Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 45 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Қазақша: Шелек қазақ ұйғыр деген сөздерді көшіріп алып http://www.google.kz/ іздеуішінен іздесеңіз, телегей теңіз дүние бар.

Қазақ ұйғыр малыбай деген сөзді көшіріп алып, гугл іздеуішінен іздесеңіз, өзгеше бір мағлұматтар аласыз.

Жоқ мемлекеттің туы деген жазуды көшіріп алып, http://www.google.kz/ іздеуішінен іздесеңіз, көп сырға қанығасыз!

Мұндағы әрбір мақаланы біздің ұлтжанды, қазақ мемлекетінің тұтастығын ойлайтын қазақ баласы оқып шыққаны абзал.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-19 02:58:03

Қазақ айтады: «Іштен шыққан жау жаман» деп. Өмір бойы соғыстан, қырғыннан көз ашпаған қазақтың бұл мақалы ащы шындықтан туғаны хақ. Қазіргі ғаламдық жағдайлар мұның мың мәрте ақиқат екендігін күн сайын дәлелдеп жатыр. Асыңды ішіп, аяғыңа түкіретін зәндемілердің бар екендігін ұмытсақ, біздің елдігіміз баянды болмайды. Қазаққа керегі сауысқандай сақтық. Қылт еткенді қиядан шалатын қырандық керек. Мұндайда туыстас, тамырлас, діндес екенің ойнамай қалады. Себебі туыстықты, бауырластықты, діндестікті ол білмесе, сенің ту қылып көтеруіңнің қажеті жоқ. Мұны әлдебіреулер ислами қағидаға жат дей жатса, біздің келтірер уәжіміз бар. Қараңыз, күні-түні барлық сайттарымен, радиосымен «ислам төңкерісін» уағыздайтын Иран не үшін шешен мәселесінде діндес бауырларын қолдамай, орыс жағына шықты?! Оның уағыздаған «ислам төңкерісі» қайда қалды?! Демек, мемлекет мүддесі алдында басқа мүдденің барлығы бекер. Себебі мұндай мәселеге дініміздің өзі осындай көзқараспен қарайды. Миллиондаған көптің тыныштығы мен берекесін бүлдіргендер, бүлік салушылар, бүлікшілер ислам елінің өзінде қатал жазаланады...

Себебі, әміршіге бағыну - ислам шарттарының бірі.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-19 04:13:16

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-11-19 04:15 өзгерткен

Жә...

Мәскеуімізге оралалық...

Маудың Мәскеу сапарының сондай бір таңғажайып тұстары бар еді. Адамзаттың бұрынды-соңды тарихында аса сирек ұшырайтын мұншама ұзаққа созылған мұндай мемлекеттік сапар хақында біраз толғасақ, артықтық етпейді. Кейде, анау ағылшын тілшісінің жазғандарына сеніп те қаласың. Сталин, мүмкін, мәуді Мәскеуде мырза қамақта ұстаған болар...өзіне қолайсыз болғасын, жоспарда өзгеріс туылып, мәукеңді еркіне жіберген шығар...кім білсін?!

Бір қарасаң қисыны бар дүние. Себебі ешқандай бір басшы екінші бір елде мұншама ұзақ уақыт іссапарда болмайды. Оның үстіне арт жағынан алаңдамайтындай Мау соншалық бір дарқан жан еместұғын. Оған дәлеліміз сонан кейінгі ғұмырында Мәукең баяғыдағы өзінің қанды көйлек жолдастарының басым бөлігін жер жастандырады...
Бұнысы жағынан меньшебек-большабек деп жіктеліс жасап, қарсыластарын қан жұттырған Ленинге ұқсап-ақ кетеді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-19 04:32:43

«Ресей үні» («Голос России») радиосының сайтындағы ақпараттарға сенсек, Маудың орындалмаған бір арманы болған екен, жалғамасы:

Http://rus.ruvr.ru/2010/02/17/4508887.html

Ақпарат қысқа болғасын, тұтасымен бере салғанды дұрыс көрдік:

Сталин, Мао и монгольский вопрос

60лет назад Советский Союз в переговорах с Китаем отстоял независимость Монголии

Вопрос о будущем Монголии - сохраниться ли ей как самостоятельное государство или снова стать частью Китая,- занимал особое место среди тем, которые китайский лидер Мао Цзэдун обсуждал на переговорах со Сталиным в ходе своего первого визита в СССР.

Главным итогом переговоров стало заключение 14 февраля 1950 года советско-китайского Договора о дружбе, союзе и взаимной помощи. Однако во время встреч со Сталиным и другими советскими руководителями китайская сторона обсуждала и другие проблемы, решение которых надолго определило политическую ситуацию в Азии. Среди них был и монгольский вопро.с

В соответствии с решениями, принятыми на Ялтинской конференции, СССР, США и Великобританией, три великие державы признали независимый статус Монголии. Кстати, здесь не обошлось без сложностей. В феврале 1945 года в Ялте было достигнуто соглашение, что «статус-кво Внешней Монголии (Монгольской Народной Республики) должен быть сохранен». Гоминьдановский Китай расценил это по-своему как сохранение положения советско-китайского соглашения 1924 года. Согласно этому документу, Внешняя Монголия рассматривалась как автономная часть Китая. Однако СССР объявил, что соглашение в Ялте следует интерпретировать иначе: наличие в тексте слов «Монгольская Народная Республика» (МНР) означает, по мнению Советского Союза, безусловное признание независимости Монголии.

Вопрос о статусе Монголии обсуждался также на переговорах Москвы с гоминьдановским Китаем в августе 1945 года. Одним из главных условий заключения советско-китайского Договора 1945 года состояло в признании Китаем суверенной независимой Внешней Монголии в пределах действующей на тот момент госграницы, если большинство монгольского народа выскажется позитивно. На референдуме 20 октября 1945 года 94,4 процента граждан МНР проголосовали за провозглашение своей страны независимым суверенным государством. После этого, 6 января 1946 года статус независимого, суверенного монгольского государства был признан Китайской Республикой.

Статус МНР был подтвержден и после образования Нового Китая. КНР и МНР признали суверенитет друг друга 6 октября 1949 года. Тем не менее, приехав в Москву, Мао вновь выдвинул идею объединения Внутренней и Внешней Монголии. Как отмечает заместитель директора Института Дальнего Востока Российской Академии наук, профессор Сергей Лузянин, "переговоры по монгольскому вопросы были сложными. Поскольку китайские представители все-таки пытались пересмотреть статус Внешней Монголии и обсудить возможность ее интеграции с Внутренней Монголией. Однако здесь позиция Москвы была жесткой и непреклонной. Ведь были Ялтинские договоренности, был референдум, и еще гоминьдановское правительство в 1946 году признало статус МНР. Поэтому Сталин не пошел на ревизию этих решений и пересмотр советской позиции по Монголии".

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-19 04:53:05

Мақаланың тақырыбы: «Сталин, Мау және мұңғыл мәселесі».

Демек, Маудың Мәскеуде ұзыннан ұзақ жатып алуының бір сыры осы болса керек. Бұл жағы бізге беймәлім. Бірақ Маудың қазір біз Қытай қазақтары, Қытайлар сыртқы Мұңғылия деп атайтын «Мұңғылия Халық Республикасын» Қытайға қосып алмақ болған арманы іске аспай қалған еді...

Бұл арман Маудың ішінде кетті. Мұңғылдардың құтқарушы жұлдызы болған орыстар өздерінің тарихи естеліктерінде, жазбаларында Мұңғылдың дербестігін орыс басшыларының қалайдан қалай іске асырғандығын ашық жазады. Бір деректерге сенсек, Сталиннің көзі тірі заманда Сталинмен мұңғыл мәселесі хақында тіл табыса алмаған, ашығын айтқанда, жеңістік ала алмаған қытайлар Сталин өлгеннен кейін билік басына келген Хрущевпен бұл хақында ептеп сөйлесіп көрсе керек...

Бірақ Бұл келіссөздер Хрущевтің аса қатаң тойтарысына ұшыраса керек. Хрущевке ішкі-сыртқы мұңғылды бірлестіру талабын қоюшы қытай Маудың ең сенімді серігі, Маудың қылышынан аман қалған серіктерінің бірі Жу Ынлай болған екен...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-19 05:00:18

Маудың шеше алмай кеткені - мұңғыл мәселесі ғана емес екен!

Күн көсеміміз мұңғылдардан тыс қазақтарға да ерекше көңіл бөлген жан екен! «Маркстің аруағы разы болғыр жарықтық» сол жолғы Мәскеу сапарында, тек қана территория тақырыбында Стекеңе үш мәселені ала келіпті. Бірі осы Мұңғылия жері туралы болса, екіншісі Балқаштың шығыс жағындағы ұланғайыр қазақ даласы болыпты! Мұнан тыс, Хилұңжяң өзенінің терістігіндегі «Қытай жерін» орыстан даулай барған екен...

Бірақ Маудың бұл армандары орындалмай қалыпты...

Мұңғыл әркісін, қазақ қымызын ішіп, мәз болып, ен далада «өзінен басқа хан жоқтай» қамсыз қалде майрағай да тайрағай болып жатқанда, күн көсемдер Мәскеуде қаритаға тесіліп, қазақ пен мұңғылдың тағдырын шахмат қылып ойнап жатқан екен...

Тағдыры қылдың үстіндегі мұңғыл мен қазақ мұны білмесе керек, сол заманда...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-20 03:11:20

Шяңгаң университетінде (university of hong kong) атақты ғалымдар аса мол. Соның бірі және бірегейі болған біреуді таныстыра кетейін. Оның аты-жөні: Frank dikötter, қазақшаласақ Франк Дикоттер. Қытайлар оны 冯客 деп атап алған. Өзінің жеке сайты бар: Http://www.frankdikotter.com/

Бұл кісі Мау хақында, Қытайдың өткені мен кеткені хақында көп жазды. Біз бұл арада бұған көп тоқталмай-ақ қоялық, қызығатындардың біз берген мәліметтер бойынша іздеуіштерден өздері-ақ іздеп, тауып оқитынына сенімдіміз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-20 12:15:04

Шяңгаңда мұндай атақты адамнан тағы біреуі болған. Аты: Jasper becker-жәспер бекер. Мұның Жасбер Бекер деген атына қарап қазақ екен деп қаласың, бірақ ол қазақ емес. Осы Жасбер біраз дүниенің бетін ашты. Жасбердің Шяңгаңдағы, жалпы қытай тарихы жөніндегі толғаулары, оның Шяңгаңдағы жұмысынан айырылып қалуы - маған өзгеше бір ойларды сала береді. Қызығатын елдер оның жоғарыдағы ағылшынша аты бойынша іздеуіштерден іздеп оқуына болады. Мауға қатты қызыққан шетелдіктердің бірі осы. Жасбердің Шяңгаңдағы жұмысынан айырылып қалуы - Қытай билігіне жақындай бастаған Шяңгаңның ақпарат саласының бір қырын танытқандай. Бұл бір қыры болса, екінші жағынан Қазақстанда қақпай көре бастаған орыс тілшілерін көз алдыңа елестетесің. Я, Шяңгаңдағы ең мықты, таралымы ең мол, ықпалы ең жоғары south china morning post газетінің Пекиндегі тілшісі Жасбердің жұмыстан қудалануы - Шяңгаңдағы ағылшын тілінің кетеуінің кеткендігінің, ағылшын тілді жазғыштардың қақпай көре бастағандығының немесе қытай емес тілшілердің жағдайының қиындағандығының бір белгісі болса, екінші бір қырынан алғанда Жасбер де біздің Мәукеңе шектен тыс «махаббат» арнаған еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-20 12:37:33

Rogue regime: Kim jong il and the looming threat of north korea» деген шығармасы халықарада аса үлкен дүмпу қозғады. Қазақшаласақ: «Сұмпайы билік: Ким Жоң Ил және Терістік Корейдің қыл үстіндегі қаупі»...

Мұның тағы бір шығармасы бар. «China's hungry ghosts» (Жоун Мұррай деген атпен 1996 жылы шықты). Бұл кітапты қазақшалау біраз ойлануды қажет етеді. Төтелей аударсақ: «Қытайдың аш аруақтары». Біз мұнда аруақ ұғымын ислам ұғымынша емес, қытай ұғымынша түсінгеніміз абзал. Қытайлар аштан өлген адамды не оның аруағын 恶鬼 немесе 饿死鬼 деп атайды. Ал ағылшын тіліндегі гост сөзі осындай аруақтармен бірге сайтан мағынасын бермейді, ал қытайша «гүй» сөзінде аруақ сөзі мен сайтан мағынасы қатар жүреді. Сондықтан мұның ағылшыншасы «Қытайдың аш аруақтары» болғанымен, қытайшасы «中国饿死鬼» немесе «中国饿死灵魂» десе келетіндей...

Себебі қытайдың бұддалық нанымдары бойынша, аштан өлген адамның аруағы аш жүреді-мыс. Сол үшін қытайлар аш аруақтардан қорқады, оған табынады, бейіттер алдына тамақ қояды. Ал өлімге үкім етілген адамды ең соңғы рет атау кересін беріп, қарынын тойдырып өлтіреді...

Менше соңғы аударма дұрыс болардай...

Себебі бұл Мау заманындағы аштық хақында айтылған. Қытайлар оны «үш жылдық табиғи апат» дегенімен, ол жылдары Қытайда апат болған емес, керісінше, бес жылға созылған аштық саясат кесірінен болған...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-20 15:50:07

Негізі Шяңгаңдағы ағылшын зиялыларының күні бұрынғыдай болмай қалды. Бір қызығы, ағылшындардың қанында бар, сүйегіне біткен өршіл мінездері Шяңгаңдағы өзгерген саясаттың немесе мақтаға оралған билік тоқпағының құқайынан ыққан жоқ. Жоғарыдағы екеуі де Мау хақындағы Қытайдың ащы шындықтарын өлтіре тұрып жазған. Жазғандары Қытайдың құпия архивтерінен, партия мен үкіметтің құпия архив қоймаларынан алынған нақтылы деректер бойынша жазылған. Сол үшін де аталмыш кісілердің шығармалары ағылшын тілді қоғамда аса терең ықпал қозғады. Бұл хақындағы медиалық толқулардың өзі бір мезет Шяңгаңды қамтыған күллі ғалам медиасының, баспасөзінің басты тақырыбына айналған еді...

Маудың Маскеу сапарының нәтижесі Қытай мен Мәскеу қожайыны арасындағы келісімшарт еді. Оған оның қолы жетті. 中蘇友好同盟互助條約 деген қытайша құжат пен Советско-китайский «Договор о дружбе, союзе и взаимной помощи» деген орысша құжатты құшақтап қайтқан Маудың қуанышында шек болмады. Мәскеуде Мау тектен тек жатқан жоқ. Тәтті романтиканың да дімін татты. Біздің кей жігіттеріміз бір қатынның мәселесін шеше алмай жұргенде, күн көсемдеріңіз бірнеше қатынның мәселесін қатарынан шешіп жүреді. Өзі заң шығарып, атамзаманнан көп қатын алуды, көп балалы болуды ұнататын қытайларды бір қатынға қаратып қаңтарып тастаған Мәукең өзі шығарған заңға өзі бағынбаған еді. Мәукеңнің ашықтағысы, жабықтағысы бар, өмірінде бас қосқан әйел затының саны аз еместұғын...

Қатынынан аса алмайтын еркектеріміз молайған осы заманда, оларға дініміздегі көп әйелділікке рұхсат барын айтып, олардың қанындағы еркектік намысты оятпақ болғанымыз шын. Бірақ мұнымыздан оным шыға қойған жоқ. Бірақ күн көсемдердің ішкен-жегеніне, басқан-тұрғанына дейін әулейлік сипат беріп, табынатын кей азаматтарымызға сол күн көсемдердің өзі әйел затына келгенде, «ересен еркек» болғанын айтқымыз келеді...

Ашығы сол, Қазақстанда қазақ қызыл орысқа бодан болған 1917 жыл мен қытай қазақтарына бір қатынға қаңтарылған заман туған 1949 жылдан бұрын атам қазақтың қайсысы көп қатын алмаушы еді!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-23 10:20:31

Соңғы кезде Қытай қазақтарымен қатар Қазақстан қазақтарының арасында шежіре жазу үрдісі басталды. Атам қазақ ежелден шежіреге баса мән берген. Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі деп білген қазақтың өзге түркі тұқымды туыстарынан сүйегінің асыл, қанының таза болатын себебі де сол. Отыз миллион өзбек ала алмайтын алтындарды ғаламдық арыстарда аз қазақтың ала алуы, 80 миллион түріктің түсіне де кірмейтін чемпиондықты ауылдағы қазақтың арнайы жаттықпаған, машықтанбаған баласының ала салуы - біздегі шежірешілдікпен, жеті ата ішінде қыз алыспаумен төтеден төте қатысты.

Өзбек пен түріктің мен - мен деген жігітін шаң қаптыратын қазақтың қара домалағына Қытайдағы алтышаһарлықтың бұйым болмасы шындық. Осы шежірелерді зерделеп отырсаңыз, Қытайдағы керей-абақ керей болсын, найман-матай -қызай болсын немесе найманның басқа балалары болсын, уақ болсын, немесе албан-суан-жалайыр болсын, қай-қайсысының да арғы ата-бабаларының көп әйел алғанын білеміз...

Демек, біздің қазақ көп әйел алатын жұрт болған. Біздің бір әйелге ғана қарап қалуымыз бертінгі күннің әңгімесі.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-24 11:44:52

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Қайырлы таң, қадірлі жамағат! Ел-аман, жұрт тыныш па?

Бірнеше күннен бері жұмыс бабымен қатты қарбалас болдым, Алла қаласа алда үшбу сапарнамамызды жалғастыратын болармын.

Бисмиллаһи рахманир рахим...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-24 11:49:32

Қаншама рудың, ірі тайпалардың шежіресін оқып жүрміз. Қарап отырсаң, сонау атам заманда бір емес, бірнеше әйел алған аталарымыздан бұл күнде бір облысты, бір аймақты толтырып отырған ұрпақтар тараған екен! Міне, ақылдың, иманның кереметі қайда жатыр...

Қазақ шежіресінің қасиеті де осында ғой, кімнің бәйбішеден, кімнің тоқалдан тарағанына дейін соншама ашық жазатын қазақтардың тарихқа деген құрметіне сүйінбей тұра алмайсың...

Егер сол заманда - қазіргі күнде біз бір рудың, бір елдің атасы деп жүрген атамыз екінші әйелін алмағанда қалай болар еді?! Бүгінгі күндегі құжынаған қазақ болмас еді! Ел - ұрпағымен ел. Мемлекет - ұрпағымен мемлекет. Аталарымыз қиын-қыстау заманның өзінде көп әйел алған да, көп бала сүйген. Олар болмағанда, бүгінгі біз болмас ек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-24 12:16:15

Қазіргі күнде Қазақстандағы қазақ қыздарының бестен бірі жат ұлтпен үйленеді. Отырып қалған кексе қыздарымыздың қасіреті - ұлтымыздың қасіреті. Бұл күлкіге айналдыратын, сахнада қалжыңға айналдыратын тақырып емес еді. Бұл трагедия, ашығын айтқанда, біздің ұлттық қасіретіміз ретінде қаралуы керек еді. Ер азаматтарымыздың санының аздығынан, қаракөз қарындастарымыз өтіп бара жатқан жасынан алаңдап, жат атаның құшағына құлауда! Әрине, бала сүйгісі келеді. Жар сүйгісі келеді. Бұл аса қалыпты талап. Бірақ осы қаракөздеріміз біздің ұлтымыздың асыл гендік қорын бүлдіруде. Атасы басқаның болуы адамзат қоғамында қалыпты құбылыс. Бірақ әр жүз қазақ қызының 20-сы басқа ұлтпен үйленді деген сөз - ертең біздің халқымыз рухани тұтастығы жағынан ғана емес, гендік, тұқымдық жағынан да біртұтас емес, ала-құла, дүбара жұртқа айналады деген сөз. Мұнан қазаққа пайдалы құбылыстар да тууы мүмкін, бірақ мемлекетіміздің амандығына, ұлтымыздың тұтастығына зиян келуі де мүмкін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-2 10:12:23

Ерте замандардағы ескі жебірейлермен (еврей, хебреу, яһуди, насара-Жарқын0991 қосқан) қазақы өмір сүру ортасында таңғажайып ұқсастық бар немесе ұқсастық бар болған, әрине, қазақтар мұсылман, түріктер сықылды, оның өзі XIV ғасырдың алдынан бастау алған...

Өздері түбіміз түркі дегенімен, кейбірінің сыртқы келбеті түріктерге ұқсағанымен, аса басым көпшілігі сыртқы түр-тұлғасы жағынан мұңғылдарға әлдеқайда жақын...

Жоғарыдағы аударма kazak-exodus кітабынан аударылып алынды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-2 10:17:29

Қазақтардың таңғажайып тағдырын еврейлердің тағдырымен ұқсататын осындай жолдамаларды шетел зерттермендері шығармаларынан көп оқимын. Өкініштісі, біздің қанды тарихымыздың ащы шындығын әлем халқы әліге толық білген жоқ. Білдіре алмай отырмыз. Біз қазақ дейтін батыр да ержүрек халықтың сан ғасырға жалғасқан күрескер тарихын күллі ғаламға танытуымыз керек.

Жоғарыдағы kazak exodus кітабын жоғарыдағы жалғамадан оқып шықтым. Қаншама құнды дүниелер бар ішінде! Әрине, автөордың жекелік көзқарастары мен қазақтың қасыретті тарихын Алланың қаһарына қалған еврейлермен ұқсата беретін тұстары мен мұнан да басқа бірнеше жерлерін есепке алмағанда, бұл кітаптан біздің аларымыз мол екен.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-2 11:00:29

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-12-2 11:06 өзгерткен

[b]the people in the story

Midway between the arctic and indian oceans, the mediterranean and the sea of japan, stands a range of mountains called the altai. From its lush valleys and grassy uplands have sprung races and leaders who have spread far and wide across asia - to peking, delhi, samarkand - and even to the very heart of europe. Many of them are names which, according to the point of view, strike terror and contempt, admiration and pride. Genghis khan, tamerlane, the moghul emperors, even attila are among those the kazaks and mongols of the altai claim as their ancestors.

Тарихтың ішіндегі халық

Солтүстік мұзды мұхит пен Үнді теңізінің арасында, Жерорта теңізі мен Жапон теңізінің арасында қасқайып тұрған Алтай деп аталатын бір тау бар. Оның шөбі шүйгін жыра-жыра сайлары мен шөпті үстіртті беттерінен мынау жалпақ жаһанға - Азияның апай төсіндегі Пекинге, Делиге, Самарқантқа, әуелі Еуропаның қақ жүрегіне дейін барған нәсілдер мен көсемдер шыққан. Бұл көсемдер көзқарастың ұқсамауына қарай, үрей мен қорлықтың, мадақ пен мақтаныштың баламасы болды. Шыңғыс хан, Әмір темір, Моғұл имераторлары, әуелі Атиланың өзі осы соларды ата-бабам деп білетін Алтай бетінің қазақтары мен мұңғылдары арасынан еді.

Жоғарыдағы аударма http://pratyeka.org/books/kazak-exodus/ жалғамасындағы ағылшын тіліндегі kazak exodus деген кітаптан аударылды.

Аударғандағы мақсатымыз - өзгенің назарындағы, өзгенің қаламындағы қазақтың тарихын өзіміздің қаракөздеріміз біле берсе екен дегеннен туды. Ішкі өлкелерде, Шыңжаңда мықты оқыған қазақтың ұлдары мен қыздары, мүмкін болса шетел асып оқығаны жөн. Әсіресе, оқу қаражаты салыстырмалы түрде төмен болған Германияға қарай жылжығаны абзал. Ол хақында күлтегін торабындағы Жаннат бауырымыздың жолдамасынан көп мағлұмат ала аласыздар. Тіл саласында, түркітану саласында, тарих саласында оқыған бауырларымыз, мүмкін болса Түркияға бет алғаны оң. Себебі Түркияда үшбу салаға аса көңіл бөлінеді, ебін тапсаңыз, тегін оқисыз...

Мақсатымыз - шетелде оқу емес. «Баламды медресеге біл деп бердім» деп ғұлама Ибраһим Құнанбайоғлы айтқандай, оқу үшін емес, білу үшін шетел асуымыз керек. Әрі ол білгенімізді қазақ үшін кәдеге жаратуымыз керек.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 25 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)