Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 37 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Мен Түстік Корейде Сеул қаласында болдым.

Оным былтыр күз айында еді. Корей түбегінің әдемі көрінісін ұшақ терезесінен тамашалаудың өзі бір ғанимет екен. Туған табиғаттарының соншама сұлулығына сай, корейдің қыздары да, жігіттері де әдемі. Жігіттерінің өзі қыздардай сызылып қалған. Ыңырсып, назданып, еркелеп сөйлейді. Тыңдап тұрып өне-бойың тітіркеніп кетеді. Бір қызығы, киноларына кілең жасанды сұлуларын шығарса керек. Кинодағы арулар Сеулде жоқ.

Алдағы жазда жұмыс бабымен Қытайға бара жатсам, Терістік Корейге барып саяхаттасам деп жүрмін. Жер шарындағы ең соңғы диктатордың көне көзін, оның ұстаған елін көргім келеді...

Бірге саяхаттағысы келетіндер болса, хабарласа берсін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-26 00:56:41

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-26 01:04 өзгерткен

Менің Терістік Корейге (Чаушянға) саяхаттап бармақ болғаным жайдан-жай еместұғын. Себебі бұл елдің ұзаққа бармайтыны анық. Кемерсіннің ұлы қазіргі билік тұтқасын ұстап отырғанымен, оның өзі қартайды. Ол бір ұлын жас болғанына қарамастан, биік билікке жақындата бастады. Билік ядросының ішіне нығыздала кіріп, орнығып алған жас жігіттің корей тағдырын қалай шешетіні беймәлім. Егер Корей түбегі немістер құсап бірлесе жатса, онда біздің тарихи орайдан айырыларымыз хақ. Біз осы дәуірдің адамы Кеңес Одағы заманында туылғанымызбен Кеңес Одағын көре алмадық. Кеңес келмеске кетті. Кеңес Одағының туларын, Кеңес Одағының мүсіндерін Қазақстанның қираған ескі құрылыстарынан көргеніміз болмаса, бұл тарих келмеске кетті. Енді біз Кеңес Одағының көшірмесі болған, Кеңестік Сталиндік жүйенің дәл өзі болған Корейлік жүйені көріп қалғымыз келеді. Ертең-ақ мұның да өзгерері сөзсіз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-26 20:33:58

Сталин не үшін ұлтының корей екендігі де күмәнді болған, сөйлеген корейшесін корейлердің өзі түсінбейтін, өз халқы мен арасына тілмаш арқылы сөйлесетін осындай бір адамды іздеп тауып, Терістік Корейге басшы қылып қойды?

Мұның мақсаты бесенеден белгілі.

Қаны корей болмағасын, корейдің ұлт мүддесі қашан да ол үшін маңызды емес. Стекеңе, Стекең сықылдыларға керегі де осы. Оларға тақты дұрыс ұстап отыратын, ұлт мүддесін кез-келген уақытта сатып кете алатын адам керек. Себебі қожасына керегі қашан да тіл алғыш құл ғана. Әрі мұндай құлдар ешқашан қожасына қарсы шықпайды. Құлының әлсіз жерін ұстап алған қожасы да оның сатып кетуінен алаңдамайды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-26 20:41:50

Құда да ырза, құдағи да ырза деп осындайды айтса керек. Мәскеу үшін бір шатағын, бір бәлесін Мәскеу білетін, сонысы арқылы қоқан-лоққы жасап, оп-оңай контрольдап отыруға болатын адам керек. Мұндай құл жаңағы шатағым ашылып қала ма деп қожасына жапақтаумен күн кешеді. Мәскеу мұның жаңағындай құпиясын біледі де, сонысын мықтап ұстап отырып, оны өле-өлгенше пайдаланады. Қытайлар мұндайды сап дейді, тұтқа дейді. Қытайшасы 把柄. Тұтқасынан мықтап тұрып ұстатқан адам қожасының айтқанын екі етпейді.

Желтоқсан көтерілісінде екі қолы қазақтың қыршын жастарының қанына малынғандардың біздің билік басында отыруының себебі де осында жатыр. Қазақтың мүддесіне қарсы заңдардың үздіксіз жасалынуы, оралмандарға қарсы толқындардың бірінен соң бірі туындап отыруы да осыдан.

Себебі, өзіне қарсы шаба жатса, ұлы орыс халқының мүддесіне зиян бола жатардай болса, Мәскеу олардың жаңағы желтоқсандағы барша қылмыстарын аша салады. Ол құпия құжаттар ашылғасын, мұндағы қазақтар да оларды тірі қоймайды...

Демек, тірі қалу үшін, билігін ұстап қалу үшін Мәскеудің сызған сызығынан шықпайтын, қазақтың мүддесін қысқа күнде қырық сатуға дайын мансаптылар осындайдан шығады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-26 20:49:53

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-26 20:51 өзгерткен

Нұрпатшадан кейін қазақты билейтін адамды Мәскеу баяғыдан ойластырып қойған, орналастырып қойған!

Ол үшін, ол біріншіден, қазаққа қарсы адам болуы керек! Қазақ тілін білмеуі керек! Қазақ тілін білсе де, орыс тілі дегенде өмешегі үзіліп тұратын адам болуы керек. Қазақтың мүддесін сатуға бейім, орыстың тасын өрге домалататын адам керек Мәскеуге!

Қазақстандағы биліктен шеттей бастаған орыстарды билікке араластыру-Мәскеудің баяғыдан бергі арманы. Жаңадан пайда болған қазақтың бұржуазиясы қазірше әлсіз, олардың өніп тұрған тауары, дүрілдеп жүріп тұрған зауаттары жоқ, көбісі парақорлықпен, жемқорлықпен, үкімет, халық байлығын заңсыз жекешелендіру тұсында байыған жеменбайлар. Иә, бұл арада өз адал еңбегімен байығандар да бар, бірақ олардың байлығы жаңағыдай жеменбайлардың қасында шайлыққа да татымайды. Мұндай байлар асса орта-шарқы, бір-екі лимондық қана (лимон - миллион доллардың көшелік аталуы).

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-27 00:09:36

Қазақ билігіне қазаққа қарсы қазақтың келуі мүмкін. Бұл - Мәскеудің мүддесі. Қазақстанды билеген отыз пайызға жуық орыс текті қауымның тілегі де сол. Жасырары жоқ, орыстар баяғыдағы дәурендерін аңсайды.

Мұнан да қауіптісі, өтірікті шындай, ақсақты тыңдай қылып, қазақ болып алған басқа біреудің қазақ билігіне келуі әбден мүмкін. Бұл да Мәскеудің баяғыдан қолданатын амалы. Осы арқылы Қазақстанды алыстан меңгеріп отыру - Мәскеуге майдай жағатын армандар.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-27 11:30:57

Қазаққа қарсы адам немесе қазақ емес адам таққа шықса, Қазақстан былығады деген бекер сөз.

Бұл күндегі Қазақстанда ереуіл атқа ер салар ерің жоқ. Ереуілші еріңнің ебі жоқ. Жұрт қара қазан, сар баланың қамынан ары аспайды. Аз ғана зиялыңды быт-шыт қылып бөлшектеп болған! Бірін дінмен бөлшектеді, бірін румен бөлшектеді, бірін саяси партиялармен бөлшектеді, біразын жершілдікпен бөлшектеді. Біразына шен беріп, шекпен жауып, табан жалағыш жасады, біразын соттап, өзін соттай алмаса, баласын, туысын істі қылып, басын қатырып болды, ақыры олар да жеңіліп тыныш тапты. Ақыл айтар Асан Қайғы атаң жоқ, жырларымен қалғыған сананы селк еткізер Бұқар жырау жоқ. Қысқасы, адасып бара жатса, біле тұра, әу дер адам жоқ. Сонымен, кеткен бетімен кеткен деген осы!

Молдалардың сиқы мынау!

Бірі ана жолды дұрыс дейді, бірі мына жолды дұрыс дейді! Айтар пәтуасын айтып, құлаш-құлаш кітап жазғаннан басқа білері жоқ. Мысырдан оқығаны Мысырдың матрудиын ұстанамыз деп жар салады. Өзінше ата-бабамыз сол матурди жолымен жүрген дейді. Орталық мешіттің ұстанған жолы осы! Мысырдан оқымаса, молда қылмау керек дейді.

Бірі - саудышыл. Саудының жолымен жүрсек дейді. Саудының жолы-уақаптың жолы деп жаңағы матрудишылдарың шығады...

Оныңа келіп сопылар қосылып, быт-шыт қылды...

Кизбутің бар, салафың бар, қаптаған сектаң қара қазақтың басын қатырып бітті.

Бұл күндегі қазақтың зиялысының сиқы осы!

Бірін-бірі терістеген қалың білгіш!

Ұлт жауларының алдында береке таныта алмай отырған қалың қиқым!

Молдасына дейін мансапқұрмалыққа салынып, партия-топ құрғыш болғасын, өзгесін айтпа. Кеңестің құрсауынан шыққан жадыланған жәрмес санаға ислам атын жамылған мың-сан сырқат қосылды да, сау да емес, есалаң да емес бір жұртқа айналдық!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-27 19:18:04

Жә, әңгімемізді жалғастыралық...

Мәскеу Кеңес Одағы заманындағы айбынына қайта оралуды көксеп отыр. Сол үшін орыс ұлтшылдары соңғы кезде ашықтан-әшкере түрде Қазақстанның ішкі істеріне араласа бастады. Олардың іс-қимылдарына қарағанда, Қазақстанды Ресейдің бір өлкесі сықылды көретіндей...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-28 00:44:03

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-28 01:18 өзгерткен

Мәскеу ең алдымен қазақ халқын өз жерінде азшылыққа ұшыратты. Ашаршылықтан қырды, соғыстан қырды, қырылғаннан аман қалғандарын саяси сылтаулармен атты. 1916 жылдары соғыспен қырса, 1918-1922 жылдар арасында Лениндік ашаршылықпен қырды, 1931-1933 жылдар арасында Сталиндік ашаршылықпен қырды, 1936-1937 арасында «халық жаулары» деп, Алжир деп жаппай қырғындау жүргізді. 1941-1945 жылдар арасында осы қырғындардан аман қалғанын алғы шепке айдады, онан аман қалғанын Қытайдың қиыр шығысын азат етуге салды, онан қалғанын Шыңжаңдағы Оспанмен шайқасқа салды, қысқасы қазақты мейлінше қырғындап бітірудің, құртып-тауысудың жолын қарастырды, онан соң Семейде атом жарды, онан соң Қызылордадан зымыран ұшырып Байқоңыр арқылы қазақ даласын құртты, ойрандады...

Семей мен Қызылорда енді он мың жылда да сауыға алмайды...

Бүлынген табиғаттағы атомдық улар, сәулелік зияндар, Байқоңырдағы гептилдер, химиялық, биохимиялық тәжірибелердің зиянды қалдықтары енді он мың жылда да қазақ халқына, адамзат баласына зиянын салуға жеткілікті...

Қалған қазақтың үстіне жарты ғасырдан астам уақыттан бері орыстарды көшіріп әкеліп, қазақтарды өз жерінде өзін азшылыққа ұшыратты...

Онан соң өзге барша бұратананы төкті келіп...

Қалғанын 1986 жылы желтоқсанда қырды...

Мұнан қалғанын тірісін, еті сірісін, итжандысын мәңгүрттендірді...

Қазақ жерінде итті де, битті де қазаққа қожаңдайтын жағдайға жеткізді...

Қазақ өз жерінде өзі сорлы ел болды...

Осыншама зұлматтардан аман қалған, әрі біздің атамекенді ұстап тұрған қазақтарға анау-мынау айтатын еш қисынымыз жоқ...

Ұлты басқадан боданындағы жұртқа басшы сайлау - Кеңес кезіндегі ең керемет басқару үлгісі болды. Мәскеу қожайындары бұл әдістемені Қазақстанға да қолданды. Қазақстанда, өзінің ата мекенінде қазақ халқын қорлаудың, құртудың мың-сан амалын ойлап тапқан орыстарға мұндай амалды ойлап тапқаны үшін таңырқаудың еш қажеті жоқ еді.

Бұл хақында біз көп әңгіме айтқымыз келмейді. Оқырмандарға мына бір сілтемелерді берсек қана болғаны, қалғанын оқырмандар өздері іздеп тауып оқыр.

Юсупов Исмайл Абдурасулович деген адам 1962 мен 1964 жылдар арасында Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы болды. Осы кезде ол өзбектерге қазақтың жерін оңды-солды үлестіріп бере салды. Себебі қазақ жерінің қадірі оған көк тиынға есеп болатын. Жалпы Қазақстанның оңтүстігіндегі қазағы ең мол, әрі жері ең шұрайлы үш жарым миллион гектар жерді, қытайша айтқанда елу екі жарым миллион му жерді өзбек туыстарына бере салды...

Себебі бұл кісінің ұлты қазақ емес болатын...

Қазақтар оны Жүсіпов, Ысмайыл Жүсіпұлы атағанымен, ол бәрібір қазақ емес еді...

Ол - ұйғыр болатын!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-28 01:16:39

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-28 01:25 өзгерткен

Осы Исмайл Абдрасулұлы Юсупов беріп жіберген жерлердің кейбірі қазақ жұртының дау көтеруі негізінде Мәскеуге дейін жетеді, біразы қазақтарға қайта қайтарылады, бірақ өзбектер соның өзінде де көп бөлік жерге ие болып қалады. Бүгінде Өзбекстандағы бір жарым миллион қазақтың біразі сол заманда, осы жомарт әкәміздің тұсында, жерімен, суымен өзбек әкәсына сыйға тарта салғаны еді, міне, осы жомарттықтан қазақ баласына екі қасірет қалды, бірі - қазақтар өзге елдің қарамағында қалды бүгінде. Өзбекстан қазағы осыдан біраз жыл бұрын Қазақстанға жапырыла көше алушы еді, енді Кәрімов қазақтардың Қазақстанға ағылуын тоқтататын жаңа заң шығарды. Бұрын ұлтын өзбек деп заңсыз түрде зорлықпен жазып жіберсе, қазақ мектептерін жауып тастаған болса, ендігіде көшетін қазақтар өзбек үкіметіне адам санасына сиғысыз, Өзбекстандағы қазақтардың шамасы жетпейтін деңгейде аса мол ақша төлегенде ғана Қазақстанға көшуіне рұқсат беретін болған...

Мұнан қалған екінші зардап - өзбек пен қазақ арасында ары-бері жылжыған осы жер қазақ-өзбек арасына мәңгілік тынышсыздықтың ұрығын сеуіп кетті. Қазақ-өзбек шекара қақтығысының түп себептерінің бірі де осы кезден басталады. Бұл ертең алпауыттар қажет қылған заманда туысқан екі ұлт арасына от жағатын ең ұтымды сылтау болары хақ. Алла онан сақтасын. Осының өзін жаңағы қазақ емес бас хатшы мәңгілікке көміп кетті. Бүгінде жер таласынан туындайтын ғаламдық от ошақтарының аса мол екенін білсек, өзбекпен бекітілген шекарамыздың ертең ашыларына да күмәніміз жоқ...

Ұйғыр жазушысы Әбдікерім Ғаниевтің «Исмайл Юсупов: С чистотой помыслов» (Исмайыл Юсупов: Тұнық оймен) атты деректі повесінде Қазақстан Республикасы компартиясы орталық комитетінің бас хатшысы болған осы ұйғырдың аузынан берілетін мынадай бір баяндама - еске алу бар:

«Республикаға басшылық етуге мен келгенде, «менің қаракөз достарым» Қазақстанның басына ұйғыр келді деді. Ал, Қонаев туралы ондай әңгіме айтылған жоқ. Оның ұлты татар еді ғой. Мұны мен Қазақстанның бұрынғы басшысы ретінде толық жауаптылықпен мәлімдеймін. Қонаевті жане оның ата-анасын менен артық ешкім білмейді. Себебі менің ата-анам оның ата-анасымен Алматыда көрші тұрған. Ал біз Д.А.Қонаев екеуміз бала кезден бірге өстік, сосын сопы зарват атындағы ұйғыр орта мектебінде бірге оқыдық.

Қазақстан басшысын ұлттық кадрлар сапынан бекітеміз деген мәселе көтерілген уақытта Қонаев өз паспортын бір-ақ түнде жойып жіберіп, ұлты қазақ деп көрсетілген жаңасын алған болатын. Оның сол қулығын мен жақсы білетінмін. Бірақ ол деректі ашық айтатын уақыт ол кезде әлі келмеген еді».

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-28 01:37:16

Жоғарыдағы шығарманы іздеуіштердерден «Исмайл Юсупов: «С чистотой помыслов» деп іздерсіздер...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-28 01:46:06

Біз бұл ұйғыр туысқанымыздың Қонаев хақында айтқандарының шын немесе өтірік екендігін біле бермейміз. Бірақ ол заманда жоғарғы жаққа қазақты жолатпайтын бір заман болды ғой. Кім білсін, шын айтатын шығар. Бірақ қасіреті мол қазақ халқының тағдырын қақпақыл қылып ойнаған орыстардың қазақ баласына неге соншама өшіккенін біле алмайсың! Орыстардың қазаққа көрсеткен қорлығындай қорлықтың ұқсас нұсқасын адамзаттың арғы-бергі тарихынан іздеп таба алмайсың! Неге сонша сор маңдай болдық екен?! Неге соншама езілдік екен?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-28 02:43:29

Қазақ егемен болғалы 20 жыл болды.

Егемендікті жырлау - орынды. Бірақ біз қамсыздығымызды тастауымыз керек. Қамсыз қазақ - қазақ болып қарық қылмайды.

Егемендікке қол жеткізу қандай қиын болған болса, оны ұстап тұру онан да қиын. Көз алдымыздың өзінде қаншама жұрт өз егемендігінен айрылып жатыр! Алла онан бізді сақтасын!

Қазақтың арғы-бергі қасіретін қопарғанымыздың, қотарғанымыздың бір ғана мақсаты бар, ол - қазақтың елдігін, қазақтың егемендігін баянды ету.

Күрд дейтін бір жұрт бар. Қазақстанға келгендер болса, бұл жұрттың ел ортасындағы образын білер деймін. Сол күрдтер аса көп халық. Бірақ елі жоқ. Өзгенің боданында жүрген бір жұрт. Өздерінің айтысында 60 миллион. Бірақ кей айтылыстарда 30 миллион. Мейлі, қанша болсын, бұлар қазақтан мол. Тарихтан белгілі, бұлар тым арыдағы елдердің бірі. Бірақ қазір өзгенің қарашасы халінде...

Қазақты Алла мұнан сақтасын! Ел боламын десек, егемендікті сақтап тұрамыз десек, елге оралу керек. Бір тудың астында жиналмай, бір елде жасамай, қазақ үшін қызмет қыламын дегенің бекер сөз.

Бұрынырақта жазғанымыздай Израильге оралған оралман еврейлердің рухы болсын біздің қазақта. Американың докторы мен академигі Израильдің көшесін сыпыруға разы. Себебі олар еврейлер...

Қазақтар осыған бара алуы керек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-28 03:01:15

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-28 03:02 өзгерткен

Мұсылмандар Меккеден Мединеге не үшін көшті?

Мұны Қытай қазақтары жақсы біледі.

Демек, Қазақстанға көшіп оралудың өзі - жихат! Жихаттың не екенін білетін мұсылман баласы үшін мұны онан арман ежіктеп отырудың қажеті жоқ. Жихат-ең алдымен, өз нәпсісімен күрес! Жихат дегеніңіз, әлдебір надандар ұғымынша, бас салып кәпірлерді қырғындау емес. Ол жихатқа жатпайды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өзі кәпірлермен, еврейлермен дұрыс қарым-қатынаста болған. Еврей көршілерін сыйлаған.

Исламды жаппай қаралаудың түпкі мақсаты - ислам елдерін жаулап алу үшін болды. Оның авторлары ислам жаулары болған болса, өз ішімізден шыққандар солардың айтағына үрушілер болды. Исламды бөлшектеу, исламды қаралау, исламды терроризммен байланыстыру - мұның барлығы еліңді, жеріңді жаулап алудың амалы ғана.

Елімізді қауіпсіз дей алмаймыз. Айналамыз толы - жау. Іштегі жауымыздың өзі сансыз. Осындай жағдайда бір қазақтың қарасын көбейтуіңнің өзі - дініміз үшін күрескенің, діліміз үшін күрескенің! Оралман молайғасын, қазақ тіліне сұраныс артты, оралман молайғасын, қазақ мектебі құрыла бастады. Ешқашан қазақ мектебі болмаған ауылға оралмандар көшіп барғасын, амалсыздан қазақ кластары құрылып жатыр. Осының барлығы біздің мемлекетімізге қосқан үлесіміз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-28 03:17:24

Жә, құрметті жамағат, таң атса, жұма!

Қасиетті жұмаларыңыз мүбарак болсын! Жұма намаздарыңыз қабыл болсын!

Қасиетті жұма күнінде еліміз үшін, халқымыз үшін көбірек дұға-тілектер жасалық, жамағат!

Алла тағала тілектерді қабыл етуші. Алла тағала дұғаларды қабыл етуші. Мейірімі мен шапағаты шексіз Алла тағаладан қазақ халқына, қазақ еліне тыныштық, береке тілелік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ойда орысымыз, қырда қытайымыз аман болсын! Қантөгістер болмасын! Елімізді, жұртымызды, халқымызды, мемлекетімізді Алла тағала өз панасында сақтағай!

2011 жыл - мұсылмандар хижрасының 1432 жылы...

Ненің хижра екендігін зерделеп көрелік!

Өзі істемеген істі өзгеге тілеуші барша бауырларымызға айтарымыз да осы. Біреудің назарында малшы мен диқан көшуі керек екен. Айлықшылардың көшуі ақымақтық саналады екен. Біреудің айтысынша пенсиясын күтеді екен. Бәлен жыл істеп, тектен тек көшіп кетемін бе дейтіндер бар...

Осылардың барлығы тағдырына иман ете алмаушылар. Өз басының, қара басының қамын қазақтың қамынан үстем қойғандар. Алланың жазған тағдырына иман етушілер болса, мұсылманша тәуекелге барған болар еді. Бұл хақында ислам тарихынан оқып білуге болады...

Бала күнімізде естіген бір әңгімеміз есіме бұлдыр-бұлдыр оралып отыр...

Баяғыда еліне, жұртына сыйлы ғұламаға бір құл келіп өтініш айтады ғой...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-28 03:29:01

Құл жаңағы ғұламадан өзінің қожасына айтып, өзін азаттыққа шығаруын өтінсе керек. Себебі жаңағы ғұламаның сөзін қожасының жерге тастамайтынына сенімді екен. Ғұламаның бет-беделі жоғары болса керек, еліне, жұртына сыйлы болса керек.

Сонан жаңағы құл бейшара бір жұма күтеді. Қожасынан да, ғұламадан да хабар болмайды. Екі жұма өтеді, ғұлама тағы да үнсіз. Құлдың сабыры таусылады. Бір заманда қожасы мұны азат ететіндігін жариялайды. Құл қуанады, әрі таңырқайды. Құл ғұламаға келеді. Ғұламадан не үшін өзі өтініш білдіргесін, екі жұма өткесін ғана қожасына өтінішін жеткізгендігінің сырын сұрайды, сонда ғұлама былай деп жауап берген екен дейді:

–Мен өз басым құл азат қылып көрмеген едім. Сол үшін екі жұма жұмыс істеп, тапқан ақшама бір құлды азат қылдым. Сонан бұл сауапты ісіме өзім қатты разы болдым! Мұның қаншалықты сауапты әрі қуанышты іс екендігін жаныммен, тәніммен сезіндім. Барша болмысыммен ұғындым. Сонан соң барып, сенің қожаңа сені азат қылу хақында айттым...

Құл сонда барып ғұламаны түсінген екен...

Қытайдағы біраз зиялы Қазақстанға оралу хақында өзгеге ақыл айтады, өз басынан бастамайды. Әркімнің әр түрлі сылтауы, әр түрлі себебі бар.

Біріне қатын сылтау, біріне отын сылтау.

Біріне үй сылтау, біріне күй сылтау.

Біріне ақша сылтау, біріне патша сылтау.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-28 03:39:28

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-28 03:45 өзгерткен


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 29 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)