Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 35 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-24 01:12:02

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Шығармамызды жалғастыра берелік.

Қытайлардың тарихшылары соңғы кездерде баяғыдағы шектелінген тақырыптарға ептеп-септеп баратын болып жүр. Бірінен-бірі қорқып, бірінен-бірі үркіп қалған замандардың өзі кеткенімен, ызғары әлі де бар. Қытай кинолары да қытай әдебиеті мен қытай тарихы сынды мұнан арыла алған жоқ. Жапонға қарсы соғыстағы Кеңес Одағы мен Қытай қатынастары хақындағы шындықтар әлі де толық ашылған жоқ. Қытай қиыр шығысының, шығыс терістіктегі үш өлкенің жапондардан қалай азат болғандығын қытайлар көбіне жабық ұстағысы келеді. Кеңес Одағының Қытай азаттығы жолындағы қаншалықты рөлі барлығын бұл күнде там-тұмдап айта бастады. Мұндай тақырыптар Қытайда тым көп.

Осындай бір тақырыптардың бірі және бірегейі – Шың Шысайға қатысты еді. Шың Шысай, Мау, Жяң, Сталин ортасындағы аса күрделі қарым-қатынастар, қайшылықтар енді бір ғасырдан соң ғана нағыз шын бейнесінде жұртшылыққа жария болуы мүмкін. Мүдделер тоғысы тұрған жерде шынайы шындық айтылмайды. Ақиқат пен шынайы ғылым билікке қарап жалтақтайтын заманда, тарих дегеніңіз жеңілушінің қанын сия қыла отырып, жеңімпаздың қолымен жазылатын, арасында шынайы адамдардың шын аты жүретін өтірік әңгіме ғана.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-24 01:19:06

Фың Ягуаң (冯亚光) жағынан жазылған «Батыс бағыт жасағы - Еренқабырға естемелері» (《西路军•天山风云》) деген кітап бар. Осы кітапты оқырмандарға оқуға кеңес беремін. Қытайлардың соңғы жылдардағы моды сөзі «жел-бұлтты» мен мұнда «естемелер» деп аудара салдым. Негізі бұл аласапыран дәуір, қилы заман, оқиғалар деген мағынаны білдірсе керек. Бұл кітап 2009 жылы Шаншиден баспадан шықты...

Кей жерлерінде бұра тартулар болғанымен, мұнда да біраз сырлардың беті ашылады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-24 01:41:55

Тайваньдағы қаламкештердің жазуына қарағанда, Шың Шысай Шыңжаңды орыстың құшағына емес, Отанның құшағына оралтқан ерен ер. Олардың өз пәлсапалары бар. Әрине, Жяң Жиешінің ізбасарлары әлі күнге дейін байлық пен биліктің бір тұтқасын ұстап отырған осы заманғы Тайваньда кей тарихтың солардың санасымен жазылатынына біз таңырқамаймыз. Бірақ Мәскеудегі құпия құжаттар әліге толық ашылып болған жоқ. Сол үшін біз орыс билігіне шынайы шыншыл демократияның келуін ғана тілейік. Нағыз шындық сол кезде ғана ашылады. Ең қысқасы, Шың Шысайдың Қытай компартиясына өтуге өтініш бергенінің өзі әр жақта әрқалай айтылады. Шың Шысай шынында аса күрделі тұлға. Бірақ жеке адам ретінде ол өз таңдауын дұрыс жасады. Егер ол Сталиннің құшағында балқығанда баяғының баяғысында орыстың оғынан ажал құшатын еді. Ал басқа құшақтың да оны жарылқай қоятын сиқы жоқ еді...

Кем дегенде мәдениет төңкерісінде-ақ, ажал құшары хақ еді. Бірақ Жяң Жиеші оны аялы алақанына салды...

Қысқасы, аяғына оралған күшігін еркелете білген қожайын болды Жакең...

Ал, Мәкең мен Стекең ол замандарда мың құбылған саяси ойындармен әлек болатын...

Ақылға сала ойлансақ, Маудың өзінің бір туған бауырын Шыңжаңға жіберуінің өзі - оның Шың Шысаймен арадағы достық қарым-қатынасқа аса мүдделі болғандығынан туындаған болатын. Шың ұстап тұрған Шыңжаң Кеңес одағымен қарым-қатынас жағында, сол замандағы Мау үшін аса маңызды еді.

Бірақ Шыңның Қытай компартиясына өтпекке берген өтінішін қытайлар Сталинсіз бір жақтылы қыла алмас еді. Демек, алыстағы Қытай компартиясы да, Үрімжідегі Шың Шысай да Сталиннің көмегі арқасында өмір сүріп отырған болатын. Мәскеу жағынан беріліп отырған идеологиялық, саяси, қаржылық, әскери көмек болмаса, Мау да, Шың да табан тіреп тұра алмас еді. Демек, Маудың да, Шыңның да ол замандағы ортақ қожалары Сталин болатын. Ол замандағы саяси сахна солай еді. Мәскеу - күллі дүниенің төңкерісінің бас штабы болатын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-24 02:25:23

Мәскеудің тұтас дүние компартиясын контрольдап отыратын құралы коммунистік интернационал еді. Коммунистік интернационал (共产国际) немесе (коммунистический интернационал) ұйымы Мәскеуде еді. Бұл ұйым сол замандағы ең беделді, ең ықпалды ұйым еді. Оның мақсаты - күллі дүниедегі коммунистік партиялардың құрылуына идеологиялық жәрдем ғана еместін. Саяси көмекпен бірге қаржылық көмек қоса берілетін. Қысқасы, коммунистік интернатсионал ұйымы арқылы Мәскеу күллі дүниенің төңкерісін уысында ұстап отыратын еді. Мұндай ұйым бұрын-соңды адамзат тарихында ешқашан болған емес. Папалардың мұсылмандарға қаратқан крест жорықтары дінді желеу еткенімен, тура осы ұйымдай рөл атқара алмаған еді...

Жу Ынлайдың Шаңхайда тұра алмауы, Жяң Жиешінің Жу Ынлайды өлтірмекке бекіп, оның басын әкелушілерге зор сыйақы тағайындауы Қытай тарихындағы тағы бір атышулы заманның басталуына себеп болды. Ол Қытай компартиясын басқарып отырған сол замандағы Кеңес Одағы компартиясының қиыр шығыс бөлімшесі Шаңхайда бұғынып, жасырынып жан сауғалап жүрген Жу Ынлай мен Уаң Миңды Мәскеуге жіберіп, осы коммунистік интернационалдың қызметін істеуге жібермек болғаны еді. Қызық болғанда, Уаң Миңның орысшасы Жуынлайға қарағанда жақсы еді. Оның үстіне Жуынлай әскери айла-амалға жетік еді де, Уаң Миң кітаппаз еді. Сонымен, Жуынлай бізге белгісіз себептермен сол замандағы «Советтік райондарға» қызметке жіберіледі де, қиырдағы Мәскеуге Уаң Миң шақырылады. Қытай компартиясына Уаң Миңнің солақай басшылығы тура осы кезден басталады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-24 02:54:37

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-24 08:44 өзгерткен

Уаң Миң туралы Қытай компартиясы осы уақытқа дейін жылы лебіз білдірмейді. Бұның себептері бар. Бірі - оның жетекшілік еткен шайқастарының көбісі жеңіліспен аяқтады. Жұрт наразы болды. Ол сонау 1917 жылғы Ленин құсап әп-сәтте жеңіске жете салуды ойлады. Екіншіден, сол замандағы дүниежүзі коммунистерінің «қасиетті мекені», құдайсыз нанымдағы коммунисттердің армандағы астаналары - Мәскеуге төтеден төте кеткен Уаң Миңға өзгелердің қыжылы да бар еді. Мүмкін ол алдағы замандарда ақталып та қалатын шығар. Бірақ осы коммунистік интернационалдың ықпалына біздің Шың Шысай да ұшырады. Ол Шыңжаңдағы билігін бекемдеу үшін, сол замандағы әлемдегі бірден бір жарылқаушысы болған Кеңес Одағының көңілін табу үшін неге болса да барудан тайынбайтын еді. Шың Шысайдың Мәскеуден бет бұруы - ырықты жағдайда еместұғын. Ашығын айтқанда, Мәскеу онан бет бұрған еді. Тарихты өзіне қарай бұра жазатындар мұндағы сырды әрқалай жасыра түскенімен, шындығы сол еді. Өзін Сталинмен қатар қойған адам, өзін «халықаралық фашизмге қарсы күрестегі алты көсемнің бірі» деп жарнамалайтын адам Сталинге қалай жақсын?! Демек, күн көсемге оның осы тектес қылықтары ұнамайтын еді...

Сталинге керегі басқа адам болатын...

Ал Қытай компартиясы бұл заманда өзінің бірінші үкіметін, бірінші билігін орнатып болған еді. Көп санды адамдар «Қытай Халық Республикасын» Қытай компартиясының құрған бірінші мемлекеті дейді, шындығында бұл сауатсыздық еді. Жүңхуа Халық Республикасының құрылуынан 18 жыл бұрын Мау басшылығындағы Қытай коммунистік партиясы өздерінің ең алғашқы республикаларын құрып шыққан еді. Оның аты - «Жұңхуа Совет Республикасы» болатын! Қытайша 中华苏维埃共和国 еді. 1931 жылы қарашаның 7-күні құрылғандығының өзі қызық еді. Өз алдына таратқан ақшалары да болды. Онда Лениннің суреті болды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-24 09:01:10

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-24 09:08 өзгерткен

Үшбу Республиканы орыстар Китайская Советская Республика деп атады. Бұл бізге тым таныс атау. Қазақшаласақ - Қытай Советтік Республикасы. Біз баяғыда бала күнімізде радиодан «Қазақ СССР» дегенді көп еститінбіз, «Қазақ Советтік Социялистік Республикасы» деуші еді ғой...

Өз алдына мемлекет тулары болды, тудың сап жағында жоғарыдан төмен қарата қытайдың ескі жазуымен 中華蘇維埃共和國 деп жазылған. Онысы -Қытай Советтік Республикасы дегені. Қып-қызыл тудың ішінде ақ түсті бес жұлдызды аумақ ішінде қысқа сапты орақ пен балтаның суреті бар. Орыстардың ойлап тапқан балғасын мұнда қытайлар балтаға айналдырып алған. Республиканың өзі 1931 жылдың 7 қарашасы, яғни Кеңес үкіметінің мемлекеттік мерекесімен бір күнде құрылған...

Яғни, орыс күнтізбесі бойынша біз «октябрь» төңкерісі - қазан төңкерісі дейтін датаға сай құрылған. Ағылшынша china soviet republic дегенімен, олардың Лениннің бас суреті шығарылған ақшаларында ағылшын жазуында THE BANK OF SOVIET деген жазу бар екен. Демек, әр ақшада сол ақшаны айналымға салған банк айтылады ғой. Бұл әрқандай елдің ақшасында жазылады. Демек, Совет банкі! Біз қызығы, олар сол замандағы Қытайдың үкіметі - Гуоминдаң құрған. Жұңхуа Мингуо Республикасының айналыстағы ақшасын мойындамайтын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-24 12:59:44

Иә, бұл замандағы Қытай үкіметі екеу болды. Бірі - 1911 жылы шүршіт (манжоу) патшасын аударғаннан кейін таза қытайлардың өздері құрған үкімет, Гүмандан партиясының басшылығындағы Жұңхуа Мингуо үкіметі болса, екіншісі мұнан 20 жылдан соң орыстың ықпалымен, қолдауымен құрылған Қытай Советтік Республикасы болды. Демек, біртұтас Қытай билігі мұнда екіге жіктелді. Коммунистер үй ішінен үй тікті. Осыдан бір жыл өте сала, 1932 жылы наурыздың бірінші күнінде баяғыдағы шүршіт патшасы, Қытайдың ең соңғы патшасы Айшин Жуе Луо Пуии Қытайдың шығыс солтүстігінде «Манжуря мемлекетін» құрды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-24 13:16:47

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-24 13:21 өзгерткен

Демек, орыс қолдауындағы, орыс билеуіндегі Жұңхуа Советтік Республикасынан кейін Манжоу мемлекеті құрылды, екеуінен де бұрын Жұңхуа Мингуо мемлекеті болды, демек, бұл кезде Қытай үшке жіктелді деуге болады. Бір қызығы біздің тарихшыларымыз Манжу мемлекетінің атауының алдына «қуыршақ» дегенді қосады. 满洲国 дегенді қытайша 伪满洲国 деп атайды.

Өзін Кәңді патша деп атаған Пуиидің (爱新觉罗•溥仪) құрған бұл мемлекетінің қолдаушысы, қожасы - жапон еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-24 13:36:33

Жұмыс бабымен кездесулер болған сәтте арасындағы үнемі болатын көңіл ашуларда, қонағасыларда, сауналарда, саяхаттауларда Шяңгаңдағы (Ганконгтағы), ішкі Қытайдағы кейбір жоғары лауазымды тұлғалардың аузынан осы бір заманға қатысты сан-алуан сырларды естіп қаламын. Бір қызығы, Шяңгаң (Ганконнг) мен Тайвань адамдары көбінеки шыншылдау келеді. Олар бұл тарихтарды айна-қатесіз өз болған болмысымен қабылдайды. Кімнің кім екенін ашық айтады. Кімнің кімге қолбала болғандығын да ашық айтады. Алла берген дербес бастарымен дербес ойлап, дербес пікір жүргізе алады. Мұндай қабілет менің кейбір әріптестерімде болмайды. Олар сыңар езулеу келеді, өздері жаттап алған жасанды тарихтың арғы жағындағы жасырынған шындықтарды көре алмайды. Бұл бейне, тумысынан соқыр адамға Алла жаратқан сұлу табиғаттың көзбен көргенде қандай сұлу болатынын түсіндіре алмағаның сынды дүние еді...

Мәскеудің Қытай тағдырындағы рөлі сонау Сұн Ятсен кезінен бастау алды. Міне, сонан бері Қытайда болған барша ірілі-ұсақты оқиғаларда Мәскеудің, орыстың қолтабы қалып отырды...

Менің айналамдағы өзге ұлт өкілдерінен шыққан кейбір сәби саналы білгіштер маған дербес Қазақстан үкіметінің «Мәскеудің қолбаласы» екендігін айтқысы келіп, сол арқылы менің намысыма тигісі келетіні бар. Бірақ оларға мен осындай тарихтарды қайталап айтып беріп, кімнің кімге қолбала болғандығын ұғындырғанымда, өздерінен өздері ұялып қалатын сәттері үнемі болып тұратын еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-24 15:18:20

Мауды қолдап отырған Мәскеу бұл заманда осы Манжурия мемлекетін де мойындап шыға келді. Манжуря мемлекетін ең алғаш мойындаған елдердің бірі Жапония еді. Онан ары бұл елді Кеңес Одағы бастаған елдер тұтасымен мойындап шыға келді. 1943 жылға жеткенде Манжуря мемлекетін мойындаған әрі онымен дипломатиялық қатынас орнатқан елдердің саны 23-ке жетті. Алыстағы Америка бұған қарсы болды. Америка Манжуряны мойындаған жоқ. Бірақ орыстардың Манжуряны мойындауы Жапонға қарсы Кеңес Одағының соғыс ашуымен қоса аяқталды. Сорлы патша Пуии орыстардың қолына тұтқынға түседі. Шүршіт патшасын қыспаққа алған орыстар оны халықаралық сотта өзіне және орысқа пайдалы, Жапонияға қарсы дәлелдер көрсетуге көндіреді. Соңында сорлы патша Қытай компартиясының қолына тапсырылады...

Бұл туралы баяғының баяғысында біз тарих, саясат сабақтарынан мықтап тұрып, ұмытпастай деңгейде оқыдық. Ұмыта берейік дегенімізде, компартия бұл хақында кино жасап шығып, есімізге қайтадан салды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-24 15:38:11

Осы арада бір ой келеді адамға. Қытай компартиясының құрылуына себепші болған, құрыла сала қолдаған, қаржылық, қаражаттық, әскери, саяси көмек беріп отырған Мәскеудің Манжуря мемлекетін мойындауы нені білдіреді? Не үшін Жапониямен бір көзқараста болды Мәскеу?! Мұнда мынадай сыр бар еді. Орыстар Қытайды бөлшектеуді мақсат етті. Сол үшін олар Мұңғылия Республикасын дербес мемлекет қылу жолында аянбай күш шығарды. Орыстың ересен көмегі болмаса, бұл күндегі Мұңғылия Республикасы да болмайтын еді. Тағы бірі жаңағы Манжурия мемлекетін мойындағандардың ішінде 蒙疆自治政府 деген «ел» тұр. Онысы ішкі Мұңғылда құрылған «Мұңғыл автономиялы үкіметі» еді...

Қысқасы, Мәскеу билігі Қытайдың аласапыран замандарынан бастап қазірге дейін тұтас Қытайдың тағдырын өз қолдарында ұстап отырды. Мәскеуге Маудың бірінші және ең соңғы сапарынан соң ғана бұл тарих басқаша жазыла бастады...

Бірақ қазіргі Қытай мен қазіргі Мәскеу билігі қайтадан одақ болуға мәжбүр болды...

Арты не боларын бір Алла ғана біледі.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-24 15:48:09

Бұл дүниенің ақиқаты осы. Ел мен елдің, мемлекет пен мемлекеттің арасындағы достық дегеніңіздің барлығы бос сөз. Бір ғана нәрсе бар. Ол - мүдде. Мүдделердің тоғысы барлық нәрсені шешеді. Егемен қазақ елінің Мәскеуге жалтақтай беретінін мойындаймыз. Бірақ шындығы сол, мынау жаһанда ешкімге жалтақтамай, ешкімнің қабағына қарамай, өз алдына дербес өмір сүретін бірде-бір ел жоқ. Ең қысқасы, Жапонның өзі Американың қуыршағы. Оған Түстік Корейді қос. Тайваньды қос. Күллі Еуропа дербес емес, мүдделер тоғысы біріктірген одақ қана, төбесінен Америка қарап отыр. Ал Американың өзі жойттардың қуыршағы. Ешкімге қосылмай, өз алдына бір төбе болған арабтың күні белгілі. Демек, мынау қым-қуыт жаһанда дербес өмір сүргісі келмейтін ел болмайды, барлығының да арманы осы. Бірақ ащы болса да шындығы осы!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-24 21:40:46

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-24 22:09 өзгерткен

2011 жылдың шілдесінде күллі Қытай жұрты Қытай компартиясының құрылғандығының 90 жылдық мерейтойын тойлады. Олардың есебінше, 1921 жылы1 шілдеде Қытай компартиясы құрылған екен. Бірақ орыс деректеріндегі ақпараттар мұнан басқашалау. Әрине, кімдікіне сену - оқырманның өз таңдауында. Бірақ бір шындығы сол. Қытай компартиясының құрылуы -орыстың ықпалынан болғаны шын. Ресейде жүзеге асқан қызыл билік Қытай алғабасарларын шабыттандырғаны да шын.

Войтинский Григорий Наумович деген орысты бұл күнде қытайлар аузына да алмайды, мүмкін мұндай адам барлығын білетін Қытай коммунистері де көп болмаса керек. Бірақ тура осы адам Қытай компартиясының құрылуына өз үлесін қосты...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-24 21:49:49

Кеңес үкіметі құрыла сала 2 жыл өтер-өтпестен-ақ, күллі дүниенің ісіне араласуды көздейді. Бесіктен белі шықпай жатып, айналасына көз тіккен қызыл биліктің сенер сенімі - Карл Маркстың: «Бүкіл дүниежүзі пролетарлары бірігіңдер» - деген ұраны еді. Пролетарлар үшін мемлекет шекарасы маңызды емес, тіпті мойындалмауы да мүмкін. Адамзат тарихында бұрынды-соңды болмаған оқиғалардың туылуы да осы изммен бірге дүниеге қоса келді. 1919 жылы 26 наурызда Мәскеуде отауын тіккен 3-интернационал - коммунистік интернационал деп аталды. Себебі, мұның алдындағы 2-интернационал -«жұмысшылар интернационалы» аталған болатын. Әр жолғы осы интернационалдың барлығы күллі дүниежүзінде пролетарлық төңкеріс жүргізуді басты мақсаттары етті. Шын мағынасында, сайланған басқа басшылары болғанымен, бұл аталмыш халықаралық ұйым тұтасымен Кеңес Одағы басшыларының меңгеруінде болды. Коммунистік интернационал болса Сталиннің қас-қабағымен жұмыс жасады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-24 22:02:49

1920 жылы көкек (сауыр) айында Мәскеу билігі Қытайда коммунистік партияны құру жұмысын қолға алуды күн тәртібіне қояды. Коммунистік интернационалдың Қытайға жауапты өкілі өзіне 吴廷康 деп қытайша ат қойып алған Войтински қытайша-орысша аудармашы 杨明斋 -Яң Миңжайдың жол бастауымен қытайтанушы бірнеше оқымыстының таныстыруы арқасында Ли Да Жаумен (李大钊) жүздеседі. Ли Да Жау оларға Шаңхайдағы Чын Душюды таныстырады. Шаңхайда Чынмен кездескен Витински оған Қытай компартиясын құру туралы ойларын, Мәскеудің құпия тапсырмасын жеткізеді. Чын бұған қуана-қуана келіседі. Әрине, біреу алыстан ат артып келіп, ақшасін, көмегін, құралын аямай, текке беретінін айтып тұрса, аянушы ма еді!

Сонымен 4 айлық дайындық арқасында осы жылы, яғни 1920 жылы 8 айда Чынның Шаңхайдағы үйінде Қытай компартиясының бірінші жиналысы болады. Чын бірінші басшы болып сайланады. Демек, Қытай компартиясының құрылуы 1921 жылы емес, керісінше 1920 жыл! Бұл даталардың не мақсатпен өзгергенін біз білмейміз...

Оны кейін о дүниеде Маудан сұрармыз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-24 22:27:44

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-24 22:31 өзгерткен

Хенрикүс Снеевлиет (henricus sneevliet) деген адам болды, бұл хақында да біраз жұртшылық көп білмейді, аз біледі.

Владимир Абрамович Нейман деген адам болды. Бұл хақында да солай. Біра, осы екі адам Қытай компартиясының құрылуы барысында маңызды рөл атқарды. Соңғысының лақамы Николский еді. Атына қарағанда еврей болуы мүмкін. Бірақ бұл еврей Сталин қырғындары барысында шетел шпионы саналып, 1938 жылы атылып кетті. Қытай компартиясының құрылуы хақындағы әңгімелер біздің бала күнімізде біздің сәби санамызға барынша сіңдірілген еді. Алғашқы жиналыс ашылған кемеге дейін көз алдымызда осы күнге дейін бар. Бірақ біз ол заманда жоғарыдағы адамдардың аттарын оқыған жоқпыз, бізге мұның барлығы алғабасар қытайлардың өз істері сықылды әсер беріп отырды, басқасын білмеймін, кем дегенде менің өзім солай ойлаушы едім. Бұл көсемдерге, олардың ерлік істеріне соншама тәнті болып, бала күнімізден бейне солар сықылды болсақ деп армандап кетуші едік. Бейне сол күн көсемдер сықылды жасырын партия құрып, қанды төңкеріс жүргізгіміз келетұғын...

Өкініштісі - ол заманда біз бала едік. Ештемені білмейтін едік, сөйтсек күн көсемдердің біз білмейтін сырлары аз емес екен...

Алдағы замандарда мұндай жасырылған сырлардың тағы да ашыла түсетініне сенімдіміз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-24 23:22:30

Мәскеудің Қытай компартиясына жіберген уәкілі beso lominadze -бесө Ломинадзе 1927 жылы Чын Душюды басшылық қызметтен алып тастайды. Онан арғы тарихты тізбелей берудің қажеті де жоқ болар-ау. Себебі біздің мақсатымыз мұндағы оқырманға Қытай компартиясының тарихын қайталай өту емес еді. Онсыз да Қытайдағы зиялы қазақтардың бұл хақындағы білімі ересен екендігінде күмәніміз жоқ. Біздің бар айтпағымыз, алыстағы Мәскеудің Қытай тарихындағы орны ғана болатын. Бұл тақырыпты онан ары созбадық. Осы да жетер...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-24 23:54:15

Шындығын айту керек, Мәскеудің Қытайдағы одақтасы - Қытай компартиясы ғана емес еді. Қытайды мәнжулерден азат еткен Сұн Жұңшанның өзі қанішер Сталинмен өте қою достық қарым-қатынаста болған. Сұн Жұңшанның ақтық демі шыққалы жатып Сталинге хат жазғанын ойласақ, сол замандағы Қытай алғабасарларының бірі және бірегейі болған Сұн Жұңшанның Мәскеуге бүйрегі бұрып тұрғанын көруге болатын еді. Бірақ, осы Сұн мен Сталин арасындағы шешілмеген ара қатынас Қытай мен орыс арасындағы жер дауына жалғасты. Бұл дау Кеңес Одағы ыдыраған заманға дейін, тіпті күні кешеге дейін жалғасты. Жасырары не, қытайлар мен жапондардың Ресейде ала алмай отырған, алғысы келетін территория талаптары бар...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 23 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)