейбір қытай зерттермендері де осындай көзқарасты ұстанады. Демек, олар дінді ұстанғанымен, тілден айырылған. Тілден айырылғаны - ұлттық болмыстарынан айрылғаны.

Құдай басқа салмасын, қазір Үрімжі жағалаған қазақтардың екінші, үшінші ұрпағы қытайша тәрбие алуда. Әкесі де, шешесі де қытайша оқыған отбасылардың үйлерінде тұтасымен жүз пайызға қытайша сөйлейтіндіктерін өз көзіммен көрдім, көргенде де көп көрдім! Міне, осы ұрпақ ертең қазақша киінетін, өзінің мұсылман екендігін ғана білетін, бірақ тілінен, ділінен айырылған дүбара халыққа айналады. Оның арты - жоғалу!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 21:33:34

Бұл хақындағы ақпараттарды 穆斯林 蒙古 деген сөздерді жазып, гугл немесе байду іздеуіштерінен іздесеңіз таба аласыз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 21:36:25

Қазірше мына жалғамаларды оқуыңызды ұсынамыз:

Http://www.alswh.com/article_show.asp?Articleid=3148

阿拉善蒙古族穆斯林

黄河边的蒙古族穆斯林

Http://noorislam.org/archiver/?Tid-99279.html

信仰伊斯兰教的阿拉善左旗蒙古族穆斯林

Http://www.qk114.net/lunwen/jiaoyuleilunwen/2011/0519/31995.html

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 21:49:34

Қазіргі Еуропада санаулы ғана ұлттар қалды. Ағылшын, испан, неміс, француз, португал, белгюм сынды санаулы ғана ұлттар қалды. Ал мұнан бірнеше жүз жыл бұрын мұндағы ұлттар мұнан да көп еді. Соның барлығы саяси-экономикалық себептер салдарынан құрып кетті.

Америка құрлығындағы аборигендерді айтудың да қажеті жоқ, олар бітті, құрыды. Австралиядағы мәулилерді айтудың керегі жоқ, олар да бітті, құрыды. Жапониядағы айнулар да солардың кебін киді. Оңтүстік Тынық мұхиттағы аз санды ұлттар да сол. Тайваньдағы гаушандар да осылардың аяғын құшты. Құрымаған кімдер қалды?!

Сенің қалың қалай, шеттегі қазақ баласы?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 21:57:47

Адамзаттың ең үлкен бақсысы - Маркс шалдың айтқаны келе жатыр. «Ұлт жойылады» деп еді қапсақал еврей. Біз бұған нанбаймыз. Ұлттың өмір сүруі- Алланың қалауы. Бұл ғаламда Алла қалаған іс қана болмақ, Алланың қаламағаны ешқашан іске аспақ емес. Демек, жаңағы жойылған ұлттардың ашынышты тағдырының өзі Алланың қалауы. Себебі, олар соған лайық болуы мүмкін! Міне, бұл ислами көзқарас. Біз Алланың ерекше нығыметіне бөленгіміз келсе, өзімізді соған лайықтауымыз керек. Алла өз шапағатына бөленуге лайық құлдарын ғана жарылқайды. Ұлт ретінде де, жеке тұлға ретінде де біз өзімізді-өзіміз тексеруіміз, таразыға тартуымыз керек. Мұны ғұлама Абай баяғының баяғысында айтып кеткен. Біз онан асырып ештеңе айта алмаспыз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 22:35:58

Өздерін қазіргі заман адамзат өркениетінің серкесі сезінетін Еуропаның өзінде азшылық қауымның халі қалай? Еуропадағы аз ұлттардың тілі мен діні, құқығы заң арқылы қорғалып отыр ма? Бұл хақында білгіңіз келсе, мына деректер бойынша ғаламтордан іздеңіз:

Ағылшыншасы: European charter for regional or minority languages

Қытайшасы: 欧洲区域或少数民族语言宪章

Ағылшыншасын қысқартып ECRML деп атайды.

Демек, «Көп қорқытады, терең батырады» деген қазақ мақалының ақиқатын осыдан-ақ көргендейміз. Ағылшындардың, жалпы батыс қоғамының мемлекет пен ұлтты біртұтас нейшн атауының сыры осы болса керек. Сен Америка азаматы болсаң, шығу тегіңнің қайдан екендігіне қарамастан, сенің ұлтың -американ. Мемлекет қарастылығың - Америка. Демек, Францияда жасап жатқандарды, мейлі ол қытай, ветнам, чех болсын, тұтасымен француз атауының сыры осында болса керек. Себебі сен сол елде жасайсың. Сол елдің көзқарасын, құн көзқарасын, өмір көзқарасын қабылдайсың. Өзің де, балаң да сол елде өмір сүреді. Демек, бір-екі ұрпақ өте сен сол елдің негізгі ұлты жағынан жұтылып кетесің...

Демек, осы көзқараспен қарағанда қытай паспортын ұстағандарды тұтасымен чайниз атайды. Себебі қытай паспортында ұлт жазылмайды. Көптеген елдердің паспортында ұлт қарастылығы жазылмайды. Осыны Қазақстан паспортына енгізбек болған мәлім мысық тілеулінің арам ниеті ақырында іске асып тынды...

Бұл хақында бұрындары тоқталғанбыз, бұл арада қайталамаймыз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-5 00:59:00

Германияда хорнжосербше (hornjoserbsce) деген бір тіл бар. Қолданушыларының саны небары 55 мың ғана. Күллі Германияда 82 миллионға жуық адам тұрады десек, хорнжосербше тілінде сөйлейтіндердің халдерінің қалай екендігін білуімізге болады. Болжампаздар бұл тілдің жақын арада құрып-жоғалатындығын алдын-ала болжап, өлмеген хорнжосербше тіліне әлден жаназа шығарып қойған. Көрлігі қазылып қойылған. Дайын тұр. Сонымен, адамзат мәдениетінің бір бөлшегі осылайша құрып жоғалудың аз ғана алдында тұр. 55 мың дегеніңіз Қытайдағы бір ауыл ғана ғой. Мысалы, Қытайдағы қазақтардың молдау қоныстанған бір ауданында осындай шамадағы қазақ бар болуы мүмкін...

Бірақ, бізге хорнжосербше тілінде сөйлейтіндердің не үшін осы халге түсіп қалғаны маңызды еді. Себебі өзгенің тауқыметті тағдырын молдау білсек, ертең өзіміз сол бейбақтың тағдырын қайталамас үшін өнімді қарекетке бара алатын шығармыз. Бағынан соры қалың хорнжосербшелердің арғы түбі - славян текті екен. Демек, орыстармен туысқан. Бірақ, неміс жеріне эрамыздың VI ғасырынан бастап кірме болып енген бұл бейбақ жұрт қазақтың «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген ұлағатты мақалын естімеген болса керек. Немесе біздің бөке батырымыз сынды, елін бастап көше жөнелетін бір батырлары елін, жұртын бастап, атамекендерінен безіп, айдаладағы неміс топырағында көгеріп-көктеуді армандаған болса керек. Қысқасы, неміс жерінде бұл азшылық қауымның көсегесі көгерген жоқ.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-5 01:15:29

Бұл тіл ілгерінді-кейінді болып сан мәрте шектеу мен қудалауға ұшырайды!

1293 жылы сот жағынан шешім қабылданып, Германияның Берн қаласында үшбу тілді қолдануға тыйым салады!

Мұндай шешім 1327 жылы Зуикауда (zwickau), Лейпзигте үшбу тілді қолдануға тыйым салады.

1424 жылы Мейссенде бұл тілді қолдануға тыйым салады. Тек қана Милсени мен Луситзер аймағында ғана мұндай қатаң тыйымдар болмағандықтан, бейбақ тіл осы аумақтарда ғана аман-есен сақталынып қалған. Сонан жалғасып үзілмей осы күнге жеткен. Ал XVII ғасырда үшбу сорлы һәм бақытсыз тілдің қолданушылары 300 мың адамға дейін жеткен. Ескерте кетейік, бұл сол заманда өте жоғары көрсеткіш. Егер басынан бағы таймағанда, ол замандағы 300 мың қазіргі 55 мыңға түспес еді, керісінше, миллиондаған санға қарай еселеп өскен болар еді. Бірақ бұл күнде үшбу славян текті жұрттың тілі өлім халінде жатыр...

Себебі неде?

Немістер оларды атқан жоқ, қырған жоқ, қырғындаған жоқ. Бар болғаны-олардың тілінің қолданыс аясын тарылтып тастады! Оның өзінде де заң арқылы! Соның нәтижесінде заңмен қудаланған тілде сөйлеуге, сол тілде оқуға ең әуелі сол халықтың өзі құлықсыз болды. Себебі бұл тіл олардың өмір сүруі үшін керексіз еді. Дұрыстап өмір сүру үшін неміс тілін білуге міндеттелді. Міне, осы саясаттың нәтижесінде ту сонау VI ғасырда неміс жеріне аяқ басқан сорлы славян текті жұрт бүгінде құрып-жоғалудың аз ғана алдында тұр. Алдағы 20-30 жылда бұл тіл жоғалады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-5 01:26:13

Демек, сенің ғасырлардан ғасырларға жалғасқан асыл мәдениетіңді, алтыннан ардақты тіліңді құрту дегеніңіз қолында билік құзіреті бар өктем ұлт үшін аса оңай жұмыс. Заң арқылы сенің тіліңді тұншықтырып, өздігінен құрып жоғалатын жолға сала қояды. Бар болғаны сол! Бір таңба басылған, бірнеше қол қойылған бір бет қағаз арқылы-ақ, сенің миллион адамыңның аузындағы тіліне бұғау сала салады! Құрығаның сонан басталады. Яғни, сенің тілің өлім жазасына тартылады! Ал тілге кесілген мұндай өлім жазасы бір сәтте атқарылмайды, ол біз білетін басты шауып түсетін қайқы қылыш емес. Бірақ минуттап, сағаттап, сол тілді сөйлейтін әрбір жеке тұлғаны қысым астына алу арқылы ең соңында өзіңді, өзіңнің ана тіліңді қан шығармай бауыздайды! Өлген деген сол! Құрыған деген сол!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-5 09:40:32

Сосын патша, уәзір т.б түзімдеріңіз әлдеқашан тар...

...mets жолдаған 2011-12-5 07:10 http://k.iskz.com/bbs/images/common/back.gif

Әй, Метеке бауырым-ай, патша-уәзірді неге сонша жек көрдің? Аты қалай болса да, заты бір емес пе еді?! Мау атаңның бұрынғы патшалардан не айырмасы бар? Баласынан Корей соғысында айырылып қалмағанда қазіргі Қытайың терістік корейше 3-ұрпақ билік ұстаған болар еді. Құдай Қытайды онан сақтаған. Патшасы мен уәзірі болған Британияны (Ұлыбритания демеймін, ұлы болса өздеріне ұлы, бізге ұлы емес!) қарашы! Соларда демократия жоқ дейсің бе? Ат басқа да, зат басқа ғой. Президенттік түзімге көшкенімен, Ресей мен Қазақстанда қатқан демократия бар дегенге сенесің бе? Иә, бұрынғыға қарағанда бар. Баяғыда бір апамыз әңгіме айтып отыратын: «Қазақтан патша шықпаған ғой, Қазақтан тек хан шыққан» деп. Нағыз құлдық сана деген сол. Оның назарында қазақтың ханы өзгенің патшасынан кіші, құзыретсіз, әлсіз көрінеді. Патша алып, нан бағындырушы болғанда, хан әлсіз, қораш, бағынышты болатын көрінеді. Оттаған сөз. Күллі жер бетін жаулаған Шыңғыс хан да хан! Хан - демек дүр - көшпенділердің, қазақтардың ең жоғарғы мансап аты. Мейлі, оның характері қалай болсын, ашығын айтайық, қазақтың хан сайлау түзімі - жер әлемде еш жұртта жоқ демократияның үлгісі! Батысың тыржалаңаш жүргенде, өз қарындасымен өзі үйленіп, жүйке ауруларына шалдығып жүргенде біз сол сіз аңсаған демократияның жілігін шағып, майын ішіп алғанбыз...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 26 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)