Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 46 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-2 11:13:28

Оқырмандарға арнайы ескерте кеткім келеді:

Мен кәсіби аудармашы емеспін. Аудармамда шалағайлықтар мен олқылықтар болса, алдын-ала кешірім өтінемін. Оның үстіне, мұндай шығармаларды көп уақыт жұмсап, мың ойланып, сан толғанып барып аудару керек қой, менікі әшейін ілеспе аударма сынды болды да қалды. Оқырманға шамалап, мазмұнын жеткізуді ғана мақсат тұттым.

Үшбу кітап хақындағы толғанысым осы араға дейін болсын. Кітапты жұрт назарына ұсынған күлтегін торабындағы Шынарым атты бауырымызға айтар алғысымыз шексіз, Алла разы болсын оған!

Ал, рұхсат болса, «Мәскеу сапарынан естеліктерімізді» онан ары жалғастыра түселік...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-2 12:00:12

Мәскеу. Қарлы Мәскеу. Қаһарлы Мәскеу! Қазақты қан қақсатқан Мәскеу. Қазақтың ата кегі қалған Мәскеу! Қазақтың түбіне жете жаздаған, тұқымын тұздай құрта жаздаған Мәскеу...

Мәскеуге емес, Мәскеудің қара ниет қожайындарына Алланың қарғысы болсын!

Кеше кеште Алматыда бірден өте бере «Нью-Иорк таймысты» оқып отырғанмын. Аяқ астынан бір хабарды көзім шалды. Дереу мына жолдаманы күлтегінге жолдадым: Http://k.iskz.com/bbs/viewthread.php?Tid=23049&highlight

Жолдаманың аты: «Сталиннің қызы өлді»

Бастабында үйренген әдетпен «өлді» деп емес, «қайтыс болды» деп жазғанға аз қалыппын. Артынан барып, бұлай жазудың дұрыс еместігін білдім. Сөйттім де, ойымдағы «қайтыс болды» сөзінің орнына «өлді» сөзін жаздым. Я, кәпірлерге «қайтыс болды» деп айтпайды деуші еді, бұрынғы үлкендер. «Қайтыс болу» деген сөздің өзі «қонақ үйіне қайтты» деген сияқты сөз ғой. Қайдан келген болсаң, соған қайтасың деген мағынаны білдіреді. Адам ата мен Хауа анамыз жәннаттан келген ғой жер бетіне. Демек, біздің, жалпы біз деген қонақпыз ғой, барша қонақтардың келген жері - жәннат деген сөз, сол үшін имандылар үшін, мұсылмандар үшін, Алланың хақ дінін ұстанғандар үшін алғанда, өлім дегеніңіз, шын мағынасында, қайтуға, қайтыс болуға жатады. Себебі, иманды адамның келген жері де жәннат, баратын жері де жәннат болмақ, Аллаһу әкбар! Алла - барлығын білуші! Ал, имансыздардың, адасқандардың, кәпірлердің, мүшіріктердің, дінсіздердің, бақсышылдардың, буддистердің, христиандардың, католиктердің, иеговалардың, қысқасы, барша адасқан, шайтани нанымдағылардың барлығының келген жері имандылармен бірдей жәннат болғанымен, олардың жәннатқа қайтуы мүмкін емес, себебі олар Алланың хақ жолын мойындамады немесе адасты. Сол үшін оларға «қайтыс болды» демейміз...

Жә, сөзімізге оралалық...

Мәскеудің бір кездегі қаһарлы қожасының қызы аз күн бұрын, ашығын айтсақ, осы қарашаның соңында, жат ел, жат жұртта, иттен қадірсіз жағдайда бұл жарық әлеммен қоштасты...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-2 12:05:51

Нью-Йорк таймыс газеті (Нью-Йорк дәуір газеті) бұл хабарды мына жалғамасында хабарлайды:

Http://www.nytimes.com/2011/11/29/world/europe/stalins-daughter-dies-at-85.html?_r=1

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-2 12:07:55

Бұл хабарды оқи сала, менің күлтегін оқырмандарына жазғаным мынау:

22 қараша күні Сталинның қызы 85 жасында өлді.

Ақпараттың келу қайнары: Нью-Йорк таймыс газеті.

Қанішер жендет Сталиннің қызы өмір бойы сорлап өтті. Оның өмірі әкесінің адамзат баласына әкелген азабымен төте байланысты болды. Екі қолы қазақтың қанына малынған қызыл фашистің қызы 85 жас ғұмыр сүргенімен, тағдыры бұралаң, өмірі қиын болды. Ол өліп, 6 күннен соң ғана оның өлімі ашыққа шықты.

Оның өлген кездегі аты-жөні Лана Петерс еді. Негізінде туыла салғанда, оған қанішер әкесі Светлана Сталина деп ат қойған еді. Оның Сталиннің қызы болғандығы оған өмір бойы сор әкелді...

Жендеттердің өзі ғана емес, ұрпағының тағдыры да осылай болады екен...

Ал, олардың о дүниеде, Алланың есебі алдындағы халін, құдай қаласа, баршамыз көретін боламыз...

Себебі, тәкаппар патша да, қанішер жендет те, күлтегіннің қарапайым оқырманы да, қысқасы, барлығымыз, барлық адамзат, барлық жын, ешқайсысымыз қалмай, сол бір тозаңдай күнәміз үшін де сұралатын күні Алла алдында сұраққа тартыламыз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-2 12:16:14

Жазарымды жазып алып, жариялап жіберіп, өзіме өзім таңырқап біраз отырдым.

Әкәу-бұл неткен таусылмайтын, бітпейтін кек деші менің жүрегімдегі!

Осы Сталин десе болғаны менің төбе шашым тік тұрады. Бала күнімнен солай.

Бұл сөзіме біреулер таңырқайтын болар-ау. «Қайдағы бала күн» деп. Иә, біреулер бала күнінде Сталинге көңіл бөлмеген болса немесе Сталиннің кім екенін білмеген болса, онысы үшін оны білімсіз екен деуге келе қоймас. Ал менің Сталинге соншама «шұқшиятын» бір қисыным бар еді.

Мен осы жендетпен бір ай, бір күнде туылған екемін...

Оны да білмес ек.

Бала күнімізде үйдегі қабырғада үлкен күнтізбе ілініп тұратын. Әрине, күнтізбе ұйғырша. Ол заманда біз қазақша күнтізбе көрмейтінбіз. Ашығы керек, қытайшаны түсінбейтінбіз. Біздің замандағылар, қытай тілін бастауыштың 5 жылдығынан бастап қана оқыды ғой. 4 жылдықта бізге пиниын ғана өтілген болатын...

Сонан жаңағы күнтізбеде менің туылған күнімді үнемі қызыл жазумен белгілеп қоятұғын. Қызыл жазумен белгіленетін күндер тым көп емес еді. Ол әшейін 1 мамыр халықаралық еңбекшілер мерекесі немесе 4 мамыр жастар мерекесі немесе 1 маусым балалар мерекесі сынды мерекелерде ғана күнтізбенің беті қызыл жазумен келетін. Сөйтсек, бұл қанішердің туылған күні болған 21 желтоқсанды «ұлы көсеміміз, төңкеріс ұстазы Сталиннің дүниеге келген күні» деп белгілейді екен ғой...

Ал мен де тура осы күні дүниеге келіппін.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-2 12:25:13

Аллаға сенбеген Алладан басқаның барлығына сенеді. Хаққа сенбеген хақтан басқаның барлығына сенеді. Аллаға құл болмаған Алладан басқаның барлығына құл.

Ол замандағы мен емес, қазіргі мен мұндай кездейсоқтыққа нанбас ем. Ашығын айтқанда, біздің қазіргі күнтізбеміз - григорян күнтізбесі ғой. Мұның өзі Иса пайғамбардың туылған күні деген жалған ұғымнан туған. Шын мағынасында, Исаның дінін батысқа таратып барған еврейлер Еуропаның жабайы тұрғындары нанатын «қаһарлы қыс құдайының» мерекесін Исаның туылған күні деп жариялап жібереді. Алланың хақ дінін өз білгендерінше «реформалап», «өзгертулер мен толықтырулар» енгізе беретін еврейлердің осы ісі осы күнге дейін жалғасып келеді.

Қазірдың өзінде Қазақстандағы қазақтар арасында «жұлдыз жорамал» деген бәле бар. Бұндай нәрсеге нану - Қытайлардың арасында ежелден бар. Олардың дауизмшілдері мен бақсылары, буддист монахтары әлдеқандай бір «қасиетті күндерге» өлгенше нанады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-2 12:44:21

Иә...

Бала күнімізде балалық аңғалдықпен «ұлы көсеммен» бір ай, бір күнде туылғанымды әлдеқандай бір жақсылықтың белгісі деп, іштей марсиып жүргенім есімде. Мейірімі шексіз Алла сонымды күнәға жаза көрмесін...

Кейін келе білгенімдей, менің шынайы туылған күнімнің құжаттарымдағы көрсетілген күнмен аз парықты екенін білгенімде, бұған еш таңырқамас болған ем. Себебі, кімнің қандай болуын Алла ғана шешеді. Құдайсыз қурай сынбайды. Алланың құдіретінсіз ештеңе болмақ емес. Қай-жайдағы бір даталарға, күндерге нанып, адасып жүрген бауырларымның, қарындастарымның Алланың хақ діні хақында сауаттарын ашып, діни білімдерін молайтуын, ислами білімдерін молықтырып, толықтырып алуларын сұраймын...

Істеген ісімізді ғана емес, бастағы ойымызға дейін көріп, біліп отыратын Алла бізді қашан да дұрыс жолға салғай!

Сынтас1 жолдаған 2011-11-30 20:39

Ассалаумағалайкум! Жарқын мырза!

Мен сізден сұрайын дегенім - бүкіл қазақ баласы сарыла күткен қазақ әліпбиінің латын әліпбине көшу мәселесі жөнінде еді, өз басым тор бетінен осы жөніндегі қылт еткен аңызға назар салумен кем айтсам алты-жеті жылды артқа тастаппын, қазақ тілі мамандарының жолдаған сан түрлі жобаларымен де таныспын, тек мен ғана емес көптеген азаматтар да осындай екені шүбәсіз, латын әліпбиіне көшу өте маңызды деп ойлағандығымнан осылай жазып отырмын, қазақияның беделді ақпарат құралдарының бірінен латын әліпбине сөзсіз көшеміз, бірақ биыл да, келер жыл да емес деген хабарын көрген едім. Менің ойымша: латын әліпбине қашан көшуді жоғары құзырлы орындар әйтеу бір бекітетін шығар, бізге маңыздысы жарық көрген жобалардың біреуінің тұрақтануы болып отыр, біз онсыз да компьютердің төте жазумен грилше (сылауян) жазуын қолдамайтын сансыз құралдарында шамамыздың келісінше әркім өз білгенімізше латын әліпбинде сөз жазып әуре болып жүрміз ғой, сонда сұрайын деген тоқ етер сұрағым қазақ елінде коЩек осы жобаны істетеміз деген қорытынды жоба бар ма? Егер жоқ болса алдымен бір жобаны тұрақтандырып (өтпелі дәуір) қашан ресми көшу жарияланғанға дейін көз үйретіп істете беруге болмай ма? Сіз Қазақстан азаматы болған соң осындай ұсынысты қоюыңызға бола ма?- демекшымын, сөзім түсініксіздеу болып қалды ма білмедім, әйтеу ойымды айтқаным ғой...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-3 14:08:28

Уәғәләйкүм ассалам, Сынтас1 бауырым!

Қойған сұрағың ақылды қазақтың барлығының дерлік басында бар салмақты сұрақ. Ашығын айтқанда, бұл мәселе хақында мен бастабында шартсыз түрде латыншаға көшуді құптаған болатынмын. Бірақ кейін келе Қазақстан өміріне араласып, қоғамның толық қанды бір мүшесіне айналғасын, менің көзқарасым өзгере бастады. Қазақтың белді, ұлтжанды зиялыларымен болған сан-санақсыз сұхбаттардан соң, мен латыншаға көшуге қазірше асықпау керек екенін сезіндім. Бұл хақындағы ойларымды алда уақыт шығара отырып кеңінен толғармыз. Қазірше қысқа-нұсқа айтқанда біздің қоғам, біздің қазіргі Қазақстандағы қазақ қоғамы үшін алғанда, латыншаға көшуге әлі ертелеу...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 00:51:30

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат!

Көптен бері жұмыс басты болып, күлтегінге дұрыстап шыға алмай қалдым. Шықсам да, елхатымды тексеру барысында, бір-екі шолғаннан арыға бара алмадым. Күйбең тірлік, қу тірліктің қамы кейде адамды осылай етеді. Әттең, дейсің осындайда, шіркін, жап-жасыл жайлауға, кең-байтақ далаға, ел-жұрттан ауашаланып, қолфонды өшіріп, барша жұмысты қайырып қойып, шығармашылықпен емін-еркін бір шұғылданса ғой деп...

Мұның бәрі тәтті қиял.

Қазақ жазушыларының Алматыда жүріп, шығармашылықпен қалай айналысқанын түсіну қиын-ақ...

Қазақтың ең думанды шаһары адамға ешқашан тыныштық берген емес. Жер бетіндегі қазағы ең көп жердің бірі осы - Алматы. Жерде құжынаған қазақ. Көкке қарасаң, онда да ұшақпен арлы-берлі ұшып жүрген қазақ. Ұшақпен шетелге сабылған қазақ. Ұшақпен Алматы мен Астананың арасында ағылған қазақ. Енді бұл қазағың жердің беті мен көктің жүзіне сыймай, жердің астына түсті. Алматының метросы - Алматының жерасты пойыз жолы іске қосылды. Алматылықтардың қуанышында шек жоқ. Қалада мейрам сынды. Метроны қызықтаған қазақтар. Қалада, Алматының нән қаласында көлігі жер бетіне сыймай қалған қазақтар ендігіде метроның қызығын көруге асығатын сынды. Абай даңғылының бойындағы Мұхтар Әуезов атындағы театр қасындағы бекеттен 2-Алматы вокзалы мен саяхат-көкбазардың маңындағы Райымбек даңғылы мен Абылай хан даңғылының қиылысына дейін не бары 12 минутта жетуге болады екен...

Қолдарына сурет аппараттарын алып, қолфондарымен суретке, кескінге алып жүрген қазақтар. Бала-шағасымен, кәрі-жасымен, кемпір-шалымен. Барлығы да метроны қызықтап жүр. Қуанып жүр...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 01:25:27

Қайда барсаң да қазақ! Көкте құжынаған көп қазақ. Қай бағытқа ұшсаң да, ұшақ толы қазақтар!

Жер бетінде де сол, қайда барсаң да, қай бағытқа баратын пойызға мінсең де құжынаған қазақ! Енді, қазағың жердің астымен жүргенді оң көрді. Жасауға кеткен ақшасы ең көп, кеткен уақыты ең ұзақ, ғаламдағы ең қысқа метроны қазақтар салды. Атың шықпаса, жер өрте деген. Әйтеу, қазағың бір басып, екі басып, дамып келе жатыр, бұған да шүкірлік.

Ел аман, жұрт тыныш болса, соғыс болмаса, апат болмаса, Алланың көзі қазаққа дұрыс болса, бұл қазағың әлі-ақ ғаламдағы ең дамыған, ең бай, ең өркениетті ел болмақ, иншааллаһ.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 01:53:26

Өзгелерді білмеймін, менде ғажайып бір сезім бар. Мен Қазақстаннан өзге елге кеткім келмейді. Бір түрлі алаңдаймын. Мен Қазақстанда жоқ кезде, елімде, Отанымда менің жоқтығым себепті, әлдеқандай бір өзгеріс болатын құсап сезіледі де тұрады. Бейне, үйінен алысқа кетсе, үйдегі бала-шағасын, мал-жанын ойлап, алаңдап, ертерек үйге қайтуды ойлайтын аталарымыз бен әжелеріміз сынды, мен, әйтеу, шетелге шықсам болғаны, елге, Отанға қайтсам екен деп алаңдаймын да тұрамын...

Осы жылдың жазында, ішкі Қытайда болғанымда да сол. Алматыға асықтым.Үрімжі, Шаңхай, Гүйлин, Люжоу, Чұңчиң, Нанжиң, Чыңду, Ныижяң, Лұңчаң, Лужоу, Иибин (宜宾蜀南竹海), Дужяңян (都江堰), Шыжяжуаң, Бейжиң, Ши-ан, Дұнхуаң сапары мен үшін аса ұзаққа созылған сапар болды. Жұмыс бабымен жүрсем де, құжынаған қытай ішінде жалғыз қазақ болғаным үшін бе, қатты жалғызсырағаным есімде.

Алматыны, Қазақстанды аңсағаным соншалық, ұйықтасам түсіме кіреді. Жасырары не, ашығын айту керек қой, шетте сапарда жүргенде жеңгелеріңді де оншалықты сағынған емеспін. Әрине, сағынасың ғой, бірақ Отаныма, еліме, Қазақстаныма деген сағыныштың қасында жеңгелеріңе деген сағынышты ауызға алып, тілге тиек етудің өзі нелеу...

Қазақтың ішінде өмір сүргенге жетер бақыт бар ма екен деші?!

Қазақ болып әрі қалың қазақтың ішінде өмір сүрген деген қандай бақыт! Қайда барсаң да, қайда қарасаң да қазақ! Аспанда да, жерде де қазақ! Өзіңнің туысың. Өзіңнің бауырың...

Кез-келген қазақпен сөйлесе қал, қалжың емес, асыра айтқаным емес, туысың болып шығады...

Қайсы күні қала шетіндегі бір зауытқа бардым...

Зауытты таныстырып, жігі-жапар болып жүрген байлар мен зауыт иелерінің құрметіне қарамастан, қарапайым ғана киінген бір кісіні өзіме соншама жақын сезіндім.

Сондағы соншама көп адамның ішінен оны өзіме соншама жақын тарттым, ғажап сезім! Түрі, өңі, сөзі, күлгені менің бір туыстарыма ұқсайды. Сосын жұмысты қайырып қойып, ел сұрастық...

Мына хикметті қара...

Үлкен руымызды, үлкен елімізді айтыса келе, ең кішкене руымызға дейін бір болып шықты. Екеуіміз туыс болып шықтық. Құшақтасып табыстық...

Өзгелер аң-таң...

Аз күн бұрын тағы да сондай бір оқиға болды...

Көлік тұраққа барғамыз. Түннің бір уағы еді. Көлікті қою керек болатын. Көлік тұрақтағы ақсақал бізге орын көрсеткелі сыртқа шықты. Жүрген жүрісіне, сөйлеген сөзіне, барлық іс-қимылына қарап, тағы да таң-тамаша қалдым. Сосын ақсақалға шынымды айттым. «Аға, сізді бір туыстарыма ұқсатып тұрмын, осы сіз Қытай жақтан келген жоқсыз ба, баяғыда?» дедім...

Міне, қызық...

Туыс болып шықтық. Телефон ауысып, ендігіде бір-бірімізді іздесетін болып, арқа-жарқа болып, қуанысып қалдық...

Ғажап...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 02:46:58

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-12-4 02:48 өзгерткен

Қазір халықаралық жағдай ушығып тұр. Арты неге соғарын бір Алла ғана біледі. Бұл хақында біз бірдеңе айта алмаймыз. Әлінен асқан Американың Араб елдеріне жасаған зұлымдығы мен жауыздықтары, жалған демократиясы, екібеткей ұстанымдары баршаға аян. Торабымыздағы әлдебір бауырларымыз Американы мың жерінен құлай сүйгенімен, біз оның жылтырақ демократиясының ар жағындағы арам ниетін ешқашан ақтап ала алмақ емеспіз. Жарайды-ақ, Америка бұл ғаламдағы бейбітшіліктің қорғаушысы, жер шарының амандық сақшысы болсын-ақ, мәселе осы сақшының көзі не үшін байлығы бар, мұнайы мол елдерге ғана түседі екен? Байлығы жоқ, мұнайы мен газы жоқ елдерге арзан демократиясын орнатуға неге асықпайды екен сам ағамыз?

Гәп қайда жатыр?! Гәп біздің сыңар жақтылы ойлау жүйемізде жатыр. Біреулер айдаладағы арабпен өш. Қызық-ақ. Араб саған не жазды?! Арабта атакегің бар ма еді?! Кегің болса, Бекболатша айтқанда арысын айтсаң, қалмақ, жұңғарда, берісін айтсаң, қоқан-сартта, сосын көк көз орыста емес пе еді!?

Бір ауыз сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - қазаққа қазақ қана дос! Қазақтың қазақтан басқа досы жоқ! Бізге Америкаң да, алыстағы арабың да бір. Қазақтың мүддесі жолында, бізге барлығы да бір. Біз үшін, қазақ елі үшін қазақтың мүддесі қашан да ең жоғары тұруы керек. Арабтың тіліндегі дінді ұстанған қазақты араб болып кетеді деп байбалам салушылар бар. Қазақ егер мұсылман болғаны үшін арабқа сіңісіп кетер болса, он бес ғасырдан бері-ақ араб болып кетер еді. Керісінше, сол арабыңның өзін қазақ қылып жібердік. Қызылбасы бар, күрді бәр, түрігі бар, арабы бар, дін таратып келген қалың жат жұрттықты «қожа» деген әдемі ат беріп, бөлек бір ру жасап, қазақтың ішіне сіңдіріп жібердік...

Демек, біз ақырзаманға дейін қазақпыз. Қазақ болып мәңгіге қалмақпыз. Батыстың кастюм-шалбарын кимейтін қайсымыз бар? Ендеше, еуропалық болып кететін болдық па? Оранған қыздарымызға қарсы тұратындарға айтарымыз да осы. Қазақша орана ма, қалмақша орана ма, ол қыздарымыз, кем дегенде, ашық-шашық жүрген жалаңаш сайтандардан миллион есеге артық.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 02:59:41

Аз күн бұрын Какаша бауырымыз жазған «Батысқа көзсіз қарсылық» атты жолдамаға өз көзқарасымды қосқан едім. Ойлы да аңғарлы бауырымыз Какаша да қазақтың жастарының көзқарасына өз ойын қосқысы келеді. Алла разы болсын. Иә, біздің қазіргі жастарымыз - ертең елдің иесі. Ертеңгі қазақ елінің патшасы, уәзірі, министрі біздің арамыздан шығуы бек мүмкін. Анығын бір Алла біледі.

Енді сол лебіздерімізді осы араға қыстыра кетелік:

Қазіргі қазақ ешкіммен де қарсыласуға мүдделі емес, қазіргі қазаққа керегі -тыныштық, береке, бейбітшілік. Батысыңмен де, шығысыңмен де ортақ, тату-тәтті тұратын бейбітшілік қана керек қазаққа. Себебі халқымыз енді ғана егемен болды, жан санымыз аз. Атом қаруынан бас тарттық. Бізді бір Алла қорғамаса, ештеңе қорғай алмайды.

Ғаламдық 2-соғысқа кіріспегенінің арқасында түріктердің жан саны қауырт өсті. Бізде сондай амалды қолдануымыз керек. Алда-жалда ғаламдық 3-соғыс, не өзге өңірлік соғыс бола жатса, қазақ қалыс қалғаны оң. Жан санымызды молайтып, елімізді бекемдеп, ертеңіміз үшін үнсіз дайындалуымыз керек.

Қазақтың досы қазақ қана. Қазаққа ешкім де дос емес. Жымысқы жымиған шығыс та, аюдай ақырған терістігің де, сәлдесін ораған оңтүстігің де, жалған демократиясын экспорттағыш батысың да қазаққа дос емес. Барлығы да мүдделер қатынасы. Қазақ осылардың арасынан сара жол таба алса ғана елі аман болады, малы мен басы қатар өркендейді.

Арабтың тіліндегі дінді ұстанамыз деп араб болмайды қазақ. Батыстың кастюм-шалбарын, сиршы шалбарын (женси, нюзайку) киіп батыстық болмайды қазақ. Қазақ - мәңгі қазақ! Ақырзаманға дейін қазақ!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-4 03:05:22

Халықаралық жағдай күн санап ушығып келе жатыр. Бұл - аса қорқынышты жағдай. Сексенінші жылдар мен тоқсаныншы жылдардағы экономикалық дамудың ақыры жаңа ғасырдың он бірінші жылына жетер-жетпестен тоқтады. Ту сонау 70 жылдарда ұшқан құстай дамып алған батыс қоғамы, соңыра ала дамыған Шығыс Азиядан келген бәсекелестікті осы жолғы дағдарыс арқылы құртуы бек мүмкін. Бұл хақында «Қамдан, қазақ, дағдарыстың екінші толқыны келе жатыр» атты жолдамамызда айтқан болатынбыз:

Http://k.iskz.com/bbs/viewthread.php?Tid=22566&highlight

Бұл арада қайталамаймыз.

Демек, осы жолғы дағдарыс - адамзат тарихындағы ең сұмдық дағдарыстың бірі болып қалуы мүмкін. Дағдарыстың соңы үнемі халықаралық соғысқа апарады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 41 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)