Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 42 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Шұрайлы, сулы, шөпті мекендерінен айырылғасын, ұлт ретінде құрыды. Құруға бет алды...

Сенің қалың қалай, Қытайдың қазағы?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-13 20:09:22

Әскери қырғындау - жауыздық сипатта болғанымен, қаржылық, қаражаттық, экономикалық құлдану аса өркениетті сипатта жүргізілді. Мұның басы жоғарыда айтқандай, әлсізді атамекенінен ығыстырумен басталып, соңында олардың барлық шаруашылық көздерін, өмір сүру мүмкіндіктерін тартып алумен жалғасты. Оларды өз жерінде өзін азшылыққа ұшыратты. Ту сонау Африкадан қара құлдарды тасып апарды. Босқындарды молайтты. Ақырында ағы бар, сарысы бар қалың жат жұрттықтың құла тасқыны ішінде, атамекенінде жасап отырған үндістер тұншығып өлді...

Ал ағылшындар күні кешеге дейін нәсілшілдік саясаттарын ұстанды. Ақ нәсілділер мен ақ еместердің құқы бірдей болмады, негрлерді оқуға алмады, оларға жақсы жұмыс бермеді. Ұқсас жұмыстағы негр мен ақтың алатын айлығы, жалақысы он есе айырмада болды...

Осы арқылы негрлерді рухани ғана жаулаған жоқ, оларды қаржылық құлдыққа кіріптар етті. Негр кәсіпкерлерін қыспаққа алды, нәсілшілдік пиғылды қолдан туындатып отырды. Ку-клукс-клан партиясы арқылы саясатты, ақпаратты ойнатты. Ақырында бұл саясаттарға заң жүзінде тосқауыл қойылғанымен, қазіргі еркін, кісілік құқы, адамдық нормалары қорғалатын негрлер барібір Америка қоғамында ең төменгі жіктерге жатады...

Себебі оларды ғасырлар бойы жаңағыдай жолдармен езіп келді. Ендігәрі басын көтере алмасына көздері жеткенде барып, аяқ астынан «кісілік құқық» дей қалды. Еркіндік бергенсіді...

Негрлердің тілінің, мәдениетінің құрығанын ауызға алмай-ақ қоялық. Олардың тұтасымен ағылшынданып кеткенін ауызға алмайық, бірақ Америка түрмелерін негр толтырып отыр. Жан санының небары 11 пайызын ұстайтын негрлердің Америка түрмелеріндегі салыстырмасы аса жоғары. Кей деректерде айтуынша, абақтыдағы негрлердің үлесі жетпіс пайызды ұстаса керек

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-13 22:26:21

Қаржылық құлданудың беретін нәтижесі әскери құлдануға қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Бұған дәлелді алыстан іздемей-ақ, жақыннан таба аламыз. Тайваньды жаулап алушылар ондағы гаушан ұлтын қай-қашан да болсын құлдық деңгейде ұстады. Тайвань аралындағы осы бір ұлт бұл күнде өздерінің тілінен айрылып болды. Ал, қара қытайлар қаптаудан бұрынғы баяшатты өмірлерінен де айрылды. Бұл күнде саяхатшылардың садақасымен күн көретін сорлы халге түсті...

Қаржылық құлданудың бір түрі - тілдік құлдану. Өз ана тіліңде өзің нан тауып жей алмайтын халге түсіру. Демек, сенің ана тілің - жан бағыстың тіліне айнала алмай қалады. Сенің ана тілің - жаныңды бағатын, бала-шағаңды бағатын тіл бола алмай қалады. Ырықты не ырықсыз халде сен өзгенің тілінде сарнауға мәжбүр боласың. Осы арқылы оп-оңай заңдық шеберліктер арқылы миллиондаған адамды бір сәтте екінші деңгейдегі азаматқа айналдыра салады. Тіліңді қоғамдағы қолданыстан шығарып тастау арқылы сол ұлттың өзін сахнадан қуып түсіреді...

Отбасы, ошақ қасына ғана арналған тілдің түбі бір өлері хақ....

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-14 00:57:52

Атамекенизмшілдерге айтатын тағы біраз дәлелдеріміз бар.

Жер шарындағы санаулы ерекше тағдырлы елдерді айтпағанда, адамзаттың көп санды ұлты өздерінің атамекендерінде жасап отыр....

Қазақстан сынды тағдыры таңғажайып елді алалық, ондағы қазақтан басқасының барлығы - келімсектер. Сондықтан Қазақстан Федерация құрылымын қолданбайды. Себебі мұнда ел құрып отырған ұлт - қазақ. Қазақтан басқасы - атамекендерінен босып немесе бостырылып келгендер.

Америка құрлығындағы елдерді мысалға алдық. Ондағы үндістер атамекендерінде отыр...

Қытайдағы мәнжулер-шүршіттер де өздерінің атамекендерінде отыр. Гәп олардың атамекендерінде қалай отырғандығында.

Қытайдағы мұңғылдар да өздерінің атамекендерінде отыр. Гәп олардың осы атамекендерінде қандай өмір сүруінде ғана. Ашығын айтқанда, шүршіттер де, мұңғылдар да құрып бітті. Бұл күнде шүршіт ұлт ретінде жойылып бітті. Ал мұңғылдар көр аузында жатыр.

Қытайдағы жуаңдар да (жуаңзулар) өздерінің атамекендерінде отыр. Бірақ жуаң тілі әлдеқашан өлген!

Қытайдағы мяулар да (мяу зу) өздерінің атамекендерінде отыр. Ешкім ешқайдан көшіп келген жоқ. Бірақ бұл тектес оңтүстік батыстағы барлық ұсақ ұлттар бұл күнде құрып біткен. Құрып бітпегендерінің өзі шықпа жаным шықпамен ғана отыр. Ұлт ретінде бүгін біржола жойылып кетпесе де, ертең жойылары хақ...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-14 02:20:00

Http://wenku.baidu.com/view/d6afee7831b765ce050814ba.html

Қытай тілін білетін оқырмандардың жоғарыдағы жалғамадағы мақаланы оқып көруін сұраймын. Мақаланың аты:广西象州县壮族语言使用状况与民族心理分析, қазақшаласақ: «Гуаңшидің Шяңжу ауданындағы жуаң тілінің қолданылу жағдайы және ұлттық психологиялық талдау». Мақаланың авторлары: Ли Уын Бо (李文波), Лю Жиң (刘静) 广西大学文化与传播学院

Гуаңши университетінің мәдениет және тарату институтынікі.

Аталмыш мақаланың маған ерекше әсер еткен бірнеше тұстары болды. Біріншісі - жуаңдардың ұлт тілдерінің барған сайын қолданыстан шығып қалғандығын, қытай тілінің үстемдігінің басы бүтін орнағандығын, жуаңдардың өз ана тілін сөйлеуден арланатындығын мақалада ашық айтады! Бұл ғылыми зерттеу мақаласы. Яғни, фактлер негізінде жазылған дүние.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-14 02:33:18

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-11-14 02:36 өзгерткен

Бұл тақылеттес мақаланың күні ертең біздің ұлтымыз турасында жазылуы бек мүмкін! Себебі, мақалада айтылғандай, біздің ұлтымыздағы психологиялық белгілер жуаңдардікіне барған сайын ұқсап бара жатыр.

Өз ана тілін сөйлеуден арлану - ол сол ұлттың әңгімесінің біткендігінің белгісі. Болмаса, бұл жуаң деген ұлтыңыздың жан саны күллі жер бетіндегі барша қазақтан артық. Сөйте тұра, бұларың ұлт ретінде құрып кетуге пейілді!

Жуаңдарда мәдениет болмаған ба? Олай десек, қателесеміз. Жуаңдарда мәдениет болды. Оларда сонау атамзаманның өзінде жазу болды. Жазу болғанда да, қытай жазуларына ұқсамайтын, дара, дербес, жуаңдық ерекшелікке ие бейнелі жазуларды тапқырлады жуаңдар. Мұнысы қазіргі күнде тарихи ескерткіштерде сақтаулы. Азаттықтан кейін Қытайдың қамқор коммунистері жуаңдарға латын әліппесі негізіндегі жазуды жасап береді, неткен қамқорлық!!!!

Соның нәтижесінде мыңдаған жылдар бойы ұлттың ақсүйектері мен білімпаздары арасында сақталып келген бейнелі жазулары, жастардың өзара танысып, махаббаттасқан кездерінде қолданатын желпуішке жазылған өлеңдердің жазулары мәдениет ретінде жоғалды, қолданыстан шықты.

Былай қарасаң, рахат! Бірнеше мыңнан тұратын жуаң иероглифтерін жазып, сызып әуре болмасын, миларын шашыратпасын деп қамқорлық жасап тұрса, бұларың сол компартия жасап берген, өзі қолайлы, өзі епті азғантай латынша жазудың өзін қолданудан басы бүтін бас тартып отыр...

Жазудан ғана емес, тілдерінен де бас тартып, қытай тілін қолдануға ойысып кетті. Негізінде өздерінің ана тілдерін кірлетпей, шаң жуытпай, тап-таза қалпында о дүниеде қолдануға сақтап отырса керек! Қазірше қытайдің тілін қолданып-қолданып, істетіп-істетіп алуды көздеп отырған көрінеді!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-14 03:12:13

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-11-14 04:05 өзгерткен

《广西语言文字使用调查与研究》- «Гуаңшидегі тілдер мен жазулардың қолданылуын тексеру және зерттеу» деген мақалалар жинағы 2005 жылы Қытайдағы Гуаңши Жуаңзу автономиялы районының «Тіл - жазу зерттеу комитеті» - тілком жағынан шығарылған екен. Мұның өзі 1998 жылы Қытай Халық Республикасының мемлекеттің тілкомы жағынан біртұтас ұйымдастырылған аса ірі ғылыми зерттеу науқаны екен. Осының нәтижесінде, Гуаңшидің таулы аймақтарында, қытайдың тіл мамандары табандарынан таусылып жүріп, «ғылыми зерттеулермен» айналысып, санақ жасапты. Жоғарыдағы жинақ соның нәтижесінде жарық көрген екен...

Біздің қазақтың біраз ұл-қызы Пекиндегі ұлттар университетінде оқиды. Тіл саласындағы мамандарымыз аз емес. Аллаға шүкір. Мұндай ғылыми еңбектермен олардың танысу, оқу мүмкіндігі былайғы жұртқа қарағанда әлдеқайда көп әрі жоғары. Демек, бізге қарағанда олардың әлдеқайда кәсіби болатындығында дау жоқ...

Қытайдың тіл мамандарының жазған-сызғандарына қарап отырсаң, бұларың бір нәрсеге баса мән береді екен. Онысы олардың кез-келгенінің мақаласын оқысаңыз «мен мұндалап» шыға келеді. Қытай зерттермендері күн санап жоғалып бара жатқан ескі жуаң жазуына адамзаттың аса құнды мәдени мұрасы ретінде соншалықты қастерлеп қарап отырған жоқ. Бұл тіл-жазу мамандарында болмауға тиісті қасиет. Сонысына қарағанда, оларды тілгерлер дегеннен гөрі саясаткерлер деген оңды көрінеді. Екінші бір қырынан қарағанда, санақ сипатындағы зерттеу мақалаларының көпшілігінде, жуаң тілінің қолданыс аясынан гөрі хан тілінің қолданыс аясын сұрауға баса мән берген. Ал, зерттеу нәтижелері де жуаң тілінің барған сайын қарттар арасында ғана қолданылатындығын, ал жастардың мүлде басым бөлігінің ата-баба тілдерін білмейтіндігін, білуге де қызықпайтындығын немесе жуаң тілін сөйлеуден арланатындығын, олардың жуаң тіліне қарағанда хан тіліне бейім екендіктерін жазумен аяқтайды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-14 03:47:04

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-11-14 04:33 өзгерткен

Жуаңдардың аталмыш жазуын олардың өз тілінде sawndip-саундип деп атайды. Үшбу сөзді википедядан,басқа іздеуіштерден іздесеңіз, көп мағлұматтар табасыз.

Қандай өкінішті! Осыншама бір таңғажайып мәдениеттің қазір күннен күнге жоғалуға қарай бет алып бара жатуы - бұл жуаң ұлтының ғана емес, адамзат мәдениеті үшін аса үлкен жоғалту болмақ. Бірақ, осыны білген жуаң бар ма? Баяғыдағы Америка үндістерінің сырлы жазуларын бұл күнде оқи алатын адам жоқ. Үндістерді қынадай қырғанда, күллі Еуропаның зиялы жамағаты қарап отырды! Үндістердің қару-жарағы дамымай қалғанымен, олардың жұлдыз ғылымының, астрономиясының аса керемет деңгейде дамығандығын бүгінгі адамзат аса бір таңырқаспен әңгіме етеді. Атышулы 2012 ақырзаман қауесеті де сонан шыққан. Шындығында, ақырзаманды Алла ғана біледі. Мұндай нәрселерге сенудің барлығы біздің күнәға апарады...

Не керек, сол үндістердің таңғажайып мәдениеті құрып жоғалды...

Мәңгіге! Мүмкін, олар адасқан нанымда болғандықтан, Алланың қаһары келген болар! Себебі, олар жауларының бас терісінен саз аспаптарын жасап, аруақтарына құрбандыққа адам шалатын қатыгездерден еді. Тайпалар арасындағы қақтығыстардың нәтижесі жеңілуші тайпалардың 100 пайызға құртылуымен ғана аяқтасатын. Жаратушыға емес, жаратылушыға нанған жұрттың ақыры осылай болды...

Адамзат дегеніңіз, міне, осындай жабайы! Бірін-бірі құрту, бірінің құндылықтарын екінші бірі келіп, жойып жіберу, жер бетінен біржолата құрту...

Міне, бұл адамзаттың ғасырлардан бергі жалғастырып келе жатқан өзгермес қасиеттері...

Саундип жазуы сынды таңғажайып жазу - жай ғана жазу еместұғын. Ол-адамзаттың жаратқан мәдениетінің бір бөлшегі еді. Мұндай жазулардың Қытай топырағында жоғалуы бірінші рет емес. Мұндай ұлттардың Қытай тарихында қытайласу себебінен ұлт ретінде жоғалуы да бірінші рет емес. Қидандардың да осы тақылеттес жазулары болған. Сол қидандар ұлт ретінде, сол мәдениеттерімен қоса, мемлекеттерімен қоса, тарихтың құла тасқыны ішінде жоғалды. Жоғалтушылардың кім екендігін біз айтпаймыз...

Бұл құла тасқын алдына келгеннің барлығын жайпап, жұтып, қиратып, жоғалтып келе жатыр. Мыңдаған жылдардан бері оған төтеп беретін ешқандай күш болған емес...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-14 04:27:35

Қидандарды (кидан) кім құртты дейсіздер ғой?! Бұл қазақтарға өте түсінікті. Қидандардың мемлекетін құртушылар - наймандар болды. 1211 жылы найман хандығы қидандар құрған Ляу мемлекетін жаулап алады. Бірақ біздің наймандар қызық-ақ. Олар қидандардың мемлекет атын, мемлекет құрылымдарын өзгертпейді. Тек жаулаушы ретінде ғана тұрды. Осы мезгілге дейін қидандар екі түрлі жазуды тапқырлап болғантұғын. Мұның бірі бейнелі жазу болса, екіншісі кәдімгі біздің қазіргі қазақшамыз сынды дыбысты таңбалайтын жазу еді.

Бейнелі жазудың адамзаттың сәби санасының туындысы екендігін, ал дыбыстық жазудың оған қарағанда аса жоғары деңгейдегі ақыл-парасаттың жауһары екендігін білеміз. (Әрине, бұл көзқарасымызға қытайлар келіспейді...) Бейнелі жазудың сәбилік сананың белгісі екендігінің белгісі - ол адамзаттың көрген нәрсесінің бейнесін сызуынан туындаған болатын. Ал, қазіргі қытай жазулары болса, мұның дыбыстық жазуға қарай жартылай ойысып барып, дамымай қалған түрі еді. Осы қидандардың жазуларын танитын адам бұл күнде жоқ...

Наймандардың қидандар мемлекетін жаулап алуы, соңыра ала, наймандарды мұңғылдардың жаулап алуы - аталмыш жазуды құртты. Мұңғылдар наймандардан жазу үйренді. Ал, мұңғылдардан шүршіттер жазу үйренді. Пекиндегі шүршіт патша ордаларының маңдайшалықтарындағы жоғарыдан төменге қаратылып жазылған жазулардың барлығы біздің наймандардың жазуы...

Күллі Қытай астанасының барлық маңызды тарихи мекендерінен көруге болатын осы найман жазуы - қасыретті тарихтың бір куәсі іспетті. Пекинге барған сайын, өзіміздің арғы ата-бабаларымыздың көзіндей болған сол жазуларды көрген сайын, мені мақтаныш сезімінен гөрі, қорқыныш сезімі билейді!

Өкініштісі, қазір бұл жазуды да танитын адам қалмады...

Құрыды! Құрып бітті! Тұқымдарымен тұздай құрыды! Сол мәдениетті жаратушылар да құрыды. Олардың мәдениеті де құрыды! Құртушылар кімдер?! Қытайдың қазағы бұл сұрақтың жауабын әбден біледі!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-14 04:56:37

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-11-14 04:58 өзгерткен

Жә, қадірлі жамағат! Қайырлы түн! Жақсы жатып, жайлы тұрыңыздар. Батыстың қазақтарынша айтқанда, таңертең «жақсы өріңіздер». Қазір Алматыда түнгі сағат үшке таяды, Пекинде беске аз қалды, Пекиндегі мұсылман бауырларымыз таң намазына дайындала бастаған болар...

Пекин демекші, бұл Пекинді кім жаулап кім қоймады?! Құбылай туысымыздан басқа біздің қаншама туысымыз осы Пекинді жаулады, бірақ Пекинде баянды тұрғаны бар ма? Бәрі де жоғалды, құрыды. Бір ғажап теңдессіз қара дүлей күш олардың барлығын жоғалтты, құртты!

Пекинде қазір қалғаны - қытайлар ғана...

Қытайлардан тыс, сол қытайлардың арасында Алласынан шапағат тілеуші азғантай мұсылман ғана қалды...

Ал қалғандарының барлығы атымен, затымен, тұтасымен жоғалды...

Бұл дүние ақылдылар мен жеңімпаздардікі. Ақылсыздар мен әлсіздердің баратын жері-құрып жоғалу ғана!

Ақиқаты бір Аллаға ғана аян...

Құдыреті күшті Алла тағаланың күллі мұсылман әлеміне тыныштық, бақ, береке сыйлауын тілеймін. Қазақ баласының басы бір тудың астында қосылып, бір әнұранды шырқап, бір мақсатпен өмір сүретін заманды тілеймін Алладан...

Қазір уақытты кеш қылмай, напіл намаздарымды оқиын! Алладан тілек тілейін! Алладан басқа сиынарым жоқ! Алладан басқадан медет тілерім жоқ! Алладан өзіме, барша туыс-тумаға, дәл осы сәттегі қажылық сапардағы мұсылмандарға, ондағы қазақ бауырластарымызға, ғаламның елу шақты елінде шашырап жүрген қазақ қандастарыма баянды бақ, екі дүниенің нығыметін тілеймін...

Ей, Алла, мейірімі мен шапағаты шексіз Алла, менің қасыреті мол халқыма бақ бере көр! Менің қасыреті мол қазағымды екі дүниеде де бақытты ете көр! Бізді қашан да дұрыс жолға сала көр, адасқандардың, қаһарға қалғандардың жолына емес!

Халқымызға иман бере көр. Елбасымызға, дінбасымызға таупиқ, қидаят бере көр! Барша қазақ баласына бұзылмас береке, кетпес бақ бере көр!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-14 09:45:10

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Қайырлы таң, қадірлі жамағат!

Алатаудың аппақ шыңдарының басы ағараңдап көріне бастады. Әсем қала Алматының таңы атып келе жатыр, бүгін - дүйсенбі, 14 қараша. Мұсылман жыл санауы бойынша, 1432 жыл 14 зул-хижжа.

Қасиетті айда Меккедегі қажы бауырларымыз да «атамекендеріне» оралуға қам жасай бастады. Әр жолы Меккедегі қажылық сапардағы туыс-туғандармен телефонда сөйлескен сайын ішімді бір қуаныш кернейді. Алладан қажылықты несіп етуін тілеймін! Барша момын мұсылманға қажылықты несіп етсін Алла тағала. Қабыл болған қажылықтың сыйы - жәннат қана. Шіркін...

Меккенің уақыты мен Алматы уақытының уақыт парқы 3 сағат екен. Біз Алматыда жашиқ намазын өтегелі жатқанда, оларда шам намазы енді ғана кіреді деп жатты бір реткі телефонда. Меккедегі қасиетті мешітте шақырылып жатқан шам намазы азанының дауысын естігенде, жүрегімді бір ерекше сезім билеп кетті...

Оны тілмен айтып жеткізе алмаспын...

Иә, Алла, бір өзің жар бола гөр! Бір өзіңнен ғана медет күтеміз! Бір өзіңнен ғана көмек күтеміз. Бізді дұрыс жолға сала көр!

Алматының аса қарбалас дүйсенбісінде ғаламторға көп шыға алмауым мүмкін, жұмыс бабымен қарбаластанып кетуім мүмкін...

Міне, айнала аппақ жарық болып үлгірді.Қарбалас тіршілік басталды...

Жаратушы Алла, істеген істерімізді бізге жеңіл ете гөр, не берсең де ең қайырлысын бере көр...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-14 10:05:43

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-11-14 10:08 өзгерткен

Осы өткен жұма күнінде қасиетті жұма намазынан шыққасын, жолдастарыммен бірге орталық мешіт тарапына қарай баратын бір жұмысым шыға қалды. Міне, қызық, Панфилов бағының қасынан өте бергенімізде, құжынаған қалың көлік тығынына кездестік те қалдық. Жайшылықта жұма намазы болған кезде, Алматының мешіттері маңында көлік тығыны қалыптасатын. Бұл өте үйреншікті жағдай еді. Ақсай, Тастақ жақта, орбита, көктөбе жақта, орталық мешіт жақта намазға ағылған жұрттың молдығынан бүкіл көше көлікке толатын еді...

Түріксіб жақтағы мешіттерге барудың өзі қиындайтын еді. Ал қаланың ірі жолдары маңына орналасқан мешіттерде жұма намазына ағылған жұрттың тасқыны жол бермейтін. Жұма күні Алматының жол сақшылары ерекше қарбаластыққа түсетін. Мешіттер маңындағы жол қиылыстарында көлік сақшыларының молайғандығын байқауға болатын еді. Көбіне, ерекше молайған көлік ағысына жетекшілік жасайтын...

Бір қызығы, бесіннің шығып, екінті намазының кіретін уақыты болса да, көшедегі ерекше көп адамға таңырқаған ем. Сөйтсек, көшедегі көлік тығынының бүгіндегі себебі басқаша екен. Бұл кезде жұма намазының уақыты әлдеқашан аяқтаған болатын...

Ал көшедегі көлік кептелісін тудырып тұрушылардың дені - үйленушілер екен. Үйленушілер болғанда да, дені мұсылман емес жамағаттар. Аллаға сенбей адасқан жұрттың Алладан басқа барлық нәрсеге сеніп кететіндігінің бір белгісін осы күні көрдім. Сөйтсек, бұл күні григорян жылнамасы бойынша 2011 жылдың 11 айының 11 күні екен! Демек, қасиетті күн! Қатарынан келген үш 11-ді ырымдайды екен жаңағылар. Ой-дөйт деген! Мұндай күнде үйленсе, үйлену тойын жасаса, бақытты болады-мыс! Ой, жазғандар-ай...

Міне, қай-жайдағы нәрсеге иланудың бір көрінісі. Жай қараған жанға басының буы кеппеген жастардың албырт қылығы іспеттенгенімен, мұнда танымдық ауытқу көрінісі бар еді. Демек, Аллаға құл болмаған жүрек Алладан басқаның барлығына құл! Аллаға нанбаған адасқан сана Алладан басқаның барлығына нануға бейім!

Бір байқағаным, Алматыдағы қарашаның суығында, жартылай жалаңаштанып, аппақ әрі ұзын той көйлегін киіп алушылардың дені -Қазақстандағы екінші ұлт өкілдері екен. Я, бұрынырақта айтқанбыз. Қазақстанда екі-ақ ұлт бар деп. Бірі - қазақтар, бірі - қазақ еместер. Шындығында, күллі дүниеде де екі-ақ ұлт бар.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 68 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)