Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 43 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жер шарында екі ұлт бар, бірі - қазақтар, бірі - қазақ еместер.

Иә, Алла, біздің халқымызды дұрыс жолға сала көргейсің...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-14 10:36:28

2011 жылдың 11 айының 11 күніне Алматыдағы «Бақыт», «Жас отау» салтанат сарайларында некелесу рәсімдеулерін жүргізуге құжынаған қалың кезек қалыптасқан дейді кейбіреулер. Ал, тойханалардың қарбаластығында баға жоқ дейді. Бір жыл бұрын алдын-ала тапсырыс беріледі екен мұндай «қасиетті күндерде» той жасауға. Мұндай қасиетті күн келесі жылдың 12 айының 12 күні болады екен, онан арғы жылы қай күн боларын итім білсін бе? Оны жаңағылардың өздері де бірдеңе дей алмаса керек...

Ал, мұнан бұрынғы «қасиетті күндер» рет-реті бойынша 2009 жылдың 9 айының 9 күні, онан ары 2008 жылдың 8 айының 8 күні. Онан ары 2007 жылдың 7 айының 7 күні...

Иә, Қазақстандағы той аса салтанатты өтеді. Бұған күмән жоқ. Қытайдағы ең керемет, ең салтанатты деген тойларды да көріп жүрміз, Қазақстандағы тойлардың қасында оларыңыз хан тойының қасындағы жарлы қарашаның тойындай ғана...

Алматыда тойхана бизнесі дүрілдеп тұр. Бұл саладағы оралман жігіттер де аз емес көрінеді. Талдықорғанда қатар болған екі тойдың екеуі де оралмандар ашқан тойханада өтті. Демек, Қытайдан келген қазақтар мұнда сан-салалы тірлікке ойысып кеткен...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-14 11:09:08

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-11-14 11:11 өзгерткен

Жә, сөзімізге оралалық...

«Атамекеншілдерге» арнап біраз сөз айтқан болдық...

Бұл күнде күллі ғаламда еврей тұқымы бар. Тек бір ғана Германия елінде осы жойттар жоқ. Хитлердің қанды қырғындарынан соң, арада жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, неміс топырағында өмір сүруге еврейлер беттер емес.

Еврейлер қорықты ма? Жо-жоқ...

Еврей ешкімнен қорықпайды. Алланың қаһарынан қорықпаған еврейді қорқытатын нәрсе жоқ бұл жаһанда. Пайданың, ақшаның иісі шыққан жерден еврейді ең алдымен көресің. Ақшаның халалы мен харамына қарайтын, пайданың ағы мен қарасын айыратын еврей болмайды. Бірақ сол еврейлер не үшін неміс еліне жоламай тұр? Әлде неміс елінде еврейдің ақша табатын орайы жоқ па?!

Бұл аса іждағатпен ойлануды керек қылатын мәселе. Күллі ғаламның барлық мемлекеттерінде тарыдай шашылып жүрген еврейлердің Германия жеріне қызықпауы ғажап-ақ...

Мен білетін бір ақиқат бар. Ол еврейдің даналық кітабында айтылған. «Сүрінбейтін адам болмайды, тек ақымақ қана бір сүрінген жерінде екінші мәрте сүрінеді» деуші еді еврейлер...

Демек, қанды қырғынды өзге жерде емес, неміс жерінде көрген еврейлер мұнда тұрғысы келмейді...

Неміс елі қазіргі халықаралық жағдайға сай, мың жерінен анти-фашистік ұстанымдарын бекемдеп, заң өлшемдерін қатаң ұстанып келе жатқанымен де, күллі ғаламнан араб, түрік сынды елдерден миллиондаған көшпендіні өз еліне шақырып алып отырғанымен де, бірде бір еврейді Германияда тұрақтап тұруға көндіре алар емес...

Ал, біздің қазаққа бәрібір...

Қазақ еврейдей сақ болғанға әлі бар...

Сол үшін де еврей еврей де, қазақ қашан да қазақ. Сол үшін де еврей өзінің кеткен есесін тезірек түгендей алады. Ал, біз жүрміз сағыздай созылып...

Әкесіне ит қорлықты көрсетіп, адам баласы көрмеген қорлық өліммен өлтірген атажауының алдамшы, аяр күлкісіне алданып, оның енді баласы мен немересін өлтіруін күтіп отыр біздің қазақ!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-14 22:06:36

Бүгін Алматы көшесіндегі қарулы сақшылардың молдығы ересен. Қазақ қоғамын тосын үрей ішіне салған Жамбылдағы жарылыстар мен Алматыдағы атыстардың байыбына бара алмай отырған қалың қазақ! Алматыда күні бойы сібірлеген жаңбыр, кеш бата қарға айналды...

Ауа соншалықты сұрғылт. Осының барлығы еңсені басып, көңіл-күйді түсіріп-ақ жіберетін еді...

Осыншама оқиғаның байыбына бара алмай отырған жұрттың түскі шайдағы, телефондағы әңгімесі, қысыр-кеңесі тұтасымен осы жарылыстардың тақырыбына ауған. Ашық ақпарат жоқ. Аспаннан топ етіп түсе қалған лаңкестердің кім екендігі, қай ұлт екендігі, қайдан келгендігі, не мақсаттағы жандар екендігі қазірше құпия...

Не ексең, соны орасың. Қазақ мемлекеті тидаусыз, тиымсыз, тектеусіз кеткен діни бостандықтың, солқылдақ, қырық құрау әрі шұрық-шұрық тесік дін туралы заңның қасіретін тартып отыр...

Бір Алла өзі Қазақстанға жар болғай! Қазақ халқының ғасырлық арманы болған егемендігімізге енді ғана қол жеткізіп отырғанымызда, ел-аман, жұрт-тыныш болсын деп тілейміз!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-14 22:21:29

Пекин мен Мәскеудің арасы ұшқан құстың қанаты талардай ұланғайыр дала. Бұл ара түркі-мұңғыл тұқымдастардың атамекендері! Бірақ, түркі-мұңғыл тұқымдылар соңғы замандарда, ашығын айтқанда, соңғы бір ғасыр арасында өз тағдырларын өздері шешуден қалды. Түркі-мұңғылдардың баяғыдағы құлақ кесті құлдары болған қара қытайлар мен орыстар тарих сахнасына шыққасын, баяғыдағы қожаларының көкелерін көздеріне көрсетті, көздеріне көк шыбын үймелетті. Дүние алма-кезек деген осы. Бақтың баянсыздығы да осы...

Мау Мәскеуге келген заман осындай бір заман еді...

Ата-бабаларының қожаларының өзіне қожалық етіп отырған екі көсемнің құпия талқыларын біз білмейміз, бір білеріміз Маудың Мәскеуден өсімді қарыз алғандығы. Мау Мәскеуден үш жүз миллион доллар қарыз алады. Жылдық өсімі бір пайыз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-14 22:55:25

Мау үшін Сталин аса түсініксіз тұлға. Бір қолымен Жяң Жиешіні сүйеп, бір қолымен Мауды демеген Сталинді Мау түсінбей-ақ кетті. Маркстің іліміне негізделгенде, байшыл-зоршыл Жяң Жиешіні қолдамауы керек еді. Таптық көзқарасы айқын болуы керек еді. Бірақ біздің күн көсемдеріміз өзгені сендірген пәлсапаларына өздері сенбеуші еді. Өзгенің шартсыз бағынуын талап ететін заңдарына өздері бағынбаушы еді. Сталин тура осындай болды. Сол үшін де Сталиннің 70 жастық мерейтойына орай Мәскеуге сапарлай барған Мау Стекеңе өзгеше тарту ала барды. Бұл тартудың сырын Маудың өзінен басқа ешкім білген жоқ.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-15 02:27:22

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-11-15 02:34 өзгерткен

Кеңес Одағы елдерінде қалыптасқан үрдіс бойынша болғанда, туылған күн дегеніңіз аса қастерлі мереке. Бұл үрдіс Кеңес Одағы елдерінде қазірге дейін жалғасып келе жатыр. Ештеңеге де сенбейтін атеистер мен құдайсыздар туылған күнді керемет бір мереке жасап алады да, бакал толы шараптар мен харамдарды іше отырып, туылған күн иесіне тілек жаудырғанда, ұзыннан ұзаққа сөйлеп, жер бетіндегі барша жақсылықты үйіп-төккенде алдарына жан салмайды...

Жер бетінде мұндай көп тілек айтқыш жұрттың екінші түрін таба алмасыңыз хақ. Бір қызығы, құдайдың өзін жоқ деп жариялаған жұрттың соншама «ізгі» тілектерді кімнен тілейтінін білмей дал боласың...

Сталиннің жетпіс жастық мерейтойы - сол замандағы қызылдар үшін алғанда, халықаралық деңгейдегі мереке еді. Ол замандағы Стекең дегеніңіз жарты әлемнің патшасы болатұғын. Сталиннің қас-қабағына қарамайтын қызыл партия жоқ еді, әрине, қызыл билікті енді-енді орнатқан, 1949 жылғы қызыл Қытайдың билігі үшін де Стекеңнің салмағы басым еді. Демек, қаһарлы грузин әміршісінің көңілін табу дегеніңіз Мау үшін үлкен тақырып болғаны хақ...

Оның үстіне Қытай компартиясының құрылуынан бастап, Жұңхуа Советтік Республикасының құрылуы, онан соңғы Жұңхуа Халық Республикасының құрылуының барлығы осы Стекеңнің көмегімен, жетекшілігімен төтелей байланысты еді...

Ол кез 1949 жыл болатын. Бұл кез Қытайдың нағыз тақыр таза кедей кезі еді. Қытайдың барша байлығын Жяң Жиеші Тайваньға алып қашқан болатын, қысқасы, Шаңхайдағы зауыттарға дейін алғанын алып, алмағанын қиратып кеткен еді. Ал оқымыстыларға дейін ырықты-ырықсыз жағдайда тұтасымен Тайваньға әкетіп болған Жяң Жиеші компартияға тақыр-таза кедей Қытайды қалдырып кеткен еді...

Сталинге ұсына қоярлық бағалы сыйлықты қалай таңдау әрі көсемнің көңілін табу дегеніңіз Қытай компартиясының жабық жиындарында талқыланатын ең басты мәселе еді. Себебі, азаттық соғысы жылдарында Қытайдың Мәскеуден оқыған зиялысы аз емес еді. Олар Кеңес адамдарының ойлау жүйесін мықты білетін. Демек, Стекеңе қалай жағу - қытайлардың бас қатырған басты мәселесіне айналған болатын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-15 02:39:15

Қазақша айтқанда, Мәукең Стекеңе «шөп-шалаң» ұсынды десек сенесіз бе?

Сене беріңіз. Шындығы сол. Бір елдің қызыл патшасы екінші бір елдің қызыл патшасына шөп-шалаң, «жеміс-жидек» ұсынады ғой. Жә, ұсынған затының түрін білдік. Ал, шамасы қаншалық болды дейсіз ғой. Бұл да ғажап. Тұп-тура екі вагон! Мұндай сыйлық ұсыну - адамзат тарихында өте сирек кезігетін құбылыс еді. Бірі - мұндай сыйлықтың түрін таңдау болса, екіншісі - осыншама мол! Мұның нендей сыры бар екенін әркім әр саққа жүгіртіп айтады. Я, біз де өз қатарымызша бұған өз көзқарасымызды айтамыз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-15 03:13:49

Шытыршық, шомыр, сарымсақ, алмұрттың әрқайсысынан 2500 келіден, жалпы он тонна тұратын осыншама «сыйлықты» ту сонау Шандұңнан ұшақ арқылы Пекинге жеткізеді. Әрине, Шандұң өлкелік парткомге Пекиндегі партия орталық комитетінен ең жоғарғы жарлық түсіріледі. Атын атап, түсін түстеп, бұл заттардың Стекең көсемнің жетпіс жастық мерейтойына арналатындығын айтады...

Әрине, Қытай болғасын, шай болуы керек. Қытайлар шай мәдениетін үнділермен таласып келе жатқалы қай заман. Сонымен Қытай патшаларына ғана арналатын Жыжяңның асыл сортты Лұңжиң шайын, Анхұйдың Чимынхұң шайын да қосады. Мәукең өзінің туған жерінің шеберлеріне арнайы тапсырыс беріп, Стекеңнің мүсінін жасатады! Қытайдың ежелден бергі атақты арағы маутайды қосады. Қытай зиялыларының ғана белгісіне айналған Шаңхай ораулы темекілерін қосады...

Қытай патшаларының заманынан бері атағы Алатаудай болған хаңжудың маталарын, кестелерін дайындатады. Фужйанның сырлы парпорларын дайындатады. Жяңшидің қыш ыдыстарын алдырады...

Осыншама мол заттарды пойызге тиеп алып, «Мәскеу қайдасың?» деп тартып береді Мәукең...

Қытайлар ежелден тарту-таралғы жосындарына жүйрік халық. Бұл осы халықтың ұзақ замандық мәдениетімен байланысты. Сонымен қатар, бұл халықтың етінен өтіп, сүйегіне дейін сіңіп кеткен жағымпаздықпен, құлдық санамен, парақорлықпен де қатысты. Себебі, Қытай мансаптылары осындай тарту-таралғыларды қабылдау жолымен халықты қанайды. Мансаптылар өзара ымыраласады. Арам байлықты өзара бөліседі. Бұл тарихтан белгілі. Ал, төменнің жоғарыға қандай сыйлық ұсынуы, төмен жіктегі адамның жоғары жіктегі адамға қандай сыйлық жасауы, сыйлықтың мөлшері, шамасы, мансаптылардың өзара бір-біріне сыйлық жасауы, уәзірлердің патшаға сыйлық жасауы, төмен мансаптының жоғары мансаптыға сыйлық жасауы дегеніңіз Қытайдың арғы-бергі бес мың жылдық тарихындағы ең келелі мәселелердің бірі және бірегейі...

Мау мұны әбден біледі. Білгенде де жеріне жете біледі.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-15 14:51:52

Ол заман таланған иттің халінде Тайваньға қашып барған Жиең Жиешінің Мауға деген өшпенділігінің ең шырқау шыңына шыққан кезі. Жаңа құрылған республиканың көсемі - баяғыдағы өзі «қызыл банды» деп атайтын Мауды қастандықпен өлтіру үшін Жяңның қолданбаған айла-амалы қалмайды. Мыңдап саналатын іш-бүйендерін құрлық Қытайына жасырын орналастырады. Қастандықтар ұйымдастырады. Бірақ құдайдың құдіретімен, бұл қастандықтарының барлығы іске аспай қалады. Бір есептен алғанда, ол замандағы Тайвань Американың құшағына басы бүтін енген еді де, Сталиннің өзі Тайваньнан бетін бұрып, Мауды 100 пайыз қолдауға көшкен еді. Басы ашық нәрсе, Сталин үшін Мау мен Жяңның парқы жоқ еді, кім болса ол болсын, Қытай құрлығын кім билесе, сонымен ара қатынасын дұрыстау бағытын ұстанған еді Сталин. Қазақша айтқанда, қай жеңгенің менікі дейтін еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-15 21:30:43

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат!

Сапарнамамызды сәтке доғара тұрып, қажылық сапардан оралғандардың әңгімесін аз-кем қыстыра кетелік...

Алматыда аппақ қар. Кеше түнімен қар жауған...

Қазақстан қажыларының бір тобы кеше Меккеден ұшып, Араб бірлескен әмірліктеріндегі Шаржах қаласына келіп түнеп, бүгін таң бозынан Шаржахтан хабарласқан еді. Алла қаласа, араға төрт сағат уақыт салып, Алматыға жетерміз деп еді...

Ол жақ дегеніңіз қазірдің өзінде шыжыған шілдедей ыстық қой, қажылардың алдынан қалың тондар, қалың киімдер алып шығып, аман-есен жеткендеріне қуанып, мәре-сәре болып, түнделетіп үйге жеткеніміз осы...

Қазір қажылардың әңгімесін тыңдаудамыз...

Аллаға сансыз шүкірліктер болсын! Егемен қазақ елінің еркін азаматтары, міне, Алланың разылығы үшін қажылық парыздарын өтеп қайтты...

Еркіндік пен егемендік болмағанда, бұл қайдан болсын?! Алланың нығыметтеріне сансыз алғыс! Біреудің қабағына қарап, екінші дәрежелі (екінші дәрежелі граждан二等公民) азамат болып жасағаннан құдай сақтасын! Баяғыда қызыл орыстың қызыл билігі тұсында ата-баба дінінен алыстап қалған қазаққа қайдағы қажылық болсын! Барлығы да егемендіктің арқасы! Аллаға сансыз шүкірліктер болсын!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-17 00:26:09

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат!

Қасиетті қалаларымыз Мекке мен Мединеде қажылық жасап қайтқан қажылардың әңгімесін естіп, рухани көтеріліп, тазарып қалғандай болдық. Қажылыққа бармасақ та, барғандай болып, бір жасап қалдық...

Я, Алла, бізге қажылықты несіп ете көргейсің, осындағы мұсылман бауырларымызға, қарындастарымызға қажылықты несіп ете көргейсің. Аса мейірімді Алла, бізге қабыл болған қажылықты несіп еткейсің...

Сөзімізді Алланың нұры жауған, құдайшылдардың қасиетті қаласынан бұрып, бір заманда қызыл құдайсыздардың «қасиетті қаласына» айналған Мәскеуге бұрудың өзі оңай емес екен...

Бұл үшін де кәдімгідей ерлік қажет екен...

Жә, рұхсат болса, Мәскеу сапарының соңын жалғайық...

Бисмиллаһи рахманир рахим...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-17 00:43:38

Мәскеуді соншама аңсап, армандап, әзер жеткен Маудың Сталинге соншама мол «сауғаны» ала баруының өзге бірі сыры болса керек. Ол - Мау мұны Пекин мен Мәскеу арасындағы соншама ұзын аралықта сақтық үшін алды деп ойлаймыз. Бұл екі себептен болуы мүмкін, бірі - Жяң Жиешінің қастандығы себепті, жолда пойыз жолы үзіле жатса, Ібір-Сібірдің иен даласында еш көмексіз қала жатардай болса, аштан өлмес үшін алды. Бірі - Сталиннің әдейі қолдан қитұрқылықтар жасап, орыстық шовинизмге басып, жолда мұны әлдебір жасанды себеппен аялдата жатса, өз тамағын өзі асырап жату үшін, бейшара, шарасыз қалде қалмау үшін алды...

Шындығы бір Аллаға аян. Кейбір қытай сарапшыларының болжауында, у сарымсақты Сталинге деген ызасын шығару үшін апарды дейді. Себебі, Уаң Миңды қолдап, Мауды шетке қағып, Стекеңнің де Мауға істемегені қалмады емес пе?! Себебі, қытайларда осындай бір ескі дәстүр болса керек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-17 01:15:25

Мау отырған пойыз Мәскеуге 1949 жылы 12 айдың 16 күні қақ түсте жетіп барады.

Мәскеуге пойызбен барған Маудың ұшаққа не үшін отырмағанын кім білсін?! Алаңдаған болар. Мүмкін, онда шешесінен жұққан әлдеқандай бір бұддалық құрапаттық наным болған болар, ол жағы бізге мәлім емес. Бір қызығы, құдайды жоқ дейтін осындай қызылдардың біразы құрапаттық нанымдарға нанатын еді. Кейбір көсемдер бақсыларға нанатын. Кейбіреулері Қытайлардың дауизм жолындағы монахтарына алдағы тағдырларын болжататын. Бірақ бұларының жасырын жағдайда болары шын еді. Себебі олардың сырттағы әшкере бейнелері - құдайсыздар болатын...

Бір қызығы, Мау Мәскеуде ұзақ аялдайды. Мемлекет басшысының екінші бір елде осыншама ұзақ аялдауы аса сирек кездесетін құбылыс еді...

Мау сол келгеннен келесі жылдың 2 айының 17 күні Мәскеуге хош айтады...

Ел басшысының өзге бір елде осыншама уақыт болуы, екі ай уақытын өзге бір елде өткізуі адамзат тарихында сирек кездесетін құбылыс болса керек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-17 02:44:59

Маудың Мәскеудегі күндерінің көбі көңілсіздікпен өтті. Оны Маудың өзі де айтқан, бұл хақындағы ақпараттарды біз қытай тілді және орыс тілді ақпараттардан қатар көре аламыз. Мәскеудегі күндерінде Стекеңнің Мауды елемей, адам құрлы көрмей, жолықпай, әбден жынына тигенін білеміз. Мұны тоқсаныншы жылдарда Қытайда Маудың жүз жылдығының алды-артында Мауға қатысты кітаптар «жауынан соңғы саңырауқұлақтай» қаптап кеткен кезде-ақ оқығанбыз. Бірі өтірік, бірі шын осы кітаптардың біразының Маудың Мәскеу сапарын жазуда шылғи өтірікке барғанын кейін ғана біліп жүрміз...

Ең қарапайымы, Сталинді Маудан кешірім сұратып қояды ғой қытай жазғыштары. Ал, мұның мүлде өтірік екенін орыс тарихшылары жазады... Себебі Кеңес Одағының қалыптасқан үрдісі бойынша, Сталиннің әрбір жүріс-тұрысы, әрбір сөзі, әсіресе, шетелдіктермен кездескен сәттердегі «ұлағатқа толы» тәрбиелері, насихаттары, Маркстік, Лениндік лекциялары бір ауыз сөзіне дейін қалдырылмай, тұтасымен естелікке алынып отыратын еді...

Ал Мәскеуге барған, ақшалай қарыз сұрай барған Маудан керенау, алкеуде, өзімшіл, паң Сталиннің кешірім сұрай қоятын қисыны жоқ еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-17 02:51:46

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-11-17 03:15 өзгерткен

Сталиннің қай сағат қай минутта әжетке барғандығына дейін жазып отыратын Кеңес Одағының КГБ құпия архивтерінен Сталиннің Маудан кешірім сұрағандығы хақында ешқандай дәлел мен дерек шықпаған! Демек, тарихты жалған жазып үйренген қытекеңдер мұнда да көсіп қалса керек. Ол жағы бізге беймәлім. Маудың Мәскеуге жеткен уақыты түс еді. Бізше айтқанда, бесін намазының енді-енді кірген мезгілі болса керек. Бірақ, Стекеңнің нұр дидарын көру ол кісіге сол күннің кешінде ғана нәсіп болады. Кеш болғанда да, шам намазының уақыты аяқтап, Мәскеуде жашиқ намазы оқылар кезде ғана Стекеңнің Мауды қабылдауға уақыты шығады ғой. Оның өзінде де Мау жатқан қонақүйге Стекең бармайды, керісінше, Мау өз аяғымен жүріп, Стекеңнің кремльдегі ісханасына келеді... Мұны қойшы, Мау бұған амалсыз көнеді ғой, көнбей қайтсін! Ту баста-ақ, Мәскеу топырағына аяғы тие сала, Мәскеудің темір жол вокзалында оны қарсы ала шығушылардың ішінде Сталин жоқ еді. Қаланың сыртындағы әуежай болса, оған Мауды қарсы алу үшін Стекеңнің шықпауын дұрыс түсінуге болар еді. Бірі - алыс, бірі - қауіпсіздік үшін. Ал Мәскеудің темір жол бекеті қала ішінде еді. Демек, қала ішіндегі аяқ жетер жердегі темір жол вокзалының өзіне Сталиннің шыға қоймауының өзі оның Мауға көрсеткен қыры еді. Өзін қарсы ала шыққандарды көріп, Маудың көңілі су сепкендей басылады. Мұнан да сорақы болғаны, Мәукеңнің жүрегін ауыртқаны - Мәскеу вокзалындағы қарсы алу мұрасымының өзі Мау армандағандай салтанатты емес еді. «Мың жасасын» деген салтанатты ұрандарға үйреніп қалған Мау қытайлардың «уан сүйінен» бөлек орыстардың да «уан сұй» дегенін естігісі келді ме, кім білсін, ол жағын о дүниеге барғанда, Алланың сұрағына жауап берген сәтінде Маудың өзі айта жатар...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-17 03:39:24

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-11-17 03:41 өзгерткен

Маудың Мәскеуде екі ай жатып қалуы - сыр. Сыр болғанда да таңғажайып сыр. Мұны қазірше біз біле алмаймыз. Бір ғажабы, сол заманда қызыл елдердің қас дұспаны болған батыстың ақпарат саласында қатыгез Сталин Мауды Мәскеуде мырза қамаққа алыпты деген қауесет тарайды. Ұлыбританияның газеттері аталмыш ақпаратты таратады. Осы хабар батыс дүниесінде шыға салысымен Мәскеу абыржи бастайды. Себебі, бұндай ақпарат Кеңес Одағының халықаралық «кедей, бодан халықтардың құтқарушысы» деген образына жаман еді. Екіншіден, осыған байланысты халықаралық қызыл жүйеде ауытқулар туындауы мүмкін еді. Стекең дереу Маумен ақылдасады, Мәскеудегі Мау батыс тілшілерін шақырып алып, өзінің аман-есен екендігін жариялайды. Араға көп салмай, Мау мырза Пекинге қайтады...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 23 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)