Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 40 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-10 22:45:21

Сөз арасында қажетсінген оқырманға тағы бір кітаптың дерегін ұсына кеткенді жөн көріп отырмын.

Кітаптің аты: «蒋介石与莫斯科的恩恩怨怨», қазақшаласақ: «Жяң Жиеші мен Мәскеудің махаббаты мен араздығы». Авторы: 邢和明-Шиң Хы Миң.

Өз басым бұл кітапты оқыған емеспін. Бірақ атағын баяғыдан естігенмін. Бұл хақында үшбу кітапты оқығандармен пікір ауысқанмын. Кітаптың қаншалықты құнды екендігін білмеймін, бірақ қытай тілін білетін қазақтардың мұны тауып оқыса, өткен тарихтың құпиясын біле түсуіне пайдасы болуы мүмкін...

Білетіндер үшбу кітаптың электрондық нұсқасы болса, осында шығара жатар...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-10 23:22:15

Жяң Жиеші Мәскеуде үш айға жуық уақыт тұрды. Анығында, сол жылы қарашаның 29-күні Мәскеуге хош айтты. Араға жарты ай уақыт салып, шаңхайға әзер жетті. Қыркүйектің 2-жұлдызынан бастап, қазан, қараша айларын Мәскеуде өткізген, Жәкеңнің орыстарға жеке басының разы болмай аттанғаны шын, бірақ ол өзінің жоспарын орындап қайтты. Жяңның осы реткі Мәскеу сапарынан соң, тарихта көптеген өзгерістер болды...

Қазақ тілінде ұқсас дыбысталғанымен, Қытай иероглифтерінде мүлде басқаша жазылатын тағы бір Жяң болды. Ол да Мәскеуде оқыды. Бірақ оның Мәскеуде оқуы мен Жяң Жиешінің қатысы жоқ еді. Бір қызығы, Мәскеуде оқыған осы Жяң, толық аты-жөні Жяң Зымин деген адам кейін келе Қытай Халық Республикасының төрағасы болды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-11 00:21:28

Біздің тарихты айтуымыздың бір ғана себебі бар, осының барлығы біздің бүгінгі өмірімізбен қатысты. Өткенін жоғалтқан ел болашағын қоса жоғалтады. Біз өткенімізге оймен қарауымыз керек. Кеміміз бен кемісімізді, артығымыз бен тыртығымызды білуіміз керек. Себебі, тарих қайталанып отырады. Кіммен дос болуды, кіммен жау болуды білуіміз керек. Өмір дегеніңіз осы. Шамаңыз жетпейтін жаумен ұстасудың қажеті шамалы. Оны болашақ ұрпаққа қалдырған абзал. Қазақ баласы қазір егемен ел болған заманда бізге саяси, тарихи көрегендік ауадай қажет. Әрбір қазақ азаматы саясаткердей сақ болуы ләзім. Себебі біз үшін қазір күш жинап алу керек. Біздің бұрынғы саясаткерлеріміз не үшін жеңілді? Олар орыстың бодандығына қалай түсті? Өзгелер ше? Осының барлығын сараптай келіп, біз бүгінгі өміріміздің бағыты мен бағдарын шеше алатын боламыз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-11 00:35:48

Ең қарапайым бір мысал келтірелік.

Сталиннің қолдан жасаған ашаршылығына қазақтармен қатар ұшыраған бір ел болды. Ол - украиндер еді. Бірақ, осы украиндердің біраз жұрты, зиялысы шетел асты. Теңіз арқылы шетел кетті. Еуропа, Америка, Канадаға барды. Ал біз болсақ, қасымыздағы Қытайға қашқанды ғана білдік, қашып барған Қытайымыздың қазақтарды қарық қылмағаны шын. Алатау аузынан Қытай асқандарды бұратала өңірін мекендеген мұңғылдар қырып салып отырды. Нарынқол асқан, Мұңғылкүреге барған албандарды ондағы мұңғыл әскерлері қырғындады, көбісін ұстап, орысқа қайтарып берді. Қорғас, Сүйдін асқан суандарды ондағылар да ұқсас тағдырға ұшыратты...

Бақты арқылы Шәуешек асқандар да сол болды. Шәуешекте байыздай алмай, шығысқа жөңкілді, Қарамай, Майтау, Шиіху, Күйтүн, Үрімжі бағытына кетті. Біразі Ілеге бет алып, Қызай жұртын паналады. Жеменей, Беларық арқылы асқандарды Зайсан, Ақсуат орыс составтарына қайтарып беріп отырды, қайтарылған қазақтарды орыстар бала-шағасына қарамастан, қырып салып отырды...

Қысқасы, бізде осы нәубет тарихты сақтап қалатын адам да аз қалды, қалғанының өзі осы тарихтарды ұзақ жылдар бойына ашық айта алмады...

Ал, украиндер де бұл құбылыс болмады. Олар батыс дүниесіне қарай қашты, соның арқасында ұрпағын аман сақтап қалды. Сонымен қатар қанды тарихтың ащы шындығын күллі ғаламға паш ете алды. Дәлелімен, фактсімен. Ал, біз ше?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-11 00:51:37

Демек, қалай қашу, қай бағытқа қашу, кімді паналаудың өзі үлкен білім болды, сондай қысылтаяң заманда. Жан сақтау - парыз. Тағы бір мысал келтірелік. Украиндердің зиялы қауымы да қатты қырғындалды. Орыстардың тісі батқан екі ұлт қана болды, бірі осы қақолдар. Бірі - біз қазақтармыз. Қақолдарды бауырым екен деген орыс болған жоқ. Бауыр-сауырға қарамады. Міне, осы кекті украиндар әліге ұмытпады. Себебі, жаңағы шетел асқандар мұны жазды, айтты, күллі ғаламға уағыздады. Ал, біздің инкватордан шыққандай болған жаңа ұрпағымыз атасының кім екенін, қандай нәубет тарихы барын білмейді. Білдіре алмаған өзіміз...

Біздің зиялыларымызды біріне-бірін айдап салып отырды. Зиялыларымыз арасындағы бақталастық пен ұлттық өреге көтеріле алмаған тар өрістілікті орыстар мейілінше шеберлікпен пайдала білді. Біз осы күнге дейін керемет ғұлама санап келген Сәкен Сейфуллиннің өзін сол заманда орыстар мықтап тұрып пайдаланды дейді, біздің кейбір зиялы ағаларымыз. Ол кісілердің айтуына қарағанда, Сәкеңнің өзі өзінің тұстастарының үстінен домалақ арызды домалатуда алдына жан салмаса керек. Мұның барлығы күн санап ашылып келе жатқан КГБ архивтерінен шығып жатса керек...

Кейде мұндай ащы шындықтардың ашылғанынан ашылмағаны абзал ма екен деген ойға келесің...

Сәбит Мұқановтардың әшкерелеулеріне қарамастан, сол замандағы қырғындардан бас сауғалап қашып, Мәскеуді паналаған Мұхтар Әуезовтың Сәбитпен арадағы әңгімелерін естігенде, сенерімізді де, сенбесімізді де білмей қалатынымыз шын...

Қысқасы, біздің зиялы қауымымыз қасқыр шапқан кездегі жабық қорадағы қамаулы қойдай хал кешті. Мүмкін, басқа тірлікке орыстар барғызбаған болар, тырп еткізбеген болар. Бірақ, басқа елдің зиялылары мұндайда шетел асып үлгіреді. Қашу - қорқақтық емес, оның өзі үлкен ерлік. Оның өзі үлкен ғұламалық. Орыстың ойранынан аман қалған, шетел асқан, сол арқылы қырғындаулардан аман қалған Мұстафа Шоқайымыз болмағанда, біз біраз тарихтың сыры мен қырын біле алмаған болар ек...

Қашқаны үшін, қаша алғаны үшін, Мұстафаға алғыстан басқа айтарымыз болмас...

Ал күні ертең, мысал үшін айтсақ, таң ата сала, мынау заман апалай да төпелей болып кетер болса, байтал басына, тұрымтай тұсына кетер болса, сіздің қолыңызда паспортыңыз бар ма, бауырым, қарындасым?! Әлде, кім екеніңді дәлелдейтін құжатты сол заманда бораған оқтың ішінде жүріп, толарсақтан қан кеше жүріп жасатқанды қалап, сол заманды күтіп отырмысың?! Ұрпағыңды қалай аман-есен сақтап қалуды ойладың ба?...

Себебі, тура осындай тарих күні кеше ғана болды біздің басымызда...

Кім көрінген қожаңдап, қолында көсеуі бар айдаладағы ел келіп, бізді қырып кетіп отырды. Ордалы, өскен Алтай, Шәуешек, Іле елдерін сол заманда, сонау Гансуден келген азғантай түңген не үшін қанды қырғынға ұшырата алды?! Не үшін?! Не үшін бізде үнемі жеңіліс? Не үшін бізде үнемі қырғын? Не үшін біз қаша береміз әрі қырыла береміз?!

Таң атса, сен қайда қашар ең?! Аспаннан оқ жауып тұрса?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-11 12:39:00

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Жұма мүбарак болсын, жігіттер мен қыздар!

Қасиетті жұма күнінде мешітке баралық, уағыз тыңдалық, қасиетті жұмада тілеген тілек қабыл болады дейді, біз әлсіз пендеміз, біз тілек тілейміз, қолымыздан басқа келері жоқ, бір Алланың рақымы мен шапағаты болмаса, саусағымызды да қыбырлатуға шамамыз келмейді. Қазақ мұны «құдайсыз қурай да сынбайды» деп түйіндеген. Демек, қазақ ежелден құдайдың, Алланың заңын білген. Құдайсыз болмаған. Болмаса, айдаладағы қу қурайды жел сындырып кетер деп ойлаған болар еді, ол құдайсыздардың ойлау жүйесі. Қазақ күллі ғаламның бір ғана Алланың әмірімен өмір сүріп тұрғанын осылай білген. Қандай құдірет! «Адамға сенген мұрттай ұшады, құдайға сенген құстай ұшады» дейді қазақ. Адам құдайларына табынған құдайсыздардың арғы-бергі тарихын біраз қазбаладық. Адамзат баласының мәдениетті тарихындағы ең сұмдық, ең зұлмат қырғындарды сол құдайсыздық ілімі жарыққа шыққан соң ғана жасады, ал онан бұрынғы мың сан патша, мың сан жауыз билеуші ондай қырғындарды жасаған емес! Міне, мұның өзі нені білдіреді?! Құдайсыздық жайлаған қоғамның шайтани екендігін көрсетеді. Құдайсыздардың шайтанның әскері екендігін көрсетеді. Демек, құдайсыз жерде жасап жатқандардың да шайтан билеген мекенді өз еріктерімен қимай тұрғандығын білдіреді, ертең мұның да сұрағы болуы мүмкін, себебі біз сұраламыз, біздің сұралмайтын ісіміз болмайды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-11 13:43:22

Жяң Жиешінің Мәскеу сапары Шыңжаңда қанды қырғындардың туылуына негіз қалап кетті. Шыңжаңдағы қанды қырғындардың азабы мен тауқыметін ең көп тартушы ел өзге болған жоқ, қазақтар болды. Бір қызығы, сол заманда Шыңжаң деп аталатын, Еренқабырғаның оңы мен солы мүлде екі дүние сынды дараланып жатқан осынау ғажап мекеннің тағдыры мен тарихында ең елеулі рөл атқарғандар қазақтар болды. Былай қараған адамға қызық-ақ. Шыңжаң сахнасындағы негізгі рөлді сомдаушылардың көптен көп қазақтар болатыны қызық. Болмаса, Еренқабырға тауының түстік жағындағы Такламакан құмын айнала мекендеген өзге туысқандарымыздың саны қазақтардан артық болмаса кем болмаса керек-ті. Бірақ, 1949 жылдан бұрынғы Шыңжаңдағы қазақтардың санын біз біле алмаймыз, оны демография ғылымын білетіндер нобайлап біле жатар, бірақ соншама үзіліссіз қанды қырғындардың бірінен соң біріне ерікті-еріксіз қалде қатысып отырған қазақтардың саны аз болмауға тисіті...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-11 13:52:12

Біздің қолымызда Қытайдың азаттық армиясына қосылып жіберілген тұстағы үш аймақ ұлттық армиясының саны мен дерегі бар. Мұнда да мүлде басым бөлігі қазақтар. Бірақ, Мәскеу қолдап отырған аталмыш көтерілістің Мәскеудің құпия деректеріндегі мәліметтері басқашалау...

Мейлі, қалай болмасын, қазақтар сонау замандағы Алтай бетіндегі қобда мұңғылдары мен қазақ ортасындағы қырғындардан бастап, онан соңғы дүңген қырғыны, ақ орыс қырғыны, Яң Зыңшын қырғыны, Шың Шысай қырғыны...

Осы барыстағы Үш аймақ соғыстары, Оспан соғыстары сынды мың сан тауқыметтерді көре отырып, компартияның жаһанды тыныштандырғанына дейінгі аралықта қанша қазақтың қырылып, қаншама рулы елдің ру күйінде, ел күйінде тарих бетінен мүлде жоғалып кеткенін, тұқымдары тұздай құрып кеткенін біз зерттеп біле аламыз ба? Әрине, болады. Себебі біз бұны зерттеуге, зерделеуге міндеттіміз...

Ал қаншама қазақ осы барыста ішкі Қытайға босты? Осы босқын қазақтардың ішінен Маудың оққағары болған атақты Қасен генерал шықты емес пе? Бұл хақында «Қасен генерал» тарихи деректі романынан біле аламыз. Соншама жылдар бойы Қытайдың жоғары лауазымды тұлғаларының жігінде болып, өмірінің соңында ғана өзінің қазақ екендігін жариялап кеткен Қасен генералдың тағдырының өзі біздің Шыңжаңдағы қазақтардың тауқыметті тарихының бір көрінісі ғана...

Мұндай тарихтың жазылғаны, айтылғаны осы. Ал айтылмай, жазылмай қалғаны қаншама?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-11 14:02:57

Әңгіме арасында қыстыра кетелік...

Нанжиңдегі бауырларымыздың есінде жүрсін...

Өткенде ойда-жоқта мынадай бір әңгімені естідім.

Іледен Қазақстанға көшіп келген, руы қызай бір ағамыздың айтысында, ол кісінің баласы баяғыда Нанжиңде оқыған екен. Бір күні жоғары оқу орнындағы дағдылы әскери жаттығу барысында бір қарт әйел кісі жаңағы қазақ баланың атын атап шақырыпты.

-Араларыңда бәлен деген қазақ бар ма? -депті дейді.

Жаңағы кісінің баласы дереу:

-Бармын, мен қазақыпын - депті, әрине, тіл - қытайша.

Сонан жаңағы әйел кісі сарала әскери киім киінген соншама баланың ішінен қазақтың баласын бірден танып, алдына шақырып алып, бетінен сүйіп:

-Тағы басқа қазақ бар ма осы арада? -деп сұрапты.

Жаңағы қазақ бала бірнеше қазақтарды атапты. Әйел кісі барлығын қасына шақырып алып, әскери жаттықтырушыға айтып, барлығын жаттығу алаңынан алып кетіп, мұсылманша бір ресторанға апарып, төредей күтіпті...

Сөйтсе, жаңағы әйел кісі баяғының баяғысында, үркін-қорқын заманында ішкі Қытайға босып келген қазақтардың ұрпағы екен. Ол заманда бойжеткен жасына жеткен әпкелі-сіңлілі екі қыз болған екен...

Қытайға күйеуге шығыпты...

Бұл әңгіменің анық-қанығын, айтушысын, жаңағы баланың әкесінің сөзін видео-аудио жазбаға алып алуды бір бауырыма тапсырдым, қолға түсе қалған сәтте ғаламторға жариялаймын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-11 14:23:49

Жә, Мәскеуімізге оралалық...

Жяң Жиешіден кейін Мәскеуге сан қытай келіп, сан қытай қайтты. Бірақ, сол сан қытайдың ішінде бір қытай болды. Ол да Мәскеуге келді. Оның Мәскеуге келуі - күллі Қытайдың тағдырын басқаша жазуға әкелді. Сонымен қатар бұл Қытайдың Мәскеумен арадағы қым-қуыт қатынасы, бірде айрылысып қосылған ғашықтардай балжаласуы мен бірде ата жаудай аларысуының барлығы Шыңжаңдағы қазақтардың тағдырын өзгертіп отырды...

Ашығын айтайық, бұл Қытайдың фамилиясы Мау, аты Зыдұң еді...

Мәскеумен Маудың арасы бұзылғасын, Қазақстан мен Шыңжаңдағы қазақтар, аға-бауыр, туыс-туған бірімен-бірі 40 жыл бойына хабарласа алмады...

Ағасы Қытайда, інісі Қазақстанда, әкесі Қытайда, баласы Қазақстанда аңырап қалды, өле-өлгенше бірін-бірі көре алмай, аңырап қалды...

Қазақтар-ай...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-11 21:05:09

Мәскеу қожайыны қанішер Сталин Мәскеуге Маудың келуін бірнеше мәрте тойтарды. Ол заманда Мәскеу дегеніңіз қызыл идеядағылардың барсам деп армандайтын «қасиетті орыны» еді. Олар «Кеңес Одағының бүгіні біздің ертеңіміз» дегенді өздерінің ұрандары әрі рухани сенімдері етіп алған болатын. Мәскеуге бару Маудың ежелгі арманы еді. Себебі, Мәскеуге Маудан бұрын барған Уаң Миңның құдіретін Мау білетін еді, Мәскеуге арқа сүйеген Уаң Миң Қытай компартиясы ішіндегі мансабы мен ықпалын бір мезет мықтап тұрып жүргізген еді. Ол заманда Уаң Миңның қасында Мау Зыдұң ешкім де емес болатұғын. Ашығын айтқанда, Мәскеуге барып, қызыл биліктің қызыл қожасынан төте тәлім алып келген Уаң Миңның қасында біздің Мәукең ешкім де емес еді...

Мау Мәскеуді аңсады-ау, аңсады-ау...

Бірақ Маудың арманы жөпелдемеде орындала қоймады...

Маудың Мәскеуге келмек болған талаптарын Сталин үнемі тойтарып отырды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-11 21:18:43

Маудың Сталинмен ара қатынасы күрделі болды. Мәскеуге алғаш барғанының өзінде Мау өзі күткен сый мен құрметті Сталиннен көре алмады. Бірақ Сталиннің тәкаппарлығына, менмендігіне Мау шыдады, көнді. Көнбей амалы жоқ еді...

...Бірақ, үлкендерден естуімізше, осы Сталин өлгенде Мау бүкіл ел көлемінде оған аза білдіру туралы шешім шығарған екен дейді...

Анық-қанығын жасы үлкендер біле жатар. Ол заманда біз жоқпыз, мүмкін біздің ғаламторымызда сол заманда Сталинге аза тұтушылар да бар болған шығар...

Өз тума-туысын, ата-анасын жаназасыз көмуге тура келген сол бір замандарда, айдаладағы күн көсемдер үшін аза тұту, Қытайдың дәстүрі бойынша білекке аза тұту мағынасын білдіретін ақ шүберекті байлау немесе көсемдердің өлгені үшін еңіреп тұрып бүкіл мемлекет бойынша жылау дегеніңіз өте түсінікті жағдай еді...

Мүмкін адамзат тарихында мұндай құбылыс тек санаулы бірнеше мемлекетте ғана туылған болуы мүмкін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-12 18:37:06

Мау Мәскеуге Қытай азаттығын жариялаудан бұрын-ақ келуді армандады. Күн көсем, өзінің жарылқаушысы, қолдаушысы Сталиннің нұр дидарын көруді аңсады. Стекеңе Маудың аса борыштар сезімде болатын бір тұсы бар еді. Әрине, бұл Маудың жеке басының амандығына ғана қатысты болатын. Әрине, Мау Стекеңе өле-өлгенше қарыздар сезімде, борыштар ұғымда болды. Қытай азаттық күресін қолдағаны үшін Қытай елі атынан ғана қарыздар емес-ті Мау. Маудың басына күн туып, аспанын қара бұлт торлаған ең қысылтаяң тұста, алыстағы Стекең Мауға көмек қолын созатынын айтады. Маудың есінен көтерілмейтіні де осы. Бұл Маудың ұясы болған, қызыл Қытайдың қызыл төңкерісінің «қасиетті мекені» болған Иән-Әнді Жяң Жиешінің әскері жаулап алған тұста болған еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-12 18:50:49

Бұл 1947 жылдың наурыз айында болған оқиғатұғын. Қызыл Қытайдың төңкеріс бесігі болған сол заманда Ян-Ән деген аты арқылы қызыл идеяның симовлына айналған шағын қалашықты Жяң Жиешінің әскерлерінің жаулап алуы, Қытай коммунисттерінің бұл араны тастап шығуы Қытайдың төңкеріс тарихындағы ең ұрымтал тұс болатұғын. Себебі ол заманда Мау осы Иән-Әнде тұратын. Ал бұл замандағы Жяң Жиеші болса, әлдеқашан қоңданып алған еді. Жяң Жиешінің қару-жарағы мығым, генералдары шетінен білімді, әскерлері сапалы еді. Американың, Жапонның, Еуропаның әскери оқу орындарынан білім алып келген мамандар Жяң Жиешінің жасағы ішінде мол еді. Мұздай қаруланған Жяң әскерінің қасында Маудың әскерлері ештеңе де емес болатұғын. Ол заманда Жяңның өзінен бастап Америка сарапшыларына дейін, күллі батыс қоғамы Қытай елін Жяңның бірлікке келтіретініне еш күмәнданбайтын еді...

Бірақ араға екі жыл салар-салмастан, жағдайда ересен өзгеріс болады. Қысқа мерзім ішінде сиқыршының сиқырындай қуат алып шыға келген қызыл әскердің алдында Жяңның мұздай қаруланған әскерлері арт-артынан жеңіліс табады...

Жә, жаңағы Иән-Әнді тастап шыққан сәтінде Маудың қатты торыққаны шын. Мұны Қытай киноларынан біз баяғының баяғы заманынан-ақ білеміз...

Біз көрмеген Қытайдың төңкерістік киносы қалмаған шығар-ау...

Бала күніміздегі ойынымыздың өзі «біз жақ, жау жақ» болып екіге жіктеліп, бірімізді-біріміз ағаштан жасап алған өтірік мылтықтарымызбен атқылап ойнау болатұғын...

Осы сәтте Мәскеудегі адам-құдай Сталин Мауға көмек қолын созбақ ниетін айтады. Маудың есінен шықпайтыны да осы. Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді деген ғой...

Ол заманда батыс ақпаратында Мауды және Мау бастаған қызылдарды тұтасымен құрыды, жоғалды деген ақпарат тараған болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-12 19:07:55

Ту сонау Ресей жерінен Иән-Әнге ұшақ жіберіп, Мауды және оның серіктерін Жяң әскерінің қуғынынан құтқармақшы екендігін Стекеңнің өзі ауыз ашып алдымен айтқан кезде, алды да жау, арты да жау болып, тау сағалап, үңгір паналап кеткен Мәукең қатты әсерленеді ғой!

Пай-пай...

Көсемдер арасындағы достық-ай десеңші! Мұндайды суреттеуге тіл жетпей қалады мұндайда...

Бірақ мұнан соңғы Маудың Мәскеуге сапарлауды сұраған өтініштерінің барлығына Стекең тойтарыс берді. Тойтарыстың негізгі сылтаулары мынадай болған екен.

1-реткі тойтарысында: «Қытайдың ішкі жағындағы саяси күрестерде Маудың амандығы үшін» - делінсе, 2-реткі тойтарысында: «Қытайдың коммунистік ұлы мұраттары үшін Мәукеңнің Қытай ішінде болуының аса қажетті екендігін айтып», 3-реткі тойтарысында: «Америка, Еуропа елдеріне Мәскеудің Қытайдың ішкі ісіне араласқандығы хақында факт бермеу мақсатында...» - делінсе, 4-реткі тойтарысында: «Мәскеу тараптың қазір Мәукеңді қарсы алуға қолайсыздау жағдайда екенін айтып» - дегендей, Маудың әр жолғы оттай ыстық арманына мұздай суық су шашумен болды Мәскеу...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-12 19:18:56

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-11-12 19:21 өзгерткен

Мәукеңнің Мәскеуге сапарлай келуі менің Мәскеуге сапарлай келуіме қарағанда аса машақатты болды. Ол заманда ел мен елдің арасына, мемлекет пен мемлекеттің арасына сапарлай баруға паспорт, виза сықылды расмиеттердің керек, әлде керек емес екенін мен білмеймін, Мәукең мүмкін визасыз, паспортсыз-ақ Мәскеуге келген болар, себебі ол осыдан біраз бұрын ақшасында Лениннің суреті басылған Советтік Республика - Жұңхуа Советтік Республикасын құрған емес пе еді! Қазақ Советтік Социялистік Республикасы мен Ресей Советтік Социялистік Федерациясының арасында визалық қатынас болмағаны сынды, бұл екі арада да визалық әурешілік болмаған болуы мүмкін...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 30 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.024 сек.)