Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 38 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жоғарыдағы бала күндегі бұлдыр-буалдыр әңгімеміздің шығу қайнарының исламда екенін кейін білдік.

Бұл – біздің ғұламамыз, біздің қазақтардың ұстанатын мазһабына аты берілген, атақты Әбу-Ханифа хақындағы әңгіме екен. Мұны іздеуіштерден

имам Ағзам Әбу Ханифа деп іздесеңіз, таба аласыз...

Әңгімемізге қатысты бөлімін өз бетінде көшіріп, оқырмандарға ұсынсақ, артық болмас...

Имам Ағзам – иманды, тақуа, білімді жане парасаттылығынан харам істерге жоламайтын, күмәнді нәрсеге де қол сұқпайтын өте сақ адам болатын. Сондықтан оның уағызы әрбір тыңдаушы жүрегіне жететін. Оны төмендегі әңгімеден білуге болады:

«Имам Ағзам Куфәнің орталық мешітінде жұма күні уағыз айтатын. Бір күні жұмадан соң оған бір құл келіп: «Ұстаз, сізден өтініш. Құлды азат етудің артықшылығы мен сауабы туралы да уағыз айтыңызшы. Мүмкін қожамның көңілі жібіп, мені азат етер», – дейді. Әбу Ханифа: «Жарайды, сен айтқаныңдай болсын», – деп жауап береді. (Ол кез құлдық заманы болатын.)

Келесі жұма да жетті. Бірақ имам Ағзам уағызын басқа тақырыпқа арнайды. Тағы бір жұма өтеді. Құлдың өтініші тағы орындалмай қалады. Үшінші жұмада имам Ағзам құлды азат ету жане оның мән-маңызы мен артықшылығы туралы тартымды да, әсерлі уағыз айтады.

Жұмадан соң әлгі құлдың қожасы келіп: «Ұстаз куә болыңыз. Аллаһ ризалығы үшін құлымды азат еттім», - дейді. Абу Ханифа: «Аллаһ сізден разы болып, істеген ізгі амалыңызды сауаптан жазғай», - деп бата береді.

Бостандық алған құл имам Ағзамға рахметін айтып, одан: «Ұстаз, бір сұрағым бар. Екі апта бұрын айтқан өтінішімді неге бүгін ғана орындадыңыз?» – деп сұрайды. Абу Ханифа: «Ол күні құл азат етуге жететін ақшам жоқ еді. Сол үшін екі апта бойы жұмыс істеп, ақша жинадым. Базардан құл сатып алып, оны азат еттім. Содан рухани жеңілдік пен әлдеқандай рахатты сезіндім. Бұл амалды өзім істемей тұрып, басқаға бұйырғанымда, оның ешқандай әсері болмас еді, қожаң да саған азаттық бермес еді», – деген екен.

 

Абу Ханифа – ұлық имам, мәшһүр ғалым, ол жайлы пікір білдірген замандастары мен оны өзіне ұстаз санаған немесе ғалым, білімге қол созғандардың барлығы да Әбу Ханифаның өз заманының озық ғалымы болғандығын мойындайды.

Бұл хақында мына жалғаманы оқырсыздар:Http://kk.wikipedia.org/wiki/ Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-28 03:51:38

Демек, қазақты сүйетін әрбір адам, қазағым деп кеуде керіп алға шығатын, елім деп еңірейтін әрбір азамат мазһабымыздың, дініміздың ғұламасы Әбу Ханифадан үлгі алсын!

Әркім өзінің ісі арқылы дәлелдесін! Болмаса, өз ісімен дәлелдей алмаса, қалғанының барлығы бос әңгіме, жел сөз болмақ.

Қазақтың ел болуы, қазақтың егемен болуы – істің біткені емес! Күрестің аяқтағаны емес! Біздің ісіміз енді ғана басталды. Біздің күресіміз енді ғана басталды! Біздің, әрбір қазақ баласының, әрбір өзін азамат сезінетін, адам сезінетін қазақтың қызы мен жігітінің мойнындағы ауыр жүк - елдікті сақтап қалу! Өзгеде қақың болмасын, өзіңнен баста! Өзгеге қарайлама, өзіңе-өзің жауап бер. Қазақтың тілі мен қазақтың діні сынға түскен осындай сәтте қазақтың егемендігі де сынға түсікенін біл, ағайын! Ендеше, түтін шықпайтын, қан төгілмейтін, бірақ түтін шығатын, қан төгілетін соғыстан да арман болған нағыз егемендік шайқасы енді ғана басталады! Жихат деген осы! Ұлт үшін күрес деген осы! Егемендік үшін күрес деген осы!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-28 23:13:38

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат!

Бүгін күн жұма, Алматыда жаңбыр аралас қар жауды. Күн суып тұр. Бір қызығы, Алматы көшелеріндегі гүлдер осы суыққа дейін жайнап тұрды. Табиғаттың шеберлігіне таң қаласың...

Қарлатып, жаңбырлатып, үйімізге жеткеніміз осы...

Рұхсат болса, шығармамызды жалғастыралық...

Бисмиллаһи рахманир рахим...

Ербек жолданған уақыты: 2011-10-28 23:58:08

Армысың ойлы, Жарқын жан,

Ілесіп келеміз артыңнан.

Қайтпағын осы қарқыннан,

Бұзылма қайсар қалпыңнан.

Адаспайсың ата салтыңнан,

Азаматсың ғой шарқ ұрған.

Айналған қазақ халқынан,

Ойыңда байлық бар тұнған.

Жайың де жоқ-ау жан тынған,

Жақын боп кетті жан тұлғаң.

Емессің әсте салқын жан,

Ойларың қымбат алтыннан.

Арманың асқақ талпынған,

Жақсылық күттің жалпыңнан.

Жолдар да көп-ау шаң тұнған,

Көкжиек жатыр таң туған.

Сені мақтаудан тартынбан,

Аман бол әр кез, Жарқын жан.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-29 00:12:09

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-29 00:14 өзгерткен

Аллаға сансыз мадақтар болсын! Құдайға шүкір, қазақ елі қаз-қаз басып, көтеріліп, дамып келе жатыр. Аз күн бұрын Түрікменстанның бизнес саласындағы жоғары лауазымды тұлғаларымен жүздестім. Түрікпендер мен өзбектерге, қырғыздарға салыстырғанда, біздің сан-салалы шаруашылығымыздың тағаны қаланып болды, бар болғаны жебірлер жеп, обырлар обып, адымымызды аштырмай тұр...

Алла қалаған сәтінде мұнан да арылармыз. Иншааллаһ, Алла бізді қашан да дұрыс жолға салғай!

Түрікпен бизнесмендерімен кездесуде бір нәрсені аңғардым, түрікпен жігіттер ағылшыншаға судай. Әрине, олардың орысшасының да жаман еместігі хақ, себебі Кеңес қамытынан бірге шыққан туыстарымыз ғой. Біз сұхбатымызды ағылшын тілінде жүргіздік. Арамызда олардың Алматыдағы өкілдері болып жұмыс істейтін екі қазақ болды. Негізінде мен түрікпендермен жүздесуді орналастырған жігіттің талабын бір айдан бері кері ысырып келе жатқан едім. Арамызға маған көңілі жақын бір жігітті салғасын, қазақы ақкөңілділікке салып, жүздесуге келісімімді бердім.

Себебі бізбен түрікпеннің жұмыс істей қоятынына сенімім жоқ болатын. Түрікпеннің аса жабық ел екендігін білуші едім.

Түрікпен жігіттер түрікпен элитасының қарамағындағы корпорацияның басшылары еді. Олардың бізбен жүздесуінің өзі жыл соңында Кеңестік жүйенің салты бойынша жылдық қорытынды (годовой отчет) жасау үшін керек еді, Маған бұл жағы түсінікті болатын. Бір ісін жүз қылып көрсететін, түймедей еңбегін түйедей қылып бұлдап көрсететін салт Кеңес елдеріне ортақ еді. Өзара таныстыруымыз басталып, әркім өзімізді таныстырып, өзара селбестігіміздің мүмкіндігі хақында, ортақ құлшыныс жасауымыздың мүмкіндіктері хақында сұхбаттасып отырғанда мен олардың бизнес адамдары емес, керісінше, саясат пен дипломатияның адамы екендігін бірден байқаған болатынмын. Я, Кеңес елі деген осы. Үш әріптісі миллионер болатын, үш әріптісі бизнесті контрольдайтын, үш әріптісі саясатты ұстайтын, тұтас қоғамның барлық ірілі-ұсақты тетігін үш әріптілер меңгеретін Кеңес елінің шындығы осы...

Сұхбат соңында ғана бір-бірімізге хош айтысып, бірімізді-біріміз мақтап, дипломаттар құсап, жалған, жылтыр сөйлеп қоштаса бастағанымызда, олардың бірі жаңағы қазақтарға қарап қазақша сөйлеп қалды...

Міне, қызық...

Сосын мен де кеттім қазақша...

Ал оларың қазақшаға менен артық болмаса, кем емес. Бір қызығы, жаңағы қазақтарымның оларға орысша сөйлегені болды...

Мұндай жүздесулерді мен кем дегенде жүз рет көрдім десем, артық емес болар-ау...

Он шақты қазақ отырып, бірімізбен біріміз ағылшынша сырласқан жүздесулеріміз де болған болатын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-29 00:25:16

Баяғының баяғысында Ресейдің қазағымен әріптес болдым. Ол Америкада оқыған жігіт еді. Орысша мен ағылшыншаға судай болғанымен, қазақшаға келгенде мүлде жоқ еді. Ол заманда менің орысшамның өзі бар мен жоқтың ар жақ-бер жағында болатын. Оныма қарамастан орысша үйренгім келмейтін, орысша біліп тұрсам да, түсінбеген құсап алатынмын. Айналамдағы ел маған ағылшынша немесе қазақша сөйлеуге мәжбүр болатын еді. Сол Ресей қазағымен біраз жыл істес болдық. Орыс мінезді, ашығын айтқанда жанымен, тәнімен орыс болып кеткен жігіттің өліп-өшіп қалған қазақы намысын мен оятқан болатынмын! Аллаға сансыз мадақтар болсын! Сол жігіт менімен ағылшынша сөйлескен кезде, кеңседегі өзге орыстар миығынан күліп мәз болатын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-29 00:40:16

Өлген намысты тірілтудің, өшкен намысты қоздатудың бір ғана амалы бар екен. Ол - оған қазақтың қасіретті тарихын ұғындыру! Менің қолданған әдісім осы болды. Бірақ, осы әдістеменің өте өнімді екеніне көзім жетті. Менің айналамда қызы бар, жігіті бар, қазақша бір ауыз сөз білмейтін сан қазақ болды. Мұндайлардың өзі әдетте бірнеше түрлі болады. Бірі бір ауыз қазақша білмегеніне қарамастан, соншама ұлтшыл болады, бірақ орысша сөйлейтін қазақтың ұлтшылы болады. Озбыр орыстың барша қастандығын, арамдығын, қазаққа салған барша қасіретін бұлар аса жақсы біледі. Бір айыбы - тіл жоқ! Мұндайдың өзі екі түрлі болады, бірі – Алжас ағамызша қазақ тілінің керегі жоқ дейтіндер. Орыспен теңдік дәрежесіне бару үшін орыстың тілімен жүру керек дейтіндер. Екіншісі – қазақшаны үйренгісі келетіндер, қазақша білмегені үшін намыстанатындар. Алдыңғылары қазақша білмегеніне намыстанбайды, соңғысы намыстанады...

Бірақ бұлардың ортақтығы – олар аса ұлтшыл болады. Мұнан тыс біреулер болады, олар қазақшаны білмейді, орысшаны шемішкедей шағады, ана тілдері –орысша. Бірақ бұлар қазаққа тісімен-тырнағымен қарсылар. Мұндай қазақтардың өзі бірнеше түрлі болады екен...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-29 00:50:16

Орыс тілін ана тілі қылған қазақтардың қазаққа, қазақ тіліне қарсылығының өзі екі түрлі болады. Бірі – космополиттер. Оларда ұлттық, мемлекеттік сана жоқ. Оларға бәрібір, қарыны қайда тойса, бақыты сонда.

Ұлт, дін дегендерге басын қатырмайды. Қарынның қамынан басқа әңгімеге қызықпайды. Өздерін нормальный (қалыпты, дұрыс) сезініп, бізді ненормальный (қалыпсыз, бұрыс) сезінеді. Мұнан тыс бір бөлігі, олардың назарынша, қазақ тіліне дес берсе, өздері жұмыссыз қалады. Қанша үйренсе де, қазақшаны қазақша оқығандардай үйрене алмайды. Бала-шағалары білмейді. Сонымен олар қазақшаға қарсы. Үкімет ісінің қазақшалануына қарсы. Мұндайлардың ішінде кейбіреулері қазақшаны мүлде құртуды қаласа, кейбірі біртіндеп келуді дәріптейді. Бірақ ұстанған ұстанымдары негізінен ұқсап қалады, қазақшаға біртіндеп келудің өзі қансырап, ажал аузында жатқан адамды дохтырға апаруды әдейі кешеуілдеткенмен бірдей іс еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-29 01:45:02

Қазақша білмейтін қазақтарға түрікпендердің қандай қарайтынын білгім келген еді, бірақ жалған бизнесмен, шын саясаткер түрікпендер мұны менің сұрауымды күтпестен өздері айтып берді:

– Қазақ ағайындарымыздың тілін шетелден келген сіздер дұрыстап келе жатсыздар, – дегені!

Олар қазақтың хал-жағдайын, тілдің, діннің жағдайын бес саусақтарындай біледі екен. Бір қызығы, олар өз елдерінің жағдайлары туралы сөйлеуден қашан да қашқалақтап отырды. Түрікпен, Қазақ, Қытай газ құбыры хақында, түрікпен басшысының сырлы өлімі хақында бейресми сұхбаттарда боламыз ба деп ойлаған ек, сұхбатымыздың уақыты ұзақ болғанымен, дипломатиялық сылдыр сөзден арыға аса алмадық...

Олардың санасын жаулап тұрған сақтық пен қорқынышты мен бірден сезгендей болдым.

Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-29 01:54:45

Түрікпен жігіттерінің сақтығы маған баяғының баяғысындағы «мәдениет төңкерісінен» сүзіліп шыққан шалдарды елестетті. Құдайға шүкір, соңғы кезде Қытайда еркін ойға қанат бітті. Қазақтың баспасөзін айтпасақ та түсінікті. Қытайлардың өзі біртіндеп, ашық пікірге келе жатыр...

周立波 деген қытай бар. Шаңхайлық. Ток-шоуының (шешендік бағдарламасының) ең арзан билеті 500 юан.

一周立波秀 деген шешендік бағдарламасы бар. Бұл да біраз жерге дейін қатырады...

Қытайлардың қарыны тойғасын, ақылы кіріп келе жатыр...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-29 02:00:02

Құдайға шүкір, қазақтардың қарыны тойды, бірақ қазақтарға ақыл кірмей отыр.

Менімен қазақша сөйлескенді намыс көретін қазақтарды көп көрдім, жасырары жоқ, қазақша білмегенін өзінің артықшылығы ретінде көрсеткісі келетін ақымақ һәм надан қыздардың қаншауын қанша рет жұмыстан қуып жібергенімді өзім де білмеймін. Я, қазақша білмегенсісе, қазақша мүлде түсінбегенсісе, онда біраз жұрттың алдында ол қалалық қыз есебінде саналады, қазақшаны бұзып сөйлеудің өзі оның қалалық мәдениет адамы екендігін білдірсе керек. Ағылшын тіліндегі «ң» дыбысына тілі келетін қазақ қыздарының қазақшадағы барлық «ң» дыбысын н-ға ауыстырып, тілін шайнап отырғанын көргенде, менің қаным басыма шауып кететін еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-29 02:05:49

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-29 02:08 өзгерткен

Қ-ны к-ге, ң-ды н-ге, ө-ні о-ға, ү-ні у-ға, ғ-ны г-ге өзгертіп дыбыстайтын қыздардың ағылшыншадағы, түрікшедегі жоғарыдағы дыбыстарды еркін дыбыстағанын көріп, себебін сұрап тұрып алатынмын. Осының өзі кіп-кішкене мысал болғанымен, нағыз құлдық санадан туындайтын еді. Баяғының баяғысында Қазақстанда сымсыз интернет түгілі сымды интернеттің өзі жоқ заманда біз Қазақстанға WI-MAX (уай-макс) технологиясын кіргізбекке мақсаттандық. Сол заманда бізбен сұхбаттасқан жұмыс тобының құрамындағы жігіттердің надандарша мақтаныш қажеті үшін жиналыстарда менің қазақша сөйлемей, ағылшынша сөйлеуімді талап қылғанын ойласам, бұл халқымыздың етінен өтіп, сүйегіне дейін сіңіп кеткен құлдық сананы қалай жоюға болатынын ойлап, таңды таңға аһылап атқызып кететін кездерім болады...

Я, ағылшынша сөйлесем, олардың басшыларының назарында аса білімді көрінеді екемін. Ал, қазақша сөйлесем, әкелгенім осы замандық ең жоғары технология болғанымен, оның сынын түсіретін сияқты, міне, құлдық сана! Қазақ тілі ешқашан салиқалы орындарда қолданылмауы керек сынды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-29 02:17:13

Қазақтың бір сөзі бар, қазақ «Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады» дейді!

Қазақстандағы құлдық сана хақында осы мақалдан артық айтарымыз жоқ. Өзгеріс жоқ емес, бар. Баяу болса да, алға жылжып келе жатырмыз. Қазақстандағы қазақшылдар мен орысшылдардың арасындағы текетірес соңғы кездері күрт шиеленісе бастады. Оралмандарға қарсы шабуылдардың соңғы кезде күрт көтерілуінің өзі де орыс тілділердің оралмандар жағынан туындаған Қазақстан қоғамының қазақылануына деген ашық қарсылығының бір белгісі.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-29 02:24:03

Кеше ғана орыс тіліндегі «Еркін сөз» газетіне қазаққа қарсы аса сұмдық бір мақала жарияланды...

Қазақстан қоғамындағы қоғамдық қайшылық күн санап шиеленісіп келе жатыр. Оның ең басты көріністерінің бірі тіл мәселесі арқылы көрініс тапты. Енді бірі дін мәселесі арқылы көрініс тапты. Нұрпатшаның денсаулығына байланысты туындаған сөздерден соң, таққа мұрагердің кім болатындығы хақындағы болжамдар қоғамды әрі-сәрі күйге салып қойды.

Орыстар мен орыс тілділер, Мәскеушілдер, мәңгүрттер, дінсіздер қазақ тіліне, қазақ дініне ұйымдасқан, жоспарлы сұрапыл шабуылға өтуде...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-10 00:51:55

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-11-10 01:59 өзгерткен

Жә, рұхсат болса, Мәскеу туралы шығармамызды жалғастыралық...

Аз бұрын Қытайдың төңкерісшілі, Қытайды ұлт ретінде манжу ұлтының 3-4 ғасырлық езгісінен құтқарған батыры Сұн Ятсен - Сұн Жұңшан туралы айтқан болатынбыз. Сұнды адам қылған өзге емес, Мәскеу болатын. Сұнға 88 мылтықты бермесе, оңтүстіктегі қара Қытайдың мұздай қаруланған шүршіт жасағын жеңуі мүмкін емес еді. Мәскеудің осы жақсылығын Сұн мырза өле-өлгенше ұмытқан жоқ, өлгелі жатып, ақтық демі үзілер алдында, Мәскеуге хат жазып кетті...

Мәскеуге бақ тілеп, артында қалған қара халқын, қара Қытайын Мәскеуге тапсырып, аманаттап кетті Сұн Жұңшан...

Елжіреп, емініп, тебіреніп отырып өсиет етілген осы ақтық хаттан-ақ, Сұнның Мәскеуге махаббатын көреміз...

Мұнан аз бұрын Шыңжаңдағы қазақтарды қанды қырғынға бөктірген Шың Шысайдың да Мәскеу арқылы билік басына келгендігін айтқан ек...

Бірақ біз Сұннан кейін гүмандан партиясы ғана емес, бөлшек-бөлшек болып, әскери милитаристік жіктерге бөлініп, әркім өз алдына ту тіккен быт-шыт Қытайды формальды түрде бірлікке келтірген, Қытайдың Сұннан соңғы тағдырында аса зор билік ұстаған Жяң Кайшы - Жяң Жиешінің де Мәскеу арқылы билікке келгендігін айтамыз...

Мәскеудің төте қолдауы болмаса, Жяң Жиеші Қытай билігіне келе алмас еді! Мұны білетін адамдар көп емес. Мұны Тайвань жағы да шамасынша жасырып отырды, қызыл Қытай да жасырып отырды...

Ашығын айту керек, қызыл Қытайды қолдан ұрықтандырып өмірге әкелген Мәскеу мұнан бұрын осы Сұнмен балжаласқан еді, онан соң Сұн заманында қатардағы қарашаның бірі, еш атақ-беделі жоқ, саяси партия мен үкіметте еш орны болмаған Жяңның билік басына келуі - оның Мәскеуге іссапармен келетін үйірменің басшысы болып, Мәскеуге келе қалуынан басталған болатын...

Мәскеуге келуден бұрын Жяң Жиеші сол замандағы Жұңхуа Минго үкіметі мансаптылары арасында көзге көрінбейтін, сайда саны, құмда ізі жоқ, қатардағы қараның бірі ғана болатын. Оның жапоннан әскери дашуе оқығаны да өтірік еді, оның алған дипломы - көшеде сумақылар жағынан сатылатын жалған диплом болатын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-10 02:06:31

Мәскеудің мақсаты айқын болатын. Мәскеу үшін алғанда біртұтас Қытайдың болғаны әрі жақсы, әрі жаман еді. Қытайға көзқарасы жағынан, Мәскеу сонау Сталин заманынан бастап, күні бүгінге дейін осындай қайшылықты көзқараста болып келді. Құбылған заманға сай, Мәскеудің Қытайға қаратқан саясаты да құбылып отырды. Бұл арада Мәскеу заманға сай құбылды ма, әлде заманды Мәскеу құбылтып отырды ма, оны біз біле бермейміз, бірақ Сұннан соң Жяң Кайшыны қолдап шыға келген Мәскеудің осы ісі Қытайдың тағдырын өзгертіп жіберді. Мәскеуге сапарлай келген Жяң Жиеші (Жяң Кайшы) мұның өз тағдырын өзгертетін үлкен орай екенін бірден білді, әрі бұл орайды мықтап тұрып пайдаланып қалды...

Мұнан соңғы хуаңпу әскери мектебінің құрылуы, ешқандай әскери білімі жоқ Жяңның бұл мектепке басшы болып келе қалуы - Қытайдың тағдырын басқаша өзгертті, әрі Жяңның тағдырын өзгертті...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-10 09:54:37

Сұн төңкерісі 1911 жылы болды, орыс төңкерісі 1917 жылы болды. Демек, Қытай патшасының аударылуы орыс патшасының аударылуынан бұрын болды. Бірақ Сұнның төңкерісі үшін қаражат керек болатын. Төңкеріс жасау үшін ақша керек болатын. Қару-жарақ керек болатын. Ол заманда Сұн мырзада бұл қаражат жоқ болды. Ол шүршіт патшасын аудару туралы ойларын, төңкерістік идеяларын, буржуазиялық республика құру туралы ойларын күллі батыс қоғамына барып уағыздады, ашығын айтқанда, батыс қоғамының өзін қолдауын өтінді. Бірақ, батыстың зиялы қауымы әр алуан тұрғыдан Сұнды аз дүр-көп дүр қолдағнымен, саяси жігі мен қаржылы топтары Сұнның уағыздарына пысқырып та қараған жоқ. Оларға шіріктескен шүршіт билігі керек еді. Себебі, шүршіт билігі арқылы олар өздерінің Қытайдағы мүддесін қамтамасыз етіп отыратын еді. Осы Сұнның ең алғашқы қаражатын берушілер - орыстардың төңкерісшілдері болды...

Қытайлар өздерінің жасанды тарихтарында Сұнға қаржылық көмектесушілердің біразын шетелдегі Қытай алпауыттары деп көрсеткісі келеді. Бұл Сұннан соң Мәскеуден бетін бұрып, Американың құшағына құлаған Жяң заманында басталды. Тарих жазылып бітпей жатып, осылай өзгертулерге ұшырады. Қытайдың кей тарихшылары Сұн Жапониядан Қытайға қайтып келе жатқанда, нән кемеде тосаттан жүздескен, сосын Сұнмен сырласқан, Сұнға қатты тәнті болған әлдебір қытай алпауытының Сұнға қаражат жағынан көмектескенін айтады, бірақ бұларының тарихи фактлері жоқ. Ашығын айту керек, ол заманда Кеңес билігі орнаған жоқ, бірақ 1905 жылғы бұржуазиялық төңкеріс сәтсіз болғанымен, солардың қалдықтары бар болатұғын. Қытайлар өз тарихында 1911 жылғы төңкерісін орыс төңкерісінен бұрын болды деп мақтанғысы келгенімен, орыстардың 1905 жылғы сәтсіз болған төңкерісін ауызға алғысы келмейді, шындығында осы жолғы төңкеріс Қытайдың зиялыларына ой салды. Себебі, баяғының баяғысында қызуы басылған Еуропаның немесе толас таппаған француз төңкерістерінің қызуы бұл замандарда әбден басылған болатын. Еуропа мен Америкада бұржуаздық билік әбден қоңданып алған еді, орнығып, орындарынан жылжымастай болған еді, патшалықтары әлсіз, ірге тағандары бекем емес екі ел ғана бар болатын, бірі - орыс, бірі - Қытай. Сол замандағы батыс ақпараты осы екі елдің түптің түбінде былығатындығы хақында ашық айтатын...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 26 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)